Философия тарихында рух мәселесінің қойылуы


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 2-3

І. Философия тарихында рух мәселесінің қойылуы . . . 4-13

  1. Рух, жан түсінігі мен рухани құндылықтар ұғымының философиядағы орны . . . 4-9
  2. Құндылықтар құрылымы мен типологиясы . . . 9-13

ІІ. Қазіргі қоғамдағы рухани құндылықтардың дамуы мен қалыптасуы . 14-25

2. 1 Құндылықтар әлеміндегі дін мен отаншылдықтың рөлі . . . 14-21

2. 2 Ұлттық өзіндік сана - ұлттық өркениет негізі . . . 21-25

Қорытынды . . . 26

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 27

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Қазақтың халықтық ділінде ұлттылық құбылысы қалыптасу, нығаю үстінде. Бұл процесстердің оңды бағытта өрбуі үшін халықтың ішкі этникалық біртұтастығын күшейтетін факторларға көңіл бөлінгені жөн. Солардың қатарына діни құндылықтар мен ұлттық құндылықтардың үйлесімді қарым-қатынастары, сабақтастығы жатады. Соңғы кезде дінге деген көзқарас демократияланып, бұрынғы бұқаралық атеизм көзқарастары қайта қаралып, жаңа қатынастарға көшіп жатқанымыз белгілі. Соның айғағындай жаңа мешіттер саны жылдан жылға көбейіп, жастар ішінен діни білім алушылар артып отыр. Бұл құбылыстар - дінилік пен ұлттылық арасындағы өзара қарым-қатынасты өзіндік тарихи-табиғи байланысқа келуіне мүмкіндіктер ашары сөзсіз. Халықтағы ұрпақтан ұрпаққа сабақтастық арқылы беріліп келе жатқан рухани-этникалық құндылықтарды зерттеу, оның сан қырлы сырын ашуға тырысу тек сол ұлттың өзі үшін ғана емес, жалпы адамзат мәдени байлығына қосылған үлес болып табылады. Өйткені әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан тілі, мәдениеті, ұстанған діні, өмірді түсіну, бейнелеу рәсімдері болады.

Мәдени құндылықтарды бағалау жүйесі ғасырлар бойы қалыптасқан және олардың (құндылықтардың) иерархиясы нақты тарихи кезеңде өз бейнесін айшықтай түседі. Қазіргі XXI ғасырға келіп қалған биіктіктен тарихтағы құндылықтар жүйелеріне (әр түрлі өркениеттегі) үстірт баға беру мардымды іс емес. Өйткені, тарих қойнауындағы әрбір іс-әрекеттің, әрбір қатынастың, әрбір ой-талғамдардың рухы өз күшін жоғалтқан жоқ, оның бәрі

әрқайсымыздың түпкі санамызда орналасқан, оның көріністері бейсаналық іс-қимылдар түрінде байқалып отырылады.

Сондықтан әрбір халықтың мәдениетінің әлеуметтік портретін анықтау үшін - олардың құндылықтар жүйесін зерттеу қажет. Сол құндылықтар жүйесінде адамсүйгіштік, ізгілікті нормалар басымдық танытса, онда рухани құндылықтар әлемінің қалыптаса бастағаны, ал оның орнына өзімшілдік, өзгеге деген қаскөйлік етек алса, онда бұндай қоғамның "белді құндылықтар жүйесі" осы әлеуметтік-этникалық ортаның түбіне жетеді, әр түрлі жанжалдар мен кикілжіңдер туындауына себепкер болады. Мәселен, кезіндегі жоңғарлардың құрып кетуіне себепкер болған факторға - олардың жаугершілік менталитетін, құндылықтық бағдарларын жатқызуға болатын сияқты. Ал енді тікелей соғысқа қатыспай-ақ, іштей іріп-шіріп, құлдырауға "жол ашылуы" мүмкін. Мәселен, маскүнемдік пен нашақорлық жайлаған жерде осындай құндылықтар жүйесінің деградациялану үрдісі жүруі заңды құбылыс. Қазіргі Америка жеріндегі "құндылықтар жүйесі" әлемге тасымалдануда, сол бұқаралық мәдениеттің элементтері әлемнің әр түкпірінен табылады. Бұл адамзаттың технократиялық дамуды пір тұтқан, сырты жылтыраққа әуестенген уақытша кезеңі деген ойдамыз. Өйткені, адамның шынайы мәні оның өз бойындағы руханилығын ашқанда ғана байқалады, ол өзінің негізгі байлығы етіп рухани құндылықтарды атағанда көрінеді деген ойдамыз.

