Эозинофилдердің патологиялық үрдістегі рөлі


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті

«Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасы

Реферат

Тақырып: Эозинофилдердің патологиялық үрдістегі рөлі

Қабылдаған:

Орындаған:

Алматы, 2016 ж.

Жоспар

1 Кіріспе . . . 3

2 Негізгі бөлім

2. 1 Жасушалық иммунитет туралы түсінік . . . 4

2. 2 Гранулоциттер және олардың қызметі . . . …5

2. 3 Эозинофилдердің организмдегі рөлі . . . … . . . …. 7

3 Қорытынды . . . ……… . . . ……. 9

4 Пайдаланылған әдебиеттер…… . . . . . . … . . . …. 10

1 Кіріспе

Қан жасушалары - адам мен жануарлар организмдерінің тіршілігіне тым қажет қызметтер атқаратын қанның құрамындағы жасушалар. Қан жасушаларына: эритроциттер (қанның қызыл жасушалары), лейкоциттер (қанның ақ жасушалары) және қан табақшалары (құстар мен төменгі омыртқалы жануарларда - тромбоциттер) жатады. Сүтқоректі жануарлар эритроциттерінде ядро және көптеген органеллалар болмайды. Эритроцит цитоплазмасы құрамында қанға қызыл түс беретін, тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысып, организмдегі газ алмасу процесін іс жүзіне асыратын күрделі белок - гемоглобин болады. Гемоглобиннің құрамына темір (Ғе) кіреді. Ал құстар мен төменгі омыртқалы жануарлар эритроциттерінде ядро болады. Лейкоциттер гранулоциттер (дәншелі, түйіршікті) және агранулоциттер (дәншесіз, түйіршіксіз) болып екі топқа бөлінеді. Гранулоциттерге эозинофилдер (жасуша цитоплазмасында ірі қызыл түйіршіктер болады), базофилдер (клетка цитоплазмасында көкшіл түсті түйіршіктер болады) және нейтрофилдер (жасуша цитоплазмасында қызғылт майда түйіршіктер болады) жатады. Гранулоциттердің ядролары бірнеше бөліктерден (сегменттерден) тұрады. Сондықтан, бұларды "сегментті ядролы лейкоциттер" деп атайды. Гранулоциттер фагоцитоз процесіне қатысып, қорғаныс қызметін атқарады.

2 Негізгі бөлім

2. 1 Жасушалық иммунитет туралы түсінік

Жасушалық иммунитет жүйесіне (Т-жүйесіне) ізашар Т-лимфоциттердің негізгі дамитын орны - тимус, иммундық жүйенің шеткі мүшелерінде басымырақ түрде Т-лимфоциттер орналасатын аймақтар (Т-тәуелді ай-лимфоциттердің әртүрлі функционалды субпопуляциялары (Т-хелперлер, киллерлер, мақтар), Тсупрессорлар), сонымен қатар осы жасушалармен өндірілетін цитокиндер (лимфокиндер) кіреді. Тимуста Т-лимфоциттердің негізгі субпопуляцияларының клондары түзіледі. Шеткі мүшелерде Т-лимфоциттер антигендермен кездеседі және басқа иммунды хабарлы жасушалармен кооперация кезінде иммунды жауаптың қалыптасуына, реттелуіне және оның жүзеге асуына қатысады. Т-лимфоциттер рециркуляция үрдісінде белсене қатысады, осы үрдістің арқасында иммунды бақылау қызметі нәтижесінде иммундық жүйесінің біртұтас қызметі жүзеге асады. Иммунитеттің Т-жүйесінің қызметтері: Жасушалық түрдегі иммунды жауаппен қамтамасыз ету Т-жүйесінің негізгі қызметі: Т-лимфоциттер генетикалық бөгде жасушаларға (мутантты және ісік жасушалары, вируспен зақымдалған жасушалар, бөгде трансплантат жасушасы және т. б. ) цитотоксикалық әсер етеді. Одан басқа Т-лимфоциттер кейбір антигендерге қарсы фагоцитарлық түрдегі жауапты қалыптастырады. Иммунитеттің Т-жүйесі табиғатта кездесетін көпшілік антигендерді тануға және жасушалық, гуморалды иммунды жауаптың қалыптасуында басты қызмет атқарады. Т-жүйесі иммунды жауапы реттеуде маңызды рөл атқарады. Бұл үрдіске, ең алдымен, әртүрлі түрдегі иммунологиялық серпілістерді ынталандыратын және тежейтін Т-хелперлер мен Т-супрессорлар өздері өндіретін лимфокидерінің көмегімен қатысады. Т-жүйесі иммунологиялық төзімділіктің қалыптасуына және оның сақталып тұруына қатысады. Иммунологиялық төзімділік дегеніміз организмнің меншікті антигендеріне қарсы арнайы иммунологиялық ареактивтілік. Жетілген эффекторлы Т-лимфоциттер иммунологиялық зерде қызметін, яғни организм антигемен қайталап әрекеттескен жағдайда иммунды жауаптың жылдам қалыптасуы. Т-лимфоциттердің дифференцировкасы Т-лимфоциттердің дифференцировкка үрдісінде екі негізгі кезең бар: антигентәуелсіз және антигентәуелді дифференцировка. Т-лимфоциттердің антигентәуелсіз дифференцировкасы тимуста өтеді, оған ізашар Т-лимфоциттердің (іТ) тимусқа өтуі, тимоциттердің пролиферациясы, антигентанушы рецепторлардың түзілуі, Т-лимфоциттердің клондарының оң және теріс сұрыпталуы (MHC антигендері бойынша рестрикцияланған клондардың сақталуы және организмнің өзінің анигендерімен әсерлесуге қабілеті бар клондарының жойылуы), бір-бірінен қызметі және беткей CD-маркерлері бойынша ажыратылатын Т-лимфоциттердің әртүрлі субпопуляцияларының қалыптасуы жатады.

Антигентәуелді дифференцирровка үрдісі кезінде тимустан шыққан жетілмеген лимфциттер сәйкес келетін антигендер клондарымен кездеседі және оларды антигентаныстырушы жасушалармен бірге анықтау салдарынан бірқатар керекті стимулдарды алады. Нәтижесінде Т-лимфоциттер көбейеді және жетілген эффекторлы Т-лимфоциттерге дифференцияланады (хелперлер, киллерлер, супрессорлар) . Олар сол антигенмен қайта кездескен жағдайда он өз бетімен анықтайды және иммунологиялық жауапты қалыптастырады. Т-лимфоциттердің антигентәуелсіз дифференцировкасы. Сүйек кемігінде түзілген іТ-лимфоциттер қан ағысымен тимустың қыртысты аймағына келіп орналасады. Бұл үрдісте тимустың эпителиалды жасушалары түзетін хемокиндер маңызды қызмет атқарады (хемокинндер іТ-лимфоциттерді тимусқа тартады) . іТ-лимфоциттер тимусқа өту үшін гематотимикалық тосқауылдан өтуі тиіс. Бұл тосқауылдан өту іТ-лимфоциттердің мембранды молекулалары (протеогликан CD44, гиалурон қышқылының қалдықтары, β-интегрин және басқа ) мен жасушааралық матрикс молекулаларының (фибронектин, тосқауыл жасушаларының мембраналық молекулалары) өзара әсерлесуіне негізделген. Тимустың субкапсулярлы аймағында Т-лимфоциттерден жетілмеген Т-лимфоциттер түзіледі, олар иммунды хабарлы болып тимустан шығу үшін дифференцировканың бірнеше сатысынан өтеді. Бұл құбылыстың биологиялық мәні жақында ғана белгілі болды. Ол меншікті гистосәйкестік антигендерімен әрекеттесуге қабілеті бар Т-лимфоциттер клондардың сұрыпталуына негізделген. іТ-лимфоциттерден жартылай жетілген Т-лимфоциттердің тимус ішіндегі түзілуі үрдісі фенотиптік Т-жасушалық маркерлер экспрессиясының өзгеруімен сипатталады. Олардың негізінде беткей CD-антигендер (дифференциялаушы антигендер) жатады. Әртүрлі CD-антигендер дифференцировканың белгілі кезеңіне, сондай-ақ функционалды әртүрлі Т-лимфоциттердің субпопуляцияларына тән.

CD-антигендер - күрделі нәруыздардың, гликопротеидтердің молекулалары, олар лимфоциттердің плазмалық мембранасында орналасқан. Т-хелперлер үшін фенотиптік маркер CD4 антиген болса, Т-киллер/супрессор үшін - CD8. Аталған екі нәруыз корецептор қызметін атқарады және антигенді тану үрдісіне қатысады. Кортикалды лимфоциттердің ең алғашқы даму сатыларында CD2 нәруызы пайда болады және Т-лимфоциттер үшін жалпы маркер болып есептеледі, сонымен қатар, ол қой эритроциттеріне рецептор қызметін атқарады. Аталған рецепторды анықтау үшін қой эритроциттерімен қойылатын спонтанды розетка түзу әдісі қолданады (Е-РОК) . Бұл әдістің көмегімен Т-лимфоциттердің жалпы санын анықтауға болады. Басқа жалпы Т-лимфоцитарлы маркер болып CD3 нәруызы табылады, ол Т-лимфоциттердің антигентанушы рецептор мен антиген детерминантасының әсерлесуі кезінде Т-лимфоциттердің цитоплазмасына белгі беруде маңызды қызмет атқарады. Т-лимфоциттердің дифференцировка үрдісі кезінде жаңа CD-антигендердің пайда болуымен қатар кейбір ескі антигендер жойылуы мүмкін. Сондықтан, CD-антигендер кезеңерекшелік антигендердің мысалы бола алады. Яғни, CD-маркерлер бойынша Т-лимфоциттердің жалпы саны мен олардың субпопуляцияларының санын және жасушалардың жетілуі дәрежесін анықтауға болады. Антигентанушы рецептор (ТЖР - Т-жасушалық рецептор) Т-лимфоциттер үшін басқа негізгі маркер болып табылады, ол да тимустың қыртысты қабатынды, тимоциттер дифференцировкасының алғашқы кезеңдерінде пайда болады. Бірқатар стимулдар әсерінен жасуша ішіндегі дифференцияланған өзгерістердің болуы, дифференцировка үрдісі кезінде Т-лимфоциттердің беткей маркерлерінің фенотиптік өзгеруін көрсетеді, яғни белгілі бір гендердің қайта құрылуы мен ынталануын, жасушадағы синтетикалық үрдістердің және жасушаның белгілі бір функционалды қасиеттерге ие болуын көрсетеді. Т-лимфоциттердің дифференцировкасын шақыратын стимулдарға, ең алдымен, тимоциттердің тимустың эпителиалды жасушалармен, макрофагтармен, дендритті жасушалармен жасушааралық әсерлесуі және тимоциттердің адгезия молекулаларымен әрекеттесуі, сонымен қатар адгезия молекулаларының өздері жатады. Бұл үрдісте гуморалды әсерлер де маңызды рөл атқарады. Олар: тимус гормондары мен бірқатар цитокиндер: ИЛ-3, ИЛ-1, ИЛ-7 және т. б. Сүйек кемігінен тимусқа келген іТ-лимфоциттер лимфобласт болып табылады, олардың бетінде беткей молекулалардың белгілі жинағы бар, атап айтқанда CD44. Бірақ дифференцировка маркерлері CD4 пен СD8 жоқ. Олар тимустың қыртысты қабатының жоғарғы бөлігі - субкапсулярлы аймаққа орналасады. іТ-лимфоциттер мен субкапсулярлы аймақтың стромасының әсерлесуі Т-жасушалардың алғашқы арнайы маркері - СD2 нәруызының пайда болуына әкеледі. Аталған маркері бар (CD2+) тимоциттер мен эпителиалды «тәрбиеші» жасушалар (nurse cells) тығыз байланыста болу салдарынан белсенді түрде көбейе түседі және жаңа нәруыздарды экспрессиялай бастайды. Олар: CD3, CD4, CD8 және ТЖР-дың β-тізбегі. Олардың фенотипі келесідей жазылады: CD2+CD3+CD4±CD8±βТЖР±. Енді осы жасушалар тимустың қыртысты қабатына тереңірек кіре бастайды. Бұл үрдісте маңызды қызметті тимопоэтин және ИЛ-3 пен ИЛ-7 цитокиндері атқарады. Қыртысты қабатта ТЖР қадағалайтын гендердің қайта құрылуы мен ынталануы нәтижесінде ТЖР-дің екі тізбегі де (α және β тізбектері) пайда болады. Бұған қоса CD4 пен CD8 нәруыздарының экспрессиясы толығымен реттеле бастайды. Қыртысты қабаттағы тимоциттер цитоплазмалық өсінділері тармақталған кортикалды эпителиалды жасушалармен тікелей байланыста болады. Аталған эпителиалды жасушаларда І және ІІ класс MHC молекулалары жақсы экспрессияланған. Осы жасушааралық әсерлесу тимустың қыртысты қабатында өтетін негізгі сұрыпталу үрдістерін шақырады. Кортикалды тимоцитердің бетінде ТЖР-дың толық экспрессиялануы ерекшелігі бойынша әртүрлі CD4+CD8+ТЖР+ Т-лимфоциттер клондарының дамуына әкеледі. Рецепторлары MHC-дің меншікті нәруыздарына сәйкес келмейтін клондар (олардың саны басымырақ) апоптоз (жасушалардың жоспар бойынша жойылуы) нәтижесінде жойылады. Тек MHC-дің меншікті нәруыздарына сай рецепторлары бар клондар сақталады. Бұл Т-лимфоциттер керекті дифференцировка белгісін алғандықтан апоптозға ұшырамайды және ары қарай даму сатысына өтеді. Сонымен, өзінің организмінде жұмыс істеуге қабілеті бар (MHC-рестрикция) Т-лимфоциттер клондарының сұрыпталуы өтеді. Бұл үрдіс оң сұрыпталу деп аталады. Оң сұрыпталудан кейін кортикалды тимоциттердің шамамен 5% қалады, олар кортикомедулярлы аймақ арқылы тимустың милы қабатына жылжиды. Аталған жасушалардың әрқайсысының немесе І класс MHC нәруыздарымен, немесе ІІ класс MHC нәруыздарымен әсерлесуге қабілеті бар. Оң сұрыпталу үрдісі кезінде І класс MHC нәруыздарына сәйкестігі бар тимоциттер CD8 корецепторын сақтап қалады, ал CD4 нәруызының экспрессиясын тоқтатады. Бұл жасушалар Т-киллерлердің фенотипіне ие болады: CD2+3+8 (CD8+) . ІІ класс MHC нәруыздарына сәйкестігі бар тимоциттер CD4 корецепторын сақтап қалады, ал CD8 нәруызының экспрессиясын тоқтатады. Бұл жасушалар Т-хелперлердің фенотипіне ие болады CD2+3+4+ (CD4+) . Осылайша Т-лимфоциттердің екі негізгі функционалды субпопуляциялары қалыптасады. Тимустың кортикомедулярлы және милы қабттарында оң сұрыпталудан сақталаып қалған Т-лимфоциттердің клондары бірқатар цитокиндер мен тимикалық гормондардың (ең алдымен тимозин әсерінен), сондай-ақ жасушааралық әсерлесу әсерінен пісіп жетілудің келесі кезеңіне өтеді және теріс сұрыпталу үрдісіне ұшырайды. Қалыпты жағдайда организмнің иммундық жүйесі меншікті (аутологиялық) антигендерге төзімді. Соңғы көзқарастар бойынша тимустағы теріс сұрыпталу үрдісі нәтижесінде меншікті антигендерге төзімділік қалыптасады деп саналады. Экспериментальды мәліметтерге сүйене отырып көптеген зерттеушілер келесі тұжырымға келді: тимустың кортикомедулярлы және милы қабаттарында түзілген, бірақ толық жетілмеген CD4+ және CD8+ Т-лимфоциттер организмнің меншікті антигендерін (фагоцитоз бен пиноцитоздан кейінгі тимустың меншікті жасушаларының ыдыраған өнімдері және тимусқа қан арқылы түскен аутологиялық нәруызды молекулалар) иммуногенді түрде, яғни І және ІІ класс МНС нәруыздарымен комплекс түрінде «ұсынып» тұрған макрофагтармен және дендритті жасушалармен әсерлеседі. Бірақ, Т-жасушалық рецептор көмегімен Т-лимфоциттер аталған анигендерді анықтаған кезде тек арнайы белгіні алады, ал апоптоздан қорғану үшін, олар екінші - костимулдаушы белгіні алуы тиіс. Сонымен қатар, тимоциттердің бетінде Bcl-2 немесе Bcl-XL нәруыздарының экспрессиясы болуы керек, олар сәйкес онкогендердің өнімдері болып табылады және жасушаны апоптоздан қорғайды. Жетілмеген тимоциттердің бетінде аталған нәруыздар және костимулдаушы молекулалар болмағандықтан немесе олар өте аз мөлшерде болуы салдарынан меншікті антигендерімен әсерлескен Т-лимфоциттердің клондары апоптозға ұшырайды.

2. 2 Гранулоциттер және олардың қызметі

Бұларға нейтрофилдер, эозинофилдер, базофилдер жатады. Олар сүйектің қызыл кемігінде түзіледі, цитоплазмасында арнайы бояумен боялатын көптеген түйіршіктер және сегменттелген ядролары бар.

Нейтрофильді гранулоциттер-саны көп, лейкоциттердің 48-78% құрайды. Ядросында 3-5 сегменттері болады. Нейтрофилдер пісіп жетілу мерзіміне байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Олар:жас, таяқша ядролы және сегментті ядролы түрлері. Лейкоциттердің жас түрі мен таяқша ядролары әлі пісіп жетілмеген жас жасушалар болып саналады. Жас түрінің мөлшері қанда 0, 5%-тен аспайды, не болмауы да мүмкін, ал таяқша ядролысы 1-6%, пішіні «S» әрібі тәрізді болып келген ядросы бар. Лейкоциттердің соңғы екі түрі көбінесе қанды көп жоғалтқанда және қабыну процесстерінде кездеседі.

Нейтрофилді лейкоциттердің цитоплазмасында екі түрлі:арнайы және азурофилді түйіршіктері болады. Арнайы түйіршіктері майда, ашық түсті, саны көп, құрамында бактериостатикалық және бактериоцидті заттары лизоцим, сілтілі фосфатаза мен лактофферині бар. Лизоцим бактерияның қабырғасын бұзатын фермент болып табылады. Лактоферрин темір ионымен байланысып бактерияларды өзіне жабыстыратын қасиетке ие.

Азурофильді түйіршіктері ірі, көгілдір-қызыл түске боялады. Бұларда біріншілік лизосомалар болып табылатын, құрамында лизосомальды ферменттері бар лейкоциттер. Жалпы нейтрофилдердің қызметі микроорганизмдерді фагоцитоз әдісімен жояды. Сондыықтан бұларды макрофагтар дейді. Сау адамда фагоцитоз процесіне қатысатын нейтрофилдердің мөлшері 69-99, бұл көрсеткішті нейтрофильдердің фагоцитарлы белсенділігі дейді. Нейтрофильдердің тіршілігі 5-9 тәулікке жақын.

Базофильді гранулоциттер. Жалпы лейкоциттердің 0-1 құрайды, д-11-12 мкм. Сегменттелеген ядросы(2-3) бар, цитоплазмасында жасуша органеллаларының бәрі де кездеседі, ал ерекшеліктеріне олардың өте ірі метахромды боялған түйіршіктерінің (0, 5-1, 2 мкм) болуы жатады. Базофильдердің түйіршіктерінің құрамында гепарин, вазоактивті гистамин, бейтарап протеазалар мен энзимдер болады. Базофильдердің астма, анафилакция, ьөртпе тері ауруларында дегрануляциясы байқалады. Базофильдер сүйек кемігінде түзіледі де, қан ағымында шамамен 1-2 тәуліктей болып, тіндерге өтеді. Базофильдер ағзада иммунды және аллергиялық реакцияларға қатысады. Сонымен бірге базофильдер қанның ұюы мен қан тамырлар қабырғасының өткізгіштігін де реттейді.

Агранулоциттер немесе түйіршікті лейкоциттерге лимфоциттер мен моноциттер жатады. Ерекшелігі цитоплазмасында түйіршіктер болмайды және ядросы сегменттелмеген.

Лимфоциттер. Жалпы лейкоциттердің ішінде ересек адамның қанында 20-30. Лимфоциттер көлеміне байланысты үш топқа:кіші, орташа, ірі болып жіктеледі. Ірі лейкоциттер жаңа туған сәбимен жас балалардың қанында кездеседі. Ересек адамдарда болмайды. Лимфоциттердің қай түрі болмасын оларға жақсы боялған ірі, әрі дөңгелек пішінді гетерохроматинді ядросымен оны қоршаған сақина тәрізді цитоплазмасы тәнln. Кейде цитоплазмасында азурофильді аздаған ғана түйіршіктер де кездеседі.

Кіші лимфоциттердің цитоплазмасында везикулалар, лизосомалар, бос рибосомалар, полисомалар, Голджи аппараты т. б. болады. Бұлар:ашық және күңгірт түсті болып та жіктеледі. Кіші күңгірт түсті лимфоциттердің цитоплазмасы электронды тығыз базофильді боялған, цитоплазмасында өте көп рибосомалары болады.

Орташа лимфоциттер жалпы лимфоциттердің 10-12 құрайды, ядросы дөңгелек, кейде бұршақ тәрізді болып келеді. Ядродағы хроматині сирек орналасқан, ядрошығы жақсы көрінетін лимфоциттер. Құрамында жасушаларға тән органеллаларының барлығы бар. Жалпы лимфоциттердің ішінде адамға тән аздаған лимфоплазмоциттерде кездеседі. Ерекшелігі:ядро маңында концентрлі орналасқан түйіршікті эндоплазмалық тордың түтікшелері болады. Лимфоциттердің ең негізгі қызметі бұлар ағзада иммундық реакцияларға қатысады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эозонофилдер және оның түрлері
Қан жүйесінің патофизиологиясы
Ішектің қабынуы аурулары
Аллергендердің сипаттамасы, дайындау әдістері және әсеир ету механизмі
Жүректің гипертрофиясы
Организмге аллергеннің енуі
Комплемент жүйесінің нәруыздарына рецепторлар
Антигенді таныстырушы жасушалар
Аллергияның диагностикасы және емдеу
Иммунология және аллергология бойынша дәрістер жинағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz