Экстрактілер


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Кафедра:
Реферат
Тақырыбы:
Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:
Алматы 2016 жыл
Жоспар:
I Кіріспе
Экстрактілер
II Негізгі бөлім
2. 1. Экстрактілердің жіктелуі
2. 2. Экстрактілер дайындау технологиясы
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Фармацевтикалық әдістер арқылы алынған препараттар ежелгі рим ғалымы Клавдий Галеннің есіміне байланысты галендік және жаңа галендік препараттар деп аталады.
Қазіргі кезде фармацевтикалық техниканың жетілдірілген (перфорация, диолиз, адсорбция, иммуноферменция ) әдістері арқылы алынған заттарды жаңа галендік препараттар деп атаймыз.
Оларға экстрактілер, сабындар, шырындар, шырыштар, аэрозольдер спирттер, эликсир, май тәріздес заттар, сулар, сұйық заттар, тұнбалар жатады.
Негізгі бөлім
Экстракт (лат. extractus - шығару, сорып алу), шайғын - активті бастамалары (глюкозид, алколоид, витамин, т. б. ) бар дәрілік шикізаттардан бөлініп алынған галендік препараттардың қалпы.
Экстрактілер дәрілік шикізаттардан химиялық қосындылардың көмегімен сорғызу арқылы алынған, қоюлатылған және керексіз заттарынан мейлінше тазартылған дәрілік форма.
Экстракт алуға қолданылған химиялық қосындыларға байланысты су экстрактісі, спиртті немесе эфирлі экстракт болып бөлінеді, ал консистенциясына байланысты -сұйық (Extracta fluida), қоюлау (Extracta tenua), қою (Extracta spissa) және құрғақ (Extracta sicca) болып бөлінеді. Соңғы екі түр қатты дәрілік заттарға жатады. Сұйық экстрактілер 1:1 қатынаста (яғни 1 бөлік экстракті сондай мөлшердегі шикізаттан) жасалынады. Қоюлау экстрактілер жаңа алынған балдың консистенциясы тәріздес болады және 40-50 пайыз құрғақ заттардан тұрады. Қою экстрактілердің құрамында 80-85 пайыз, ал құрғақ экстрактілерде 97 пайызға дейін құрғақ заттар болады. Экстрактілер тұнбашалар секілді зауыттар мен фабрикаларда дайындалады. Сұйық және қоюлау экстрактілер қараңғы жерде, ал қою және құрғақ экстрактілер құрғақ жерде сақталынады. Сұйық экстрактілер рецепке тұнбаша тәріздес жазылады, ал құрғақ экстрактілер ұнтақтар тәріздес официанальдық жазбамен жазылады.
Рецептік мысал.
Сиырға:
Rp. : Extracti secalis cornuti fluidae 30, 0
D. S. Ішке қабылдауға 1 бөтелке сумен берілсін.
Сұйық экстрактілер деп - концентрацияланған сулы-спирттік сығындыларды айтамыз. Олар дәрілік өсімдік шикізатынан 1:1 қатынасында бөлініп алынады. Яғни, 1 кг шикізаттан 1 кг сұйық экстракт бөлініп алынады. Қазіргі таңда сұйық экстрактілер фармацевтика саласында кеңінен қолданылуда.
Сұйық экстрактілерді фармацевтикалық зауыттарда мынадай тәсілдермен алады: перколяция, реперколяция (әр түрлі нұсқада), әр түрлі модификациядағы бөлшекті мацерация, қою және құрғақ экстрактілерді еріту жолдарымен алынады.
Сұйық экстрактілерді жақсы тығындалған флакондарда 12-15 градуста және жарық түспейтін жерлерде сақтау керек. Сақтау процесі кезінде флакон түбіне тұнба түзілуі мүмкін.
Қою экстрактілер дегеніміз - дәрілік өсімдік шикізатынан қойылтылған тұтқыр масса алу (ылғалдылығы 25% -тен аспайды) . Қою экстрактілер өте тұтқыр болғандықтан, оларды байланыстырғыш және форма түзгіш заттар ретінде дәріханада пилюлдер дайындауда қолданады. Сонымен қатар олар шәрбаттардың, микстуралар мен эликсирлердің де құрамына кіреді. Қою экстрактілерді шалафабрикат ретінде тұнбалар, таблеткалар дайындау да пайдаланады. Оларды герметикалық флакондарда сақтайды.
Құрғақ экстрактілер дегеніміз - дәрілік өсімдік шикізатынан қойылтылған, сусымалы құрғақ масса алу (ылғалдылығы 5%-тен аспайды. Олар қолдануға ыңғайлы болып келеді. Құрғақ экстрактілердің бір кемшілігі гигроскоптығы, яғни су сіңіргіштік қасиеті. Оларды көлемі кішілеу, бірақ аузы үлкен, герметикалық 100 гр-дық банкаларда сақтайды. Қажет болған жағдайда құрғақ, салқын және қараңғы жерлерде сақтайды.
Майлы экстраттар немесе медициналық майлар - өсімдік майларын немесе минералдық майларды пайдалана отырып, дәрілік өсімдік шикізатынан алынған сығындыны айтамыз. Қазіргі таңда медицинада майлы экстрактілерді көптеп пайдаланады. Олар: меңдуана майы, сасық меңдуана жапырақтары, шайқурай шөбі, итмұрын тұқымдарының май жұмсағы, итмұрын майы және т. б.
Алоэ, сабыр (Aloe) - лалагүл тұқымдасына жататын көп жылдық бұта, кейде шырмауық түріндегі мәңгі жасыл, қуаңшылыққа төзімді өсімдіктер. Тропиктік, субтропиктік белдеулерде кездеседі. Биіктігі 7-12 м-дей, сабағы жуан, жапырағы шырынды, етті, тікенді болып келеді. Қызыл, қызғылт-сары, сары түсті, гүлі түтікше келген қоңырау тәрізді гүлшоғырына топталған. Сирек гүлдейді, негізінен құстар арқылы тозаңданады. Тұқымынан кейде өсімді (вегетативті) жолмен де көбейеді. Тұқымы жалпақтау қоңыр түсті. Алоэны көбейту үшін сабағының түбінен шығатын атпа бұтақтарын аналық өсімдіктен бөліп алып, құмды құнарлы топыраққа отырғызу керек. Қазақстанда Ағаш тәрізді Алоэ (Алоэ arborescens) деген түрі қолдан өсіріледі. Алоэның жапырақ құрамында глюкозид, эфир майы т. б. дәрілік заттар бар, сондықтан Алоэның шырынын түрлі ауруларды емдеуге қолданады. [1]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz