Таблеткаларды дайындау технологиясы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ветеринария факультеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Таблеткаларды дайындау технологиясы

Орындаған: Жаксылыкова Рысжан

Тексерген: Тұржігітова Ш. Б.

АЛМАТЫ, 2016 ж.

Жоспары:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Таблеткаларға жалпы сипаттама, олардың қолданылуы

2. Таблеткалардың түрлері, дозировкасы

3. Таблетка өндірісіндегі толықтырғыштар түрлері және оларға сипаттама

4. Таблетка дайындау технологиясы

III. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер

І. Кіріспе

Қазіргі замандағы әлемдік медицина әртүрлі дәрілік препараттардың шамамен он мыңдай түрін пайдаланады. Медициналық тәжірибеде қолданылатын маңызды препараттардың тізіміне шамамен 700 түрі кіреді. Әлемдік елдердің бірде біреуі медикаменттердің толық номенклатурасын өндіре алмайды. Әлемнің дамыған елдері маңызды дәрілердің өндірісін қамтамасыз етуге, ал тапшылықты өзара жабдықтаулармен толықтыруға тырысады. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өнеркәсібі даміы жағынан артта қалды. Біздің мемлекетіміздің қажеттілігі соммасы 500 миллион АҚШ долларынан асатын медикаменттерге болып отыр. Ішкі күштер жылына қажеттіліктердің тек 6 пайызын қамтамасыз етеді. Қалғаны жақын және алыс шетелден импортталады. Осыған байланысты, бүгінгі күні республиканың денсаулық сақтау басқармасы шетелден дайын дәрәләк препараттарды сатып алу үшін қажет валюталық құралдардың бар болуына 94 пайыздан астам тәуелді.

Нарықтық экономикаға өту кезеңінде Қазақстан Республикасында қалыптасқан қаржылық тапшылық кезінде дәрілік препараттар импортына тәуелділік дәрілік қамтамасыз ету жағдайын кенет нашарлатты. ЮСАИД мәліметтері бойынша, Қазақстандағы медикаменттердің бағасы (2005 жылы) 1993 жылмен салыстырғанда 386 ретке ұлғайды. Өзіндік дамыған фармацевтикалық өндірістің болмауы нәтижесінде бұл жағдай әлеуметтік маңызы бар мәселеге айналды.

Дәрілік препараттарды дайындау:
1) дәрігерлердің рецептілері бойынша;
2) медициналық ұйымдардың талаптары бойынша;
3) дәріханаішілік дайындамалар түрінде;
4) дәрілік заттарды және дәрілік өсімдік шикізатын бөлшектеп салумен жүзеге асырылады.

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Таблеткаларға жалпы сипаттама, олардың қолданылуы. Таблеткалар - (лат tabuletta. ) . Таблеткалар атау септігінде - tabuletta, ал ілік септігінде - tabulettae. Таблеткалар - ішке, сыртқа, сублингвальді (тіл астына) және парентеральді (ішке енгізу) жолмен қабылдауға арналған дәрілік затты, дәрілік қоспалық заттардың қоспасын престеу немесе арнайы дәрілік массаны құрастыру арқылы алынған мөлшерленген дәрілік заттың қатты түрі. Таблеткалар престеу арқылы алынған, дөңгелек, сопақша, беті тегіс және екі жағы доғал, қатты дәрілік зат формалары. Олар фармокалогиялық зауыттарда жасалынады, дайын күйінде ішке қабылдауға және сыртқы ағзаға қолдану үшін пайдаланылады.

Олар қолдануға ыңғайлы, жасалынуы қарапайым дәрілік форма. Артықшылығы: жақсы сақталынады, ылғал әсеріне төзімді, арзан және жағымсыз дәмі аз сезіледі.

Таблеткалардың қолайсыздығы - олар кейбір жағдайларда асқазан мен өңештің кілегейлі қабығында химиялық немесе механикалық тітіркендірулер туғызады, асқазан жолдарында ерімейтін күйге түсуі, өте ұзақ сақталғаннан химиялық өзгерістерге ұшырауы мүмкін.

Қолданылуына байланысты таблеткалық дәрмектер келесілерге бөлінеді:

  1. Пероральді (ауыз арқылы)
  2. Субингвальді (тіл астына)
  3. Иньекциялық (енгізу, егу)
  4. Уретральді (несеп шығар жолы)
  5. Вагинальді (қынап ішіне)
  6. Ректальді (тік ішек ішіне)

http://l-cocktail.ru/wp-content/uploads/2tablets.jpg

1-сурет. Таблеткалар

2. 2. Таблеткалардың түрлері

Таблеткалар түрлері:

  1. Престелген таблеткалар
  2. Тритурациаланған таблеткалар
  3. Қапталған жән қапталмаған
  4. Шипучие
  5. Асқазан сөліне шыдамды таблеткалар
  6. Ауыз қуысына арналған таблеткалар
  7. Сырты пленка мен қапталған таблеткалар

Дайындау әдісіне қарай екіге бөлінеді:

  • Тритурацияланған
  • Престелген

Таблеткаларды дозировкасына байланысты ажырату:

  • Мите таблеткалары - аз мөлшерде дозаланған дәрілік заттар
  • Семи таблеткалары - орташа мөлшерде дозаланған дәрілік заттар
  • Форте таблеткалары - жоғары мөлшерде дозаланған дәрілік заттар

Рецепт магистральдық және официалдық тәсілмен жазылады. Таблетка салмағы 0, 25 - 1, 0 аралығында болуы қажет.

2. 3. Таблетка өндірісіндегі толықтырғыштар түрлері және оларға сипаттама. Толықтырғыштар. Бұл құрамға енетін дәрілік заттың азырақ мөлшерде болу жағдайындағы таблеткаға белгілі бір масса беру үшін қолданылатын заттар. Толықтырғыш ретінде сахароза, лактоза, глюкоза, хлорлы натрий, глицин, кальцийгидрофосфаты, крахмал, негізгі магний карбонаты, кальций сульфаты және басқа да бірқатар заттар қолданылады. Сусымалығы мен престелінуі жақсы толықтырғыштар тікелей престеуге қолданылады. Олар инертті түрді құрушы болып есептелмейді, бірақ босатылуы жылдамдығы мен дәрілік заттың тұрақтылығын едәуір дәрежеде анықтайды. Қосалқы заттарды таблеттелінетін массаға тиісті технологиялық қасиеттерді, ыңғайлы мөлшерленуі, престелуі және қажетті санадағы таблеткаларды алуды қамтамасыз етеді. Ұсынылуына байланысты таблетка өндірісінде қолданылатын барлық қосалқы заттар келесі топтарға жіктеледі:

- жұмсартқыш (босатқыш, қопсытқыш) ;

- байланыстырушы;

- сырғуға әрекет беруші заттар;

- бояулар.

Жұмсартқыш. Босатылуы және әрі қарай дәрілік заттың сіңірілуіне қажетті сұйық ортада (суда немесе қатыр сөлінде) таблеттелінетін массаны жылдам механикалық ыдырату қамтамасыз ету мақсатымен дәрілік заттың құрамына жұмсартқыштар енгізіледі. Есер беру механизмі бойынша олар келесі топтарға бөлінеді:

  • Сұйықтықпен байланысқанда ісінуден кейін таблетканы жарып бөлшектеуші заттар
  • Таблеткалардың сулануы мен су өткізгіштігін жақсартушылар және оның ыдырауы мен еруіне ықпал етушілер
  • Газдың түзілуі нәтижесінде сұйық ортадағы таблетканың бүлінуін қамтамасыз етушілер

Сұйық ортада ісінуге әсер етуді иеленуі заттарға альгиналық қышқыл (қоңыр түсті балдырдың полисахариді), милопептин, метиллоцелюлоза, микрокристалдық целлюлоза, агар-агар, трагакинит, поливинилпирролидон.

Неиногендік сыртқы-белсенді заттар (твиндер) таблеткалардың сулануын жоғарлатады және таблетканың ішіне су мен қарын сөлінің еніп кетуімен өтетін гидрофильдік саңылаулардың пайда болуына ықпал етеді. Жұмсартқыш заттардың бұл тобына крахмал да жатады. Газ түзуші заттар: кальций карбонатымен лимон немесе винна қышқылының қоспасы негізінен «көпіргіш» таблеткаларды алу барысында қолданылады. Таблетка массасына судың немесе қарын сөлінің енуі нәтижесінде көмірсутек диоксидінің бөлінуімен жүретін қоспаның құрама бөліктерінің өзара реакциясы жүреді және бұл жағдайда таблетка механикалық бүлінуге ұшырайды.

Байланыстырушы заттар - гранулалар мен таблеткалардың беріктілігін қамтамыз ету үшін таблеткалауға арналған масса құрамына құрғақ түрде немесе түйіршіктелінуші ерітінді ретінде енгізіледі.

1-кесте. Байланыстырушы заттар, олардың концентрациясы және қолданылатын ерітінді

Реттік нөмірі
Байланыстырушы заттың аталуы
Жалпы құрамына байланысты концентрациясы, %
Ерітінді
Реттік нөмірі: 1
Байланыстырушы заттың аталуы: Желатин
Жалпы құрамына байланысты концентрациясы, %: 1-4
Ерітінді: Су
Реттік нөмірі: 2
Байланыстырушы заттың аталуы: Қант
Жалпы құрамына байланысты концентрациясы, %: 2-20
Ерітінді: Су
Реттік нөмірі: 3
Байланыстырушы заттың аталуы: Крахмал
Жалпы құрамына байланысты концентрациясы, %: 1-4
Ерітінді: Су
Реттік нөмірі: 4
Байланыстырушы заттың аталуы: Натрий альгинаты
Жалпы құрамына байланысты концентрациясы, %: 3-5
Ерітінді: Су
Реттік нөмірі: 5
Байланыстырушы заттың аталуы: МЦ
Жалпы құрамына байланысты концентрациясы, %: 1-4
Ерітінді: Су
Реттік нөмірі: 6
Байланыстырушы заттың аталуы: Этилцеллюлоза
Жалпы құрамына байланысты концентрациясы, %: 0, 5-2
Ерітінді: Этанол
Реттік нөмірі: 7
Байланыстырушы заттың аталуы: ПВП
Жалпы құрамына байланысты концентрациясы, %: 2-5
Ерітінді: Су, этанол

Сырғуға ықпал етуші заттар. Престеу кезінде пуансон мен матрица ұңғысының қабырғаларына таблеткалық массаның жабысып қалуының алдын алады. Бұл заттар механикалық және физикалық қасиеттерін біртектілігін жақсартып реттейді. Материалдың жақсы ағып өтушілігінің тікелей нәтижесі болып таблеткалық машинаның тоқтамай жұмыс атқаруы мен жоғары сапалы таблеткалардың алынуын есептейді.

2-кесте. Сырғу заттардың қасиеттеріне сипаттама

Реттік нөмірі
Заттардың аталуы
Қасиеттері
Сырғуды қамтамасыз етуші
Майлаушы
Жабысуына кедергі болушы
Реттік нөмірі: 1
Заттардың аталуы: Кальций және магний стеараты
Қасиеттері: 0
++
Реттік нөмірі: 2
Заттардың аталуы: Стеарин қышқылы
Қасиеттері: 0
++
Реттік нөмірі: 3
Заттардың аталуы: Тальк
Қасиеттері:
++
Реттік нөмірі: 4
Заттардың аталуы: Крахмал
Қасиеттері:
0
Реттік нөмірі: 5
Заттардың аталуы: Полиэтиленоксид-4000
Қасиеттері: +++
+++
++

Бояуларды сыртқы түріне әр беру үшін таблетка құрамына қосады. Бұдан басқа олар дәрілік заттар терапевтикалық топтарын айқындау үшін айқындау үшін қолданылады, мысалы ұйықташ немесе улағыш дәрілік заттарының өздеріне сәйкес түр - түсі болады. Осы мақсатпен мынадай бояуларды қолданылады: индиго (көк түсті), тартразин (сары түсті), 2С қышқылдық қызылы, ОО тропеолині, эозин.

2. 4. Таблетка дайындау технологиясы. Таблетканы алуды ең көп тараған ылғалды немесе құрғақ, гранулдеу және тікелей престеу әдістерін қолдану арқылы жасалатын негізгі 3 технологиялық үлгілері бар.

1-үлгі-Таблеткалардың технологиясы

Бастапқы материал

Өлшеп алу

Ұсату

Елеу

1. Ылғалды гранулдеу 2. Құрғақ гранулдеу 3. Тікелей престеу

Ұнтақтарды араластыру Ұнтақтарды араластыру Ұнтақтарды араластыру

↓ ↓

Ылғалды араластыру Жиынтықтау

↓ ↓

Түйіршіктендіру Ұсату

↓ ↓

Кептіру Елеу

↓ ↓

Опалау, араластыру Опалау, араластыру

Престеу

Дәрілік заттарды алдын ала ұсату үшін балғалы немесе ұсақ және жұқа қылып ұсатуға дисмембраторлар мен шар тәріздес қондырғылары бар диірмендерді қолданады. Таблеткалық қоспаны құратын дәрілік және қосалқы заттарды таспалық араластырғышты қолдану арқылы мұқият араластырады. Таблеткалауды жақсарту үшін ұнтақ тәріздес заттардың орнына гранулаларды (түйіршіктер) қолданады.

Түйіршектеу деп ұнтақ тәріздес материалдың белгілі көлемде бөлшектерге айналу үрдісін айтады. Бұл құбылыс таблетелінетін массаның көп құрама бөлшектерге ажырап кетуінің алдын алуға, ұнтақтар мен олардың қоспаларын шашырап кетуін, олардың таблеткалық машинаның матрицасына жету жылдамдығының біртектілігін, мөлшерлеудің жоғары дәлділігін және белсенді құрама бөліктердің бірдей мөлшерде орналасуын қамтамасыз етеді. Бұндай құбылыстың нәтижесінде әрбір таблетканың емдік қасиетіне жоғары болуына кепілдік алынады. Түйіршіктеудің негізгі міндеті ұнтақ тәріздес материалдардың бөліктерінің тығыз жақындасуынан, олардан бір тектес және оның бір мөлшердегі қатты гранулардың пайда болуын қамтамасыз етуден тұрады. Гранулдеу келесі әдістермен: ылғалды - соңынан шашыраңқы кептіру арқылы өлшемді қабытқа ылғалды массаны сығып өткізу, кептіріп құрамдау арқылы жүзеге асырылады.

Түйіршектеуге арналған Erweka «GT» қондырғысы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таблеткалар
Таблеткалар технологиясы
Айналмалы гранулятордың ерекшеліктері
Таблеткаларды өндіру технологиясы
Жеке меншік фармацевтік кәсіпорындар
Дәрілік түрлердің агрегаттық күйі
Дәрілік формалар классификациясы
«ПЛП Жанафарм» ЖШС базасында дәрілік Қырмызыгүл гүлдерінің және батпақты Иір тамырсабақтарының көмірқышқылды экстрактар негізінде алынатын таблеткалар өндірісін ұйымдастыру
Таблеткалар туралы
Дәрілік зат формалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz