Кеңес үкметінің 30-50 жылдардағы жазалау органдары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. КСРО.ның 20.30 жылдардағы жазалау саясаты
1.1 Кеңестік сот жүйесі және соттан тыс жазалау органдары ... ... ... ... ... 8
1.2 Кеңес Одағында жазалау лагерлернің қалыптасуы және дамуы ... . 21
1.3 Тұтқындау лагерлерін басқару құрылымының негізі ... ... ... ... ... ... 33
1.4 Түрмелер.Облыстық, өлкелік және республикалық маңыздағы тергеу түрмелері мен изоляторларының қызметі мен тергеу әдістері ... ... ... ... 37
2. 40.50 жылдардағы ГУЛАГ және оның қызметі
2.1 Ұлы Отан соғысы кезіндегі ІІХК ГУЛАГ аппаратының қызметі.
Тұтқындар өмірін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 44
2.2 КСРО ІІХК ГУЛАГ.ның өндірістік.шаруашылық қызметі ... ... ... 55
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 61
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 65
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 67
Тақырыптың өзектілігі: Ғұмыры жетпіс жылға созылған ХХ ғ. әлемдегі ең ірі мемлекет – КСРО тарихының бүгінгі күнге дейін толық ашылмай келе жатқан ақтаңдақ беттерінің барлығы белгілі. Құрылу мақсаты, қызметі ұзақ уақыт аралығында құпия сақталынып келген Сталиндік тәртіптің ең үлкен қатыгез «жетістігі» ГУЛАГ (Лагерлердің Бас Басқармасы) тарихы болып табылады.
Бірінші дүние жүзілік соғысынан соң, Еуропаның барлық елдеріне дерлік әр түрлі бағыттағы социализм құрылысы ене бастады. Жай социализм, христиандық социализм және ұлттық социализм пайда болды. Заңмен қорғалған және барлық жүйеде жылдан жылға саны өсе түскен жұмысшы тобы мемлекеттік құқық алған маңызды әлеуметтік күшке ие болды. Орыс революциясы басынан бастап, өзінің көп санды халықтарының жағдайын Орталық және Батыс Еуропалық халықтардың әл-ауқаты деңгейіне дейін шаруашылық және әлеуметтік іс-шаралары арқылы жеткізу міндетін о бастан алдына қойған болатын. Жаңа Экономикалық Саясатты да осы бағыттағы әрекеті деп түсіну керек. 1924 жылдан бастап Сталин билік басына келуімен барлық мемлекеттік саясатта өзгерістер орын алды. Шаруашылық, әскери және идеологиялық майданда қарулану басталды. Егер Кеңес азаматтары Еуропа тұрғындары сияқты әлеуметтік құқықтарға ие болғанда, Сталин еш уақытта өзінің мақсаттарына жете алмаған болар еді. Сталиннің ұраны- қаржыны мейлінше аз жұмсау арқылы шаруашылық жоспарларын орындау болды. Өндіріс заттарының бағасын түсіруге мүкіндік болмағандықтан, Сталиндік басшылық жұмысшы еңбегіне төленетін ақыны төмендетті. Міне осы кезде Египеттік пирамидаларын салу кезеңінен бері қарай адамзат тарихы білмеген заманауи құлдық еңбек жүйесінің құрылуына алып келді.
Мақсат қаржыны ақтайтындығы белгілі, жер бетінде «пролетарлық жұмақ» жасау үшін миллиондаған сол пролетариаттардың өздері құлдық еңбек ету барысында құрбан болды. Бір жағынан,Сталиннің практикалық ақ-ойына, тапқырлығына жоғары баға беруге болады: тұтқындалғандар мен сотталғандарды қоғамнан бөлек ұстап асыраудың орнына, мемелекеттік шығын жасамай-ақ олардың физикалық күштерін өз мүддесі үшін пайдалана білді.
Өлген тұтқындардың қатарын толықтырып отыру мақсатында, соттарға «әлеуметтік қайта тәрбиеленуді қажетсінетін» кадрларды даярлау тапсырылған болатын. Жаппай тұтқындау арқылы Сталиндік «пролетарлық жұмақ» құру үшін тегін құлдардың миллиондық армиясы құрылды.
Кеңестік коцентрациялық лагерлер жүйесі Ұлы Отан соғысы жылдары ерекше өрлеу кезеңіне жеткен болатын. Бұл уақытта миллиондаған әскри тұтқындар коммунизмнің жергілікті құрбандарымен бірге тегін жұмыс күшін толықтырды.
1. Иванов-Разумник Р.В Писательские судьбы. Нью-Йорк
2. Иванов-Разумник Р.В Тюрьмы и ссылки. Изд. им. Чехова. Нью-Йорк, 1953
3. Менделеев Д.К. К познанию России. Буэнос-Айрес
4. Карден В. Демократический суд в советском концлагере. Нью-Йорк-Париж
5. Солженицын А.С. Архипелаг ГУЛАГ. М.,
6. Бередихин А. Цена одной дороги. Мюнхен
7. Георгиев П. На стройке социализма (Севжелдрострой). Нью-Йорк
8. Грачев Д. Спецуказания. Мюнхен
9. Варанцов Л. Побег. Мюнхен
10. Марголин Ю.И. Путешествие в страну Зе-Ка. Нью-Йорк
11. Яковлев Б., Бурцев А. Концентрационные лагеры СССР. М.,
12. Земсков В.Н. ГУЛАГ (историко-социологический аспект).М.,
13. Земсков В.Н. Архипелаг ГУЛАГ: глазами писателя и статиста. М.,
14. Дугин А.Н. ГУЛАГ: открывая архивы М.,
15. Дугин А.Н. ГУЛАГ: глазами историка.
16. Дугин А.Н. Сталинизм: легенды и факты.
17. Дугин А.Н. Говарят архивы: Неизвестные страницы ГУЛАГа.
18. Артемьев В.П. Исправительно трудовые лагери НВД СССР .(ІІ частях). М., 1953.
19. Бараг Т. Караганда, Госиздат. Архитектуры и градостроительства. М., 1950
20. Беляевский П. Главный Туркменский канал. М.,, 1951
21. Волин С. ООН и рабский труд. Нью-Йорк, 1951
22. Герлянд В. Записки из женского режимного лагеря. //Социалистический вестник. №6-7. 1954
23. Данилов С. Люди концлагерей. //Голос народа. №28 (32), 1951
24. Десянский С Рабский труд в СССР «Посель», № 19 (154) 1949
25. Ломакин В. Десять лет в советских концлагерях. //Воля № 8. Мюнхен. 1952
26. Менский Р. СССР и ГУЛАГ. //На рубеже. № 2,1952
27. Миранов И. И люди и режим. //Социологический вестник» №12 (649) 1951
28. Натов А. Сталинская вакцина. // Голос народа. №3,1953
29. Ольшевский П. Когда они вернутся домой? //Голос норода. №21 (25) 1951
30. Ратмиров И. 10 лет в советском концлагере. //Воля. №2,1952
31. Ратмиров И. М. Горкий на Беломорканале. //Голос народа. №33. 1951
32. Семенов И. Советский суд и карательная политика» издания Института по изучению истории и культуры, СССР, Мюнхен, 1953
33. Хрестоматия по новейшей истории России. 1917-2004 гг. М.,2005.
34. Сравнительное изученне цивилизации: Хрестоматия.Учебное пособие
a. для студентов ВУЗов. /Сост. Б.С. Ерасов. М., 1998.;
35. В поисках своего пути : Россия между Европой и Азией: Хрестоматия
36. по истории российской общественной мысли XIX иХХ вв. /Сост. Н.Г.
a. Федоровский. М., 1997.
37. Ломакин В. Ушканьи острава и проблема происхождения Байкала. М.,1952
38. Макарчук Г. Братская рука помощи //Голос народа . Москва,1951
39. Ногин В. На полюсе холода. М., 1959
40. Огнев А. Большой каменный мост. Нью-Йорк,1952
41. Карде В. Женщины на Колыме. //Соцалистический вестник
42. 47.Лукницкий П. Молодая гвардия. М., 1951
43. 48.Максимов С. Я был в Катыне. Нью-Йорк, 1952

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 90 бет
Таңдаулыға:   
Ф-ОБ-001033
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ ТАРИХ ЖӘНЕ
ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
ЖАЛПЫ ТАРИХ КАФЕДРАСЫ

Тақырыбы: Кеңес үкметінің 30-50 жылдардағы жазалау органдары

Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі Ғылыми
жетекшісі
Т.ғ.к., доцент Э.Ө.Зұлпыхарова Т.ғ.к.,доцент м.ат. Л.С.Динашева

________________________ __________________________

Орындаған студент:
Хаттама № ____________ ТТА -711 тобының студенті
_________________________ Маклушова Жазира

Түркістан 2011

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1. КСРО-ның 20-30 жылдардағы жазалау саясаты
1.1 Кеңестік сот жүйесі және соттан тыс жазалау органдары
... ... ... ... ... 8
1.2 Кеңес Одағында жазалау лагерлернің қалыптасуы және дамуы ... . 21
1.3 Тұтқындау лагерлерін басқару құрылымының негізі
... ... ... ... ... ... 33
1.4 Түрмелер.Облыстық, өлкелік және республикалық маңыздағы тергеу
түрмелері мен изоляторларының қызметі мен тергеу әдістері ... ... ... ...
37
2. 40-50 жылдардағы ГУЛАГ және оның қызметі
2.1 Ұлы Отан соғысы кезіндегі ІІХК ГУЛАГ аппаратының қызметі.
Тұтқындар өмірін ұйымдастыру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44
2.2 КСРО ІІХК ГУЛАГ-ның өндірістік-шаруашылық қызметі ... ... ... 55
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .. 61
Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
65
Қосымшалар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 67

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Ғұмыры жетпіс жылға созылған ХХ ғ.
әлемдегі ең ірі мемлекет – КСРО тарихының бүгінгі күнге дейін толық ашылмай
келе жатқан ақтаңдақ беттерінің барлығы белгілі. Құрылу мақсаты, қызметі
ұзақ уақыт аралығында құпия сақталынып келген Сталиндік тәртіптің ең үлкен
қатыгез жетістігі ГУЛАГ (Лагерлердің Бас Басқармасы) тарихы болып
табылады.
Бірінші дүние жүзілік соғысынан соң, Еуропаның барлық елдеріне дерлік
әр түрлі бағыттағы социализм құрылысы ене бастады. Жай социализм,
христиандық социализм және ұлттық социализм пайда болды. Заңмен қорғалған
және барлық жүйеде жылдан жылға саны өсе түскен жұмысшы тобы мемлекеттік
құқық алған маңызды әлеуметтік күшке ие болды. Орыс революциясы басынан
бастап, өзінің көп санды халықтарының жағдайын Орталық және Батыс
Еуропалық халықтардың әл-ауқаты деңгейіне дейін шаруашылық және әлеуметтік
іс-шаралары арқылы жеткізу міндетін о бастан алдына қойған болатын. Жаңа
Экономикалық Саясатты да осы бағыттағы әрекеті деп түсіну керек. 1924
жылдан бастап Сталин билік басына келуімен барлық мемлекеттік саясатта
өзгерістер орын алды. Шаруашылық, әскери және идеологиялық майданда
қарулану басталды. Егер Кеңес азаматтары Еуропа тұрғындары сияқты
әлеуметтік құқықтарға ие болғанда, Сталин еш уақытта өзінің мақсаттарына
жете алмаған болар еді. Сталиннің ұраны- қаржыны мейлінше аз жұмсау арқылы
шаруашылық жоспарларын орындау болды. Өндіріс заттарының бағасын түсіруге
мүкіндік болмағандықтан, Сталиндік басшылық жұмысшы еңбегіне төленетін
ақыны төмендетті. Міне осы кезде Египеттік пирамидаларын салу кезеңінен
бері қарай адамзат тарихы білмеген заманауи құлдық еңбек жүйесінің
құрылуына алып келді.
Мақсат қаржыны ақтайтындығы белгілі, жер бетінде пролетарлық жұмақ
жасау үшін миллиондаған сол пролетариаттардың өздері құлдық еңбек ету
барысында құрбан болды. Бір жағынан,Сталиннің практикалық ақ-ойына,
тапқырлығына жоғары баға беруге болады: тұтқындалғандар мен сотталғандарды
қоғамнан бөлек ұстап асыраудың орнына, мемелекеттік шығын жасамай-ақ
олардың физикалық күштерін өз мүддесі үшін пайдалана білді.
Өлген тұтқындардың қатарын толықтырып отыру мақсатында, соттарға
әлеуметтік қайта тәрбиеленуді қажетсінетін кадрларды даярлау тапсырылған
болатын. Жаппай тұтқындау арқылы Сталиндік пролетарлық жұмақ құру үшін
тегін құлдардың миллиондық армиясы құрылды.
Кеңестік коцентрациялық лагерлер жүйесі Ұлы Отан соғысы жылдары ерекше
өрлеу кезеңіне жеткен болатын. Бұл уақытта миллиондаған әскри тұтқындар
коммунизмнің жергілікті құрбандарымен бірге тегін жұмыс күшін толықтырды.
1945 жылы және кейінгі жылдары КСРО территориясында және олар
оккупациялаған Шығыс және Орталық Европа елдерінде концентрациялық
лагерьлердің кеңестік жүйесі ерекше гүлденуге қол жеткізді. Осы уақытта
Кеңес Одағы ІІ дүниежүзілік соғыс барысында жаулап алынған сансыз көп
әскери тұтқындардың таусылмас тегін құл еңбегінің ауқымды ағынына ие болды.
Кеңес Одағы өздерінің жеке заңдары негізінде әскери тұтқындарды соттау және
оларды ұзақ мерзім бойына қамау құқығына ие болды. Бұл құқықты кең түрде
және жан-жақты пайдалана отырып, Кеңес Одағы миллиондаған әскери
тұтқындарды тегін жұмысшы күшіне айналдырды. Адам төзгісіз қатаң климаттық
жағдайда аштыққа ұшырап, бостандықтан айырылған, суықтан өліп жатқан
көптеген әскери тұтқындар, коммунизмнің жергілікті құрбандарының тағдырымен
бөлісіп, сырттан қандай да бір көмекке сене алмады.
Тек бостандық әлеміне ұзақ жылдардағы кеңестік тұтқындығынан тірі
(аман) қайтқандар кеңестік “жәннаттағы” шынайы жағдайды түсіне бастады.
Түсінік бірінен соң бірі мұқият жинақталды. Лениннің Ресейді “халықтар
түрмесі” ретіндегі сөзін мүлдем басқаша трагедиялық түс және мағынада
қабылдады. Бүгінде біз жеке жылдарды кеңестік концентрациялық лагерлерде
15млн-ға дейін тұтқындар болғандығын білеміз.
Сталиндік түзету мекемелері жүйесіне нақты анықтама беру қиын: түрмелік
жүйені жақсарту- асыра бағалау жазалаудың новаторлық түрі деп қарау -
тарихи тұрғыдан мүмкін емес; қорқыту, үркітудің идеалдық жүйесі және
Сталиндік жеке басқа табынушылық түрінде қабылдау - шындыққа жанасады,
алайда біз ГУЛАГ-ты тегін жұмыс күшінің таусылмас бұлағы деп қарауды мақсат
еттік.
Мұндай құпия - Архипелаг ГУЛАГ-қа қалай баруға болады деген сұрақ
туады? Ол жаққа қарай ұшақтар ұшады, кемелер жүзіп, пойыздар жүріп барады,
алайда еш жерде олардың барар жерін көрсеткен жазу болмады.
ГУЛАГ – тарих бетінде қыр сыры толық ашылмаған өткен уақыттың құнды
құпиясы болып саналады. Шын мәнінде, қазіргі кезге дейін 5 әріптен құралған
ГУЛАГ-тың шынайы беттері әлі де болса ашылмаған. ГУЛАГ-тың өмірге келуі
яғни, қалыптасуы ондағы тұтқындардың тағдыры әлі күнге дейін жұмбақ күйінде
сақталып қалған... Бір сөзбен айтқанда, ГУЛАГ туралы мәліметтер жоқтың
қасы. Бұл жайында тек құжаттар, естеліктер, сирек мәліметтер сақталған.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Зерттеу жұмысының мақсаты ГУЛАГ-ты
басқарудың керемет жасалған жүйесін көрсете отырып, лагерь тұтқындарының
тегін құлдық еңбегін мемлекет мүддесі үшін пайдаланылуын, оның ішінде Қызыл
Армия қатарындағы, тылда және соғыс майданданындағы ерең ерлігін бейнелеу,
Кеңес Одағының Ұлы жеңіске жетуіне ГУЛАГ-тың қосқан үлесін анықтау болып
табылады. Осы мақсатқа жету жолында алдымызға мынадай міндеттер қойылды:
- КСРО –дағы жазалау органдарының пайда болуын зерттеу,
- Жазалау органдарының – соттар, лагерлер мен колониялар, түрмелер
қызметтерінің мазмұны мен сипатына анализ жасау;
- Соғыс қарсаңындағы Ішкі Істер Халық Комиссариатының қызметіне баға
беру;
- ГУЛАГ-тың қалыптасу мен дамуы жолдарына сараптама жасау;
- ГУЛАГ – тың соғыс жылдарындағы ұйымдастыру қызметін зерттеу;
- ГУЛАГ тұтқындарының құрамына анализ жасау;
- Ұлы отан соғысы жылдарында ГУЛАГ тұтқындарын мерзімінен бұрын босатып
Қызыл Армия қатарына жіберілуін зерделеу ;
- ГУЛАГ аппаратының тұтқындардың еңбекке үнемі жарамды болуын қамтамасыз
ету мақсатында атқарған жұмыстарына баға беру;
- Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ГУЛАГ-тың өндірістік-шаруашылық
қызметіне, соның ішінде орман және ауыл шаруашылығы, лагер
өнеркәсіптерінің жұмыстарына сараптама жасау;
- ГУЛАГ тұтқындарының Ұлы жеңіске қосқан үлесіне баға беру.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Ұзақ уақыт бойына отандық тарих
ғылымы маркстік-лениндік методология құрсауында дамып, көптеген
тарихи мәселелердің шынайы беті ашылмай қалып қойғаны белгілі.
Жоғарыда атап өткеніміздей, миллиондаған Кеңес азаматтарының өмірін
қиып, тағдырында қаралы із қалдырған, тек тұтқындарының ғана емес
олардың үрім-бұтақтарының өміріне де үлкен әсер еткен ГУЛАГ
мәселесін, оның тарихын, кеңестік өмірде алатын орнын зерттеп,
ақиқатты паш ету, сол дәуірде мүмкін болмады.
Зерттеуші ғалымдар өз еңбектерін шет елдерде жарыққа шығаруына
тура келді. Сондай тарихшы-зерттеушілердің қатарына: Р.В. Иванов-
Разумниктің Нью-Йорк баспасынан шыққан Писательские судьбы [1]
және Тюрьмы и ссылки [2], Д.К. Менделеевтің Буэнос-Айрес баспасында
жарық көрген К познанию России [3], В. Карденің Нью-Йорк-Париж
баспасынан шыққан Демократический суд в советском концлагере [4], А.И.
Солженицынның Мәскеу баспасында жарық көрген Архипелаг ГУЛАГ [5],
А.Бередихиннің Мюнхен баспасында жарық көрген Цена одной дороги
[6], П.Георгиевтің Нью-Йорк баспасынан шыққан На стройке социализма
(Севжелдрострой) [7], Д.Грачевтің Мюнхен баспасында жарық көрген
Спецуказания [8], Л.Варанцовтың Мюнхен баспасынан шыққан Побег [9],
Ю.И.Марголиннің Нью-Йорк баспасынан шыққан Путешествие в страну Зе-
Ка [10] сияқты еңбектерінің біз үшін құнсыз зерттеулер болып табылады.
Сондай-ақ, КСРО-ның концентрациялық лагерлерінің өмірін бастарынан
өткергендер мен Сталиндік қуғын-сүргін саясатының құрбаны, өз отанын тастап
кетуге мәжбүр болған бұрынғы Кеңес азаматтарының еңбектерінің маңызы
ерекше. Сондай зерттеулердің бірі Б.Яковлев пен А.Бурцевтің
Концентрационные лагеры СССР [11] деп аталатын еңбегі болып табылады.
Аталған кітаптың құндылығы сонда, онда ауқымды әр түрлі дерек көзінен: яғни
бұрынғы әскери тұтқындар , қашқындар, босқындар және басқа да құрбандар мен
КСРО-ға құл еңбегіне тартылған тұтқындардың естеліктері, концентрациялық
лагерлер туралы кең көлемді материалдар жинақталған және жүйеге
келтірілген. Оған қоса кітаптың тағы бір құндылығы - онда лагерлердің
орналасу картасы ерекше ұқыптылық пен әрі нақтылықпен жасалып, енгізілген.
Жалпы мұның барлығы қатыгез де қатаң кеңестік шындықты ашатын және
коммунистік жүйені шыншылдықпен әшкерелейтін дәлелді құжаттардан тұратын
еңбек.
КСРО ыдырап, жылдар бойына жасырылып, құпия сақталынып келген
деректер, құжаттар жарыққа шыға бастағаннан кейін, тарихи айналымдағы жаңа
материялдар мен сол кезге дейін шет елдерде болсада баспа беттерінен шығып
үлгерген еңбекерді салыстыра отырып жазылған тарих ғылымдарының кандидаты
Земсков Виктор Николаевичтің ГУЛАГ (историко-социологический аспект)
[12], Архипелаг ГУЛАГ: глазами писателя и статиста [13] деп аталатын
зерттеу жұмыстарында маңызды пікірлер айтылады. Автор бұл еңбектерінде
көптеген зерттеушілердің ГУЛАГ – қа қатысты статистикалқ мәліметтерін дұрыс
бермеуін, барлығы дерлік бірінен бірі асыра сілтеп, артығымен жалған
цифрлық көрсеткіштер беретіндігін сынайды.
Тек архив құжжатары материялдарын негізге ала отырып ГУЛАГ тарихын
зерттеген тарихшы А.Н.Дугиннің ГУЛАГ: открывая архивы [14], ГУЛАГ:
глазами историка [15], Сталинизм: легенды и факты [16], Говарят архивы:
Неизвестные страницы ГУЛАГа [17] атты еңбегінде көптеген статистикалық
материалдар беріледі.
Зерттеу жұмысында, жоғарыда аталған еңбектермен бірге На рубеже,
Литературный современник, Голос народа, Социалистический
вестник, Воля, Аргументы и факты, Вопросы истории, Нева, Военно
исторический журнал, Социально-исторические науки сияқты газет және
журнал беттерінде жарияланған тарихшы-зерттеушілердің мақалалары
пайдаланылды.
Тақырыптың деректік негіздері: 1950 жылдың 8 шілдесінде Мюнхен
қаласында Кеңес Одағынан қудаланған немесе ондағы көрсетілген
қысымға көнгісі келмей өз еркімен кеткен ғалымдардың КСРО-ның
тарихы мен мәдениетін зерттеу институты құрылған болатын. Институт
ғалымдарының , зерттеушілерінің мақсаты демократиялық әлемге КСРО-ға
қатысты шынайы тарихты объекті көзқараспен жеткізу, ақтаңдақтарды
паш ету еді. Аталмыш институт біздің тақырыбымызға байланысты
көптеген құжаттарды, оның ішінде КСРО-дағы зорлықпен еңбек ету
жүйесін қалыптастарған Кеңестердің Орталық Атқару Комитетінің
декреттерін, Еңбекпен Түзету Лагерлерін басқару ережелерін, Ішкі
Істер Халық Комиссарлығының ГУЛАГ-қа қатысты ұйғарымдары мен
бұйрықтарын т.б. маңызды құжаттарды жариялады. Аталған құжаттармен
бірге Ресей Федерациясының, КСРО-ның Қылмыстық Кодекстері, ГУЛАГ
тұтқындарының хаттары мен жазбалары, естеліктері біздің зерттеу
жұмысымыздың деректік көзі болып табылады.
Зерттеу жұмысының методологиялық негізі: Зерттеу жұмысында шет
елдерде басылған Кеңестік тарихшылардың көзқарастары мен тәуелсіздік
жылдары қалыптасқан жаңа көзқарас тұрғысынан жазылған ғылыми
жұмыстар алынып, оларға мейлінше объективті тұрғыдан баға берілді.
Сондай-ақ, тарихи оқиғаларға салыстырмалы түрде жүйелілік, ғылыми-
танымдық, объективтік және тарихилық принциптер негізінде талдау
жасалынды.
Тақырыптың хронологиялық шеңбері: Зерттеу жұмысыың негізгі
бөлімдерінде, тікелей тақырыпқа байланысты Ұлы Отан соғысы жылдарындағы,
яғни 1941-1945жылдар аралығындағы ГУЛАГ тың зерттеледі. Алайда мәселенің
мәнін терең және жан-жақты ашу мақсатында Кеңес Одағының жазалау
органдарының пайда болу кезеңінен бастап (Большевиктер билігінің құрылған
уақтымен сәйкес келеді) соғыстан кейінгі Сталиндік концентрациялық
лагерлердің ғұмыры аяқталғанға дейінгі бірқатар жағдайлар да қаралады.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, алты
тараушадан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттерден мен қосымшалардан,
тұрады.

1 КСРО-ның 20-30 жылдардағы жазалау саясаты

1.1 Кеңестік сот жүйесі және соттан тыс жазалау органдары

Кеңестік қылмыстық құқық ерікті демократиялық әлем елдерінің
қылмыстық құқығынан принциптік негізде ерекшелінеді. Ерікті демократиялық
әлем елдерінің қылмыстық құқығының негізгі принципі (ереже) заң болып
табылады: тек тікелей заңмен тыйым салынған ережелерді бұзғандар ғана
қылмысты болып саналады, ал кеңестік қылмыстық құқық бойынша – үкмет рұқсат
еткенді ғана жасауға рұқсат, ал рұқсат етілмесе онда оған тыйым салынған
деп есептелінеді де, бұйрықты бұзғандар қылмысты болып табылады. Осы
принципті бұзғандар заң негізінде жауапкершілікке тартылады. Қылмыстық
кодекстегі ұқсастық (аналогия) жайында 16-шы бапта айтылды:
Егер белгілі бір немесе басқа бір қоғамдық-қауіпті әрекет осы кодексте
тікелей қарастырылмаса, онда ол үшін жауапкершілік негізі мен шегі, қылмыс
түрлерінің ұқсастығын қарастыратын басқа баптарға сәйкес анықталады.
[49,13-б.]
Осы баптың негізінде Кеңес Одағында өмір сүріп жатқан кеңес азаматының
немесе шетелдік азаматтың кез келген әрекеті немесе әрекетсіздігі, кеңестік
кодекстің қылмыстық баптарына сәйкес тікелей қарастырылмағандығына
қарамастан, кеңестік заңмен, қоғамдық-қауіпті деп саналып, қылмысқа
айналды.
Кеңестік қылмыстық кодекстің сипаттамасы толық болуы үшін, қылмыстық
кодекстің “баптық материал” бөліміне енгізілген, тағы 7-бап пен оның
талдауына баса назар аудару қажет. Бап мәтінінен әлеуметтік қорғау
шараларының тек қоғамдық-қауіп әрекетін жасаған адамдарға қатысты ғана
емес, сонымен қатар өзінің қылмысты ортасымен байланыстылығы бойынша немесе
өзінің өткен (бұрынғы) қызметі бойынша қауіп-қатер төндіргендерге қатысты
да қолданылуы мүмкін екендігін байқауға болады. Демек, кез келген адам,
оның нақтылы кінәсын анықтмастан, тек әлеуметтік-қауіпті саналуы негізінде
айыпталды. Шындығында, жоғарыда аталған (осы) адамдарға қолданылатын “тек
жер аудару немесе жер аударту” осы бапты түсіндіру немесе талдау шарасын
шектейді. Бірақ, бұл тек қана соттарға қатысты айтылды: әкімшілік органдары
өзінің шешімдерінде мұндай талдаулармен шектелмеген.
30-жылдары Қылмыстық Кодекстің 35 бабы негізінде (жезөкшелік, бұрын
қандай да бір қылмыс жасап, жазалау мерзімін өтеп шыққан, белгілі бір
қызметі жоқ адамдар) жүз мыңдаған адамдарды “әлеуметтік-қауіпті элемент”
ретінде лагерлерге жер аудартқан, милицияның барлық облыстық
басқармаларының ішінде құрылған “милиция үштігі” жұмыс істеді. Онда аталған
сәттегі жасаған қылмысы емес, өткендегі тәртібі басты орында тұрды. [50,23-
б.] Бұл категориядағы (бас бостандығынан айырылған) сотқа тартылғандардың
басым көпшілігі ұжымдастырудан қашқан және құжатсыз қалаға көшкен шаруалар
болды.
Осындай принциптермен басшылық ете отырып, ОГПУ коллегиясы әрекет
жасады. Ал, кейіннен, дәл солай “контрреволюциялық элементті” ғана
соттайтын “милиция үштігінен” өзгеше Ішкі Істер Министрлігінің “Ерекше
кеңесі” айналысты.
КСРО-ғы қылмыстық заң нормаларын бұзған адамдарға ықпал ету
шараларын қолдану эволюциясын бақылау зерттеушінің қызығушылығын туғызады.
Азамат соғысы аяқталысымен Кеңес Одағының өмірде, КСРО-да жаза жоқ,
тек қана Кеңестік мемлекетті кездейсоқ қылмыстық жолға түскен сенімсіз
(тұрақсыз) элементтерден әлеуметтік қорғау шаралары бар, оларды жазалаудың
керегі жоқ, қайта тәрбиелеу жолымен түзеу керектігін білдіретін принцип
жүргізілді. Осыған сәйкес РСФСР-ң Қылмыстық кодексінің 4-ші бөлімінде
(1922, 1926жж редакцияда) құқық бұзуды жүзеге асырған адамдарға қатысты
қолданылатын жаза емес, тек әлеуметтік қорғау шаралары туралы айтылды.
“Қылмыс” сөзінің өзі жойылады. Сол уақытта түрмелер еңбекпен түзеу үйлері
деп атаулары қайта өзгертілді. Тұтқынға алу орындарында бостандығынан
айырылғандарды ұстау тәртібін реттейтін арнайы еңбекпен-түзеу кодексі
жарияланды. Оның статьяларына сәйкес, тұтқындарға еңбек туралы заңдар
кодексі бойынша еңбекшілерге берілген барлық дерлік құқықтарды кеңейтті. (8
сағаттық жұмыс күні, еңбегі үшін жалақы, демалыс беру және т.с.с). Осы
кодекстік заң бойынша жақсы тәртіп (мінез-құлық) көрсеткен жағдайда
тұтқындарға отбасымен кездесуге үшін үйіне демалыс беріліді, шаруаларды
өнімдерін жинау үшін елдеріне уақытша жіберді және т.б. [50,44-б.]
Жаза емес, керісінше еңбекпен түзеу бұл жүйенің өзіндік дамуына ЖЭС
соңына жетті. 26 наурызда 28-ші статьясына өзгерістер енгізілді. Бір
уақытта соттарға 1 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды
қарастыратын барлық баптар бойынша бас бостандығынан айыруды, еңбекпен-
түзеу жұмыстарына ауыстыру ұсынылды. Бұл жаза емес, тәрбиелеу принципін
жүзеге асырудың шарықтау шегіне жеткендігіболатын. Оған қоса ереже бойынша
сотталғандар еңбекпен-түзеу жұмыстарын жұмыс орны бойынша өтеп шығулары
қажет болды, тек сол жағдайда, егер бұл ерекше сотпен ескертілсе, еңбекпен-
түзеу жұмыстарын өтеу, еңбекпен-түзеу мекемелері органдарының нұсқаумен
жүргізілгендігін атаған жөн. Жұмыс орны бойынша еңбекпен-түзеу жұмыстарын
өтеп шығушы адамдардан олардың әдетте еңбек ақысының 20-25 пайызынан
шегерілді. Осы кезеңде шартты түрде мерзімінен бұрын босату өте кең
қолданылды.; сотталғандар әдетте үкіммен айқындалған мерзімнің жартысынан
азын, кейде тек 13 немесе тіптен ¼ мерзімін өтеп шықты. Босату келесідей
жүзеге асырылды: Алдымен, жоспарды артығымен орындау шарты негізінде жұмыс
күні есептелді, тұтқындағы 2 күн мерзімі ішінде, есептеу нәтижесәнде,
тұтқында өтеп шығу мерзімі үкім мерзімінің жартысына жеткен кезде,
тұтқындар шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды.
1930 жылдан бастап, жағдай біртіндеп, өзгере бастады. Соттармен
анықталған, Қылмыстық кодекстің статьяларымен жиі іске асырылған жаза
мерзімдері бірден өсті. Соттар, жоғарғы соттың құпия нұсқауы бойынша
Қылмыстық кодекстің Статьяларымен қарастырылуы бойынша көп жаза мерзімдерін
қолдана бастады. Сайып келгенде, “7 тамыз 1932 жылғы заң ” сияқты әйгілі
жаңа заң жарияланды. Бұл заң бойынша қарапайым ұрлық үшін екі жылға дейін
бас бостандығынан айырылу мерзіміне тартылса, енді ату жазасына бұйырылды,
тек қана жұмсарту жағдайында сот 10 жыл мерзіміне бас бостандығынан айыруды
жүзеге асыра алады. Шын мәнінде, қылмыстық іс бұл заңдарменғ саяси қылмыс
ретінде топтастырылды.
КСРО-ғы ЦИК(ОАК) және СНК 8 мамыр 1934 жылдағы қаулыдан ьастап,
“Әлеуметтік қорғау шарасы” терминінің орнына “жаза” терминін қолданады. Дәл
осы 1934 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын босату және оны іске асырған 56-
шы статья жойылды. Бұдан кейін тұтқындар үкіммен анықталған бүкіл мерзімді
өтеп шығады және тек амнистия немесе істі қайта қарау барысында босатылуы
мүмкін. Осындай шаралар нәтижесінде тұтқындар саны заң министрлігі
басқаруында болған еңбекпен-түзеу колонияларында 800 мыңға дейін жетеді.
(бұл мәліметтер ресми түрде 1934ж. Басында одақтық Прокуратура циркулярында
айтылған) “ОГПУ концентрациялық лагерлерде тұтқындардың саны қаншалықты
болғандығы бұл циркулярда айтылмайды, бірақ ол еңбекпен-түзеу колонияларына
қарағанда көп болғандығында сөз жоқ ”.[51,13-б.]
1932 жылдан 1934 жылға дейінгі уақыт ішінде кеңестік жазалау саясаты
біржолата тәрбиелеу принципінен бас тартып, жаза тәсіліне өтті. Соттарда
қылмыстық-іс жүргізу кодексі және еңбекпен түзеу кодексінің нормалардың
қолданылуы тоқтатылды. Тұтқынға алу орындарында толық зорлық-зомбылық
басталды. Тұтқындарға қатысты әлі үкім заң күшіне енбестен, бірден
концентрациялық лагерлерге жөнелтілді. Сотталғандар, бірақ кейін жоғарғы
сотпен анықталған, босатуға жататын сотталғанды іздеу концентрациялық
лагерлер бойынша 1-2 жыл, қалыпты жағдайда айналады.
10 шілде 1934 жылдан ерте юстициялық халық комиссариатының жүйесінде
болған еңбекпен-түзеу колониялары, қайтадан ұйымдастырылған еңбекпен-түзеу
лагерлері және еңбек колонияларын бас басқарма басқаруына берілді (ГУЛАГ).
Бұл атау бұрынғы ОГПУ концентрациялық лагерлер басқармасына және Юстициялық
халық комиссариатындағы еңбекпен-түзеу жаза орындарын басқармасына
берілді.ОГПУ қайта құрылған НКВД, мемлекеттік қауіпсіздіктің бас басқармасы
болып өзгертілді. Осы кезеңде “түрмелік жаза” термні енгізілді.
7 сәуір 1935 жыл “Жасы толмағандар арасындағы қылмыспен күресу
шаралары туралы” заң шығады. Бұл заң бойынша ЦИК және СНК қаулы етеді:
[49,55-б.]
“12 жастан бастап, көшеде ұрлық жасаған, зорлық-зомбылық көрсеткен,
дене зақымы, зақымдау, өлтіру немесе өлтіруге әрекет жасаған жасы
толмағандарды қылмыстық жазаның барлы шараларын қолданып, қылмыстық сотқа
тарту қажет”.
Бұл заң түрлі қылмсы үшін жасы толмағандарды сотқа тарту туралы
бірқатар заңдарға бастау болды. Осы жылдың 10 желтоқсанында “12 жастан
рельсті бұрап шығарған және рельске түрлі заттарды төсеп тастаған жасы
толмағандарды тарту туралы” бұйрықты Жоғарғы Кеңес Президиумы жариялады.
Содан кейін КСРО-ғы Жоғарғы Кеңес Президиумының 28 желтоқсан 1940 жылдан
қолөнер училищесінен өз еркімен бағынбай кеткен және еңбек тәртібін бұзған
оқушылардың жауаптылығы туралы бұйрық артынша шықты. Ол бойынша 14 жастан
жасы толмағандар ересектермен бірдей дәрежеде барлық қылмыстары үшін
жауапкершілікке тартылады.
26 шілде 1940ж. Жоғарғы Кеңестің “Себепсіз кешігу туралы” артынша, 10
тамызда “ұсақ ұрлықтар мен бұзақылық үшін жауапкершілік туралы” бұйрық
шықты. Осы бұйрықтар бойынша бірнеше миллион кеңес азаматтары сотталды.
КСРО-ғы бүкіл заңдар эволюциясының мұндай процестен Кеңес Одағының Жоғырғы
Кеңес Президиумының екі бұйрығының жарияланумен аяқталды.
1) 4 маусым 1947 жылдан “Мемелекеттік және қоғамдық мүлікті ұрлағаны үшін
қылмыстық жауакершілікке тарту туралы ”
2) Сонымен бірге 4 маусым 1947 жылдан “Азаматтардың жеке меншіктерін
қорғауды күшейту туралы”.[49,61-б.]
Бұл 2 заң 1932 жылдың 7 тамызындағы және 1940 жылдың 10 тамызындағы
заңдарды, сонымен қатар РСФСР қылмыстық кодексінің келесідей баптарын: 59а,
11662, 166,166а,167 және 169 ІІ бөлімін қамтыды, жаңа заңдар негізінде
жалғыз және бірінші рет қарапайым жеке (меншікті) мүлікті ұрлағаны үшін,
жеңлдетілуі мүмкін жағдайлары болған жағдайда жазалаудың жаңа шарасы
қолданылды - ертеде қолданылған 3 айдың орнына, 5-6 жылға дейінгі мерзімде
лагерге қамалды, өндірістегі ұсақ ұрлық жасағаны үшін, жұмсартылған
жағдайда халық комиссариатының Еңбек табелінде ерекше белгіленген тәртіп
жөніндегі жазаның орнына лагерлерде 7-10 жылға дейінгі мерзімге қамалды.
30 жылдардың басынан бастап органдардың соттан тыс қуғын-сүргін
жұмыстары кең қолданылды. Сонымен, 1934 жылдан ІІХК құрылуынан кейін, ІІХК
органдарында қылмыстық кодекстің 58-ші статьясы бойынша айыпталған
азаматтардың тергеуі жүргізілді, арнайы облыстық, өлкелік, теміржолдық, су-
транспорттық сот жүйелері кең көлемде әрекет жасай бастады.
1936ж барлық облыстық қалаларда ІІХК-ң “Ерекше үштігі” ұйымдастырылды.
Олар КСРО-ның Ішкі Істер Халық комиссариатының жанындағы “Ерекше Кеңесте”
бекітілді. Бұл ұйымдардың маңыздылығы, Ерекше Кеңестің өзі, өздеріне келіп
түскен аса көп мөлшерлі істерді қарап, тексеріп, анықтай алмады. 10 маусым
1934 жылғы заң бойынша “Ерекше кеңес” 5 жылға дейінгі мерзімге
бостандығынан айырып, жер аудару және жер аудартуға жіберуіне қарамастан,
бұл жылдары “Ерекше үштік” алдымен 10 жыл, сонан соң 15,20,25 жылға
концентрациялық лагерлерге қамауды, соңында жазаның ең жоғарғы шарасын
белгілеуді бастады. Әдетте жазаның ең жоғарғы үкімі шығарылғандардың
туыстарына соңғы сотталғандар “хат алмасуға құқықсыз” екендігін хабарлады.
КСРО-да коммунистік биліктің бүкіл өмір сүрген кезеңінде өлім жазасы
туралы заңдар келесідей болды: [25,13-б.]
• Өлім жазасы уақытша шара ретінде 1918 жылдың басында енгізілген және
“уақытша шара ретінде”, екі ресми үзілісті қоспағанда, 50-жылдардың
соңына дейін жүзеге асрырылып келді (алғаш рет өлім жазасы
“Совнаркомның декретінің Бүкіл Одақтық коммунистік партиясының ұсынысы
бойынша” 1920ж жойылды, бірақ 2 айдан кейін-ақ бұл дектер алынып
тасталды).
• Кеңес одағында өлім жазасы ІІ дүниежүзілік соғысқа дейін ату жазасын
қолдану жолымен жүргізілді. Бірақ 19 сәуір 1943 жылы КСРО-ның Жоғарғы
Кеңесі Президиумының “неміс –фашистік әскери тұтқындар мен олардың дем
берушілерін жауапкершілікке тарту туралы” заңымен жазаның жаңа түрлері
енгізілді, атап айтқанда дарға асу арқылы өлім жазасына кесу және
каторгалық жұмыстарға жіберу. Заң ерекше қолданысқа ие болды және ең
бастысы тек кеңес азаматтарына ғана қатысты болды.
• 26 мамыр 1947ж Кеңес Одағының Жоғарғы Кеңес Президиумы бұйрығымен өлім
жазасы жойылды. Дегенмен, 12 қаңтар 1950 жылғы сол КСРО-ның Жоғарғы
Кеңес Президиумы бұйрығымен қайтадан “Отанын сатқандар, тыңшылар және
диверсанттарға қатысты” өлім жазасы енгізілді. Және де, соңында КСРО-
ның Жоғарғы Кеңес Президиумының бұйрығымен 6 мамыр 1953 жылдан (12
қаңтар 1950 жылғы КСРО-ның Жоғарғы Кеңес Президиумы бұйрығына
енгізілген) ауыр жағдайда өлтіруді жүзеге асырған адамдар үшін өлім
жазасы кеңінен қолданылды.
Ал енді КСРО-дағы соттан тыс жазалау органдары жайында тоқталар болсақ,
мыналарды айтуға болады: 20 желтоқсан 1917ж РСФСР Халық Комиссарлар
кенесі жанында контрреволюциямен, спекуляциямен және саботажбен күрес
жөніндегі жалпы ресейлік Төтенше Комиссия (ЖТК-ВЧК) деп аталатын арнайы
орган құрылды. ЖТК ұйымы туралы декрет жобасын Ленин құрастырды. ЖТК
міндетіне ең бастысы :
Ол құжатқа қарсы барлау және кенес билігінің саяси қарсыластарымен
тартыс енді. Бұл тартысты ЖТК соттан тыс жаза әдісімен іске асырды. Тез
арада жазалау органы ретінде ЖТК-ң ролі өсіп, 1917-1920жж әскери коммунизм
деп аталатын кезеңде ерекше үлкен болды. Әсіресе осы органмен жүзеге
асырылған үлкен болды. Мұндай жалпы дәлелдер “экплуататар класына”
тиістілік ретінде немесе революцияның жауларын жою үшін жеткілікті болды.
Тұққынға алынғандардың революция жауларына қатыстығы ЖТК жұмысшылардың
революциялық ар-ұжданын әмірлігі бойынша анықтайды. [13,14-б.]
Әсіресе шеткі аймақтарда, ЖТК органдарымен жүргізілген террор сондай
көлемге қол жеткізді, бұл 1919ж жазда ВЦИК-ң арнайы декрет жариялауға
мәжбүретті. Онда ЖТК органдарымен соттан тыс тәртәппен қарастырылатын
қылмыстардың нақты тізімдері көрсетілді. Осы декрет бойынша ЖТК
контрреволюциялық істерден басқа, қарулы қарақшылық және ірі ұрлық сияқты
істерді анықтап тексерді. ЖТК органдарында қолданылған қылмыстық іс-жүргізу
тәртібі қылмыстық құқықта тергеу, іздеу немесе инквизиция процесі деген
атпен белгілі болды. Бұл процестің ортағасырларда қолданылғаны белгілі.
Аталмыш процес барысында тергеу аса құпшылықпен жүргізілді және бөтен
адамдардың қатысуынсыз іске асырылды, процесте ешқандай жандар болмады, ал
іс құпия хабар мен және құпия өсек бойынша басталды, айыпталушының өзі сот
процесінде тек тергеу обьектісі болып саналды. Жинақталған материалдар
жазбаша түрде белгіленді, аталған материал негізінде жалпы ешбір тексерусіз
үкім шығарылды. Ленин заңгер ретінде, ол туралы есіне түсіріп, оны тарих
тұңғмығына алып шығарды және ЖТК-ге өзінің қолдан жасаған ЖТК-н
ортағасырлық респотизмнің (мұндай) еске сыналған қарумен қаруландырды.
ЖТК бөлімдері барлық губерниялық қалаларда ұйымдастырылды. Бір мезгілде
Қызыл Армияда ЖТК-ң ерекше бөлімдері ұйымдастырылды, тыңшылықпен күрес
міндеті енді. ЖТК өзіне қара-немқұрайлы болды: кейде барлық тергеу
материалы сол уақытта қызмет еткен жалғыз мәжіліс хаттан және репрессияны
қолдану туралы қаулыдан құралды; ату жүзеге асырылған соң, да мәжіліс хат-
қаулы дайындалған жағдай бақылауға алынды. Тергеу өндіру техникасы
қарапайым болды. ЖТК-ң Ерекше бөлім тергеушісі іс бойынша тергеу
жүргізілді, ол олармен құрастырылған қаулылармен оларға ұсынылған жазалау
шаралары көрсетілді.Бұл қаулы кешеуілдемей Ерекше бөлім бастығымен
бекітілді.Тергеу материалдарының мазмұны жауапкершілікке тартылғандар үшін
беймәлім күйінде қалды, Ерекше бөлімнен анықталған жаза түрі де белгісіз
болды, Ол тек үкімді іске асыру сәтінде ғана білді (дәл осындай әдіспен
1947-1945жж соғыс кезінде Кеңес Әскерінің Ерекше бөлімдері әрекет етті.).
6 ақпан 1922 жылғы Кеңестердің ІХ сьезінің шешіміне сәйкес, жаңа
экономикалық саясаттың заңы негізінде ЖТК-да Ерекше мемлекеттік саяси
Басқарма(ЕМСБ-ОГПУ) қайта құрылды. [14,20-б.]
ЕМСБ-ОГПУ құрамында “ЕМСБ-ОГПУ сот коллегиялары құрылды, ал облыс
орталықтарында “ЕМСБ-ОГПУ-ң ерекше үштігі” құрылды. ЕМСБ мен ЖТК
арасындағы айырмашылығы сол, ЖТК ешбір дайындықсыз өзінің құрбандарын жойып
отырды, ал ЕМСБ әрине, ешқандай сотпен қатысы жоқ дәл осы актіні ЕМСБ сот
коллегиясына тапсыру жолымен дайындауы қажет болатын. ЕМСБ-ң осы ост
коллегияларында бұрын ЖТК қолданған тәртіп бойынша іс айыпталушыны
шақырусыз және мәжіліске куәгерлерді шақырусыз тыңдалды. ЕМСБ-ң ЖТК-дан
негізгі ерекше белгісі – ЕМСБ істері сотқа тапсырылатын қылмыстық істерді
қарамады, деген кейде бұл тәртіп те бұзылды.Барлық контрреволюциялық істер
бұрынғысынша ЕМСБ-ң міндетіне кірді. ЖЭС кезінде террордың көлемі біршама
жұмсарды және қысқартылды, бірақ бұл уақытша құбылыс болды: 1928ж бастап,
ЕМСБ қызметі жаңадан ең көлемге ие болды.
10 шілде 1934 жылғы заңмен ЕМСБ,ОАК(ЦИК) және КСРО-ң жалпыодақтық Ішкі
Істер Халық комиссариатының (ІІХК-НКВД)-ң аталған қаулылармен құрылған
Мемлекеттік қауіпсіздіктің басты Саяси басқармасы (МҚБСБ-ГУГБ) ретінде
енгізілді. Контрреволюциялық істерді қараумен байланысты МҚБСБ функция
бөлімі – ІІХК округтің әскери трибуналдарға, сонымен қатар облыстық,
өлкелік, теміржол және жоғарғы сот жанында құрылған арнайы коллегияларға
жүктелді, олардың құрамы толығымен ІІХК жұмысшыларымен толықтырылды. 10
шілде 1934 жылғы КСРО-ң ОРталық Атқару Комитетінің (ОАК-ЦИК) және Халық
Коммисарлар Кеңесінің (ХКК-СНК) қаулысының шешімімен, аса қауіпті
контрреволюциялық қылмыстар жоғарыда көрсетілген сот органдарын қарауына
тапсырылды; құрылған осы қаулылар негізінде ІІХК жанындағы ерекше кеңес тек
шектелген соттан тыс жазалау құқығы сақталды, яғни нақтырақ айтқанда тек
жер аударылу айдалу және лагерлерге 5 жылға дейінгі мерзімге қамауға алу.
“Ерекше кеңес” құқығын шектеу туралы бұл қаулы 1936 жылға дейінгі кезеңдегі
өмірде жүзеге асырылғандығы жөнінде нақты мәліметтер жоқ; 1936 жылдан
“Ерекше кеңес” қайтадан 25 жылға дейінгі мерзімге лагерге қамауға және өлім
жазасына үкім шығарылғандығы белгілі бола бастады.
НКВД органдарында тергеу бойынша жүргізілген істер келесідей принцип
негізінде өзара “Ерекше кеңес”, арнайы коллегия және әскери трибуналдарға
үлестірілді. Егер іс материалдарында сотқа тарту үшін формальды негізі
болса, онда сотқа жататындығы бойынша іс арнайы коллегиялар мен әскери
трибуналдарға тапсырылды; егер де мұндай негіз болмаса, ондай жағдайда,
НКВД-ІІХК-ң органының ойынша, тұтқынға алынғандарды сонда да (алдын ала
ескерту мақсатында) соттауға болатын болды, не істері олардың “Ерекше
кеңесі” тапсырылды. [20,13-б.]
1936 жылы “Ерекше кеңес” сондай істерге асыра толтырылды және оларды
анықтап тексеруге өзінің физикалық қажеттілігі болмады. Сол кезде Кеңес
Одағының бүкіл облыстық қалаларында “Ерекше кеңестің” органдары құрылды.
ІІХК-да ЕМСБ-ны қайта құрылғанға дейінгі қандай органдар болса, дәл срндай
органдар қайтадан қалпына келтірілді. Бірақ сол кезде ЕМСБ-ң Басқаруындағы
әскери округтерде ЕМСБ-ң ерекше үштігі деп аталды. Айырашылығы келесідей
байқалды: ЕМСБ үштігі тек әскери округтер жанында болды, ал енді “Ерекше
Кеңес” бөлімдері барлық облыстарды құрылды, демек, олар бұрынғысынан да көп
болды. Оған қоса, милицияның облыстық басқармалары жанында аталмыш
“милиция үштігі” құрылды. Олар 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан
айырып соттады. “Әлеуметтік қауіпті элемент” (адам) емес, тек әлеуметтік-
қауіпті саналатындарға соттады. “Әлеуметтік-қауіпті элемент” тарауына
(қылмысты істі элементтен басқа) жаңа ғана паспорттық жүйеге енгізілген
ережені қандай да бір көлемге бұзған барлық адамдар енді. Бұл жалпы алғанда
тіркеу ережесіне және ісіресе астананың облыстық қалалардыңғ ірі
индустрияларды орталықтардың режимді зонасына қатысты болды.
Аталмыш “милициялық үштікпен” сотталғандардың саны бүкіл КСРО
шекарасында көрер көзге ғана 1-2млн адамға жеткен. Мысал ретінде, Капорск
шығанағының шығыс жағалауында орналасқан (ленинградтан батысқа қарай 110-
120км) концентрациялық лагерде 1930ж ортасында, осындағы 18мың тұтқындардың
(15мың ерлер және 3 мыңы әйел) 40% жуығы паспорттық жүйені бұзғаны үшін
сотталған адамдар болды, еске сала кететіні басым бөлігі соттан тыс
тәртәппен сотталғандар болғандығы туралы факт келтіруге болады. [16,11-б.]
“Ерекше Кеңес” қызметі Ежовищина кезеңінде (1936-1938) барынша дами
түсті. Осы кезеңде концентрациялық лагерлерге жіберілген адамдардың саны
қанша болғандығы белгісіз, бірвқ болғандығын толық сеніммен айтуға болады.
(Ежовицина кезеңіндегі лагерлердің тұтқындары “ежовский жиынтық” деп аталды
бұрынғы “кировтық” деп аталатын жиынтықтан ерекшеленді. Кировтың
өлтірілуінен кейін 1935ж аралығында тұтқындардан құралды. Киров 1 желтоқсан
1934ж өлтірілді.). “ерекше Кеңестің ” күшейген қызметі 1938 жылдың соңына
дейін жалғасты. Ежовты босатқанға дейін; бұдан кейін ол шамалы қысқартылды,
бірақ ұзақ емес.
Соғыстың бастапқы кезеңінде Европадағы ІІХК-ң жаңадан жаппай көлемді
жұмыстарды қолға алды. Бұл фин соғысының басталуымен және Батыс Украина,
Батыс Белоруссияны біріктіруде ерекше байқалды. Сол кезде ІІХК Кеңес
Одағында ескі облыстардың тұрғындарына қатысты репрессияны күшейтумен қоса,
антисоветтік элементтен қайтадан қосылған облыс территорияларын тазалау
бойынша үлкен репрессия жүргізіле бастады. Бұл “осадник” деп аталатын
тұтқындар науқанымен басталды. (Батыс Украина және Батыс Белоруссиядағы
поляк әскери қоныстанушы-колонистер осылай аталған) Бұл факт аталған
жағдаймен жеткілікті анықтылықпен дәлелденді. Яғни осы облыстарды
тұтқындардың саны бүкіл тұрғындардың 13% құрады. Сол уақытта
“осадниктердің” саны тұрғындардың әрең дегенде 2-3% шектен шықты. Аталмыш
жұмыстардың барлығы МҚБСБ-ІІХК іске асырылды және “Ерекше Кеңеспен”
дайындалды. Батыс Украина және Батыс Белоруссиядан кейін келесі кезек
Прибалтика елдеріне өтті.
ІІ д.ж.с басталуымен және әскери жағдайда жариячланумен Кеңес Одағының
бүкіл Европанық бөлігінде дерлік әдеттегі азаматтық соттардың қызметі
тікелей түрде мүлдем тоқтады. Бүкіл Кеңес одағы бойынша дерлік халықтың
және облыстық соттар таратып, олардың орнына облыстық және аудандық әскери
трибуналдар құрылды. Бұл трибуналдардың қызметі Мемлекеттік Қауіпсіздік
жөніндегі халық комиссариаты (МҚЖХК-ИКГБ) органының тікелей бақылауымен
өтті және олар тек формальді түрде юстицияның халық комиссариатына
бағынды. Кеңес одағының дәуірінде жылына байланысты болды, ал майдан
алаңында барлық сот ісін жүргізу Армияның ерекше бөлімінің қолында болды,
шын мәнінде сол МҚЖХҚ-ң қолында болды. [25,14-б.]
Соғыстың екінші кезеңінде бұрын неміс оккупациясында болған контррево-
люциялық элементтерден территорияны тазалау бойынша ауқымды жұмыс
басталды. Кейін оның аяқталуымен немістермен жер аударылған кеңес азамат-
тарын тексеру басталды. Бұл жұмыстың барлығы Мемлекеттік қауіпсіздік
министірлігі (МГБ-МҚМ) органдарымен жүзеге асырылды. ІІХК 1941ж МҚЖХБ және
ІІХК-на бөлінді.
Соғыстың екінші кезеңінде кеңес Одағының жоғарғы Кеңес Президиумы-
мен жазаның жаңа түрлері енгізілген дарға асу арқылы өлім жазасына кесу
және каторгалық жұмыс бұйрық (заң) 19 сәуір 1943 жылы жарияланды.Бұл
бұйрық ерекше кең қолданысқа ие болды. Репрессия шаралары осы заң бойынша
іске асырылды, ең алдымен МҚМ органдарымен және оның Ерекше кеңесімен
жүзеге асты,оған қоса едәуір аз дәрежеде, шындығында МҚМ-ң бақылауында
болғанәскери трибуналдарымен іске асты. Аталған барлық істер бойынша тергеу
тек қана МҚМ-де жүргізілді.
19 сәуір 1943 жылғы заңды қолдану туралы кеңінен түсіндірген МҚМ
айрықша шама қабылдады. Осы заңды практикада қолдану басым көпшілік
жағдайда, 19 сәуір 1943жылғы (заңның) бұйрықтың міндеті және шынайы мазмұны
мен ешқандай ортақтығы болмады. Немістер басып алған облыстарда, олармен
болмаған қарым-қатынаста болды деген кенес азаматтары МҚМ органдарымен және
әскери трибуналдармен енжарлық (пассив)опасыздық немесе немістермен
қарым-қатынас ретінде бағаланды.Осы заманның іс-әрекетімен
дәлелденді.Мұндай қылмыстар немістерге кір жуып беру немесе неміс
асханасында жұмыс істеу немесе немістер иеленген орындарды жинау сияқты бұл
қылмыстар үшін әдетте аштықтан өлмес үшін, немістерге жұмыс істеуге мәжбүр
болған әйелдер мен жасөспірімдер сотталып жатты. Олар булары үшін соғыс
қылмыскерлеріне дем беруші ретінде танылып, заң (негізінде) бойынша 20ж-ға
дейінгі мерзімге лагерлердегі каторгалық жұмыстары үкім шығарылды.
Оккупацияланған облыстарда немістермен ұйымдастырылған басқармаға қандай да
бір шынында қатысы бар адамдарға (старосталар, бургаминистрлер) дарға асу
арқылы өлім жазасына кесуге үкім шығарылды.
МҚМ-ң арнайы комиссиясы әскери трибуналдардың көшпелі сессиясының
қатысуымен жылдам жазалауды жүзеге асырды. Дәл осындай шамамен және осындай
дәлелдеулермен остовец- мен және бұрын неміс тұтқындығында болған Кеңес
жауынгерлеріне қатысты осындай заңдар (бұйрық) МҚМ органдарында қолдалынды.
Олардың кінәсі көп жағдайда бүкіл осы зардап жағдайынан келіп шыққан
енжарлық опасыздық ретінде бағаланды және түбі каторгалық жұмыс және
дарға асуға ұшыратады. Ең орташа есеп бойынша, 19 сәуір 1943 жылғы заңға-
сәйкес 3 млн-нан астам адам сотталды. [33,13-б.]
Мұның барлығынан кеңес билігінің қарсыластарымен тартысы тәсілі
алдағы уақытта да, оның бастапқы қалыптасқан кезеңіндей болғандығы
байқауға болады. Тек репрессияны жүзеге асыратын атомдардың атауы өзгерді –
ВГК, ОГПУ, НКВО, МВД, МГБ, олардың іс - әрекеттернеде құқықтың ізі де
жоқ.Айыптылығына күдіктену ретінде әйелдер мен балаларды алушылық
білдірмей, алдын – ала ескерту мақсатында миллиондаған адамдарды жоюды
жүзеге асырды. Большевиктік жетекшілердің пікірінше олар сол уақытта
қауіпті және қос қана емес, сонымен қоса алдағы уақытта (болашақта) қауіпті
және қасжау болуы мүмкін.
1917 жылдан 1954 жылға дейінгі аралық осындай кеңестік сот
заңдарының эволюциясы, оны қолдану және соттан тыс қуғын-сүргін саясатын
жүргізу жолы болды.
Біз қарастырып отырған кезеңде КСРО-да мынадай сот органдары жұмыс істеді:
[50,111-б.]

Соттың атауы Қызмет еткен Айналысқа істері Қай жерлерде
жылдары қызмет етті
Жергілікті халық 1918 – 1922Қарапайым қылмыстық Уездер және шағын
соттары жж. істер. ( ұсақ )
қалаларда.
Революциялық Контрреволюциялық Губернияларда
трибуналдар. 1918 – 1922 қылмастар және аса және ірі
жж. маңызды қылмыстық қалаларда.
істер
Революциялық әскери1920 – 1922 жжТеміржол және су – Теміржол
теміржол транспорты істері басқармасы
трибуналдары жанында

Революциялық әскери1919-1922 жж. Әскери қылмыстар
трибуналдар
Кеңес Одағының 1922 – 1954 Республикалық
жоғарғы соты: жж. сотттар және аса
а) Азаматтық маңызды істер үшін
коллегия жоғарғы

шағым – арыз
б) Қылмыстық (кассациялық) сот
коллегия Республикалық соттар
және аса маңызды
1922 – 1954 істер
в)Теміржол жж.
коллегиясы кассациялық сот

Темір жол соты үшін
г)Су-транспорты кассациялық соттар.
коллегиясы
1923-1954 жж. Су-транспорты
бассейні соттары
үшін (бойынша)
д)Әскери коллегия кассациялық сот.
1922-1954 жж.
Әскери трибунал,
әскери округ, әскери
флот үшін
кассациялық сот


922-1954 жж. Әрбір одақтас
республикаларда
Одақтас
республикалардағы
жоғарғы соттар:
а)Азаматтық
коллегия 1922-1954 жж. Өлкелік және
облыстық сот және
аса маңызды істерді
қарау (тергеу) үшін
б)Қылмыстық кассациялық сот
коллегия Өлкелік және
облыстық сот және
1922-1954 жж. аса маңызды істерді
қарау (тергеу) үшін
кассациялық сот

Өлкелік және
облыстық соттар:
әрбір өлкеде және
облыста
а)Азаматтық
коллегия 1922-1954 жж. Алғашқы сот
ретіндегі халықтық
соты және аса
маңызды істер үшін
б) Қылмыстық кассациялық сот
коллегия
Контрреволюциялық
1922-1954 жж. істер үшін және өлім
жазасына кесілуі
мүмкін алғашқы
инстанция және халық
соты үшін
(шағым-арыз)
кассациялық сот
Халық соттары 1922-1954 ж. Контрреволюциялық Егер аудан үлкен
және азаматтық болса, әрбір
істерден басқа өлім ауданда бір
жазасына кесілмейтіннемесе бірнеше
барлық баптар
бойынша қылмыстық
істер
Әскери округтердегі1922-1954 жж. Әскери нөмірлі Әрбір әскери
әскери трибуналдар трибунал және округте
Нөмерлі әскери алғашқы инстанция
трибуналдар соты.
Әскери қылмыстық
істер және жалпы
қызметкерлер ісі
(бейбіт уақытта
тек өлім жазасы
кесілмейді).
Әскери округ 1922-1954 жж. Әскери округ бөлімі Әрбір әскери
жанындағы Ішкі бойынша Ішкі Істер округте
Істер Министрлігі Министрлігі әскери
әскерінің әскери трибуналдар және
трибуналдары ІІМ(МВД) жұмысшылары
үшін Қылмыстық
Кодекстың 58,
пп 1-а, 1-б, 1-в, 6,
8 және 9 бабы
бойынша алғашқы
инстанция үшін
кассациялық сот
Жеке әскери округ 1934-1954 жж. Ішкі Іштер Сол әскери округ
бойынша Ішкі Істер министрлігінің орналасқан әрбір
министрлігі әскери облыста
әскерінің әскери қызметкерлерімен
трибуналы. жүзеге
асырылған маңызды
және басқа да
қылмыстар. (өрт
сөндіру күзетінде
және түтқындау
орындарында).
Әскери-теңіз 1922-1954 жж. Әскери-теңіз
флотының әскери флотынын әскери
трибуналдары трибуналдық бөлімі
және Қылмыстық
Кодекстің 58, пп
1-а, 1-б, 6,8 және 9
статья бойынша
кассациялық сот
Әскери флоттағы 1922- 1954жж. Әскери-теңіз Аталған
әскери трибунал флотындағы әскери әскери-теңіз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Қытай
Негізгі түсініктер және термодинамиканың бастапқы ережелері
50-70 жылдардағы Ирандағы саяси оқиғалар
КОРЕЯНЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕ ТАБАЛДЫРЫҒЫНДА
Патша үкметінің қазақ даласындағы мемлекеттік-құқықтық саясаты. Аға сұлтандардың құрамы және әлеуметтік келбеті
Қазақстанның қорықтары мен бақтары туралы
Қазақстан халқының КСРО уақытында ашашрылқта болған жағдайы
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы әртүрлі саяси шаруашылық науқандардағы жүргізілген сот істерін ғылыми еңбектер мен деректер негізінде зерттеу
1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай террор мен саяси репрессия зардаптары
Нарықтық экономикадағы ипотеканың алатын орны мен ролі
Пәндер