Ал енді жоғарыда атап өткен "құндылықтар жүйесінің" адамның рухани мәніне сәйкес келмейтін, оны адасуға, ауытқуға бейімдейтін түрлерінің, типтерінің көпшілікке сіңімді болуы, әлеуметтік кеңістікте кең таралуы неліктен? Г. Ақмамбетов атап өткендей, әлеуметтік ортада әр түрлі адамгершіліктік қайшылықтар белең алуы мүмкін: адам мен қоғам арасында, тіптен адамның рухани, адам мен қоғамдық топтың, қоғамдық пікірдің арасында, әлемінде де моральді сананың қайшылығы құндылықтық бағдардың өзгеруінен туындауы мүмкін. Құндылықтар қайшылығынан шығудың осындай алдамшы түрі де болуы ғажап емес. Сөйтіп, адам әлеміндегі қайшылықтардың түпкі тамыры сол әрбір пенденің ішкі рухани әлемінде жатқаны белгілі болып отыр.

Ғылыми жұмыстың зерттелу деңгейі: Бұл салада жазылған зерттеулер мен пікірлер аз емес. Әсіресе, А. В. Сагадеев, Бахманияр әл-Әзербайджани, В. Овернский, А. Гэльский, Жан де ля-рошель, Р. Гроссетес, Д. Пеккам, Г. Кремонский т. б. ғалымдардың аудармаларында, қойын кітаптарында, еңбектерінде құнды пікірлер кездеседі. Сонымен қатар, В. В. Соколов, М. М. Диноршоев пікірлері орнықты.

Жұмыстың міндеті мен мақсаты:

- Философия тарихында рух мәселесінің қойылуы

- Рух, жан түсінігі мен рухани құндылықтар ұғымының философиядағы орны - Құндылықтар құрылымы мен типологиясы

- Қазіргі қоғамдағы рухани құндылықтардың дамуы мен қалыптасуы

- Құндылықтар әлеміндегі дін мен отаншылдықтың рөлі

- Ұлттық өзіндік сана - ұлттық өркениет негізі

Қазақтың халықтық ділінде ұлттылық құбылысы қалыптасу, нығаю үстінде. Бұл процесстердің оңды бағытта өрбуі үшін халықтың ішкі этникалық біртұтастығын күшейтетін факторларға көңіл бөлінгені жөн. Солардың қатарына діни құндылықтар мен ұлттық құндылықтардың үйлесімді қарым-қатынастары, сабақтастығы жатады. Соңғы кезде дінге деген көзқарас демократияланып, бұрынғы бұқаралық атеизм көзқарастары қайта қаралып, жаңа қатынастарға көшіп жатқанымыз белгілі. Соның айғағындай жаңа мешіттер саны жылдан жылға көбейіп, жастар ішінен діни білім алушылар артып отыр. Бұл құбылыстар - дінилік пен ұлттылық арасындағы өзара қарым-қатынасты өзіндік тарихи-табиғи байланысқа келуіне мүмкіндіктер ашары сөзсіз. Халықтағы ұрпақтан ұрпаққа сабақтастық арқылы беріліп келе жатқан рухани-этникалық құндылықтарды зерттеу, оның сан қырлы сырын ашуға тырысу тек сол ұлттың өзі үшін ғана емес, жалпы адамзат мәдени байлығына қосылған үлес болып табылады. Өйткені әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан тілі, мәдениеті, ұстанған діні, өмірді түсіну, бейнелеу рәсімдері болады.

Жұмыстың құрылымы: Бұл жұмыс кіріспеден, екі тараудан, тараудың әр қайсысы екі бөлімшеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құрылған. Бөлімшелер жоспар бойынша айшықталған.

І. ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ РУХ МӘСЕЛЕСІНІҢ ҚОЙЫЛУЫ.

1. 1 Рух, жан түсінігі мен рухани құндылықтар ұғымының философиядағы орны.

Рух (лат. spiritus - леп, дем, иіс) - сөздің кең мағынасында - материалды бастамаға қарағанда идеалдыққа, санаға барабар ұғым: тар мағынасында - ойлау ұғымымен деңгейлес. Философиядағы әртүрлі ағымдардың өкілдері тек субьективтік рух (субьектікті, жеке адамды, индивидті) бөліп алып, оларды басымды деп қарастырғанда субьективтік идеализмге әкеліп соқтырады да, тек обьективтік рухты адамнан ажыратып алынған және мистикалық тұрғыдан өзіндік күш ретінде қарастыратын сананы алғашқы деп мойындаушылық обьективтік идеализмге ұрындырады. Антикалық философия рухты теориялық қызмет ретінде қарастырды (мыс., Аристотель үшін рух қызметтің жоғарғы формасы - ойлау туралы ойлау, теорияға рахаттану болып табылады ) . Дегенмен, рух ақыл-ойдан жоғары, тікелей интуитивтік танылатын бастама деп те танылды (Плотин) . Бұндай көзқарас сырттай қарағанда рух - құдай, тек нанымның ғана ісі бола алатын, жаратылыстан жоғары ғажайып мән деп түсінетін діни идеологияға жақын. Неміс классикалық философияның өкілдері рухты өзіндік сананың қызметі тұрғысынан қарастырып, оның белсенділігін ерекше атап көрсеткен. Мыс., Гегель рухты тәжірибелік және теориялық қызметтің тұтастығы ретінде зердеде іске асатын өзіндік сана мен сананың бірлігі деп түйді. Рух болмысы оның өз іс-әрекеті, бірақ бұл іс-әрекеттің өзін Гегель тек таным ғана деп түсінді. Гегель бойынша өзіндік таным процесінде рух табиғилықтан, сезімнен өтіп, өзін өзі тануға дейін көтеріледі. Материалистік философия табиғатқа қарағанда рухты екінші деп қарастырады. Антикалық материалистер үшін рух бүкіл денені кернеп тұрған жанның нағыз зерделі бөлігі. XVII-XVIII ғғ. материалистері (Гоббс, Лонж, Ламетри) рухты түйсіктердің комбинациясы ғана, не жалпы сезім, тұтас алғанда - сезімдік танымның бір түрі деп түсіндірді. Диалектикалық материализм руханилықты түйсіктердің қарапайым қосындысына теңгермейді оны адам қызметінің процестерімен, рухани өмірімен байланыстырады. Руханилық адамдардың материалдық, қоғамдық-тарихи практикасының жоғарғы нәтижесі; Энгельстің сөзімен айтқанда, ойшыл рух - материяның ``жоғарғы көркі``. Қоғамның рухани өмірі - қоғамдық сана - қоғамдық болмыстың бейнесі болып табылады. Сонымен қатар ол қоғамдық болмысқа, адамзаттың практикалық қызметіне өзінің белсенді ықпалын тигізеді. [1; 367-368 бб. ] .

«Рух» сөзінің мағынасы «жан», «күш» деген ұғым, түсініктерге келеді. Көпше түрі «әруақ». Әрбір мұсылманның рухтың бар екендігіне сенуі шарт. Өйткені Құран аяттары рухтың бар екендігі мен оның Аллаһ Тағаланыңәмірінде болатынын, өлгеннен соң басқа бір әлемге баратынын хабар береді. Ислами жүйе бойынша тартып айтсақ, «рух» сөзі көбіне үш мағынада қолданылады:

1) Жәбірейіл періштенің аты ретінде

2) Уахи мағынасында

3) Жандыларда тіршілік көзі болып табылатын күш мағынасында.

Рух жайындағы тартыстар мен түрлі пікір қайшылықтары ғасырдан ғасырға жылжып жалғасып келеді. Солардың бірі исламның бастапқы кезеңіндегі ғалымдардың айтуынша, рух Тәңірі жағынан бір құпия және адам оны жетік меңгере алмайды.

Рух - «тірі», «ақылсыз», «ажалсыз жан». Бұл «адам» ұғымы бойынша кісілепмен анық және айқын бағаланатын, бөлудің нәтижесінде алынған анықтамадан шығады. Ол бойынша, адам тірі, ақылды, ажалды жан болып табылады. Сонымен, «тірі жан» ұғымы ақылдыға және ажалдыға бөлінеді, бұл - адам; және де ақылды мен ажалсызға, бұл - перішие; сосын - ақылсызбен ажалдыға, бұл - жануар; және де ақылсыз бен ажалсызға, бұл - рух. [2; 113 б. ] .

Жан - адамның, жан-жануарлардың (кейде өсімдіктердің де) бойындағы тіршілік қуаты туралы түсінік. Жанның заттық қасиеттері жоқ болғандықтан, оны ғылым жолымен тану мүмкіндігі шекткулі. Сондықтан жан туралы дінде, мифологияда, философияда әр түрлі түсініктер қалыптасқан. Діни дүниетанымда адамдарға жан беруші және оны алушы - Құдай. Бұл барлық діндерге ортақ түсінік. Демек жан иесі - Құдай. Ислам философиясында жан - Алланың нұры немесе Алланың нұрынан жан пайда болады. Қалай болғанда да жан адамға қатысты емес, ол Алла әмірімен болатын іс. Жанның тәнге тұрақтаған кезі «жалған» өмір болса, тәннен бөлініп «ұшып» кеткен соң, ол «мәңгілік». О дүниеде жаратушы сұрақтарына жауап беретін де жан. Философия тарихында жан туралы көптеген ғұламалар пікір айтқан. Аристотель жан тәннің формасы деген. Грек философы Плотин жан тәннің формасы емес, ол - ақыл иесі дейді. Оның айтуынша ақыл тәнде емес, жанда. Ибн Сина өсімдіктер жаны, хайуанаттар жаны және адамдар жаны деп жіктеген. Ибн Сина дүниетанымында ақылсыз жан деген - түйсік, яғни хайуандар жаны, ал ақылды жан иесі - адам. Мұндай жағдайда өсімдік жанының хайуан жанына, одан адам жанына өтуі, немесе керісінше болуы мүмкін емес. Жанның бір денеден екінші денеге ауысуы будда дініндегі түсінік. Жан мифологияда, көркем өнерде түрлі образдарға негіз болған. Жанға қатысты философия тарихындағы негізгі проблемалар мынадай: 1) жанның растығы. Плотин жан субстанция деген. Жанның растығын Платон, Аристотель, Ибн Сина т. б. мойындаған; 2) жан жаратылмаған жан жаратылған болса, оның өлімі мойындалуы керек. Жан өлімі деген дінде, мифологияда жоқ; 3) жанның мәңгілігі; 4) жанның даралығы. Жан туралы жазушылар оның даралығын мойындайды. әрбір тәннің жеке жаны бар. Жан жеке дара болғандықтан, ол қайталанбайды. Ол айналып келіп жаңа тәнге қонбайды, әрбір тән өзіне тиісті жанды қабылдайды. Жанның даралығы туралы Абайда айтқан, ол жан мен ақылды қосып айтады, яғни адам дүниеден қайтқанда оның тәнінен жанымен бірге ақыл «ұшып» кетпек. Ал, ақыл амалы даралық сипатта. Жанның тәнге қатынасы туралы Шәкерім жан ақылмен бірігіп, нәпсіге қызмет атқару үшін қулық-сұмдыққа, зұлымдыққа барады деген. Сондықтан, жан күнәсіз таза емес, ол күнә арқалап кетпек. Жан тәннен арылған соң, тазарып рухтанбақ. Тірі адамның жаны егер ол адам ізгі ниетті, ыстық жүректі болса ғана таза. Жанның ұялайтын жері - жүрек. Жүректің тоқтауымен кеудеден жан шықпақ. Тәнмен жан бір-бірімен ажырағанда тәннің сезілетін, сезетін қасиеттері жойылып, өзге күйге өтеді, бірақ жан өлмейді, өзінің тұрағына кетеді. Жанның тәннен айрылғаннан кейінгі тұрағы адам баласына құпия. [3; 524 б. ] .

Жан - кейде психика терминінің синонимі ретінде қолданылатын сөз. Бұл ұғым философия тарихында, идеализмде ерекше биматериалдық субстанциямен барабарландырылған, адамның ішкі жан дүниесі туралы көзқарасты білдіреді. Алғашқы адамдардың түсінігінде жан материалдық бірдеме (қан, дем және т. б. ) сияқты ұғым берді. Дінде жан өз бетінше, денеден тәуелсіз, о дүниеде тіршілік ететін денесіз бірдеме, мәңгі өлмейтін биматериалдық күш деп ұғындырылды. Идеалистік философияда жан сананың әр-қилы элементтерімен барабарландырылады. Платон философиясында -бұл мәңгілік идея, Гегельде - материямен байланысын білдіретін (сезілетін, түрткі болатын ) рухтың төменгі, сезім-түйсіктің көрінісі. Дуалистік ілімдерде жан денемен қатарласа өмір сүретін, бастапқы бірдеме ретінде қаралады. (Декарт, Спенсер, Вундт, Джемс) . Материализмде (Демокрит, метафиз. материализм) жан денеге тәуелді, екінші, туынды нәрсе ретінде қаралса да, сонымен қатар психикалық іс-әрекет механикалық жүйе физика-химиялық процестермен теңестірілген. Ал, кейбір жекелеген философ-материалистер дүние заттарының жалпы бәрінде де болатындығы туралы (Гилозоизм) ұйғарым жасаған. Қазіргі жаратылыстану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, жан туралы ғылымға жат, идеалистік түсініктердің жалғандығын әшкерлей алатын, адам психикасы туралы шынайы ғылыми тұжырым жасалуда. Жанды табиғи, органикалық, потенциалды тірі дене үшін бірінші энтелехия (түпкі мақсат) ретінде анықтады.

Жан дегеніміз - өзін-өзі қозғалысқа келтіретін сандар, немесе жан дегеніміз - ең алғашқы қозғаушы күш деген тұжырымдармен өздерінің келісетіндігін білдіреді. Ал бұл өмірдің мәнін түсініп-білуге болмайды деп санайтындардың арасында жан дегеніміз -суық, өйткені «жан» дем алыстың табиғи нәтижесі, ал дем алудың өзі салқындатылған зат деп түсінетіндер де баршылық. Олай болса, жанның субстанциясының сақталып қалуы үшін, дем алудың нәтижесінде салқындатылған жан деп атаған. Кейбіреулер, тіпті, жан дегеніміз - қан дегенге дейін барады, өйткені қан денеден ағып кетсе-ақ болды, өмір сүру мүлде тоқталады. Кейбіреулер «жан» дегеніміз, ең бірінші кезекте элементтердің арасындағы күрделілік пен қатынастар болып табылады деген тұжырым жасайды және оның мәнісі тірі организмнің элементтерден туындауы үшін белгілі бір күрделілікті қажет ететіндігімен байланыстырады.

Адамның денесі болғанымен, ол ең алдымен - рух. Өткен замандағы және қазіргі ойшылдардың бәрі де адамның рухани пенде екенін қажымай айтып келеді. Кең түрде алғанда, рух деп біз адамның психикалық өмірінің ең биік, санамен байланысты, оны жетілдіруге, кемеліне келуге итермелейтін, дүние мен қоғамды бірлікке, үндестікке шақырып, осы жолда оны өзгертуге бағытталған көріністерін айтамыз. Рухтың қайнар көзі материалдық дүниенің терең қабаттарына кетеді. Ол - заттардың біртұтастығын және бір-бірімен байланыстарын камтамасыз етіп, оларды жетілуге итермелейтін күш. Уақытында П. Т. де Шарден айтқандай, оны біз молекуланың өз ішкі тартуынан-ақ байқауымызға болады. Оны Платон «морфе» (заттың болмыс формасы), Аристотель қайсыбір дененің «энтелехиясы» (оның болсмысын анықтайтын ішкі мақсат-мұраты), В. Г. Лейбниц «монада» (көзге көрінбейтін рухани күш), - деп атап кеткен болатын.

Егер өлі және тірі табиғатта оның осы ішкі күштері денесінен бөлінбей өмір сүрсе, адам дүниеге келіп, абстрактілік ойлау мүмкіндіктері пайда болысымен-ақ, олар оның санасында бейнеленіп, неше түрлі категориялар, принциптер, нормалар, идеялар т. с. с. құндылықтарды тудырады.

Аса ескеруге алатын нәрсе - адам Дүниенің заңдылықтарын өз санасында тек бейнелеп қана қоймай, оны өзгертуге, жетілдіруге, кемеліне келген модельдерді қалыптастыруға, бүгінгі өмірде жоқ, бірақ болуға тиістіні ойлап шығаруға тырысады. Оны философия тілінде «қол астындағы болмыстың щеңберінен шығу, трансценділеу» дейді. Міне, осының арқасында қоғам өмірінде тиістілік, болуға тиіс, яғни құндылықтар әлемі дүниеге келеді. Ол - Ізгілік пен Әсемдік, Ақиқат пен Шындық, Әділеттілік, Еркіндік пен Теңдік, Сүйіспеншілік, т. с. с құндылықтар. Мұны рухтың ең биік қызметі деп айтсақ та болады. Ол тұлға өмірінің мән-мағынасын құрап, соны өмірге енгізуге бағытталған күш-жігерді тудырады.

Алайда негізгі өмір қайшылығы мынада: ешбір рухани құндылық, идеал, т. с. с. ешқашанда толығынан өмірде іске аспайды. Оны ойшылдар сонау көне заманда байқап: «Бәрі де әбігерлік, әбігерліктің әбігерлігі», - деген болатын. Сондықтан ол рухтың шынайы дүниедегі адамдар пендешілігіне қарап зарығып, зұлымдыққа былғанып жатқан дүниеге қарсы шығып, оқтын-оқтын көтеруіліне әкеледі. Осы тұрғыдан алғанда, адамзат тарихында өткен барлық ұлы революциялар рухтың өмір алдына қойған талаптары мен шынайы өмірде қалыптасқан жағдайдың арасындағы қайшылықтың шегіне жетіп өршіген кезде пайда болатынын біз жақсы білуіміз керек. Бірақ бірде-бір тарихта болған революция өзінің алдына қойған мақсат-мұратына толығынан жете алған жоқ. Көп жағдщайда ол қантөгіске, зардап шегуге, сәтсіздікке әкеліп, зұлымдықтың кейбір өршіп кеткен түрлерін жойғанмен, олардың орнына оның жаңа түрлерін дүниеге әкелді.

Бұл арада біздің зұлымдық мәселесіне тоқтала кеткеніміз жөн болар. Өлі табиғат пен жануарлар өміріне, әрине, зұлымдық ұғымын қолдану мүмкін емес. Ол - қоғам өмірінде пайда болатын құбылыс. Ұлы Гегельдің ойынша, оның қайнар көзі - өмірде болып жатқан мен болуға тиістінің арасындағы қайшылық. Тек қана адам өмірінде шынайы өмірде жоқ, бірақ болуға тиістіні қажет ету бар. Ал орындалмаған бұл қажеттілік адамның зардаптануына, қайғы-қасіретіне әкеледі.

Қарапайым сана деңгейінде көп жағдайда «жан» мен «рухты» бір мағынада пайдалананады. Алайда олар әртүрлі ұғымдар. «Жан» (псюхе, анима) деп біз адамның ішкі әлеміндегі өмірге деген іңкәрлігін, оның күнбе-күнгі қуанышы мен зардабын, оның жарқын, я болмаса күңгірт ұмтылуларын, жалпы алғанда, өмір сүруге (витальдық) бағытталған күш-қуатын айтамыз. Яғни оны адамның дене құрылысымен өте тығыз байланысты сезімдік-психикалық құбылыстардың жиынтығы деуге де болар еді. Тарихи жан адаммен бірге дүниеге келеді. Ал рухқа келер болсақ, ол адам психикасы дамуының соңғы жетілген сатыларымен байланысты. Неміс философы К. Ясперстің ойынша, рухтың дүниеге келген уақыты - кіндікті заманда (осевое время), шамамен б. з. д VIII- II ғғ. болса керек. Осы кезде адамның абстрактілік ойлау қабілеті жетіліп, мифологиялық дүниетүсіну философиялық пайымдауға ауысып, көпқұдайлықтан бірқұдайлыққа діндер дүниеге келеді. Міне, осы уақытта жан-дүниенің үстінде рух пайда болады.

Енді жеке адамның өмір сатыларына келер болсақ, онда да рух жаннан кейін қалыптаса бастайды. Егер жан деп біз адамның организм ретіндегі өмірге деген интенциясын (ұмтылысын) айтсақ, рухтың өмір сүруі тікелей адамның дене құрылысымен байланысиы емес. Мысалы, әйгілі философ И. Канттың әлсіз денесінде күшті рух болды емес пе? Рух өз қалыптасу заңдылықтарына сүйенеді, өз-өзін адам шеңберінің аяғына дейін дамытып, кейбір кезде тіпті адамның дене ахуалын ауырлатып та жіберуі мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философиялық антропологияның қайнар көзі және болашағы
Дүниеге көзқарас түрлері
Рухтың болмыс үстіндегі күші
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ДҮНИЕТАНЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ОРНЫ
Шығыс философиясы тарихындағы сенімнің орын алуы және еркін ойлау мәселесі
Философиядағы сана мәселесі
Философия теориялық тұрғыдан тұжырымдалған дүниетаным
Шығыс философиясы тарихындағы сенімнің орын алуы және еркін ойлау мәселесі жайлы
Философиядағы болмыс және сана ұғымдары туралы
ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ МӘСЕЛЕСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz