Құрамында алкалоиды бар дәрілік шикізаттар


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Құрамында алкалоиды бар дәрілік шикізаттар

2. Көкнәр таралуы, химиялық құрамы, қолданылуы.

3. Алқа таралуы, химиялық құрамы, қолданылуы.

III. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер

I. Кіріспе

Алкалоидтар - (араб. : alkali‎ - сілті және гр. eіdos - түр) - құрамында азот атомы бар табиғи текті органикалық негіздер; құрамында азоты бар сілті қасиетті органикалық зат; улы және емдік қасиеттері бар. (хинин кофеин никотин эфедрин анабазин т. б. ) . Қазіргі уақытта өсімдіктерден мыңдаған алкалоидтар бөліп шығарылған. Алкалоидтардың көбі жабықтұқымдылардың арасында кеңінен таралған. Әсіресе олармен көкнәр, алқалар, сарғалдақтар, бұршақтар, алабота, күрделігүлділер тұқымдастары бай.

Алкалоид молекуласында С, Н, N атомдарынан басқа S, Cl және Br атомдары болуы мүмкін. Алкалоидтар алынатын зат атауының түбіріне “ин” жалғауы жалғанып аталады. Мыс., атропин (Atropa belladonna өсімдігінен алынған), стрихнин (Strychnos nux Vomіca өсімдігінен алынған) . Көбінесе Алкалоидтар жіктелімі молекуланың көміртек-азотты құрылымына негізделеді. Алкалоидтардың өсімдіктердегі мөлшері өте аз (0, 001-2%), бірақ кейбір өсімдіктердегі олардың мөлшері 10-18%-ке дейін жетеді. Алкалоидтар негізінен өсімдіктердің белгілі бір бөліктерінде (жапырағы, дәні, сабағы, тамырында) жинақталады. Олар өсімдіктердегі биохимиялық процестерде де маңызды рөл атқарады. Алкалоидтардың химиялық құрамы мен құрылымы өсімдіктердің табиғатына, өсетін жеріне байланысты. Олардың ең көп түрі - гетероциклді қосылыстар. Кейбір Алкалоидтар (стрихнин, тубокарин) өте улы болып келеді. Алкалоидтар туындыларының физиологиялық әсері күшті. Соған байланысты медицинада әр түрлі ауруларға қарсы дәрі ретінде кеңінен қолданылады (мыс., морфин, эфедрин, атропин, папаверин т. б. ) .

I Негізгі бөлім

1. Көкнәр таралуы, химиялық құрамы, қолданылуы.

Көкнәр (лат. Papáver) - көкнәрлер тұқымдасына жататын бір не көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда далалы, шөлейт және таулы аудандарда тараған 11 түрі бар. Ең маңызды сортына дәрілік aпиын көкнәрі (P. somnіferum) жатады: ол Қазақстанның оңтүстік мен таулы аудандарда өседі. Оның піспеген қауашағының шырынынан дәрі алынады. Піскен Көкнәр тұқымында алкалоид болмайды, бірақ майы көп (55%) . Көкнәрдің биіктігі 20 - 90 см. Сабағы жіңішке, түкті жапырағы жалпақ, гүлдері ақ, сары, қызыл қызғылт, гүл сағағы ұзын, олар шар тәрізді гүлшоғырына топталған. Шілде - тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі - көп тұқымды қауашақ. Көкнәрда сүт тәрізді ақ шырын болады. Сондай-ақ республикада тоты kөкнәрін (P. pavonіnum) бояу өндірісінде пайдаланады. Егістікте арамшөп ретінде сеппе Көкнәр (P. rhoeas) кездеседі. Қазақстанда өте сирек кездесетін жіңішке көкнәр Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Таралуы : Көкнәр Еуропада, Солтүстік және Оңтүстік Америкада және Азияда өседі.

Химиялық құрамы. Көкнәрдің өз құрамында папаверин, морфин, кадеин, апиын деп аталатын алколоидтар болады. Тұқым шашар алдында осы алколоидтар оның қалпақшасына жиналады, ал тұқымының құрамында алколоидтар болмайды. Сондықтан да, көкнәрдің тұқымы тамақ, өнер кәсібінде жиі қолданылады.

