Қозыларды күтіп – бағу технологиясын, күтуді, пайдалануды санитариялық –гигиеналық бағалау


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Кіріспе. . . 5

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. 1Жоба тапсырмасын жасау . . . 6

2. 1. 2Көлемді - жоспарларды есептеу шешімдері (ені, ұзындығы) кеңдігі, ғимарат көлемі . . . 7

2. 2 Қозыларды күтіп - бағу технологиясын, күтуді, пайдалануды санитариялық -гигиеналық бағалау (микроклимат, параметрлерін, желдетуді, жылу балансын, жарықтандыруды, төсеніш материалдарын есептеу) және оларды жетілдіру шараларын белгілеу . . . 11

2. 2. 1Қой өсіру гигиенасы . . . 14

2. 2. 2Сақман құру мен қозы өсiру технологиясын меңгеру . . . 17

2. 4 Қой төлдету технологиясы . . . 19

2. 4. 1 Қаракөл қозыларын бонитировкалау негіздері . . . 20

2. 4. 2. Ұрғашы қозылардың мәліметтерін өңдеу . . . 21

2. 5 Ветеринариялық - санитариялық нысандарға қойылатын зоогигиеналық талаптар (қи сақтағыш, өлексені утильдейтін орын және т. б ) және олардың беріктілігін сақтайтын шараларды белгілеу . . . 23

2. 6 Қозыларды азықтандыру және қозы азығына қойылатын санитариялық -гигиеналық талаптар және азықтың санитариялық сапасын сақтайтын шараларды белгілеу . . . 25

2. 6. 1Қозыларды енесінен бөліп алу және азықтандыру негіздері . . . 26

2. 6. 2 Қозыларды азықтандырғыштармен азықтандыру техникасы . . . 28

2. 7Қозыларды суару және суғақойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар (судың мөлшерін есептеп шығару, суды санитариялық тұрғыдан бағалау ) және судың санитариялық сапасын сақтайтын шараларды белгілеу . . . 29

2. 8 Мал шаруашылық нысандарын инвазиялық және инфекциялық аурулардан сақтау шараларын ветеринариялық санитариялық жобалау . . . 31

2. 8. 1 Қозы ауруының өршуі мен оның белгілері . . . 31

2. 8. 2 Қозы тастаудың емі мен сақтандыру шаралары . . . 32

IІІ. Қорытынды . . . 33

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 34

Ү. Қосымша . . . 35

Реферат

Жұмыс: 30 беттен, 4 кестеден, 12 суреттен тұрады

Түйін сөздер: Бонитировка, ен салу, өнімдік көрсеткіш, дезинфекция, энзоотикалық індет, гемогглютинация, ацидофильді ашытқы, микроклимат, сақман, бруцеллез, дибильицин, витамин.

Қысқартылған сөздер:

ГАТР-гемагглютининді тежеу реакциясы

ГАР- гемогглютинация реакциясы

КБР- комплемент байланыстыру реакциясы

МГР- микроагглютинация реакциясы

ҚСА- қой сүтін алмастырғыш

І. Кіріспе

Дүние жүзі халық шаруашылығында қой малының маңызы өте зор. Ол адамға аса қажетті көптеген азық-түліктер атап айтқанда ет, май, сүт, жүн, былғарылық, тондық терілер мен елтірі сияқты өнеркәсіптік заттарды береді. Қой сойғанда қалдық ретінде жиналатын ішек, мүйіз, сүйек сияқты заттар да өңдеген соң өз орнын табатын байлықтар. Олардан желім, түйме, малға берілетін қан-сүйек ұны, минералдық азықтар және дәрі құрамына кіретін заттар жасалады. Қойдың тезегіне дейін береке:өзіне қыста-төсеніш, жыртынды жер мен жайылымда тыңайтқыш, малшы-шопан, барлық ауыл адамдары үшін қысқы-жазғы отын. Қой малы адамға осындай қажетті көп түрлі өнім өндіретіндігімен қандай да табиғат құбылысына және биологиялық қасиетіне байланысты дүние жүзінің барлық континенттерінде және елдерінде өсіріледі. Қой шаруашылығы Қазақстан мал шаруашылығының жетекші саласы болып келген, қазір де солай, алдағы уақытта да бола береді. Оның солай болуының себебі, қой негізінен жайылым малы. Қазақстанның 180 млн. гектарға жуық табиғи жайылымың тек қой малы ғана тиімді пайдаланады. Соның нәтижесінде ең арзан ет, жүн, тері, басқа да өнімдер өндіруге болады. Сондықтан Қазақстан даласын қой малынсыз елестету қиын. « Қойды құмға, жылқыны қырға, сиырды сыртқа, түйені сорға жай », -деген қазақтың нақыл сөзі жайылымның түрлерінің мол екендігін білдіреді. Жалпы қой малы жаратылысынан жайылымға жақсы бейімделген түлік. «Тұяқ отқа бөлінеді, от жерге бөлінеді » демекші, қазақ жерінің көшпелі таулы-қыратты, құмайтты, шөлейтті жерлері. Осындай аумақтың отын тек қойдай ешқандай түлік пайдалана алмайды. Қой өте төзімді келетіндіктен, ауа райы өте суық немесе аса ыстық жерлерде де жақсы өсе береді және оңай жерсінеді. Қой үшін құлазыған шөл де, шыңы биік тау да бірдей. Қайсысын болса да өте тиімді пайдаланады. Республика қой шаруашылығының қазіргі дамуына қарай үш бағытты байқауға болады. Атап айтқанда, қой тұқымдарының аймаққа бөлініп отырғаны. Мысалы, далалы және шөлейт далалы аймақтар мен Тянь-Шань тауының етегіне жалғасып жатқан өңірлерде биязы және биязылау жүнді қой тұқымдары өсірілуде. Бұл республикамыздағы барлық қойдың 65 процентіне тең.

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. 1. Жоба тапсырмасын жасау

Жобалау мен мал шаруашылық нысандарын ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүргізу малдарға қолайлы жағдайды тудыруға көмектеседі. Ветеринариялық- санитариялық бақылау жобалаудың және құрылысты салудың келесi кезеңдерiне iске асады: техникалық және экономикалық құрылыс негізінде; құрылыс салу үшін жер таңдауды ұйымдастыру; жобалауды ветеринариялық-санитариялық бақылау; құрылыстын сапасын бақылау; обьектілерді пайдалануға қабылдау. Ветеринариялық-санитариялық бақылау келесі құжаттарға негізделе жүргізіледі:

  • 3. 02-11-2010 Мал шаруашылық, құс шаруашылығы және аң өсiретiн ғимараттар және бөлменiң ҚР ережесі;
  • ВСН 52-89 ведомствалық нормалар административтік, тұрмыстық ғимараттар мен мал шаруашық, құс шаруашылығы кәсіпорындарды жобалау бойынша;
  • ТЖН АПК 1. 10. 01-001-10 ірі қара кәсіпорындарын технологиялық жобалаудың нормалары;
  • МЕМСТ-мемлекеттік стандарт
  • Мемлекеттік бақылау органдары
  • ТСН-териториялық санитариялық нормалар

Мал қораны салу ең алдымен тапсырыс берушінің ұсынысымен жоба жасауға арналған тапсырмасын жасаудан басталады. Онда негізгі технологиялық міндеттер мен санитариялық-гигиеналық талаптар атап көрсетіледі. Олардың барлығы болашақ кәсіпорынның техникалық міндеттер мен санитариялық-гигиеналық талаптар атап көрсетіледі. Мал қораларының құрылыстары оларды жобалаудан басталады. Құрылыс салу және қалпына келтіру үшін жобалау және зерттеу жұмыстарын қол қойылған келісім негізінде жобалау мен зерттеу ұйымдары жүргізеді. Келісім шартта жобалау мен зерттеу жұмыстарын орындау мерзімі мен құны, оған қоса келісімде көрсетілген жұмыстар сметасы, заказ берушінің осы жұмыстары қаржыландыруды туралы анықтамасы және оларды жобалау үшін бастапқы деректерді беретін график көрсетілуі керек.

Жобалық тамсырма - жобаға талап пен негізгі міндеттер көрсетілген жобалаудың алғашқы сатысы. Жобалауда мынадай негізгі деректерді көрсетеді: кәсіпорынның атауы, жобаға негіз болған себептер, құрылыс салатын аудан және алаң, обьектінің өндірістік қуаты, мал шаруашылығын дамытудың келешектік жоспарлары, жануарларды күтіп-бағу технологиясы, табынның саны, құрамы мен өнімділігі, санитариялық-гигиеналық режимі, жобалаған азықтандыру рационы, ветеринариялық сақтау жүйелері, ветеринариялық-санитариялық талаптар мен зоогигиеналық параметрлер. [7]

2. 1. 2 Көлемді - жоспарларды есептеу шешімдері (ені, ұзындығы) кеңдігі, ғимарат көлемі Мал шаруашылығы объектілерін салуды ұйымдастыру. Қазіргі уақытта әр жеке шаруашылықтар малға арналған құрылыстарын өз қаржыларымен жүргізеді. Мал қораны салу ең алдымен тапсырыс (заказ) берушінің ұсынысымен жоба жасауға арналған тапсырмасын жасаудан басталады. Жобалауға тапсырма жасау-ол жұмыстың алғашқы кезеңі. Онда негізгі технологиялық міндеттер мен санитариялық-гигиеналық талап атап көрсетіледі. Олардың бәрі болашақ кәсіпорынның техникалық дәрежесін айқындайтын жобалық- сметалық құжаттар жасау үшін негіз болады. Мал қораларының құрылыстары оларды жобалаудан басталады. Құрылыс салу және қалпына келтіру (реконструкция) үшін жобалау және зерттеу жұмыстарын қол қойылған келісім негізінде жобалау мен зерттеу ұйымдары жүргізеді. Келісім шартта жобалау және зерттеу жұмыстарын орындау мен құны, оған қоса келісімді көрсетілген жұмыстар сметасы, заказ берушінің осы жұмыстарды қаржыландыруы туралы анықтамасы және оларды жобалау үшін бастапқы деректерді беретін графиг көрсетілуі тиіс.

Ветеринариялық - санитариялық бақылау қораларын жобалау және са-

лу барысында мына кезеңдер жүргізіледі:

  • Құрылысты техника - экономикалық тұрғыдан негіздегенде;
  • Құрылысқа жер таңдағанда
  • Жобаларға ветеринариялық - санитариялық тұрғыдан сараптағанда;
  • Құрылыс кезінде ветеринариялық - санитариялық нормалардың сақталуына бақылау жүргізгенде;
  • Қораны пайдалануға қабылдағанда.
  • Ветеринариялық - санитариялық бақылау әртүрлі нормативтік құжаттарға негізделіп жүргізіледі (СНиП 2. 10. 03. -84“Животноводческие, птицеводческие и звероводческие здания и сооружения, НТП - Нормы технологического проектирования. Технологиялық жобалау нормалары, ТЖН және т. б)

ТЖН - да (НТП) барлық малға керекті зоогигиеналық талаптарының барлығы анықталған: малдың ұстау жүйелері, табының мөлшері мен құрылымы қора қопсы номенклатурасы және т. б.

Қазіргі уақытта Ресейде мал обьектілеріне арналған 14 негізгі НТИ - АПК 1. 10. 01. 001-00 "Нормы технологического проектирования форм крупного рогатого скота крестьянских хозяйств" және тағы басқа ұсынылған.

Бұл құжаттардың ішінде ерекше орын алатын құжат: НТП - АПК 1. 10. 07. 001- 02 "Нормы технологического проектирования ветеринарных обьектов для живодноводческих, звероводческих, птичеводческих“ крестьянских хозяйств.

Бұлардан басқа да ауыл шаруашылық министрлік бекітетін құжаттар (инструкция, әдістеме, құралдар, нұсқаулар) жобалау кезінде қолданады.

Жобалаудың негізгі мақсаты жануарларға максималды өнім ала алатындай жағдай жасауға мүмкіндік беретін мал шаруашылығы нысандарының жобаларын жасау.

Қора қабырғасы. Қора қабырғасының жылу және дымқыл өткізбеуі мақсатында қабырғаның қалыңдығы мен ол жасалатын материал ескеріледі. Жылуға берік жәнеауаны орташа деңгейде өткізіп тұратын болғаны жөн.

Төбе жапқыштар. Барынша жеңіл, берік, жылуды аз жіберетін, құрғақ, теп - тегіс, су өткізбейтін, қатты, ұзаққа шыдайтын болуы тиіс.

Қора төбесі. Қора ғимаратты не басқа құрылыстарды сыртқы табиғи әсерлерден қорғайтын конструкция. Ол тіректі бөлімдерден және сыртқы жапқыштардан тұрады. Төбені шатырлы және шатырсыз етіп алады.

Қой шаруашылығына арналған құрылыстарсалынатын участок мына талаптарға сай келуі тиіс.

  1. Ол құрғақ болуы керек, рельеві адыр- бұдырсыз, жаңбыр суы мен қар суы ағып кетерліктей сәл ылдыйлау болуы керек. Ыза суы жер астында мүмкіндігінше терең жатқаны дұрыс.
  2. Участок шаруашылыққа, ішуге, өндіріс мұқтажы мен өртке қарсы мұқтажға керекті жақсы сумен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуі тиіс.
  3. Жайылымға жақын жерде болуы кеерк, суатқа айдайтын жол темір жолдарды, автомобиль жолдарын және батпақты жерлерді басып өтпейтін болуы керек. Құрылыстың ең жақын жолдан қашықтығы кемінде 300 метр болуға тиіс.
  4. Жердің ылдыйына қарағанда участок тұратын және мәдени тұрмыс үйлерінен төмен, мал дәрігерлік емдеу құрылыстарынан жоғары болуға тиіс, ол жел үнемі соғатын жағынан қарағанда тұрғын және мәдени тұрмыс үйлердің ығында, малдәрігерлік емдеу құрылыстарының жел жағында болуға тиіс.

Қой қораның ұзын жағы участокке солтүстіктен оңтүстікке қаратып, ал оңтүстік аудандарда шығыстанбатысқа қаратып, салынады. Жергілікті жағдайға байланысты бұл кқрсетіоген бағытты 30 градусқа деін өзгертуге болады. Мал қорасын осылай салғанда күннің жарығы күні бойына біркелкі түсіп тұрады. Жылдың суық уақытында қора ішінде жылуды сақтау үшін, қораның бір бұрышы сол арадан жел үнемі соғатын жаққа қаратып салынады.

Қой қораның ұзын жағынан қойдың бойын жаздыратын алаң ашық баз салынады. Қораның формасы «Г» немесе «П» әріптеріне ұқсатып салынған кезде, баз ішкі аула жағынан жасалады. Мұндай баздың алаңы қора ішінен 2-2, 5 есе артық болуға тиіс. Қора қопсыларының сыйымдылығы малдәрігерлік зоотехникалық талаптарға, ферма мен отардың көлеміне сәйкес белгіленеді. Қойлар мен баз -лапастар саны 800 саулықтан аспайтын қойға шағындап салады. Кепенің көлемі қой қоздаған кезде қойқорада ұсталатын саулықтардың 25-30проценті сыятындай болуы керек.

Қора ұзынынан созылған тікбұрышқа ұқсатып салынады; жер кең болған кезде қораларды «Г» және «П» әріптеріне ұқсатып салуға рұқсат етіледі.

Қораға жарық екі жағындағы қабырғаның өнбойындағы терезелерден түсіп тұрады. Тек кепеге ғана от жағылады; Пештерге от арнаулы бөлмеден жағылады. Қораның ауаны тартып шығарып тұратын вентиляциясы болады. Қораның алдыңғы фасады жағынан қозыларды бойын жаздыратын ашық баз жасалады.

Қой қорасының ішіндегі жабдықтар
Тасқынды линия бойынша жабдықтардың саны (дана)
Қой қорасының ішіндегі жабдықтар:
Тасқынды линия бойынша жабдықтардың саны (дана): 1
2
3
Қой қорасының ішіндегі жабдықтар: Үш метрлік қалақндар
Тасқынды линия бойынша жабдықтардың саны (дана): 28
19
50
Қой қорасының ішіндегі жабдықтар: 2. 5 -метрлік қалқандар
Тасқынды линия бойынша жабдықтардың саны (дана): 26
-
Қой қорасының ішіндегі жабдықтар: 1 метрлік есік қалқандар
Тасқынды линия бойынша жабдықтардың саны (дана): 50
24-12
8
Қой қорасының ішіндегі жабдықтар: 1×1. 5 метрлік клетка - үйшік
Тасқынды линия бойынша жабдықтардың саны (дана): 100
-
Қой қорасының ішіндегі жабдықтар: 3 метрлік құрама оттықтар
Тасқынды линия бойынша жабдықтардың саны (дана): 96
-
-
Қой қорасының ішіндегі жабдықтар: Аспалы оттықтар
Тасқынды линия бойынша жабдықтардың саны (дана): 50
-
-
Қой қорасының ішіндегі жабдықтар: Ққозыларға арналған оттықтар
Тасқынды линия бойынша жабдықтардың саны (дана): 50
25
25
Қой қорасының ішіндегі жабдықтар: 2. 5 метрлік цистерналар
Тасқынды линия бойынша жабдықтардың саны (дана): 2
2
1
Қой қорасының ішіндегі жабдықтар: Автосуаттар
Тасқынды линия бойынша жабдықтардың саны (дана): 25
1
Қой қорасының ішіндегі жабдықтар: Су құбыры трубалары (м)
Тасқынды линия бойынша жабдықтардың саны (дана): 370
370
-
Қой қорасының ішіндегі жабдықтар: Резиналы шлангалар (м)
Тасқынды линия бойынша жабдықтардың саны (дана): 25
24-12
Қой қорасының ішіндегі жабдықтар: ЭС-3 типті жылу беретін шамдар
Тасқынды линия бойынша жабдықтардың саны (дана): 50
24-12
12
Қой қорасының ішіндегі жабдықтар: 100 вольтті жарық беретін шамдар
Тасқынды линия бойынша жабдықтардың саны (дана): 50
15
15
Қой қорасының ішіндегі жабдықтар: Ашық қоралар саны
Тасқынды линия бойынша жабдықтардың саны (дана): 50
12
6-8

600-700 саулығы бар отар қозы алу үшін қой қорасының мынадай ішкі жабдықтары болу керек

Қораны жабдықтау. Қой қоасының жабдықтары дегеніміз қораның ішіне де, сондай ақ сыртқа шығарып азықтандыратын алаңдарда да қондырылатын, қозыны күтуге адам еңбегін барынша аз жұмсап, малды қорада күтіп бағу әдісін қолдануға мүмкіндік беретін бір орында тұрақты орнатылатын технологиялық жабдық деп түсіну керек. Қой қорасының жабдықтарына оттықтар, оттық қақпалар, мөлшері мен типі әртүрлі және әр мақсатқа арналған бөлетін қалқандар, тағы басқа стандартты емес жабдықтар жатады. Қораның іші былайша жабдықталады: көлемді азықтар мен жем салынатын оттық, Қозы суарылатын астау, дербес және топтасқан торлар, станоктар құруға арналған алмалы салмалы қоршаулар болады. [2]

2. 2 Қозыларды күтіп-бағу технологиясын, күтуді, пайдалануды санитариялық-гигиеналық бағалау (микроклимат параметрлерін, желдетуді, жылу балансын жарықтандыруды, төсеніш материалдарын есептеу) және оларды жетілдіру шараларын белгілеу

Қозы қорасының микроклиматы.

Қозыларды бағып-күтудің тазалық шарттары бойынша мал қорасындағы барлық гигиеналық көрсеткіштерді үнемі бақылап-тексеріп отыру қажет. Ол үшін арнайы жабдықтар қолданылады. Қозыларға арналған қоралар микроклиматын тексерудің өзіндік ережелері бар. Барлық көрсеткіштер (температура, ылғалдылық т. б. ) он күнде бір рет 2-3 күн бойы зерттеледі. Оның үстіне бір тәулік ішінде 3 рет тексерілуі керек. Ол таңертең, түсте, кешке тек белгілі бір сағатта ғана тұрақты түрде жүргізіледі. Үш күнде бір рет түнгі сағат 2-де өлшеу қажет. Әрбір көрсеткіш кемінде 3-5 рет өлшеніп, жалпы көрсеткішінің орташа көрсеткіші шығарылады. Әрбір қорада осы көрсеткіштерді тексеретін нүктелердің саны қораның көлеміне байланысты белгіленеді. Олнүктелер қораның барлық жерін қамтуы керек. Әдетте әрбір өлшеу нүктесі қабырғадан бір метр аралықта болуы шарт. Бұл өлшеулер үш түрлі биіктікте жүргізіледі. Бірінші малдың жатқан кездегі биіктігі, екінші-тұрған кездегі тыныс деңгейі, үшінші-төбеден 0, 6 метр аралықта. Міне осы үш нүктенің барлық көрсеткіштерін қосып, орташа көрсеткішін шығарады. Сонымен қатар қора ауасының ішкі көрсеткіштерімен қатар (бір уақытта) сыртқы ауаның да физикалық көрсеткіштерін зерттейді. Ауаның температурасы максимальды және минимальді термометрлермен өлшенеді. Бұлардан басқа жұмыс істеуге өте қолайлы, көрсеткіштерді өз бетімен тұрақты түрде жазып отыратын құрал бар. Ол-термограф. Бұл құралдың артықшылығы тәулік бойы немесе бір жұма бойы қорадағы температураның ауытқуын арнайы қағазға жазып отырады. Ауаның ылғалдылығы гигрометрлермен, гигрографтармен, психометрлермен өлшенеді. Гигрометр ауаның салыстырмалы ылғалдылығын өлшеуге арналған. Бұл аспаптың негізгі тетігі майдан тазартылған шаш. Шаш ылғал молайған кезде оны өзіне сіңіріп ұзарады, ал керісінше азайып буланған кезде қысқарады. Міне адам шашының осы қасиеті ауаның салыстырмалы ылғалын өлшеуге қолданылады. Ал гигрограф өте қолайлы да тиімді құрал. Бұған да сол шаш пайдаланылады. Бұл аспап қораның ылғалдылығын тәулік бойы немесе бір апта бойы жазып тұрады. Психометрдің екі түрі бар. Оның біріншісі Ассман психометрі де, екіншісі Август психрометрі. Бұл аспаптардың жұмыс істеу негізі бірдей. Аспапқа екі түрлі термометр қондырылған. Оның бірі-құрғақ, екіншісі-дымқыл деп аталады. Дымқыл термометрдің төменгі бөлігі сыртынан жұқа бәтеспен оралған. Оның бір ұшы суға малынулы болғандықтан ылғал болып тұрады. Ауаның ылғалын есептеу үшін сол екі термометр көрсеткішінің айырмасын алып, арнайы кестенің көмегімен ауаның ылғал мөлшерін анықтауға болады. Ауа қозғалысының жылдамдығын өлшеу үшін кататермометрлер мен анемометрлер қолданылады. Біріншісімен қораның ішіндегі ауа жылдамдығын, ал анемометрмен желдеткіш жүйелерінен шыққан ауаның және сыртқы ауаның жылдамдығын өлшейді. Газды жан-жақты да өте қолайлы УГ-2 аппаратымен анықтауға болады. Аммиак газын анықтау үшін аппаратқа шыны түтікке нығыздалып салынған арнайы химиялық ұнтақты кигізіп, белгілі мөлшерде ауа сорғызады. Егер ауада аммиак газы болса ұнтақтың түсі өзгереді. Содан соң арнайы кестенің көмегімен газдың ауадағы мөлшерін анықтайды. [2]

C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\ovcharnja.jpg ( а )

C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\k410.JPG ( б )

( 2. 5 -сурет қой мен қозыларға арналған қора-жайлар )

Төсеніш салу . Мал қолға қараған кезде зоогигиеналық шарттарды ұқыпты орындау үшін төсеніш қолданудың аса зор маңызы бар. Малға арналған төсеніш қурғақ, таза, жумсақ және жылы болуға тиіс. Төсенішке түрлі сұйық заттар сіңеді, малдың денесінің зақымдануынан аман сақтайды, еденнің ойлы-қырлы жерін тегістеп, мал орнын жумсартады. Малға төсеніш салмаса, оның денсаулығына және өнімділігіне қолайсыз болады. Сиырдык төсенішін күнбе-күн алмастырып отырады. Қый үстінде жатуы оның жүнін ластайтындығын, денсаулығына зыянды әсер ететіндігін және жұқпалы, сондай-ақ глисті ауруларды таратуға көмектесетіндігін іске алып тұр.

Ағаш үгінділерін төсеніш ретінде қораларында қолдануға болады.

Бір бас малға күніне төсенішке мынадай мөлшерде сабан қолдануға болады: жылқыға 1, 6-2, 4 кг, сиыр малына 3 кг, бұзауға 1, 5 - 2, 5 кг, шошқаға 1 - 1, 5 кг. Шымтезек төсеніш үшін мынадай мөлшерде қолданылады: жылқыға 2, 5-3 кг, сиыр малына 3- 4 кг, шошқаға 1, 5 - 2, 5 кг. Бұлар төсеніш колданудың орта мөлшері. Бірнеше шаруашылықтар малға бұдан да мол төсеніш қолданады. Мысалы, Ресейде Ворошилов атындағы колхоздың фермасында сиырдың төсенішіне күніне 4 кг-нан сабан жұмсайды, бұның өзі колхоз егісі үшін көң қорын арттыруға мүмкіндік тудырады. Қиды мезгілінде жыйнаудың және ояы қый тәккіште дұрыс сақтаудың малдың денсаулығын сақтау үшін аса зор маңызы бар. Мұнымен қатар, қыйды дурыс сақтағанда оның тыңайтқыштық қасиеті сақталады, бұл егін шығымдығын арттыруға көмекші болады. Қиды дұрыс сақтағанда жұқпалы және глисті аурулардың тарау мүмкіншіліктері азаяды.

Қи төккішті жасағанда зоогигиеналық мынадай талаптарды дұрыс орындау қажет:

1) қи төккішті мал қораларынан кем дегенде 100 метр жерде жасау керек;

2) қи төккішті жасайтын орын үйлердің және мал қоралары жағынан соғатын желдің (үнемі) ық жағында болуы тиіс; мұнымен қатар, қый төккіштер мал қораларынан төменгі беткейде және жерінен су өтпейтіи учаскіде, жауыи және көктемгі сулар жайылмайтын, су алатын жерлерден аулак, болуы керек;

3) қи төккіштің айналасына ағаш отырғызады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арнайы мал бордақылау шаруашылықтары
Қошқарларға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
Қой төлдету технологиясы
Қой шаруашылығы және қой тұқымына сипаттама
Ауылшаруашылық малды азықта және мал азығына қойылаты санитариялық – гигиеналық талаптар
Торайлы аналықтар - торайлары бөлініп алынғанша
Мегежіндерге арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар
«Үйректерге арналған қора жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар»
Биелерге арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық- санитариялық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары жәнеоларды жақсарту шаралары тақырыбында жазылған
Тауық қораға арналған іргетас
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz