Бюретқалық жүйені қолдана отырып сұйық дәрілік препараттарды (микстуралардың) даярлау технологиясы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

2. 1 Микстуралар. Дайындау технологиясы

2. 2 Бюретқалық жүйені қолдана отырып сұйық дәрілік препараттарды (микстуралардың) даярлау технологиясы.

III Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер

I Кіріспе

Дәрілік форма - ол көмекші және технологиялық операцияға сәйкес материалды форма. Биофармация дәрілік форманың ғылыми түсіндірмесін берген. Ол дәрі-дәрмектің дұрыс әсерін тигізетін және клиникаларға керекті дәрілік формалар. Қазіргі танда дәрілік заттардың рационалды тағайындауы оның ғылыми дәрілік формасына сәйкес болу керек.

Сұйық дәрілік формалар

Сұйық дәрілік формалар - ол ерітіндідегі еріткіштердің қосылыстары. Олар өсімдік материалынан алынады.

Сұйық дәрілік формалар дәріханаларда жасалатын 60% дәрі-дәрмектерін құрайды.

Сұйық дәрілік формалардың артықшылығы мен кемшілігі.

Сұйық дәрілік формалар басқа дәрілік формаларға қарағанда кең қолданылады:

1) Белгілі технологиялық әдіс қолдана отырып, агрегаттық күйдегі дәрілік затты ерітіндіде ерітіп оның ағзаға емдік қасиетін арттырады;

2) Сұйық дәрілік формалар өзінің әр түрлі қосылыстарымен және қолдану тәсілдерімен ерекшеленеді;

3) Сұйық дәрілік формалардың қосылысында кейбір дәрілік заттарда қоздыратын әрекеттін аз болуы (бромидтар, йодидтар және т. б. ) ;

4) Мұндай дәрілік формалар қолдануға өте ыңғайлы және жеңіл;

5) Сұйық дәрілік формаларды қолдану барысында дәрілік заттардағы ащы немесе жағымсыз дәмдерді білдірмеуге болады, әсіресе балаларға арналған дәрілерге қолданылары;

6) Мұндай дәрілік формалар, қатты дәрілік (порошок, таблетка және т. б. ) формаларға қарағанда, ішкен кезде тез сіңіп жылдам әрекет жасайдың;

7) Жұмсарту және бүркеуіш әрекет осы сұйық жәрілік формаларда көп байқалады.

Сонымен қатар, сұйық дәрілік формалардың кемшіліктері де баршылық:

1) Олар көп сақтауға бейімделмеген, өйткені сұйық күйінде олар реакцияланады;

2) Ерітінділер микробиологиялық бұзылуға тез ұшырайды, олардың сақталу мерзімі - 3 тәуліктен аспайды.

3) Сұйық дәрілік формаларды жасау үшін көп уақыт және арнайы ыдыс талап етеді, тасымалдауға қолайсыз;

4) Сұйық дәрілерде, басқа дәрілерге қарағанда, дәлдік мөлшерін анықтау өте қиын, өйткені қасықпен немесе тамшымен мөлшерленеді.

Сонымен, сұйық дәрілік формалар қазір кең қолданылатын дәрілік форма. Өзінің жоғары сапасына қарай сұйық дәрілер келешекте де жаңа дәрі-дәрмектер шығаруда кең қолданылады деп ойлаймыз.

Сұйық дәрілік формаларды сақтауға қиын болғанмен олардың шығарылуы азайған жоқ, сондықтан дәрілік технологияда сұйық дәрілік формаларды зерттеу өте маңызды болып келеді.

Ерітінділер - кем дегенде екі құрамдас бөліктерден тұратын құрамы өзгермелі гомогенді (біртекті) жүйелер. Ерітінділер газтәрізді, сұйық және қатты болуы мүмкін. Олардың ішінде жан-жақты зерттелгені және жиі қолданылатыны сұйық, әсіресе, сулы ерітінділер. Сондықтан тұрмыста ерітінділер деп, көбінесе, сұйық күйдегі молекула-дисперстік жүйелерді айтады. Ерітінділердің құрамы құрамдас бөліктердің конценрацияларымен сипатталады. Ерітінділер қаныққан, қанықпаған және аса қаныққан деп бөлінеді.

Эмульсия (лат. emulgere - сауу және франц. emulsіon - сүт), медицинада - сұйық түріндегі дәрілік қалыптар. Эмульсияда суда ерімейтін сұйықтар (май, бальзам) болады, оны адамға ішу үшін, терісіне жағу үшін береді. Эмульсиялар біркелкі қоймалжың, сыртқы түрі сүт сияқты сұйықтық түрінде болады. Эмульсияларды дайындау үшін шабдалы, зәйтүн, күнбағыс, үпілмәлік, т. б. өсімдіктерді, вазелин және эфир майларын, сонымен қатар балық майын, бальзамдарды және сумен араласпайтын басқа сұйықтарды қолданады. Дайын эмульсиялық дәрілік заттардың жағымсыз дәмі болады немесе ішкен кезде адамның ауыз қуысының шырышты қабатын тітіркендіреді. Эмульсияның құрамындағы ерімейтін ингредиенттер, оның жағымсыз дәмін шығармайды. Эмульсиялар ұзақ сақтауға келмейтін дәрілік зат болғандықтан, оларды 3 - 4 күн ішінде пайдалану керек. Эмульсиялар шыны ыдысқа құйылады, оған міндетті түрде: “Ішердің алдында шайқаңыз” және “Салқын жерде сақтаңыз” деген ескерту жазылады. Д. Қияшев.

Суспензия - қатты дисперстік фазаның сұйық дисперстік орта-да таралған микрогетерогенді система. Ондағы қатты бөлшектердің өлшемі 0, 1 мкм<г<10 мкм. Егер бөлшектердің дисперстік дәре-жесі төмен болса, онда оның радиусы үлкейіп, тұрақтылығы төмен-дейді де тез тұнбаға шөгеді. Суспензиялардың дисперстілігін мик-роскоп, электронды микроскоп сияқты оптикалық немесе седимен-тациялық анализ көмегімен анықтауға болады.

Тұнба - реакция нәтижесінде бір немесе бірнеше құраушының қиын еритін қосылыстарға айналуы. Тұнба алу немесе оны тұндырухимиялық технология мен анализ жасау ісіндегі ең көп тараған әдіс.

Химиялық реакциялар кезінде түзілетін тұнбаны негізгі 4 топқа бөледі:

  1. күшті қышқылдың тұздары (AgCl, PbSO4, BaSO4) ;
  2. әлсіз қышқылдардың тұздары (HgS, AgS, BaCO3) ;
  3. бос қышқылдар (H2SіO3, H2WO4) ;
  4. үш құраушының әрекеттесуінен түзілетін (кешендік тұздар) тұнбалар.

Тұнбаға түсетін бөлшектер пішініне байланысты кристалдық және аморфтық тұнба болып бөлінеді. Оларды тұндыру, сүзу, жуу, т. б. әдістер арқылы алады. Кристалдық тұнба суда жақсы еритін сұйытылған ыстық ерітінділерден алынады. Сондықтан оны тұндырғыштың артық мөлшерімен жуады. Аморфтық тұнба гидрофобты (металл сульфидтері) және гидрофильді (кремний қышқылы, алюминий гидроксиді, т. б. ) болып бөлінеді. Аморфтық тұнба концентрлі және ыстық ерітінділерден алынып, тығыз әрі таза болады. Оларды еріп кетпес үшін электролиттермен жуады (мыс., аммоний нитратымен) . Тұнбаның түзілуі және онымен байланысты т. б. процестерді өлшеу нефелометрия, турбидиметрия әдістеріне негізделген

ҚАЙНАТПА , медицинада - дәрі-дәрмектің сұйық түрі. Оларды дәрілік өсімдік шикізатынан алынған концентратты суда еріту немесе су моншасымен қыздыра отырып сумен экстракциялау арқылы алады. Қайнатпаны сұйық дәрі ретінде ішеді (жүрек, бауыр, бүйрек, т. б. ауырғанда) және денеге шыққан жараны жуып, шаю үшін пайдаланады. Қайнатпаны дайындау үшін өсімдіктердің жапырақтары мен, гүлдерінің ірілігі 5 мм, сабағы, қабығы, тамыры мен тамыршаларын 3 мм, жемістері мен тұқымдарын 0, 5 мм-дей, ал қабаты қалың өсімдік жапырақтарын 1 мм-ден артық болмайтындай етіп ұсақтайды. Ұсақталған өсімдік шикізатын фарфор, эмаль немесе тотықпайтын металдан жасалған ыдысқа салып, үстіне салқын (бөлме темп-расындағы) су құйып, ыдыстың қақпағын жауып, оны қайнап тұрған су моншасында 30 мин қыздырады. Алынған қайнатпа суығаннан кейін (10 мин-тай) сүзіліп, ыдыста қалған өсімдік шикізаты арнайы түтікше үстінде (воронка) сығылады. Сұйықтықтың көлемі рецептте көрсетілген көлемге жеткенше таза қайнаған су қосады. Қайнатпаны экстракт концентратты еріту арқылы дайындайтын болса, онда экстракт концентратмөлшерін рецептте көрсетілген өсімдік шикізатының мөлшеріне тең етіп алады. Егер рецептте дәрілік шикізат мөлшері көрсетілмесе, онда өсімдік шикізатының 10 салмақ бөлігінен 100 көлем бөлік қайнатпа дайындалады. Күшті әсер ететін дәрілік өсімдік шикізаттарынан қайнатпаны тек дәрігер жасаған рецепт бойынша дайындайды. Жанаргүл, меруертгүл, мекет, шүйгін шөп, т. б. өсімдіктер тамыры мен тамыршасынан Қайнатпаны 1:30 қатысында дайындайды. Сироптар, тұндырмалар және сұйық экстракттар алдын ала дайындалған Қ-ға қосылады. Құрамында алколоидтар болатын өсімдік шикізатынан Қайнатпаны дайындағанда, оған лимон, шарап немесе сутек хлор қышқылын қосады. Қышқыл мөлшері өсімдік шикізатының құрамындағы алколоидтың салмақ мөлшеріне байланысты қосылады. Емдік мақсатта жаңа дайындалған Қайнатпаны пайдаланады. Оны қолданар алдында шайқайды және салқын жерде сақтайды.

II Негізгі бөлім

2. 1 Микстуралар. Дайындау технологиясы

Сұйық дәрілік зат формаларына жататындар:

  • Ерітінділер
  • Микстуралар
  • Эмульсиялар
  • Суспензиялар
  • Тұнбалар
  • Қайнатпалар
  • Тамшылар

Микстуралар- mixturae. Еріткіште екі және одан да көп заттарды еріту арқылы немесе бірнеше сұйық препараттарды араластыру арқылы алынады. (1-сурет)

Микстуралардың тұнық, опаленсенциялық және шөгіп тұратын түрлері(mixture agitanda) түрлері бар.

C:\Users\User\Desktop\микс.jpg

1-сурет

Опаленсенциялық микстуралар сулы ерітінілерді спиртті тұндырмалар мен сірінділерге араластыру арқылы алынады. Шөгіп тұнатын микстуралар ерімейтін өсімдіктерден алынған немесе нашар еритін минералдық ұнтақтарды суға араластырғанда пайда болады. Тұнған дәрілерді сұйықпенараластыру үшін оларды қолданаралдында жақсылап шайқау керек. Әрине, мұндай микстураларды құрайтын заттарды дәл мөлшерлеу өте қиын: сондықтан заттардың ең жоғарғы дозалары немесе А мен Б тобына жататын заттар мұндай микстуралық формада әдетте тағайындалмайды. Микстуралар үшін еріткіш ретінде көбінесе су қолданылады.

Микстуралар дайындау ерітінділер даярлаумен бірдей, олардың айырмашылығы мынада: ерітінділер сүзіледі, ал микстуралар сүзілмейді. Аз мөлшерлі еріткіште оңай еритін затты ерітіп, сонан соң нашар еритін және ерімейтін заттарды біртіндеп қосады. Егер микстураның құрамына күшті әсер ететін заттар кірсе оларды ең алдымен ерітеді. Әдетте шөлмек ыдысқа салып, ал ерімейтін заттар кездессе ступкаға салып ерітеді. Микстура құрамына кіретін өсімдік ұнтақтарын жақсылап ұнтап, сонан соң еріткішке қосады. Спирттік тұндырмаларды сумен араластырғанда әуелі оларды суға қосу керек; тұнба пайда болатындықтан, керісінше жасауға болмайды. Микстуралардың құрамына тұндырмалар, шырыштар, глицерин, сироптар кірген жағдайда, бұларды алдымен тұндырмалармен араластырады, сонан соң мұндай қоспаны біртіндеп суға, немесе сулы ерітінділерге қосады.

Тұнық микстураларды ішке қолдануға да, сондай-ақ енгізу мақсатымен детағайындауға болады; опалесценциялық және шөгіп тұнатын микстуралар көбінесе ішке қолданылады.

Микстуралар алу үшін әдетте күрделі рецептілер жазылады; оларды М. Д. С формуласымен аяқтайды :

Рецепт үлгісі:

Rp. : Cocoini hydrochlorici 0. 1

Solitionis Adrenalini hydrochloric

1:1000 gtts X

Zinci sulfuric 0. 05

Acidi borici 0. 3

Aque destillatae 10. 0

M. D. S. 2-4 тамшыдан жылқының көзіне

Официоналдық микстуралар: Mixtura oleosae balsamica (Гофман бальзамы) Mixtura sulfuric acida(ГАЛЛАР ЭЛЕКСИРІ, яғни күкірт қышұылы мен спирт қоспасы) .

Микстуралар - әр түрлі сұйық негіздеріне (cуда спиртте, глицеринде, өсімдік майлары және т. б ) бірнеше қатты заттарды немесе көптеген сұйықтытарды (ерітінділер, тұнбалар, қайнатпалар, тұндырмалар, сығындылар және т. б ) араластырып алатын сұйық дәрілік түр. Микстураладың құрамында 3 немес оданда көп ингредиенттер бар. Микстуралар мөлдір, лайлы, және де тұнбалы болуы мүмкін. Тұнбалы микстураларды қолданар алдында шайқау қажет. Ондай микстуралар шайқауды қажет ететін микстуралар атауына ие. Микстуралар көбінесе ішке және сыртқа белгіленеді.

Микстуралар рецепте толық түрде жазылады. Көбінесе микстураны жартылай қысқартылған түрде жазады. Бұл жағдайда ингриедиенттердің бір бөлігі қысқартылып, бұлар, ерітінділер, тұнба, қайнатпа, тұндырма және т. б келтіріледі, қалған ингидиенттер толық жазылады.

Рецепт үлгісі:

1. Құрамы 0, 015 кодейн фосфаты ( Codeini phospas) мен 0, 5 калий бромиді мен (Kalii bromidi) тұратын 180 мл микстураны 12 рет қабылдауға жазыңыз. 1 ас қасықтан күніне 3 реттен белгіліеңіз.

Жазылудың толық түрі:

Rp. : Codeini phosphatis 0. 18

Sol. Kalii bromidi 6. 0-180 ml

M. D. S 1ас қасықтан күніне 3 рет

2. Мөлшері 0, 05 термопсис тұнбасы(Thermopsis) 0, 25 натрий бромидінен (Natrii bromedium) тұратын микстураны 12 рет қабылдауға жазып беріңіз. Ас қасықпеникүніне 3 рет ішуге

Есептеу: 0, 05*12=0. 6

0. 25*12=3. 0

15 ml *12=180ml

Rp. ; Intusi herbae Thermopsidis 0. 6-180ml

Natrii bromidi 3. 0

M. D. S Ас қасықтан күніне 3 рет ішуге

Микстуралар-бірнеше дәрілік зат ерітінділерінен немесе қоспасынан тұратын күрделі сұйық дәрілік зат формасы. Еріткіш есебінде әр түрлі сулар, тұнбалар шырышты заттар, эмульсияла, шырындар және т. б заттар қолданылады.

2. 2 Бюретқалық жүйені қолдана отырып сұйық дәрілік препараттарды (микстуралардың) даярлау технологиясы.

Сұйық дәрілік препараттарды бюреткалық жүйені қолдана отырып, даярлау үшін, өлшегіш құрылғылардың жиынтығы, бюретқалық қондырғыға арналған концентрлі ерітінділер, арнайы есептеулерді қолдану керек.

Бюреткалық қондырғыға арналған концентрлі ерітінділерді даярлау. Бюреткалық қондырғыға арналған концентрлі ерітінділерді даярлау МФ Х1 көрсеткіштерімен регламенттеледі және “Сұйық дәрілерді салмақ - көлемдік әдіспен дайындау инструкциясымен” (бұйрық) . Бюреткалық қонлырғыға арналған концентрлі ертінділерді салмақ көлемдік концентрациямен дайындайды. Жазылған рецептке қарай, бұл дәрілік заттардың ерітінділері шектелген көп концентрацияда және мөлшерде болады (1 л -ден 5 л - ге дейін) . Ерітінділердің мөлшері дәріхананың қажеттілігімен анықталады. Құрғақ заттан даярланған микстурамен салыстырғанда, концентрлі ерітінділерді қолданудың бірнеше артықшылықтары бар: дайын дәрілік препараттардың сапасының жоғары болуы, өйткені концентрлі ерітінділерге сандық анализ жүргізуге болады және керек болған жағдайда оларды күшейтеді және сұйылтады; ассистент жұмысын жеңілдетеді; ауруға дәрілік препараттарды босатуды тездетеді, сонымен қатар еңбек өнімділігін жоғарылатады. Концентрлі ерітінділердің номенклатурасын дәріхана рецептурасының жеке сұраныстарымен анықтайды.

Конценртлі ерітінділерді даярлағанда қаныққан концентрация алуға болмайды, өйткені ерітініді температурасы төмендегенде еріген зат тұнбаға түседі. Рецепт қажеттілігі бойынша көп көлемде даярлануына байланысты, ерітітнілерді бірнеше уақыт бойы дәріханады сақтайды. Ерітінділерде микроорганизмдер көбеймес үшін, оларды асептикалық жағдайда, жаңа айдалған тазартылған суда даярлау қажет. Ерітінділерді сақтауға арналағн ыдыстармен көмекші материалдарды алдын-ала стерильдейді. Ерітінділерді фильтрлейді және температурасы 18-22 °С болуы керек, жарықтан сақталған жерде, жақсы жабылған шыныларда сақтайды. Шыныларды ерітінді аты жазылған этикетка, оның концентрациясы, серия номері, даярланған күні және анализ номері болу керек. Егер ерітіндіні сақтау кезде түсі бұзылса, лайланса, үлпек пайда болса және т. б. өзгерістер байқалса, онда ерітінді жарамсыз болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Концентрлі ерітінділер
Дәрілік заттар
Сұйық дәрiлiк түрлер
Микстураларды дайындау технологиясы
Бюреткалық қондырғыны қолданып сұйық дәрілік түрлерді дайындау
Экстрагенттердің классификация
Қазақстан Республикасында медициналық препараттарды сертификаттау ерекшеліктері
Суспензия түзетін дәрілік заттар
Тұнбалар мен қайнатпалар
Дәріхана ішін қадағалау түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz