Конституциялық құқық жайында



I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
II. Негізгі бөлім
1. Конституциялық құқық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Азаматтық құқық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
3. Әкімшілік құқық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
4. Қылмыстық құқық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Заң ғылымында «құқық» термині бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден «құқық» деген – ресми түрде танылған жеке-жеке заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері бар. Осы келтірілген жағдайларда «құқық» түсінігі субъективтік мағынада қолданылады. Субъективтік құқық-тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормаларды құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері. Мұндай мүмкіндіктер құқықтық қатынастарға қатысатын тұлғаслардың мінез-құлқының шегін анықтайды. Тұлғаның құқығы құқықтық қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқықғымен байланысты болғандықтан, екі жақтан да құқықтық міндеттер пайда болады. Демек, құқықтың қатынасқа қатысушылар да құқықпен қатар құқықтың міндеттері де туындайды. Басқаша айтқанда, тұлғаларда құқықпен бірге құқықтық міндетте болады.
Субъективтік құқықтыќ міндет – құқықтық мүмкіндік берілген құқық тұлғасының заңы, мүддесін (талабын) орындауі үшін басқа құқық тұлғасына жүктелген міндет.
Бұл мемлекеттік мәжбүрлеу арқылы (міндетті орындалмаған жағдайда) қамтамасыз етілетін және құқықтық қатынасқа қатысу нәтижесінде жүзеге асырылатын іс-әрекет.
Екіншіден, «құқық» дегеніміз құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Бұл объективтік мағынадағы құқық, себебі олардың жасалуы жеке адамның еркіне байланысты емес. Сонымен, объективтік мағынадағы құқық жеке нормаларға бөлінбейтін, тұтас құбылыс болып саналады. Мысалы, ҚР Конституциясы, Парламент заңдары, т.б. нормативтік-құқықтық актілер.
Үшіншіден, «құқық» термині оқу пәнін білдіретін ұғым рнетінде қолданылады. Құқық пәндері түрлі салаларға бөлінеді. Мысалы, Конституциялық құқық, Азаматтық құқы, Әкімшілік құқық, Қылмыстық құқық т.б. Мысалы, қылмыстық құқық-қылмыс жасауға, жазалауға байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Қаржы құқығы-мемлекеттің ақша қаражат қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын қатынастарды реттейтін құқық нормаларының жиынтығынан тұрады.
1. Четвернин В.А. Понятия права и госдарства. Введениев курс теории права и государства .М., 1997
2. .Сапарғалиев Ѓ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы 1998.
3. Жоламан Қ. Мұхтарова А. Тәукелев А. Мемлекет және құқық теориясы Алматы .1999.
4. Булгакова Д . Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы.Алматы 2004.
5. Аѓдарбеков Т. Мемлекет және құқық теориясы.Оқулық Дєуір. Алматы,2003
6.Табанов С. Салыстырмалы қ±қықтану негіздері. Оқу құралы Алматы 2003.
7. Ибраева А. Ибраев Н. Теория государства и права .Учебное пособие .Алматы 2001.
8. Табанов С. Ќұқық теориясы мен сот жүйесінің Конституциялық негізі. Оқу құралы. Астана,2001.
9. Зиманов С Конститутция и Парламент Р. К .Алматы . Жеті жарғы . 1996.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

I.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...3

II. Негізгі бөлім

1. Конституциялық құқық ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..4

2. Азаматтық құқық ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .9

3. Әкімшілік құқық ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .7

4. Қылмыстық құқық ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...11

III.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...12

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Заң ғылымында құқық термині бірнеше мағынада қолданылады.
Біріншіден құқық деген – ресми түрде танылған жеке-жеке заңды тұлғалардың
заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы азаматтардың еңбек ету
бостандығы, білім алу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Заңды тұлғалардың
да құқықтық мүмкіндіктері бар. Осы келтірілген жағдайларда құқық түсінігі
субъективтік мағынада қолданылады. Субъективтік құқық-тұлғалардың мүддесін
қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормаларды құқық тұлғаларына берген
құқықтық мүмкіндіктері. Мұндай мүмкіндіктер құқықтық қатынастарға қатысатын
тұлғаслардың мінез-құлқының шегін анықтайды. Тұлғаның құқығы құқықтық
қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқықғымен байланысты болғандықтан, екі
жақтан да құқықтық міндеттер пайда болады. Демек, құқықтың қатынасқа
қатысушылар да құқықпен қатар құқықтың міндеттері де туындайды. Басқаша
айтқанда, тұлғаларда құқықпен бірге құқықтық міндетте болады.

Субъективтік құқықтыќ міндет – құқықтық мүмкіндік берілген құқық
тұлғасының заңы, мүддесін (талабын) орындауі үшін басқа құқық тұлғасына
жүктелген міндет.

Бұл мемлекеттік мәжбүрлеу арқылы (міндетті орындалмаған жағдайда)
қамтамасыз етілетін және құқықтық қатынасқа қатысу нәтижесінде жүзеге
асырылатын іс-әрекет.

Екіншіден, құқық дегеніміз құқық нормаларының жүйеге келтірілген
жиынтығы. Бұл объективтік мағынадағы құқық, себебі олардың жасалуы жеке
адамның еркіне байланысты емес. Сонымен, объективтік мағынадағы құқық жеке
нормаларға бөлінбейтін, тұтас құбылыс болып саналады. Мысалы, ҚР
Конституциясы, Парламент заңдары, т.б. нормативтік-құқықтық актілер.

Үшіншіден, құқық термині оқу пәнін білдіретін ұғым рнетінде
қолданылады. Құқық пәндері түрлі салаларға бөлінеді. Мысалы, Конституциялық
құқық, Азаматтық құқы, Әкімшілік құқық, Қылмыстық құқық т.б. Мысалы,
қылмыстық құқық-қылмыс жасауға, жазалауға байланысты қатынастарды реттейтін
құқықтық нормалардың жиынтығы. Қаржы құқығы-мемлекеттің ақша қаражат
қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда
болатын қатынастарды реттейтін құқық нормаларының жиынтығынан тұрады.

Төртіншіден, құқық термині субъективтік құқық пен объективтік
құқықтың жиынтығы ретінде де қолданылады.

Негізінен құқықты таптық және жалпы әлеуметтік тұрғыдан түсіндіру
ғылымда кең орын алып келеді. Маркстік ілім құқықты, оған байланысты
құбылыстарды тек таптық тұрғыдан ғана зерттейді. Бұл ілім бойынша құқық-
үстем таптың саяси құралы. Ал өркениеттік тұрғыдан құқық қоғамдығы барлық
адамдардың еркін білдіріп, мпүдделерін қорғайтын құрал болып саналады.
Құқықтың жалпы әлеуметтік мәнін мойындай отырып, оған мынадай анықтама
беруге болады. Құқық (объективтік тұрғыдан қарағанда) – адам мен қоғамның
жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық
қатынастарды реттейтін, ресми ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің
күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы. [1]

Конституциялық құқық — құқық жүйесінің басты саласы (кейбір елдерде ол
"мемлекеттік құқық" деп аталады). Конституциялық құқық, құқықтың басқа
салаларының жасалуы, әрекет ету мен қалыптасуының негізі болып табылады.
Мұндай салалар бүгінгі күні жиырмадан астам: мысалы, әкімшілік
құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қаржы құқығы және т.б.

Конституциялық құкық маңызды мынадай мәселелерді:

▪ қоғам мен мемлекет құрылысының негіздерін;
▪ мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару ісін жүзеге асырудың
тәртібін;
▪ адам және азамат құқығын, бостандығы мен міндеттерін реттейді.
Конституциялық құқық — адам, мемлекет пен қоғамның өз тіршілік әрекетін
құруына өте кажетті оған лайықты басты ережелерді белгілейді. Мемлекеттік
билікті жүзеге асырумен байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастар
конституциялық құқықтың пәнін құрайды. Қазақстан
Республикасында азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім
алуға кепілдік берілген. Азаматтардың бұл құқығын кім камтамасыз етеді?
Әрине осыны жүзеге асыруға құқылы мемлекеттік органдар (мысалы, Білім және
ғылым министрлігі). Біздің елімізде әркім Қазақстан Республикасының
Конституциясын және заңнамаларын сақтауға, басқа тұлғалардын құқықтары мен
еркіндіктерін, ар-ожданы мен абыройын қастерлеуге міндетті. Аталған
талаптар сақталмаған жағдайда оны бұзушыларға мемлекеттік органдардың
алдында (полиция, прокуратура, сот) жауап беруге тура келеді.
Конституциялық құқық қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге багытталған
әдістер мен тәсілдер арқылы реттейді.

Оларға мыналар жатады:

▪ міндеттеу әдісі;
▪ тыйым салу әдісі;
▪ ерік беру әдісі;
▪ мойындау әдісі.
Қазақстанда әркім мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті (аталған
жағдайда міндеттеу әдісі қолданылады). Республика азаматын Қазақстаннан
тысқары жерлерге қуғындауға жол берілмейді (мұнда тыйым салу әдісі
колданылады). Біздің елімізде әркім өзінін ана тілін, мәдениетін
пайдалануға, колдануға құқығы бар екендігі белгілі (бұл жағдайда ерік беру
әдісі колданылады). Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес
адамдардың құқықтары мен еркіндіктері танылады және оған кепілдік беріледі
(көріп отырғанымыздай, мұнда мойындау әдісі колданылады).

Қоғамдық құбылыс ретінде құқықтың ішкі және сыртқы түрі болады. Құқықтың
ішкі пішіні — оның мазмұнын құрайтын бөлшектердің құрылымы мен жүйесі.
Құқықтың сыртқы пішіні — құқықтық тәртіп ережелері арқылы бекітілетін
заңдық қайнар көздердің жиынтығы. Құқықтық нормалардың жиынтығын құқықтық
қайнар көздері деген ұғымға жинақтауға болады. Құқық тек мемлекеттік
органдардың іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болады.

▪ Конституция;
▪ конституциялық заңдар;
▪ әдеттегі заңдар (жай заңдар);
▪ президенттің нормативті жарлықтары;
▪ үкімет қаулылары;
▪ қоғамның негізгі құрылымын, мемлекеттік билік ұйымдарының
ұйымдастырылуын реттейтін басқа да құқықтық-нормативтік актілер
Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының кайнар көзі болып
табылады.
Көрсетілген актілердің әрқайсысының нақты заңдық күші, оны кабылдаудың
(өзгерістер енгізудің), жариялаудың, күшін жоюдың тәртібі болады. Аталған
мәселелердің барлығы Қазақстан Республикасының "Нормативті құқықтық актілер
туралы" Заңында толық карастырылған.

▪ Конституцияның ең жогары зандық күші болады және Қазақстан
Республикасының барлық аумағына тікелей ықпал етеді. Бұл құқықтың басқа
барлық кайнар көздері Конституция негізінде жасалатындығын және оған
кайшы келмеуі қажет дегенді білдіреді. Конституцияның нормалары кез
келген басқа актіні кабылдауынсыз қолданылады. Кез келген азамат өзінің
құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін Конституцияны, оның нормаларын
мемлекеттік органдар мен сотқа шағымдану арқылы колдана алады.
▪ Конституцияның нормалары мемлекет пен қоғам өмірінің барлық: саяси,
экономикалық, әлеуметтік, мәдени аяларына ықпал етеді. Олар қоғамдық
қатынастардың басты жақтарын реттейді.
▪ Конституция тек конституциялық құқықтың ғана қайнар көзі емес, сонымен
қатар басқа құқық салаларының да кайнар көзі болып табылады.
▪ Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізудің ерекше тәртібі
бекітілген.
Конституция халықтың тікелей дауыс беруі арқылы референдумда қабылданады,
заңдарды Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдайды. Қазақстан
Республикасының Конституциялық құқығының келесі қайнар көзі
— конституциялық заңдар болып табылады. Олар Конституцияда бекітілген
нормаларды нақтылайды және тек Конститудияда көрсетілген мәселелерді ғана
реттеуде колданылады. Конституциялық заңда Қазақстан Республикасының
мемлекеттік рәміздерінің (ту, елтаңба, әнұран) сипаттамасы және оны ресми
қолдану тәртібі; республикада сайлау өткізу мен ұйымдастыру тәртібі;
республикалық референдум өткізу тәртібі; республиканын сот жүйесі
бекітіледі; президенттің құқықтық мәртебесі; парламентті құру және кызметін
ұйымдастыру, оның депутаттарының құқықтық мәртебесі; үкіметті құру және
оның кызметін ұйымдастыру құзыры айкындалады; Конституциялық кеңестің
кызметі және оны ұйымдастыру тәртібі реттеледі. Жай заңдар — қоғамның,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының барлық жақтарын реттейді.
Елімізде көптеген жай заңдар әрекет етеді. Солардың қатарына кодекстерді
жаткызуға болады. Қазақстан Республикасы Президентінің нормативті
жарлықтары — мемлекет пен қоғам өмірінің әр түрлі мәселелеріне қатысты
президент кабылдайтын акті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулылары — үкіметтің өз кызметі шеңберінде қабылданған, конституциялық-
құқықтық мазмұндағы актісі.Халықаралық келісімшарт нормалары да
конституциялық құқықтың кайнар көзіне жатады. Себебі, мұнда адам құқығы,
қоғамдық бірлестіктер, Қазақстан Республикасы азаматтарының құкықтары мен
міндеттері туралы нормалар бар. Қоғамның құрылымы мен мемлекеттік билікті
ұйымдастырумен байланысты басқа да нормативті құқықтық актілер
конституциялық құқықтың қайнар көздеріне жаткызылуы мүмкін. [2]

Азаматтық құқық дегеніміз — азаматтық заңдарда көрі ніс тапқан мүліктік
және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды
реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс
тапқан.

Нарықтық қатынастар, негізінен, азаматтық құқықпен реттеледі. Нарықтық
қатынастар кең етек жая дамыған елдерде Азаматтық
кодекс екінші Конституцияға теңес-т ірілген

Азаматттық құқытың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол —мүліктік және мүліктік
емес жеке қатынастар. Мүліктік қатынастар дегеніміз — мүлікті иелену,
пайдалану және билік етуге (басқа біреуге беру) байланысты қатынастар.
Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар —материалдық
игіліктермен(мүлік,ақша,құнды қағаз,қызмет көрсету және т.б.) байланысты
қоғамдық қатынастар. Мысалы, сату — сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру.
Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді —мүліктік қатынастармен
тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен
байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар.

Бірінші топтағы мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке
қатынастардың тікелей мүліктік сипаты мен ақшалай құны болмайды. Бұл топтың
негізін интеллектуалдықменшікпен байланысы бар қатынастар құрайды.

Ғылыми еңбектің авторы немесе өнертапқыш өзінің авторлық құқығын қорғауға
байланысты сотқа талап арыз беріп, арыз сот арқылы қанағаттандырылатын
болса, онда ғылыми еңбектің авторының немесе өнертапқыштың қаламақы немесе
басқалай сыйақы алуға құқығы болады. Бұл жағдайда мүліктік емес жеке
қатынастар мүліктік қатынастармен байланыстылық сипат алады.
Жеке мүліктік емес қатынастардың екінші тобын — мүліктік қатынастармен
байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.

Адам денсаулығына көлік арқылы зиян келтірілді. Денсаулыққа келтірілген
зиянның нақты ақшалай құнын анықтауға болмайды. Дегенмен де, азаматтық
құқықтың нормалары істің мән-жайына байланысты денсаулыққа келген зиянның
орнын толтыруды реттейді (зиян келтірушінің кінәсін, зиян келтіруші мен
жөбірленушінің материалдық жағдайын және т.6.).
Жеке өмірге, тұрғын үйге, ар-намысқа, іскерлік беделге қолсұқпаушылық
екінші топтағы жеке мүліктік емес қатынастарға жатады. [3]

Реттеудің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек шартының ұғымы және ерекшеліктері
Еңбек құқығы қағндаттарының ұғымы және оны топтастыру
Еңбек құқығы қайнар көздерінің жүйесі
Егемендіктің теориялық сипаттамасы
Мемлекет құқық негіздері
Адам құқығы
БИЛІКТІ БӨЛУ ТЕОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ СОТ БИЛІГІ
«Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдары» пәнінен дәрістер
Бірінші белгі
Қазақстан Республикасының сайлау органдары
Пәндер