Қазақ салт-дәстүрінің тәрбиелік негіздері



Кіріспе

1. Тарау Қазақ салт.дәстүрлерінің теориялық негіздері.
Салт.дәстүр туралы түсінік.
Салт.дәстүрді тәрбие түрлеріне байланысты жіктеу.
Қазақ салт.дәстүрлерінің тәрбиелік негіздері.

Тарау Қазақ салт.дәстүлері арқылы оқушыларды тәрбиелеудің мазмұны, формасы және әдіс.тәсілдері.
Білім беру барысында қазақ салт.дәстүрлерінің материалдарын қолдану.
Тәрбие сабақтарында қазақ салт.дәстүрлерінің матеиалдарын қолдану формалары.
2.3 Қазақ салт.дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеудің мазмұны, формасы және әдіс.тәсілдері



Қорытынды
Кіріспе

Республикамыздың түкпір-түкпіріндегі бүгіндері жылдан-жылға сандары асып, қазақтың елі мен жерінің және тілінің мерейін өсіріп, болашақ ұрпақтың ұлтжанды болуына бірден-бір себепкер, жол көрсетуші ана тіліміздің алтын қазығы болып табылатын қазақ мектептерінде бас көтерер басты тұлға – ұстаздар қауымы екендігі дау туғызбайды.
Түптеп келгенде ата-анадан кейінгі бала, яғни оқушы тағдырының арқауына айналатын да осы мұғалімдер.
Жалпы әр ұлттың өсіп, жетіліп келе жатқан жастардың, жауқазын ұл-қыздарының өз елінің тілін, дінін, әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын, мәдениетін жете меңгерулеріне де бірден-бір атсалысатындар да осы тәлімгерлер.
Жастар - қоғам дамуындағы зор күш. Бұл кезең адамның өмірінің албырт, әрі мөлдір, ізденгіш талапкер кезі.
Қазақ халқында ешқандай қағазға жазылмаса да, бала тәрбиелеудің белгілі бір жүйесі болған. Ол ғасырдан-ғасырға, ата-анадан балаға, баладан оның ұрпақтарына жалғасып келе жатқан ұлттық дәстүр, әдет-ғұрыптар мен салт-саналар. Олар халық педагогикасының басты тарауларының бірі.
Халық тәрбиесі – сол халықтың ой-арманымен, тіршілік тынысымен, шаруашылық кәсібімен, отбасылық, қоғамдық, ұлттық тәлім-тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста туып, өсіп-өркендеп, дамып жеткен тарихи және мәдени мұрасы.
Өскін ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, олардың жан дүниесін дамыту жайында ұлы орыс педагогы К.Д. Ушинский “әрбір халық пен ұлт өз ана тілі мен салт-дәстүрін қастерлеп, тарихи даму жағдайына орай білім алып, тәрбиелеу керек” деген өзінің ұлағатты ойын “Родная речь” атты еңбегінде ерекше атап айтады.Халқымыздың ұлы перзенті Ы.Алтынсарин өзінің еңбектерін ана тілінде жазып, “бала тәрбиесі оның табиғи ортасы мен халқының салт-дәстүрі рухында тәрбиеленетін болса, оның сана-сезімінің дамып жетілуі де ұлты мен халқына қызмет ететін көкірегі ояу, салауатты азаматтар болып өседі” – деген ой түйген болатын.
Пайдаланылған әдебиеттер


1. Салт -дәстүрі басқа, максаты бір //Қайнар вестник.
//Бастауыш мектеп. 2005. № 11. - Б. 17-20.
2. Қалиев С, Оразбаев М, Смаилова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. А;1994 ж
3. Жарықбаев Қ, Қалиев С. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. А; 1994
4. Наурыз: жаңғырған салт-дәстүрлер. Құрастырған – М. Қазыбеков. 5.Сатыбаев С Халық әдебиетінің тарихы негіздері — Алматы: 1992Алматы, 1991.
6. И.А.Қайров Адамгершілікке тәрбиелеу әліппесі. Алматы, 1980.
7. Халел Арғынбаев «Қазақтың отбасылық дәстүрлері»
8. ↑ Қазақ энциклопедиясы, 7 - том

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Баяндама
Тақырыбы: Қазақ салт-дәстүрінің тәрбиелік негіздері

Кіріспе

1. Тарау Қазақ салт-дәстүрлерінің теориялық негіздері.
Салт-дәстүр туралы түсінік.
Салт-дәстүрді тәрбие түрлеріне байланысты жіктеу.
Қазақ салт-дәстүрлерінің тәрбиелік негіздері.

Тарау Қазақ салт-дәстүлері арқылы оқушыларды тәрбиелеудің мазмұны,
формасы және әдіс-тәсілдері.
Білім беру барысында қазақ салт-дәстүрлерінің материалдарын қолдану.
Тәрбие сабақтарында қазақ салт-дәстүрлерінің матеиалдарын қолдану
формалары.
2.3  Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеудің
 мазмұны, формасы және әдіс-тәсілдері

Қорытынды

Кіріспе

Республикамыздың түкпір-түкпіріндегі бүгіндері жылдан-жылға сандары
асып, қазақтың елі мен жерінің және тілінің мерейін өсіріп, болашақ
ұрпақтың ұлтжанды болуына бірден-бір себепкер, жол көрсетуші ана тіліміздің
алтын қазығы болып табылатын қазақ мектептерінде бас көтерер басты тұлға –
ұстаздар қауымы екендігі дау туғызбайды.
Түптеп келгенде ата-анадан кейінгі бала, яғни оқушы тағдырының арқауына
айналатын да осы мұғалімдер.
Жалпы әр ұлттың өсіп, жетіліп келе жатқан жастардың, жауқазын ұл-
қыздарының өз елінің тілін, дінін, әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын,
мәдениетін жете меңгерулеріне де бірден-бір атсалысатындар да осы
тәлімгерлер.
Жастар - қоғам дамуындағы зор күш. Бұл кезең адамның өмірінің албырт,
әрі мөлдір, ізденгіш талапкер кезі.
Қазақ халқында ешқандай қағазға жазылмаса да, бала тәрбиелеудің белгілі
бір жүйесі болған. Ол ғасырдан-ғасырға, ата-анадан балаға, баладан оның
ұрпақтарына жалғасып келе жатқан ұлттық дәстүр, әдет-ғұрыптар мен салт-
саналар. Олар халық педагогикасының басты тарауларының бірі.
Халық тәрбиесі – сол халықтың ой-арманымен, тіршілік тынысымен,
шаруашылық кәсібімен, отбасылық, қоғамдық, ұлттық тәлім-тәрбие дәстүрімен
тығыз байланыста туып, өсіп-өркендеп, дамып жеткен тарихи және мәдени
мұрасы.
Өскін ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, олардың жан дүниесін дамыту жайында
ұлы орыс педагогы К.Д. Ушинский “әрбір халық пен ұлт өз ана тілі мен салт-
дәстүрін қастерлеп, тарихи даму жағдайына орай білім алып, тәрбиелеу керек”
деген өзінің ұлағатты ойын “Родная речь” атты еңбегінде ерекше атап
айтады.Халқымыздың ұлы перзенті Ы.Алтынсарин өзінің еңбектерін ана тілінде
жазып, “бала тәрбиесі оның табиғи ортасы мен халқының салт-дәстүрі рухында
тәрбиеленетін болса, оның сана-сезімінің дамып жетілуі де ұлты мен халқына
қызмет ететін көкірегі ояу, салауатты азаматтар болып өседі” – деген ой
түйген болатын.
Қазақ халқының этностық ерекшеліктерін байыптасақ, бұл халық ұрпақ
сабақтастығын сақтап, алысты жақындатып, аразды татуластырған, ізетті
келіннен таныған, татулықты абысыннан тапқан, дарқандықты даласынан,
даналықты бабасынан, пәктікті баласынан алған халық. Қазақ адамгершіліктің
басы әділдікті ту етіп, әділдіктің басы болған адалдықты анасынан алған.
Аналар ұрпақты ұлағаттыққа баулып, дауға-дәру, жауға-қару, араздыққа-араша,
татулыққа-тамыр, тазалыққа-нәр, пәктікке-пәрмен, дәстүрге-дәрмен, өнерге-
тұлра, көкте-сұңқар етіп тәрбиелеген.
Халқымыздың ғасырдан-ғасырға қастерлеп келген құнды дәстүрлері өте көп.
Оны бүгінгі ұрпақ қаншалықты біледі, қастерлейді, білмесе білуге ұмтыла ма,
“халқын сүйген салтын да сүйеді” демекші, олар ата-салтын мақтаныш тұта ма,
деген сұрақтар төңірегінде ойланғанымыз жөн..
“Қазақтар балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен
тәрбиеле”, - дегендей халқымыздың бойына сіңген атадан балаға жалғасып келе
жатқан ұлттық тәрбиесі өзге ұлттардан ерекшеленіп, өздеріне тән қасиеттерді
көрсетіп тұратындығын жоққа шығара алмаймыз.
Бүгінгі күні тіліміздің аясы кеңіп, мемлекеттік мәртебе алып отырған
шақта қазақ мектептерінің саны да артып келеді. Алайда ең керегі оқу
орнының сан емес – сапасы екенін естен шығармау керек.
Көбінесе тақырдан басталған халықтық тәрбиенің негізі – орыс
мектептеріне арналған оқулықтар мен оқу құралдарынан, әдістемелерден
аударып бағдарламаларға енгізілді. Ал, бұл тұста атап айтып тұрғандай,
біздің ұлтымызға ғана тән тіліндегі, дініндегі, өмір сүру үрдісіндегі,
тұрмыс салты мен әдет-ғұрпындағы басқа ешбір халықта қайталанбайтын
ерекшеліктер ескерілмеді. Басқасын былай қойғанда жетпіс жыл бойы солақай
саясаттың шырмауында, сол кездегі саясатқа байланысты қазақ мектептерінде,
ұлттық мектептерде тәрбие мүлдем жүргізілмегендігі ешкімге жасырын емес.
Бүгінгі таңда тәуелсіздігіміздің он жылдығын атап өтіп, егемендігіміздің
еркіндігінің есебі өмірдің – сан-саласында қанат жайып, шарықтаған тұста,
әлі де ауыз толтырып, ұртымыз ісіп, мақтанып айта алмайтын күрмеуі шешілмей
келе жатқан мәселелер аз емес.
Жоғарыдағы ойымызды тірілтер болсақ, қазақ тілінде дәріс беретін
көптеген мектептерде “Халық педагогикасы” өз дәрежесінде жүргізілмейді.
Осының салдарынан ұлттық дәстүр мен әдет-ғұрыпты аяқ асты ету, үлкенді
кішінің, ата-енені келіннің сыйламауы, ағаның ақылын інінің алмауы,
жастардың еңбекті сүймеуі, жатып ішер жалқаулық, нашақорлық пен
маскүнемдік, пайдакүнемдік т.б. сорақы қылықтар жастар арасында жиі көрініс
беруде.
Бала тәрбиесі баршаға ортақ іс. Оған көпшілік қоғам болып жұмылу,
парасаттылық пен байсалдылық керек. Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден
қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрі мен тағлымдарын, мәдениет тарихын,
бұрын-соңғы ұлы ойшыл педагогтардың еңбектерін оқып жетік білмей, оны жақсы
меңгермей тұрып келер буынға дұрыс тәрбие-тағлым беру мүмкін емес. Себебі,
өткенді жақсы білмейінше келешекке сапар шегу, Л.Толстой айтқандай , айсыз
қараңғыда сүрлеу соқпақ іздеп шатасумен пара-пар.
Қазақстан Республикасының 1999 жылы қабылданған “Білім туралы” заңында:
- “қазақ халқының мәдениті мен дәстүр салтын оқып-үйрену үшін жағдай жасау”
деп көрсетілген.
Сондықтан да ұлттық салт-дәстүрлерді бала бақшадан бастап жоғары оқу
орындарында дейін кең түрде насихаттау қажет.
Бұл мәселемен Республикаға есімі танымал ғалымдар мен педагогтар, атап
айтқанда, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, С.Ұзақбаев, М.Балтабаев, Ә.Табылдиев,
С.Тілеуова, Қ.Ералин, Б.Ортаев сынды зерттеушілер айналысқан.
Қазіргі таңда салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәнін ашу, тәрбиелік әдіс-
тәсілдерін жетілдіру қажеттігі айқын көрінуде. Салт-дәстүрлердің тәрбиелік
қажеттілігі мен оның тәрбие үрдісінде қолданудың арасында қарама-қайшылық
орын алуда.
Дәстүрсіз халық жоқ. Ол тарихи негізінде қалыптасып ұрпақтан-ұрпаққа
берілетін әдет-ғұрып жалпыға бірдей әдеп, инабат нормасы болып табылады.
Дәстүрлердің жалпыға ортақ ең маңызды қызметі – адамдар арасындағы өркендеп
және өзгеріп отыратын тұрақтылықты ретке келтіріп отыру.
Тұрақтылық болмаса даму да болмайды. Соның нәтижесінде әрбір жаңа ұрпақ
өткен ғасырлар мұрасының әсеріне ұшырап, оған бойсұнуға әзір. Белгілі
француз социологі Э.Дюркгейм “Дәстүр – адамдардың қоғамнан дайын күйінде
табатын, өздерінің тәртіптерін жөнге түсіріп және әрекетке келтіріп
отыратын тетік. Дәстүрді бұзғаны үшін берілген жаза тайпалардың бірлігін
сақтауға көмектесетін қорғаушы құрал болып табылады” – дейді.
Бұл жерде әңгіме Бірлестіктің берік өмір сүруі үшін, оған кіретін
адамдарға дәстүр талаптарын орындаудың міндеттілігі жайында болып отыр.
Дәстүрдің тағы бір қызметі – жақындастыру. Мұның тарихтағы айқын
көрінісі – рулық қауымдастықтар, олардың ауызбірлігі, тұтастықтарын
сақтауға ұмтылушылық “Кімнің жерін жайласаң, соның жырын жырлайсың” деген
мақал осыған байланысты айтылған.
Дәстүр ақпараттық қызмет атқарады. Ақпарлар дәстүр арқылы екшеліп,
қорытылып, қоғам жадында сақталады, соның арқасында ғасырдан ғасырға
жетеді. Соған байланысты адамдардың дүниеге келген жаңа ұрпақтары өзара
қарым-қатынас нормаларын қайтадан жасап қалыптастырып әуреленбейді, яғни
бұрыннан қалған жол-жосынды басшылыққа алады.
Дәстүрде жиналған ақпарлар арқылы ата-бабадан қалған материалдық және
мәдениетке иеғ мұрагер болады. Мысалы халқымыздың “Ата салған жол бар, ене
пішкен тон бар”, “Ата көрген – оқ жонар, ана көрген – тон пішер” деуінің
мәні бұрынғыдан қалған жөн-жосық, әдеп-салттың басшылыққа алынуға
міндеттілігін білдіреді.
Бүгінгі күні тіліміздің аясы кеңіп, мемлекеттік мәртебе алып
отырған шақта қазақ мектептерінің саны да артып келеді. Алайда ең керегі
оқу орнының сан емес – сапасы екенін естен шығармау керек.
Салт-дәстүр туралы түсінік.
Әрбір халықтың өз ерекшелігі бар. Сондай ерекшеліктердің бірі – салт-
дәстүрі. Салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын ұмытқан халық тарихтан өз орынын таба
алмайды.
Ендеше сол тарихқа көз жіберсек, біздің қазақ халқы екі ғасырдан астам
уақыт отаршылдық саясаттың астында болыпты. Жүздеген жылдар отарлық езгіні
көп ұлттар басынан кешкенімен, тап біз сияқты тіл мен әдет-ғұрпына,
мәдениетіне орны толмас зиян келтірген ел жоқ шығар.
Халқымыз ежелден өз ұрпағын адамгершілікке, инабаттылыққа, ізгілікке,
имандылыққа тәрбиелеуді ең басты мақсаты санаған. Сондықтан ата-бабамыз
көшіп-қонып жүріп-ақ ұрпақ қамын жеп, оның болашағына жеткілікті мән
берген. Сонау “Жеті жарғыдан” бастап ата-салт, әдет-ғұрпымыз бұған дейінгі
талай ұрпақ үшін теңдесі жоқ, тәрбиелік маңызы зор адамгершілік кодексіміз
болды. Оған айғақ шетел оқымыстылары, ойшылдары біздің салт-дәстүрімізге
ерекше назар аударып, зерттеп тамсана жазғаны.
Әдет-ғұрып пен дәстүрді идеалды форма ретінде түсіндіру Маркстік
философияға дейін үстемдік еткен көзқарас болды.
Капитализмнің дамуына байланысты археология, антропология, этнография,
географиялық жорықтар мен жаңа ашылулар аймақтарында қарқынды зерттеулер
жүргізіліп, дәстүр мен әдет-ғұрып этнографияның, этиканың, лингвистиканың,
өнертану, әдебиеттанушы ғылымдарының зерттеу нысанына айналды.
“Ұлттық дәстүр” тіркесі – қазіргі таңда өмірде жиі қолданылатын, екінің
бірінің аузындағы сөз. Бірақ оның мәні мен мазмұнына сол екінің бірі жете
бара бермейтіні де шындық. Қазіргі таңда оны ұлттық таным тұрғысынан ғылыми
талдап, анықтамасын айқындап, мән-мағынасын жалпы көптің түсінігіне
жеткізіп жатқан ғалымдарымыз да байқалмайды. Содан да болар, дәстүр сөзін
әркім өз таным-түсінігіне қарай орынды, орынсыз қолдана беретіні байқалады.
Мысалы, қалың көпшілікті былай қойғанда, қазіргі ат арқасында жүрген басшы
азаматтарымыздың өзі дәстүрді тар шеңберде, экзотикалық-сахналық көрініс
тұрғысынан қабылдап, оны қазақтың байырғы тұрмыс-тірлігіне қатысты әдет-
ғұрпының, кәсіби ерекшелігінің, өнерінің және басқаларының бір бөлігі деп
қарайды
Салт ұғымына Қазақ Совет энциклопедиясында “Салт – халықтар
кәсібіне, сеніміне, тіршілігіне байланысты қалыптасып ұрпақтан-ұрпаққа
ауысып отыратын әдет-ғұрып, дәстүр. Уақыт озған сайын оған жаңалық еніп,
өзгеріп қоғамдық болмыс принципіне бейімделіп отырады. Ал жаңа қоғамдық
қатынастарға қайшы келетіндері жойылып, өмірге қажеттілері жаңа жағдайға
ілгері дамиды” деп анықтама берілген.
Ал, дәстүр ұғымына келетін болсақ, бұл көп мағыналы ұғым. Оған әр түрлі
сөздіктердегі анықтамалар дәлел. Сондай-ақ, ол – педагогикалық,
психологиялық, философиялық, этнографиялық зерттеулердің де өзегі.
Қазақ Совет Энциклопедиясында “Дәстүр – ұрпақтан-ұрпаққа көшетін,
тарихи қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен принциптер. Дәстүр – қоғамдық
ұйымдар мен халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекеттерінің негізі” делінсе,
философиялық сөздікте “Дәстүр – тарих барысыныда қалыптасып, ұрпақтан-
ұрпаққа жалғасып отыратын әдет-ғұрыптар, салт-сана, қоғамдық тәртіп, заң
мұрат пен игілік, мінез-құлық қалыптары және т.б. қоғамда, ұлтта немесе
жекелеген әлеуметтік топтарда ұзақ уақыт бойы сақталатын әлеуметтік –
мәдени мұра элементтері” делінген.
Дәстүр – адамзат есіндегілерді және әлеуметтік тарихи тәжірибені
ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші және жинақтаушы. Дәстүрде бірнеше ұрпақтың
мәдениеті мен мәдениеттілігінің көптүрлігі және бірлігі жинақталған. Дәстүр
қоғамдық өмірдің барлық саласын, тәжірибесін қамти отырып қоғамның әр
деңгейіндегі ақылды даналықты бейнелейді.
Дәстүр әр қырынан әр түрлі аспектіде қарастырылатындықтан және әр түрлі
ғылымның зерделеу нысаны болғандықтан дәстүр классификациясы да әр алуан.
Мәселен, Д.Зеленин дәстүрді аймақтық (территориялық), ұлттық, отбасылық деп
жүйелесе, Е.Белоусова дәстүрді жалпы әлеуметтік – саяси, діни экономикалық,
халықтық – ұлттық, отбасылық, ұжымдық, мемлекеттік – патриотизмдік,
еңбектік, ерліктік деп жүйелейді.
Салт-дәстүр дегеніміз - халықтың жөн-жоралғылардың, ұстанымдардың
жиынтығы. Салт-дәстүрлер халыктың өмір-тұрмысынан, шаруашылық-тіршілігінен,
қалыптасқан қоғамдық қатынастарынан, дүниетанымынан туындайтын мәдени
құбылыс. Әдет-ғұрып ұзақ тарихи мерзімде біртіндеп қалыптасып, халықтың
санасына сіңіп, қай ұлттың болсын ұлттық болмысын құрайды және оны басқа
этностардан ерекшелендіреді.

Сонымен, дәстүр ұғым ретінде мәдениеттің маңызды категориясының бірі
және ол дәстүр оқу-тәрбие үрдісінің құралы да.
Салт пен дәстүрдің айырмашылығы неде дегенге келсек, салт адам өмірінің
күнделікті тіршілігінде жиі қолданылатын мінез-құлық, қарым-қатынас
ережелері мен жол-жора, рәсім, заңдарының жиынтығы.
Ал дәстүрдердің өрісі салттан әлдеқайда кеңірек. Дәстүр қоғамдық
сананың барлық салаларымен байланыста дамыған, топтасқан қауымның
қалыптасқан біріңғай көзқарасын, әдет-заңын марапаттайтын ритуал. Дәстүр
идеологияға жақындау да, ал салт қоғамдық психологияға жақын.
Салт-дәстүрлер ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге туып, бірге дамып
келе жатқан тарихи және көне процсс. Ол ұрпақ тәрибесінен, мәдени тұрмысы
мен шаруашылық тіршілігінен көрініс бере отырып, адамның дүниеге келуімен
бірге өрбіп, о дұ-үниеге аттанып кеткенше құндақтайтын, тербететін алтын
бесігі іспеттес.
Енді, осы дәстүрлердің бөліктерін қарастырайық, оған жататындар:
А) дәстүрлердің мазмұндарында қоғамдық-экономикалық қарым-қатынастардың
белгілері болатындығында;
Ә) дәстүрлердің белгілі бір дәуірдің қоғамдық-экономикалық қарым-
қатынасын бейнелейтін идеялардан тұратындығы;
Б) арнайы адамдар тобына ғана тән даралық қасиеттерді (темперамент,
мінез-құлық т.б.) көрсететін дәстүрлердің айырмашылықтары.
Аталған дәстүрлердің элементтерінің мазмұны – салт пен ғұрыптар арқылы
беріледі. Яғни салттар мен ғұрыптар дәстүрлердің нақты іс-әрекеті ретінде
қабылданып, дәстүрлердің (структуралық) түрлерін анықтауға қол жеткізеді.

Дәстүрлердің құрылымдарына тоқталсақ, оларға:
Дәстүрлер бірлігін анықтайтын мазмұн;
Салттар мен ғұрыптар дәстүрлер элементтерінің түрлерін
жалғастыратындығы;
Ішкі сенімнен тұратын мотивке негізделген салт пен ғұрыптардың қимыл,
іс-әрекеті арқылы дәстүрлерден көрініс табуы.
Дәстүрлердің атқаратын жалпы және жеке қызметтерін талдай келе, жеке
қызметінен жалпы қызметтің ерекшелігі – дәстүрлер мәнінің белгілі бір нақты
тарихи жағдайлармен анықталатындығында. Дәстүрлердің жалпы қызметін атап
айтсақ:
А) өзгермелі және үнемі даму үстінде болатын қарым-қатынаста
тұрақтылықты қамтамасыз ететіндігі;
Ә) адамдар қарым-қатынасын ретке келтіру қызметі;
Б) адамдардың біріккен іс-әрекетін ұйымдастыру қызметі;
В) әлеуметтік тәжірибені сақтау және келесі ұрпаққа жеткізетін қызметі;
Г) адамдарды әлеуметтендіру қызметі;
Д) тәрбиелік қызметі.
Қазақ халқының көптеген салт-дәстүрлерін топтауға болады.
Кейбір авторлар, (С.Қалиев және т.б.) оларды үш үлкен топқа бөледі:
бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер;
тұрмыс салт-дәстүрлері;
әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлер.
Бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптарға баланың дүниеге келген
күнінен бері жүргізілетін тәлім-тәрбиелік дәстүрлерден (шілдехана, сүйінші,
балаға ат қою, бесікке салу, қырқынан шығару, тілін дамыту, тұсау кесу,
атқа мінгізу, сүндет тойы т.б.) бастап қыз бала мен ұл баланы келешек
отбасы-жанұя құруға, шаруашылыққа, өмірге, еңбекке бейімдеуге арналған
азаматтық жөн-жоралғылар кіреді.
Ал тұрмыс-салт дәстүрлеріне қазақтың киіз үйі, киіз үйдің жиһаздары,
ұлттық киімдер мен тағамдар, мал бағу, егіншілік, аңшылық, балықшылыққа
қатысты кәсіптерге үйретудің тәлімгерлік түрлері енеді.
Философия ғылымының докторы, профессор Н.Сәрсенбаев өзінің “әдет-ғұрып,
дәстүр және қоғамдық өмір” атты еңбегінде әдет-ғұрып, дәстүрдің қоғамдық
өмірден алатын орнына, атқаратын қызметіне философиялық тұрғыдан талдау
жасап: “Дәстүрге әдет-ғұрыптың өткен қоғамнан қалған озық түрлері мен
тұрмыстық формалары, ырым-жоралары, рәсімдер жиынтығы кіреді ”, - дейді.
Дәстүр – тарихи тұрақтанған, қоғамдық қарым-қатынастың нормада бір
ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғасып жататын, көпшілік қоғам мүшелеріне ортақ
әдет-ғұрыптардың жинақталған түрі.
Әдет-ғұрып – рәсім арқылы көрсетілетін әрекет, қимыл. Ол да көпшілікке
ортақ іс-әрекеттен көрініс береді. Ал жол-жоралар, ырымдар - Әдет-ғұрыптың
бөлшектері, сонан келіп салт пен дәстүр тоғысып туындайды.
Біздің пікірімізше, ырым, рәсімдер, жол-жоралар салттың құрамдас
бөлшектері болып саналады да, дәстүр осылардың сұрыпталып, өмір өткелінен
өтіп, тұрмыста орын алған синтездік формасы демекпіз. Ал әдет-ғұрыпқа
салттың синонимі деп қарау керек.

1.2. Салт-дәстүрді тәрбие түрлеріне байланысты жіктеу
Салт-дәстүрді тәрбие түрлеріне байланысты мынандай топтарға жіктеп
қарастыруға болады:
отбасындағы салт-дәстүрлер;
адамгершілік салт-дәстүрлері;
еңбек салт-дәстүрлері;
ойын-сауық салт-дәстүрлері;
әсемдік салт-дәстүрлері;
өнер салт-дәстүрлері;
ақыл-ой тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер;
дене тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер;
ерлік тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер.

Отбасындағы салт-дәстүрлерге келетін болсақ. Бірінші отбасы дегеніміз
не соған тоқталайық.
Отбасы дегеніміз – туысқандық байланыста болатын немерелер, ата-ана,
ата-әже, балалар. Отбасының екі тірегі - әлпештеген әке мен аялаған ана.
Отбасының қос шынары атасы және аналардың анасы - әже. Ата-береке,
мейірім, даналықтың қайнар көзі, ата салтын алға апарушыларға үлгі беретін
қадірлі қария. Сондықтан да отбасында әке мен ананы, ата менен әжені
сыйлауға, құрметтеуге көп көңіл бөлінеді.
Ата-ананы құрметтеу біздің халқымыздың қанында барлығын дінімізде,
салтымызда, ақынымызда, жырымызда қолдап бірін-бірі толықтырып дәлелдей
түседі деп тілге тиек ете аламыз.
Қазақстан – ұлан – байтақ территориясы бар әлемдегі ең үлкен тоғыз
мемлекеттің бірі. Жоңғар шапқыншылығынан бұрын қазақтар ең көп санды түркі
халқы болған секілді. Қазақ көп пе, масақ көп пе деген түрікмен мәтелі
осыны меңзейді. Халықтың өз ата – қонысында азшылыққа айналуы – қазақтар
секілді өз тарихында әлденеше рет жойқын қасіретке ұшырап, тағдырдан көп
теперіш көрген елде ғана болатын жәйт. Кең – байтақ атамекеннің әрбір қарыс
сүйемін сан ғасыр бойы ата – бабамыз сыртқы жаудан сом білектің күшімен, ақ
найзаның ұшымен қан төгісіп, жан берісіп қорғап, ұлтжандылық, отансүйгіштік
рухын бойға сіңіруді келер ұрпаққа аманаттаған. Алайда тіршілік тезінен
өткен, жастарды ұлттық үрдіске тәрбиелеуде маңызы бар көптеген
дәстүрімізден де жазып қалғанымыз белгілі. Өмірдегі бар сүреңсіздік, адам
бойына көлеңке түсіретін бүкіл жаманшылық атаулы ата салтына, елдік
дәстүріне солқылдақтықтан екені белгілі болып отыр. Ұлттық тәрбиеден қағажу
қалып бара жатқан жастардың отаншылдық сезіміне де кесірі тиетінін өмір
дәлелдеп береді. Ата салтың – халықтық қалпың дегендей, өз жұртының қадір
– қасиетінен мәлімет беретін ғұрып қасиетпен, оған мейлінше құрметпен қарау
– ұлтымызға, елдігімізге сын. Тындар құлаққа, көрер көзге, сезінер жүрекке
танымал, басқа елдерде жоқ
дәстүр өрнектері, ортақ мұралары, тұрмыс – тіршілігіндегі керемет салт
– ғұрпы мақтаныш сезімін тудырып, жұртшылықты жалпы отаншылық пен
елжандылыққа тәрбиелеуде маңызды міндет атқармақ. Қазақ халқының рухани
тіршілігінде, қарттарды құрметтеу, үлкендерді сыйлау, балаларға жанашырлық,
жастарға қамқорлық ету, ата – ананы ардақтау, әйелдерді аялау ізгі дәстүрге
айналған. Қасқа қатал, досқа адал болу - қазақ халқының негізгі мінез –
құлқы. Қазақ халқында тым ертеден келе жатқан көптеген әдет – ғұрыптар бар.
Солардың әрқайсысына жеке – жеке тоқтала кетсек. Қазақ халқы тарихтан бері
өте меймандос халық болған. Сондықтан меймандостықтан әдет – ғұрыпын айта
келсек.
Сүйінші Қуанышты хабар жеткізуші адам сүйінші-сүйінші деп келеді.
Мұндайда қуанышты үй иесі қалағаныңды ал дейді. Немесе оған риза
болатындай сыйлық ұсынады. Бұл қуанудың, ризалықтың белгісі. Сүйінші
сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай сөкеттігі жоқ.

Сәлемдеме Сәлемдеме (дәстүр) – адамдардың бір-біріне деген
сыйластығының, құрмет тұтуының айқын белгісі. Олар көптен көрмей сағынысқан
адамдардың бір-біріне жіберген қымбат бұйымы, асыл заты немесе жеңсік
тамағы, қысқы сыбағасы. Оның қымбат бағалы болуы шарт емес. Сәлемдеме
келген адам жіберген адамға ақ батасын, шын ризалығын білдіріп, қатты
қуанады.

Көрімдік Жаңа туған балаға, жас келінге, ботаға тағы басқа алғаш көрген
сәтте көрімдік сұрау халықтың ежелгі және лайықты дәстүрі. Мұның маңызы
алып,беруде ғана емес жақын-жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашыққолдығын да
танытудың белгісі ретінде қаралады. Байғазы мен көрімдік екеуі екі басқа
ұғым. Көрімдік адамға, жандыға, байғазы көбінесе жансыз дүниелерге қатысты
айтылады.

Базарлық Алыс сапарға саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар
жерлестеріне, көрші-көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі-
ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны базарлық деп атайды. Бұл жақсы көрудің,
сыйластықтың белгісі және ескерткіш ретінде қабылданады.

Жеті ата Жеті атасын білмеген – жетесіз (мәтел). Әр адам жеті атаға
дейін жақын туыс саналады. Қазақ халқы жеті атаға дейін қыз алыспаған.
Бұрынғы адамдар бір-бірімен танысқанда, жүздескенде руын, тегін сұрауы
осыдан шыққан. Жеті ата әкеден төмен емес, жоғары таратылады. Олай болса
жеті ата: 1. Бала. 2. Әке. 3.Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек
ата. (Ата-тек деген сөз осыдан шыққан). Жеті атаны тарату осылай жіктеледі.

ТыйымҚызға қырық үйден тыю, ұлға отыз үйден тыю (мақал). Халқымыздың
тәрбиелік құралдарының күнделікті қолданылатын үлгі, өнеге түрлерінің бірі
– тыйым. Бұл балалар мен жастарды жаман әдеттерден сақтандырып, жақсылыққа
бейімдеуден шыққан педагогикалық ұғым. Осы арқылы олар әркімді теріс мінез,
орынсыз қимылдардан сақтандырып отырған. Халық ұғымында тізені құшақтау –
жалғыз қалудың, үлкеннің жолын кесу - әдепсіздіктің, қолды төбеге қою – ел-
жұрттан безінудің, асты төгу – ысыраптың белгісі деп таныған және ондай
істерге қатаң тыйым салған. Ел ішінде тыйым түрлеріне байланысты сөздер
көптеп саналады.
Араша Екі адам жанжалдасқанда немесе төбелескенде оның
жанындағы адамдар араша, араша! деп басу айтуға тиіс. Араша деген сөзді
естіген адамдар араша беруге яғни жанжалды дереу доғаруы керек. Араша
бермей жанжалдасу қазақ әдетінде жоқ. Ондай адамға айып бар.

Құтты болсын айту Бала туған, келін түсірген т.б. сол сияқты қуанышқа
қайырлы болсын айту ата салтымыз. Ол сол адамдарға деген ыстық ықыластың,
қуанышқа ортақ екендігінің белгісі.

Тоқымқағар Жас адам жолға шыққанда жасалатын дәстүрлі бас қосу. Арнаулы
мал сойылып сыйлы мүшелер салынып ет асылып, кең дастархан жасалады, ойын-
сауық, өлең, жыр айтылады. Бұл – сапарға шыққан жігіттің тоқымы жерде
қалмасын, ат-көлігі аман келсін деген жақсы тілек білдірудің белгісі.

Тізе бүгу Халық әдебімен тізе бүгудің бірнеше түрі, жолы, шарттары бар.
Мұның бәрі де негізінен әдептілік, тәртіп заңдарына негізделген. 1. Жұмысы
болып бір үйге келген адам шаруасын отырып айтады. Егер тым асығыс болса,
ол жайын айтып бір тізесін бүгуі керек. Бұл – шаңыраққа көрсетілген
құрметтің белгісі.2. Бұрынғы дәстүрде біреуден бата тілегенде ол адам бір
тізесін бүгіп, екі қолын жаяды. Бұл әдет бүгінге дейін сақталған.3. Ұрыста,
жекпе-жекте немесе айтыс-тартыста жеңілген жақ немесе кешірім сұраған
айыпкер тізесін бүгіп, басын иіп, айыбын төлейді.

Шашу Шашу – қуаныш айғағы ретінде жасалатын өте сұлу да салтанатты
дәстүр. Келін түскенде, жақсылық күндерде, алыс сапардан жолаушы келгенде,
құда келгенде тағы басқа зор қуанышты күндерде әйелдер құрт, кәмпиттен,
күміс теңгеден шашу шашады. Шашылған шашудан тойға қатысушылар теріп алып,
ырым қылып балаларына апарып береді. Шашуды әйелдер ғана шашады.
Адамгершілік салт-дәстүрлерінің мынандай ерекшеліктері бар.
Адамгершілік қоғамдық өмірдің тарихи - әлеуметтік заңдылықтарына сәйкес,
адамдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесін реттеп отыруға негіз болатын,
халықтық игі іс-әрекеттер, мінез-құлықтағы имандылық пен инабаттылықты,
әдептілік қалыптарын көрсететін терең мәнді ұғым.
Халық келер ұрпағын өзіне дейінгі қоғамда қолы жеткен тәрбиелік жақсы
дәстүр атаулыны жинақтап пайдалана отырып, шынайы адамгершілік қасиеттерге
баулып тәрбиелеуді мақсат еткен.
Адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі әдістеріне түсіндіруді жатқызуға
болады. Оның құралдары ретінде мақал-мәтелдер, әңгімелер мен ертегілер,
аңыздар, халық әндері сезім мен санаға ықпалды әсер ету құралдары болып
табылады.
Халық пеадгогикасына адамгершілікке тәрбиелеудің аса бай жолдары
белгілі болғанына көз жеткізу үшін келесі әдістер мен құралдарды атап өтуге
болады. Олар: көрсету, үйрету, жаттықтыру, сендіру, өтіну, тиым салу, ант
беру, күшейту, сөгіс беру, кінәлау және т.б.
Адамгершілік қасиеттің негізі имандылық пен ізеттілікте. Ал ол
отбасындағы тәрбиеден басталады. Осыны ұстам тұтқан қазақ халқы жастарды
отбасында кішіпейілдікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші
міндет деп санаған.
Адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі – қайырымдылық, достық. Халық
ұғымында жақсылық және жамандық, достық пен қастық адамгершілік қасиетінің
екі түрлі белгісі ретінде салыстыра суреттелген.
Еңбек салт-дәстүрлеріне келетін болсақ. “Адамды адам еткен -
еңбек” , - деп Ф.Энгельс айтқандай, еңбек - өмірдің тұтқасы, тіршіліктің
көзі. Еңбексіз өмір жоқ.
Барлық халықтардың ең озат дәстүрлері еңбек саласында орын алды.
Қашанда ең озықты алып жүруші, ең кереметті жасаушы еңбекші халық болды.
Сондықтан алдыңғы қатарлы озық дәстүрлерді зерттеу, ең алдымен халықтық
еңбек дәстүрлерін оқып үйренуді білдіреді.
Қазақ халқы: “Еңбек – адамның екінші анасы”, “Ердің атын еңбек
шығарар” – деген мақал-мәтелдері арқылы жастарды еңбек сүйгіштікке
тәрбиелесе, “Жалқаудың жаны тәтті”, “Еңбегі аздың өнбегі аз”, “Еңбексіз
өмір – сөнген көмір”, - деген мақалдар арқылы халық еріншектіктің,
жалқаулықтың адамды аздырып-тоздыратынына жастардың көзін жеткізуді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептің оқу – тәрбие процесінде салт – дәстүрдің пайдаланудағы тәрбиелік мүмкіндіктері
Қазақтың тұрмыс - салт дәстүрі негізінде мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудың әдістемесі
Қазақ халық педагогикасының дәстүрлері туралы түсінік
Ана тілі сабақтарында кіші мектеп жасындағы оқушылардың қазіргі тәрбиесіндегі қазақ халық педагогикасының озық дәстүрлерін қолдану
Қазақта Баланы жастан
Дене тәрбиесіне байланысты салт - дәстүрлер
Халықтық педагогиканы (жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, жұмбақ, ырымдыр, нақылдар) қолданып тәрбие сағатын өткізуге материалдар жинастыру. Тәрбие сағатының үлгісі
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Адамгершілікке тәрбиелеу, бауырмалдыққа үндеу - қазақ халық ертегілерінің басты арқауы
Қазақтың салт-дәстүрлерін оқу-тәрбие процесінде пайдаланудың педагогикалық шарттары (5-9 сынып бойынша)
Пәндер