Кәсіпкерлікті жүзеге асыру



Жоспар

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
Кәсіпкерлікті жүзеге асыру
2.1.Кәсіпкерлік қызметтің түрлері мен мақсаттары
2.2.Кәсіпкерлік қызметтің сипаты
2.3. Кәсіпкерлердің міндеттері мен мақсаттары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау орта және кіші бизнестің дамуына жағдай жасайтын, олардың қызметтерін ынталандыруға мүмкіндік тудыратын экономикалық құқықтық жағдай жасауды, сонымен қатар оларға жеңілдіктерді пайдалана отырып материалдық және қаржылық ресурстар салуды білдіреді. Кәсіпкерлердің көзқарасы бойынша, олардың максимальды пайда табуы, салынған инвестицияның тиімділігі, тәуекелдік деңгейінің жоғары болуы, меншік пен азаматтардың құқықтық жағдайынан қорғалуы сияқты дітттеген мақсаттарына жетуіне тек мемлекет қана жағдай жасай алады. Ал, мемлекеттің көзқарасы бойынша кәсіпкер ең жоғары деңгейдегі мүдделер мен мақсаттарға жетуі тиіс (мысалға, қоғамдық байлықтың өсуіне, жұмысбасаылық мәселесін шешуге, ұлттық қәуіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалын тигізуі қажет және т.б.)
Мемлекет пен орта және шағын кәсіпкерліктің мақсаттары мен мүдделерін түйістіру барысында тиімді мемлекеттік саясат жүргізілуі тиіс.
Дамыған елдер тәжірибесі мен Қазақстандағы қалыптасып жатқан нарықтық қатынастар көрсетіп отырғандай өндірістің тұрақтандырылуы мен дамуы және тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу бәсекеге төтеп бере алатын шағын экономиканың дамуына және солар көтеретін бастамаларға негізделуі қажет. Сондықтан, мемлекеттік ресурстар бұрынғы проспективасы жоқ өндірістен қазіргі кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталуы қажет және жеке инвестициялар экономикалық көтерілудің бастамасы мен тұрақтандырудың егізгі кіліті болуы тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Молдахметов А.Б., Өтелбаев М.Ө. Қазіргі заман экономикасы. Оқулық. -2006ж.
2. С.Умирзаков. Журнал. 2004ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
Кәсіпкерлікті жүзеге асыру
2.1.Кәсіпкерлік қызметтің түрлері мен мақсаттары
2.2.Кәсіпкерлік қызметтің сипаты
2.3. Кәсіпкерлердің міндеттері мен мақсаттары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау орта және кіші бизнестің дамуына
жағдай жасайтын, олардың қызметтерін ынталандыруға мүмкіндік тудыратын
экономикалық құқықтық жағдай жасауды, сонымен қатар оларға жеңілдіктерді
пайдалана отырып материалдық және қаржылық ресурстар салуды білдіреді.
Кәсіпкерлердің көзқарасы бойынша, олардың максимальды пайда табуы, салынған
инвестицияның тиімділігі, тәуекелдік деңгейінің жоғары болуы, меншік пен
азаматтардың құқықтық жағдайынан қорғалуы сияқты дітттеген мақсаттарына
жетуіне тек мемлекет қана жағдай жасай алады. Ал, мемлекеттің көзқарасы
бойынша кәсіпкер ең жоғары деңгейдегі мүдделер мен мақсаттарға жетуі тиіс
(мысалға, қоғамдық байлықтың өсуіне, жұмысбасаылық мәселесін шешуге, ұлттық
қәуіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалын тигізуі қажет және т.б.)
Мемлекет пен орта және шағын кәсіпкерліктің мақсаттары мен мүдделерін
түйістіру барысында тиімді мемлекеттік саясат жүргізілуі тиіс.
Дамыған елдер тәжірибесі мен Қазақстандағы қалыптасып жатқан нарықтық
қатынастар көрсетіп отырғандай өндірістің тұрақтандырылуы мен дамуы және
тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу бәсекеге төтеп бере алатын шағын
экономиканың дамуына және солар көтеретін бастамаларға негізделуі қажет.
Сондықтан, мемлекеттік ресурстар бұрынғы проспективасы жоқ өндірістен
қазіргі кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталуы қажет және жеке
инвестициялар экономикалық көтерілудің бастамасы мен тұрақтандырудың егізгі
кіліті болуы тиіс.

1 Кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік экономикалық алғы шарттары

Кәсіпкерлік қызметке талдау жасау оның жалпы экономикалық категория
ретінде ұзақ тарихы мен терең тамыры барын көрсетеді.Орта ғасырларда
кәсіпкер деген термин ,одан да бұрынғы антрепренер(антрепренер
француз сөзі делдалдық дегенді білдіреді екі мағынада қолданылады түрлі
мереке мен музыкалық көріністі ұйымдастырушы және ірі өндірістік енмесе
құрылыс жобаларын басқарушы. Көне тарих пен орта ғасыр ғалымдарында
кәсіпкерлік туралы оның индустриялық кезіне дейін қалай аталатынына
қарамастан ,еркше ой пікір болған.Алайда батыстың экономикалық теориясында
кәсіпкерлік мәселелеріне назар аударуи 18 ғасырдан басталды.Оны атақты
ғалымдар Р.Кантилонаның, А.Тюргоның, Ф.Кенэнің, А.Смиттің, Ж.Сэйдің
есімдерімен байланыстырады. Кәсіпкер терминының атасы белгілі ағылшын
экономисі Ричард Кантилон .Ол кәсіпкер деген нарық жағдайында әрекет
жасаған адамды айтқан.
Әлеуметтік экономикалық құбылыс ретінде кәсіпкерлік көптеген қоғадық
қатынастарды қамтиды. Мұның айталық, заң құқылық, психологиялық, тарихи
жақтары бар. Бірақ кәсіпкерліктің тамыры адам қызметінің экономикалық
жағдайларында жатыр.Кәсіпкерлік қатынастарды қараудың алғашқыт нүктесі
олардың субъектісі мен объектісін анықтау.
Кәсіпкерлік субъектісіне экономикалық қызметке қатысушы түрлі
мүшелер, алдымен жеке дара индивиттер, адамдар жатады. Олар бұл сапада жеке
дара өндірісті ұйымдастырудан көрінеді. Мұндай кәсіпкердің жұмысы өзінің
еңбек шығындарына немесе жалдамалы еңбекті қолдануға негізделеді. Соңғы
жағыдайда кәсіпкер жалдаушы болады. Кәсіпкер қызметті бір топ адамдар
жүргізу мүмкін, оларды байланыстырушы-міндетті шарттар мен экономикалық
мүдде. Мұндай кәсіпкерліктің түрі –ұжымдық, коллективтік деп аталады.
Ұжымдық кәсіпкерліктің субъектісі - әртүрлі ассоциациялар: акционерлік
қоғам коопиративтер және тағы басқалар. Жеке дара кәсіпкерлерге қарағанда
партнерлік бірлестіктер ірі көлемдегі мәсвелелерді шеше алады.
Мемлекеттік кәсіпорындар туралы ерекше айтқан жөн. Өйткені мемлекетте
кәсіпорындарының ұжымы өзінен-өзі кәсіпкерліктің субъектісі бола алмайды.
Бірақ егер қайта құрылыс болып, бұрынғы ұжымның орнына жаңа, айталық
арендаторлар ұйымы құрылса, онда соңғылары ұжымдық кәсіпкерліктің
субъектісі болады.
Кәсіпкерлік - бұл меншік формасына тәуелсіз, азаматтар мен заңды
тұлғалардың, таза кірісті, тауарларға деген сұранысты өз атынан, өз
тәуекелі мен өзінің мүліктік жауапкершілігі арқылы қанағаттандыру жолымен
алуға бағытталған белсенді қызметі.
Кәсіпкерлік пен нарық өзара тығыз байланысты. Нарықтық экономиканың
жалпы да қысқа анықтамасы еркін кәсіпкерлік экономика деген ұғымды
білдіреді.
Шынында да нарық кәсіп иесі мен ортасын, ал кәсіпкерлік нарық
қатынасының сипаттамасын көрсетеді. Кәсіпкерлік – азаматтардың өз атынан,
өз тәуекеліне, өз мүлік жауапкершілігіне, яғни пайда мен жеке кіріс алуға
бағытталған тәуелсіз қызметін керсетеді.
Мемлекеттік заң кәсіпкерлікке шаруашылық қызметтің барлық түрін,
сонымен қатар коммерциялық-делдалдық, сауда-саттық, инновациялық, кеңес
берушілік қызметтерді, құнды қағаздар операцияларын жүзеге асыруға рұқсат
береді. Кәсіпкерліктің алғашқы формасы жеке және ұжымдық кәсіпкерлердің
қызметі.
Жоғарыда келтірілген анықтамалар жеке табыс пен пайда табудағы
кәсіпкерліктің басты қасиеті мен белгісі болып табылады.
Кәсіпкерліктің негізгі қасиеті іс жүргізудің жеңіске жеткізер
қызметінің икемді де ыңғайлы жаңа түрлерін үздіксіз іздестіру, яғни өнімді,
технологияны, тауарды, тұтынушылар ортасын, бағаны экономикалық әрекет
ортасындағы өзгерістерге сәйкес өзгертеді. Кәсіпкер үшін тыныштықта тұрып
қалу жат қылық. Өз атына сәйкес ол іске асырылатын қызмет пайдасының көп
болуына, кем дегенде пайданың төмендемеуіне жағдай жасауы керек.
Сонымен, кәсіпкерлік дегеніміз – үздіксіз жаңалау ісі.

Кәсіпкерлік қызметтің сипаты.

Кәсіпкерлікті алдын-ала белгісіз, бұлыңғыр жағдайда, тәуекелмен
жүргізуге тура келеді. Бұл ұтылу қорқынышын туғызады. Дегенмен есеппен
жұмыс істеген кәсіпкер нәтижелі жетістікке жетеді. Алайда кәсіпкер
мемлекеттің бақылауымен жұмыс істейді.
Кәсіпкер арқылы кәсіпкерлік қызмет анықтамасы толық сипатталады.
Бекітілген заң бойынша Қазақстан Республикасының барлық азаматы заңды
негізде бекітілгендей еңбекке қабілетті деп шешілсе, кәсіпкер немесе
кәсіпкерлік қызметтің субъектісі бола алады.
Жеке кәсіпкерлікпен қатар ұжымдық кәсіпкерлікке де рұқсат етіледі.
Ұжымдық кәсіпкерлікке заңды түрде мүліктік негізделген азаматтар тобы
жатады.
Кәсіпкерліктің арнайы мәртебесі жеке мекеме ретінде қатысушыға
беріледі.
Кәсіпкер уақыт факторын есепке алу керек. Келісім жасау мерзімі қысқа
болған сайын кәсіпкер үшін оның тиімділігі соғұрлым жоғары болады. Бірақ та
ол тұтынушыға зиянын тигізбеу керек.
Кәсіпкерлік қызметтің мәні олар атқаратын қызмет арқылы ашылады:
- кәсіпкер – пайда алу мақсатында өндіріс факторларын тауар мен қызмет
өндірудің біріңғай процесіне қосу ұсынысын қарастырады;
- кәсіпкер - фирма қызметінің сипатын көрсететін, фирманың іс-
әрекетінің стратегиясын анықтаушы және оны жеңіске жеткізу жауапкершілігін
өзіне алатын өндірісті ұйымдастырушы;
- кәсіпкер - коммерциялық негізде жаңа өнімді, жаңа технологияны,
қызметті ұйымдастырудың жаңа тәсілін енгізуші жаңашыл;
- кәсіпкер - тәуекелден қорықпайтын және кәсіптік мақсатқа жетуге
ұмтылатын адам;
Бұл қызметтерді жетістікпен атқару үшін адам белгілі қабілеттерге:
белсенділікке, өз бетінше ойлау қабілетіне, шешім қабылдай білу қабілетіне,
мақсатқа жету жолында шыдамдылыққа, ұйымдастыру және ұжымды игеру
қабілетіне ие болуы керек.
Кәсіпкерлік қызметтің жалпы құрылымы мен оның түрлері. Кәсіпкерлік
өзінің негізгі белгілерімен, қасиеттерімен қатар кәсіпкерлік қызметтің
технологиясын жүзеге асырушы тәсіл де болып табылады. Оған істі жүзеге
асыру белгілі бір бағыттағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ МАҢЫЗЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ
Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау. Жеке кәсіпкерлік туралы заң
КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Шағын бизнес және оның құрылуы
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау
ОҚО-ның кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің Қазақстан \Республикасына индустриалық-инновациялық 2003-2015 жж даму стратегиясы
Оңүтістік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті мемлекеттік мекемесі туралы жалпы мәліметтер
Пәндер