Көліктегі қылмыстардың алдын алудың өзекті мәселелері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе . . . 2
I - тарау. Көліктегі қылмыстардың түрлері
1. 1. Темір жол, әуе немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін бұзу . . . 6
1. 2. Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу . . . 11
1. 3. Жол-көлік оқиғасы болған орыннан кетіп қалу . . . 15
1. 4. Көлік құралдарын сапасыз жендеу және оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару, мас күйіндегі адамды көлік құралын жургізуге жіберу . . . 17
1. 5. Көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру . . . 21
ІІ-тарау. Көліктегі қылмыстардың құрамы
2. 1. Көліктегі қылмыстардың жеке құрамдары . . . 24
ІІІ-тарау. Көліктегі қылмыстардың алдын алудың өзекті мәселелері
3. 1. Көліктің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ережелерді бұзу
алдын алу . . . 44
3. 2. Көлікте қолданылатын ережелерді бұзудың алдын алу мәселесі . . . 48
Қорытынды . . . . . . 58
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . 61
Кіріспе
Еліміз тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет. Осы жылдар ішінде көптеген іс тындырылғаны мәлім. 1997 жылы шілде айының он алтыншы жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылдың 1 қаңтардан бастап заңды күшіне енді.
Көліктегі қылмыстардың қақтығыстардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық кұқылық шараларды реттеу - қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. Қазақстан Республикасының Конституциясының II-бөлімі осы мәселеге тікелей арнаған. Конституцияның 1-бабында "Ең қымбат қазына - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары", - деп жарияланған. 1
Жаңа Қылмыстық заңның ең басты міндеттерінің бірі - адам, қоғам, мемлекет мүддесін қорғау болып табылады.
Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді.
Адам болмаса, адамның құқықтары мен бостандықтары қадірленбесе, аяққа тапталса, онда қоғам өмір сүрмейді немесе оны адамзат қоғамы деп атау мүмкін болмайды. Қоғамда өмір сүргендіктен және ең бастысы оған "адам" деп ат қойғандықтан, қоғамның ережелерін сақтауы тиіс және "адам" деген атқа лайықты болуы тиіс. Адам қоғамның және болашақтың негізі болғандықтан, адамның өмірі мен денсаулығы бірінші орынға қойылады. Адамзат әлі идеалды дәрежеге жетпегендіктен оның әрекеттерінде қателіктер кездеседі.
Көліктегі қылмыстар жана Қылмыстық кодекстің 12-тара-уында орналасқан. Бұрынғы Қылмыстық кодекске қарағанда бұл тарауда көліктің барлық түрлері - темір жол, әуе, су көлігі, лвтомобиль, троллейбус, трамвай, не басқа да механикалық көлік кұралдарын жүргізуші адамның жол қозғалысы кдуіпсіздігін немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бүзганы үшін қылмыстық жауаптылығы жинақталып берілген.
Жол қозғалысы қауіпсіздігі немесе көлік кұралдарын пай-далану ережелеріне қарсы қылмыска кылмыстық заңда корсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді кінәлы түрде бұзып, коліктің бірқалыпты қызмет етуін бұзатын, соның нәтижесінде іанда кезделген зардаптардың орын алуына жол беретін іс-әре-ксттер жатады.
Көлік қылмыстарының топтық объектісі болып жол қозғалысы қауіпсіздігін және көлік күралдарын пайдалану грсжелерін реттейтін қоғамдық қатынастар табылады.
Қылмыстың тікелей объектісі - жол қозғалысы қауіпсіздігі және көлік құралдарының нақты түрін (темір жол, су, әуе не-месе автомобиль) пайдалану ережелері, ал қосымша тікелей (объектісі - кейбір құрамдар үшін адамның емірі, денсаулығы сондай-ақ меншігі болуы мүмкін.
Қылмыстың заты - темір жол, су, әуе, автомобиль келіктері және басқа да механикалық көлік құралдары.
Объективтік жағынан алғанда Қылмыстық кодексттің 12-тарауындағы қылмыстардың көпшілігі әрекет немесе әре-кстсіздіктен, зардаптан және олардың арасындағы себепті байланыстардан тұрады (материалдық құрам) . Тек қана екі түрлі қылмыс құрамы (305, 306-баптар) құрылысы жөнінен формальдық, құрамға жатады.
Жол қозғалысы қауіпсіздігі жөне көлік құралдарын пайдалану ережелері сан қилы, үнемі езгертіліп, жаңартылып отырылды. Бұл ережелер арнаулы зандарда немесе нормативтік актілерде корініс тапқан. Мұндай зандар Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазакстан Республикасының жол қауіпсіздігі туралы заңы, Қазақстан Республикасының темір жол жарғысы, Су кодексі, Әуе кодексі, Қазақстан Республикасындағы жол жүру ережелері және тағы басқалар.
Осыған орай көлік қылмыстарының нақты құрамдарының диспозициясы бланкеттік болып табылады. Әрбір жеке құрам ұшін жауаптылық арнаулы заң, басқадай нормативтік-кұкыктық актілердің тиісті талаптарына нақты негізделуі тиіс.
Олар қоғамға қауіпті әрекет жасайды. Басқа адамдарды қылмысқа итермелейді немесе өзі байқамай адамды қылмыскер етіп тәрбиелеуі мүмкін. Біздің міндетіміз бұған жол бермеу, құқық бұзушылықтың алдын алу, адамды өркениеті қоғамның баласы етіп тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жету үшін көптеген салалар өз үлестерін қосады. Соның ішіндегі саяси, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық салаларды атап өтуге болады. адамдарға қарсы қылмыстарды зерттегенде ең алдымен олардың алдын алу, мұндай қылмыстарды болдырмау жолдарын қарастырған дұрыс. Ал, қылмыс жасалып қойса, оны қылмыстық заңдармен дұрыс саралап, әділ жаза тағайындау аса маңызды. Ол үшін қоғамғ қарсы қылмыстардың қатарына қандай іс-әрекеттер жататындығын, олардың құрамын, белгілерін білуіміз қажет. Оларды басқа қоғамға қауіпті іс-әрекеттерден айырып дұрыс саралау керек. Осыларды толық зерттеп болғаннан кейін ғана олармен күресудің жолдарын, тиімді тәсілдерін және алдын алу шараларын ойластырып, қарастыруға болады.
Осыған орай, Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішіңде Қылмыстық кодексте адамды корғауды өзінің міндетті деп санайды. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 2-бабында адам және азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан. Қазақстан Республикасында барлық заңдары жеке бостандықтарын қорғауға әруақытта артықшылық береді.
Күнделікті өмірде қылмыс жасайды, қоғамдық тәртіпті бұзды деген сөзді жиі естуге болады. Демек, мұндай әрекет жасаушылар білмей немесе қасақана заңдылықтың, құқық тәртібін бұзады. Соның нәтижесінде құқық бұзушылық пайда болады. Құқық бұзушылық дегеніміз құқыққа қарсы, қоғамға қайшы, түлғаға зиянды, қауіпті кінәлі деп танылып жазаланатын әрекет немесе әрекетсіздік.
Қылмыс - бір адам арқылы емес бірнеше адамның бірігуі арқылы істелуі мүмкін. Бірнеше адамның қылмыс істеуінің нәтижесінде істелген қылмыстың мәні, одан туындайтын зиянның мөлшері де жеке дара адам істеген жауапты болатын адамдардың соның тұра анықтау қажеттілігі туындайды. 2
Сондай-ақ бұл адамдардың жауаптылығының негізімен шегін, олардың әрқайсысының бірігіп қылмыс істеудегі кінәсінің мәні мен дәрежесіне қарай салыстыру, әрбір қылмыскердің жеке тұлғасынын ерекшеліктерін анықтаудың маңызы зор. Қылмысқа қатысу институты ғана осы мәселелерді анықтауға толық мүмкіндік туғызады.
Жаңа Қылмыстық заңда қылмысқа бірігіп қатысудың ұғымы, оған қатысушылардың (орындаушылар, ұйымдастырушылар) жекелеген іс-әрекет сипатайтын белгілер және оларға жаза тағайындаудың негізгі қағидалары, сондай-ақ қылмысқа қатысу нысандарының анықтамасы берілген (ҚК-тің 27-31 баптары) .
I - тарау. Көліктегі қылмыстардың сипаттамасы
1. 1. Темір жол, әуе немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайда-лану қауіпсіздігінің ережелерін бұзу
Темір жол, әуе, теңіз немесе су жолы көлігі қозғалысы немәсе пайдалану ережелерін орындайтын жұмысына немесе атқаратын қызметіне байланысты осы ережелерді сақтауға міндетті адамның бұларды бұзуы, егер бұл әрекет абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соқса - алты айдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не үш айдан алты айға дейінгі мер-зімге қамауға, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару не-месе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екіжылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Абайсызда кісі өліміне әкеп соққан дәл сол әрекет үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әрекет - үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз терт жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекет, егер ол осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде кезделген зардаптардың тууына әкеп соқпаса да олардың тууына көрінеу қауіп төндірсе, - бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе сотталған адамның он айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға, не екіжылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бір жылға дейінгі мерзімге бас бостан-дығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Темір жол, теңіз, өзен және әуе көлігі құралдарының барлық
түрлері, оның ішінде шағын өлшемді теңіз және өзен кемелері көлік деп түсініледі. 1. Механикалық нақты бір көлік құралдары қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясындағы қоғамдық қатынастар қарастырылып отырған қылмыстың объектісі болып табьшады. Жәбірленушілердің өмірі мен денсаулығы немесе мүліктің сақталуы - қосымша объект болып келеді. Ал өзен немесе теңіз көлігі қозғалысының немесе оларды пайдаланудың қауіпсідік ере-желерінің бұзылуы нәтижесінде көбінесе экологияға зиян келетіндіктен (теңіз бетінің, өзен арнасының мұнаймен, жанар-жағармаймен ластануы, балықтардың қырылуы және т. б. ), факультативті объектіні де ажыратып алуға болады. Оған табиғи ортаны қорғау аясындағы қоғамдық қатынастар жатады.
Бұл қылмыстың объективті жағы үш міндетті белгілердің болуымен сипатталады, атап айтқанда:
а) темір жол, әуе немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін бүзудан түратын іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) ;
б) заңда көрсетілген қылмысты зардаптар;
в) аталған іс-әрекет пен (әрекет немесе әрекетсіздік пен) орын алған зардаптар-дың арасындағы себеші байланыс. Осы аталған белгілердің тек біреуі ғана болмаған жағдайда да түлғаның іс-әрекетінен қылмыс қүрамын анықтау мүмкін емес.
ҚР ҚК 295-бабының диспозициясы бланкетті болғандықтан, іс-әрекеттің белгілерін шешу үшін темір жол, әуе немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің осы салада белгіленген ережелері басшылыққа алынуы тиіс. Заңның мәселені бұлай қарастыруын темір жол, су, әуе және автомобиль көліктерін ұдайы жетілдіріліп отыратындығы көліктің сол түрлерінің қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің күшінде бар қылмыстық заңмен кезінде қамтылмайтын тиісті ережелерінің де өзгеріске сөзсіз ұшырайтындығымен байланысты. Сондықтан, бланкетті диспозициясы бар нормалардың болуы ғылыми-техникалық прогрестің дамып отыруы жағдайында қоғамдық қатынастардың аталған тобын қылмыстық-қүқықтық қорғауды қамтамасыз ету мақсатынан туындайды.
Бұл орайда сүйенетін нормативті актілердің ең маңыздылары ҚР Конститу-циясы, ҚР 1994 жылғы 21 қыркүйекте қабылданған "Көлік туралы" Заңы, 1996 жылғы 15 шілдеде қабылданған "Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы" Заңы болып табылады. Сол сияқты, бүл қатарға мыналарды қосуға болады:
а) темір жол көлігінде - ҚР темір жолдарының жарғысы, ҚР темір жолдарын техникалық пайдаланудың ережелері, ҚР темір жолдарындағы поездардың қоз-ғалысы мен маневрлік жүмыстар бойынша нүсқау және басқалары;
б) су жолы көлігінде - Кемелердің соқтығысуын болдырмаудың халықара-лық ережелері, Кемелерді техникалық пайдалану ережелері, ҚР-ның теңізде сау-дамен жүзуге байланысты кодексі, т. б. ;
в) әуе көлігінде - ҚР-ның әуе кодексі, ҚР-ның әуе жолдары бойынша жолау-шыларды, қол жүгін және жүк тасымалдау ережелері, ҚР азаматтық авиация-сында үшу жұмыстарын жүргізу бойынша нұсқау, ҚР азаматтық авиациясында әуе көлігін техникалық пайдалану бойынша нүсқау және т. б.
Қылмысты ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша бағалау үшін көлік құралының кімдікі және кімнің қарауында екендігінің маңызы жоқ. Айыптының іс-әрекетін бағалау барысында оның көлік қозғалысы немесе оны пайдалану қауіпсіздігі ережесінің дәл қай тармағын бұзғандығын анықтау керек.
Қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу, мысалы, мынадай болуы мүмкін: светафордың рұқсат етпеген белгісіне өтіп кету, порттарға жақындаған кезде кеме-лердің қозғалыс жылдамдығын рұқсат етілген шамадан жоғарылатуы, тиісті дыбыс белгілерін бермеу, кеме жолдарының айрылысу тәртібін сақтамау, биіктік эшелондары мен үшу коридорларын сақтамау және т. б.
4. Техникалық ақауы бар көлікті пайдалануға шығару, рұқсат етілмеген зат-тарды тасымалдау, жүкті дүрыс бекітпеу және тағы да осы сияқты жағдайлар ережесін бұзу болъш танылады. Талқыланып отырған бапта көрсетілген зиянды зардаптар орын алған жағдайда, пайдалану ережелерінің көлік қозғалысына қатыссыз (мысалы, тиеу-түсіру немесе жөндеу жүмыстары кезіңде) бүзылуы жеке адамға қарсы қылмыстар туралы тиісті баптар бойынша, ал бірқатар жағдайларда ҚР ҚК-нің 152-бабы бойынша ("Еңбекті қорғау ережелерін бұзу") жауаптылық қарастырылады.
5. Осы талқыланып отырған бап бойынша тұлғаны жауаптылыққа тарту үшін оның тарапынан ереже бұзушылық пен орын алған қоғамға қауіпті зардаптар-дың арасындағы себепті байланыс анықталуы тиіс. Және де, себепті байланыс тұлғаның әрекеті немесе әрекетсіздігіне ғана қатысты емес, зиянды зардаптардың орын алуына тікелей себепкер болған, қауіпсіздіктің тиісті ережелерінің бұзы-луының өзіне қатысты анықталуы керек.
6. Қылмыстың құрамы - материалдық үлгіде қарастырылған, соңдықтан ол заңда аталған қоғамға қауіпті зардаптардың орын алуы кезінен бастап аяқтал-ған қылмыс болып есептеледі.
7. Дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау үшін сот-дәрігерлік сараптау жұмыстары тағайындалуы тиіс. Адам денсаулығына келтірілген зиянның немесе орташа ауырлығының белгілері 1998 жылғы 4 мамырда қабылданған "Денсаулыққа келтірілген зиянның бағалаудың сот-дәрігерлік ережелерінің" негізінде анықталады.
8. Бұл қылмыстың субъективті жағы қылмысты немқұрайлық немесе қылмыс-ты менмендік түріндегі абайсыз жасалған кінәнің болуымен сипатталады. Мен-меңдікпен жасалған қылмыс кезінде айьшты көлік қозғалысы немесе оны пайдалану қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы нәтижесінде қоғамға қауіпті зардаптардың орын алуы мүмкін екеңдігін алдын ала біледі, алайда, бұл зардаптарды болғызбау мүмкіндігіне жеткілікті негіздерсіз, жеңілтектікпен сенеді. Ал, қылмыс немқұрай-лықпен жасалған жағдайда айыпты тұлға қоғамға қауіпті зардаптардьщ орын алуы мүмкін екендігін алдын ала білмейді, алайда, қажетті ұқыптылық пен сақтық бол-ғанда ол зардаптарды болжап білуі тиіс және болжап біле де алар еді.
9. Орындайтын жұмысы немесе атқаратын қызметіне байланысты темір жол, әуе немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін сақтауға міндетті, 16 жасқа толған, ақыл-есі дұрыс жеке тұлға ҚР ҚК-нің 295-бабымен көзделетін қылмыстың субъектісі болуы мүмкін.
Ал жеке тұлғалар мен әскери қызметкерлер осы қарастырып отырған қыл-мыстың субъектісі бола алмайды. Тиісті жағдайларда олар ҚР ҚК-нің 300, 392, 393-баптары бойынша жауаптылыққа тартылады.
ҚК-тің 295-бабының 2-бөлімінде абайсызда кісі өліміне әкеп соққан темір жол, әуе немесе су көлігі қозғалысы мен пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін бұзған-дық үшін жауаптылық белгіленген.
ҚР ҚК 295-бабының 3-бөлімінде абайсызда екі немесе одан көп адамдардың өлімінә әкеп соққан осы баптын 1-бөлімінде көзделген әрекет үшін жауаптылық белгіленген.
Негізгі құрамдағы сияқты, адамдардың өліміне қатысты абайсыздық қыл-мысты менмендікпен немесе қылмысты немқұрайлықтан тұруы мүмкін.
ҚР ҚК 295-бабының 4-бөлімінде осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әре-кет, егер ол осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген зардаптардың тууына әкеп соқпаса да, олардың тууына көрнеу қауіп төндіргені үшін жауаптылық қарастырылған.
1. 2. Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу
1. Автомобильді, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлік құралын жүргізуші адамның жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауыр-лықтағы зиян келтірсе - бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қәмауға, не үш жылға дейінгі мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырып немесе онсыз екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда кісі өліміне әкеп соққан дәл сол әрекет - үш жылға дейінгі мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырып, бес жыл-ға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әрекет - бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ескерту. Осы бапта тракторлар, мотоциклдер және өзге де өздігінен жүретін машиналар басқа механикалық көлік құралдары деп түсініледі.
1. ҚК-тің 296-бабында көзделген қылмыстың объектісі ретінде нақты бір механикалық көлік құралдарының қозғалысы мен оны пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясындағы қоғамдық қатынастарды түсіну керек. Механикалық көлік дегенде, көліктің темір жол, су және әуе көлігінен басқа барлық түрлері туралы айтылады. Аталған қылмыстың қосымша объектісі бар, ол - азамат-тардың өмірі мен денсаулығын немесе мүліктің сақталуын қамтамасыз ететін қатынастар.
2. Автомобильдердің барлық түрлері (автобустар, жеңіл және жүк машинала-ры), мотокөлік (мотоцикл, мотороллер, т. б. ), электр көлігі (трамвай, троллей-бус), тракторлар және басқа да өздігімен жүретін машиналар (скрепер, грейдер, асфальт төсегіш, жол тегістеуші, экскаватор, өздігімен қозғалатын крандар және т. б. ) ҚК-тің 296-бабының диспозициясында аталған көлік қүралдарының орны-на жүреді.
3. Мопедтер, аспалы двигательді велосипедтер және двигателінің көлемі 50 шаршы сантиметрге жетпейтін, ең шапшаң жылдамдығы сағатына 50 шақырым-нан аспайтын басқа да көлік қүралдары қылмыстық-қүқықтық тұрғыдан көлік құралдарының қатарына жатпайды.
4. Объективті жағынан ҚК-тің 296-бабында көзделген қылмыс үш міндетті белгілердің болуымен сипатталады:
, а) жол қозғалысымен көлік құралдарын пайдалану ережелерінің бұзылуы;
б) заңда көзделген зиянды зардаптардың болуы;
в) аталған ережелерді бұзу мен сол ереже бұзушылықтың нәтижесіңде орын алған зиянды зардаптардың арасындағы себепті байланыстың болуы. Ерекше
5. ҚР ҚК 296-бабының диспозициясы бланкетті болып табьшады және қылмыс-тың белгілерін анықтау үшін қозғалысқа қатысушылардың барлығының құқықтары мен міндеттерін ажыратушы негізгі нормативті акт - Жол қозғалысы ережелеріне сілтеме жасайды. Сондықтан көлік құралын жүргізуші тұлғаны ҚК-тің 296-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін, ең алдымен, қо-ғамға қауіпті зардаптардың орын алуына әкеп соқтырған, аталған Ереженің қандай да болмасын бір тармағын осы тұлғаның бұзғандығының айғағын анық-тап алу керек. Зардаптарды кінәсіз келтірген жағдайда жүргізушінің әрекеттерінде қылмыс құрамы болмайды.
6. Жол қозғалысының ережелерінің бұзылуы - жылдамдықты арттыру, көшенің қиылыстарынан өту кезінде кезек сақтамау, басып озудың ережелерін бұзу, артқа жүру кезінде ереже сақтамау, жолдың сол жағына шығып кету сияқты болуы мүмкін. Машинаны қатты шаршаған күйде жүргізу, қарсы келе жатқан машина шамының көзді шағылыстыратын жарығымен жүру нәтижесінде жол-көлік оқиғаларының орын алуы сирек жағдай емес.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz