Қазақстан Республикасы қылмыстық заңы бойынша кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауаптылық


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе 3
1. Қазақстан Республикасы қылмыстық заңы бойынша кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауаптылық
1. 1 Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару түсінігі мен жалпы сипаттамасы7
1. 2 Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару Қазақстан Республикасы экономикалық қауіпсіздігіне төнген қауіп ретінде және онымен күресу шаралары18
2. Қазақстан Республикасы қылмыстық заңы бойынша 214 нормамен жауаптылық бекітілген құрамның қылмыстық-құқықтық мәселелері
2. 1 Қылмыс құрамының объектісі28
2. 2 Қылмыс құрамының объективтік жағы34
2. 3 Қылмыс құрамының субъектісі40
2. 4 Қылмыс құрамының субъективтік жағы45
2. 5 Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару құрамын саралаудың қылмыстық-құқықтық кейбір мәселелері47
2. 6. Қазақстан Республикасы қылмыстық заңы бойынша кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауаптылық 53
Қорытынды 57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 63
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Еліміздің нарықтық экономикаға өтіп, оны қазіргі таңда қоғамымызда сәтті қалыптастыруына Қазақстан Республикасының экономикасы құрылымының тарихи қалыптасуы себепкер. Дәлірек айтсақ, тарихи тұрғыда қалыптасқан экономика құрылымы мен бар ресурстық потенциалдың шеңберінде экономикамыз сыртқы немесе ішкі нарықтық бағытталу арасында болуы керек.
Ұлттық экономикамыздың жеткілікті ресурстық потенциалы мен ішкі нарығына қарамастан, Қазақстан Республикасында инвестициялардың жеткіліксіздігі мен шикізаттық емес өндірістің құрылымдық дағдарысына байланысты отандық өндірушілердің шикізатты экспорттық бақылауы орын алып отыр. Сондықтан, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметіндегі ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері аса маңызды рөлге ие болып отыр.
Ұлттық қауіпсіздікті оның ішінде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құрамдас бөлігі ретінде кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару (Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі 209-бабы), шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі 213-бабы), кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару (Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі 214-бабы), айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы (Қазақстан Республикасының 250-бабы), заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру (Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі 293-бабы) сияқты қылмыс құрамдарымен күрес танылады.
Зерттеудің мақсаты Қазақстан Республикасындағы нарықтық реформалардың негізгі мақсаты -- нарықтық экономиканың жаңа модельдеріне көшу екендігі белгілі, ол экономикалық даму траекториясына шығуды қамтамасыз етуі керек.
Қоғамымыз бен экономикамыздағы қазіргідей дағдарысты жағдай, инфляция тұсында, нормативтік құқықтық базамыздың жеткілікті деңгейде қалыптаспауы, заңнамадағы құқықтық олқылықтардың болуы тұсында аталған қылмыстық сипаттағы әрекет түрлері экономикамызда көптеп орын алып отыр, сыртқы экономикалық қызмет саласын қорғаудың қылмыстық-құқықтық және криминологиялық арнайы кешенді шараларын жасап шығаруды қажет етіп отыр.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияны қабылдап және мемлекетіміздің өз тәуелсіздігін жариялауынан бастап дербес экономикалық және әлеуметтік саясатты жүргізіп, оның бағыттарын анықтап отыр. Осы тұста жоғарыда аталып өткен қылмыс құралдарының ішінде экономикалық контрабандамен күрес мәселелеріне бағытталған шаралар ерекше теориялық және практикалық қызығушылықтар туындатып отыр. Себебі, кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару әрқашанда құқықтық мемлекетті құру, жеке тұлға мен қоғам мүдделерін қорғаудың экономикалық, әлеуметтік, адамгершіліктік аспектілерімен тығыз байланысты.
Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарумен күрестің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық мәселелері Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде көптеген диссертацияларда монографияларда, ғылыми публикациялар мен оқу әдебиеттерінде қозғалып өткен.
Аталған мәселемен шұғылданып анализ жасаған ғалымдардың қатарына Арышев В. В., Базилевич К. Н., Мельникова Ю. Б., Яни П. С., Гармаев Ю. П., Ларичев В. Д., Гильмутдинова Н. С., Диканова Т. А., Осипов В. Е., Верин В. Т., Витвицкий А. А., Козлов В. А., Корчагин А. Г., Иванов А. Н., Ванин М., Печерский В., Терещенко Л., Волженкин Б., Душкин С., Русов С., Тюнин В. И., Дорожков С. П. тағы басқа ғалымдарды атауға болады.
Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарудың қылмыстық құқықтық мәселелері және онымен күрес Қазақстандық қылмыстық құқық ғалымдарының еңбектерінде де кеңінен көрініс алған. Олардың қатарына М. М. Әлиев, Н. М. Әбдиров, М. О. Нүкенов, Б. А. Қайрамбаев, А. А. Смағулов, А. И. Худяков сынды ғалымдарды жатқызуға болады. Аталған тақырыпта сонымен қатар, монографиялық деңгейде Мәлик Кенжалиев «Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтаруүшін қылмыстық жауаптылық» атты диссертациялық еңбегі қорғалып, жарық көрген.
Жоғарыда аталып өткен ғалымдардың еңбектері дипломдық жұмысты жазу барысында кеңінен қолданылды.
Алайда құқықтық құбылыстардың, сонымен қатар қоғамымыздың үнемі даму үстінде болуына байланысты, олардың үнемі өзгерістерге ұшырап отыруына байланысты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңы бойынша кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару қылмыстық құқықтық және оның алдын-алу мәселелерін қайта қарастырып өту қажет деп ойлаймыз.
Сөзіміздің дәлелі ретінде, Қазақстан Республикасының жаңа Кеден Кодексінің қабылданғанын, кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару, егер ол мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам өз қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса, сыбайлас жемқорлық қылмысы ретінде танылатындығы туралы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне жаңа өзгерістердің енгізілуін айтуымызға болады.
Дипломдық жұмыс екі тарау, ол тарауларды кеңінен ашып қарастыратын сегіз бөлімдерден тұрады. Бірінші тарауда Қазақстан Республикасының қылмыстық заңы бойынша кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару жалпы сипаттамасы мен түсінігі, оны саралаудың кейбір мәселелері айтылып өтеді. Екінші тарауда аталған қылмыс құрамын саралаудың негізі болып табылатын қылмыс және жауаптылықтар құрамын кеңінен ашып қарастырылды.
Бітіру жұмысының соңғы және қорытынды тарауларында кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігіне төнген қауіп ретінде қарастырылып, онымен күрес шаралары қарастырылды, бітіру жұмысын жазу барысында келген қорытындыларымыз түйін түрінде беріледі.
Сонымен қатар, қолданылған әдебиеттер тізімі беріледі.
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - ада және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары қорғалатыны көрсетілген [1] .
1 Қазақстан Республикасы қылмыстық заңы бойынша кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауаптылық
1. 1 Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару түсінігі мен жалпы сипаттамасы
Қазiргi таңда ҚР шекарасы 13034 км-ге созылған, дәлiрек айтсақ, Ресей Федерациясымен 6023 шақырым, Өзбекстанмен 2163 шақырым, Қытаймен 1730 шақырым, Қырғызстанмен 1053 шақырым, Түркменстанмен 345 шақырым, Каспий теңiзi арқылы Иранмен, Ресеймен, Әзiрбайжанмен жалпы көлемi 1730 шақырымда шекараласады. Шектесiп жатқан мемлекеттер арасында кедендiк шекараны енгiзу, ол арқылы өтетiн тауарлар мен көлiк құралдарын толық декларациялауды қамтамасыз ету мақсатында кедендiк бақылау мекемелерi құрылған. Әрбiр кедендiк бақылау бекеттерiнiң ара қашықтығы 150-200 шақырымды құраса, орта есеппен әрбiр кедендiк бақылау қызметкерi бақылауына 7 шақырым кеден шекарасы келедi.
Кедендік және мемлекеттік шекара ұғымы 2003 жылдағы №401 - ІІ 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Кеден кодексімен, 1995 жылғы 21 желтоқсанында жөне 1996 жылғы 26 қаңтарда және 22 қарашада жөне 1997 жылғы 9 маусымда енгізілген өзгертулермен және толықтырулармен және Қазақстап Республикасыиың 1993 жылғы 13 қаңтардағы "Қазақстан Рес-публикасының мемлекеттік шекарасы туралы" Заңымен, оған 1996 жылғы 15 шілдеде енгізілген өзгертулермен және толықтырулармен анықталады. Ксдендік шекара өткізу бекеттерінің кедендік постыларының қай жерде орналасқанына қарамастан еркін кедендік аймақтар мен еркін қоймалар периметрін қоспағанда құрылық аумағында, суларда, әуе кеңістігінде мемлекеттік шекарамен шектеседі.
Тергеу ісін жүргізуде және сот құжаттарында контрабанданың мөлшерін және басқа тиісті саралау белгілерін, оның ішінде белгілі бір заттарды алып кетудің арнайы ережелерін көрсету міндетті болып табылады.
Осы аталған кедендiк шекараның ұзақтығы кедендiк қылмыстарының, оның ішінде экономикалық контрабанданың латенттi сипат алуының бiрден бiр себебi болып отыр. Сонымен қатар, экономикалық контрабандамен күрестiң тиiстi дәрежеде жүргiзiлмеуiнiң себептерi ретiнде, қылмыстық заңдағы аталған қылмыс құрамдары үшiн қылмыстық жауаптылықты белгiлейтiн нормаларда кездесетiн олқылықтар мен ғылыми негiзiнiң қалыптаспағандығын айтуға болады.
Кеден ісі саласында орын алатын қылмыстардың өсу - кему заңдылықтарын статистискалық мәліметтерге сүйене отырып, анықтасақ, ол келесідей сипатқа ие: Қаржы полициясы органдары берген мәліметтерге сәйкес, олардың қозғаған ҚР ҚК 209 - бабында көзделген кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтаруқұрамының жасалу фактісі 2004 жылы 144 болса, 2005 жылы аталған көрсеткіш 108 - ді көрсетіп отыр. Қаржы полициясы органдары практикасында аталған қылмыстардың жасалуы 25, 0 % - ке төмендеген.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдары практикасында кедендік қылмыстардың ішінде тек ҚР ҚК 209, 250 - баптармен көзделген қылмыс құрамдарының жасалу фактісі анықталған, аталған істер бойынша қылмыстық істер қозғалған. ҚР ҚК 209 - бапта көзделген қылмыс құрамы бойынша 2004 жылы 12, 2005 жылы 8 қылмыстық істер қозғалған. Ал, ҚР ҚК 250 - бапта көзделген қылмыс құрамының жасалу фактісі 2004 жылы 28, 2005 жылы 29 - ды құрап отыр, кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтаруқұрамының жасалу фактілері 33, 3 % - ке кемісе, айналымы шектелген немесе айналыстан алынған заттардың контрабандасының жасалу фактілері 3, 6 % - ке өскен. Кедендік бақылау органдары мәліметтеріне сәйкес, ҚР ҚК 209-бабы бойынша 2004 жылы 192, 2005 жылы 223 қылмыс қозғалып, олардың өсуі 16 %-ке өскен. ҚР ҚК 213-бабы бойынша қылмыс жасау фактісі кездеспейді. ҚР ҚК 214-бабы бойынша 2004 жылы 61, 2005 жылы 81 қылмыс құрамы жасалу фактісі анықталған, жасалу фактілері 32, 8 % өскен. Ал, ҚР ҚК 250 - бабы бойынша 2004 жылы 161, 2005 жылы 187 қылмыс құрамының жасалу фактісі тіркеліп, өсу барысы 16, 1% - ке өсіп отыр [2] .
Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару құрамының түсінігі, оның сипаттамалары, жоғарыда аталып өткен ғалымдардың еңбектерінде беріліп өткен.
Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару құрамын анықтауға байланысты ғалымдардың пікірлерін және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін ескере отырып, біз аталған қылмыс құрамын кедендік қылмыстардың тобына жатқызамыз.
ҚР ҚК, бiздiң пiкiрiмiзше, заң әдебиеттерiнде «кедендiк қылмыстар» деп танылатын келесi қылмыс құрамдарын қарастырады:
- кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару(209-бап) ;
- шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (213-бап) ;
- кеден төлемдерi мен алымдарын төлеуден жалтару (214-бап) ;
- айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы (250-бап) .
Жоғарыда кедендiк қылмыстар қатарына жатқызылған қылмыс құрамдарын бiр топқа бiрiктiрiп қарастыру шартты сипат алады.
Қылмыстық құқық ғылымында кедендiк қылмыстарды дербес бiр топқа бiрiктiру жөнiнде ғалымдардың пiкiрлерi сәйкес келе бермейдi. Кейбiр ғалымдардың пiкiрiнше аталған қылмыс құрамдарын бiр жүйеге келтiру мүмкiн емес болса, ал кейбiр ғалымдар жоғарыда атап көрсетiлген қылмыс құрамдарымен бiрге кеден қылмыстары қатарына өзге де қылмыс құрамдарын жатқызады. Мысалы, А. И. Чучаев, С. Ю. Иванова кедендiк қылмыстар қатарына жоғарыда аталған қылмыс құрамдарынан басқа РФ ҚК 189-бабында көзделген жаппай зақымдау қаруын, қару-жарақ және әскери техника жасау кезiнде пайдаланылатын технологияларды, ғылыми техникалық ақпаратты және қызметтердi заңсыз экспорттау құрамын (ҚР ҚК 243-бабы) жатқызады [3] .
Менің пiкiрiмше, аталған қылмыс құрамының тiкелей обьектiсiн негiзге ала отырып, кедендiк қылмыстар қатарына жатқызу мүмкiн еместiгiн байқауға болады. Дәлiрек айтсақ аталған қылмыс құрамы тiкелей қоғамдық қауiпсiздiк пен қоғамдық тәртiпке қауiп төндiредi, осы мақсатта заңсыз экспорт орын алуы мүмкiн.
Кейбiр ғалымдардың еңбектерiнде жоғарыда аталған қылмыс құрамдары кедендiк қылмыстар ретiнде бiр топқа бiрiктiрiлiп қарастырылмаған. Мысалы, Н. А. Лопашенко бұл қылмыстық қол сұғушылықтардың обьектiлерiн негiзге ала отырып, үш топқа бөлiп қарастырады:
- экономикалық қызметтi заңсыз негiзде жүргiзу принципiн жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қылмыстар. Олардың қатарына А. И. Чучаев, С. Ю. Иванова кедендiк қылмыстар ретiнде қарастырған жаппай зақымдау қаруын, қару-жарақ және әскери техника жасау кезiнде пайдаланылатын технологияларды, ғылыми техникалық ақпаратты және қызметтердi заңсыз экспорттау құрамын (ҚР ҚК 243-бабы) жатқызады.
- экономикалық қызмет субъектiлерiнiң әдiлеттi қызмет етуi принципiне қол сұғатын қылмыстар. Бұл қылмыстар қатарына кеден төлемдерi мен алымдарын төлеуден жалтару (214-бап) құрамын жатқызады.
- экономикалық қызметтiң криминалдық нысандарына тиым салу принципiне қол сұғатын қылмыстар. Бұл қылмыстар қатарына, ол, контрабанданы (кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару(209-бап), айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы (250-бап) ) жатқызады [4] .
Kедендiк қылмыстарды жоғарыда аталғандай жүйелендiрумен толығымен келiсуге болмайды, себебi, қылмыстық заңдағы жекелеген қылмыс құрамын жүйелендiру барысында топтастыру критериi негiздi, қатаң болуы қажет. Н. А. Лопашенко бөлiп шығарған топтастыру негiздерi аталған қылмыс құрамдарының мазмұндарына қайшы келедi, Мысалы, ҚР 243-бабында көзделген қылмыс құрамын экономикалық қызметтi заңсыз негiзде жүргiзу принципiн жүзеге асыруға байланысты қооғамдық қатынастарға қол сұғатын қылмыстар қатарына жатқызу аталған қылмыс құрамының мазмұнына қайшы келедi. Себебi, жаппай зақымдау қаруын, қару-жарақ және әскери техника жасау кезiнде пайдаланылатын технологияларды, ғылыми техникалық ақпаратты және қызметтер тек кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру мақсатында ғана емес, қоғамдық қауiпсiздiк пен қоғамдық тәртiпке қол сұғу немесе өзге де қоғамға қауiптi мақсаттарда заңсыз экспортталуы мүмкiн. Сондықтан аталған қылмыс құрамын тек экономикалық қызметтiң қалыпты, заңды жүзеге асырылуы принципiне қарсы қылмыс құрамы ретiнде тану негiзсiз болып табылады. Осы позицияны ұстанатын Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің конструкциясы дұрыс құрылған деп ойлаймыз. ҚР ҚК Бұл қылмыс құрамын сыртқы экономикалық қызметтiң қалыпты жүзеге асырылуымен байланысты қатынастармен байланыстырмай, қоғамдық қауiпсiздiк пен қоғамдық тәртiпке қарсы қылмыстар үшiн қылмыстық жауаптылықты көздейтiн тарауда қарастырады. Сонымен қатар, кеден төлемдерi мен алымдарын төлеуден жалтару құрамын экономикалық қызмет субъектiлерiнiң адал ниеттiлiгi принципiне қарсы қылмыс ретiнде тану барысында аталған қылмыс құрамының толық ашылмайды.
Қылмыстық құқық ғылымында кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтаруқұрамы көптеген қылмыс құрамдарымен жанасады, кейбір жағдайларда аталған қылмыс құрамын өзге де қылмыс құрамдарымен шатастырып, саралау фактілері де кездеседі.
Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 250 - бабында көзделген айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы құрамымен жанасады. Аталған қылмыс құрамдары тікелей қылмыс объектілері арқылы ажыратылады.
Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтаруобъектiсi болып кеден заңнамасымен реттелетiн, оның iшiнде тауарлар мен көлiк құралдарын ҚР кедендiк шекарасы арқылы өткiзу шарттары мен тәртiбi танылады, аталған қатынастарды мемлекет бағалы деп тани отырып, оларды контрабанда туралы қылмыстық - құқықтық норманы қолдану арқылы қорғап отыр. ҚР ҚК 209 - бабының диспозициясында көзделген әрекеттер үшiн қылмыстық жауаптылықтықтың белгiленуi соның дәлелi.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 250 - бабында көзделген айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы құрамының тікелей объектісі болып қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіп танылады.
Аталған қылмыс құрамы кедендік қылмыстар ішіндегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 214 - бабында көзделген кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару құрамымен де тығыз байланысты.
Қылмыстық құқықтағы кедендік қылмыстарды зерттейтін ғалымдар И. Пастухов және П. Яни пiкiрлерінше, контрабанда объектiлерiн дәлме - дәл анықтамау, объективтiк жағы мазмұнының дұрыс анықталмауы немесе заңдағы субъективтiк жағының негiзсiз түсiнiлуi жатыр. Сонымен қатар, аталған қылмыс құрамдарының объектiсiн анықтау барысында, оларды кеден заңнамасымен ажыратып қарауға болады, бұл қылмыс құрамдары үшiн жауаптылықты бекiтетiн нормалар түрлi объектiлердi қорғауға бағытталады, дәлiрек айтсақ, жалтару жағдайында бюджеттi қалыптастыруға байланысты қатынастар қорғау көзделедi, ал бұл қатынастар контрабанда объектiсi болып табылмайды.
П. Яни, И. Пастухов аталған қылмыс құрамының түрлiк объектiлерiнiң әртүрлi сипатта екендiгiн алға тарта отырып, бұл құрамдардың бiр - бiрiне қатысты арнайы - жалпы норма болуы мүмкiн еместiгiн айтады. Сонымен қатар, олардың пiкiрiнше, бюджеттi қалыптастыруға байланысты қатынастар контрабанда құрамының қосымша обектiсi болып табылмайды. Қорыта айтқанда, ҚР кедендiк шекарасы арқылы өткiзу шарттары мен тәртiбiн бұзу және кеден төлемдерiн төлеуден жалтару барысында тұлға дербес, екi объектiге қол сұғады, олар бiр - бiрiне қатысты қосымша объектi ретiнде табылмайды, Яғни дербес екi қылмыс жасалынады. Сондықтан, олар, жоғарыда келтiрiлген әрекеттi ҚР ҚК 214 - бабымен бiрге ҚР ҚК 209 - бабымен жиынтықта саралау қажеттiгiн айтады [5] .
Аталған мәселеге байланысты кейбiр мәселелердi Жоғарғы Сот Пленумы 1997 жылғы 18 шiлдедегi «Контрабанда үшiн қылмыстық жауапкершiлiк жөнiндегi заңдарды қолдану тәжiрибесi туралы» №10 Қаулысы реттейдi. Атасы реттейдi. Ата - тармағына сай, контрабанда кеден төлемдерi мен алымдарын төлеуден жалтарумен жанасады, ол тауарлар мен өзге де құндылықтарды заңсыз өткiзудiң тiкелей пиғылымен қамтыла отырып, көбiнесе осы заңсыз өткiзудiң мақсаты болып табылады. Сондықтан бұл әрекеттер аталған төлемдердi төлеуден жалтару үшiн қосымша саралауға жатпайды.
Мұндай саралау тек, контрабанда мен аталған төлемдердi төлеуден жалтару құрамдарын құрайтын әрекеттер әр уақытта бөлек жасалған жағдайда ғана орын алуы мүмкiн.
Кедендiк және басқа да құжаттарды (қызметтiк жалғандық жасау, төлем белгiлерi мен құжаттарды қолдан жасау) алдап пайдалану белгiлерi бар әрекеттер де қосымша саралауды қажет етпейдi [6] .
Менің пiкiрiмше, кеден iсi саласындағы қылмыс құрамдарының ерекше түрi ретiнде кеден төлемдерi мен алымдарын төлеуден жалтару құрамын қарастыруға болады және аталған қылмыс құрамымен қылмыстық-құқықтық күресу - Қазақстан Республикасы мемлекеттiк бюджетiнiң кiрiс бөлiгiн толтырудың маңызды құралы болып табылады. Мемлекеттiң осы бағыттағы қылмыстық саясатының мүдделерi ҚР Қылмыстық Кодексiне аталған қылмыс құрамы үшiн қылмыстық жауаптылықты көздейтiн норманы енгiзу арқылы қорғалады (ҚР ҚК 214-бабы) .
Кедендiк қылмыстар, оның iшiнде осы дипломдық жұмыста қарастырылып отырған кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару қылмысы ретiнде ҚР Қылмыстық Кодексiмен жазалау қаупiмен тиым салынған, кiнәлi жасалынған қоғамға қауiптi әрекет (iс-әрекет) танылады.
Қылмыстық заңның Ерекше бөлiмi 209 - бабында көзделген қылмыс құрамының белгiлерi формальды болса да бар, бiрақ елеулi маңызы болмағандықтан қоғамдық қауiптi емес, яғни қоғамға немесе мемлекетке зиян келтiрмеген және зиян келтiру қаупiн туғызбаған әрекет экономикалы0 контрабанда болып табылмайды. Сондай-ақ, қоғамдық қауiптiлiк дәрежесi мен сипатының төмендiгiне байланысты кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарумен жанасатын құқықбұзушылықтар ҚР Әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы Кодексiмен реттеледi. Дәлiрек айтсақ, ҚР Әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы Кодексiнiң 26-тарауы кеден iсi саласындағы орын алатын құқықбұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк жауаптылықты бекiтедi, оның iшiнде кеден төлемдерi мен алымдарын төлеуден жалтарумен жанасатын келесi құқықбұзушылықтарды айтуға болады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz