Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы жайында



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
2. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу
3. Кәмелетке толмағандар құқығын қорғау
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қоғамның дамуына байланысты адамзат мінез-құлық ерекшеліктері де өзгеріп отырағындығы белгілі. Қоршаған ортадағы ауытқушылық немесе қоғамдағы даму жолдары жасөспірімдерге ерекше ықпал тигізетігдігін де біэ жақсы білеміз. Осы орайда назар аударатын жайыттардың бірі - кәмелетке толмағандардың мінез-құлықтарының озгеруінен туындайтын жағдайлар ерекшелігі. Егер жекелеген түрде ықпал ету нәіижелерін алар болсақ, онда қазіргі мектетерде әбден қалыптасқан қиын балалар деген атауға тоқталамыз. Демек, психология ілімінің бұл арада атқаратын міндеті зор. Қиын балалар атауы 20 ғасырдың басында-ақ қалыптаса бастаған ұғым. Қиын балалар тәрбиелеу теорияларын белгілі ғалымдар Л.С.Выготский, А.С.Макаренко еңбектерінен кездестіруге болады. Замана талабына сай, жасөсіпрімдерге қойылатын талаптардың, сұранымдардың өскендіктері шындық дегенмен басты нәрсе - олардың бала екендігін ұмытпау. Нақты айтқанда тәрбиеліліктің де басты орында екендігін үнемі назарда ұстау қажеттігі. Ал, тәрбие беру түрлерін, ұлттық нақыш ерекшеліктерімен ұштастыра отырып. еңбектенер болсақ, онда біз қазақтың ұлттық өзгешелігін де сақтап қалар едік. Яғни, қайырымдылық, ізгілік нәрлерін бала бойына дарытуға әбден болар еді. Окінішке орай, қазіргі кезеңдерде балаларға дұрыс тәрбие беру мәселесі дұрыс жолға қойылмай келеді. Мұның бірнеше себептері бар. Атап айтқанда біріншіден - қоршаған орта әсері, екіншіден – мектептегі ұстаздар ықпалы, үшіншіден – ата-ана тәрбиесі, төртіншіден – теледидар, бұқаралық-ақпараттар, газет-журналдардың тигізер зиянкестігі.
Егер, жеке-жеке алдар болсақ, онда қоршаған орта-жеткіншектерге ең алдымен өз әсерін тигізетіндігі даусыз жағдай екендігіне көмізіді жеткізе түсеміз. Мысалға, қазіргі техниканың дамуына сәйкес, компьютерлік ойындарға, ұялы телефондар, т.б. жаңа заман үрдісі қажет ететін қолданыс заттарына деген қызығушылық, кез келген жасөспірім бойынан табылары хақ. Қызығушылық нәтижесін енді өсіп, айналаны әлі жете түсінбейтін кәмелеттік жасқа толмағандарды қилы әрекетке итермелейтіндігі де жасыры емес. Бұл арада халықтың әлеуметтік факторы басты орын алады. Тұрмыстық жағдайы нашар немесе орташа жанұядан шыққан жеткіншектер арасында қылмыстық әрекетке бару жиілігі-тұрмыс жағдайымен тығыз байланыста болып келеді. Қысқаша айтқанда, маңайындағы құрбы-құрдастарының заттарына, киіміне қызығушылық та, қылмыстық әрекетке түрткі болатындығы шындық. Сонымен қатар, жасөспірімді қызықтыру арқылы қылмыстық әрекеттерге итермелеу немесе еліктіру мәселесі де ерекше орында.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995 ж.
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. 13.12.97.
3. Бегалиев К.А. Меры борьбы с безнадзорностьбью и преступностью несовершеннолетних. «Предупреждение преступности», 2002. №11. С.11.
4. Мұханов Б.Т. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша дәлелдеу пәнінің ерекшеліктері. ҚазҰУ хабаршысы. Тарих-философия құқық сериясы, 2006. №3(43). 212-216 бб.
5. Борчашвили И.Ш. Преступление совершенное умышленно. К., 1999г.
6. Мельникова М.Э. Ювенальная юстиция. Москва, 2000. С.149.
7. Ағыбаев А.Н. «Қылмыстық құқық». Жалпы бөлім. Алматы: «Жеті жарғы» баспасы. 1999ж.
8. Кенжаливе С. Қазақ әдет-ғұрып құқығының материалдары. Алматы, 1996 ж.
9. Чукмаитов Д.С. Предупреждение преступности. Алматы, 1998. С.12.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
2. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу
3. Кәмелетке толмағандар құқығын қорғау
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қоғамның дамуына байланысты адамзат мінез-құлық ерекшеліктері де
өзгеріп отырағындығы белгілі. Қоршаған ортадағы ауытқушылық немесе
қоғамдағы даму жолдары жасөспірімдерге ерекше ықпал тигізетігдігін де біэ
жақсы білеміз. Осы орайда назар аударатын жайыттардың бірі - кәмелетке
толмағандардың мінез-құлықтарының озгеруінен туындайтын жағдайлар
ерекшелігі. Егер жекелеген түрде ықпал ету нәіижелерін алар болсақ, онда
қазіргі мектетерде әбден қалыптасқан қиын балалар деген атауға тоқталамыз.
Демек, психология ілімінің бұл арада атқаратын міндеті зор. Қиын балалар
атауы 20 ғасырдың басында-ақ қалыптаса бастаған ұғым. Қиын балалар
тәрбиелеу теорияларын белгілі ғалымдар Л.С.Выготский, А.С.Макаренко
еңбектерінен кездестіруге болады. Замана талабына сай, жасөсіпрімдерге
қойылатын талаптардың, сұранымдардың өскендіктері шындық дегенмен басты
нәрсе - олардың бала екендігін ұмытпау. Нақты айтқанда тәрбиеліліктің де
басты орында екендігін үнемі назарда ұстау қажеттігі. Ал, тәрбие беру
түрлерін, ұлттық нақыш ерекшеліктерімен ұштастыра отырып. еңбектенер
болсақ, онда біз қазақтың ұлттық өзгешелігін де сақтап қалар едік. Яғни,
қайырымдылық, ізгілік нәрлерін бала бойына дарытуға әбден болар еді.
Окінішке орай, қазіргі кезеңдерде балаларға дұрыс тәрбие беру мәселесі
дұрыс жолға қойылмай келеді. Мұның бірнеше себептері бар. Атап айтқанда
біріншіден - қоршаған орта әсері, екіншіден – мектептегі ұстаздар ықпалы,
үшіншіден – ата-ана тәрбиесі, төртіншіден – теледидар, бұқаралық-
ақпараттар, газет-журналдардың тигізер зиянкестігі.
Егер, жеке-жеке алдар болсақ, онда қоршаған орта-жеткіншектерге ең
алдымен өз әсерін тигізетіндігі даусыз жағдай екендігіне көмізіді жеткізе
түсеміз. Мысалға, қазіргі техниканың дамуына сәйкес, компьютерлік
ойындарға, ұялы телефондар, т.б. жаңа заман үрдісі қажет ететін қолданыс
заттарына деген қызығушылық, кез келген жасөспірім бойынан табылары хақ.
Қызығушылық нәтижесін енді өсіп, айналаны әлі жете түсінбейтін кәмелеттік
жасқа толмағандарды қилы әрекетке итермелейтіндігі де жасыры емес. Бұл
арада халықтың әлеуметтік факторы басты орын алады. Тұрмыстық жағдайы нашар
немесе орташа жанұядан шыққан жеткіншектер арасында қылмыстық әрекетке бару
жиілігі-тұрмыс жағдайымен тығыз байланыста болып келеді. Қысқаша айтқанда,
маңайындағы құрбы-құрдастарының заттарына, киіміне қызығушылық та,
қылмыстық әрекетке түрткі болатындығы шындық. Сонымен қатар, жасөспірімді
қызықтыру арқылы қылмыстық әрекеттерге итермелеу немесе еліктіру мәселесі
де ерекше орында.
Негізгі бөлім
1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
Кәмелетке толмағандардың жауаптылығына жаңа ҚК жеке бір бөлім
бағыштады.
Кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезде жасы он төртке толған,
бірақ он сегізге толмаған адамдар танылады.
Жасқа толды деп туылған (он төрт не он алты), бірақ кәмелетке толмаған
адамның өзі құрбыластарына ілесе алмай, психиканың бұзылуына байланысты
емес психикалық дамуы жағынан артта қалып, соның салдарынан кішігірім
немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасау кезінде өз әрекетінің іс жүзіндегі
сипаты мен қоғамдық қаіптілігін толық көлемінде түсіне алмаса не оған ие
бола алмаса да қылмыстық жауапқа тартылмайды.
Қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға жаза тағайындалуы не оларға
тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін.
Оларға жаза тағайындаудың барлық түрі емес, тек кейбіреуі қолданылады.
Олар: айыппұл; белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру; қоғамдық
жұмыстарға тарту; түзеу жұмыстары; бас бостандығынан айыру.
Екіншіден, бұл жазаларды қолданудың өзі шектеулі сипатта. Мысалы,
айыппұл дербес табысы немесе өндіріп алуға жарайтын мүлкі болған жағдайда
ғана тағайындалады (оннан бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі
мөлшерде немесе кәмелетке толмаған адамның жалақысының не өзге табысының
екі аптадан алты айға дейінгі кезеңдегі мөлшерінде).
Ал белгілі бір қызметпен құқығынан айыру бір жылға дейінгі мерзімге
тағайындалады.
Қоғамдық жұмысқа тарту кәмелетке толмаған адамның қолынан келетін
жұмысты негізгі жұмыстан не оқудан бос уақытында орындауы (қырық сағаттан
жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзім тағайындалады). Он төрттен он алтыға
дейінгілер үшін орындау ұзақтығы күніне екі сағаттан, ал он алтыдан он
сегізге дейінгілер үшін үш сағаттан аспауы керек.
Түзеу жұмыстары сот үкім шығарған кезде он алты жасқа жеткен, бірақ
әлі он сегізге толмаған адамдарға бір жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.
Қамау он алты жасқа жеткен кәмелетке толмай сотталғандарға бір айдан
төрт айға дейінгі мерзімге тағайындалады.
Қамау он алты жасқа жеткен кәмелетке толмай сотталғандарға бір айдан
төрт айға дейінгі мерзімге тағайындалады.
Он сегізге толмай сотталған адамды бас бостандығынан айыру он жылдан,
ал ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіргені үшін он екі жылдан аспайтын
мерзімге тағайындалуы мүмкін. Он төрт жастан он алты жасқа дейін кішігірім
ауырлықтағы қылмысты бірінші рет жасаған адамдарға бас бостандығынан айыру
тағайындалмайды.
Он сегіз жасқа толмай сотталғандар бас бостандығынан айыруды:
а) бас бостандығынан айруға бірінші рет сотталған ер балалар, сондай-
ақұ әйел жынысты кәмелетке толмағандар жалпы режимдегі тәрбиелеу
колонияларында;
ә) бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген еркек жынысы кәмелетке
толмағандар күшейтілген режимдегі тәрбиелеу колонияларында өтейді. Бұндай
кездерде де сот белгілі жағдайларды ескеріп, жалпы режимдегі тәрбиелеу
колониясында өтеуді тағайындауы мүмкін.
Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындаудың ерекшелігі оның 52-бапта
көзделген мән-жайлардан басқа, өмірі мен тәрбиесінің жағдайлары, психикалық
даму деңгейі, жеке басының өзге де ерекшеліктері, сондай-ақ оға жасы үлкен
адамның ықпалы ескерілуінен көрініс табады.
Сонымен қатар, бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс
жасағын үшін сотталған кәмелетке толмаған адамды жазамен емес, тәрбиелік
әсері бар мәжбүрлеу шараларымен түзей мүмкін деп тапса, сот оны қылмыстық
жауаптылықтан босатуы мүмкін.
Сот тәрбиелік әсері бар мынадай мәжбүрлеу шараларын тағайындауы
мүмкін:
а) ескерту;
ә) ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың, не
мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалуына беру;
б) келтірілген зиянды қалпына келтіру міндетін жүктеу;
в) бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның жүріс-тұрысына
ерекше талаптар белгілеу.
Кәмелетке толмағандарға мұндай шаралардың бір мезгілде бірнешеуі
тағайындалуы мүмкін.
Ескерту оның әрекетінің келген зиянды түсіндіруден және қылмысты
қайталап жасаудың зардаптарын түсіндіруден тұрады.
Қадағалауға беру қадағалаушыға тәрбиелік әсері ету және кәмелетке
толмаған адамның мінез-құлқын бақылау жөнінде міндеттер жүктеуден тұрады.
Келтірілген зиянды қалпына келтіру міндеті кәмелетке толмаған адамның
мүліктік жағдайын және оның тиісті еңбекке дағдысы болуын есепке ала отырып
жүктеледі.
Бос уақытты шектеу белгілі орындарға баруға, бос уақытының белгілі бір
нысанын пайдалануға тыйым салуды, тәуліктің белгілі бір уақытынан кейін
үйден тыс жерде болуын, мамандырылған мемлекеттік органның рұқсатынсыз
басқа жерлерге баруын шектеуді көздеуі мүмкін. Кәмелетке толмаған адамға
оқуын жалғастыру, аяқтау, жұмысқа орналасу талабы қойылуы мүмкін және басқа
да шаралар қолданылуы ықтимал.
Арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесіне орналастыру сот
қасақана орташа ауырлықтағы қылмыс үшін алты айдан екі жылға дейінгі
мерзімге тағайындауы мүмкін. Ол мамандандырылған мемлекеттік органның
қорытындысы негізінде мерзімінен бұрын болғанда ұзартуы мүмкін.
Аталмыш мекемеде болудың мерзімін тағайындалған мерзім аяқталған соң
да жалпы білімді немесе кәсіптік даярлықты аяқтау қажет болғанда ұзартуы
сүскін.
Ондай мекемеде болуын тәртібі мен ережелер заңдарымен белгіленеді.
Кәмелетке толмағандардың жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын
босату он сегіз жасқа дейін қылмыс жасап, бас бостандығынан айыруға немесе
түзеу жұмыстарына сотталған адамдарға:
а) кішігірім немесе орташа ауырықтағы қылмысы үшін тағайындалған жаза
мерзімінің кемінде үштен бірін;
ә) ауыр қылмысы үшін жазаның кемінде жартысын;
б) аса ауыр қылмысы үшін жазаның кемінде үштен екісін нақты өтегеннен
кейін қолданылуы мүмкін.
ҚК 69 және 75-баптарында көзделген ескіру мерзімі кәмелетке
толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан немесе оның жазасын өтеуінен босату
кезінде тең жартысына қысқартылады.
ҚК 77-бабында көзделген соттылықты жою мерзімдері кәмелетке
толмағандар үшін қысқартылады және тиісінше:
а) бас бостандығынан айыруға қарағанда жазаның неғұрлым жеңіл түрлерін
өтегеннен кейін төрт айға;
ә) кішігірім немесе орташга ауырлықтағы қылмысы үшін бас бостандығынан
айыруда өтегеннен кейін бір жылға;
б) ауыр және аса ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруды өтегеннен
кейін үш жылға тең болады.
Он сегіз бен жиярма жас аралығында қылмыс жасаған адамдарға әрекетінің
сипаты мен жеке басын ескере отырып, сот ерекше жағдайларда, оларға ҚК
кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығын реттейтін бөлімнің (VІ
бөлім) ережелерін қолдана алады.
Мектептегі ұстаздар жөніне келетін болсақ, онда біз мұғалімдер
арасында жиі кездесетін - бөліп қараушылықты мысал ретінде алуымызға
болады. Мысалы, бастықтың немесе қалталы азаматтардың (тұрмысы жақсы
жанұялар) балаларына ұстаз тарапынан ықыластың ерекішелігі де ащы шындық.
Бұл арада біздің айтпашмыз - жасөспірімдердің аңғарымпаздығы, сезімталдығы.
Нақты айтқанда, мектетегі жасөспірім араларында мұғалім тарапынан
туындайтын тесіздік ерекшелігі.
Ал, ата-ана тарапынан жеткіншекке тиер ықпал өзгеше орында. Себебі,
жас жеткіншек ең алдымен әке-шешесінен ақыл-кеңес сұрайтындығы қазақ ұлтына
тән ерекішелік болып танылады. Ал әке-шеше жағынан-кісі менсінбеу, адамды
кеміту немесе пайда табудың көлеңкелі тұстарын естіп нәр алған жеткіншектер
келешегі бұлыңғыр екендігі де ұтынықты жағдай. Белгілі зерттеуші ғалымдар
ойына назар салсақ, онда дәрігер-психолог Н.И.Вайзманның айтуынша, әрбір
жеткнішек бойында бейімделушілік немесе керісінше бейімлелмеушілік
қасиеттері ерекше орын алады екен. Мысалы, жоғарыда айтып өткен жағдайлар
әсер еткен, жасөспірімдер бойында жаман әрекеттерге бейімделу басымдау
болмақ. Егер, ата-баба дәстүрі бойынша жасөспірімдер бойына - жеті атаны
білушілік, жер-су тарихтары, атаулары жөнінде ұғымдарды сіңірсе немесе бала
бойына ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дамытып отырса, онда
жеткіншек бойындағы сенімділік, зейінділік қасиеттерін оятқан болар едік.
Көгілдір экран арқылы көрсетілетін кинолар немесе жиі таратылатын әрі
қазақ тіліндегі түрлі-түрлі басылымдар - (Қызық газет, махаббат тояты)
жасөспірім санасында жағымсыз қылыкқа деген қызығушылықты оятады. Әрі,
Ресей баспаларынан шыққан газеттер окиғалары да - қатыгездікке,
мейірімсіздікке насихаттайтындығы да рас.
Осы талданған жағдай нәтижелері жасөспірімдердің құқық бұзушылығына
әкеп соғары немесе теріс тәрбие беретіндігі жергілікті әкімшілік құлағына
жеткенімен, күрес шаралары нақты қолға алынбай келеді.
ҚР қылмыстық заңдылықтарында, кәмелетке толмағандардың қылмыстық
жауапкершілігі ашық, түсінікті түрде талқыланған. Мәселен, кәмелет жасқа
толмағандар үшін қылмыстық кодексте:
1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы,
2. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері,
3. Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау,
4. Кәмелетке толмағандарды жазадан босату,
5. Тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары,
6. Тәрбиелеу әсмері бар мәжүрлеу шараларының мазмұны.
7. Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен
бұрын босату.
8. Соттылықты жою мерзімдері сияқты заң ерекшеліктері көрсетілген.
Мектеп қабырғасында құқық ннегіздерін өтеу тек жоғары сыныптарда жолға
қойылған. Қазіргі замана талабына сай, құқықтық тәрбие беру міселесін,
бірінші сыныптан бастасақ та ерте болмас еді. Мұның басты себебі, қылмыстың
алдын-алу болып табылады. Егер, жасөспірім өз әрекетінің зардаптарын жақсы
түсінер болса, қылмысқа бару жолы да соғұрлым қысқарары анық. ҚР Қылмыстық
заңдылықтарыгда адамгершілік мәселесі, кәмелетке жасы толмағандарға жаза
тағайындау кезеңінде де ерекше орын алған. Мәселен, қамауға алынған
жасөспірім бұрын істі болған ересектерден оқшау ұсталынады, әрі жаза
тағайындау барысында да жеңілдіктер орын алған. Сонымеи қатар, қылмыстық
жауапкершілік мәселесі қылмыс санаттарына қатысты – 14 жастан басталады деп
көрсетілген. Демек, құқық негіздерін оқытуды – 7-8 жастан бастап қолға алу,
бала санасына қиындық әкеле қоймастығы белгілі. Тек, заңдылықпен таныстыру
жеткіншектердің ерекшелігінің алатын орны өзгеше. Егер, жасөспірімдер
инспекторы мектеп қабырғаларында іс-шаралар өткізумен қабат, дәрістер
жүргізуді қолға алатын болса, нұр үстіне нұр болар еді. Әрі отан
сүйгіштікке тәрбиелеу әсерінің де қылмыстық әрекеттің жолын алатындығы
дәлелденген. Жасөспаірім бойында патриоттық сезімді сіңдіру мақсатында,
өлең жаттату немесе белгілі кітаптағы оқиғалармен шектелмей, белгілі
адамдармен кездесу өткізіп тұру ерекшелігінің де алатын орны бар. Қазіргі
уақытта жасөспірімдер арасында қатыгездік, қаталдық, жаны ашымаулық
қасиеттері жиі кездесуде.і Бұл қылықтар, қылмыстық әрекеттерді сипаттауда
тонау ұғымымен шектесіп жатады. Тонаушылыққа бару Қазақстанның ірі
қалаларында кездесетін жиі құбылыстарының бірі. Тонау әрекетіне барудың
негізі – қызығушылық. Қызығушылықпен қатар жасөспірім бойындағы қатыгездік
кімді болмасын қорқытары сөзсіз. Қатыгездік пен қызығушылықтың ұштасуы –
қылмыстық әрекетке барар жолдың бірден-бір бастамасы екендігі де белгілі
жағдай. Мәселен, мұндай әрекет туралы, ізденуші ғалым М.Аталықова; В эпоху
экономического кризиса? Массовой безработицы? Расцвета преступности,
собственность граждан особо нуждается в защите№ Особую роль правильная
классификация этого рода преступлений играет в тех случаях? Когда
правоохранительные органы имеют дело с такими составом преступления? Как
грабеж? И степень защиты собственности определеляется законодательным
фофрмлением или соответствующей судебной трактовкой статьи 178 УК РК
грабеж? То есть открытое хищение чужого имущества? Наказывается
ограничением свободы на срок до трех лет, либо лишением свободы на срок до
четырех лет – деп көрсетеді. Бұл арада біздің қосарымыз, бос жүріс немесе
белгілі бір іспен айналыспаушылықтың жасөспірімдерге тигізер ықпалы, яғни
зияны. Демек, бос жүру қаңғыбастыққа салыну, қараусыз кету немесе
ілдекімнің әсерімен кетіп қалушылықтың да жеткіншек өміріне тигізер
зардаптарының мол екендігі.

2. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың
алдын алу
Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу
қоғамдағы құқық бұзушылықтың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып
табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке қатыстырып және қоғам мен
өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастар қылмыстық қызметке жол
бермейтін қағидаларда тәрбиелеуге болады. Кәмелетке толмағандардың
арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуды құқықтық реттеу тетігінде
көптеген маңызды элементтер мен сатылар көзделген. Осы тетіктегі басты
элементтердің бірі – бұл салада қоғам өмірінің әр түрлі салаларын реттейтін
нормативтік құқықтық актілер кешені түрінде заңнама жасау және оны
жетілдіру. Өз кезегінде, заңнаманы жасау және жетілдіру кезінде кәмелетке
толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алудың экономикалык,
саяси, ұйымдық, техникалық және т.б. шараларын құру керек.

Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың арасында құқық
бұзушылықтың алдын алу және балллардың қадағалаусыз және қараусыз жүруінің
алдын алу жөніндегі заңнаманы қалыптастыру және дамыту жұмысы қолға
алынған. Бұл "Неке және отбасы туралы", "Отбасылық улгідегі балалар
деревнялары және жасөспірімдер үйлері туралы'' “Мемлекеттік атаулы
әлеуметтік көмек туралы” Еңбек туралы Қазақстан Республикасындағы арнайы
мемлекеттік жәрдемақы туралы, Дене тәрбиесі және спорт туралы заңдары
кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссиялардың кәмелетке толмағандар ісі
жөніндегі шікі істер органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық
актілер және т.б. Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алуды
тікелей не жанама көздейтін құқықтың қайнар көздерінің осылайша көп болуы
қоғамдық қатынастардың кез келген саласында кәмелетке толмағандар
тұлғасының дамуын қамтамасыз ететін қолдау жүйесі көзделгендігінің салдары.
Әсіресе бұл қауіпті жағдайда тұрған және ерекше қорғау мен қолдауға мұқтаж
жасөспірімдерге қажет.
Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық жасау себептеріне отбасында
дұрыс тәрбие берілмеуі жұмыссыздық, теріс ықпал, арандату азғын кітаптар
мен фильмдердің әсері білім беру органдары, кәмелетке толмағандар істері
жөніндегі комиссия меи инспекцияның, полиция сот тергеу органдары
жұмысындағы кемшіліктерді жатқызу керектігін ескерсек, қоғамдық өмірдің
әртүрлі салаларындағы заңнаманы жетілдіру қажет.
Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен оқытуда отбасының маңызы
зор. Осыған орай мемлекетіміз отбасының, соның ішінде кеңейтілген отбасының
тұтастығын сақтауға күш-жігер жұмсағаны жөн. Отбасында тұрақтылық пен
береке болмаса, осыған байланысты қоғам тарапынан көмек көрсету әрекеттері
сәтсіз болған жағдайда тіршілік етудің балама орындарын пайдалану
мүмкіндігін қарастыру қажет. Соның ішінде балаларды тұрақтылығы бар әрі
берекелі отбасы жағдайына мейлінше жақындатылған мекемелерге тәрбиеге
беруге болады. Сонымен қатар заңнамаға баланы дамыту және оған күтім жасау
жөніндеп ата-ананың рөлі мен міндеттері жайында құзырлы органдардың ақпарат
беру міндетін кездейтін нормалар енгізген жөн. Мұның өзі ата-ана мен
балалар арасында оң қарым-қатынастың қалыптасуына септігін тигізеді.
Баланың келешегіне кері әсер ететін жағдайларды айтпағанда, оларды ата-
анасынан айыруға жол бермейтін ұлттық бағдарлама жасаудың және оны іс
жүзіне асыру қажеттігінің мәні зор. Бұл бағдарламада баланы қоғамда өмір
суруге дайындау жөнінде мемлекет пен коғам тарапынан жасалуы тиіс барлық
шаралар көзделу керек және бұл орайда қазіргі қоғамдық және құқықтың
мекемелерді ескеріп қана қоймай, егер дәстүрлі мекемелер мен ұстанымдардың
пәрменін жоғалтқан жағдайда дәстүрлі емес шара қолдануды да көздеген дұрыс.
Дегенмен кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың ең маңызды
алғышарты болып табылатын отбасыңдағы берекені сақтаудың негізінде
субъективтік себептерден басқа, өтпелі кезеңнің әлеуметтік-экономикалық
жағымсыз құбылыстары жатыр. Олардың қатарына бірінші кезекте жұмыссыздықты
жатқызу керек ол балалар мен жасөспірімдердің қараусыз, қадағалаусыз
қалуының және құқық бұзушылық жасауының себебі болады. Біліктілігі жоғары
педагогтар жалақының төмеңдігінен саудамен айналысуға мәжбүр. Ата-анасының
материалдық жағдайының нашар болуынан балабақша мен мектептерге бара
алмауда, нәижесінде соңғы жылдары қараусыз, тастанды, үй-жайы жоқ, сөйтіп
құқық бұзушылық жасауға баратын балалар саны көбейіп отыр. Сол себептен
мемлекеттің әлеуметтік саясаты ең алдымен жұмыс орындарын кебейтуге.
қамқоршылары баланы оқытуға жағдайы келмеген кезде кәмелетке толмағандарға
мемлекеттің есебінен жоғары және арнайы орта білім алу мүмкіндігін
қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс.
Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың және балалардың
қадағалаусыз, ата-анасының қарауынсыз қалуының алдын алу жөніндегі
мемлекеттік саясаттың келесі бір бағыты білім беру саласындағы заңнаманы
жетілдіру оның дәл және біркелкі қолданылуына тиісті бақылау және қадағалау
жасауды қамтамасыз ету болып табылады. Білім беру қызметіне қатысты
нормативтік құқықтық актілер кешенінде қазіргі қолданыстағы заңнамада толық
көлемде ескерілмеген көптеген проблемаға назар аударылуы тиіс. Біріншіден,
заңнамада баланың өзіндік мәдени ерекшеліктеріне, оның көзқарасына,
мемлекетіміздің қоғамдық құндылықтарына, адамның құқықтары мен негізгі
бостандықтарына сыйлаушылықпен карауға баулитын шаралар қамтылу керек.
Екіншіден, оқу орындары кәмелетке толмағандарға медициналық, кеңестемелік
және басқа да көмек керсететін, атап айтқанда осындай жәрдемге мұқтаж
немесе катыгездік құрбаны болған, ата-анасының мейірімін көрмеген және
қудалау мен қанауға душар болған жасөспірімдерге қол ұшын беретін базалық
және анықтама орталықтарына айналуы тиіс. Үшіншіден білім саласына қатысы
бар нормативтік құқықтық актілерде қолайсыз, жағымсыз жағдайдағы, табысы аз
топтарға жататын кәмелетке толмағандардың проблемаларын анықтауға және
шешуге ықпалдасатын оқу және тәрбие бағдарламаларын әзірлеу мен ендіру
қажеттігі жеткілікті дәрежеде қамтылмаған. Төртіншіден, оқу орындарының
кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығының алдын алу жөніндегі жұмыс
нәтижесін тұрақты бақылау мен оған баға беру міндеті еліміздің заңнамасында
толық көлемде көрсетілмеген. Бұдан басқа, нормативтік құжаттарда мектепке
бару ережесін сақтау қиынға соғатын сондай-ақ мектепті тастап кеткен
кәмелетке толмағандарға арнайы көмек көрсетілетіні көзделуі керек. Жене
ақырында, білім беру заңнамасында жастар арасындағы қылмыстың және
кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың тиімді жолдарын
табуға қатысты ғылыми-зерттеу жүргізуде білім беру жүйесінің барлық,
буындарының арасында ынтымақтастық болуын ынталандыруға, сондай-ақ осындай
зерттеулердің кең таралуын және бағасын алуын көздеуге тиіс. Осындай
зерттеу нәтижелерінің негізінде білім басқармалары кәмелетке толмағандарда
заңға сәйкес мінез-құлық қалыптастыруға бағытталған бағдарламалар мен
әдістемелік құралдар әзірлеп, білім беру мекемелерінің жұмыс тәжірибесіне
енгізуі керек.
Жасөспірімдер арасындағы заңға қайшы мінез-құлықтың алдын алудың
неғұрлым тиімді шарасы девиантты мінез-құлқы мен ерекшеленеген кәмелетке
толмағандарды, әсіресе коғамға қарсы бағдарланған жасөспірімдер топтарының
лидерлерін дер кезінде анықтауға және олардың айналадағы адамдарға теріс
ықпал жасауына жол бермеу болып табылады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай,
осындай жасөспірімдерді арнайы оқу-тәрбие мекемелеріне орналастыру
мүмкіндігі болғанда бұл жұмыстың пәрменділігі артады. Осының өзі құқық
бұзушылықтың кайталануын болдырмауға, сондай-ақ оларды ересек адамдардың
тарапынан болатын теріс әсерден оқшаулауға мүмкіндік береді. Соңғы үш жылда
білім жүйесінде облыс әкімдері жүйелі түрде қоғамға қарсы әрекет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жазадан босату
Кәмелетке толмағандар қылмыстық жауаптылығының жалпы мәселелері
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ТАҒАЙЫНДАЛАТЫН ЖАЗА ТҮРЛЕРІ
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалардың түрлері
Отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың түрлері
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы туралы
Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың түрлері
Кәмелетке толмағандардың жасаған қылмыстарына тағайындалатын жазалардың түрлері
Кәмелетке толмағандардың құқықтары
Пәндер