Қазақ тілі сабағында қазіргі педагогикалық технологияны қолдану



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... .3

І Бастауыш сынып оқу.тәрбие үдерісінде педагогикалық технологияларды пайдаланудың педагогикалық шарттары ... ... ... ... ... ..5

1.1 Бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық іс.әрекетінің теориялық негіздері ... ... ... ... .5

1.2 Оқытудың тиімді инновациялық әдіс.тәсілдері мен педагогикалық технологиялары ... ...13

1.3 Бастауыш сыныпта педагогикалық технологиялардың педагогикалық шарттары ... ...29

ІІ Қазақ тілі сабағында қазіргі педагогикалық технологияларды жүзеге асыру әдістемесі

2.1 Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінің мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... .43

2.2 3.сыныпта қазақ тілін оқытуда педагогикалық технологияны жүзеге асыру әдістемесі...48

2.3 Бастауыш сыныптақазақ тілін оқытуда педагогикалық технологияларды жүзеге асырудың сипаттамалары (үлгілері) ... ... ... ... ... ...59

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... .64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ...66
Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық потенциялын дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен иновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»-деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді [1].
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты 28 қаңтар 2012ж. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының 7 бағытында «Білім беру жүйесін жаңғырту барысында оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу [2].
Мектеп тәжірибесінде жаңаша істеп, жаңашыл технологияларды өз іс-әрекетінде пайдаланып жүрген мұғалімдер бар. Бірақ, олардың пікірінше, жаңаша әдіс-тәсілдерді іс-жүзінде нәтижелі қолдану жолдарын, инновациялық процестерді бір жүйеге келтіріп, оның педагогикалық негіздерін анықтау, оларды білім беруді дамытудың негізгі факторларына айналдыру мәселелерін шешу қиындық тудырады.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде, мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетін ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.
Философиялық және педагогикалық әдебиеттерде инновациялық процестерді зерттеу барысында кейбір ғалымдар жаңалықтың жүйелілік, әрекеттік тұжырымдамасын ұсынады (Н.И.Лапин).
Одан кейін, педагогикалық инновациялардың теориялық-әдістемелік мәселелері Қ.А.Аймағанбетова [4], Өміртаева К. [5], С.Р.Рахметова [6], К.Ж.Сарыбеков [7], Нағымжанова Қ.М. [8], Т.Оспанов [9], Б.А.Тұрғынбаева [10], М.Е.Ералиева [11], Ж.Т.Қайыңбаев [12], Қ.Бұзаубақова [13], Д.Мұхамбетжанова [14], Г.Уәйсова [15] және т.б. ғалымдар еңбектерінен орын алады.
1 . "Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы /баптары бойынша түсіндірмелері/ және оны жүзеге асыру жөніндегі негізгі құжаттар. - Астана, 2000.
2. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты». // Егемен Қазақстан. 8 қаңтар 2012ж.
3. Қабдықайырұлы Қ. Болашақ жоғары білім мамандардың кәсіби қалыптасу траекториясын жобалау технологиясы. Алматы: (Б.ж.), 1999-42
3. Таубаева Ш.Т., Лактионова С.Н. Педагогическая инноватика
как теория и практика нововведений с системе образования:
научный фонд и перспективы развития. /Книга 1/-Алматы:
Научно-издательский центр "Ғылым", 2001. —С. 296.
4. Аймағамбетова Қ.А. 12 жылдық орта білім жүйесіне өтуге байланысты бастауыш сыныптарда білім беру ерекшеліктері. // Бастауыш мектеп. 2007. №
5. Өміртаева К. Деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту. // Қазақстан мектебі. -2001, №3, -33-35 бет..
6. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1992
7. Сарыбеков К.Ж.
8. Нағымжанова Қ.М. Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары. п.ғ.к. ғылым дәрежесін алу үшін диссертацияның автореферты.- Алматы, 2003. -9.
9. Оспанов Т.
10. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы. 2002.
11. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технологиялар. - Тараз: ТарМУ, 2003.
12. Уәйісова.Г.И, Жұмабаева.Ә.Е. Қазак тілін оқыту әдістемесі. Алматы, 1999ж.
13. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологий. – М.: Педагогика, 1989. - С. 192.
14. Занков. Л.В. Дидактика и жизнь.-М. 1968. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии.Учебное пособие для педагогических вузов и институтов повышения квалификации.М. Народное образование.1988. 255 с.
15. Монахов В.М. Технологические основы проектирования и
конструирования учебного процесса. - Волгоград: Перемена, 1995.
16. Лысенкова С.Н. Методом опережающего обучения. -М.: Просвещение, 1988.
17. Әбуов Ә.Е. Мектептің оқу үрдісінде иновациялық білім беру
технологияларын пайдаланудың педагогикалық шарттары. Пед. ғыл. канд... Астана, 2005-536.
18. Эльконин Д.Б. Избранные психологические труды. В.2т. -М. 1980
19. П.М.Эрднеевтің
20. Караев Ж., Қуанбаева Б. Жетілдірілген педагогикалық жүйені жобалаудың дидактикалық шарттары. Ізденіс. -2004. №1. -233 б.
21.Таубаева Ш.Т. // Оқытудың казіргі технологиялары. Бастауыш
мектеп. 1999, №3, 2-К бб.

22. Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы, оқушыны дамыту құралы ретінде. Алматы, 2002-180 б.
23. Кларин М.В. Инновации в мировой педагогике: обучение на основе исследования, игр, дискуссий. Рига: НПЦ "Эксперимент". -1995.-176 с.
24. Көшімбетова С.А. Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдалану жолдары. // Ізденіс. —2004. №2. -262 б.
25.Селевко Г.К. Современные образовательные технологии.
Учебное пособие для педагогических вузов иинститутов
повышения квалификации. —М. Народное образование. —1988. -255 с.
26. Өмірова О.С. Бастауыш сыныптарда оқытудың жаңа технологиясын пайдалану жолдары, Алматы, 2008. - 116 б.
33. Бабанский К.С. Методические основы оптимизации учебно-воспитательного процесса. — М.: Педагогика, 1982.
34. Библер В.С. Мышление как творчество. М.: Политиздат, 1975,
35. Сластенин В.А. Педагогика. Учебное пособие для педвузов под ред. Сластенина В.А. – М., Академия, 2002. -367 с.
36. Эльконин Д.Б. Психология обучения младшего школьника. -М.: Знания, 1974.
37. Амонашвили Ш.А. Воспитательная и образовательная функция оценки учения школьников. - М., 1984.
- Амонашвили Ш.А. Здраствуйте дети! - М.: Просвещение, 1983.
- Чошаков М.А. Гибкая технология проблемно-модульного обучения: Методическое пособие. — М.: Народное образование, 1996.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Қазақ тілі сабағында қазіргі педагогикалық технологияны қолдану

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

050102 – мамандығы - Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Түркістан - 2012

Қазастан республикасы БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Қорғауға жіберілді
Бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі
кафедрасының меңгерушісі,
п.ғ.к., доцент м.а.


2012 ж.

050102 –- Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы׃ Қазақ тілі сабағында қазіргі педагогикалық технологияны қолдану

Орындаған:
Ғылыми жетекшісі,
п.ғ.к., доцент

Түркістан - 2012

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І Бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісінде педагогикалық технологияларды
пайдаланудың педагогикалық шарттары ... ... ... ... ... ..5

1.1 Бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетінің теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..5

1.2 Оқытудың тиімді инновациялық әдіс-тәсілдері мен педагогикалық
технологиялары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

1.3 Бастауыш сыныпта педагогикалық технологиялардың педагогикалық
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

ІІ Қазақ тілі сабағында қазіргі педагогикалық технологияларды жүзеге
асыру әдістемесі

2.1 Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінің
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... .43

2.2 3-сыныпта қазақ тілін оқытуда педагогикалық технологияны жүзеге
асыру
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .48

2.3 Бастауыш сыныптақазақ тілін оқытуда педагогикалық технологияларды
жүзеге асырудың сипаттамалары (үлгілері) ... ... ... ... ... ...59

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 66

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы
өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын
көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық потенциялын
дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: Білім беру жүйесінің
басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен
практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа
технологиясы мен иновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді
ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу-деп
білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді [1].
Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты
атты 28 қаңтар 2012ж. Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының 7 бағытында Білім беру
жүйесін жаңғырту барысында оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен
технологияларды енгізу [2].
Мектеп тәжірибесінде жаңаша істеп, жаңашыл технологияларды өз іс-
әрекетінде пайдаланып жүрген мұғалімдер бар. Бірақ, олардың пікірінше,
жаңаша әдіс-тәсілдерді іс-жүзінде нәтижелі қолдану жолдарын, инновациялық
процестерді бір жүйеге келтіріп, оның педагогикалық негіздерін анықтау,
оларды білім беруді дамытудың негізгі факторларына айналдыру мәселелерін
шешу қиындық тудырады.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде, мұғалімдердің
инновациялық іс-әрекетін ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды
мәселелердің бірі.
Философиялық және педагогикалық әдебиеттерде инновациялық процестерді
зерттеу барысында кейбір ғалымдар жаңалықтың жүйелілік, әрекеттік
тұжырымдамасын ұсынады (Н.И.Лапин).
Одан кейін, педагогикалық инновациялардың теориялық-әдістемелік
мәселелері Қ.А.Аймағанбетова [4], Өміртаева К. [5], С.Р.Рахметова [6],
К.Ж.Сарыбеков [7], Нағымжанова Қ.М. [8], Т.Оспанов [9], Б.А.Тұрғынбаева
[10], М.Е.Ералиева [11], Ж.Т.Қайыңбаев [12], Қ.Бұзаубақова [13],
Д.Мұхамбетжанова [14], Г.Уәйсова [15] және т.б. ғалымдар еңбектерінен орын
алады.
Кеңестік дәуірдегі Ресей ғалымдары оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру
мақсатында педагогикалық технологияларды ұсынған В.П.Беспалько [16],
Л.В.Занковтың [17], В.М.Монаховтың [18], С.Н.Лысенкованың [19], Ә.Е.Әбуов
[20], Д.Б.Элькониннің [21], П.М.Эрднеевтің [22] және т.б ғылыми тұрғыдан
практикалық мәні зор еңбектерінің біздің жұмысымызда басшылыққа алынады.
Педагогикалық технологияларды білім беру саласында пайдаланудың әдіс-
тәсілдері, шарттары, дидактикалық-әдістемелік негіздері В.П.Беспалько,
Ж.А.Қараев [23], Ш.Таубаева [24], М.Жанпейісова [25], М.В.Кларин [26],
С.А.Көшімбетова [27], Қ.Қабдықайырұлы [2], Г.К.Селевко [28], О.С.Өмірова
[29] т.б. ғалымдардың зерттеу еңбектерінің арқауы болды.
Біз жоғарыдағы аталған еңбектерге талдау жасай отырып бүгінгі таңда
жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үдерісіне ендіру мәселесінің
ғылыми-теориялық тұрғыда әлі де шешімін таппай отырғандығын анықтадық.
Білім беру жүйесін және оның құрамының өзгеруін қажет ететін ескі мен
жаңаның арасындағы білім беру жүйесіндегі қайшылықтардың, педагогикалық
қауымның жаңаны игерудегі мүмкіндіктері мен шынайы жағдайының арасындағы
қарама-қайшылықтар бар екені анық байқалады. Осы қайшылықтардың шешімін
іздестіру біздің зерттеу мәселемізді айқындауға және тақырыпты: Қазақ
тілі сабағында қазіргі педагогикалық технологияны қолдану деп таңдауымызға
негіз болды.
Зерттеу мақсаты: Қазіргі бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісіне
инновациялық технологияларды ендіру мазмұнын теориялық тұрғыда негіздеу.
Зерттеу нысаны: Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеудің міндеттері:
- Жаңа педагогикалық технологиялардың мазмұнына теориялық тұрғыдан талдау
жасау;
- Оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық технологияларды ендірудің моделін
жасау;
- Бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық технологияларды ендіру
тәжірибелік жұмыстар;
Зерттеу пәні: Қазіргі бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық
технологияларды ендіру.
Дипломдық жұмыстың құрылымы:
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, нысаны, пәні,
міндеттері, практикалық мәні мазмұндалды.
“Бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісінде оқытудың педагогикалық
технологияларды пайдаланудың педагогикалық шарттары” атты бірінші тарауда
отандық және алыс-жақын шетелдік педагог ғалымдардың ғылыми зерттеу
еңбектеріне талдау жасай отырып, “инновация”, “технология”, “жаңа
технология” және т.б ұғымдардың мазмұны мен мәніне ғылыми теориялық тұрғыда
мазмұндық сипаттамалар жасалынды. Сонымен қатар, оқытудың мәні мен тиімді
әдістері, педагогикалық технология түрлері жан-жақты ашылып, оқу тәрбие
үдерісіне пайдаланудың педагогикалық теорияның негіздері айқындалды.
“Қазақ тілі сабағында қазіргі педагогикалық технологияларды жүзеге
асыру әдістемесі” атты екінші бөлімде оқытудың инновациялык әдіс-тәсілдер,
дамыта оқыту, деңгейлеп оқыту технологиялары жан-жақты ашылып, оларды
пайдалану, қолдану әдіс-тәсілдері, жолдары көрсетілді.
Қорытындыда, болжамды дәлелдейтін зерттеудің негізгі нәтижелері мен
тұжырымдары мазмұндалды, және қарастырып отырған мәселенің келешекте
зерделенетін бағыттары айқындалды.

1. Бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісінде оқытудың педагогикалық
технологияларды пайдаланудың педагогикалық шарттары

1.1 Бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетінің теориялық
негіздері

Қазіргі уақытта орын алып отырған еліміздегі ғылыми-техникалық даму
мен жаңару процестері, барлық салалардағы өзгерістер мен үдерістер
адамзаттан үлкен шығармашылық ізденісті, терең білімділікті, еңбекті,
кәсіби даярлықты, белсенділікті, яғни жан-жақты дамыған тұлға болуды талап
етеді. Яғни, бүгінгі күн талабы-болашақ маман иелерінен жоғарғы оқу орнында
білім алу барысында тек дайын білімдерді меңгеріп, мәлімет, ақпараттарды
ғана біліп қоймай, сол бойына сіңірген білімдерін қоғамда, өмірде тиімді
етіп қолдана отырып, шығармашылық тұрғыдан өз болмысын таныта алатын
дәрежедегі мамандыр даярлау міндеті.
Қазақстан Республикасының Президентінің “Қазақстан-2030” Қазақстан
халқына арнаған жолдауында айтылғандай, барша қазақстандықтардың алдында
тұрған басты міндет - Қазақстанды бәсекеге қабілетті, дамыған елу елдің
қатарына қосу. Ол үшін еңбектің қай саласынан болмасын мемлекет
қызметкерлерінің еліміз үшін аянбай адал еңбек етіп, өз үлестерін қосуы
маңызды [30].
Сондай-ақ елбасымыздың 2001 жылдың 2 ақпанында өткен білім және ғылым
қызметкерлерінің съезінде баршаға білім беру моделінен, таңдауы бойынша
білім беру моделіне көшу деп атап өтуі педагог мамандарына да аса жауапты
міндет қойды [31].
Сонымен қатар Н.Назарбаевтың 2008 жылғы ақпан айындағы халыққа
жолдауында білім беру саласының басты міндеті ретінде 2010 жылға дейінгі
білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып,
сапалы қызмет көрсету аясын кеңейтуді айтады. Білім және ғылым
министрлігіне 3 жылдың ішінде заманға сай білім алуға және озық
технологияларды игеруге мүмкіндік берудің тиімді инфрақұрылымын жасауды
тапсырады [32].
Жоғары білімді, өз кәсібінің шебері мамандарын даярлау мәселесі
әрқашанда өзекті болып келеді. Кез-келген мемлекеттің дамуына негіз
болатын басты тұлға-мұғалім болып табылады. Сондықтан да ғылым мен білім
беру, тәрбиелеу мекемелерінің алдына қойылып отырған басты міндет-білікті,
кәсіби тұрғыдан дамыған, шығармашыл мұғалім кадрларын даярлау. Қазіргі
кездегі қоғам, мемлекет, білім ордалары жоғары білімді мамандарды ғана
емес, қажетті білімдер қорын меңгергенімен қатар, жаңа педагогикалық
технологияларды меңгерген, жаңашыл бағыттағы, шығармашылық тұрғыдан
дамыған, кәсіпқой мамандарды талап етеді. Мұғалім үнемі ақпараттарды
іздестіру, талдау, сараптау, игеріп, қолдануы маңызды. әр уақытта да білім
беруді жетілдіру, мұғалімдер даярлығының сапасын жақсарту өзекті мәселе
болып саналады. Осы тұрғыдан озат тәжірибелерді кеңінен қолданып қараудың
маңызы зор. Себебі, педагогикалық озат тәжірибелерді зерттеу, жинақтау,
таратудың салдары мұғалімдердің шығармашылығының жемісі бола алады.
Инновациялық технологиялар, субъект-субъект жүйсін балаға өз
бетінше ойлай білуге, сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауына ықпал етеді.
Қарым-қатынас жасау барысында оқушылар жоспарлауға, мақсат қоя білуге,
қойылған мақсат міндеттерді жүзеге асырып қорытынды жасай білуге
дағдыланады. Міне, осындай жүйелер арқылы өзіндік даму жүзеге асды. Соның
негізінде өзіндік талдау, жинақтау, өзіндік бағыт беру, өзіндік тәрбие,
білім алу жүйесі қалыптасады, яғни жеке тұлғаның барлық қасиеттерінің
дамуына бағытталады.
Бүгінгі таңда жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың
білімін, білігі мен дағдысы емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын
қойып отыр. Сондықтан да қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір
ерекшелігі – баланың тұлғлық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологиясын
шығаруға ұмтылуы.
Инновациялық іс-әрекеттің түрлі аспектілерін, білім берудің мазмұнын
дамыту, инновацияны енгізу мәселелерін Ю.К.Бабанский [33], В.С.Библер [34],
Ю.С.Гермунский, В.С.Лазарев, А.И.Пригожин, Л.С.Сластенин, В.П.Кваша,
Д.В.Чернишевский және т.б. қарастырған. Осы ғалымдардың пікірінше,
инновациялық процестердің маңызды міндеттерінің бірі жаңашыл педагогикалық
идеяларды негіздеу және оларды практикада қолдану процесіне басшылық жасау
болып табылады [2,3].
Бүгінгі таңда П.Э.Эрднеевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру
технологиясы, Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы,
Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы, В.Ф.Шаталовтың оқыту
материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту
технологиясы, М.Чошановтың проблемалық модельді оқыту техологиясы,
П.И.Третьяновтың, К.Вазинаның модельді оқыту технологиясы, В.М.Монаховтың,
В.П.Беспальконың және т.б. ғалымдардың технологиялары кеңінен таралған
[4,5,6,7,8,9,10].
Қазақстанда Ж.А.Қараевтың, Ә.Жүнісбековтың, Ш.Т.Таубаеваның,
Қ.Қ.Қабдықайыровтың, С.Н.Лактионаваның, Қ.М.Нағымжанованың,
М.М.Жанпейісованың және т.б ғалымдардың ұсынған оқытудың жаңа
технологиялары оқу үдерісінде белсенді түрде қолданылуда [11,12,13,14].
Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық іс-әрекетінің теориялық
негіздерін қарастыруды бастамас бұрын, біз инновацияның педагогика
ғылымында қаншалықты мәні барын және әлеуметтік педагогикалық алғы
шарттарын қарастырғанды жөн көрдік.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді зерттеу барысында инновация ұғымы
ең алғаш ХІХ ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеулерінен пайда болғанын,
яғни бір ел мәдениет элементтерін екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді
білдіреді және бұл ұғым этнографияда әлі күнге дейін сақталған дегенді
көрдік.
Инновация термині педагогика теориясы мен практикасында кеңінен
қолданылуда. Бірақ бұл терминнің белгілі бір педагогикалық категория
ретінде әлі де қалыптасу үстінде екені анық. Сондықтанда біз инновация
ұғымын толық пайымдау үшін, оның тарихи даму жолдарына шолу жасаймыз.
Инновация (латын сөзі in-b, novis-жаңа) жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді
білдіреді екен. Инновация ұғымын әр елде әртүрлі түсінген, кейбір
мемлекеттерде (АҚШ, Нидерланд) бұл термин кеңінен таралған, ол Арабия,
Жапония тәріздес мемлекеттерде инновация ұғымын сөздіктерде кездестіру
мүмкін емес. Сондықтан әр елде бұл құбылысқа қандай көзқарас қалыптасқанын
анықтау мақсатымен ғылыми-педагогикалық, техникалық, саяси әдебиеттерді,
баспа беттерін зерттей келе шет елдерде, Ресейде, ТМД елдерінде, Қазақстан
мемлекетінде инновация ұғымына берілген анықтамаларды жинадық.
Француз ғалымы Э. Брансуик жаңалықтың үш түрін көрсетеді:
1. Білім беру жүйесіндегі толғымен жаңа бұрын мүлде белгісіз болған
идеялармен іс-әрекеттер болады. Ондай мүлде жаңа және түпнұсқа идеялар
өте аз.
2. Ең көп кездесетін бейімделуден өткен, кеңейтілген және қайта өңделген,
белгілі ортада, белгілі кезеңде өте қажетті идеялармен іс-әрекеттер.
3. Педагогикалық жаңалықтар мынандай жағдайда дүниеге келеді: мақсатты
қайта қоюға байланысты бұрын болған істер қайта жаңарады. Өйткені жаңа
жағдайлар бұлардың нәтижесін және белгілі жағымды идеялардың
нәтижелеріне келу болады,-деген түрлерін ұсынды.
Поляк ғалымдары инновацияны жан-жақты зерттеуіне байланысты Польшада
инновациялық процестерді зерттейтін Педагогикалық зерттеулер институтында
арнайы лабаратория жұмыс істейді.
Оқу ағарту ісіндегі мектеп мәселелерін зерттейтін Югославия институты
соңғы жылдары инновация мәселесіне көп көңіл аударған. Ондағы ғалымдар:
Инновация дегеніміз-білім беру мен тәрбиелеу технологиясын дамыту және
жақсарту мақсатында жүзеге асатын нақтылы сапалы өзгерістер. Бірақ бұл
өзгерістерде жаңа идея болмауы да мүмкін, бұрын кейбір жерлерде қолданылып
анықталса да, қазіргі жаңа жағдайда, жаңа ортада олар оңды нәтиже берсе, ол
инновация деп есептеледі, -дейді.
Ал, белгілі ғалым Ш.Т Таубаева: Югославия ғалымдарының келтірген
үлгілерінен жаңалықты оқыту формасынан, әдістемесіне білім беру
құралдарына, оқыту мазмұнына, алған білімді бағалауына, білім беру мақсаты
мен міндетіне, тәрбие жүйесіне, мұғалім мен оқушы қатысына байланысты
жіктеуге болатындығын айқын көруге болады,-деп көрсетеді [15].
В.П.Беспалько өзінің еңбектерінде инновация мен өзгеріс арасындағы
айырмашылықты тапқан. Ол инновация мен өзгеріс ұғымдары синондимдік
қатынаста қарастырады. Егер бұл өзгеріс бүкіл мектепке жайылса оны
инновация деуге болады. Бірақ кез-келген өзгерісті инновация деп тағы
айта алмаймыз. Сондықтан инновация болуы үшін алдын-ала қойылған мақсаттың
оңды нәтижесін, жемісін көру қажет [16].
Ресейде инновация сөзіне күдікпен қараған. ХХ-ғасыр басындағы бірде-
бір білім реформаларында бұл термин кезікпейді.
ХХ-ғ 80-жылдарында, педагог-навоторлар ісіне қоғамдық қызығушылық
толқыны жүріп жатса да, инновация термині әдебиет беттерінде кезікпейді.
Әуелі навоторлық істің ұйымдастырушысы Учительская газеті басылымдарында
жаңа ұғымға анықтама берілмеген.
С.В Ожеговтың сөздігінде жаңа ұғымына үш түрлі анықтама берген:
1. Бірінші рет шыққан, жасалған немесе жаңадан пайда болған.
2. Бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған нәрсе.
3. Бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық.
Кез келген қоғам білім беруге тұлғаның қандай болып қалыптасуын қажет
етеді, қалай тәрбие беру керек екендігіне сұраныс жасайды.
Осыған байланысты білім берудегі дәстүрлі мен жаңаның арасындағы
байланысты дәстүрлінің қандай түрлерін сақтау, дамыту керек және қазіргі
білім беру жүйесіне қалай тасымалдау керектігіне талдау жасау қажеттігін
Қ.М Нағымжанова атап көрсеткен [17].
Бірақта дәстүрлінің жай ғана өткенді ұдайы өндіруші ретінде қаралмауы
керек екенін ұмытпаған жөн.
Дәстүрлі мен қазіргінің арасында жаңаның баспалдағы объективті түрде
пайда болатын өмір диалектикасының заңдылығы жоқтан бар пайда болатыны
сияқты, жаңа бұл дәстүрліден келіп туады. Б.Т. Лихочев: Қазіргі тек жаңаны
ғана немесе бүгін пайда болған құбылыстарды бейнелемейді, жаңа-дәстүрлі мен
қазіргінің аралығында пайда болады, - дейді [18].
Дәстүрлі категориясының өзара байланысты үш кезеңі бар: сақтап
жеткізу, ізбасушылық, дамыту. Дәстүрлі мәдениет-бұл тарихи дамытушы
мәдениет. Дәстүрлінің даму процесі-жаңаға өту.
Осының арқасында тарихи кезеңдеткенге таным қызығушылығына
қанағаттанушылық қана тудырып қоймай жас ұрпақтың маңызды қажеттіліктерін
өтейді.
Бірақ мұның барлығы жаңаның өзі кездейсоқ емес, дәстүрлінің ықпалында
болуы қажет. Қазірде біздіңше, дәстүрлі мен жаңаның синтезі. Осыдан келіп,
инновация мен жаңаның арасындағы айырмашылық қандай деген заңды сұрақ
туады.
Инновация дегеніміз - жаңа мазмұнды ұйымдастыру. Ал жаңалық енгізу
дегеніміз - тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру яғни, инновациялық
процесті мазмұнды дамыту, жаңаны ұйымдастыру, қалыптастыруды анықтайды. Ал
жаңаша деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын
қамтитын құбылыстын түсінеміз.
Демек, көптеген ғылыми-педагогикалық еңбектерде инновация ұғымы білім
беру жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарату іс-
әрекеті деп сипаттайды екен.
Сондықтан, ғалымдар инновация деген ұғымды білім беру ісіне тұрақты
жаңа элементтер кіргізетін жүйенің бір жағдайдан екінші жағдайына көшуіне
апаратын жаңалық, жаңадан кіргізілетін әрекет деп түсіндіреді.
П.Шедровский: инновацияны ойлау мен әрекет етудің ерекше бір түрі
ретінде білім беру саласында кадрларды даярлауды ұйымдастырудың ерекше бір
түрі,-деп түсіндіреді.
Бұл автордың ойын ары қарай дамыта, тереңдете отырып ғалымдарымыз Д.В
Тотьянченко С.Г Варобщикова: инновация дегеніміз білім беру процесін
өзгертуге бағытталған педагогикалық жаңалық енгізу, ол жаңалық енгізу-
мәселелерді тиімді жолмен шешу үшін қажет,-дейді және ол мәдениетті
төмендегідей екі талапты көрсетеді. Олар:
- Инновацияның қиын мәселені шешуде туындайтын ерекше бір қажет идея
ретінде қарастыру.
- Инновация мектеп жұмысын жоғары сатыға көтеруге бағыттау.
Біздің ойымызша инновация дегеніміз-белгілі бір дәрежеде бейімделуден
өткен жаңа идеялар жаңа жағдайда қолданылса, олар инновация.
Белгілі ғалымдар С.Д.Поляков пен Ю.К.Бабанский зерттеулеріндегі
педагогикалық инновацияның маңызды мәселелері, жаңалықтардың жіктелуі,
педагогикалық инновацияның даму ерекшеліктерін анықтау, білім беру
жүйесіндегі инновация теориясын жасау, инновацияны ұйымдастыру, басқару
жүйесін қалыптастыруға арналған.
Ғалымдар қорытындылары төмедегідей негізде:
- алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе және шығармашылық пен қызмет
етуші ұзтаздар қызметінің теориясына сүйеніп, осының негізінде зерттеудің
бірізділігін айқындау;
- педагогика теориясының жалпы қағидаларымен оқыту әдістемелерінің
негізгі мәселелеріне-жаңалық пен және оның педагогикалық ақиқатын өзгерту
мәселесі;
- педагогикалық инновацияның отандық педагогикаға келу тарихын, оның
негізгі көздерін және әр тарихи кезеңдегі шығу тегінің ерекшеліктерін,
олардың байланысын, қалыптасу ерекшеліктерін қарастырады.
Қазақстан мемлекетінде инновация ұғымын пайдалану соңғы 10-15 жылға
жатады. Ең алғаш инновация ұғымы қазақ тілінде анықтаған ғалым, профессор
Немеребай Нұрақметов. Ол; инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз
білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға
байланысты бір бөлік қызметі.
Инновациялық негізін құраушы ұғымдардың-инновация, нововедения,
новшество, новое, т.б қазақша аудармаларын жасаған Ы.Алтынсарин
атындағы білім проблемаларын ғылыми зерттеу институты әдіскері
К.Құдайбергенова болып табылады. Өз еңбектерінде инновацияны-нақты
қойылған мақсатқа сай салынған жаңа нәтиже деп есептеп, төмендегідей
аудармалар жасаған: инновация-жаңарту, нововедения-енген жаңалық,
новое-жаңа, новшество-жаңалық, инновационый процесс- жаңарту үрдісі.
Жоғарыдағы мағлұматтарды бір жүйеге келтірсек төмендегідей қорытынды
шығаруға болады:
Инновация ұғымын ғалымдар әртүлі түсінеді екен.
1) Жаңалық, жаңаны енгізу, жаңарту үрдісі.
2) Өзгеріс.
3) Құрал, әдіс.
Инновация ұғымын анықтайтын нақтылы анықтама әлі де жасалмаған.
Дегенмен инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызды.
Кейінгі кезеңде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарды
енгізіп, тарату мәселесін қарастырады. Автордың көбі пелагогикалық
инновация негізгі міндеті енгізіліп отырған жаңалықтарды топтау, жіктеу деп
санайды. Ол үшін ең бастысы мектеп жұмысын дамытудың аймағын қарастыру
керек дейді. Енегізіліп отырған жаңа әдістеменің ерекше жағын көре білу,
түсіне білу және оның басқа әдістемелерімен қандай байланыста екенін білу
керек.
Қазіргі Республикамыздың оқу орындары, педагогикалық ұжымдары
ұсынылып отырған түрлі технологияларға байланысты өздерінің қалауына сәйкес
кез-келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім
берудің әр түрлі нұсқаудағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге
негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі оқыту
технологияларын оқыту мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық
ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы өте зор.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше
сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияларды меңгеру
мұғалімнің интелектулдық, кәсіптік, адамгершілік-рухани, адамзаттың және
көптеген адами келбеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі
дамытып, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі
кезде педагогикалық технология ұғымы біздің лексикологиямызға еніп келеді.
Дегенмен, оның мән-мағынасы жайлы соңғы он жылдықта белгілі болып келген
көптеген анықтамалар бар:
- Технология қандайда болсын істе, өнерде қолданылатын тәсілдердің
жиынтығы (орыс тілінің түсіндірме сөздігі).
- Технология-бұл өнер, шеберлік, ептілік, өңдеу тәсілдерінің жиынтығы,
қалыпты өзгерту (Л.В.Занков) [19].
- Оқыту технологиясы – дидактикалық жүйенің құрамдас бөлігі
(М.Чошанов).
-Педагогикалық технология-әлеументтендіру мен оқудың түрлерін,
әдістерін, құралдарын, тәсілдерін үйлестіретін тәрбиелеу амалдарын
анықтайтын психологиялық-педагогикалық құрылымдардың жиынтығы: ол
педагогикалық үдерістің құралы болып табылады (Г.К.Селевко) [20].
- Педагогикалық технология – оқу үдерісін іске асырудың мағыналы
техникасы (В.П.Беспалько ). [21].
- Педагогикалық технология – оқушы мен оқытушының толық жабдықталған
шарттарын қамтамасыз ететін оқу үдерісін жобалау, ұйымдастыру және өткізу,
сондай-ақ, бірлескен педагогикалық іс-қимылдарының жан-жақты ойластырылған
сұлбасы (В.М.Монахов) [22].
- Педагогикалық технология – білім ұсыну түрлерін оңтайластыруды
өзінің тапсырмасы ретінде қарастыратын техникалық және адами қорларды
есепке ала отырып, өзара бірлескен білімді меңгеру мен оқудың барлық
үдерісін анықтау, қолдану, құру тәсілдерінің жүйесі (ЮНЕСКО)
- Педагогикалық технология-педагогикалық мақсатқа жету үшін
қолданылатын барлық жеке тұлғалық, құралдық, әдістемелік тәсілдердің жүйелі
жиынтығы мен ретті жұмыс істеу жобасы (М.В.Кларин) [23].
- Педагогикалық технология-озат авторлардың барлық анықтамаларының
мәнін өз бойына сіңірген мағыналы қортындысы .
Оқу технологиясы түсінігі бүгінгі таңда дәстүрлі педагогика
тарапынан жалпылай қабылданбаған. ЮНЕСКО құжаттарында оқу технологиясы
тәлім-тәрбие формаларын ыңғайластыруды өз міндетіне алып, техникалық және
адамдық мүмкіндіктер мен олардың әрекеттестігін ескерумен жүргізілетін
білім ұсыну және оны игеру үдерісін қарастыру, қолдану мен анықтап берудің
жүйелі әдісі ретінде қарастырылады.
Бір тараптан оқу технологиясы бұл-оқу ақпараттарын өңдеу, жүзеге
шығару, өзгеріске келтіру мен оқушыларға ұсыну әдістерімен құралдарының
жиынтығы, екіншіден-бұл техникалық әлде ақпараттық құралдарды қолданумен
жүргізілетін оқу-тәрбие үдерісінде оқытушының оқушыға ықпал ету әдістері
жөніндегі ғылым, оқу-тәрбие мазмұны, әдістері мен жабдықтары. Педагогикалық
технологияда бір-бірімен өзара байланысты, себебті шарттасқан әрекетке
келеді. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігін бағдарламаға сәйкес және тәлім-
тәрбие міндеттері белгіленген қажетті мазмұнды іріктеп, өнімді әдістер мен
құрал жабдықтарды қолдана білу арқылы жоғары нәтижелерге қол жеткізумен
көрінеді, тәлім-тәрбие технологиясы жүйелі категория осыдан оның
құрылымында келесі бірліктер болатынын естен шығармауымыз керек:
- Тәрбие және оқу мақсаттары
- Оқу мазмұны
- Педагогикалық өзара ықпал, әсер жасау құралдары
- Тәрбие және оқу үдерісін ұйымдастыру
- Оқушы, мұғалім
- Іс-әрекет нәтижесі
Педагогикалық технология ұғымы үш жоба күйінде іске асуы мүмкін:
- ғылыми
- әрекеттік – сипаттама
- әрекеттік – іскерлік
Сонымен, педагогикалық технология тәрбие мен оқудың аса пайдалы
жолдарын зерттейтін ғылым. Сондай-ақ оқу барысында қолданылатын тәсілдер,
принциптер реттеу тетіктерінің жүйесі әрі нақты оқу-тәрбие үдерісі ретінде
қызмет жасайды.
Педагогикалық технологияның қай-қайсысы да қандай да бір
философиялық тұғырға негізделеді. Философиялық қағида, ережелер, тәлім-
тәрбиелік технологияларды әдіснамалық қамсыздандыру құрамындағы барынша
жалпыланған реттеу, түзету тетіктері санатында иеленеді. Тәлім-тәрбиенің
жалпы мазмұнында да, жекеленген пән мазмұнында да философиялық бағыт,
көзқарас алғы шарт. Алайда, көп жағдайда олардың идеологиялық бағыттары
сан қилы. Сипат алып, өзара қайшылыққа түсіп жатады. Осыдан мектеп тәлім-
тәрбиесінің мазмұны дүниенің тұтастай бейнесіне сай келмей, ортақ
философиялық негізде құрастырылмай жатыр.
Қазіргі заманғы әлемдік педагогикалық технологиялар негізінде сан
қилы философиялық бағыттар мен ғылыми мектептер арасында жиі кезігетіндері
төмендегілер:
- материализм және идеализм
- диалектика және метафизика
- сцентизм және табиғи сәйкестік
- гумагизм және антигуманизм
- атропософия және теософия
- прагматизм және эксизтенциализм
Педагогикалық технологияның дерек көздеріне педагогикалық,
психологиялық және әлеуметтік-ғылымдар, озат педагогикалық тәжірибе,
халықтық педагогика, сондай-ақ өткен жылдары отандық және шет елдік
педагогика топтаған баршаға ұтымды идеялар мен ғылыми ұсыныс,
тұжырымдамалар кіреді.
Педагогикалық технология ұғымы оқу әдістемесі ұғымынан әлдеқайда
кең. Технология тәлім-тәрбие мақсаттарына қалай ең жоғары тиімділікпен қол
жеткізуге болады және сол үдерісті басқарудың жолы қандай? деген сұраққа
жауап іздейді. Технология алдын ала жоспарланған тәрбие үдерісін бірізді
жүзеге асыруға бағытталған.
Педагогикалық технологияны жоспарлау үшін нақты жағдайда тиімді
болатын педагогикалық технологиялар жүйесінің таңдастыра білу қажет. Ол
тұлғаның дара ерекшеліктерін зерттей отырып, оқушылардың дамудың жас
кезеңдерімен олардың дайындық деңгейіне сәйкес іс-әрекет түрлерін іріктеп
баруды талап етеді.
Педагогикалық технологияларды таңдастырудың көкейкестілігі.
XX- ғасырдың 90-жылдарының басынан елде туындаған экономикалық
дағдарыс, оның салдары – жұмыссыздық бүкіл халықты аласапыранға түсірді.
Мектептер жабылды. Отбасының ересек мүшелері нан табу күйбеңімен отырған
жерінен безіп кетті. Балалар беталдына қараусыз қалды, олардың тәрбиесімен
шұғылданатын әлеуметтік мекемелер қауқарсыз халде болды. 2005 жылы қазан
айында хабар телеарнасы таратқан бір мәлімет бойынша, Қостанай қаласында
оқу жасындағы балалардың 80% мектепке қатынамайтыны жария етілді. Ал
мектепке қатынамаған бала не істейді. Ол белгілі Семей қаласындағы 2007 ж.
басынан бері жасөспірімдердің жасаған 46 қылмысы тіркелген. Бұл көрсеткіш
өткен жылмен салыстырғанда 13,5 пайызға артық (түркістангазеті, 19
сәуір,, 2007ж) [24].
Қоғамдағы осы жағдайды ескере отырып, бүгінгі және бұдан былайғы
тәлім-тәрбиені жүргізуге қай технологияны пайдалану қажет деген мәселе
туындайды.
Және бір көңіл бөлетін жағдаят – оқушылардың оқу материялық игеру
мүмкіндіктері деңгейі мен мектептерде қолданылатын педагогикалық
технологиялар арасындағы алшақтықтың үздіксіз ұлғаюы. Зеттеулер
көрсеткендей , жалпы орта білім беретін мектептерде істейтін мұғалімдердің
20-30 % кәсіби – шығармашыл дәрежеде өзінің педагогикалық қызметті атқарса,
қалған ұстаздардың , әсіресе ауылдық жерлерде педагогикалық теория мен
технологиялардан хабары күңгірт. Нәтижеде, мектеп түлектерінің ана тілі
грамматикасынан сауаты болмашы, көркем әдебиетті мүлде оқымайды,
жаратылыстанудың бүгінгі таңдағы тұжырымдамаларынан бейхабар, әлемдік
биофизиканы білмейді.
ЮНЕСКО – ның ресми мәліметтеріне сүйенсек, кешегі кеңестік ел жоспары
өздерінің зерделілік деңгейі бойынша БҰҰ елдері арасында бір уақыттарда 2-3
орында болса, соңғы 40 жылда 52-55 орындарға төмендеп кеткен. Бүгінгі күнде
сол жастарымыз ел тұтқасын иелеп, болашағымызды тәрбиелеуде. Мұндай
тәрбиеден шыққан ендігі ұрпақ не болмақ, оның тәрбиесі үшін қай
технологияны пайдаланамыз.
Мектеп оқушысының қадір-беделінің төменгі кейінгі жылдары мемлекеттік
біріңғай тестілеу жүйесінің енгізілуінен болып отыр. Педагогикалық ұжымдар
педагогикалық-техонлогиялық сауаттылықтың кемдігінен тестке дайындауды
жүйелі сабақ үдерісімен, бағдарламалық оқу материалдарымен байланыстыра
алмай, жалаң тест жаттау, оны бір жақты тексерумен ауыстырып жіберді.
Тіпті, Түркістан ауданы аймағында байқалған жағдай, 10-11 сынып ауыл
оқушылары өз мектебіне қатынауды қойып, қаладағы тестке дайындау
орталықтарында жыл бойы ақылы дәріс алуды үрдіске айналдырған.
Міне осылардың бәрі оқу-тәрбие үрдісінің құралы болар педагогикалық
технологияларға, оларды жүйелі үйренуге оң бұрылыс жасау қажеттігі бүгінде
көкейкесті мәселеге айналды. Себебі, таңдалған технологияларға және олардың
жоғарыдағыдай жағдайларды ескеріп, орынды да теориялық сауатты
қолданылуынан оқу жасындағы балалар тәрбие, білім ордасы – мектепке жан
қалауымен келіп, сапалы тәлім-тәрбиеге ден қояры сөзсіз.

1.2 Оқытудың тиімді инновациялық әдіс-тәсілдері мен педагогикалық
технологиялары

Егеменді еліміздің елу мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен
жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп,
жаңа талаптар қойылып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде
білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің
бірі. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, оның
парадигмасының өзгеруі, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы
бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой
қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.
12 жылдық білім берудегі өзгешеліктердің бірі баланың мектепке 6
жастан қабылданып, технологиялық білім беруді бастауыш мектептен бастау.
Бұның өзі ғылыми-техникалық прогрестің даму бағытындағы, ғылым мен
технологияның жаңа сапалық деңгейге көтерілуінде өмір сүре алатын және
жасайтын ұрпақ дайындауды көздейді.
Дәстүрлі оқыту жүйесінен біртіндеп қарқынды даму шеңберіне жеткізе
алатын жаңа оқыту технологияларын қолдану керек және жаңа тұрғыдан оқыту
барысында білім мазмұны ғана негізгі мақсат болмай, адамгершілік пен
гуманистік бағыт басты нысан ретінде ұсталынуы керек.
Педагогикалық технологияларды ажырата топтастыру жолдары.
Технологияларды ажыратудың бірнеше жолдары бар. Педагогикалық ғылым
мен тәжірибеде белгілі болған технологияларды жоғары жалпылыққа келтіріп
жүйелестірген Г.К. Селевко. Әр ұсынған жүйедегі педагогикалық технологиялар
тобы төмендегідей: [25].
- Қолдану деңгейіне орай: жалпы педагогикалық, пән әдістемелік және
бөлімдік (модульді) технологиялар ажыралады.
- Философиялық негізіне орай: материалистік және идеалистік,
диалектикалық және метафизикалық, ғылыми (сценитикалық), және діни,
гуманистік және антигуманистік, антропософтық және теософтық, прагматикалық
және экзистенциалистік, еркін тәрбие және мәжбүрлеу, т.б .
- Жетекші психикалық даму бағдарына орай: биогендік, социогендік,
психогендік және саналық технологиялар. Бүгінгі таңда қалыптасқан пікір
тұлға биотекті, әлеуметтікті және психотекті жағдаяттардың бірлігінің
нәтижесі, алайда нақты технология аталғандардың біреуіне бағытталып, оны
жетекші жүйе ретінде пайдалануы мүмкін. Іс жүзінде қандай да жекеленген
жағдаятты, әдісті, принципті пайдаланатын бір бағытты технология болмайды,
техноглогия әр уақытта да кешенді. Дегенмен, оқу үдерісінің қандай да бір
қыры көздеуіне байланысты технология белегілі сипат алып, өз атамасын
иелейді.
- өткендегі тәжірибені игерудің ғылыми тұжырымына орай: ассоциативті-
рефлекторлы (байланыс-жауапты), биховиористік (ықпал-жалпы әрекетті),
генетальтехнологиялар (тұтастыққа негізделген), интериоризаторлық (ағзаның
ішкі, сырттай көрінбейтін ықпалдарына орай) дамытушы. Бұлар қатарында әлі
де көпшілікке танымал технологияларды да ескерген жөн, олар:
нейролинквистикалық (жүйке тіл құрылымына орай) бағдарламаластыру және
суггестивтік (иландыру негізіндегі) .
- тұлғалық құрылымға орайласқан: ақпараттық технология (пәндер бойынша
білім, ептіліктер мен дағдылар қалыптастыруға орай): нақты амал-әрекеттік
(ақыл-ес әрекетті тәсілдерін қалыптастыру): эмоциалы-көркемдік және
эмоциалы-адамгершіліктік (эстетикалық және инабаттылық аймақ қалыптастыру):
өзіндік даму технологиясы (тұлғаның өзін-өзі басқару тетіктерін дамыту):
суырып салма шығармашылық (эвристикалық-шығармашылық қабілеттерін дамыту)
және қолданбалық (күнделікті тіршілік – оқу, тұрмыс, өндірістік әрекеттер
аймағын қалыптастыру).
- мазмұн және құрылым сипатына орай технолгиялар: оқытып үйретуші және
тәрбиелеуші, зиялы және діни, жалпы білімдік және кәсіби білімдік,
гуманитарлық және технологиялық, әрқилы салалық, жеке пәндік, сондай-ақ бар
бағытты кешенді және әмбебап-ауысымды (проникающия) технологиялар.
Бір бағытты монотехнологияларды бүкіл оқу – тәрбие үдерісі қандай да
бір нақты жағдайда өте қажет, басымды идея, тұжырымды арқау етеді, ол
кешенді технология-бір бағытты технологияның құрамдас бөлшектерінің
бірігімінің құрастырылады. Құрамдас бөліктері жиі басқа технологияларға
еніп, онда үдеткіш, белсенділік арттырушы қызметін атқаратын болса,
ондайлар әмбебап-ауысымды технолдогия аталады.
Техникалық қызметті ұйымдастыру мен оны басқару сипатына орайласқан:
педагогикалық жүйені (технологияны) ажырата, топтастырған В. П. Беспалько :
мұғалім мен оқушының өзара әрекеттестігі (басқарымы) ажырасқан болуы мүмкін
(яғни оқушы іс-әрекетіне бақылау да реттеу-түзету де болмайды), айналамда
(циклді)-бақылаулы, өзіндік және өзара бақылаулық, шашыраңқыт (фронтальді)
немесе жекеленген бағытты және қолды (сөзді) не автоматтасқан (оқу
құралдары жәрдемемен).
Әдетте тәжірибеде бір бағытты технологиялардың әр қилы бөрікпесі
қолданылып жатады. Олар арасында кең тарағандарды:
- дәстүрлі сынып-сабақтың жүйе (дәріс пен және өзіндік кітаппен
жұмыс, дидихозеафия).
- қазіргі заман дәстүрлі оқуы (дидихозеафия және техникалық құралдар).
- топтық және жіктемелі оқу (мұғалім бір уақытта бүкіл сыныппен
қатар әр оқушымен өзалдына жұмыс алып барады).
-бағдарламаластырылған оқу (үнемді бағдарласқан басқару оқу
технологияларының басқа түрлерін шамалап қолданумен бірге жүреді).
Педагогикалық технологиялардың түбегейлі маңызды тарапы тәлім -
тәрбие үдерісіндегі бала орны, ересек тарапынан балаға болған қатынас. Бұл
орайда бірнеше технология түрі ажыралады:
а) әміршіл-әкімшіл технолгия.
Мұнда педагог оқу-тәрбие үдерісінің бірбеткей әміршіл-субъекті, ал оқушы
оның қолындағы объекті, әрекет шикізаты не туралы. Бұл технология мектеп
өмірінің қатқыл тәртібімен орындалып, оқушылар ынтасымен дербестігіне тұсау
салып, өз талаптарына мәжбүрлейді.
б) бала тұлғасын ескерусіз қалдырумен мұғалім және оқушы арасындағы
сол баяғы субъекті-объекті қатынас жүйесіне негізделген дидактоцентрлік
технология. Мұндағы бірінші мәселе тәрбие емес, оқу білім игеру, яғни тұлға
қалыптастырудың құралы ретінде бағдарламалық пән негіздерін меңгеру алға
тартылады.
в) тұлғалық бағытты технология бүкіл мемлекеттік тәлім-тәрбие жүйесін
бала төңірегіне бағыттап, оның дамуы мен табиғи мүмкіндіктерін іске
асыруына көмектесу, жайма шуақты жағдай, кедергілер мен қатерден сақтау
амалдарын орындауды көздейді. Бұл технологияда бала тұлғасын тек субъект,
тәлім-тәрбие жүйесінің шикізаты немесе дерексіз мұраты емес, ол нақты да
ең жоғары мақсаты. Мұндай технологиялар антропоцентр деп те аталады.
Дәстүрлі оқу терминінің мәні ең алдымен ХҮІІІ ғасырда Я.А. Каменский
Дәстүрлі педагогикалық технология жүйелеген дидактика принциптерін арқау
еткен сынып-сабақтық өту мәніне сазды, әрі сол түсінік дүние мектептерінде
осы күнге дейін басымды күйінде сақталған [26].
Дәстүрлі сынып-сабақтық технологияның ерекше белгілері келесідей:
сынып біріңғай жылдық жоспар, бағдарламамен оқу кестесі бойынша жұмысқа
тартынады. Осыдан балалар мектепке жылдың белгілі мерзімінде, белгіленген
бір уақытта келуі міндетті.
Дәрістердің негізгі бірлігі-сабақ. Сабақ, әдетте, бір оқу пәніне,
тақырыбына арналып, сыныптарға оқушылардың баршасы бір материал үстінде
жұмыс атқарады. Сабақта оқушылар жұмысына мұғалім басшылық жасайды. Өз пәні
бойынша оқу нәтижелерін, әр оқушының жеке үлгерімін бағалап, жыл аяғында
оқушыларды келесі сыныпқа ауыстыру жөнінде шешім қабылдайды.
Оқулықтар, оқу құралдары негізінен үй жұмыстарын орындауға пайдаланылады.
Оқушылар, оқу күні, сабақ кестесі, оқу үздіктері, сынып-сабақтық жүйенің
басты белгілері. Оқу мақсаты – біршама шарттарға тәуелді қандай да құрамдас
бірліктерді қамтыған ауысымды категория.
Кеңестік педагогика оқу мақсаттары келесідей шарттармен сабақтас
болатын:
- білім жүйесін қалыптастырып ғылым негіздерін меңгеру;
- ғылым таным негіздерін қалыптастыру;
- әр оқушының жан-жақты әрі үйлесімді дамуына көз жетікзу;
- коммунизм үшін бүкіл адамзаттың жарқын болашағы үшін идеялық
шыңдалған күрескер тәрбиелеу.
Сонымен, өз сипаты бойынша оқу технологиясы-бұл күні бұрын белгіленген
қасиеттерге сай тұлға қалыптастыру.
Өз мазмұны бойынша оқу технологиялықтың мазмұны тұлға дамуына
бағытталмай (жан-жақты даму әшиін уағыз болатын), негізінен оқушыларға
бағдарламалық білім, ептілік, дағдыларды игертумен шектелетін.
Бүгінгі таңдағы қазақстандық жалпылай мектептегі мақсаттар бір қанша
келелі өзгерістерге ұшырады – идеолгия алысталды, жан-жақты үйлесімді даму
ұраны жойылды. Адамгершілік тәрбиесінің сипаты өзгеріске түседі, алайда
алдын ала жоспарланған сапалар жиынтығы күйіндегі мақсаттар ұсыну үлгісі
тәлім-тәрбие стандарттары бұрынғыша сақталуда.
Дәстүрлі технологияны қару еткен бұқаралық мектеп ежелгіше Білімдік
мектеп есебінде сақталып тұлға мәдениетінен гөрі оны ақпараттың
қанықтығына көбірек мән береді, адамның сезімдік-көңіл-күй жағдайынан гөрі
ес, танымдық сапасы басты назарға алады. Тәлім-тәрбие технологиясының
тұжырымдамалық ерекшелігі өз заманында Я.А. Каменский нақтылаған
дидактикалық принциптерге негізделген: ғылымилық (білім жалған болмайды,
толықты болмауы ықтимал), табиғи сәйкестік (тәлім-тәрбие даму қарқынымен
байланысты, оза не жеңіспен оқыту мүмкін емес), бірізділік және жүйелілік
(үдерістің қиынды ізбе із өтуі, жалқыдан жалпыға біртіндеп ауысуы),
түсініктілігі (белгіліден белгісізге, жеңілден қиынға өтуі, дайын білім
ептілік, дағдыларды игеру), беріктігі (қайталау – басты шарт), саналылық
және белсенділік (мұғалім қойған мәселені шешуге дайын бол, оның қойған
бұйрығын орындауға белсенділік көрсет), көрнекілік (қабылдау үшін әр қилы
сезім мүшелерін қоса біл), теорияның, тәжірибенің байланысы (оқу үдерісінің
қандай да бір белгілі бөлімдерді қолдануға таратылады) және даралық
ерекшеліктерді ескерту.
Оқу – бұл білім, ептілік және дағдыларды әлеуметтік тәжірибені ересек
әулеттен келер ұрпаққа өткізу үрдісті. Мұндай біртұтас үдеріс ауқымына
мақсаттар, мазмұн әдістермен жабдықтар қамтылады.
Мазмұн ерекшелігі
Дәстүрлі бұқаралық мектептегі тәлім-тәрбие мазмұны кеңестік дәуірде
қалыптасқан (оған негіз болған: елді индустриализациялау міндеттері,
өркениетті капиталистік мемлекеттердегі тәлім-тәрбие деңгейіне қуалай жету,
ғылыми техникалық өрлеудің жалпы ролі), әлі де болса сол баяғы күйінде,
технократиялық бағыттан арыла алмай жатыр. Білім жүзінен тұлғаның ақыл-ес
бастауларын қалауға бағышталып, оның рухани, адамгершілік сапаларының
дамуына көлеңке түсірді. Мектеп оқу пәндерінің 75℅ мидің сол жарым шарының
дамуына арналады, ал эстетикалық пәндерге 25℅ бөлініп, кеңестік мектептегі
рухани тәрбиеге тіпті де көңіл бөлінбеді.
Дәстүрлі жүйе біріңғай сипатта болып, таңдау мен балама еркіндігі шулы
уағыздалғанымен, бір бағытты талапқа бағындыру басым келді. Оқу мазмұны
орталықтан, оған алып, қосуға тиым салынып, баламасыздыққа тап болды.
Тірек оқу жоспарлары бүкіл ел үшін бір сілтеме негізінде түзіліп, қатқыл
стандарттан шығу мүмкіндігі берілмеді. Оқу пәндері (ғылым негіздері)
ұзыннан ұзақ бір құбырға делініп, бала соның ішіндегі ақпараттан
басқасына бет бұра алмайтын болады
Оқу, білім меңгеру талабы тәрбие талаптарынан гөрі басымдау болды, оқу
және тәрбие пәндерінің сабақтастығы ескерілмеді. Қаржыландыру аймағын
білімдік (академиялық) салаға басты назар аударылып, тәрбиелік (клубтық)
жұмыс формаларына 3℅ бөлінді. Тәрбиелік жұмыстар науқандық шара
педагогикасының талаптарына маталып теріс тәлім-тәрбие ықпалдарына
кезекті. Әдістеме ерекшеліктері. Дәстүрлі технология әу бастан әкімшіл-
әміршіл педагогика талаптарының шырмауына түсті, оқу тәрбиеленушінің
көп қарап сұраныстары мен қажерттерінен сырт айналып, оның ішкі жан
дүниесімен байланысын үздік тұлғаның даралықты шығармашылық
қабілеттерінің іс жүзінде көрінуіне жғдайлар жасайды.
Оқу үрдесінің әміршіл- әкімшіл сипатының белгілері:
- іс-әрекеттің мезгіл, мерзім, көлем, талап жектеуінде болды, оқу
амалдарының мәжбүрлі міндеттілігі ( тұлға мектеп заңдылығы).
- бақылаудың жоғары бір орталықтан болуы;
- оқу мақсаты, мазмұны және әдістерінің орташа оқушыға арналуы (мектеп
дарындылар шоуы).
Оқушының беделі – жоқтың қасы, ол оқу-тәрбие ықпалдарының бағыныңқы
нысаны, оқушы – міндетті, оқушы кемеліне шетнеген тіршілік иесі,
руханисыз пенде.
Мұғалімнің беделі – ол бастық, жалғыз-ақ ынта білдіруге құқылы адам,
сот (айтқаны ақ), хат танытып, үйретуші ересек (ата), бағала ақпарат тек
содан, оған күманданып, қарсылық білдіру – шексіз күнә.
Білім игеру әдістерінің негіздері: дайын білімдерді ұсыну; үлгі
бойынша оқу, оқыту; индуктив қисынды тек жалқыдан жалпыға өту; жаттанды ес;
сөздік баянды;
қайталап айтып беру.
Дәстүрлі тәлім-тәрбие жүйесіндегі оқу үдерісі оқушы дертестігінің
болмауымен, оқу еңбегіне деген ынта-ықыластың кемдігімен сипатталады.
Баланың оқу іс-әрекетінің құрамында: өзінше мақсат қою, міндет белгілері
болмады, оқу мақсаттарын оқушы алдына тартып отыратын- мұғалім,
іс-әрекетті нарлау сырттан, бала оны еріксіз, қаламаса да, орындауға
міндетті болды.
Іс-әрекетінің қорытынды талдауы мен бағалауына баланың өзі қатыспайды,
оларды атқаратын мұғалім, бөгде ересек.
Осы солақай шарттардың есебінен оқу мақстаттарын іске асыру кезеңі
зорлықты мәжбүрлі еңбекке айналып, салдары болымсыз сапа-қасиеттердің
дамуына жол ашты (баланың оқуды, мектепті жатсынуы, еріншектік тәрбиелеу,
жалғандыққа, келісімпаздықа үйрету – мектеп тұлғаны адамгершіліктен
айырды.
Тұлғалық бағыттағы тәлім, білім игеру технолгиясы.
Педагогикалық технологияның мәнін түсінудегі аса маңызды мәселе –бұл
тәлімдік жүйедегі баланың бағыт бағдарын, балаға деген ересектердің көз-
қарасы, пайымын айқындап алу. Осыған орай технологиялардың бірнеше тегі
ажыралады.
Әкімшіл (авторитарлы) технологиялар – мұндай технологиялар тегінде
педагог қана тәлім-тәрбие үрдісінің жалғыз-ақ субъекті болып есептеледі, ал
тәрбиеленуші шәкірт үдеріс нысаны ғана. Бұл жүйе технологиялары мектеп
өміріне қатаң бағыну талаптарын қояды, оқушы ынтасы мен дербестігін
шектейді, әмір және мәжбүрлеуді құрал етеді.
Бала тұлғасына болған немқұрайлылық тек білім игеруге орайластырылған
(дидактоцентрлік) технологияларда аса жоғары дәрежеде көрініс береді.
Мұндада мұғалім мен шәкірт арасындағы қатынас субъект-объекттік сипатта
қалыптасып, басты назар тәрбиелеуге емес, баланың білімдік қорын ғана
асыруға бағытталды. Осыдан тұлға қалыптастырудың негізгі жағдайаттары
дидактикалық құралдармен байланыстырылады. Көптеген дерек көздерінде
дидактоцентрлік технология технократтық депте аталады.
Тұлғалық бағыттағы технологиялар мектептік тәлім жүйесінің өзегіне
бала тұлғасын қойып, оның дамуы үшін жайлы-шуақты, дау-дамайсыз және қауіп
қатерсіз жағдайларды жасауды көздейді. Балаға табиғаттан берілген табиғи
мүмкіндіктерін паш етуге көмектеседі. Бұл технологияда бала тұлғасы жай
субъект емес, есептеліп, тәлімдік жүйедегі қандайда мақсатқа жету құралы
ретінде қарастырылмай, сол тұтастай бірлікті барша жүйенің ізгі, мұратты
өнімі деп бағаланады. Тұлғалық бағыттағы технологиялардың әкімшіл және
технократтық басты айырмашылығы осынысында. Бала болмысын ардақ еткен бұл
гуманистік технологияның және бір атамасы –антропоцентрлік (антропос-адам).
Тұлғалық бағыттағы технологиялар гуманистік философия, педагогика
және психологиялық бірігімді жемісі. Педагог назары толығымен жаңалықты,
тәжірибені қабылдауға құштар, әрқилы өмір жағдайларында саналы да
жауапкерлі таңдауға қабілетті бірегей де біртұтас бала тұлғасына
бағышталады. Дәстүрлі технологиялардағы тәрбиеленушіге формальды
сипатталған білім мен әлеуметтік тәжірибе қалыптарын жеткізіудің әдіс-
тәсілдерінен айырмашылығы ізгі мұраты тұлға болған бұл технологияда
тұлғаның жоғарыда аталған сапаларды өз белсенділігімен игеруі тәлім мен
тәрбиенің басты мақсаты ретінде алға тартылады.
Тұлғалық бағыттағы технологиялар төменде келтірілген сипаттарымен
танылады:
- адам құндылығын тану және мойындау (антропоцентрлігімен);
- гуманистік мәнділігімен;
- психологиялық қолдау – қуаттаушылық (психотерапиялық)
бағытымен.
Тұлғалық бағытты технологиялар шеңберінде өз дербестігімен ағымдар
ажыралады:
- гуманды-тұлғалық технологиялар;
- қызыметтестік технологиялар;
- еркін, тәрбие технологиялар;
- іштей ұғу, ұғыну технологиялар.
Гуманды-тұлғалық технология ең алдымен өзінің адамгершілік мәнімен,
тұлғаны психологиялық қолдау-қуаттау және оған көмек көрсетуге дайындық
бағытымен ерекшеленеді. Олардың бәріде баланы силап, құрметтеу және мейір
шуағына бөлеу идеяларын дәріптейді.
Қызыметтестік технологиялары педагог пен бала арасындағы
демократиялық, теңдік, әріптестік қатынастарды іске асырады. Мұғалім мен
шәкірт қызыметтестік, шығармашылық одақтас жағдайына түсіп, бірге мақсат,
мазмұн, айқындап баға береді.
Еркін тәрбие технологиялары баланың еркін таңдауы мен дербестігіне, назар
аударады. Нәтижеге сыртай ықпалдан емес, іштей ықылас-ниетпен жетуді
көздеп, таңдау жолымен бала өзінің субъекттік бағдарын ең ұтымды әдіс-
тәсілдермен ақтауына жол ашады.
Іштей ұғу (эзотериялық) технологиялар Ақиқат және оған жетуге
арналған бейсаналылық, астар саналылық білімдерді көрегкндік және аянмен
іштей сезіну іліміне негізделген. Педагогикалық үдеріс – бұл хабарлау не
ортақтасу емес, ол Шындыққа, Ақиқатқа жанасудың бірден бір жолы.
Тұлғалық бағыттағы педагогикалық технологияның бастау көзі Бахтин-
Библердің диологтық тұжырым Ережелерінде адам санасының негізі жалпылықты
(всеобщность) диологтан болатыны арқау еткен. Диологтық қатынастар Бұл
адамзат сөйлесулері мен барша қатынастарды, адами тұрмыс көріністерін,
барша мән мен маңызға ие дүние жағдайларына тән әмбебап құбылыс. Сана
бастау алған жерде, диолог іске кіріседі (В.С.Библер).
Тұлғалық бағыттағы тәлім кеңестігіндегі баланың өмір сүруінің негізгі
тәсілі – шығармашылық әрекет пен зерттеу ізденісі. Дегенмен, балалардың
рухани, тән – дене және ақыл-парасатмүмкіндіктері әзірше шектеулі,
сондықтан олар сабаққа байланысты шығармашылдықты қажет ететін тапсырмалар
мен тіршілік мәселелерінің дербес шешуде әлсіздік танытады. Осыдан бала
педагогикалық қолдау және жәрдемге мұқтаж келеді. Бұлар тұлғалық бағыттағы
тәлім технологиясын сипаттаушы басты ұғым сөздер.
Қолдау педагогтың балаға деген гуманистік қатынасының мәнін танытады.
Бұл өз ұстазының жәрдем мен қорғаныс күткен балалардың табиғи сеніміне орай
жасалған жауап әрекет, бұл олардың қорғансыздығын түсіну, сонымен бірге
бала өміріне, салауаттылығына,көтерінкі көңіл-күйіне, дамыуына өз
жауапкершілігін сезіну. Қолдау Ш.Аманашвили жариялаған үш принципке
негізделеді:
- баланы сүйіу;
- ол жасаған ортаны адамиластыру;
- бала кейпіне еніп, өз сәбилігіңмен қайта жасап көр.
В.А.Сухомлинский ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабақтарында АКТ пайдалану жолдары
Ағылшын тілі сабағы. Оқыту әдістері
Қазақ тілін оқытуда ақпараттық технологияның қолданылуы
ТІЛ ҮЙРЕТУДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ
Бастауыш сыныптарда ақпараттық оқыту технологияның ғылыми теориялық негиздері
Қазақ әдебиеті сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Қазақ тілі пәнін оқыту әдістемесі
Оқу ақпаратын технология жағдайында меңгеру
Ағылшын тілі сабағында жоғары сынып оқушыларының аудармашылық құзіреттілігін дамыту ерекшеліктері
Ағылшын тілі интерактивті тақтаны қолдану
Пәндер