Көпэтностық қоғамдағы дін: толеранттылыққа жетудің жолдары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І Көп этносты қоғам және толеранттылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.1 Көп этносты қоғам ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.2 Толеранттылық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

ІІ Қазақстандағы этносаралық келісім және діни төзімділік ... ... ... ... .26
2.1 Қазақстан қоғамындағы дін ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
2.2 Қазақстандағы этносаралық және конфессияаралық тұрақтылықты дамыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазіргі таңда елімізде қалыптасқан бүгінгі жағдай әлеуметтік, рухани құндылықтардың басын қосып, түгендеп, бір игі мақсаттың, елдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мүдденің кәдесіне жарату қажеттілігін алға тартып отыр. Шарасынан шыққан жаһандық дүрбелеңдердің салқыны тәуелсіз Қазақстанның ұлттық және мемлекеттік келбетін шарпып өтіп тұрғаны жасырын емес. Оның негізгі ағысы дінаралық қақтығыстар, лаңкестік және экстремистік пиғылдағы арнайы топтардың қимыл-әрекетінен байқалып отыр. Осы орайда, бөгде пиғылды, жат пікірлі субьективтік күштердің елдің қауіпсіздігі мен бейбітшілігіне нұқсан келтіруге бағытталған шараларына тойтарыс беріп, әлемдік тыныштықты тұрақтандыруға арналған іргелі жобаларды жүзеге асыру кезек күттірмес мәселеге айналды. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев қазақ топырағындағы ынтымақтастық пен татулық қағидаларының әлеуетіне аса үлкен маңыз бере отырып, толеранттылықтың қазақстандық үлгісін жария еткені де XXI ғасырдың бергі кенерінде жүзеге асты. Елбасы төзімділік ұстанымдарына қатысты негізгі ойын төрт сөз негізінде тоғыстырды. Олар: Tolerance (төзімділік), Trust (сенім), Tradirion (дәстүр), Transparebcy (ашықтық, жариялылық). Осы аталған ұғымдар төңірегіне шоғырланатын құндылықтардың болашақта Қазақстанды дүние жүзіне бірегей бейбітшілік отанына айналдырудағы ролі үлкен болмақ. Осы аталған ұстанымдардың ішінде, әсіресе, толеранттылық тұғырнамасының орны айрықша. Себебі бағзы дәуірден бастап, дін адамдардың сенім, моральдық құндылықтар бастауы ретінде тұрмыс-тіршілігі, рухани және заттық мәдениетіне өшпестей ізін қалдырды. Адамға материалдық игіліктер, тұрмыс қажеттіліктері қандай қажет болса, сенім де соншалықты қымбат. Сенімі үшін адам өзін-өзі құрбандыққа шалады, сенімі үшін не нәрседен болсын тайынбай, өзінің ұстанған дінін өзгелердің дінінен артық санайды. Жалпы әр дәуірде өмір сүрген адамзат ғұламалары осы күрделі мәселеге барынша бас қатырып, осы жайтты әр қырынан шешуге тырысады. Бірақ дәлелденбейтін бір ақиқат – жан-дүниесіне берік орныққан діни түйсік соны ұстанған адамның өміріне жол бастаушы.
Осы тұрғыда орыс ойшылы Л.Н.Толстой былай деп өзінің күнделігінде толеранттылықтың алтын қағидасы махаббат деп жазады: «Махаббат – тек өзіңе ұнаған адамды жақсы көру емес. Шынайы махаббат, нағыз махаббат – кез-келген адамның жүрегінен тап өзіңнің ішіңдегі Құдайды көріп, жақсы көру. Бұл саналы түрде Құдаймен, барлық ғаламмен бірігу, барлық нәрсеге деген махаббаттың салтанат құруы. Барлық таза, кінәсіз мақұлықтарды жан-жүрегіңмен беріле сүю. Арман-тілегің мен құштарлығыңды құрбандыққа шалып, ғаламдық өмірге басты біржола байлау.
Әлем халқы бірнеше ғасырлар бойы зардабын тартқан діни төзімсіздік факторларына Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бері ұшырай бастады. Сондықтан толеранттылық қағидаларын қоғамдық өмір көрінісіне, сонымен қатар жеке тұлғалардың сана-сезіміне орнықтыру қажеттілігі күн өткен сайын сезіліп келеді. Осыған байланысты біздің жүргізетін зерттеуіміз Қазақстандағы толеранттылық һәм төзімділік ұстанымдарының түп-тамыры мен негізгі ерекшеліктерін, қазіргі кездегі басты сипаттарын зерделеу болып табылады.
1. Кенжетай Д. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы. – Алматы: Арыс, – 2008
2. Щеколдина С. Д. Тренинг толерантности. – М.: Ось-89, – 2004
3. Элиада М. История веры и религиозных идей. Том II. От Гаутамы Будды до триумфа. М.: Критерион, – 2002г.
4. Юрченко А.Г. Книга Марко Поло: записки путешественника или имперская космография. – СПб.: Евразия, – 2007
5. Вульфиус А.Г. Очерки по истории идеи веротерпимости и религиозной свободы в XVIII в.: Вольтер, Монтескьё, Руссо. – СПб., – 1911
6. Уолцер М. О терпимости. – М., – 2000
7. Бір халықпыз, бір бауырмыз. / Карпетян А.// Егемен Қазақстан газеті – 2012 ж. – 18 қазан
8. 1995 жылғы 16 қарашада ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының 5.61 қарары. http://www.un.org/ru
9. Краткая философская энциклопедия. – М., Прогресс-Энциклопедия, – 1994.
10. Харрис Т. Я хороший, ты хороший. – Москва: Соль,
– 1993
11. Гегель Г.В.Ф. Философия религии. /Пер. с нем. М. И. Левиной. – Москва: Мысль, – 1975 – 532 c. – Т.1
12. Гусева Н.Р. Джайнизм. – М.: Наука, – 1968
13. Яблоков И.Н. Религиоведение. – М.: Гардарики, –2004
14. Лысенко В.Г. Даршана, анвикшики и дхарма: философия и религия в Индии //Методологические проблемы изучения истории философии зарубежного Востока. – М., – 1987
15. Фэн Ю-лань. Краткая история китайской философии. / Перевод на русский: Котенков Р.В. – СПб.: Евразия, – 1998
16. Армстронг К. Дао религии. – М.: Эксмо, – 2012
17. Титаренка М.Л. Древнекитайский философ Мо Ди, его школа и учение. – М.: Наука, – 1985
18. Қашқари М. Түрік сөздігі
19. Mehmet Aydın. Türk toplumunda dini hoşgörünün temelleri // Selçuk ünıversitesi. İlahiyat fakültesi dergisi, –1998, – VIII sayı
20. Harun Yahya. Kuran′da Adalet ve hoşgörü. – Ankara, – 2002
21. İ.Kafesoğlu. Bozkır kültürü, İst. 1972, s.81, Prof. Dr. Ünver Günay. Prof. Dr. Harun Güngör, Başlangıçtan günümüze Türklerin dini tarihi, – İst, – 1997, s, 34
22. Элиаде М. Шаманизм: Архаические техники экстаза. – Киев: София, – 2000
23. Mehmet Aydın. Şamanizmin eski Türk dini hayatı ile ilişkisi, XI. Türk Tarih Kongresi, – Ankara, –1994
24. Бат Йеор. «Зимми»: христиане и евреи под властью ислама. – М.: Восточная литература РАН, – 1995
25. Егемен Қазақстан, – 2006 – 11 мамыр.
26. Баязитов Г. Отношение ислама к науке и иноверцам. – Казань, – 2001
27. Большаков О.Г. История Халифата. – Москва: Восточная литература, – 2002 – 340 с Том І
28. Армстронг К. Ислам: краткая история от начало до наших дней., – М.: Эксмо – 2011 – 320 с
29. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. – Алматы: Ғылым, – 1973
30. Жүсіп Баласағұн. Құтты білік /ауд. А.Қ.Егеубаев. – Алматы: Таймас, – 2007
31. Ахмед Йүгінеки. Ақиқат сыйы. – Алматы, – 1985
32. Кенжетай Д. Н.Ә.Назарбаев, ҚР Президенті: Иасауи – біздің Конфуции. // Егемен Қазақстан// – 2011 – 18 шілде
33. Келімбетов Н. Ежелгі түркі поэзиясы және қазақ әдебиетіндегі дәстүр жалғастығы. – Алматы, Ғылым, – 1998
34. Қабан жырау. Алтын қазық: Өлеңдер, айтыстар мен аңыздар. – Алматы: Берен, – 1993
35. Көне күннің жыр күмбезі. – Алматы: Жазушы, – 2006
36. Құлбайұлы Ыбырай ақұн. Алтынды орда қонған жер: Шежірелер, толғаулар, арнау өлеңдер. /Құрастырған Р. Сағызбайұлы. – Ақтөбе: Арыс, 1994
37. Қаңлы Жүсіп Қадірбергенұлы. Шығармалары. – Қызылорда, – 2004
38. Әбубәкір Кердері. Қазағым. Құрастырған жыршы, ұстаз Бақтыгерей (Ордабай) Сандыбайұлы. – Алматы: Жазушы, – 1993
39. Майлықожа. Шығармалар. /Құрастырған Ә. Оспанұлы. – Алматы, 2005
40. Қанайұлы Ш. Қайран, халқым. Заман-ай: жыр-толғаулар, айтыстар /Құрастырған К. Жүністегі. – Алматы: Раритет, – 2002 – 216 б., І бөлім
41. Мөңкеұлы М. Қазына. – Алматы: Арыс, – 2002
42. Дөнентаев С. Жастарға. Ертістің Павлодар өңірінің әдеби картасы. http://map.pavlodarlibrary.kz
43. Шәкәрім. Иманым. – Алматы: Арыс, – 2000
44. Мұхамедиярұлы А. Күндер мен түндер. /Құрастырған Ысқақов Б. –Алматы: Жазушы, – 1986
45. Қабылұлы Б. Шығармалары. /Құрастырғандар Қасымұлы Н., Аяпұлы М., Жармұхамедұлы М. – Алматы: Мұраттас орталығы, – 1994
46. Шегебай мен Әлібек ақындар (өлең, толғау, арнаулар, дастандар, поэмалар) /Құрастырған Дайрабай Т. – Алматы: Арыс, – 2007
47. Ергали И.Е. Философия как духовная деятельности. /Под. общ. ред. А.С.Серикбаева – Астана, – 2003.
48. Клакхон К. Зеркало для человека. Введение в антропологию. – СПб: Евразия, – 1998
49. Бес ғасыр жырлайды. – Алматы: Жазушы, – 1985 – І том.
50. Ибраев С. Әнет баба ғибраты. //Әнет баба: Тарихи-танымдық толғамдар, ғибратты әңгімелер мен арнаулар жинағы. / құр. М.Жанболатұлы. Алматы: Қағанат-ҚС, – 2011
51. Абашин С. Исламский фундаментализм в ЦА: причины распространения, прогнозы на будущее. //ЦА и Кавказ. – 2002 – № 2 (20),
52. Игнатенко А. Эндогенный радикализм в Исламе. //ЦА и Кавказ. – 2000 – № 2 (8),
53. Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл. – Алматы: Ата мұра, – 2003 – 380 б
55. Словарь по этике – Москва: Политиздат, – 1981
56. Қазақстан Республикасының Конституциясы ҚР 2007жылғы 21мамырдағы № 254-III Заңмен өзгертулермен толықтырулар енгізілген ресми мәтін.Алматы «Жеті жарғы 2007
57. Бұлұтай М.Ж. Дін және Ұлт. – Алматы, «Арыс» баспасы, 2006
58. Ислам мәдениетімен – өркениетке. Н.Арыстанбекұлы, Алматы: «Мұсылман» баспа үйі, 2011
59. AL-AZMEH, A., İslamlar ve Moderniteler, 1. Bas., İletişim Yay., İstanbul 2003
60. Адам Асалыоглу. Діндер тарихы – Түркістан, 2011
61. Саясаттану: Оқулық. Өзгеріссіз 4- бас. - Алматы: Жеті жарғы, 2008
62. Досай Кенжетай. Хан Кененің қасиетті мұраты. BAQ.KZ. 17 Қыркүйек 2012
63. С. Хизметли. Орта Азия Түрік республикаларындағы зиянды және миссионерлік: Алматы – ЖШС «Евро». 2006.
64. Айталы А. Ұлттану (Оқу құралы).2-басылым – Алматы: «Арыс» баспасы, 2003.
65. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИСЛАМ. Мәднеи –танымдық журнал . Астана. 2/2010
66. «Тәуелсіз Қазақстан – біздің ең қымбат, ең асыл құндылығымыз» атты облыстық әдістемелік семинар материалдары.21сәуір 2011жыл-Шымкент – 2011
67. Жамбылов Д.А. Ғылым және ислам. – Алматы: Қазақ ССР «Білім» қоғамы, 1982

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
ҚAЗAҚCТAН PECПУБЛИКACЫ БİЛİМ ЖӘНE ҒЫЛЫМ МИНИCТPЛİГİ

Қoжa Axмeт Яcaуи aтындaғы Xaлықapaлық қaзaқ-түpiк унивepcитeтi

Сайдакбарова Шахноза Дастанқызы

Тaқыpыбы: Көпэтностық қоғамдағы дін: толеранттылыққа жетудің жолдары

ДИПЛOМДЫҚ ЖҰМЫC

5В020600-Дiнтaну мaмaндығы

Түpкicтaн 2016
Қaзaқcтaн Pecпубликacы Бiлiм жәнe ғылым миниcтpлiгi

Қoжa Axмeт Яcaуи aтындaғы Xaлықapaлық қaзaқ-түpiк унивepcитeтi

Қopғaуғa жiбepiлдi
Дiнтaну кaфeдpacының мeңгepушici
тeoл.ғ.д., пpoфeccop ________ И.Шeнгүл
___ ______ 2016 ж.

ДИПЛOМДЫҚ ЖҰМЫC

Тaқыpыбы: Көпэтностық қоғамдағы дін: толеранттылыққа жетудің жолдары

5В020600-Дiнтaну мaмaндығы

Opындaғaн Сайдакбарова Ш.Д

Ғылыми жeтeкшici,
Доцент Оразбай С.Қ

Түpкicтaн 2016

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І Көп этносты қоғам және
толеранттылық ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..10
1.1 Көп этносты қоғам
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.2 Толеранттылық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .18

ІІ Қазақстандағы этносаралық келісім және діни
төзімділік ... ... ... ... .26
2.1 Қазақстан қоғамындағы
дін ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
2.2 Қазақстандағы этносаралық және конфессияаралық тұрақтылықты дамыту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...38
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 57
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...60

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазіргі таңда елімізде қалыптасқан бүгінгі
жағдай әлеуметтік, рухани құндылықтардың басын қосып, түгендеп, бір игі
мақсаттың, елдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мүдденің
кәдесіне жарату қажеттілігін алға тартып отыр. Шарасынан шыққан жаһандық
дүрбелеңдердің салқыны тәуелсіз Қазақстанның ұлттық және мемлекеттік
келбетін шарпып өтіп тұрғаны жасырын емес. Оның негізгі ағысы дінаралық
қақтығыстар, лаңкестік және экстремистік пиғылдағы арнайы топтардың қимыл-
әрекетінен байқалып отыр. Осы орайда, бөгде пиғылды, жат пікірлі
субьективтік күштердің елдің қауіпсіздігі мен бейбітшілігіне нұқсан
келтіруге бағытталған шараларына тойтарыс беріп, әлемдік тыныштықты
тұрақтандыруға арналған іргелі жобаларды жүзеге асыру кезек күттірмес
мәселеге айналды. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев қазақ топырағындағы
ынтымақтастық пен татулық қағидаларының әлеуетіне аса үлкен маңыз бере
отырып, толеранттылықтың қазақстандық үлгісін жария еткені де XXI ғасырдың
бергі кенерінде жүзеге асты. Елбасы төзімділік ұстанымдарына қатысты
негізгі ойын төрт сөз негізінде тоғыстырды. Олар: Tolerance (төзімділік),
Trust (сенім), Tradirion (дәстүр), Transparebcy (ашықтық, жариялылық). Осы
аталған ұғымдар төңірегіне шоғырланатын құндылықтардың болашақта
Қазақстанды дүние жүзіне бірегей бейбітшілік отанына айналдырудағы ролі
үлкен болмақ. Осы аталған ұстанымдардың ішінде, әсіресе, толеранттылық
тұғырнамасының орны айрықша. Себебі бағзы дәуірден бастап, дін адамдардың
сенім, моральдық құндылықтар бастауы ретінде тұрмыс-тіршілігі, рухани және
заттық мәдениетіне өшпестей ізін қалдырды. Адамға материалдық игіліктер,
тұрмыс қажеттіліктері қандай қажет болса, сенім де соншалықты қымбат.
Сенімі үшін адам өзін-өзі құрбандыққа шалады, сенімі үшін не нәрседен
болсын тайынбай, өзінің ұстанған дінін өзгелердің дінінен артық санайды.
Жалпы әр дәуірде өмір сүрген адамзат ғұламалары осы күрделі мәселеге
барынша бас қатырып, осы жайтты әр қырынан шешуге тырысады. Бірақ
дәлелденбейтін бір ақиқат – жан-дүниесіне берік орныққан діни түйсік соны
ұстанған адамның өміріне жол бастаушы.
Осы тұрғыда орыс ойшылы Л.Н.Толстой былай деп өзінің күнделігінде
толеранттылықтың алтын қағидасы махаббат деп жазады: Махаббат – тек өзіңе
ұнаған адамды жақсы көру емес. Шынайы махаббат, нағыз махаббат – кез-келген
адамның жүрегінен тап өзіңнің ішіңдегі Құдайды көріп, жақсы көру. Бұл
саналы түрде Құдаймен, барлық ғаламмен бірігу, барлық нәрсеге деген
махаббаттың салтанат құруы. Барлық таза, кінәсіз мақұлықтарды жан-
жүрегіңмен беріле сүю. Арман-тілегің мен құштарлығыңды құрбандыққа шалып,
ғаламдық өмірге басты біржола байлау.
Әлем халқы бірнеше ғасырлар бойы зардабын тартқан діни төзімсіздік
факторларына Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бері ұшырай бастады.
Сондықтан толеранттылық қағидаларын қоғамдық өмір көрінісіне, сонымен қатар
жеке тұлғалардың сана-сезіміне орнықтыру қажеттілігі күн өткен сайын
сезіліп келеді. Осыған байланысты біздің жүргізетін зерттеуіміз
Қазақстандағы толеранттылық һәм төзімділік ұстанымдарының түп-тамыры мен
негізгі ерекшеліктерін, қазіргі кездегі басты сипаттарын зерделеу болып
табылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Көпэтностық қоғамдағы дін және
Толеранттылық ұғымы бүгінгі таңда гуманитарлық ғылымдарда:
мәдениеттануда, психологияда, әлеуметтануда, конфликтологияда, дінтануда,
құқық теориясында, әдебиет теориясында және т.б. салаларда кеңінен
қолданылып келеді. Бұл ұғымды социобиология, эволюциялық этика, биоэтика,
биомедициналық этика, генетика, биология т.б. сияқты ғылымдар да кәдесіне
жаратуда. Кеңінен алғанда, толеранттылық философиялық ғылымдарда: философия
тарихында, онтологияда, гносеологияда, аксиологияда, әлеуметтік
философияда, этикада, мәдениет философиясында, дін философиясында және
философиялық антропологияда зерттеледі. Ол сонымен қатар күнделікті сана-
сезімге де дендей енген, бұқаралық ақпарат құралдарында да пайдаланылады.
Соның нәтижесінен, бір жағынан, толеранттылық ұғымын тану әртүрлі ғылымдар
саласы шеңберінде жүргізілсе, екінші жағынан, бұл ұғымның мәні кеңейіп,
нақты емес анықтама берілетін терминге айналып келеді.
Осымен байланысты көпэтностық қоғамдағы дін және толеранттылық ұғымын
философиялық және бейфилософиялық білім шеңберінде шектеп қалуға тура
келеді. Бұның ішінде әсіресе діни толеранттылықтың негізгі қазықтарын
бағдарлап тануға мұқтаждық күн санап артып келеді.
Қазақстандағы діни толеранттылықтың түп негізі, ерекшеліктері,
қалыптасуы, басты сипаттары бұрын-соңды арнайы зерттеу нысанына алынған
емес. Оның себебі түсінікті де. Өйткені ғылымда аса көкейкесті мәселелер
ғана зерттеліп, оларға қатысты сараптамалар беріледі. Алайда қазіргі
кездегі қоғамда күн санап өршіп келе жатқан діни түйткілдер мен
қақтығыстар, дін ұстанатын топтардың ара-жіктерінің ажырауы бұл тақырыпты
кеңінен қозғауға алып келді. Ислам атын желеу еткен радикалдық ұйымдардың
көп болуы, оның негізінен Орта Азияға кеңінен таралуы бұл түйткілді
мәселені шешудің жолдарын іздеу Қазақстанға да міндет екендігін ескертеді.
Арғы жылдардан қазбаламай-ақ, 2011-2012 жылдың ішінде болған радикалдық
исламдық ұйымдармен байланысты Ақтөбе облысындағы Шұбарши, Кеңқияқ
ауылдарындағы қанды сойқан, Атыраудағы болған жарылыс, ең қауіптісі өткен
жылдың қараша айының ішінде болған Тараздағы Мақсат Қариев есімді лаңкестің
жеті адамды өлтіруі, жарылыс жасауы – осының бәрі Қазақстанға радикалдық
ислам ұйымдарының дендеп еніп келе жатқандығына айқын дәлел. Жоғарыдағы
келтірілген деректерден басқа да көптеген діни мәселемен байланысты
тартыстар қоғамды шошытып отыр. Елдің тұтастығы үшін аса маңызды жайт –
қауіпсіздік болса, осы қауіпсіздіктің кепілі – толеранттылық екендігін
естен шығарып алмауымыз қажет-ақ.
Қазақстандағы ұлтаралық саясаттың аса маңызды белгісіне айналған
толеранттылық ұғымы арнайы жобалар мен еңбектер арқылы ғана зерделене
бастады. Мұның өзі қоғамның өскелең қажеттіліктерімен салыстырғанда,
жеткіліксіз екендігін көрсетеді. Сондықтан зерттеу жұмысының басты
өзектілігі Қазақстандағы қазіргі кезеңдегі толеранттылықтың хал-жағдайына
сараптама жасап, оған қатысты қорытынды шығару болса, ол үшін, алдымен,
толеранттылықтың Шығыс елдерінің діни танымдарындағы орнын, содан кейін
Ислам дініндегі төзімділіктің қайнарларына қарастырдық. Және Құран мен
хадистегі толеранттылық ұстанымдарының түркі-ислам философиясы өкілдері
Жүсіп Баласағұн, Ахмет Иүгінеки, Қожа Ахмет Ясауи т.б. даналар
шығармаларындағы сабақтастығына арнайы тоқталдық. Осылардың барлығын
ұштастыра келе, Қазақстандағы толеранттылықты дамытуға байланысты жүзеге
асырылып жатқан шараларды байыптадық. Осыған қатысты өз тарапымыздан да
ұсынысымызды әзірледік.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Көпэтностық қоғамға жататын Қазақстандағы
толеранттылық, яғни төзімділік мәселесі тұрғысында қазақстандық ғалымдар
тәуелсіздік алған жиырма бес жылдың ішінде тек соңғы жылдары ғана осы
салаға назар аударып келеді. Бұл тарапта, ең алдымен, шетелдік ғалымдардың
зерттеу еңбектеріне шолу жасап кеткенді жөн санап отырмыз. Толеранттылықтың
негізгі құрамдас ұғымдарын жанкүйерлік, жанашырлық, жанпидалық
сөздері тоғысында айқындап, Діни-рухани ренессанстың мәйекті бөлігі ретінде
танытқан американдық ғалым К.Армстронгтың Дао религии (Діндер жолы)
және Иерусалим: Один город три религии (Иерусалим: Үш дінге ортақ қала)
атты қос еңбегінде төзімділікке қатысты тың ойлар мен зерттеулер
шоғырланған. Автор Діндер жолы атты кітабында діндердің ішіндегі
жанашырлық ұстанымдарын бүкіл әлемге ортақ құндылыққа айналдыруға қатысты
ой тастайды.
Бұл мәселе жөнінде ресейлік ғалымдар да көзқарастарын үздіксіз білдіріп
келеді. Солардың ішінде И.Г.Арцыбашевтің Діни толеранттылық пен
төзімділіктің құндылықтық мазмұны: ресейлік тәжірибе атты кандидаттық
диссертациясы толеранттылық пен төзімділік ұғымдарының арасындағы
байланыстарды, олардың әлеуметтік-философиялық, этикалық, психологиялық
және діни-философиялық қырларын, сонымен қатар Ресейдегі ХХ ғасырдағы
толеранттылықтың көріністерін қарастырған. Сонымен қатар келесі бір
зерттеуші Р.Р. Валитованың Толеранттылық этикалық мәселе ретінде атты
диссертациясында Еуропадағы толеранттылық тәжірибесінің алғашқы кейпі
антикалық, ортағасырлық, жаңа дәуірден жалғасып бүгінгі күнге дейінгі
желіде тарқатыла зерттелген. Бір айта кетерлігі, Еуропадағы діни
толеранттылыққа қатысты түйткілді жайттар олардың тарихында тұнып тұр. Оның
жарқын мысалы, 1572 жылдың 24 тамызында Варфоломей түнінің қарсаңында
ұстанған діні үшін 40 мың гугеноттың қырғынға ұшыратылуын айтсақ жетерлік.
Бұл оқиға хақында француз жазушысы П.Мерименің Қиямет түні атты туындысы
егжей-тегжейлі баяндайды. Ресейлік зерттеуші Н.Г.Юровских Толеранттылық
тұлғалық және мәдени құбылыс атты еңбегінде философия мен дінтану
ғылымындағы толеранттылық құбылысын, толеранттылықтың діни қайнарларын,
тұлға мен тұлғааралық қатынас рухани әлеміндегі толеранттылықты, жеке
тұлғаның рухани қасиеті ретіндегі төзімділікті зерделейді. Тағы бір Ресей
ғалымы Н.Г.Степанова Заманауи ресейлік қоғамдағы ұлтаралық толеранттылық:
әлеуметтік-философиялық талдау деген кандидаттық диссертациясында
толеранттылық ұғымының теориялық-әдістемелік талдауын ұсынып, аталмыш
ұғымды ұлтаралық қатынастағы саналы қажеттілік ретінде анықтайды. Сонымен
бірге ұлтаралық толеранттылықтың жағымды қасиеттерін, оған дінтанушылық
тұрғыдан зерттеу тәсілін, саяси санадағы ұлтаралық толеранттылықтың
көріністерін белгілейді.
Қазақстандық ғалымдар, атап айтқанда, Ә.Нысанбаев, Д.Кенжетай, т.б.
зерттеушілер толеранттылықтың тарихи-мәдени негіздерін айқындап көрсетті.
Д.Кенжетай Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы атты монографиясында түркі-ислам
философиясының жарқын өкілі ретінде Қожа Ахмет Ясауи хикметтерін зерттеу
нысанына ала отырып, ондағы Құран аяттары мен пайғамбар хадистерімен
үндесетін төзімділік қағидаларын дәйектемеге келтіреді. Қытай жұрты үшін
Конфуцийдің ілімі қаншалықты маңызды болса, тұтас түркі жұрты үшін Қожа
Ахмет Ясауидің хәл ілімінің де қадірі соншалықты маңызды. Конфуцийдің
Өзіңе нені тілесең, басқаларға да соны тіле деген алтын ережесінен мән
жағынан асып түсетін Әзірет Сұлтанның Сүннет екен: кәпір де болса берме
азар деген нұсқауы түркі жұртындағы төзімділіктің асыл арқауы іспеттес.
Қазіргі таңда Қазақстандағы толеранттылық туралы зерттеу жүргізіп жүрген
бірқатар ғалымдар негізінен Президент Н.Ә.Назарбаевтың осы саладағы
саясатын ұстын ететіндігі аңғарылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Біздің зерттеу еңбегіміздің мақсаты
– шетелдік тәжірибедегі жетістіктерді назарға ала отырып, көпэтностық
қоғамдағы дін, Қазақстандағы толеранттылықтың қалыптасуы тарихын, оның
сабақтастығын, қазіргі кездегі көрінісін зерттеу болып отырады. Осы
мақсатқа сай төмендегі міндеттерді алдымызға қойдық:
– Толеранттылық ұғымының терминдік анықталуын, төзімділік ұғымымен
арақатынасын талдау;
– Ислам дініндегі толеранттылық ұғымының Құран мен пайғамбар
хадистеріндегі айшықтарын басшылыққа ала отырып, оның мұсылман елдерінің
салт-санасындағы өзіндік орнын айқындау;
– Түркі-ислам философиясындағы толеранттылық қағидасының асыл арқауын
Жүсіп Баласағұнның Құтты білігі, Ахмет Иүгінекидің Ақиқат сыйы еңбегі,
Қожа Ахмет Ясауидің Диуани хикмет туындысы арқылы өрнектеп, зерттеу
жүргізу:
– Қазақ даласында ғұмыр кешкен жыраулар шығармашылығындағы
төзімділіктің кейпін бағдарлау, олардың жыр-толғаулары арқылы қазақ
халқының дүниетанымындағы толеранттылықтың маңызын сипаттау;
– Қазіргі кездегі Қазақстан қоғамындағы толеранттылық ұстанымының басты
ерекшеліктерін, соған қатысты жобаларды сараптап көрсету.
– Қазақстан үшін қолайлы тәжірибелерді бөліп алып, жаһандану
жағдайында әлеуметтік тұрақтылықты сақтау атымен толеранттылықты,
мәдениетаралық коммуникацияны нығайтуға бағытталған кейбір педагогикалық
технологиялардың әсер ету практикасын зерттеу;
– Тәуелсіз Қазақстанда толеранттылық өзгерістерінің дамуы мен
тенденциялары деңгейін қалыптастыру;
– Теориялық және қолданбалы тұжырымдарды жалпылау негізінде
Қазақстандағы толеранттылықты нығайтатын әлеуметтік-педагогикалық
технологияларды күшейту бойынша тәжірибелік ұсыныстар әзірлеу.
Тәуелсіздік алған кезден бастап Қазақстан Республикасы кеңестік кезеңде
қалыптасқан қазақстандық қоғамның көпұлттылығымен және демократиялық
түрлендірулер барысында түзілген мультиконфессиональдылығымен келісілген
ұлттық және діни сана-сезім көрінісінде терең саяси трансформациялармен
сипатталатын дамудың жаңа тарихи сатысына аяқ басты.
Тәуелсіз Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді басымдылықтары ретінде
Қазақстан – 2030 стратегиясында атап айтылған ұлттық қауіпсіздік, ішкі
саяси тұрақтылық пен қоғамның консолидациясы сияқты сәйкес келетін
стратегияларды таңдау мен негізгі мақсаттарды дұрыс анықтаған ел билігі
жоспарлаған саясаттың арқасында саяси тұрақтылықты сақтаудың және ашық
қақтығыстардан бой тартудың сәті түсті.
Біздің республикамыздағы толеранттылық дамуының технологияларын кешенді
талдаудың өзектілігі төмендегідей себептер қатарымен шарттасқан.
Біріншіден, толеранттылық категорияларының мәртебелерін Қазақстандағы
мәңгілік бейбітшілікті қамтамасыз етуге және мәдени әралуандық жағдайында
қоғамдық тұрақтылыққа кепілдік беруге қабілетті негізгі демократиялық
принциптердің бірі ретінде анықтау қажеттілігі.
Екіншіден, Қазақстандағы толерантты қатынастардың орнын анықтау
қажеттілігі.
Қазақстан Республикасының тұрақтылығы мен қауіпсіздігін сақтау үшін
маңызды параметрлер қатары бойынша бірінші толеранттылықтың ролі
толеранттылықтың әлеуметтік-педагогикалық талдауын теориялық және
практикалық өзектілігін анықтайды.
Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар: Көпэтностық қоғамға жататын
толеранттылық қағидасының Қазақстандағы қалыптасуы мен оның бүгінгі таңдағы
көрінісін зерттей отырып, біз төмендегідей тұжырымдарға келдік:
1. Шығыс діндеріндегі, оның ішінде Қытай, Үнді халықтарындағы діни
сенім өзегіндегі толеранттылық ұғымының көне түркілік, кейіннен исламдық
бағыттағы толеранттылықтан өзгешелігі бар. Шығыстық оқшау діндердегі
төзімділік тәжірибесінің киелілік сипаты діни жүйенің негізін
қалыптастырушы тұлғадан таралған нарративті баяндауларға сүйенеді, ал Ислам
дініндегі төзімділік ұстанымдары өз бастауын Құран мен пайғамбар
хадистерінен алады.
2. Толеранттылық қағидасы түркі елдерінен кеңінен таралып, олардың өмір
салтына айналып кеткен. Негізінен Жүсіп Баласағұн, Ахмет Иүгінеки, Қожа
Ахмет Ясауи хикметтеріндегі төзімділік қағидалары қазақ халқындағы
жауанмарттық ілімінің, қонақжайлылық салтының қалыптасуына тұғыр болған.
Қожа Ахмет Ясауидің Тариқат әдептері туралы баян және Ясауи жолының
шәкірті Хасан Хазинидің Жауахайрул абрар мин амуаж уәл бихар атты
еңбегінде қазақ толеранттылығының басты тіректері егжей-тегжейлі
баяндалады. Осы тиянақты тұжырымдарды қазіргі Қазақстандағы
толеранттылықтың іргетасы етіп алу қажет.
3. Қазіргі ғылымда толеранттылық мәселесіне методологиялық тәсіл
конфликт парадигмасы шеңберіндегі басымдылық бойынша салынады. Бұл
парадигма толеранттылықтың интерпретациясы конфликтінің өркениетті
(рациональды) түзетілуі терминінде ұйғарылады. Оның үстіне қазіргі
демократиялық процестер императиві мен оған сәйкес келетін саяси реалийлер,
оның ішінде қазақстандық реалийлер келісім, бірігу, консолидация мен
интеграцияның сақталуы мен күшеюі болып табылады, ол әлеуметтік-
педагогикалық талдау логикасының бөтен түріне өтуіне қажеттілікті таңады.
4. Көпмәдениетті демократиялық қоғам жағдайында әлеуметтік-саяси
тұрақтылық пен тұрақты дамуды сақтау превентивті толеранттылық
технологияларын әзірлеу мен қолдануды талап етеді.
5. Көпконфессиональды және көпұлтты қоғамда тұрақтылықты сақтау үшін
айрықша саяси стратегия – бір мезетте идеология және тәжірибе ретінде
шығатын мультикультурализм саясаты қолданылады. Бұл саясат Австралияда,
Канадада, АҚШ-та, еуропалық елдер қатарында табысты жүзеге асырылған.
Жинақталған тәжірибені Қазақстан Республикасында мультикультурализмнің
дербес үлгісінің қалыптасуы үшін сыни түрде талдау және пайдалану қажет.
6. Қазіргі Қазақстанның саяси жүйесіне айтарлықтай әсер ететін
этносаяси процестердің арасында жалпы мемлекеттік, аймақтық және жергілікті
деңгейде ұлттық толеранттылықтың этносаяси тұрақтылығы және
институционалдануы процестері белгіленіп алынады.
7. Қазақстан үшін ортақ саяси модернизация процестерінің бағыттары
болып мәдени және саяси плюрализм жағдайында демократиялық, құқықтық,
әлеуметтік мемлекеттің дамуы мен әлеуметтік-саяси тұрақтылықты қамтамасыз
ету табылады. Бірақ жалпы саяси курсқа қарамастан, саяси, діни және
ұлтаралық толеранттылықтың деңгейі қос мемлекетте әртүрлі.
8. Толеранттылық мәдениеттің қалыптасуы бойынша тәрбие-білім беру
процесінің базасы ретінде толеранттылық, мәдениетаралық коммуникацияның
жаңа педагогикалық тұжырымдамаларын әзірлеу Қазақстандағы әлеуметтік-саяси
тұрақтылықты сақтауға жол ашатын болады.
Күтіліп отырған нәтижелер. Жүргізілген зерттеулер барысында
келесідегідей нәтижелер алынатын болады:
– Көпэтностық қоғамдағы дін ерекшелігі және толеранттылық ұғымының
мазмұндық және функциональдық құзіреттері ашылатын болады;
– толеранттылықтың діни және ұлттық шеңберге әсері арқылы қоғамның
әлеуметтік тұрақтылығы деңгейін анықтайтын әлеуметтік-мәдени феномен
ретіндегі әлеуметтік интерпретациясы ұсынылатын болады;
– шетелдер қатарында мәдениетаралық коммуникацияның толеранттылық
тәжірибелерінің қалыптасуы, дамуы және қызмет етуінің әлеуметтік-
педагогикалық тәжірибесі талданды;
– әлеуметтанушылық және статистикалық мәліметтердің қолданылуымен
әлеуметтік толеранттылықтың Қазақстан Республикасындағы мәдениетаралық
коммуникацияның шарты ретінде жүзеге асуының елеулі ерекшеліктері мен
тетіктері сипатталатын болады;
– толеранттылық принциптерінің негізінде қазақстандық қоғамның
әлеуметтік-педагогикалық шеңберінің дамуы бойынша ұсыныстар мен кеңестер
әзірленеді.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазақстандағы, жалпы түркі
халықтарындағы толеранттылықтың түп бастауы арнайы зерттеу нысанына алынды.
Шығыс діндеріндегі адамгершілік, толеранттылық қағидалары, альтруистік
сипат салғастырыла алғаш рет зерделенді. Қожа Ахмет Ясауи, Жүсіп Баласағұн
еңбектеріндегі төзімділіктің діни қайнарлары айқындалды. Қазақстандағы
толеранттылыққа қатысты толымды зерттеулердегі ортақ ұстаным негізге
алынып, соның нәтижесінде Қазақстандағы толеранттылыққа дамытуға қатысты
тың ұсыныстар мен тұжырымдар әзірленді. Қазақ даналығының орталық өзегі –
фольклор мен жыраулар шығармашылығындағы төзімділік ұнсырлары жыр-
толғаулардан мысалдар келтіріле отырып зерттелінді.
Зерттеу әдістері. Зерттеу еңбекті жазу барысында көпэтностық қоғамдағы
дін мен толеранттылық қағидаларын жан-жақты талдау үшін тарихи-
хронологиялық, салыстырмалы зерттеу әдіс-тәсілдері қолданылды.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе бөлім, екі тараудан,
әрбір тарау екі тармақшадан тұрады. Соңында қорытынды мен пайдаланылған
әдебиеттер тізімі беріледі.

1. Көп этносты қоғам және толеранттылық

1.1 Көп этносты қоғам ерекшелігі
Ғасырлар бойы қазақтардың тарихи мекенінде әралуан мәдениеттің, дін мен
дәстүрлерді ұстанған көптеген халықтардың тағдыры тоғысты. Нәтижесінде 140
этнос пен 40 конфессия өкілдері қазақтармен қоян-қолтық бейбіт өмір
сүретіндей айрықша жағдай қалыптасты. Сонымен қатар, түрлі этностардың ұзақ
уақыт қатар өмір сүруі қоғамда төзімділіктің орнықты дәстүрлерін
қалыптастырды.
Тәуелсіздікке ие болған алғашқы күннен бастап қазақстандық қоғамды
ұйыстыру, барлық этностық топтардың тең құқықты өмір сүруін қамтамасыз ету
мемлекеттің ұлттық саясатының іргелі бағыттарына айналды. Өтпелі кезеңнің
күрделі жағдайында мемлекеттің мақсатты және дәйекті саясатының арқасында
Қазақстанда этносаралық негіздегі қақтығыс, тұрақсыздық пен қоғамдағы
жіктелу бола қойған жоқ.
Этностық емес, азаматтық қауымдастық құруға бағытталған бастапқы таңдау
келісім мен тұрақтылықтың іргетасы болып қаланды. Этностық ерекшелігіне
қарамастан, елдегі барлық азаматтардың мүдделерін тоғыстыру ең дұрыс жол
екендігін уақыт көрсетіп берді.
Қазіргі таңда Қазақстанда әлемдік қоғамдастық тарапынан жоғары бағаға
ие болған этносаралық келісімнің өзіндік үлгісі қалыптасты.
Этносаралық келісімді қамтамасыз етудің тиімді нормативтік құқықтық
және тұжырымдамалық негіздері құрылды. Қазақстан Республикасының
Конституциясы этностық, нәсілдік, діни немесе өзге де ерекшеліктеріне
қарамастан, барлық азаматтардың мүдделерінің қорғалуына кепілдік берді.
Негізгі заңның нормалары барлық этностық топтар арасында сенім және өзара
құрмет негіздерін қалады. [1,120-122б]
Этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудің
басымдықтары Президент Н.Ә.Назарбаевтың “Қоғамның идеялық ұйысуы –
Қазақстан прогресінің басты шарты” атты бағдарламалық еңбегінде,
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясында, ҚР мемлекеттік
сәйкестілігін қалыптастыру тұжырымдамасында көрсетілген. Бұл тақырып
Мемлекет басшысының “Тарих толқынында”, “Сындарлы он жыл” кітаптарында,
Қазақстан халқы Ассамблеясының сессияларындағы баяндамаларында және өзге де
сөйлеген сөздерінде жан-жақты көрсетілген.
Сонымен қатар, ел Президентінің тапсырмасымен Тілдерді дамыту мен
қолданудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан
халқы Ассамблеясының орта мерзімге арналған стратегиясы (2011 жылға дейін)
және басқа да құжаттар қабылданды.
Ұлттық саясаттың басты құралдарының бірі 1995 жылы құрылған, 818
этномәдени бірлестікті қанатының астына жинаған Қазақстан халқы Ассамблеясы
(ҚХА) болды. Олардың басшылары ҚХА-ның, сондай-ақ және аймақтық
ассамблеялардың құрамына кіреді. 46 этностың өз этномәдени орталықтары бар.
2007 жылы конституциялық реформалардың аясында Ассамблея Парламент
Мәжілісіне тоғыз депутат сайлау құқығына ие болды. Сөйтіп, этностық
топтардың Парламентте өкілдік етуінің конституциялық тетігі енгізілді. 2008
жылы әлемде ешбір баламасы жоқ “Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы” Заң
қабылданды. [2,58б]
Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекет қызметінің маңызды бағыты
теңгерімді тіл саясатын жүргізу болып табылады. Конституцияға сәйкес, қазақ
тілі – мемлекеттік тіл болып табылады, мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті
өзін-өзі басқару органдарында қазақ тілімен тең дәрежеде орыс тілі ресми
түрде қолданылады. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін оқып-үйрену мен
дамытуға жағдай жасайды.
Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтудің, оның бәсекелестігін
арттырудың 2007-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды.
Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда іс қағаздарын жүргізуді
кезең-кезеңмен мемлекеттік тілге көшіру жүзеге асырылуда. Елдің барлық
өңірлерінде 60-тан аса қазақ тілін оқыту орталықтары жұмыс істейді, 2009-
2011 жылдары олардың санын 120-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.  Қазіргі
уақытта қазақстандық оқушылардың 61%-ы, студенттердің 48%-ы қазақ тілінде
білім алуда.
Сонымен қатар, Қазақстанда тұратын өзге этностардың тілін дамыту
қамтамасыз етілуде. 1673 мектепте оқыту орыс тілінде жүргізіледі. Таза
өзбек, тәжік және ұйғыр тілдерінде білім беретін 81 мектеп жұмыс істейді.
108 мектепте Қазақстанның 22 этносының тілі өз алдына өтіледі. Арнайы
мамандандырылған 195 этнолингвистикалық орталық ашылып, оларда балалар мен
ересектер 30 этностың тілін оқып-үйренуге мүмкіндік алды. Ана тілдерін
оқытуға арналған жексенбілік мектептерге бюджеттен қаржы бөлінеді. Мәдени
және ақпараттық салалардағы саналуандылықты дамытуға үлкен назар
аударылуда. Мәселен, қазақ және орыс театрларымен қатар, 4 ұлттық
(этностық) театр – өзбек, ұйғыр, кәріс және неміс театрлары жұмыс істейді.
Олардың үшеуі ТМД аумағындағы бірден-бір театр. [3,69б]
Газеттер мен журналдар 15 тілде шығады, 8 тілде радиобағдарламалар, 11
тілде телебағдарламалар беріледі, 19 этнос БАҚ-тарының қызметін қолдауға
мемлекет қаржы бөледі, ал олардың саны 33. Жыл сайын Наурыз, Масленица
бұқаралық халықтық мейрамдарын өткізу дәстүрге айналды, Құрбан айт және
Провославиелік Рождество діни мерекелері демалыс болып жарияланды.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда діннің нақты қайта өркендеуі жүзеге асты.
18 жыл ішінде діни бірлестіктердің саны 6 есеге өсіп, 1991 жылғы 671-ден
2009 жылы 4200-ге жетті. Қазіргі уақытта 3200-ге жуық мешіт, шіркеу,
ғибадатханалар жұмыс істейді.
2003 жылдан бастап біздің елімізде Әлемдік және дәстүрлі діндер
лидерлерінің съезі өткізіліп, оларға көрнекті діни қайраткерлер мен түрлі
конфессиялар өкілдері қатысады. Осылайша, Қазақстанда түрлі этностар мен
конфессиялардың бейбіт өмір сүруін қамтамасыз ететін ұлттық саясаттың
бірегей тәжірибесі жинақталған. Бұл ретте, этносаралық келісімнің
қазақстандық үлгісі нәтижелілігінің басты факторы – ешкімнің артықшылығына
да, ешкімнің құқығына қысым көрсетуге де жол бермейтін, елімізде тұратын
этностық топтар мүдделерінің теңдігін сақтау болып табылады.
Дегенмен, этносаралық ахуалға теріс ықпалын тигізетін бірқатар
факторлар да жоқ емес. Атап айтқанда, бұл әлемнің түрлі бөліктеріндегі,
соның ішінде кейбір көрші елдердегі этно-діни қайшылықтардың күшеюі.
Қазақстанға сырттан этно-діни экстремизм мен радикализмнің әртүрлі
нысандарының кіруі әлеуетті қауіп туғызады. Қоғамда орын алып отырған
әлеуметтік және тұрмыстық жергілікті проблемалар да этностық рең алып кетуі
мүмкін. Жас ұрпақты тәрбиелеу жұмысында жіберілген қателіктер көпэтностық
Қазақстан халқының этносаралық және мәдениетаралық төзімділік дәстүріндегі
сабақтастықтың бұзылуына қауіп туғызуы мүмкін. [4,74б]
Осы және өзге аспектілер мемлекеттің де, сондай-ақ бүкіл қоғамның да
тарапынан жіті назар аударуды талап етеді. Жалпы алғанда, көпэтностық
қоғамда ел бірлігін қалыптастыру және нығайту мемлекеттің қауіпсіздігі мен
тәуелсіздігін қамтамасыз етудің, оның әлеуметтік-экономикалық және саяси
дамуындағы стратегиялық басымдықтарды іске асырудың негізгі шарты болып
табылады.
Қазақстанның алдында жаңа индустрияландыру, елдің ХХІ ғасырдағы
инновациялық-технологиялық серпілісін қамтамасыз ету бағытындағы
жоспарларын жүзеге асыру міндеті қойылып отырған жағдайда қазақстандық
қоғамды тұтастыру және ұйыстырудың өзектілігі арта түседі. Осыған
байланысты ел бірлігін қамтамасыз ету жұмысын мемлекеттік саясаттың ұзақ
мерзімді стратегиялық басымдығы деңгейіне көтеру қажет. Осы Доктринаның
негізгі ережелері Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму
жоспарына енуі тиіс.
Этносаралық саладағы мемлекет саясатының базалық нұсқауларының,
қағидаттары мен бағдарларының жиынтығын білдіретін және ел бірлігін
қамтамасыз етуге бағытталған осы Доктринаны жүзеге асыру мынадай принциптер
негізінде құрылады:
нәсілдік, этностық ерекшелігіне, дінге, әлеуметтік топтар және қоғамдық
бірлестіктерге қатыстылығына қарамастан, адамның және азаматтың құқықтары
мен бостандықтарының теңдігі;
әлеуметтік, нәсілдік, этностық, тілдік немесе діни ерекшелігіне
қарамастан, азаматтардың құқықтарын шектеудің кез келген нысанына тыйым
салу;
әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық және діни алауыздықтар тудыруға,
мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған іс-әрекеттің жолын
кесу;
мемлекеттік тілге және оның қоғамдағы рөліне құрмет;
ұлттық дәстүрлерді құрметтеу, этностық мәдениеттер мен тілдерді
дамытуға жәрдемдесу;
әрбір азаматтың өзінің ұлттық, діни ерекшелігін айқындау және көрсету
немесе көрсетпеу құқығы;
қайшылықтар мен әлеуметтік дау-жанжалдарды уақытында және бейбіт жолмен
шешу;
Қазақстан Республикасы аумағының біртұтастығы және бөлінбестігі;
Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін оның
аумағынан тыс жерлерде қорғау, шетелде тұратын отандастарға ана тілі,
мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтауда және дамытуда, олардың тарихи Отанымен
байланысын нығайтуда қолдау көрсету. [5,78б]
 Жоғарыда аталған мақсаттар мен міндеттерге сүйене отырып, Доктрина
мемлекеттік ұлттық саясаттың мынадай негізгі бағыттарын көздейді.
1. Этносаралық өзара іс-қимыл институттарын нығайту саласында
Мемлекеттің осы саладағы қызметі Қазақстан халқы Ассамблеясының,
этномәдени бірлестіктер мен басқа да азаматтық қоғам институттарының
мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыруға тиімді қатысуын, сондай-ақ осы
жұмысты жүргізуді қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарды нығайтуды
қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Мына шараларды іске асыру көзделеді:
ҚХА және оның аумақтық құрылымдары жұмысының ұйымдық құрылымы мен
тетіктерін жетілдіру;
ҚХА жанындағы ғылыми-сараптық кеңестің базасында этносаралық
қатынастарды жүйелі және мақсатты зерттеу жөніндегі талдау-зерттеу
орталығын құру;
ҚХА жанынан жұмысы жастар арасында этносаралық келісім мен этномәдени
төзімділікті насихаттау жөнінде ұсыныстар тұжырымдауға бағытталған
жастардың консультативтік кеңесін құру;
мемлекеттің ұлттық саясатының ғылыми-қолданбалы базасын қамтамасыз
ететін зерттеу мекемелерінің жүйесін дамыту;
мемлекеттік органдардың этномәдени бірлестіктермен өзара іс-қимылының,
оның ішінде патриоттық тәрбие, азаматтардың мемлекеттік тілді үйренуі
саласындағы өзара іс-қимылының тетіктерін жетілдіру;
мемлекеттік қызмет жүйесіне түрлі этнос өкілдері қатарынан тиісті
біліктілік пен қабілетке ие азаматтарды тарту тетігін жетілдіру. Бұл ретте
мемлекеттік тілді еркін меңгерген этностық топтар өкілдерін мемлекеттік
қызмет жүйесіндегі жауапты лауазымдарға қою тәжірибесін жүзеге асыру
маңызды болып табылады;
этномәдени бірлестіктерді мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тарапынан
тұрақты қаржыландыру;
этномәдени бірлестіктер қызметінің құқықтық базасын жетілдіру;
үкіметтік емес ұйымдарды қоғамды ұйыстыру және қазақстандық
патриотизмді насихаттау, рухани бірлік идеясын, Қазақстан халқының тарихы
мен мәдениеті туралы білімді тарату, оның тарихи мұраларын сақтау процесіне
кеңінен тарту;
этносаралық, конфессияаралық қатынастардың дамуына теріс әсерін
тигізуге қабілетті әлеуметтік проблемалар кешенін алдын ала шешуге
байланысты мемлекеттік құрылымдар мен ҮЕҰ-лардың өзара іс-қимылын, тиімді
бірлескен жұмысын жолға қою;
қазақстандық қоғамда төзімділік және мәдени сан алуандылық негізінде
ымыралық пен зорлық жасамау мәдениетін қалыптастыруға саяси партиялар мен
қоғамдық бірлестіктерді кеңінен тарту.
Аталған шаралар этносаралық өзара іс-қимыл институттарының тиімділігін
арттыруға, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының аталған
саладағы ынтымақтастығын нығайтуға септігін тигізуі тиіс. [6,86б]
2. Тіл саясаты саласында
Тіл саясаты елде үйлесімді әлеуметтік-лингвистикалық кеңістік құруға
бағытталып, халықты біріктіру факторына айналуы тиіс. Ол мемлекеттік тілдің
әлеуметтік және коммуникативтік функцияларын кеңейту мен нығайтуға; орыс
тілінің сөйлесу функциясын сақтауға; басқа этностық топтардың тілдерін
дамытуға бағытталуы тиіс. Аталған бағытта мынадай шаралар қабылданатын
болады:
орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда жүргізілетін іс
қағаздарында мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінің жұмысын қамтамасыз ету;
мемлекеттік тілді қолданудың құқықтық базасын дамыту, оның ұйыстырушы
рөлін нығайту;
терминологиялық және онамастикалық жұмыстар жүргізу арқылы мемлекеттік
тілді әрі қарай дамыту;
қазақ тіліндегі телерадиотаратудың үлесін ұлғайту, мемлекеттік тілдегі
интернет-сайттарды дамыту;
іс-жүргізу, көркем және өзге де әдебиетті қазақ тіліне аудару
жұмыстарын кеңейту;
ҚР азаматтығын алуды қалайтын иммигранттарға мемлекеттік тілді игеру
жөнінде арнайы талаптар белгілеу, олар үшін тілдік дайындық жүйесін құру;
қала және аудан деңгейінде, жоғары оқу орындары мен басқа да
мекемелерде, оның ішінде жекеменшік оқу орындарында мемлекеттік тілді оқыту
орталықтарының жүйесін кеңейту;
жастарды қазақ тілін терең меңгеруге ұмтылдыру жүйесін қалыптастыру,
жас қазақстандықтарды қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүріне бейімдеу;
қазақ тілін оқыту әдістемелерін жетілдіру;
қазақ тілін мектепке дейінгі мекемелерде, мектептер мен жоғары оқу
орындарында оқыту сапасын жақсарту;
“үштұғырлы тіл” мәдени бағдарламасын бұдан әрі кезең-кезеңімен іске
асыру, көптілді білім беруге көшу;
этномәдени бірлестіктерді мемлекеттік тапсырыс тетігін пайдалана
отырып, мемлекеттік тіл бағдарламаларын іске асыруға тарту;
мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ресми
түрде қолданылатын тіл ретінде орыс тілінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
этностық топтар өкілдерінің ана тілін үйренуіне мемлекеттік қолдау
көрсету;
мәдениет және БАҚ саласында этностық топтар тілдерінің жұмыс істеуіне
жәрдемдесу және жағдай жасау.
Қазақ тілін меңгеру әрбір азаматтың табиғи ұмтылысына айналуы тиіс.
Алдағы жылдары барлық қазақстандықтар, әсіресе өскелең ұрпақ, мемлекеттік
тілді меңгеруі қажет.
Мемлекеттік тілді білу азаматтың жеке бәсекелестікке қабілеттілігінің,
мансаптық жылжуы мен қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуының маңызды
факторына айналуы тиіс. Мемлекет мемлекеттік тілді оқып-үйренуге барлық
жағдайды жасауы тиіс. [7,90б]
3. Білім беру және тәрбие саласында
Мемлекеттегі ел бірлігін қамтамасыз етудің маңызды факторының бірі
білім беру және қазақстандықтардың жас ұрпағын төзімділік пен келісім
құндылықтарына тәрбиелеу болып табылады. Осы бағытта бірқатар шаралар
қабылданатын болады:
үздіксіз білім беру жүйесінің барлық деңгейлеріне арналған Этномәдени
білім беру бағдарламасын әзірлеу;
мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық білім беру мекемелері мен
жоғары оқу орындарында этномәдени төзімділікке оқытудың, өзге мәдени орта
өкілдеріне қатысты орнықты оң стереотиптер қалыптастырудың интерактивтік
әдістерін енгізу;
өскелең ұрпақтың дін мәселелеріндегі мағлұматы мен білімінің деңгейін
көтеру мақсатында мектептерде “Дінтану негіздері” міндетті оқу курсын
жүргізу үшін жағдай жасау;
педагогтардың біліктілігін арттыру және оларды рухани келісім,
төзімділік негіздері және этносаралық қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу
мәселелеріне қатысты әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету;
этностық топтар жинақы шоғырланған жерлерде оқу-әдістемелік
материалдарды әзірлеу мен алуға, мерзімді және баспа басылымдарын таратуға,
олардың тілдерінде теле- және радиохабар беруге көмек көрсету;
Қазақстан халқының тарихи, соғыс және еңбек даңқы мектеп мұражайларының
жүйесін дамыту;
этномәдени тәрбие беру, жасөспірімдердің азаматтық ұстанымдарын,
этносаралық келісім төзімділігі және мәдениетін қалыптастыру жөніндегі
сыныптан тыс іс-шаралар өткізу арқылы мектеп пен оқушылар ата-аналарының
өзара іс-қимылын кеңейту;
Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған және қазақстандық қоғамды
ұйыстыруға, қазақстандық патриотизмді нығайтуға бағытталған “Менің елім”
атты халықтық-патриоттық акцияларды жыл сайын өткізуге бастамашылық ету.
Аталған шаралар өскелең ұрпақ арасында этностық және діни төзімділік
идеялары мен дәстүрлерін әрі қарай нығайтуға негіз болуы тиіс. [8,95б]
4. Рухани-мәдени салада
Этносаралық ықпалдастықты нығайтуға, барлық этностардың мәдени
ерекшелігін сақтаған жағдайда, азаматтарды біртұтас рухани-мәдени
құндылықтар мен қазақстандық қоғамның дәстүрлеріне жұмылдыруға бағытталған
шаралар ықпал етуі тиіс. Бұл үшін:
әрбір этностық топтың мәдениеті мен тілін сақтаудың және дамытудың
құралы ретінде жексенбілік мектептер және ұлттық жаңғырту мектептерін
ұйымдастыру нысандарын жетілдіру;
қазақстандық отбасы институтын, оның тәрбиелік рөлін, оның ішінде,
ұлттық дәстүрлерді сақтау және дамыту, жастар арасында Қазақстанда тұратын
барлық этностардың мәдени дәстүрлеріне, тілі мен құндылықтарына деген
төзімділік пен құрметтеушілік көзқарастарын қалыптастыруға жағдай жасау;
ұлттық (этностық) театрлар мен шығармашылық ұжымдардың дамуы мен
қызметіне қолдау көрсету;
қазақ халқының тарихи-мәдени мұраларын сақтауға, Қазақстан этностарының
мәдениетін әрі қарай өзара байытуға бағытталған мәдени-ағарту мекемелердің
жұмысын жандандыру;
Қазақстан этностарының тарихы мен мәдениеті туралы білімді кеңінен
таратуға жәрдемдесу;
Қазақстанның әрбір этносының мәдениетін, тарихи мұрасын, дәстүрі мен
ерекшеліктерін сақтауды қамтамасыз ету;
қазақ диаспорасы тұратын елдермен, сондай-ақ қазақстандық этностардың
тарихи отаны болып табылатын елдермен мәдениетаралық үндесу мен
гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту қажет.
Осы шараларды жүзеге асыру Қазақстанның этномәдени саналуандылығын
сақтау мен дамытуды, “Саналуандылық арқылы – бірлікке” формуласын әрі қарай
іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. [9,98б]
5. Ақпараттық салада
Маңызды бағыттардың бірі этностық БАҚ-тарға қолдау көрсету, іске
асырылып жатқан ұлттық саясатты тарату мақсатындағы ақпараттық-түсіндіру
жұмысын жүргізу, патриотизм және этномәдени төзімділікті нығайту болып
табылады. Бұл үшін:
этностық БАҚ-тарды дамытуға, оларда қазақстандық сәйкестілік,
патриотизм, этномәдени және конфессияаралық төзімділік тақырыбына арналған
материалдардың шығу тәжірибесін кеңейтуге қолдау көрсету;
рухани-адамгершілік құндылықтар мен жалпыұлттық мұраттарды насихаттап,
қоғамдық санаға сіңіретін оң бағыттағы ақпараттық өнімдерді
(телебағдарламалар, шоу, фильмдер, жарияланымдар, роликтер және т.б.)
шығаруға жәрдемдесу;
жұртшылықтың бойында Қазақстанға қатыстылық пен тағдырластық,
мемлекетке деген патриоттық қатынасты дамыту, Қазақстан халқының мәдениеті
мен дәстүрін құрметтеу, өзін қазақстандық деп сезіну қасиеттерін
қалыптастыратын рәміздерді БАҚ-та қолдануды кеңейту;
журналистердің этносаралық және конфессияаралық қатынастарды көрсету
мәселелерінде этикалық нормалар мен кәсіпқойлық дағдыны сақтауы;
қолданыстағы заңнама шеңберінде БАҚ-та елдегі этносаралық жағдайды
тұрақсыздандыратын материалдар шығуының алдын-алу мен жолын кесу жөніндегі
жұмысты күшейту;
БАҚ-та этностық тақырыпқа байланысты ұғымдар мен терминдердің
қолданылуын реттеу.
Ұсынылған шаралар қоғамдық санада этносаралық және конфессияаралық
мінез-құлықтың орнықты оң үлгісін қалыптастыруға ықпал етуі тиіс.
6. Құқық және құқық қорғау саласында
Осы саладағы шаралар ұлттық саясат саласындағы заңнаманы жетілдіруге,
этностық және діни төзбеушіліктің кез келген нысанының алдын алу мен жолын
кесуге жәрдемдесуі тиіс. Оларда көзделетіндер:
нәсілдік, этностық және діни ерекшелігіне қарамастан, Қазақстан
азаматтарының тең құқығын, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды
қамтамасыз ететін заңнамалық нормаларды әрі қарай дамыту;
этносаралық қатынастар саласында халықтың саяси-құқықтық мәдениетін
көтеру, ксенофобия, экстремизм және тұрмыстық ұлтшылдық көріністерінің кез
келген нысаны мен түріне төзбеушілік қатынасын қалыптастыру;
құқықтық жүйені және этносаралық қатынастар саласына қатысты теріс
үрдістер мен қауіп-қатерді анықтау, алдын алу және жою жөніндегі құқық
қорғау қызметін жетілдіру;
этносаралық қатынастарды саясаттандыруға, азаматтарды этностық,
нәсілдік, конфессиялық және өзге де уәждермен кемсітуге жол бермеу;
этностық рең алып кетуі мүмкін әлеуметтік және өзге де сипаттағы
қайшылықтар мен дау-жанжалдардың пайда болуын күні бұрын айқындаудың
тетіктерін құру және нығайту, сондай-ақ мұндай дау-жанжалдарды шешу жүйесін
әзірлеу;
этносаралық сала мәселелері бойынша ұғымдық аппаратты қолданудың
бірыңғай заңдық стандарттарын әзірлеу;
көші-қонды реттеу саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдіру.
Мемлекеттік ел бірлігі саясаты этносаралық және конфессияаралық
қайшылық алғышарттарының пайда болу мүмкіндіктерін болдырмайтын заңнамалық
және құқықтық тетіктермен берік қамтамасыз етілетін болады.
7. Конфессияаралық қатынастар саласында
Діннің біріктіруші бастау алар көзіне сүйену, этносаралық қарым-
қатынастар жағдайына діни фактордың теріс әсерінің алдын алу ел бірлігін
нығайтудағы маңызды бағыт болуы тиіс. Бұл үшін:
дінаралық үндесу мен өзара түсіністікті дамыту, қоғамның тұрақтылығын
нығайту мақсатында мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы әріптестік
қатынасты дамыту;
қоғамдағы адамгершілік бағдарларды нығайту, отбасының рөлін көтеру,
нашақорлықпен, маскүнемдікпен, балалар, жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен
панасыздықтың таралуымен күрес секілді әлеуметтік міндеттерді шешудегі
мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктердің ынтымақтастығы, бірлескен
жұмысы;
қоғамның моральдық-адамгершілік негіздерін нығайту, халықтың діни
сауаттылығын арттыру үшін дәстүрлі діндердің рухани құндылықтарын қолдану;
экстремизм және радикализмді таратуға қарсы тұру мақсатында халықпен,
әсіресе, жастармен, жүйелі ақпараттық-ағартушылық жұмыс жүргізу;
қызметі халықты жалған діни бірлестіктер туралы хабардар етуге, ондай
бірлестіктердің құрбаны болғандарға психологиялық, құқықтық және заңнамалық
көмек көрсетуге бағытталған үкіметтік емес ұйымдарды қолдау керек.
Аталған шаралардың нәтижесі қоғамда адамгершілік құндылықтардың дұрыс
жүйесін, төзімділік, бірлік және келісім идеяларын нығайтуға жәрдемдесуі
тиіс. [10,99б]

1.2. Толеранттылық негіздері

Бүгінгі күні діни толеранттылық ұстанымы өте өзекті мәселеге айналып
отыр. Себебі кез келген діннің мақсаты – адамдар арасындағы
келіспеушілікті, ымырасыздықты жойып, олардың бейбіт жағдайды ғұмыр кешуіне
ұйытқы болу. Алайда осы қағида қазіргідей жаһандану заманында ұмытылғандай
көрінеді. Өйткені бір діннің өкілі басқа дін ұстанушыны бөлектеп, оның
сенімін терістеп, тіпті мұның салдары қылмыстың ең ауыр түріне – адам
өлтірушілікке апарып соқтырып жатқаны белгілі. Сондықтан діни толеранттылық
пен діни төзімділікті қалпына келтіру арқылы Ислам дінінің асыл
мақсаттарына қол жеткізуге болады. Ғалым Д.Кенжетай бұл туралы Тарихтан
мәлім, діни танымда өзара құрмет туралы түсінік болмаған жерде, қоғам жікке
бөлінеді. Діни танымдық негіздері мен ұстындары әртүрлі топ өкілдері тек
өздерінің жолын ақ, ал өзгенің ғибадаты мен діни сезімін өздерінен төмен
санаса, араларында сұхбат, төзімділік, өзара құрмет болмайды. Сондықтан
дәстүрлі діни түсінік пен бүгінгі діни тіршіліктің арасында сабақтастық пен
сұхбат шарт. Онда да мұсылмандар арасында түсіністік тарихқа негізделуі
қажет – дейді [11, 230].
Толеранттылық ұғымы әртүрлі және көпқырлы. Әрбір мәдениеттің
толеранттылық туралы өз түсінігі бар. Ол көп жағдайда жалпылай бір мағынаны
бергенімен, кейбір психологиялық-танымдық айырмашылықтары бар. Мәселен,
әлемнің жетекші бірақатар тілдерінде толеранттылық ұғымының мәні былай
сипатталады:
- tolerance (ағыл.) – төзімді болу, мейірімділік танытуға әзір болу,
кемсітушіліксіз (дискриминация) әртүрлі пікірлердің өмір сүруіне жағдай
туғызу;
- tolerance (фр.) – біздің өзіміздің көзқарасымыздан бөлек басқа ойлар
мен ерекшеліктердің де болуына көз жеткізу;
- tolerencia (исп.) – өзінікінен бөлек басқа идеялар мен пікірлерді де
қабылдау қабілеті;
- tolerantia (латын) – селқостық, яғни пассивті төзімділік, ерікті
түрде жапа шегу, сондай-ақ, ассоцияциялық мағынасы азап, жамандық деген
түсініктерді береді.
-宽容 (қытай) – басқаларды өз көзқарастары және ерекшеліктерімен қатар
қабылдау және басқаларға кең пейілділік қарым-қатынас көрсету;
- tasamul' (араб) – барлығын кешіру, жұмсақ болу, басқаларға
қайырымдылық, кешірім таныту қабілеті;
- толерантность, терпимость (орыс) – төзімділік көрсету (кез-келген
жағдайға шыдау, көтеру, келісу), басқа біреудің өмір сүруін тану, қабылдау,
жарасу, басқа біреумен қарым-қатынаста үйлесу, біреуге мейрімділік білдіру.
[12, 14-15 б.]
Боған қоса біздің тілімізге ұқсас түрік тіліндегі толеранттылық сөзінің
мағынасы hoşgörülük – хош көру, ұнату, қабылдау, жақтыру деген баламалар
арқылы беріледі.
Көріп отырғанымыздай әрбір түсінік өзінің мәдени ерекшелігіне сай
баяндалады. Мәселен, ағылшынша – кемсітпеу, қытайша – кеңпейілділік, арабша
– кешіру, орысша – жарасу, түрікше – жақсы көру. Әрқайсының өзінің табиғи
психологиялық-танымдық қыры бар.
Қытай халқындағы толеранттылық түсінігі сонау Кун Фу-цзы ілімінде
адамсүйгіштік (жэнь) ұғымынан келіп шығады. Өзіңе нені қаламасың,
басқаға да соны тілеме, барлығын бірдей көр, кеңпейілді бол қағидасы.
Себебі қытай ықылым заманан бері әртүрлі халықтар мен сенімдердің
тоғыстырған мемлекет. Сондықтан қоғамда тұрақтылықты сақтау үшін міндетті
түрде Кун Фу-цзы салып берген кеңпейілділік ұстынына сүйенеді. Екінші бір
қыры белгілі этнограф, дінтанушы М.Элладаның пікірінше қытай тарихы көрші
түркі елдерімен қарым-қатынаста дамыған [13, 41]. Сондықтан да тәңір
түсінігі, көк аспан ұғымы білгілі бір деңгейде олардың сенімдерін
қалыптастырады. Аспан асты елі ұғымы да көк аспанның астында өздерімен
қатар бірнеше халықтардың өмір сүретінін мойындаудан, ұғынудан туған
түсінік. Сондықтан Көк аспан өзінің панасындағы халықтарға қалай кеңпейілді
болса, мемлекет те қарамағындағы жұртқа сондай кеңпейіл болу керек.
Кейіннен бұл ұғым Кон Фу-цзыдың кеңпейілділік, адамгершілік қағидаларымен
негізделеді.
Араб халқының психологиялық танымында, бір қызығы, бұл ұғым
кешірімділік, жұмсақтық мәндерімен айқындалады. Яғни, кез-келген көзқарасқа
немесе әрекетке кешіріммен қарау. Бұл қасиеттің араб тайпаларында
қалыптасуын тікелей Құран Кәрім мен Мұхаммед пайғамбардың өнегелі
сүннетімен байланыстыру керек. Себебі, оларда кәпірге де зарар бермеу,
таспен ұрғанды аспен ұру принцптері насихатталады. Ойымызды түсінікті ету
үшін Абдуллаһ ибн Масғудтан жеткен хадисті мысалға келтірейік. Расулалланың
(с.ғ.с.) өзінен бұрын өткен пайғамбарлардың бірінің хәлін түсіндіруі әлі
көз алдымда тұр. Ол пайғамбарды өз қауымы ұрып-соғып, қанға бөктіріп кетті.
Ол бұл жағдайға түскен кезде де бет-жүзіндегі қандарды сүртіп, былай деді:
Аллам, қауымымды кешір, өйткені олар тура жолды білмей жүр.
Әбу Хурайрадан жеткен хадисте: Бәдәуилердің бірі мешіттің ішінде
отырып, кіші дәретін бұзып алды. Сахабалардың барлығы да оны жазаламақ үшін
орындарынан тұрды. Мұны көрген пайғамбар (с.ғ.с.) былай деді: Ол адамға
тиіспеңдер, оның зәрінің үстіне үлкен құмырамен су төгіңдер. Өйткені сіздер
зорлық көрсету үшін емес, жеңілдік көрсету үшін жіберілдіңіздер. Өзге дін
өкілдеріне кешіріммен қарау, жұмсақтың көрсетуге үндейтін бұдан бөлек те
хадистер бар. Бұл жайында осы дицертациялық жұмыстың екінші бөлімінде де
айтатын боламыз. Алайда, біздің жоғарыда көрсетілген екі хадистерден
байқағанымыз кез-келген өзге дін өкілі ақиқатты білмейді, ал білген
жағдайда олар теріс әрекетке бармайтын еді. Сондықтан да оның әс-әрекетіне,
көзқарасына түсінікпен, кешіріммен қарау керек.
Ал, қазіргі түрік тіліндегі хош көрушілік, жақтыру түсінігі араб
тіліндегі мағынасына қарағанда, кеңірек, яғни мұның аясына эмоциональдық
сипаттағы ұнату, қолдау-қолпаштау деген ұғым енеді. Мұндағы түріктік
ұғымның мағынасын ежелгі түркілік бір Тәңірі түсінігімен сабақтастырған
жөн. Көк Тәңірі сөзі көктегі бір Тәңірі ретінде көрініс тапқандықтан,
негізінен Қадир-и мутлақ, бүкіл жаратылыстың Жаратушысы ретінде
қабылданған. Сондықтан да, түркілер арасында әртүрлі сенімдер мен нанымдар
өмір сүре алған. Бұған дәлел ретінде Марко Полоның (1254-1324ж.ж.) 1290
жылы IV Папа Николасқа жолдаған хатындағы сөздері мен Меңгу ханның дін
тақырыбындағы пайымдарын келтіруге болады. Онда Марко Поло моңғолтатар
әскері жөнінде олар басып алған жерлерінің тұрғындарына өз діндерін
мәжбүрлеуді мұрат тұтпайды. Әмірші Меңгу хан діндердің алуандығын - бір
қолдың әртүрлі бармақтарымен салыстыра меңзеп, сол сияқты Тәңірге барар
жолдардың алуан екендігін мысалға алады дейді [14, 52]. Марко Поланың бұл
жазбасы ежелгі түркілерден бері қалыптасқан толеранттылық ұғымының
сипаттарына мысал бола алады. Сондықтан қазіргі түрік тіліндегі біреудің
мәдениеті мен сенімін хош көру, жақтыру түсінігін сол дәстүрдің жалғасы
ретінде қарау керек.
Ал, еуропалық қалыпқа негізделген толеранттылық ұғымы 16ғ. қалыптасқан
деп айта аламыз. Себебі, көптеген ғасырлар бойы котолик шіркеуінің шоқпары
еуропа елін қараңғылық қапаста ұстап, кез-келген көзқарасқа, діни сенімге,
еркін ойға қатаң цензурамен қарады. Сондықтан, жалпы еуропалық және
византиялық христиан әлемінде (бұл жерде христиан ілім емес) толеранттылық
деген түсінік болмады. Тек 16ғ. ғана Қайта Өрлеу дәуірінде толеранттылық
деген ұғым алғаш рұқсат ету, сабырлық таныту деген мағынада көрініс
тапты. Себебі еуропада әртүрлі көзқарастар мен ой еркіндігі пайда болғаннан
кейін оған мемлекет пен ресми шіркеу тарапынан рұқсат беруге тура келді.
Алайда бұл ұғымды тәжірибе жүзінде қолдану кезінде біршама қиындықтар
туғаны да рас. Дегенмен, адамдардың алуан ұстанымдарға төзімділікпен
қарауын міндетті көргендер мұның бәрі білімнің кемшілігінен туындаған деп
тауып, білім деңгейінің артуы және адамдардың дұрыс білімге қол жеткізуі
толеранттылыққа әкеледі деп сенді. Бұл уақыттан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көпэтносты Қазақстан жағдайындағы полимәдени тәрбие
Этникааралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің саяси типологиясы
Көпэтносты қоғамдағы дін мәселелерінің баспасөздегі көрінісі
Этностық өзіндік сананың дамуы
Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы этносаралық және конфессияаралық қатынастар
Қазіргі Қазақстандағы конфессияаралық қатынастар
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы этноконфессиялық үдерістер
Тәрбиенің түрлері
ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕМОКРАТИЯ
Ұлтаралық қатынас мәдениетінің көрсеткіштерінің мәдениетінің сипаттамасы көрсеткіштері
Пәндер