Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды қолданудың теориялық мәселелері


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды қолданудың теориялық мәселелері.
1. 1 Дидактикалық ойындардың психологиялық-педагогикалық негіздері . . . 8
1. 2 Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындардың түрлері мен маңызы . . . 24
2. Қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі.
2. 1 Дидактикалық ойындарды пайдаланудың ерекшеліктері мен формалары. …43
2. 2 2-сыныптың қазақ тілі пәнінің білім мазмұнын игеруде дидактикалық ойындарды қолдану әдістері. . 55
2. 3 Педагогикалық іс-тәжірибелер, сабақ жоспарының үлгілері……69
Қорытынды 78
Пайдаланылған әдебиеттер 80
Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі: Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қазіргі даму кезеңіндегі қоғамның дамуы, ұлттық тәрбиенің жоғарлауы арасында байланыс айқындала түсуде. Оқушылардың белсенділігін арттыру жолында олардың пәнге қызығуын, ізденімпаздыққа тәрбиелеу мектептің міндеті.
Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесіндегі стратегилық мақсатында- «мемлекеттік, әлеуметтік және кәсіптік проблемаларын өз бетінше тұжырымдай отырып, іс жүзінде шеше алатын, жоғары білімді, бәсекеге түсе алатын, тұлға қалыптастыруға жағдай жасау делінген [1] .
Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы пікірлер айтылып зерттеліп жүрген еңбектер өте көп. Ал ертедегі ұлы ойшылдар Ж. Ж Руссо [2] мен И. Г. Песталоции [3] ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. Ойынның теориясы мен маңыздылығы туралы К. Д. Ушинский [4] мен П. Ф. Лесгафт, тәрбиеде және оқыту барысында ойынның алатын орны ерекше екендігі туралы В. А. Сухомлинский [5], С. П. Шацкий [6] және Н. К. Крупская [7] өз пікірлерін білдірген. Педагогикалық үрдісті жетілдіруде ойынның алар орны жөнінде Қазақстандық ғалым Н. Құлжанова да зерттеген.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономикалық қажеттіліктерімен тығыз байланысты білім беру және технологияларды жетілдіру болып табылады деп атап көрсетілгендей, қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе: әлеуметтік-педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді болып қалыптасуына негіз қалау [8] .
Мұғалім өмір бойы оқуы керек, ол оқуын, білім алуын тоқтатқан сәттен бастап, оның бойында мұғалімдік те жойылады. Ойын бала үшін еліктеу, инстинкт күнделікті негізгі іс-әрекет және өмірі деп дәлелденген. Н. Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатқа пайдалану-болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің талаптарына сай бейімдеу деп түсіндірген [9] .
Себебі, ойын-оқу еңбек іс-әркеттері мен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Ойын баланың барлық қабілеттерінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңейуіне көмектеседі. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, олардың мінез-құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған. Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психалогиялық, анатомиялық- физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әр бір адам ойнап өседі, ойынды көп онаған адамның дүние танымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Ал кей балалар ойында шынайы өмірде бейнелесе, кей балалар ішкі сезімін білдіреді. Ойының дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін қызықты ойынның түрлері көп. Мысалы: қазақ халқының ұлттық ойындары, бұл ойынның алғашқы танымы десек артық болмас.
Әр заманның өзіне тән экономикалық, саяси әлеуметтік және идеалогиялық ерекшеліктері болатыны айқын. Сол сияқты, бүгінгі күннің ұрпақ тәрбиесіне деген өз талабы, өз ерекшелігі бар.
Ойын әрекетінің философиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан қарастырған К. Гросс, Г. Спенсер, И. Хейзинга, И. Кант, Г. Гегель, В. Вундт, Ф. Шиллер, Г. Бюллер, В. Фригер, Р. Ван Дер Коэй, Г. Мэйес, В. Демин, Н. Каган, К. Юсупов т. б. ғалымдар ойын теориясын қалыптасуы мен дамуын ойын іс-әрекетінің әлеуметтік жақтарын айқындап, оны бала қабілетімен оң әсер ететінін анықтаған. Грек ойшылдары Гераклит ойынды «Шексіз әлемге» теңесе, Платон өзінің «Мемлекет» еңбегінде жас өскінге өмірлік, қажетті іс-әрекеттерді үйретуші құралға, өмірге, трагедияға, сезімге, жалпы ғарыштық әлемге теңеген. Ұлы ақынымыз Абай: «Асыр салып ойнамай, өсер бала болар ма?», - деп бала үшін ойынның маңыздылығын айтып өткен [10] .
Ойын - оқытуда жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады. «Ойын» ұғымына түсініктеме берсек - бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізінде іс-әрекеттің бір түрі.
Ойын - айналадағы дүниені тану тәсілі. Ұлы педагог Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармасыз, ойсыз толық мәндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды. » - деп санайды [5] .
Ойын дегеніміз - жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған балалардың ұжымын ұйымдастыруға сабаққа деген белсенділігін арттыруға ойынды тәрбие құралы деп қарауға болады. Бала мектепке дейінгі жасында түрлі ойындармен ойнап үлгерген. Сондықтан да ол мектепте де ойнауға бейім тұрады. Бастауыш сынып мұғалімдерінің сабақ барысында ойын технологияларын әлі де болса аз қолдануы, қазақ тілі сабақтарында оқушылардың оқу белсенділіктерін дамытуға бағытталған ғылыми-әдістемелік материалдардың жетіспеуі мен қазіргі кезеңде бастауыш мектепке қойылып отырған мемлекеттік талаптар арасындағы қарама-қайшылықтарды шешу үшін біз дипломдық жұмыстың тақырыбын «Қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі» деп алдық.
Қазіргі үздіксіз тасқындаған ақпарат тасқынынан оқушыларды ұлттық сана сезімде, төл халқының өзіндік әдет-ғұрпын, мәдениеті мен әдебиетін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелейтін деректерді оқыту үрдісіне енгізу әрбір қазақ тілі мұғалімінің міндеті болуы шарт. Өйткені қазақ тілі сабақтарында оқушыларды дидактикалық ойындар арқылы халық педагогикасының алтын қазынасымен, кәусар бұлағымен сусындатуға болады.
Сондықтан қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы меңгерту барысында шәкірттердің санасына ұлттық рухты сіңіру, өз халқының өткеніне мақтанышпен қарау сезімдерін ояту керек. Бұл оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерінің жетілуіне негіз бола алады.
Оқушылардың рухани дүниесін ізгілендіруде, рухани жағынан дамытуда дидактикалық ойындарды кеңінен қолдану мол мүмкіндік береді. Себебі, дидактикалық ойындарды ойнау барысында оқушылар өздерін еркін сезінеді, өз ойларын қысылып қымтырылмай жеткізеді. Мұның өзі оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерінің дамуына, рухани жан дүниесінің толысып жетілуіне зор ықпал етеді.
Демек, қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды тиімді қолдана білсек, оқушылардың рухани дүниесін ізгілендіруде, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға жол ашамыз. Ал, ойындар кезінде оқушылар өздерін еркін сезініп, ұжымды сыйлауға, өз ой пікірін дәлелдеуге үйренеді.
Ұлттық педагогика негіздерімен оқушыларды оқыту арқылы олардың өз халқын сыйлауға, туған тілін құрметтеуге үйренеді. Бұл оқушылар бойына бір-бірімен қарым-қатынас кезінде өзара кішіпейілділікпен қарауды, әдеп сақтауды, сыпайы сыйласуды қалыптастырады және соның нәтижесінде балалардың тіл мәдениеті жетіледі.
Бұл қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы меңгертудің басты педагогикалық талаптары ғана. Ал оны жүзеге асыру үшін мұғалім әдістемелік жағынан шебер қазақ тілінің тілдік құрылысын жете меңгерген, әдеби тілде өз ойын анық, түсінікті жеткізе алатын болмағы ләзім.
Бүгінгі танда ҚР-ң қоғамдық өмірінде жүріп жатқан демократиялық өзгерістерге байланысты белгілі әлеуметтік шарттарды ескере отырып, білім беру жүйесіне қойылып отырған талаптар күшеюде.
Сол талаптардың бірі-бастауыш сыныптарда пәндерді оқыту барысында дидактикалық ойындарды қолдану, оның алатын орны.
Білім-дүниетанудың кәусар бұлағы өйткені, дүниетануды бастауыш сыныпта оқытудың барысында дидактикалық ойындар арқылы да қалыптастыруға болады.
Оқушылардың танымдық әрекеттерінің түрлерін бірқатар
психологтар мен педагогтардың еңбектерінде МА. Данилов [11],
И. Я. Лернер [12], Л. В. Занков [13], М. М. Махмудов [14], А. Н. Леонтьев [15], П. Я. Гальперин [16] дидактикалық ойынның бала өміріндегі маңыздарын атап өтті.
Оқушылардың дидактикалық ойын әрекетін арттыруда проблемалық оқытудың атқаратын ролінің ерекше екендігін оны ұйымдастыру әдістері окушылардың ойлау процесі мен ізденушілік әрекетінің дамуына елеулі әсерін тигізетініне қазақтың белгілі дидактиктері И. Нұғыманов, Т. Сабыров [17] т. б. өз еңбектерінде дәлелдеген.
Бастауыш сыныпта жас өспірім окушылардың оқуға деген ынтасын жетілдірудегі ойлау қабілеттерін, арттыруда дидактикалық ойындардың ролі зор.
Қазіргі заман ағымына орай балаларға қазақ тілі сабағында экономикалық, эстетикалық, білім берумен дидактикалық ойындарды байланыстыру мұғалімнің негізгі міндеті болып отыр.
Сондықтан бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқуға қабілетін, талғамын, іскерлігін арттыру мақсатымен дидактикалық ойындар негізгі рөл атқаруда.
Дидактикадық ойындар - оқушылардың танымдық қызығушылығын өрістетудегі маңызды бұлақ болып табылады.
Бұл мәселенің мектеп өмірінде маңыздылығын, қажеттілігін А. В. Усова, [18], Ж. Аймауытов [19], М. Жұмабаев [20], А. Байтұрсынов [21], Т. Сабыров [17], Ж. Қоянбаевтар [22] өз еңбектерінде ерекше мән берді.
Ойын арқылы баланың көзқарасы болашаққа деген түсінігі қалыптасады. Дидактикалық ойын оқушының ой-өрісін, қиял, сезімін дамытып, сөйлеу тілінің жетілуін қалыптастырады.
Ойын - адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Ойын - бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ойынның ережелерін оқушылар сақтай отырып, ойнаушылар арасындағы қиынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен саналуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен саналып, бір-біріне деген сенімдерін арттырады. Ұлы Абай айтқандай «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» демекші, сол пікір бала өмірінде ойынның маңыздылығын шешуге көп әсерін береді.
Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те. Сабақ барысында ойын түрлерін дидактикалық материал ретінде пайдалануда маңызы зор. Ойын арқылы нашар оқушылардың өздері де ойынға араласып, сабаққа ынтасы артады. Тіл дамуына ойын үлкен әсер етеді. Ойын баланың психикасына әсер етіп, сапалы өзгерістер тудырады. Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті болады. Ойынның түрлерін балалардың жас ерекшеліктеріне, сабақтың мазмұны мен тақырыбына сай таңдап алған дұрыс. Әр сабаққа ойын түрлерін орнымен қолдану арқылы оқушылардың оқуға ынтасын, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыруға болады.
Ойын - балардың достық сезімін оятып, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Ойын арқылы баланы жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады.
Бастауыш. сынып оқушыларын оқыту процесінде тәрбиелеу үшін олардың ойынына дұрыс көзқарас, басшылық жасау қажет.
Осыдан бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнін оқыту процесінде дидактикалық ойындарды пайдалану жолдарын қарастыру қажеттілігі туындап, оны пайдалану жолдары көзделуде.
Тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қоғамның жас ұрпақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі терең сезіліп отырған бүгінгі таңда оқу тәрбие процесінің тиімділігін арттыру бағытында барлық мүмкіндіктер мен ресурстарды пайдалануды көздейді. Дегенмен, оқу-тәрбие процесінде барлық ресурстар толық қолданыс таппай келеді. Тәрбиенің осындай сирек қолданатын құралдарының бірі - ойын.
Сондықган тақырыптың өзектілігі, қажеттілігі жұмыстың зерттеу мақсаты мен міндеттерін айқындайды.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш мектептің 2-сыныбында қазақ тілі сабақтарыңда дидактикалық ойындарды пайдаланудың әдістерін, ерекшеліктерін анықгау.
Зерттеудің міңдеттері:
1. Бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілі пәнін оқытуда дидакгикалық ойындарды қолданудағы оқытудың ғылыми-әдістемелік, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді талдау, мазмұнын, мәнін ашу.
2. Қазақ тілі пәнінің білім мазмұнын игеруде дидактикалық ойындарды қолдану әдістерін анықтау.
Зерттеу объектісі: 2-сынып қазақ тілі пәні сабақтарындағы дидактикалық ойындар
Зерттеу пәні: Қазақ тілі пәні, 2-сынып
Зерттеу әдістері: Теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттер мен жаңашыл педагогтардың тәжірибелері және баспасөзде жарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау әдісін қолдану, дидактикалық ойын түрлерін ұсынып, оның нәтижесін көрсету т. б.
Дипломдық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытыңды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
1. Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды қолданудың теориялық мәселелері.
1. 1 Дидактикалық ойындардың психологиялық-педагогикалық негіздері
Жастардың болашаққа деген бағыт бағдары отбасында, мектеп қабырғасында, жалпы еңбек, қоғамдық деңгейде алсақ, бүкіл қоршаған дүниенің әр саласының көзқарасқа тигізетін әсері, беретін білімі, тәрбиеге ықпалы әртүрлі. Мемлекетіміз осының бәрін ескеріп білім беру жүйесін дамытуға, оның дүниежүзілік деңгейге көтерілуіне аса мән беруде. Білім беру, тәрбиелеу және балалардың ой-өрісі қабілетінің дамуы бұл сабақтың алға қояр мақсаты болып табылады.
Өмір сүру үшін білімді меңгерудің маңызды екендігі жайлы ғұлама бабаларымыз Әл-Фараби, Қ. А. Ясауи [23], М. Х. Дулати [24], Ж. Баласағұн [25] тамаша өсиеттер қалдырған.
Бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті - оқу, қарым-қатынас ойын және еңбек болса, бұлардың әрқайсысы негізгі функцияларды атқарып, баланы дамытады.
Ойын туралы көптеген теориялар бар. Солардың бірін алғаш рет жасаған Ф. Врубель. Ол «Ойын арқылы бала өзін-өзі көрсеткісі келеді», - дейді.
Біздің эрамызға дейін IV ғасырда өмір сүрген грек философы Гепокрит ойынды мәңгілікке теңеген. Оның пікірінше, ойын «Мәңгілік - шахмат ойнап отырған бала». Келесі грек ойшылы Платон ойын теориясын қалыптастырушы ретінде назарға алынады. Оның пікірінше, ойын - жоғары ақыл, рахаттану, қызық және теңдесі жоқ жоғары құбылыс. Бұған философтар И. Кант және Ф. Шиллердің пікірлері сабақтас. Сондықтан екеуінің пікірінше, «человек играет только тогда, когда он полном значении слова человек, и он бывает вполне человеком лишь тогда, когда играет». Бірақ Ф. Шиллер пікірімен келіспейтін тұстары да бар. Ф. Шиллер адамның ойлауына ешқандай сыртқы дүние әсер етпейді, ол өзіндегі артық күштен арылу үшін ойнайды деп есептейді және адамдар арасындағы ойынды жануарлар ойынымен тең қояды. Мұндай пікірге ағылшын ғалымы Г. Спенсер де қосылады. Ойын теориясын зерттеген Н. Хейзенге «ойын іс-әрекетін адамның рухани энергия алу үшін керек», - дейді. Осы энергия негізінде адам мәдени тұрғыдан дамиды және өседі деген пікірде кеңес одағы философтары М. В. Делин, Д. И. Узнадзе т. б. ойын адамның өзіндік іс-әрекеті дей келе, оны еңбекпен байланыстырады [10] .
М. Лазарус «Жұмыстан кейін демалу» теориясын, Г. Спенсер «Денедегі артық энергияны шығару», К. Круз «Тіршілік үшін күреске әзірлеу» ойындарының, С. Л. Рубинштейн «Еңбекке дайындайтын ойындар» теориясын жасады [17] .
Психология тұрғысынан ойынды зерттеуге Л. С. Выготский [17], С. Л. Рубинштейн [17], Д. Б. Эльконин [17], Б. Г. Ананьев[17], А. Н. Леонтьев [17], секілді ғалымдар ат салысты. С. Л. Рубинштейннің пікірінше «Ойын негізінде адамның барлық психикалық қабілеттері қалыптасады. Баланы ересек өмірге дайындайды». К. Г. Исулов ойынды адам санасының қоршаған ортамен араласуындағы эвристикалық іс-әрекеті деп қарастырады. Психологтар ойынның мынадай тізбесін дәлелдеген:
Қажеттілік мотив мақсат ойын іс-әрекет нәтиже
Демек, психологиялық тұрғыдан ойын:
А) . Әлеуметтік тұрғыдан ойлауды қалыптастыру;
Ә) . Танымдық мотивтің дамуына әкеледі;
Б) . Іс-әрекеттің бір түрі ретінде оқу және еңбекпен қатар тұрады;
В) . Логикалық ойлаудан эвристикалық ойлауға үйретеді.
Еңбек, ойын және оқу ерте кезден-ақ адам тіршілігінің негізгі үш тірегі болып есептелінген. Ол балалар үшін кәмелетке келгенше жүріп өтетін өмір сатысы. Ойын технологиясы балалардың айналасын тану қызметіндегі белсенділігі мен шығармашылығының қалыптасуына жолды кең ашатын табиғи құбылыс. Атақты педагогтар В. А. Сухомлинский [17], Н. К. Крупская [17], К. Д. Ушинский [17] ойынның балалардың ой-өрісін дамытуда, дүниетанымын қалыптастыруда практикалық маңызы зор екенін атап көрсеткен.
Педагогикалық ғылым тарихына көз салсақ балалар ойынына қатысты мәселелерге соқпай кеткен ағартушы, педагог болмаған екен. Тұлғалы кезіндегі прогрессивті ұлы педагогтар Я. А. Коменский [17], Ж. Ж. Руссо [17], И. Г. Песталоцций [17] халықтық ойындарға назар аударып, қолданып, халықтық ойындардың теориялық негізін жасауға талпынған. Ойынның балалардың денесін сауықтыратын, ақыл-ойын белсенді ететін және барлық ағзаларын икемді қозғауға баулитын мәнін Я. А. Коменский дәріптеген. Ж. Ж. Руссо пікірінше білім алу ойынның балалар өмірінде кезектесіп, алмасып отыруы бір-бірімен сабақтаса байланысуы бала дамуындағы қажетті шарт болады.
Ойын - оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті - ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады.
Ойынның мақсаты: 1. Баланы пәнге қызықтыру, логикалық ойлауын дамыту ;
2. Сөздерді орынды қолдану дағдыларын жетілдіре отырып сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу;
3. Таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау, алған білімді тексеру, қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
Міндеті: 1) Танымдық: баланың тану, іздену әрекетін дамыту;
2) Тәрбиелік: айналасымен қарым-қатынас жасауға, қажетті дағдыны, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, баланың қызығушылығын ояту.
Ойын сабақтың басында - өткен сабақты еске түсіреді.
Сабақтың ортасында - көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады.
Сабақтың соңында - тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.
Ойын - оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан бастауыш сыныптарда оқушылар ойынды көп қажет етеді.
Ойынның түрлері көп, соның ішінде маңыздысы - дидактикалық ойын. Бұл ойынның пайдасы баланың ой-өрісінің қалыптасуын, дамуын мақсат етіп қояды. Оқушының үйіндегі жұмысын сабақтағы педагогикалық тапсырмамен ұштастырып, толықтырып отырғанда ғана оқушылардың алған білімдері терең, тиянақты қалыптасады.
Педагогика саласында пайдаланатын ойындарды - дидактикалық ойындар дейді.
Дидактика ( грек. Didaktikos - оқытушылық бойынша (поучительный ) - білім беру мен оқыту (мақсатын, мазмұнын, оқытудың заңдылықтары мен қағидаларын), сондай-ақ оқыту процесіндегі тәрбие теориясын дайындайтын педагогиканың бөлімі.
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Ойынның міндеті - баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынатын нақты мазмұнмен анықталады.
Дидактикалық ойындар - баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі. Сабаққа эмоциялық бояу береді.
Дидактикалық ойындар балалар үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызы бар әрекет. Дидактикалық ойындарды бала тәрбиесіне енгізу үшін көптеген жұмыстар атқарылды. Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын, белсенділігін, ынтасын күшейтеді. Бұл ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым әрі қысқа болу керек. Кейде оның мазмұны ережесі балаларға дұрыс түсіндірілмейді де балалар оған қызықпайды, ынтасын қойып тыңдамайды. Оның үстіне дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерге жеке көңіл бөлінбейді. Баланың таным қабілетін, логикалық ой-өрісін кеңейтіп, сабаққа ынтасын арттыруда дидактикалық ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы зор. Сондай-ақ балалардың адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау, еңбек адамдарына, басқа ұлт өкілдеріне, достық, туған жеріне сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлінеді. Балалар алдарына қойылған дидактикалық тапсырмаларды өз беттерінше орындау үшін тәрбиеші көркем әдебиет оқып беру, суреттер дайындау, декоративтік заттар тағайындау арқылы алдын-ала жұмыс жүргізу керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz