Қоян өсіруге арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық- санитариялық гигиеналық талаптар, қояндарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары



1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
2.Негізгі бөлім
2.0 Қоян өсіруге арналған қора.жайларға қойылатын гигиеналық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6 2.1. Қоян қораларының микроклиматы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7 2.2. Қояндардың тұқымдары. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9 2.3. Қоянды шағылыстыру және көжектендіру. ... ... ... ... ... ... ... ..12 2.4. Қояндарды бағу жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13 2.5. Қояндарды өсіру гигиенасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15 2.6. Қояндарды азықтандыру. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18 2.7. Қояндар аурулары мен олардың алдын алу шаралары ... ... ... .30
3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
4. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..42
Қоян шаруашылығы мал шаруашылығының бір саласы. Еті, терісі, түбіті үшін өсіріледі. Еті – диеталық тағам, терісі – бағалы шикізат ретінде, түбіті тоқыма өнеркәсібінде қолданылады. Қазақстанда үй қоянының шиншил, ақ алып, сұр алып, күміс түсті, қара-бурыл, веналық көгілдір, мардер, көбелек, рекс, калифорниялық, ангор мамықты, т.б. тұқымдары өсіріледі. Қояндар өсімтал келеді. Әдетте аналығы жылына төрт рет 6 – 12 көжек туады. Ал еті мен терісі үшін өсірілетін шаруашылықтарда ұрғашы қоян 20-ға жуық көжек туады, олардың бір тобынан 40 – 50 кг ет алынады. Ет үшін өсірілетін көжектер 2 – 2,5 айдан кейін салмағы 2 кг-ға жеткенде бөлек бағылады. Түбіт алу үшін өсірілетін шаруашылықтарда әрбір ірі қояннан жылына 350 – 500 г түбіт алынады. Қояндар әдетте таза ауада торша ішінде, қораларда және механикаландырылған қораларда өсіріледі. Үй қояндарын өсіруде торша ішінде ұстау жүйесі кең тараған, онда жерден биіктігі 0,5 м жылжымалы және жылжымайтын торшалар болады. Жеке торшалардың көлемі: ұзындығы 100 – 130 см, ені 60 – 70 см, алдыңғы жағының биіктігі 50 – 65 см, артқы жағы 35 – 45 см болады. Қояндар жасына, жынысына қарай бөлек ұсталады. Қоян өсіретін фермаларда бір мезгілде 1000 – 3000 аналық және 240 – 260 аталық қоян ұстауға болады. Мұндай фермаларда қыста орташа температура 14 – 16°С, ылғалдылық 60 – 75%, тор ішіне ауа жіберу жылдамдығы 0,3 м/с болуы керек. Қоян көжектер алдында кеудесіндегі және бауырындағы түбіттерін жұлып төсеніш жасайды. Аналығы көжектеген кезде торшада су мен жемі болмаса жаңа туған көжектерін жеп қояды. Көжектер 16 – 20 күнге дейін сүт ішеді, одан кейін өздігінен қоректенуге көшеді. Үлкен қояндарға және 3 айдан асқан көжектерге күніне екі рет, ал қалғандарына күніне үш рет белгілі бір уақытта шөп (капуста, қызылша, сәбіз, т.б. жапырақтары, көкөніс қалдықтары), шырынды жем (сүрлем, бақша өсімдіктері, картоп, капуста, сәбіз, т.б.) және құрама жем (майлы дақылдар тұқымдары), ірі дақылдар (пішен, шөп ұны, ағаш бұтақтары, т.б.), минералды, витаминді қоспалар (сүйек ұны, үшкальцийфосфат, ас тұзы, балық майы, т.б.) беріледі. Жазда әр түрлі шөптермен, қыста ірі дақылдармен және шырынды азықтармен қоректендіреді. Қояндар үшін ең тиімді дақыл – сұлы. Қояндардың күндізгі азық рационына минералды азықтар (0,5 – 1,5 г тұз, 1 – 2 г бор, 0,4 – 1,6 г фосфор) қосылады. Қыста және көктемде витаминдер беріледі. Күніне екі рет таза су беріледі, оның температурасы жазда 18 – 20°С, ал қыста 30 – 35°С болуы керек. Қоян өсіретін фермаларда ауру қояндарды оқшаулап ұстайтын бөлмелер болады. Қазіргі уақытта қоян өсірумен көбіне жеке шаруа қожалықтары айналысады. Қазақстанда шаруашылықтың барлық түрлерінде 105,2 мың қоян өсіріледі (2006).

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Ветеринария факультеті
Ветеринариялық-санитариялық сараптау және гигиена кафедрасы

Қоян өсіруге арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық- санитариялық гигиеналық талаптар, қояндарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
тақырыбында жазылған


Орындаған: Калимолдинова Асель ВМ-303 Тексерген: Мал дәрігерлік ғылымдарының докторы профессор Мырзабеков Ж.Б

АЛМАТЫ 2014 жыл

Жоспар
1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
2.Негізгі бөлім
2.0 Қоян өсіруге арналған қора-жайларға қойылатын гигиеналық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6 2 .1. Қоян қораларының микроклиматы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7 2.2. Қояндардың тұқымдары. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9 2.3. Қоянды шағылыстыру және көжектендіру. ... ... ... ... ... . ... ... .12 2.4. Қояндарды бағу жүйелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 3 2.5. Қояндарды өсіру гигиенасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .15 2.6 . Қояндарды азықтандыру. ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .18 2.7. Қояндар аурулары мен олардың алдын алу шаралары ... ... ... .30
3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40
4. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .42


Кіріспе
Қоян шаруашылығы мал шаруашылығының бір саласы. Еті, терісі, түбіті үшін өсіріледі. Еті - диеталық тағам, терісі - бағалы шикізат ретінде, түбіті тоқыма өнеркәсібінде қолданылады. Қазақстанда үй қоянының шиншил, ақ алып, сұр алып, күміс түсті, қара-бурыл, веналық көгілдір, мардер, көбелек, рекс, калифорниялық, ангор мамықты, т.б. тұқымдары өсіріледі. Қояндар өсімтал келеді. Әдетте аналығы жылына төрт рет 6 - 12 көжек туады. Ал еті мен терісі үшін өсірілетін шаруашылықтарда ұрғашы қоян 20-ға жуық көжек туады, олардың бір тобынан 40 - 50 кг ет алынады. Ет үшін өсірілетін көжектер 2 - 2,5 айдан кейін салмағы 2 кг-ға жеткенде бөлек бағылады. Түбіт алу үшін өсірілетін шаруашылықтарда әрбір ірі қояннан жылына 350 - 500 г түбіт алынады. Қояндар әдетте таза ауада торша ішінде, қораларда және механикаландырылған қораларда өсіріледі. Үй қояндарын өсіруде торша ішінде ұстау жүйесі кең тараған, онда жерден биіктігі 0,5 м жылжымалы және жылжымайтын торшалар болады. Жеке торшалардың көлемі: ұзындығы 100 - 130 см, ені 60 - 70 см, алдыңғы жағының биіктігі 50 - 65 см, артқы жағы 35 - 45 см болады. Қояндар жасына, жынысына қарай бөлек ұсталады. Қоян өсіретін фермаларда бір мезгілде 1000 - 3000 аналық және 240 - 260 аталық қоян ұстауға болады. Мұндай фермаларда қыста орташа температура 14 - 16°С, ылғалдылық 60 - 75%, тор ішіне ауа жіберу жылдамдығы 0,3 мс болуы керек. Қоян көжектер алдында кеудесіндегі және бауырындағы түбіттерін жұлып төсеніш жасайды. Аналығы көжектеген кезде торшада су мен жемі болмаса жаңа туған көжектерін жеп қояды. Көжектер 16 - 20 күнге дейін сүт ішеді, одан кейін өздігінен қоректенуге көшеді. Үлкен қояндарға және 3 айдан асқан көжектерге күніне екі рет, ал қалғандарына күніне үш рет белгілі бір уақытта шөп (капуста, қызылша, сәбіз, т.б. жапырақтары, көкөніс қалдықтары), шырынды жем (сүрлем, бақша өсімдіктері, картоп, капуста, сәбіз, т.б.) және құрама жем (майлы дақылдар тұқымдары), ірі дақылдар (пішен, шөп ұны, ағаш бұтақтары, т.б.), минералды, витаминді қоспалар (сүйек ұны, үшкальцийфосфат, ас тұзы, балық майы, т.б.) беріледі. Жазда әр түрлі шөптермен, қыста ірі дақылдармен және шырынды азықтармен қоректендіреді. Қояндар үшін ең тиімді дақыл - сұлы. Қояндардың күндізгі азық рационына минералды азықтар (0,5 - 1,5 г тұз, 1 - 2 г бор, 0,4 - 1,6 г фосфор) қосылады. Қыста және көктемде витаминдер беріледі. Күніне екі рет таза су беріледі, оның температурасы жазда 18 - 20°С, ал қыста 30 - 35°С болуы керек. Қоян өсіретін фермаларда ауру қояндарды оқшаулап ұстайтын бөлмелер болады. Қазіргі уақытта қоян өсірумен көбіне жеке шаруа қожалықтары айналысады. Қазақстанда шаруашылықтың барлық түрлерінде 105,2 мың қоян өсіріледі (2006).
Қояндар (лат. Leporidae) - сүтқоректілердің бір тұқымдасы, 8 туысқа бөлінетін 50 түрі бар. Бұлардың ішінде тез жүгіруге, ін қазуға, жүзуге, ағашқа өрмелеуге бейімделген түрлері кездеседі. Салмағы 0,1 - 4,5 кг, дене тұрқы 12 - 75 см, Мадагаскар аралы, Оңтүстік Американың оңтүстік аймағы, Антарктидадан басқа барлық жерде таралған. Шөп, ағаш қабығын, бүршігін, бұтағын жейді. Жылына 4 рет 2 - 8 (кейде 15) көжек туады. Тұрақты іні болмайды, көжегі жүндес, бірден жүріп кететіндей жетіліп туылады, бірнеше күннен кейін өзі қоректенеді. Үй қояны ғана ін қазады, топ-топ болып тіршілік етеді. Көжегі көзі ашылмай, өте дәрменсіз, қызылшақа болып туылады. Кәсіптік маңызы бар, әуестік үшін де ауланады. Қоянның кейбір түрлері жайылымға, жеміс бағына, жас орманға үлкен зақым келтіреді. Кейбіреулері індет таратады. Қазақстанда кездесетін 3 түрі (ақ қоян, құм қоян, ор қоян) бар. Ақ қоян, негізінен, қалың қар түсетін Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарындағы орманды далаларда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарындағы таулы аймақтарда көптеп, ал Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарында сирек кездеседі. Жыл бойы жайылым жағдайына, қардың түсуіне орай, жыртқыштардың азды-көптігіне қарай қоныстарын ауыстырып отырады. Дене тұрқы 68 см, салмағы 5 - 6 кг-дай болады. Жазда түсі сұрғылт қоңыр, қыста түгелдей аппақ болып түлейді. Ақ қоян еті, терісі мен түбіті үшін ауланады.

2.0 Қоян өсіруге арналған қора-жайларға қойылатын гигиеналық талаптар.
Көп жылдық тәжірбие және ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі үй қояндарын тек торларда ғана өсіруді немесе бағуды дұрыс деп тауып отыр. Торда бағу - үй қоянын өсіру жұмысын дұрыс жүргізуге, әрқайсысын бөлек азықтандыруға, шағылыстыру жұмысын қолайлы кезеңде жүргізуге,тұқым жақсартуға,оның нәтижелерін дер кезінде тіркеуге, жоғары сапалы өнімдерді мол алуға, сондай-ақ тиісті сақтық шараларды жүргізуді қамтамасыз етіп, ауырған үй қояндарын дер кезінде жеке бөлуге мүмкіндік туғызады. Қоян әсіресе, ауаның таза болуын қалайды, аммиактың шамадан тыс көп болуына төзе алмайды. Сондықтан олар үшін жасалынған торлар жақсы желдетіліп тұруы қажет. Қоян үшін жасалатын үйшіктер. Торлы үйшіктердің қандай түрі жасалынса да, олар белгілі бір талапқа сай болуы қажет. Әрі арзан, әрі ыңғайлы болғаны жөн. Үйшіктер қоянға жақсы пана ғана емес, сондай-ақ таза, жарық пен ауа мол болуы қажет.Тағы бір ойластыратын жағы, үйшік қояндардың еркін жүруіне кең болу керек, әсіресе ол көжектердің өсіп келе жатқан шағында қажетті шарт. Торлы үйшіктердің жерден биіктігі 80см жоғары болады, аулада, сарайдың қабырғасына жақын жерге немесе сарайдың ішінде қоюға болады.Торлы үйшіктердің ең қолайлы мөлшері : ұзындығы 120 см, ені 60-65 см, биіктігі- 70см . Қабырғаларының биіктігі әртүрлі болады. Әсіресе артұы және алдыңғы қабырғаларының биіктігі жаңбыр суы іркіліп қалмайтындай болуы керек: алдыңғы қабырғасының биіктігі 70-75см де, артқысы 40-45 см болуы шарт, сонымен бірге төбесін жапқан қақпағы алдынан 30см, артынан және жан- жағынан 15см-дей шығып тұрады. Үй қояндарын қолда ұстаудың бірнеше жолы бар:еркін ұстау және үйшікте ұстау. Осылардың ішінен жалпы қоян өсірушілерден қолдау тапқан жүйе үйшікте өсіру. Жыл бойына қоянды үйшіктерде ашық далада ұстау организмді шынықтырып қана қоймайды, сонымен бірге, олардың тұқымдық және өнімділік қасиеті жақсарады. Жүннің өсуіне қолайлы әсер етеді. Жеке шаруашылықта қоян өсірушілер әртүрлі әдістерді қолданады: көктемде, жазда және күзде үйшіктерді ашық далаға, ал қыста ересек қояндарды шағылыстырғанда, көжектегенде арнайы бөлмелерге орналастырады. Есейген еркектерін үйшіктерде жеке ұстайды. Ұрғашыларын тыныққан уақытында және көжектенгенге дейін 10күн бұрын үйшіктерде екі-екіден ұстап, содан кейін оларды бөліп жеке ұстайды. Жастарын 3 айға дейін ұяда тобымен ұстап, содан кейін еркегі мен ұрғашыларын бөліп, 2-4 тен үйшіктерге орналастырады. Қоян негізінде қорқақ хайуан, сондықтан олармен өте сақтықпен жұмыс істеу керек. Үйшіктерді құрғақ, суық желден сақтайтын жерлерде орналастыру қажет.

Қоян өсіруге арналған қора-жай

2.1 Қоян қораларының микроклиматы

Жабық қораларда қояндарды өсіру тұрақты әрі қолайлы микроклимат болуын талап етеді. Қолайлы микроклимат- дегеніміз әр жануардың жасына және физиологиялық жағдайына сай қолайлы температура, ылғалдылық, ауа құрамы және тағы басқа көрсеткіштердің болуы. Қорадағы ауа температурасының өзгеруі организмнің жылу мен зат алмасуының бұзылуына және әртүрлі аурулардың тууына әкеліп соғады. Қояндар өзін-өзі +14-16С аралығында жақсы сезінеді.Төменгі ауа температурасы қояндардың өсіп дамуын тежейді, азық көп жұмсалады.Оңтүстік аудандарда шілде- тамыз айларында ауа температурасы +30-35С көтерілгенде қоян қораларына ылғалдатқыштар және басқа қондырғылар орнату керек. Қоян қораларында ауа ылғалдылығы 60-75 пайыз аралығында болған жөн.Егер ауа ылғалдылығы 85 пайыздан жоғары болған жағдайда ол малдң жылу бөлу процесіне жалпы организмге теріс әсерін тигізеді. Ауа ылғалдылығы өте төмен болса малдан көп жылу бөлініп,терісі мен тыныс жолдарының кілегей қабықтары кеуіп,малдың инфекцияға қарсы төзімділігі төмендейді. Ауаның жоғары ылғалдылығы мен температурасы жылу бөлуді тежеп, организмнің қызуына әкеп соғады. Ауаның жоғары ылғалдылығы мен төменгі температурасы жылудың көп бөлінуіне, организмнің тоңуына және әртүрлі суықтан болатын ауруларға әкеп соғады. Қоян қораларындағы ауаның қозғалыс жылдамдығы жоғары болса торлардан және еденнен шаң көтеріліп жел болады.Бұл жағдайлар ринит, әртүрлі азықтан болатын ауруларға соқтыруы болуы мүмкін. Сондықтан жылдың суық мезгілінде қояндар күтіп- бағылатын қоралардың ішіндегі ауаның қозғалысы 0,05-0,25 мс отимальды болып табылады.Жазда ол белсенділеу болуы керек 0,5-0,7 мс, ал көктемде және күзде 0,3-0,5мс аспауы керек. Қоян қораларында жануарлардың тіршілігінің және зәр мен қидағы органикалық заттардың шіруі нәтижесінде аммиак, көмірқышқыл газы, күкіртті сутегі және тағы басқа заттар тез жиналады.Зиянды газдардың концентрациясы, соның ішінде аммиак мөлшері желдеткіш жүйесіне және торлық батареялардың конструкциясына еденнен биік және көп қабатты батареялар тығыз орналасса аммиакты жою қиынға соғады. Қоян қораларда ауаны таза ұстау үшін тиімді жұмыс жасайтын ауа кіретін және шығатын құбырлары бар желдеткіш орнатылуы керек. Қояндар көбінесе көп мөлшерде жиналған аммиактан зардап шегеді.Бұл кезде олардың дем алуы жиілеп, тыныс мүшелері арқылы ылғалдың бөлінуі азаяды, шартты зардапты микроорганизмдердің көбеюіне қолайлы жағдай туады да, нәтижесінде әртүрлі жұқпалы аурулар өршиді.Аммиак тыныс жолдарын тітіркендіріп инфекцияның дамуына жол ашады. NH3 шекті мөлшері- 10 мгм3, CO2 - 0,1пайыздан аспауы керек. Қоян қораның ішіндегі күндізгі жарықтың ұзақтығы 16-18 сағат шамасында, ал оның негізгі топ үшін интенсивтілігі 50-75лк, бордақыланатын жас қояндар үшін -25лк, дейін болуы қажет. Үй қояндары түнгі жануарлар, олардың негізгі белсінділігі түнгі және қараңғы уақытта артады. Алайда, түнгі уақытта олардың белсінділігін төмендететін және тынышсыздандыратын әртүрлі шу қатты әсер етеді.Олар үркіп-шошынады, тор ішінде қозып жүгіре бастайды, торлы еденді артқы аяқтарымен ұрғылайды. Бейтаныс шу, кенеттен таныс заттың пайда болуы да кері әсерән тигізуі мүмкін.Әсіресе, ұрғашы қояндар буаздық кезеңінде және одан кейін де сескенгіш келеді. Өндірістік шулар организмнің шартты рефлекторлы қызметін бәсеңдетеді, қояндардың денсаулығы мен өнімділігіне кері әсерін тигізеді.Мысалы, реактивті самолеттерден туындаған шудан қояндарда агалактия дамыған және қоян төлдері өлген.

Қоян қораларындағы қолайлы микроклимат көрсеткіштері

Микроклимат параметрлері
Барлық жастағы топтарға ұсынылатын параметрлер
Температура, С
14-16 10-20
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, пайыз

60-70 40-75
Ауа қозғалысы, мс
0,3

1 кг салмаққа ауаның алмасуы, м3 сағ

Қыста
3

Ауыспалы кезеңде
4,5

Жазда
6

Газдардың шекті мөлшері
10

Көмірқышқыл газы,пайыз
0,1

Аммиак, мгм3
10

2.2 Қояндардың тұқымдары.
ТМД-да пайдаланылатын қоян тұқымы: Вена көгілдір үй қояны (венский голубой), шиншилла, вена ақ қояны (венский белый), шамшань, бельгиялық үй қояны (фландр), белый великан үй ақ қояны, т.б. Қоян түстері әртүрлі болады: көгілдір, сұр, сұрғылт-қара, қара, күміс түсті, қара-қоңыр, қоңырлау, ақ. Қояндардың тірідеі салмағы 4,5-6,0 кг, дене ұзындығы 57 см, кеуде орамы 36 см. Ұрғашысы орта есеппен 7-8 көже туады, тәулігіне 20-23 кг салмақ қосады. Қоян тағы да басқа тұқымдары бар: советтік шиншилла, сұр үй қояны, сұрғылт-қара үй қояны, қара үй қояны, күміс түсті үй қояны, қара-қоңыр үй қояны, ақ қоян, совет мардері, түбітті ақ қоян, кировтің түбітті ақ қоян, орыстың ақ құлақ қояны.
Қазақстанда қоянның 3 түрі бар: ақ қоян, құм қоян және ор қоян.
АҚ ҚОЯНЫ - негізінен, қар қалың түсетін Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарындағы орманды далаларда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарындағы таулы аймақтарда көптеп жүреді де, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарында сирек кездеседі.Олар жыл бойы жайылым жағдайына, қардың түсуіне орай, жыртқыштардың азды-көптігіне қарай қоныстарын ауыстырып отырады. Дене тұрқы 68 сантиметр, салмағы 5-6 килограмдай болады. Жазда түсі сұрғылт қоңыр, қыста түгелдей аппақ болып түлейді. Ақ қоян еті, терісі мен түбіті үшін ауланады. Ақ қоян негізінен қалың қар түсетін орманды жерлерде тіршілік етеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарындағы орманды далаларда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарындағы таулы аймақтарда көптеп, ал Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарында сирек кездеседі. Басқа қояндардан ерекшелігі құлақ қалқанының ұшы қара, құйрығы дөңгеленген қысқа болады. Жылына, ақпан - маусым айларында 2 - 3 рет көбейеді, 3 - 10 көжек туады. Жазда шөптесін өсімдіктермен, бұталармен, ағаштармен қоректенеді, ал күз, қыс айларында ағаш бұталары мен қабықтарын кеміреді. Ақ қоян туляремия ауруын таратуы мүмкін. Ағаштардың қабығын кеміріп, орман шаруашылығына аздап зиянын тигізеді. Ақ қоян еті, терісі мен түбіті үшін ауланады.

Ақ қояны

ҚҰМ ҚОЯНЫ -- қояндардың ішіндегі ең кішісі. Дене тұрқы 38-53 сантиметр, салмағы 1,5-2,5 килограмм. Арқасы мен бүйірі қоңыр, сұр, ал бауыры ақ түсті. Қазақстанда бұл қояндар Арал Қарақұмы, Қызылқұм, Мойынқұмда және Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарындағы құмды жерлерді мекендейді.Олар қорегін іздеуге ымырт түскен кезде, түнде шығады. Ұйығуы қаңтар мен ақпанның аяғында басталады. Құм қояны -- өте өсімтал, жылына 3 рет көбейеді, әр туғанда 1-9 көжектен табады. -Қазақстанда мекендейтін үш қоянның ішіндегі ең кішкентайы.Қазақстанның оңтүстік бөлігінде биік тау белдеулеріне дейін көтеріледі, дегенмен шөл және шөлейтті аймақтарда кең таралған түрі. Ін қазбайды, күндіз демалысы үшін таяз сайларды пайдаланады.Құмқоян-қасқыр, түлкі, дала мысығы, ірі қанатты жыртқыштардың да негізі қорегі болып табылады. Қазақстанда жылына 85 мың құмқоян терісін даярлайтын болған.

Құм қояны

ОР ҚОЯН -- қоянтәрізіділер отрядының өкілі, бұл отрядқа қояннан басқа шақылдақтар жатады.Қоянның Қазақстанда үш түрі кездеседі. Орқоян - осылардың ішіндегі ең үлкені. Дене тұрқы 53-69 сантиметр, салмағы 3,5-5,8 килограмм. Артқы аяқтары алдыңғысына қарағанда екі есеге жуық ұзын. Түсі әр маусымда әр түрлі. Жазда және қысқа қарай құйрығында қара жолақ пайда болады.Ор қояндар Қазақстанның батысы мен солтүстігінде, әсіресе, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында көп таралған. Шөл, шөлейт далалы жерлерді мекендейді. Тіршілік әрекеті іңірде және түнге қарай басталады. Жылына 2, кейде 3 рет, 3-9 көжектен табады.Қояндар, әрине, сүйкімді жануарлар, бірақ кейбір түрлері көбейіп кетсе, жайылымға, жеміс бағына, жас орманға, бау-бақшаға зиян келтіретіндері де рас. Олар еті, терісі үшін ауланады. Отанымыздың Европалық бөлігінде, Кавказда, Қазақстанның солтүстігінде және Батыс Сибирьдің даласына тараған.
Бұлар ағашсыз далалы жерді мекендейді. Қысқа қарай олардың денесінің біраз жері ғана ағарады, ал Қырымда мүлде өзгермейді. Орта Азияның шөлінде ұсақ түрі құм қояндары кездеседі.
Қояндар өсімдіктердің вегетативтік органдарымен қоректенеді. Жазда шөппен, қыста -- ағаштың қабығымен, жіңішке бұтағымен қоректенеді. Үнемі осындай қатты заттармен қоректенетін болғандықтан олардңң азу тістері үздіксіз өседі және бүйені де өте ұзын болады. Қыстық қор жинамайды арнаулы ін қазық, ұя жасамайды. Олар бұтаның тасасына немесе қалың шөптін, арасына жатып дем алады, көбейеді. Осыған байланысты көжектерін ұзақ уақыт (50 күн шамасында) көтереді. Көжектерінің түгі жетілген, ширақ, туысымен анасына ілесіп жүріп кетеді. Қояндар жылына екі-үш рет балалайды. Жылдамдығы сағатына 70 шақырымға жетеді,қуғыннан қашқанда көбіне кілт бұрылыстар жасап, ирек-ирек жүгіреді.Орқоян 12 жылдай өмір сүреді.Негізгі жаулары-қасқыр мен түлкі, кейде дала қыраны мен бүркіт те қоян алады.Қазақстанда аңшылар жылына 3000-дай қоян аулайды.

Ор қояны

2.3 Қоянды шағылыстыру және көжектендіру.
Қояндарды жылдың кез-келген мезгілінде шағылыстыруға болады, оны ұрықтанғанын тексеру үшін, бес күннен кейін еркек қоянға қосады. Егер ұрықтанған болса, еркек қоянды маңайына жолатпайды. Ұрғашы қояннан орта есеппен тәулігіне 120 г сүт шығады, туғанда көжектердің салмағы 40-80 г болады; оларды енесінен 45-60 күндігінде айырады. Азықтандыру рационы басқа малдардың рационындай болады. Қоян еті барлық диеталық еттердің ішінде маңызды орын алады. Дәмді, тауық етіне жақын, тез қорытылады.Мысалы, адам организмінде қоян етіндегі белоктің 90%-ті қорытылып, сіңірілсе, сиыр етінің тек 62%-ті ғана сіңеді. Қоян етінің 1 кг-мында 1384-1820-ға дейін каллорияға дейін болады. Қоянның майы ақ, жұмсақ. Қоян, басқаларымен салыстырғанда, өте өсімтал мал. Сақа қоян 1 жылда 6-9 рет (30 күнде) көжектеп, 40-50 дейін көжек туады. Әр туғанда 6-9-14 - ке дейі көжек табады. Олар 4-5 айлығында шағылысады. Бір ұрғашы үй қоянынан жылына 60-70 ет алуға болады. Еті дәмді, балаға, қарт адамға және бауыры мен асқазаны ауыратын адамдарға пайдалы.Қояннан тері, түбіт алады. Терісі жеңіл, әдемі, жылы манто, жакет, ішік, жаға, құлақшын тігеді. Түбіттен әртүрлі тоқыма бұйымдар дайындайды. Бір ұрғашы төлдерімен қояннан жылына 1-1,5 кг түбіт алынады. 60 тәулікте, жақсы азықтандырса, салмағын 1 кг-ға дейін көтеруге болады.

2.4 Қояндарды бағу жүйелері

Қоянды бағу жүйесі жергілікті жердің климатына тікелей байланысты, себебі бұл жағдай қояндардың денсаулығына, өсімталдығына, ет және тері өніміне әсерін тигізеді. Кезде қояндарды бағудың үш жүйесін қолданады: сыртқы торлық, шедтік және микроклиматы қолдан жасалатын жабық қоралар. Сыртқы торлық жүйе. Бұл жүйеде қояндарды жыл бойы жылжымалы немесе тұрақты торларда ашық аспан астында күтіп бағады. Қояндарды сыртқы торда күтіп баққанда олардың әртүрлі ауруларға төзімділігі артады және тері сапасы жоғарлайды. Ересек қояндарды жеке торларда, ал жас төлдерді топ- тобымен торларда немесе қора алдындағы алаңда бағып күтуге болады. Қояндарды күтіп-бағу үшін жеке және топтық әртүрлі конструкциялы торлар қолданылады. Негізгі топты ұстауға арналған әр тордың ұзындығы 120 см, ені 70 см, биіктігі 60 см, ал арты 40 см. Торлар азықтық және ұялық - аналық болып бөлінеді. Аналық бөлімінің ені 40см, азықтық бөлімдігі 80 см. Торда екі есік бар: торлы және ағашты. Торлар азық салуға арналған астаушалармен жабдықталады. Негізгі қоян топтары үшін жеке торлардың екі түрі болуы мүмкін: тұрақты ұялы бөлімшесімен және алмалы- салмалы ұялы бөлімшесімен. Ұрғашы қояндарды туу және күтіп- бағу кезеңінде бір секциялы тор ішінде ұя қақпақты немесе қақпасыз болып орналастырылады. Тор ішіндегі еденді негізгі топпен асырайтын жас қояндар үшін тордан жасайды, оларды қатты ағаштан, пластмассадан немесе металдан жасайды. Торлардың көлемі өзгеріп тұруы мүмкін.Қояндар күтіп бағылатын қоралардың және торлардың технологиялық элементттерінің мөлшері және көлемдерінің нормалары күтіп- бағудың тәсіліне және қояндар топтарының жынысына, жасына байланысты болады. Шедтік жүйе. Шед (сарай)- бұл екі қатармен орналасқан бір немесе бірнеше қабаттан тұратын, жалпы ұзындығы ересек жануарлар үшін 50-65 м, жас төлдер үшін 58-85м болатын торлы блоктар жиынтығы. Қояндарды шедтік жүйемен бағудың үлкен маңызы бар. Шед- сарай - бұл тор блоктарының екі қатармен ыңғайлы орналасуы.Тор блоктарының арасындағы жол үстінен шифермен жабылған, ол блоктар қатарларын бір құрылымға біріктіреді. Торлар қатарларына параллельді құрылған бүйірлік қабырғалар суық кезде ағашпен, сабанмен жылытылады. Шед- сарайларда ұстау жануарларды бағуға ыңғайлы және қорада қолайлы жағдай туғызады.Шед- сарайларды температура - 300 С төмен түспейтін аймақтарда қолдануға болады.

Қояндарды жабық қорада бағу. Өндірістік технологиямен қояндарлы күтіп- бағу сыртқы торлық және шедтік жүйеден айырмашылығы көп. Өндірістік жүйемен қояндарды қора жағдайында ұстау 1-2-3 қабатты екі жағы металдан жасалған торлы батареялармен, автосуарғыштармен, қи жинайтын саймандармен, жасанды микроклимат жүйелерімен жабдықтауды талап етеді. Практикада тиімді қоян қоралары ретінде ені 12м, ұзындығы 70-100 м тіреусіз салынған қоралар пайдаланылады. Мұндай қоралардың едені тиімді пайдаланып, онда технологиялық қондырғылар ыңғайлы орналастырылады. Қоралардың едені бетоннан жасалады. Қояндарды бағуға арналған қоралар климаты суық аймақтарда өте қолайлы.Бұл жерде күтіп- бағудың аралас жүйесі қолданылады, оның барысында қатты аяз ауада болады. Ірі қоян өсіру кешендерінің құрамына қоян ұстау қораларынан, қоян өсіруші үйінен және қоймалардан басқа толық рационды азық дайындауға арналған азық цехы, тоңазытқышпен жабдықтылған сою цехы,өлексені өртеу пеші бар және изоляторы бар ветсан өткізгіш, теріні алғаш өңдейтін және сақтайтын цех,қазандық, резервті электростанция кіреді.Қоян қоралары мал бағатын адамдарға ыңғайлы болуы үшін қыста жылы, жазда салқын болу керек. Жабық қораларды қолданудың тиімділігі жарықтың, температураның, ауа ылғалдылығының және басқа микроклимат параметрлерінің жануарлардың физиологиялық талаптарына сәйкестігі. Типтік қоян қораларын көңнен күніне 1 рет тазалау керек, оны сыртқа ленталы-қырғыш транспортерлермен шығарады. Қиды жинау және шығару әдістері тор түріне, қоян басына және қора - жайдың түріне байланысты болады.Шағын фермаларда қиды ашылмалы құдықшалардың көмегімен қабырғаның төменгі жағы арқылы, ал шед сарайлардан механикаландырылған ысырғыштармен сыртқа шығарылады. Қоян қораның желдету жүйесі сыртқа таза ауаны төменге қарай бағыттайтын болып жасалады.Жазда терезені бір жағынан ашу арқлы қосымша таза ауаның келуін қамтамасыз етеді. Қысқы уақытта қоян қоралардың жылумен қамтамасыз етілуі жылу - алмасу жүйелерін қолдану арқылы іске асырады.



2.5 Қояндарды өсіру гигиенасы

Қояндарды жыныстық жетілу 4-5 айлығында басталады, бірақ бұл кезде қояндардың тірі салмағы 3,2-3,5кг арасында болуы шарт. Еркек жыныстық күшті біртіндеп түсіреді.Жас еркек қояндарға 5-6 ұрғашыларын бекітсе, ересек қояндарға 8-12 ұрғашы қояндар бекітіледі. Бір тәулік ішінде еркек қоянға 2 ұрғашы қоянды екі рет жабу үшін төрт отырудан асырмай тағайындайды.2-3 тәуліктен соң шағылыстырғаннан кейін еркек қоянға 1 тәуліктік демалыс береді.Еркек қояндардың туыстық көбеюін алдын алу үшін оларды 2-3 жылда ауыстырып тұрады. Сондықтан шағылыстыру кезеңінде еркек қояндарға арналған рационның құрамында белоктар, витаминдер және микроэлементтер көбейтіліп, ал клечатка және қояндарды семіртетін азықтар азайтылады.Арықтаған немесе семірген еркек қояндарды ұрықтандыруға жібермейді, себебі олардың жыныстық белсенділіктері төмен және шүйеттерінің сапасы нашар болады. Қояндардың күйлеу мерзімі 3-4 күнге созылып, келесі күйлеу 8-9 тәуліктен кейін қайталайды.Күйлеу кезінде ұрғашы қояндар тыпыршып, тордың ішінде олай-бұлай жүріп, төсіндегі мамығын жұлып, кейде азықтан да бас тартады. Ұрықтандрудың ең тиімді уақыты-көжектегеннен соң 1-2 тәуліктен кейін. Жаз айларында қояндарды таңертең және кешке, ал қыста күндіз шағылыстыру орынды. Қояндарда буаздықтың мерзімі 30күн.Олар көп төлді жануарлар. Сондықтан ұрғашы қоянның ұрпақ беруі орташа есеппен 6-12 көжекке жетеді.Қоян өсірушілер көбінесе жылына оларда 4-6 рет туғызып әр бастан 25-29 көжек өсіреді. Қояндардан өміршең, жақсы дамыған, төзімділігі жоғары көжек өсіру, іштастаудың алдын алу және олардың денсаулығын сақтау үшін буаз қояндарды сапалы азықпен қамтамасыз етіп оларды оптимальды жағдайда ұстау керек.Буаз қояндарды кездейсоқ у-шудан, қатты соққыдан үнемі сақтау керек.Себебі, олар жануарларды қатты қобалжытып тынышсыздандырады. Үркіту, қорқыту оларды жарақаттандыруға көп көңіл бөлу керек. Рацион құрамында кальцийдің жеткілікті болуын қадағалайды. Тууға 15 тәулік қалғанда торлар, жылжымалы аналық кәрезді және құрал-саймандар тазаланып дезинфекцияланады.Ал, көжектеуге 5-6 тәулік бұрын ұрғашы қоянның торына жылжымалы аналық кәрезсін қояды, оның ене бөлігіне құрғақ және жұмсақ төсеніш төсейді, 3-4 тәулік алдын- ала көжектеуге дейін ұрғашы қоян ұяны құрады, төсенішті тіспен басады, көкірек және құрсақ аумағындағы жүнді жұлып тастайды. Жаңадан туылған көжектер үшін аналық жәшікте мамықтан және құрғақ төсеніштен жасалған жылы ұяның болуы қажет, ал болмаса көжектер тор бойын аралап суықтап қалады және температуралық толықсудан өледі.Жақсы жабдықталған ұяда алғақы 2 күннің ішінде температураны 35-22С шамасында ұстау қажет.Төсеніші және мамығы азықтануынва және ұрғашы қоян мен көжектердің мазасыздануына әкеп соқтырады.Бірінші рет туған ұрғашы қояндардың ұяны жүйелейтін аналық сезімталдығы әлсіз болса,көжектер шығыны көбейеді.Ұрғашы қояндар өздерінің аналық сапалығымен ерекшелінеді,Олардың көбісі ұяны құрады, төсенішті басады, көжектерді жатқызады, үстінен мамықты жабады, ал бірнеше күннен кейін вентиляциялық тесікті жасайды. Бірақ олардың арасында көжектеріне дұрыс қарамайтын, мамықпен жаппайтын, көжектерін тор еденнің әр бұрыштарында жатқызатын ұрғашы қояндарда болады.Бұл жағдайда көжектегеннен кейін көжекке керекті жәрдем көрсету қажет.Ол үшін суықтап қалған көжектерді жылыту үшін қорап және мамық қоры болу керек.
Қорап фанерадан жасалған, оның қақапағында электрлі лампа болуы мүмкін.Лампаны көжектерге 38-40С шамасында температураны қамтамасыз ететіндей қылып орналастыру керек. Көжектерге жүнсіз және соқыр болып табылады.Олардың салмақтары ұрғашы қоянды азықтандыру деңгейіне және тұқымына байланысты.Көжектер тез өседі, егер олар туылғанда 40-90 г салмақ тартса, 6тәулікте олардың салмақтары екі есе өсіп, ал 1 айлық жасында олардың салмақтары 10 есеге дейін өседі. Бұл жағдай ұрғашы қояндардың сүтінің қоректілігіне байланысты болады. Мысалы, қоян сүтінің қоректілігі: ақзат- 1,5 пайыз, май-10 -20пайыз,минералды тұздар - 2,5 пайыз қант- 2 пайызды құрайды. Көжектенгеннен кейін ұрғашы қоян кіндікті тістеп үзеді, көжектерді жалайды, ұяға жатқызады да азықтандырады. Әдетте көжектеу біреудің көмегінсіз өтеді. Көжектеу қалыпты жағдайда 10-40 минут созылып, жеңіл өтеді.Ересек ұрғашы қояндардың астында 7-9 жақсы дамыған көжектерді қалдырады, жас қояндардың астына 5-6 көжек, ал қалғандарын аз көжекті қояндар астына салады. Жаңадан туылған көжектің тірі салмағы енесінің тірі салмағының 1 пайызы шамасында болады. Олардың жүндері 5 тәулікте өседі,ал көздері 14 тәуліктен кейін көре бастайды. Бұл кезде ұядағы жәшікті сыртқа шығарып, торларды жуып дезинфекциялайды.Ұрғашы қоянның сүттілі көжектердің өсіп- жетілуі үшін маңызды фактордың бірі болып табылады.Көжектерді енелері тәулігіне 1-6 рет емізеді және емізу түрде немесе таңертең жүргізіледі. Ұрғашы қоянның сүттілігіне бағып - күту жағдайлары, азықтандыру типі, олардың жасы, жыл мезгілі, көжектеу саны, оның тұқымы әсер етеді. Егер ұрғашы қоянда жеткілікті болса, онда көжек тез тынышталады, жақсы өседі, олар домалақ формалы болады.Егер ұрғашы қоянда сүт жеткіліксіз болған жағдайда, онда көжектер мазасыз, жүні сирек, терісі әжімді болады, даму жағынан артта қалып жиі өліп кетуі мүмкін. Алғашқы екі тәуліктікте аналық қоянды көжектерімен мазаламау қажет,бірақ ұрғашы қоян ұя құрмасқа көмектесу керек.Ол үшін ұрғашы қоянды сыртқа шығарып, қолды иісті шөппен немесе ұяның мамығымен сүртіп,сабанда ойыс жасап көжектерді жатқызады және үстін мамықпен жабады. Жарты сағаттан кейін ұрғашы қоянды кіргізеді. Кез- келген жағдайдда көжектеуден кейін 2 тәуліктен кем емес уақыт аралығында жаңадан туылған көжектердің бар-жоғын көру, шуды және өлі туғандарды алып тастау үшін тексереді. Ұядағы төсенішті 5-6 тәуліктен кейін ауыстырады.Аналық кәрезін тексеру кезінде ұя бөлімшесі ұрғашы қоянның кірмеуі үшін жабық тұруы қажет.Иісті сабынмен жуылған қолмен, әтірдің, спирттің, бензиннің иісі бар қолмен көжектерді ұстауға болмайды.Жаңа ұяға көжекпен бірге ескі ұяның мамығы түспеуін қадағалау керек.Бөтен исі бар көжектерді ұрғашы қоян лақтырып жіберуі мүмкін. Кейбір ұрғашы қояндар көжектенгеннен кейін өздерінің көжектерін жеп қояды. Оның себебі, қатты шөлдеу, дұрыс азықтандырмау, туудың қиын болмауы, маститтер немесе үрпідегі жарықтар, қатты жыныстық қозу, ұяда өлі көжектің болуы және тағы басқа.Бұл себептерді жойғаннан кейін аталған құбылыс байқалса ұрғашы қоянды алып тастайды. Жақсы жетілген көжектерді енесінен 1 айлық, ал әлсіз көжектерді 1,5 айлығында айырады. Жас қояндарды енесінен ажыратудың ең оптимальды кезеңі-45 күн. Ал, қояндарды жылына 5-6 рет тудыру үшін көжектерді 34-35 күндігінде ажырату керек.Ет өндіру бағыттағы кейбір қоян өсірушілер жас қояндарды 60-70 күндігіне дейін енесімен бірге ұстап, содан кейін бірден етке өткізіп жібереді.Етке жас қояндарды енесімен қалдырып, тор ішінде ұстайды еден көлемі 0.8м2 . Енесінен айырған көжектерді таза дезинфекцияланған торларда орналастырады: асыл тұқымды көжектерді 3-4 бастан, әр басқа 0,17 м; басқа мал тұқымын 10-12 бастан, әр басқа- 0,12м2 орын болу керек.Үш айға толған асыл тұқымды төлдерді тағы да бөлектейді:еркек төлдерді бір-бірден, ұрғашы төлдерді екі-екіден бір торға орналастырады. Көптеген ұяларда өспей қалған көжектер кездеседі.Оларды бірден бөлек торларға салып, етке өткізу үшін өсіреді.Өспей қалған көжектер ауруларға шалдыққыш келеді, егер оларды дер кезінде қоян тобынан бөліп алсмаса, ауруды барлық қояндарға жұқтыруы мүмкін. Көжектерді айырғаннан кейін өсіру технологиясы бойынша оларды семіздігіне, тірі салмағына, жынысына, жасына байланысты топқа бөлуді ұйымдасырады.3 айлық жасында қояндарды ұрғашы және еркек қояндардың бір тор ішінде болмауын тексеріп қадағалайды. Қояндарды топтық күтіп-бағу кезінде олар жиі төбелеседі, сондықтан олардың терісінде көптеген жаралар болады.Сондықтан біртекті топтарды жүйелеу қажет.Ұяны ауыстыру кезінде ол араластырусыз өтуі керек.Керекті жағдайда саны аз ұяларға 1-2 қояннан қосып отыруға болады, әр торда 6-7 бас қоян өсірілуі қажет. Бұл мүмкін емес болса, онда ұялардың араластыруын бәріне бейтаныс торда жасау қажет, сонда барлық қояндар өздерін бөтен сезініп, төбелес саны азаяды. Көжектерді енесінен ажыратуға кейбір факторлардың өзгеруін болдырмау қажет.Мысалы, айыру және азық құрамының өзгеруі бір мезетте болуы.Аналық сүттің артық қалуының өзі үлкен стресс екенін ескеру қажет.Енесінен ажыратылған жас қояндарды алғашқы күндері енесімен бірге тұрғандағы азықтарды береді.Жаңа азықтарға бірте-бірте үйретеді. 60-90 күндік қояндар жақсы өседі.Осы кезеңде қояндардың орташа тәуліктік өсімі 25-35г болады.120 күндік жастан асқан қояндардың өсу интенсивтілігі төмендейді және орташа тәуліктік өсуі 10-12 г төмендейді, сондықтан 100-120 күндік қояндарды етке өткізу тиімді болып саналады.

2.6 Қояндарды азықтандыру.
Үй қояны жылдам жетілгіш, өсімтал түлік. Жақсы жетілген ұрғашы қоянды бес айлығында ұрықтандырып, 28-32 тәуліктен кейін 8-10 көжек туғызады. Оларды енесінен 1-1,5 айлығында ажыратып, жылына 5-6 рет көжектеген қоянның 30-40 көжегін өсіргенде 60-70 кг дәмді ет, бағалы тері өндіруге болады. Олардан құс еті тәрізді диеталық қасиеті жоғары, белокты, майсыз, жеңіл қорытылатын ет өндіріледі. Қоян еті, әсіресе, гипертониялық ауруларға, асқазаны мен бауыры ауратындарға аса пайдалы да шипалы тағам. Қоян азықтандыру деңгейінің жекіліктілігін берілген азықтың толық желінуі мен қоянның өсіп-жетілуі, көніл-күйі мен өнімділігіне қарап қадағалайды. Азықтандыру тиімділігінің нақты көрсеткіші болып шығындалған азық бірлігіне, яғни азық өлшеміне, өндірілген өнім мөлшері табылады. Бұл шығын көп болып, өндірілген өніммен өтелмесе, оның себебін анықтап, азықтандыру құрылымына қажетті өзгертулер енгізу қажет. Ол өзгертулерді сақа қоянның тірілей салмағы, физиологиялық ахуалы мен өнімділігіне байланысты өзгеретін қоректік мұқтаждығына сәйкестендіру жеткілікті болса, жылдам өсетін көжек азығын әр декадада (10 күнде) қайта қарап, жаңартып отырады. Қоянның ас қорытуы біршама ерекше. Олардың тістері өткір, қарын сөлінің қышқылдығы жоғары келеді. қоян өсімдік жегенімен күйісті мал секілді ірі жемшөп клетчаткасын жақсы қорыта алмайды. Бірақ олар күйісті малмен салыстырғанда клетчатканы 15-25% кем қорытады. Дегенмен қоянның клетчатка қорытуына және күйісті мал месқарнындағыдай аминқышқылдары мен К, В12 және осы топтағы бірқатар витаминдер түзілуіне копрофагия деп аталатын өзінің түнгі жұмсақ құмалағын жеуді ықпал етеді. Сырты кілегейленіп бітелген құмалақ ішінде бактериялар дамуына қолайлы жағдай сақталатындықтан, копрофагия арқылы қоянның ас қорыту жолындағы микробиологиялық үрдіс мерзімі ұзартылып, ас қорытуына өзінің оң ықпалын тигізеді. Оны мынадан байқауға болады. Қоянның ас қорыту жолындағы негізгі микробиологиялық өзгерістер орын алатын, желінген азық химусы ашытылып, целлюлоза ыдырататын бактериялар белсенділігін көрсететін көлемі қарынның аумағындай немесе тіпті одан 1,5 есе аумақты болып келетін соқыр ішегін кесіп тастағанда, химус клетчаткасының қорытылуы 26,6% - дан 14,6% -ға төмендеп кеткен. Азық клетчаткасынан көрі қоян көмірсулары мен протеинін жоғары қорытады. Сондықтан олардың азығына пішенге қоса картоп, тамыр жемістілер, дән, кебек, күнжара қосқан жөн. Жазда көк азықтан жоңышқа, беде, сиыр жоңышқа-сұлы көгін, азықтық капуста жегізеді. Жегізген азықтың биологиялық құндылығын жоғарылату үшін ет ұнын, балық ұнын, қан ұнын, ал көжектерге сиыр суті мен көк сүт береді. Олардың азығына асханалық көкөніс қалдықтарын да жұмсауға болады.
Қоян организмінің энергиялық және қоректік қажеттілігі сұлылық не энергиялық азық өлшемі және алмасу энергиясымен (ккал, кДж не МДж) белгіленеді. Қоян мұқтаждығы мен оның азығының қоректік куаттылығын есептегенде 1 ккал 4,187 Дж немесе 1 Дж 0,239 ккал тең екені ескеріледі. Әдетте, іс жүзінде олардың килоджоуль (кДж), килокалория (ккал) секілді мың есе не тіпті мега джоуль (МДж) секілді миллион есе көбейтілген мөлшері қолданылады. 1 энергиялық азық өлшемі ретінде - 10 МДж немесе 2390 ккал қуаттылығы алынады. Организмнің энергиялық және қоректік мұқтаждығы қоян азығының қоректік құрамымен қамтамасыз етіледі. Әр түрлі ылғалдылықтағы азық құрғақ затының қоректік құндылығын (Ү, МДжкг) қорытылу коэффициенті арқылы Ю. Калугин (1985) ұсынған регрессиялық теңеумен есептеуге болады:
y = 0,588 + 0,164 К, r + 0,6979
Мысалы, азық құрғақ затының қорытылу коэффициенті - 57,4 г болса осы теңеумен есептелген оның энергиялық қуаттылығы - 12 МДж шығады. Демек, желінген азық құрғақ затының 1 г жоғарылауы оның энергия қуаттылығын 0,164 МДж көтереді, ал түйіршік жжем құрғақ затының 1г жоғарылауы оның энергия қуаттылығын 1 кг арттырады.
Қысыр қоян азығының 1 кг-да - 1,14-1,21 а.ө., 17-18 шикі протеин болуы жеткілікті болса, буаз қоян азығының 1 кг-да тиісінше, 1,28-1,33 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоян үшін жасалатын үйшіктер
Мал коралары ауасының микрофлорасы
Көжек азықтандыру нормасы
Бұзауларға арналған қора – жайларға қойылатын ветеринариялық – санитарлық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
Қабандар (шошқа)
Күркетауық балапандар
«Үйректерге арналған қора жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар»
Балапандарға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, балапандарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары тақырыбында жазылған
Торайлы аналықтар - торайлары бөлініп алынғанша
Күркетауықтарға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
Пәндер