Өкілдері: көкнәр-мак, сүйелшөп, боккония, маклея. Көкнәрлердің құрамында алколоидтар болады. Олардың ішінде тамақтық, дәрілік және әсемдік өсімдіктері бар. Көкнәр, мүйіз көкнәр және Мексика аргемонының тұқымынан техникалық май алынады. Көкнәрлер тұқымдасының көптеген түрлері гүлдері әдемі болғандықтан сәндік үшін де өсіріледі.

Малдың улануы. :Мал дәрігерлігі практикасында бұл өсімдіктің шикізаты тікелей қолданылмайды. Бірақ одан арнайы орындарда дайындалған дәрілер емдік жұмысқа жиі пайдаланады. Көкнәрдың павлиндік түрін жаңадан өсіп келе жатқанда барлық мал түлігі жей береді. Бірақ оны көп жеп қойған мал уланады. Уланған малдың тыныс алуы қиындайды, тітіркену қасиетін жоғалтады, көзінің көруі, құлағының естуі нашарлайды. Байлауда тұрған ірі қара тартынып, мойнындағы жібін үзіп, қашып кетуге тырысады. Егер көкнәрмен мал уланса онда дереу мал дәрігеріне хабар беру қажет. Ол келгенше, табылса, сүт ішкізуге болады. Жалпы көктем айларында осы көкнәрдің қалың өсетін жерлеріне малды байқап жаю қажет.

Алқа тұқымдастары (Solanaceae) - қос жарнақты, бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Бұта түрінде кездеседі. Дүние жүзінде тропиктік, субтропиктік және қоңыржай белдеулерде кездесетін 80 - 90 туысы, 2500-дей түрі белгілі. Қазақстанда Алқалар тұқымдасының 11 туыс, 23 түрі бар.

Бүтін жиекті немесе тілімденген жапырағы тік не жатаған сабағына кезек орналасады. Гүлі қос жынысты. Гүлшоғыры бұйра болады. 5 тостағанша жапырағы бірігіп, жоғарғы жағы тілімденген. 5 күлте жапырағы, бірігіп қысқа түтік түзеді. Аталығы 5, аналығы біреу.

Жемісі - көп тұқымды жидек, түйнек немесе қауашақ. Алқалар тұқымдасы негізінен аса бағалы тағамдық (баялды, тәтті және ащы бұрыш, қызанақ, картоп, т. б. ), сәндік және техникалық (темекі) өсімдіктер болып саналады. Олардың құрамында бірнеше улы алкалоидтар болады, сондықтан оларды мал жемейді. Жабайы түрлерінен дәрі алынады.

Алқа тұқымдастардың ғаламшарымызда 2900-ге жуық түрі бар. Бұлардың көпшілігі мәдени өсімдіктер. Алқа тұқымдастардың жабайы түрлері де көп. Ауа райы ыстық елдерде бұталы және сабақтары шырмалып өсетін де түрлері бар. Әсіресе Оңтүстік Америкада алқа тұқымдастардың жабайы өсетін түрлері көп. Қазақстанда 23 түрі кездеседі, көпшілігі қолдан өсіріледі. Бұлар - күлтелері тұтасқан, жапырақтары кезектесіп орналасатын шөптекті өсімдіктер. Гүлдері гүлшоғырда немесе жеке-дара орналасады. Гүлі кіріккен 5 тостағанша жапырақшалар, кіріккен 5 күлте жапырақшадан тұрады. Сондықтан бұл өсімдіктер кіріккенкүлтелілер деп аталады. Күлте жапырақшалардың түп жағы қысқа түтікшеге бірігіп, қоңырау тәрізді болады. Оның ортасында 5 аталық, екі жемісжапырақшалы аналық орналасады. Бұлар - жоғары жатынды өсімдіктер. Бірнеше симметрияга бөлетін сызықтар жүргізуге болатындықтан, алқа тұқымдастар дұрыс гүлді (*) өсімдіктер болып есептеледі. Гүл формуласы: *Т(5) К(5) А5Ж(2) . Жемісі - жидек немесе қауашақ.

Түрлері; Тағамға пайдаланылатын баялды, қызанақ, тәтті және ащы бұрыш және өзге де көкөністер өздеріңе бұрыннан мәлім. Дәрілік, сәндік және улы өсімдіктері де бар. Арамшөп ретінде белгілі меңдуана, сасық меңдуана - нағыз улы өсімдіктер. Сонымен бірге олар дәрілік өсімдіктерге де жатады. Меңдуаналардың жапырағы мен тұқымы демікпеге, құрыспа ауруларға дәрі ретінде пайдаланылады. Шырайгүл(петуния) және қызылқұлақ(физалис) сәндік өсімдіктер болып табылады. Шырайгүл күтім талғамайды және ұзақ гүлдеп тұрады. Сондықтан Оңтүстік Америкалық шырайгүл қала гүлзарларына сән беріп тұрады. Қызылқұлақ тропиктік, субтропиктік аймақтарда кең таралған. Оның 100-ге жуық түрлері бар. Өсімдіктің жидек-жемісі қампиып қаптайтын түзілісі үшін қызылқұлақ аталған. Қампима қаптаманың түсі ашық қызыл-сары болып көз тартады. Ол - өсімдіктің тостағанша жапырақшасы.

Жабайы түрі Үндістанда өседі, көпжылдық алқа тұқымдас шөптекті өсімдік. Қолдан өсірілетін түрі - біржылдық. Сабағының биіктігі 30-70 см шамасында. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Баялдының гүлі жапырақ қолтығында жеке (немесе 2-7) бірігіп, шоғырланып тұрады. Күлтесі тұтасқан 5 күлте жапырақшадан құралады. 5 аталығы күлтенің түбіне бекінген, 1 аналықты қоршап өседі. Жемісі - жидек, тұқымы - ұсақ.

Баялды - жылу және ылғал сүйетін тағамдық өсімдік. Ол Қазақстанның оңтүстік облыстарында өсіріледі. Топырақ ылғалдылығы - 80%, қолайлы температурасы 20-30оС-ге жеткенде ғана өсіп-дамиды. Баялдының өсімді кезеңі өте ұзақ. Оның жемісі 100 күннен астам мезгілде ғана жеуге жарамды болады. Тағамға толық пісіп жетілмеген жеміс пайдаланылады. Ал жемістің пісіп жетілуі үшін тағы 1-1, 5 ай қажет. Сөйтіп баклажанның жеміс беру кезеңі 3 айға созылады. Ауа температурасы 130С-де баклажан өсуін тоқтатады. Үсікке тез шалдығады.

Баялдыны көшет арқылы жылыжайда өсіреді. Қыс ызғары кетіп, орташа температура 150С-ден жоғарылаған кезде көшетті отырғызуға болады. Егістікке отырғызуға дейін көшет 65-75 күн жылыжайда өседі.

Баялдының жемісі 0, 4-1, 0 килоға дейін тартады. Ол алмұрт немесе қияр тәрізді, түсі қоңыр немесе күлгін қара болып келеді. Жемісінің құрамында нәруыз, май болады. Бұдан өзге кальций, фосфор, темір және өзге тұздары да бар. Баялды медицинада бауыр ауруын емдеуге, қан құрамындағы зиянды түзілісті (холестеринді) азайту үшін қолданылады. Баялды - жоғары өнімді дақыл, 1 гектарынан 15-30 т түсім алынады

Алабота (лат. Atriplex) - біржылдық шөп текті өсімдік.

Биіктігі 20-80 см, кезек жапыратқты, шөлге шыдамды өсімдік. Денесінде ұсақ тозаңы болады. Орталық Азияға, Қытайдың батыс бөлегіне (лат. Atriplex centralasiatica), және өзге бір түрі Сібірге көп тараған.

Жемісін күзде жиып алып дәріге пайдаланады. Алабота тағамдық өсімдік ретінде ертеден бері белгілі. XIX ғ. дейін оны бақтарда дақылдармен бірге өсірген.

Ежелгі грек дәрігері Гален алабота өзге тағамдардай-ақ тойымдылық беретінін айтқан. Содан кейін алаботада көп мөлшерде протеин бар екені анықталды. Алаботаның иісі, дәмі жоқ, бұл оны басқа өнімдермен қосып дайындауға таптырмас құрамдас бөлік екенін көрсетеді.

Емдік ролі:Бауырды қуаттандырып, көзді нұрландырады.

Сарғалдақтар тұқымдасы (Ranunculaceae) - қос жарнақтыларға жататын бір не көп жылдық шөптесін өсімдіктердің тұқымдасы. Кейде бұта және шырмауық түрінде де кездеседі.

Таралуы:Жер шарында кең тараған 50-ден астам туысы, 1200-ге жуық (кей мәліметтерде 2000) түрі негізінен қоңыржай белдеулерде, салқын жерлерде және суда өседі. Қазақстанның барлық аймақтарында кездесетін 29 туысы, 185 түрі бар. Ішінде жиі кездесетіндері: сарғалдақ, бәрпі, тегеурінгүл, жанаргүл, т. б.

Ботаникалық сипаттамасы

Жапырақтары бүтін жиекті не тілімденген, жапырақ серіктері болмайды. Гүлі қос жынысты (сирек жағдайда дара жынысты) болады. Аталығы өте көп, гинецейі апокарпты (гүлдегі өзара тұтаспаған аналықтар жиынтығы) . Жемісі - көп тұқымды жапырақша немесе көп жаңғақша. Тұқымы майлы.

Химиялық құрамы:Көп жылдық Сарғалдақтар тұқымдасының құрамында алкалоид және глюкозид болғандықтан улы келеді. Сарғалдақтар тұқымдасының көпшілік түрі дәрілік өсімдіктер (жанаргүл, бәрпі, т. б. ) ; әсемдік үшін де өсіріледі (шөмісгүл, тегеурінгүл, жібілген, т. б. ) .

Бұршақ (лат. Pisum) - бұршақ тұқымдасына жататын біржылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктердің бір туысы.

Өсімдік туралы

Отаны - Оңтүстік-Батыс Азия деп саналады. Бұршақ - ерте заманнан өсіріліп келе жатқан дақыл, оның тұқымы тас дәуіріндегі үңгірлерден табылған. Бұршақтың түрлері өте көп. Бір гектар жерден 15-30 центнерге дейін өнім алынады. Гүлі ірі, тұқымы шар тәрізді. Бұршақтың орташа түсімі гектарынан 10-12 центнер, озат колхозшылар мен тәжрибе егістіктері 35-40 центнерден өнім алады. Жапырағының ұшындағы тармақталған мұртшалары арқылы бірнәрсеге жармасып өседі.

Бұршақтың құрамындағы ақуыз басқа дақылдарға қарағанда көп. Оның ақуызы еттің ақуызымен бірдей, бірақ еттің ақуызымен салыстырғанда жеңіл, тез сіңімді, пайдалы аминқышқылдарынан тұрады. Бұршақ құрамында аскорбин қышқылы көп - 59 мг %, қант, крахмал, өзектер, С, РР, В тобы дәрумендері, каротин, минералдар мен микроэлементтер бар. Бұршақтың нәрлілігі қартоптан 1, 5-2 есе артық.

Қолданылуы

Бұршақ жүрек-тамыр ауруы бар адамдардың жейтін тамағының қатарында болуы керек. Жасыл бұршақ адам ағзасына радиоактивті металдардың сіңуіне қарсы тұрады. Бұршақ қатерлі ісік ауруларының, инфарктың, қан қысымы артуының туындау ықтималдығын төмендетеді.

Бұршақты жасыл кезінде жинайды. Одан көже, ботқа жасайды. Түрлі ет тағамдарына қосымша ретінде пайдаланады. Салаттарға қосады. Тап осы бұршақ туралы Гиппократ айтқан: «Біздің жеген тамағымыз бізге пайдалы дәрі, ал дәрі - тамағымыз болу керек».

Астралылар тұқымдасы (лат. Asteraceae), немесе ескі атауы Күрделі гүлділер ( лат. Compositae) - қос жарнақты өсімдіктердің класына жатады. Күрделігүлділер тұқымдас өсімдіктер гүлді өсімдіктердің қосжарнақтылар класының ең көп тараған тобы. Жер жүзінде, Арктика және Антарктида мұздарының өзге таралу аймақтарының барлығында 1300 туысқа бірігетін 25 мыңнан астам түрі бар. Қазақстанда 140 туысы, 700-дей түрі кез-деседі. Қоңыржай аймақта - шөптесін өсімдік, шала бұта түрінде, тропикте -шырмауық, бұта, кейбір түрлері ағаш түрінде өсетін бір, екі не көп жылдық өсімдік.

Күрделігүлділер тұқымдастарына жататын өсімдіктердің ортақ белгілері

Бұлардың гүлдерінде тостағанша болмайды. Тостағаншасы кейде үлпекті айдарша тәрізді өзгеріп кетеді. Нағыз күрделігүлді өсімдіктердің себетгүлі - гүлшоғыры болады. Күлтесі 5 күлтежапырақшалардан құралады. Олардың төменгі бөлігі түтікше тәрізденіп бірігіп, жоғары ұшындағы 5 тісшесі болады. Ал жалған, тілшегүлдің жоғарғы ұшында 3 тісшесі ашылып жайылады. Күлтенің түтікшесіне бітісіп өскен 5 аталығы бар.

Тозаңдығы да түтікшеге қосылады. Жатыны төмен орналасады. Аталық түтік арқылы аналық аузы қостелімді аналық мойны өтеді. Демек, күрделігүлділерде бір ғана аналық болады. Жемісі - айдарлы немесе айдарсыз тұқымшалар. Күрделі гүлділердің формуласы: Т 0 К (5) А (5) Ж (2) (бақбақ гүлі) .

Қашқаргүл

Астра немесе қашқаргүл (Aster) - күрделі гүлділер тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Олар бау-бақшада, гүлзарларда, саябақтарда өсіріледі. Қазақстанда алтай астрасы, кермек-жапырақты астрасы, Попов астрасы, шөл дала астрасы, бурыл астрасы, талорман астрасы деген түрлері бар. Ең көп кездесетіні алтай астрасы (A. altaicus) . Астралардың гүлдері түрлі түсті әсем болғандықтан, олар қолмен көптеп өсіріледі. Көп жағдайда өсімдіктен бөлініп шығатын әртүрлі заттар жиналатын қуыстары болады-сүт жолдары, схизогенді смола жолдары. Жасушаларында инулин жиналады.

Кейде қашқаргүл тұқымдастар деп аталатын күрделігүлділер тұқымдас өсімдіктер қосжарнақтылардың көбірек назар аударатын тобы болып саналады. Бұлар гүлшоғырында әр түрлі гүлдер өте көп жиналғандықтан, күрделігүлділер тұқымдасы деп аталған. Гүлшоғыры - себетгүл, күрделігүлділерге жататын өсімдіктердің көпшілігі біржылдық, көпжылдық, едәуір биік шөптекті өсімдіктер. Жапырағында бөбешік жапырақ болмайды.

Себетгүлге орналасқан кішкене гүлдердің тостағаншасы үлпекті айдаршаға айналған, күлтесі 5 күлтежапырақшадан құралады.

Себетгүлдегі гүлдердің барлығы жеміс бере бермейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Емдік өсімдік түрлері
Жүрек гликозидтері өсімдіктер
Тірі табиғат объектілерінде қордаланған адамдардың қажетіне керекті биологиялық ресурстарға өсімдіктер және жануарлар ресурстары
Құрамында майлар мен май тәріздес заттар бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар және олардың өнімдері.
Адыраспан – дәрілік өсімдік туралы ақпарат
Хинолизидинді алкалоидтар
Имидазол
Адыраспан
Қазақстан флорасындағы Papaveraceae Juss. тұқымдасына биологиялық сипаттама және оны оқу үрдісінде пайдалану
«дәрілік өсімдіктер»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz