Мектеп жасына дейінгі балалардың ойыны


Жоспары
Кіріспе
І. Негізгі бөлім
1. 1. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойынына сипаттама
1. 2. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойынының түрлері
1. 3. Балабақшадағы жүргізілетін ойындардың маңызы
мен мазмұны
ІІ. Балдарға ойынды түсіндірудің әдістемелік негіздері
2. 1. Сәбилер тобының ІІ тобындағы жүргізілетін ойын түрлері
2. 2. Дидактикалық ойындар
2. 3. Топтағы сабақтардың үлгілері
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
V. Қосымша
Кіріспе
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін ойынның зор маңызы бар. Ойын олар үшін- сабақ, ойын олар үшін- еңбек, ойын- олар үшін тәрбиенің маңызды түрі.
Мектеп жасына дейінгілердің ойыны- айналадағы дүниені танып білудің тәсілі. Ол ойнап жүріп, заттың тсін, пішінін, материалдық қасиетін, кеңістік қатынастарды, сандық қатынастарды зерттеп үйренеді, өсімдіктерді, жануарларды зерттейді. Ойыншықтарды іріктеп ала білудің балабақшаларда айрықша маңызы бар.
Бір жерде әйнекке салып қоймайтындай болуы үшін, балалар сындырып аламын деп қорықпай ойнай алатындай болуы үшін қарапайым, әшекейсіз, арзан ойыншықтар беру керек. Балабақшаға қажетті ойыншықтардың минимумын белгілеп, оларға қалай пайдалануға арналған нұсқаулармен жабдықтау керек. Балалардың өздерінің қандай ойыншықтарды оңай дайындап, оларға айрықша үлкен күш жұмсамай қалай дайындауға болатынын, бұл іске кімдерді тарту керектігін көрсету керек. [4. 297-238]
Ойынды дайын үлгіге айналдырмай, балалардың бастамасына жол беру де өте маңызды. Балалардың ойынды өздері ұйымдастырып, өздеріне мақсаттар қоя алуы маңызды. Балалар жетіліп, саналылығы өскен сайын мақсаттары да күрделірек, қайсыбір ойындарды оларға зорлап таңуға тиіс емес, ол бұл жағдайда қауіпті, зиянды сезімдер және т. б. тудыратын ойындарды алмастырып жіберуі ғана тиіс. Бірақ мұны біліктілікпен, абайлап, балалар жетекшісімен келісе кететіндей етіп жасау керек. Педагог-мұғалім, вожатый, комсорог бұл жағдайда да педагогтың балалар үшін қалаулы жетекшіге айналуына көмектесетіндей педагогтық әдепті меңгеруі тиіс. Балалардың ойындарында көзделетін басты мақсат мыналар болуы тиіс:
1. Бала шындап ойнасын, бірдеңені ойлап шығарсын, жасап құрастырсын, құрастыратын болсын.
2. Бір ойыннан екінші ойынға көшіп, істеп отырғанын шала тастап, ұшқалақтанбай, тиянақтатып істейтін болсын.
3. Әр ойыншықты келешекте қажет нәрсе деп санап, оны күтетін және сақтайтын болсын. Ойыншықтар дүниесінде толық тәртіп сақталып, жинақы тап- тұйнақтай болып тұруы керек. Ойыншықтар сынбауы керек, оқыста сынған болса, бүтінделуі керек, егер бүтіндеу қиын болса, оған ата- аналарының көмегі керек.
Сонымен, ойын адам өмірінен маңызды орын алады, ол еңбекке дайындайды, ойын біртіндеп барып еңбекке орын беретін ету қажет.
Ойынның әр түрлі кезеңінің әртүрлі әдіс қолданулары керек және қиналған жерде жәрдемдес етырып, баланың қабілетін дұрыс дамытулары тиіс. [5. 10-11]
І. Мектеп жасына дейінгі балдарға ойынды түсіндірудің теориялық негіздері
1. 1. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойынына сипаттама
Ойын- бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы балалар қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез- келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, сол арқылы бала бір- бірімен өзара қарым- қатынас жасайды. Ойын балалар үшін айналадағыны танып, білу тәсілі. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А. С. Макаренко былай жазады: «Бала ойында қалай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан ұқсас болады. Сондықтан келешек қайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады». Ойынның негізгі ерекшелігі - ол балалардың қоршаған ортаны - адамдардың қимылын, іс- әрекеттерін, олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым- қатынасын бейнелеуі болып табылады. Ойында бөлме, теңіз де, ұшақ та, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар үн- түнсіз ойнамайды, жүреді. Ойын процесінде сөйлесу қарым- қатынасы үлкен роль атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысады, ойынның түпкі ниеті, сюжеті немес мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынныі түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны, ойын әрекеттері, рольдер, ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.
Ойынның түпкі ниеті- бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы. Мысалы, «Дүкен», «Аурухана», «Ұшақтар», «Отбасы», «Бала бақшасы» және т. с. с болып ойнайды.
Ойынның сюжеті, мазмұны- бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым- қатынастарының дамуын, көпжақтылығын және өзара байланысын анықтайтын нәрсе Ойынның мазмұны оның қызықты етеді, ойнауға ықылас пен ынтаны қоздырады. Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез- қүлқы мен өзара қарым- қатынасын анықтайды және реттейтін ереже белгілейді. Ойын бала үшін нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. Тәрбиеші балаларға жақын болуға, олардың ойындарының сүйікті қатысушысы болуға тиіс. Ойынның мазмұны мен ережесін, өзінің ойындағы ролін пайдаланып, ойнаушылардың ынтасын басып тастамай, әдеппен ойынның барысын, олардың өзара қарым- қатысын бағыттап отырады. Өзі де сол рольге қатыса алады. Ойынның көп уақыты серуенде өтеді. Сондықтан, аулада арнаулы құрылыстар, ғимараттар (кемелер, автобустар), көптеген құрылыс материалдары- күректер, доптар, секіргіштер болуға тиіс. Ойын сонымен бірге оқу үстіндегі оқытумен де тығыз байланысты. Ойын ешқашанда өзінің қызығушылығын жоғалтпайды, тек оның мазмұны, сипаты өзгереді. [1. 11-13]
Рольді ойын элементтері сәбилік шақта пайда болып, дами бастайтындығын біз айтып өткенбіз. Рольді ойындарда балалар үлкендермен бірге болуға тырысып, ерекше ойын түрінде ересектердің өзара қарым-қатынастары мен еңбектегі қызметін еске түсіреді.
Мектепке дейінгі шақта ойын іс-әрекеттің басты түріне айналады, алайда бұл қазіргі баланың, әдетте, көп уақытын өзіне қызғылықты ойындармен өткізетіндігінен емес, ойын баланың психикасында сапалық өзгерістер туғызатындығынан болады.
Мәселен, қолына түскен затпен қимылдар жасағанда немесе үлкендердің үйреткендерін орындағанда әсіресе, шынайы заттармен емес, ойыншықтармен орындалса бала ойнап отыр деп жиі айтамыз. Бірақ бір әрекетімен екінші бір әрекетті, бір затпен екінші бір затпен бейнелегенде ғана нағыз ойын болады. Ойын әрекеті белгілік сипатта өтеді. Тек ойында ғана бала санасында белгілік функция қалыптасатындығы неғұрлым айқын байқалады. Белгілік функцияның ойын үстінде көрінуінің өз ерекшеліктері бар. Заттар мен ойын балаларының ұқсастығы, мәселен суреттің бейнеленген болмысқа, (шындыққа) ұқсастығы әлдеқайда төмен болады. Әйтсе де ойындық алмастырғыштар балама затпен әрекет жасағандай дәрежеде олармен әрекет жасауға мүмкіндік беруге тиіс. Сондықтан бала таңдап алынған заттың баламасына өзінше ат беріп және оған белгілі бір тән қасиеттерді таңа отырып, оның да кейбір ерекшеліктерін ескертеді. Мектеп жасына дейінгі бала негізгі заттың баламаларын таңдағанда олардың нақты шынайы қарым- қатынастарын негізге алады. Мысалы, шырпы талы - қонжық, тұтас талы- кірекей, шырпы қорабы- қонжықтың төсек- орны болатындығына ол бірден келіседі. Бірақ, қораптың- қонжық, шырпы талы оның төсек орны болуы керек деген шешімге ол мүлде келіспейді. Бала бұған: «Бұлай болмайды», - деп жауап береді.
Мектеп жасына дейінгі бала ойын іс- әрекетінде заттарды ажыратып қана қоймай, сонымен қатар өзіне қандай да бір рольді алады да, сол рольге сәйкес іс- әрекет жасай бастайды. Бала өзін аттың немесе қорқынышты аңның орнына қоя тұрса да, көбіне ол ересек адамдарды: анасын, тәрбиешісін, ұшқышты, шоферді бейнелейді. Балаға ойын іс- әрекеті процесінде адамдар арасындағы қарым- қатынасты, олардың құқықтары мен міндеттері біртіндеп ашыла түседі.
Айналасындағыларға қатысты міндеттер- баланың өз басына алған рольді орындау қажет екендігін сезгендігі. Өзге балалар одан өзіне алған ролін дұрыс орындауды күтеді және талап етеді. Мысалы, сатып алушының ролінде бала өзінің алғандары үшін ақша төлемей кетуге болмайтындығын түсінеді. Дәрігердің ролі оны шыдамды болуға және ауруға талап қоя отырып, бала ойынға қатысушылардың ролін орындайтын басқалардың да құқықтарына ие болады. Мәселен, сатып алушының роліндегі бала өзіне ойыншықтар сөресінде бар кез келген товарды жіберуді талап етуге және басқа сатып алушыларға жасалатындай қатынасты талап етуге құқықтары бар. Дәрігер өзіне құрмет пен сенімділік қарым- қатынасты, өзі берген нұсқауларды емделушілердің орындауларын талап етуге құқықтары бар. Сюжетті ойынның мәні рольді орындаушының өзіне қойылған міндеттерді орындауы мен ойынға қатысушы өзгелерге де қатысты құқықтарды іске асыру болып табылады.
Балалар өздерінің рольді ойындарында айналасындағы шындықтың көп жақтылығын көрсетеді. Олар үй тұрмысынан, үлкендердің еңбектегі іс- әрекеті мен олардың еңбектегі қарым- қатынастарынан көріністер көрсетіп, замана оқиғаларын (космостық ұшулар, арктикалық экспедициялар) және басқаларды бейнелейді. Балалар ойындарында көрсетілетін шындық рольді ойындардың сюжеті болады. Балалар араласатын өмір ауқымы неғұрлым кең болса ойын сюжеті соғұрлым кең де сан алуан келеді Сондықтан да мектепке дейінгі кішкентайлардың ойын сюжеттері шағын, ал мектепке дейінгі ересектердің ойын сюжеттері өте сан алуан. Бес-алты жастағы балалар қонақтар, қызы мен анасы, балабақша ойындарын ғана емес, колхоз, өмірі, көпір салу, космос кораблін ұшыру сияқты ойындарды да ойнайды.
Ойын сюжетінің әр алуандылығы артқан сайын ойын уақытының ұзақтығы да артады. Мәселен, үш- төрт жастағы балалар ойынынң ұзақтығы бар болғаны 10-15 минут болса, төрт- бес жастағы балалар ойынының ұзақтығы 40-45 минутқа, мектепке дейінгі ересектерінің бірнеше сағатқа, тіпті бірнеше күнге созіла береді.
Балалар ойынынң кейбір сюжеттері мектепке дейінгі кішкентайларда да, ересектерінде де қызы мен анасы, балабақша ойындары кездеседі. Бірақ ойын сюжеттері мектепке дейінгі жастағы балалардың бәріне ортақ болғанымен ойындардың ойналу сипаты түрліше: бір тақырып төңірегінің өзінде мектепке дейінгі ересектер ойыны кішкентайлар ойынына қарағанда анағұрлым алуан түрлі. Әрбір жасқа ортақ сюжет төңірегінде болмысты түрлі жақтарынан көрсете білу тән. Мәселен, челюскиншілер болып ойнауда балалар дамуының түрлі сатыларын байқауға болады. Сәбилер үшін бұл ойынның ең түйінді жері- мұзжарғышпен жүзу. Жас сатысы жоғары болғанда бірінші орынға полярлық эпопеяға қатысушылардың сыртқы әлеуметтік қарым- қатынастары мен әлеуметтік сатысы (кімнің жолы үлкен), капитанның, машинистің, радистің тағы басқаларының мінез- құлық ережелері шығады. Ақырында, моральдық, асқақ сезім түріндегі ішкі әлеуметтік қарым- қатынастардың бәрі өзекті мәселеге айналады. Ұқсас ойындарды балалар кез келген жаста ойнай береді, бірақ түрліше ойнайды.
Сонымен, сюжетке нұсқау ойынды толықтай сипаттамайды. Сюжетпен қатар, рольді ойынның мазмұнын да ажырату қажет. Ересектер іс- әрекетінен бала нені негізгі сәт деп бөліп көрсетсе, ойынның мазмұны сол болып табылады. Әр түрлі жастағы балалар тобы ортақ сюжетті ойынға түрліше мазмұн береді. Айталық, кішкентайлар ересектердің қандай да бір істерін еске түсіре отырып, тек белгілі бір заттармен белгілі бір қимылды әлденеше рет қайталайды. Заттар арқылы үлкен адамдардың шынайы істерін қайталап көрсету мектепке дейінгі кішкентайлар ойынының негізгі мазмұны болып табылады. Мысалы, сәбилер түскі тамақ ішу ойынын ойнағанда қандай да бір қимылды бірнеше рет қайталай отырып, нан тіледі, ботқа пісіреді, ыдыс- аяқ жуады.
Мектепке дейінгі кіші жастағы бала, рольді ойнағандағы сияқты ойын сюжетін жоспарламайды, ол қолына іліккен затқа байланысты өздігінен пайда болады. Мысалы, баланың қолында түтік болса, онда ол медсестра болады. Балалар арасындағы негізгі талас іс- әрекет жасайтын заттарды иемденуден пайда болады. Сондықтан да бір машинаны бір мезгілде екі шофер жүргізіп келе жатады, ауруды бірнеше дәрігер қарайды, түскі тамақты бірнеше ана пісіреді. Міне, сондықтан да рольдер бір заттан екінші затқа ауысып отырады. Сонымен бірге мектепке дейінгі кіші жастағы балалар арасында ойынның мазмұны ретінде көбіне адамдар арасындағы қарым- қатынастар көрінеді.
Мектепке дейінгі кішкентайлар өз ойындарында тым шағын, тар сюжеттер төңірегінде қарым- қатынастар жасайды. Әдетте, балалардың өздерінің практикасымен тікелей байланысты ойындар. Кейінірек ойында адамдардың қарым- қатынастарын бейнелеу басты орын ала бастайды. Мәселен, мектепке дейінгі естиярлардың ойыны мынадай сипатта өтеді. Баланың ойыны шексіз қайталанбайды, бір ойын екінші ойынға ауысып отырады. Мұндағы қимылдар алынған рольге сәкес өзге адамға деген белгілі қарым- қатынасты бейнелеуі үшін жасалады. Осындай қарым-қатынас белгілі бір рольге ие болған қуыршақпен де жасалады. Мысалы, егер мектепке дейінгі естияр бала түскі тамақ ішу ойынын ойнаса, ол нанды кесіп үстел үстіне қояды. Балаларды бейнелейтін қуыршақтарға ботқаны ұсынғанда өзіне тәрбиешінің немесе күтушінің ролін алған барлық бала (қуыршақтар) ботқаны тауыса жеп, ас үстінде өзара әңгімелеспеуін қадағалайды. Мектепке дейінгі естиярлардың жүргізетін ойыны мектепке дейінгі кішкентайлардың ойынына қарағанда тұжырымдырақ, ықшамдау болады. Мектепке дейінгі естиярлардың сюжетті ойындардың негізгі мазмұны-адамдар арасындағы қарым-қатынастар.
Ойын кезінде адамдар арасындағы қарым-қатынасты толығынан бере білу баланы белгілі бір ережелерге бағынуға үйретеді. Ойын арқылы балалар үлкендердің қоғамдық өмірімен таныса отырып адамдардың функциясы мен олардың арасындағы қарым-қатынас ережелерін түсінуге де араласады.
Мектепке дейінгі ересектердің рольді ойынының мазмұныөзі қалаған рольден туындайтын ережелерге бағыну болып табылады. Бұл жастағы балалар ережелерді орындауға төтенше міншіл келкді. Ойында қоғамдық мінез-құлық ережелерін орындай отырып «не болатынына» назар аударады. Сондықтан олар ненің болатындығы, ненің болмайтындығы жөнінде пікір таластырып: «Аналар бұлай істемейді», «Дәрігер ауруларды осылай қарай ма?»-және т. б. дейді.
Сонымен, рольді ойын сюжеті мен мазмұнының дамуы айналасындағы үлкендердің өмірін баланың барған сайын тереңірек ұғына түскендігін бейнелейді.
Ойын жағдайындағы балалардың шынайы қарым-қатынастары. Ойында қарым-қатынастың ойындық және нақтылы, деп аталатын екі түрі болады. Ойындағы өзара қарым-қатынасын бейнелейді. Мәселен, егер бала А. Толстойдың «Буратиноның басынан кешкендері» немес «алтын кілт» аталатын ертегісіндегі Карабас- Барабастың ролін өзіне алса. Ал ол тақырыпқа сәйкес басқа кейіпкерлердің рольдерін алған балаларға ерекше ызамен қарайды.
Шынайы қарым- қатынас- орақ істі орындау кезіндегі балалардың серіктестік, жолдастық ретіндегі бір- бірмен қарым- қатынасы. Балалар өзара сюжет руралы және рольдерді бөлісу жөнінде келіседі, ойын барысында пайда болатын мәселелер мен түсініспеушіліктерді талқылайды. Ойын кезінде балалар арасында ынтымақтастықтардың белгілі бір түрлері пайда болады. Ойын баладан инициативашыл, көпшіл болуы қарым- қатынас орнату және оны іздеу үшін өз қылығын тобындағы құрдастарының қылығымен үйлестіре білу қабілеті сияқты қасиеттерді талап етеді.
Қарым- қатынас элементтері балаларды тым ерте, олар әлі кеңейтілген сюжетті ойынды ойнай білмейтін, әрқайсысы дербес ойнайтын кезде пайда болады. Әдетте дамудың дамудың бұл кезеңінде өзінің жеке іс- әрекетіне беріліп кетеді де өзге балалардың іс- әрекетіне назарын аударады . Әйтсе де ойыннан зерігіп кеткен сәби өзге баланың қалай ойнап отырғанына назар аудара бастайды. Құрдасының ойынына қызыға қарау онымен белгілі бір қарым- қатынас орнату әрекетіне жетелейді. Қарам- қатынастың алғашқы түрлері баланың қасындағы балаға жақын келіп, онымен қатар ойнауға тырысуынан өзі ойнап отырған ойынның біраз бөлігін оған бергісі келетіндіктен, балалар бір- біріне көз тіге қарағанда екеуінің де жүрексіне күлімсіреу сәттерінен байқалады. Мұндай жеңіл- желпі байланыстар әлі де болса ойынның негізгі мазмұнын өзгерте қоймайды, мүмкіндігінше арақашақтығы тәртібін сақтай отырып, әр бала өзімен- өзі ойнайды. Келесі кезеңде (3-4 жаста) балаға өз құрдасымен неғұрлым жиі араласа бастайды. Ол енді бірлесіп, іс- әрекет, қарым- қатынас орнату себептерін барынша іздей бастайды. Бұл жағдайдағы араласудың ұзақтығы баланың ойын үстінде ойыншықтарды қолдануды қандай дәрежеде игергендігіне, ойын мақсатын құрып іс жүзіне асыра біоуіне байланысты. Ойыншықтармен ең қарапайым қимылдарды орындау ( ойыншық машинаға жіп тағып алып сүйрету, кішкене шелекпен құм төгу), баланың құрдасымен іс- әрекеті қысқа мерзімді сипатта болады. Ойын мазмұны біржола араласып кетуге әлі негіз бола алмайды. Осы кезеңде балалар бір- бірімен ойыншықтармен араласып, біріне- бірі араласып кетеді.
Ойын іскерлігінің дамуымен және ойынның түпкі мақсатының күрделенуімен балалар бір- бірімен ұзақ араласа бастайды. Ойынның өзі де осыны талап етеді және осыған себепші болады. Ересек адамдардың өмірін тереңірек ұғынған сайын бала бұл өмір үнемі қоғамда, ондағы басқа адамдармен іс- әрекет үстінде өтетіндігін ашады. Шешесі әкесімен әңгімелеседі, үй ішіне түскі тамақ береді, үстел басында балалардың мінез- құлқын бақылайды. Сатушы сатып алушыларға қызмет жасайды. Дәрігер ауруларды емдейді, медбике оған жәрдемдеседі т. б. Ойында ересектердің қарым- қатынастарын елестетуге баланы өзімен бірге ойнайтын серіктестер табуға ұмтылдырады. Осыдан келіп бірнеше рольднрді қамтитын ойындарды бірлесе ұйымдастыру жөніндегі келісімнің қажеттігі туады.
Бірлескен ойында балалар қарым- қатынас жасау тілін, өз іс- әрекетін басқалардың іс- әрекеттерімен үйлестіруді, өзара түсінісуңді, өзара көмектесуді үйренеді.
Бірлескен ойындағы балалардың бірігуі ойынның мазмұнын байытуға және күрделендіруге себепші болады. Әрбір баланың тәжірибесі шектеулі. Үлкендер орындайтын біршама шағын іс- әрекет өрісімен таныс. Ойын үстінде балаларда тәжірибе алмасу пайда болады. Бірімен- бірі білгендерімен алмасады, ересектерден сұрайды. Нәтижесінде ойын қызғылықты да сан алуан болады. Ойын мазмұнымен күрделендіру, өз кезегінше шынайы өзара қарым- қатынасты күрделендіруге, ойынға қатысушылардың санын көбейтуге, олардың атқаратын іс- әрекеттерін неғұрлым дәл үйлестіру қажеттігіне қол жеткізеді.
Ойын жөнінде пайда болатын шынайы өзара- қарым- қатынастар, біраз кейінірек, ойын сюжетімен анықталатын өзара қарым- қатынастарға ауысады. Бұл жағдайда сюжетті қарым- қатынастар формаға айналады да одан шынайы қарым- қатынстар байқалады. [2. 107-114]
1. 2. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойынының түрлері.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz