Әлемдік ақпараттық кеңістікке ену жағдайында компьютерлік желі технологиясын оқушыларға меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдері



КІРІСПЕ
1.тарау. Компьютерлік желіні үйретудің теориялық негіздері
1.1. Компьютерлік желі түсінігі
2. ЖКЖ . нің физикалық негізі
2.3. Компьютерлік желілерді оқыту әдістемесі
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құруға еніп, көкейтесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім. Ақпарат мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа (қорға) айналып, ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, яғни мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.
Қазіргі кездегі қоғам индустриялдық кезеңнен кейінгі дамудың ақпараттық кезеңіне аяқ басты. Ақпарттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Оның басты сипаттарына – ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану адамдардың көптеген қызмет түрлерін компьютерлендіру, коммуникациялардың бірыңғай халықаралық жүйелерін жасау істері жатады. Қазіргі кездегі адамдар үшін «компьютерлік сауаттылық» дегеніміз кешегі жай сауаттылық (оқып жаза білу) тәрізді міндетті түрде іске асырылатын шара болып саналуы тиіс.
Соңғы кезде біздің қоғамда болып жатқан ауқымды өзгерістер білім саласында да біраз өзгерістердің туындауына себепші болып отыр. Қазақстанда жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда. Білім жүйесіндегі инновациялық өзгерістерге де презиндентіміз Н. Ә. Назарбаев та назар аударып, ол Республикалық мұғалімдер съезінде: «ХХ ғасырдың екінші жартысында белгілі болған нәрсе – ХХІ ғасырда алдыңғы саптағы елдер қатарына өз жастарының интеллектуалды және рухани әлеуетін барынша дамыта алатын мектептер мен жоғары оқу орындарының ең тиімді жүйесін жасаған ел ғана көтеріле алады», - деген болатын.
1. Симонович С. Евсеев Г. Алексеев А. «Специальная информатика». Учебное пособие.
2. Мұхамбетжанова С. Т. «Білім беру мекемелері қызметкерлерін ақпараттық – телекоммуникациялық технология саласы бойынша біліктілігін көтерудің ғылыми-әдістемелік негіздері». 2006 ж.
3. Информатика негіздері. № 4, 2006 ж.
4. Е.Қ.Балапанов, Б.Б.Бөрібаев, А.Б.Дәулетқұлов. «Жаңа информациялық технологиялар. Информатикадан 30 сабақ.» 242 – 380 бет. 2003 ж.
5. Информатика образование. Журнал. № 4, 2006 ж
6. Н.Ермеков, Ж.Караев, Н.Стифутина. «Информатика 7,8 класс.» – Алматы: Жазушы, 2000, - 192 стр.
7. «Мектеп информатикасы: іс – тәжірибе, проблемалар және келешегі»Халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдар жинағы. 19 – 21 қазан 2005 жыл. Алматы, 2005 ж.
8. Электрондық оқулық.

КІРІСПЕ

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын
мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық
технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда елімізде білім беру
жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құруға еніп, көкейтесті
мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім. Ақпарат
мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа (қорға) айналып,
ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, яғни мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау
ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.
Қазіргі кездегі қоғам индустриялдық кезеңнен кейінгі дамудың ақпараттық
кезеңіне аяқ басты. Ақпарттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті
білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр.
Оның басты сипаттарына – ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану
адамдардың көптеген қызмет түрлерін компьютерлендіру, коммуникациялардың
бірыңғай халықаралық жүйелерін жасау істері жатады. Қазіргі кездегі адамдар
үшін компьютерлік сауаттылық дегеніміз кешегі жай сауаттылық (оқып жаза
білу) тәрізді міндетті түрде іске асырылатын шара болып саналуы тиіс.
Соңғы кезде біздің қоғамда болып жатқан ауқымды өзгерістер білім
саласында да біраз өзгерістердің туындауына себепші болып отыр. Қазақстанда
жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда. Білім жүйесіндегі инновациялық
өзгерістерге де презиндентіміз Н. Ә. Назарбаев та назар аударып, ол
Республикалық мұғалімдер съезінде: ХХ ғасырдың екінші жартысында белгілі
болған нәрсе – ХХІ ғасырда алдыңғы саптағы елдер қатарына өз жастарының
интеллектуалды және рухани әлеуетін барынша дамыта алатын мектептер мен
жоғары оқу орындарының ең тиімді жүйесін жасаған ел ғана көтеріле алады, -
деген болатын.
Қазіргі кезеңде білім жүйесінің барлық салаларын нақты түрде
ақпараттандырудың кешенді жоспары жасалуда. Информатикадан мемлекеттік
білім стандартында көрсетілгендей бүгінгі таңда оқу мақсатын тек
компьютерлік сауаттылық шеңберінде ғана анықтау жеткіліксіз. Қазір
Интернет желісіне ену қажеттігі туындап отыр. Біздің елімізде барлық
мектептер компьютерлендіріліп жатыр. Әлеуметтік пенде болғандықтан адам
әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі
Интернет желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18000 әр түрлі желілерді
біріктіріп, күнбе күн жаңаларымен толықтырылуда) қашықтық ұғымын жоққа
шығарып, планетамыздың кез келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде
байланыстыруда. Ақпараттардың көзді тартар ертеңі таң қалдырып, өзіңнің
соны пайдалана алатының қуантады. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді, қазір
де Интернет жалпыға бірдей ақпараттық қор тәрізді ертегідегі ханшалардан
күнделікті күніңізге айналып барады.

Оның құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және
қарапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептеулер бойынша екі миллиондай
компьютермен 30 миллионға жуық адам жұмыс істеп жатыр. Интернет желісіне
күніне 1000, кейде одан да көптеген компьютер қосылады екен.
Интернет желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70 жылдар
басында АҚШ қорғаныс министрлігінің Apranet компьютерлік жүйесі болып
саналады. Желі нүктелерінің үлкен аумақта шашырап жатқандығына және олардың
бір-бірімен қосылу желілерінің күрделілігіне байланысты оның аздаған
бөліктері бұзылғанымен сау желілердің өзара байланысы жылдам қайта құрылып,
қалыпты жағдайына келе алатыны айқындалды. Интернет көптеген байланыс
желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен компьютерлер торабын
құрайды. Оның қарапайым желілік нүктелері үкімет мекемелерінде,
университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана
жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан.
Интернетке қосылу дегеніміз – басқа жерлерде тұрған 1000-даған
компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз. Желілердегі компьютерлерден
үкімет архивіндегі, университеттің мәлімет базала-рындағы, жергілікті
қорлар көлеміндегі, кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді,
суреттерді, дыбыс клиптерін, бейнелерді, т.б. цифрлық түрге айнала алатын
барлық ақпараттарды ала аласыз.
Курстық жұмыс мемлекеттік білім стандартының 10-11 сыныптары
бағдарламасына сәйкес құрастырылған. Осы курстық жұмыстың материалдарын
игеру барысында оқытушыға сабақтың теориялық және практикалық материалдарын
таңдауда және сабақты өткізу әдістемесінде біраз еркіндік беріледі. Біздің
ойымызша, теория мен практика қатар жүргенде, яғни оқытушы теориялық
материалды түсіндіргенде бір мезгілде оны компьютерде көрсетіп, оқушылар
оқытушының іс-әрекетін қайталауы өте тиімді. Біздің бұл курстық жұмысты
орындаудағы мақсатымыз – оқушыларға жұмыс істеу кезінде туындайтын нақты
сұрақтарды шешу үшін компьютерлік желілермен жұмыс жасау технологиясы
негіздерін үйрету.
Мақсаты:
← Әлемдік ақпараттық кеңістікке ену жағдайында компьютерлік желі
технологиясын оқушыларға меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау;
← Оқушыларға компьютерлік желі технологияларының топологиялық
ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін көрсетудің қолданбалы бағытын игерту.
Міндеті:
• Ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін үйрету арқылы
оқушылардың қызығушылығын арттыру.
• Компьютерлік желілердің құрылу және жұмыс істеу жолдары жөнінде
оқушылардың көзқарасын қалыптастыру.
• Компьютерлік желілердің түрлерін ажырата білуге, мүмкіншілігін
түсінуге, салыстыру арқылы оның артықшылығы мен кемшіліктерін білуге
үйрету.
• Электрондық пошта жұмысымен таныстыру, оны күнделікті өмірде қолдана
білуге үйрету.
• Компьютерлік желілерді үйрету арқылы оқушылардың ақпараттық мәдениетін
қалыптастыру.

1-тарау. Компьютерлік желіні үйретудің теориялық негіздері

1.1. Компьютерлік желі түсінігі

Компьютерлік желі – бір бірімен мәлімет аламаса алатын кем дегенде екі
компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған
ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Басқаша айтқанда желі деп дербес
компьютерлердің және де принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді
есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір
қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға,
қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас
құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.
Телекоммуникация құралдарымен байланысқан компьютерлер жиынын
компьютерлік желі деп атаймыз.
Компьютерлік желілер құрылымы бойынша жергілікті, аймақты және аумақты
болып бөлінеді.
Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды (дискі, файл, принтер,
коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір – бірімен
байланыстырылған компьютерлер тізбегі.

■ Компьютерлік желі жұмыс істеу принципіне, аппараттық және
программалық қамтамасыз етуіне байланысты жергілікті (ЖКЖ) және
аумақты (АКЖ) компьютерлік желі болып бөлінеді.

1. Жергілікті желі.

■ Жергілікті желі шектеулі аймақтағы (бір бөлмеде, бір мекемеде, зауыт
немесе бекетте т.с.с) компьютерлерді біріктіреді.
■ Жергілікті желі құрудағы себеп - өндірістік процестерді
автоматтандыру, әр түрлі құжаттарды жедел өңдеу.

Егер жалпы желіге бір-бірінен айтарлықтай қашықтықтағы компьютерлер
немесе жергілікті желілер біріктірсе, онда мұндай құрылымды таратылған
немесе аймақтық желі деп атайды. Қазіргі кезде ірі компьютерлік желілер
саны жүздеген мыңдармен есептеледі.

Бір немесе бірнеше желілерді бір – бірімен өзара байланыстыру
желіаралық байланыс немесе ауқымды желі деп аталады. Ауқымды желі қала,
аймақ, ел, бүкіл Жер шарын қамтуы мүмкін.
2. ЖКЖ – нің физикалық негізі
Жергілікті желінің физикалық негізі
■ Компьютерді жергілікті желіге қосу үшін қажет: желі адаптері (желі
картасы), ол кейде кеңейтілген еркін слотқа қойылады немесе аналық
тақшамен (материнская плата) бірге болады және арнайы кабелді желіге
қосатын орын (разъем) болуы шарт
Шиналық топология – мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы
шинаға немесе магистральға (кабельге) қосылады. Дәл осындай тәсілмен
магистральға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау
процесінде тасымалданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларының
барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс
станциясы қабылдайды.
Жұлдыз тәрізді топология – мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін-
желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізудіжүзеге асырады.
Бұл топологияның артықшылығы – кез келген бір жұмыс станциясының істен
шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді.
Сақиналық топология – мұнда байланысу арналары тұйықталған сақина
бойында орналасады. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станцияларын
аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады.
Бұл топологияның кемшілігі – кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы
жалпы байланысты бұзады.

ЖКЖ - де ақпаратты тасымалдау үшін төмендегідей физикалық орта
қолданылады, ыңғайлы болу үшін байланыс түрлерінің салыстырмалы түрде
көрсетілген сипаттамасына көңіл бөлейік

Интернет сөзі әдетте, желінің физикалық деңгейін білдіреді, яғни бұл
сөзбен компьютерлерден, кабельдерден және де мәліметтерді тасымалдайтын
басқа құрылғылардан тұратын аппараттық жабдықтамалар жиынын атайды.

3. Желілік программалық қамсыздандыру.
➢ Желідегі компьютерлер жұмысын программа басқарады, ондағы барлық
компьютерлердің бір – біріне жіберетін және қабылдайтын ақпараттарды
араласпай, тиянақты жеткізілу үшін, олар бір тіл мен – ортақ ереже мен
байланыс жасау қажет. Осындай ортақ ереже желілік хаттама деп
аталады. Windows 2000 Professional операциялық жүйесі тұтынушыға әр
түрлі қызмет көрсететін бір пайдаланушыға арналған жұмыс станцияларын
серверлермен байланыстыруға есептелген.
➢ Желімен жұмыс жасағанда компьютер екі рол атқаруы мүмкін:
• Егер компьютер ақпарат алу үшін және сервиспен басқа
желідегі компьютермен байланысса, онда бұндай компьютер
жұмыс станциясы деп аталады.
• Егер компьютер басқа желідегі компьютерге ақпарат және
сервис берсе, онда ол сервер деп аталады.
Серверлер әр түрлі қызмет көрсетеді:
• Файлды сақтау және беру ( файлды сервер);
• Баспадан шығару (баспа сервері);
• Факс мәліметтерін беру және алу (факс – сервер);
• Электронды поштаны алу, сақтау және беру (пошта сервері);
• Сайттарды орналастыру (web - сервер);
Серверлер көрсеткен жұмысты қызмет деп атайды. Бір серверде бірден
бірнеше қызмет атқарылуы мүмкін.
Сервер белгілі бір қызмет атқару үшін ОЖ –гі сервер құрамындағы
программаны қосу қажет.
Сервер қызметіне қатынау үшін жұмыс станциясынан клиент деп
аталатын программаны қосу қажет.
Сервері бар, қызмет көрсететін, және клиент компьютерлері бар
жергілікті желі клиент – сервер технологиясында құрылған желі деп
аталады. Желідегі әрбір компьютермен осы функцияларды атқаруға болады,
бұндай компьютерлер тең қызмет атқарады. Бұндай компьютерлерді бір
ранголы деп атайды.
4. Windows XP ОЖ – ң желісі.
Компьютер желіге қосылғаннан кейін бірнеше рет іске қосылғанда
операциялық жүйе DHCP (Dynamic Host Configuration Protocol) серверін
іздейді. Мұндай типтегі серверлер компьютерлерге желіде бірін – бірі оңай
табу үшін адрес меншіктейді. Егер желіде DHCP сервері болмаса, онда
операциялық жүйе автоматты түрде қосылғаннан кейін басқа компьютерлерді
анықтай алатын режимге ауысады.
■ Сервер – ортақ пайдалануға арналған барлық ресурстарды қамтитын
компьютер. Ортақ ресурстарды пайдалану үшін сервер қосулы болуы
қажет. Желідегі жұмыстың көп бөлігін сервер атқарады.

Стандартты ОЖ файлды қатынау және баспа қызметіне кіреді.
Файлды қызмет. Файлды қызметтің міндеті басқа ДК –ге файлды оқуға,
өзгертуге немесе құруға мүмкіншілік жасау. Кейде көптеген компьютерлер бір
файлмен жұмыс істегенде олар бір - біріне кедергі жасауы мүмкін, сондықтан
оларға тек оқуға мүмкіншілік беру қажет. Ал ол үшін файлды қызмет қатынау
құқығын шектеу механизмін қолданады. Windows XP – де клиент қатынау үшін
шексіз каталогты (папканы) қолдануға болады. Әрбір каталогтың файлды
қызметтің конфигурациясы анықтайтын аты болады және оны ресурс деп атайды.
Әр ресурс үшін қатынау режимі анықталуы мүмкін:
• тек оқу – ақпаратты оқу, бірақ өзгертуге болмайды.
• толық еркін қатынау – ақпаратты оқуға, өзгертуге болады.
• пароль арқылы қатынау – белгілі ресурспен жұмыс істеу үшін пароль білу
қажет.
Баспа қызметі. Кейде барлық компьютерге принтер қою мүмкін емес. Осы
жағдайда бір компьютерге принтер қойылады да басқа компьютерлерге баспадан
шығу үшін қызмет атқарады. Бұндай жағдайды біз әсіресе компьютер
сыныптарында қолданып жүрміз.
5. Ауқымды компьютерлік желі.
Ауқымды желінің жергілікті желіден айырмашылығы жергілікті желімен қоса өте
алыс (жер шарының кез келген нүктесінде) орналасқан компьютермен жұмыс
істеуге болады.
Ауқымды компьютерлік желі логикалық үш компонеттен тұрады:
• Қолданушылардың жұмыс орны (жәй компьютерлер);
• Серверлер, әр түрлі қызмет атқаратын (күшті компьютерлер);
• Мәліметтерді беру желілері.
Ауқымды компьютерлік желі әр түрлі хаттамалармен жұмыс істей алады.
Кәзіргі уақытта ТСРІР хаттамасымен жұмыс істейтін, ауқымды желі – Интернет
(Internet) баршаға белгілі.
Енді оның тарихына қысқаша тоқталайық.
DARPA атты американ мекемесі 1966 жылы телекоммуникациялық желілердің
жобасын ұсынды. Онда компьютерлерді бір-бірімен өте үлкен қашықтықтар
арқылы біріктіріп, орналастырылды. Жүздеген мамандардың жұмыстарының
нәтижесінде 1969 жылы алғашқы аймақтық ARPANet компьютерлік желісі пайда
болды. Ол әскери мақсатта пайдаланылды және онда қашықтықта орналасқан
компьютерлерге түрлі программаларды жіберу, электрондық хабарламаларды
жіберу және жүйеге ену құқықтарын қолданушы жүзеге асыра алады.
Ал, 70-жылдары ARPANet принципі басқа аймақтарда орналасқан
компьютерлік желіліер енгізілді. Бұның жалғасы, яғни 80 – жылдары
Интернеттің пайда болуына әкеліп соқты. Онда жұмыстың жалпы протоколдары
қамтамасыз етілді.
Бүкіләлемдік желінің даму тарихын 4 кезеңге бөлеміз:
І кезең (1969-1983 жж.) Бұл кезеңде ARPAInternet желісі пайда болды. Ол
әскери және ғылыми салаларға пайдаланылды. Бірақ оның деренктерді жіберу
каналының дамуы өте әлсіз болды. Сондықтан жоғары бағалы компьютерлермен
жұмыс жасау қиындық келтірді.
ІІ кезең (1983-1989 жж.) Мұнда ARPANet 185 компьютердің орталығына айналды.
Ол орталықтар АҚШ-да, Англияда және Норвегияда орналасқан. Желілір бойынша
деректерді жіберу телефондық каналдар немесе байланысты спутниктік
каналдары арқылы жүзеге асты. Сонымен, бұл кезеңде жұмыс протоколдары
жетілдірілді.
ІІІ кезең (1989-1994 жж.) Бұл кезең WWW қызметінің пайда болуымен
байланысты. Деректерді жіберу мен қарым-қатынас басқа кезеңдермен
салыстырғанда анағұрлым ықшамдала бастады. Ал 1986 жылы бүкіләлемдік
компьютерлік желі Интернеттің пайда болуы деп жарияланды. Аталған жаңалыққа
байланысты 1991 жылы ARPANet біртұтас желі ретінде қолданылмайтын болмайды.
90 жылдардың орта шенінде видеоконференция пайда болды. Ақпараттарды дыбыс
арқылы жеткізуде оның мүмкіндігін пайдалануға болады. Бұл кезең WWW
интерактивтік қызметі арқылы қарым-қатынастар тиімді болды және Интернетке
қосылған қолданушылар саны тез өсті.
ІV кезең (1994-1996 жж) Бұл кезең қолданушылар арасындағы қарым-қатынас
тәсілін арттырумен сипатталады. Мұнда көпөлшемді интерактивтік модель VRML
пайда болды.
Үшінші және төртінші кезеңдер аралығында Ресейде Интернет желісі
қолданыла бастады. Ресейде 1990 жылы Совам Телепорт компаниясы
электрондық хабарларды жеткізу (off line) мүмкіндігімен шектелген
бүкіләлемдік желіге ену кезең басталды. Ал 1994 жылы хабарларды өңдеу,
жіберу және қабылдап алу процестерін қамтамасыз ететін on line режимі пайда
болды.
Интернет желісін сипаттау үшін оны телефон жүйесімен салыстыру
қалыптасқан. Жалғыз телефон компаниясы болмайтыны сияқты Интернет
компаниясы да тек біреу емес. Дүниежүзілік немесе мемлекеттік телефон
жүйесінің иесі кім? Ешкім де емес. Әрине, оның бөліктерін біреулер
иеленеді, бірақ жүйеге толық ешкім ие емес, бұл жүйе өзара келісімарқылы
ортақ пайдалануға арналаған. Дүниежүзіндегі ірі телефон компаниялары
бірігіп, телефон жүйесі қалай пайдаланатыны жөнінде келісіп отырады, яғни
әр елдің кодын, төлейтін ақшасын, мұхитаралық кабел құнын - кімдер, қалай
бөлісіп көтеретінін және де әр елдің телефон жүйесінің қосылу техникалық
мәселелерін бірігіп анықтап отырады. Интернет желісі де дәл осы телефон
жүйесі тәрізді басқарылады.
Интернетті пайдаланудың нақты себептері өте көп. Мысалы: сіздің
Бурабайға барып дем алғыңыз келіп отыр, сол жердегі аквалагпен жүзуге
ыңғайлы орын туралы білгіңіз келеді дейік. Олай болса, scuba (акваланг)
жаңалықтар тобын қарап шығу керек, мүмкін сонда демалған біреу мәлімет
берген болар, әйтпесе сұрағыңызды сонда енгізіп күтіңіз. Біреу сізге жауап
беріп қалар (үлкен ықтималдықпен жауап алатыныңызға сенгіміз келеді).
Интернеттің бар мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтерді де түгел айтып беру
қиын. Оның үстіне күнбе-күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп жатады.
1990 жылдан бері интернет өз көлемін жыл сайын екі есе арттырып отыр.
Қазіргі кезде желлер коммерциялық негізде жұмыс істейді, бірақ оны
халықаралық ISOC (Internet Society) қоғамдық ұйымы бақылайды. Интернет
құрамына кіретін әр түрлі компьютерлердің бір – бірімен үйлесімді түрде
байланысып, өзара мәлімет алмасуы ТСРІР хаттамалары көмегімен жүргізіледі.
(Интернеттің шығу тарихын айту қажет)
Интернет жүйесі аппараттық және бағдарламалық жабдықтамалардың
көмегімен электрондық пошта жұмысын ұйымдастырып, электрондық
хабарландырулар, жарнамалар беру, телеконференциялар өткізу тәрізді әр
түрлі ақпараттық қызмет түрлерін көрсетеді.
Интернеттен басқада ауқымды желілер бар:
• Fidonet - эксперименталь желі, қолданушы – энтузиасттар құрған;
• Үлкен компаниялардың корпаративті желісі, мысалға SCN (Siemens
Corporate Network)
6. Интернетпен байланыста физикалық принципі.
Тікелей ауқымды желімен байланыс өте қымбат, сондықтан компьютерлер
Интернетпен интернет – провайдер арқылы байланысады.
Интернет – провайдер – бұл компьютерлік торап (узел), клиент
компьютерлерді әр түрлі байланыс тізбегін қолданып Интерентпен қосуға
мүмкіншілік жасайды.
Сондықтан клиент компьютерде Интернетпен жұмыс істеу үшін байланыс
тізбегімен қосатын жабдық болса болғаны.
Кез келген компьютерді Интернетке қосып, электронды поштаның,
бүкіләлемдік өрмектордың немесе басқа да желі қызмет түрлерінің тұтынушысы
болып тіркеуді желі
қызметін ұйымдастырушылар – провайдерлер орындайды. Олар ірі қалаларда,
жердің жасанды серігі көмегімен байланыс және желілі байланыс тораптарында
орналасқан. Қазір Қазақстанда 20 – дан астам операторлар интернет провайдер
қызметін орындауда. Олардың ірілеріне Нұрсат, Қазақтелеком, Алтел
және СА телеком жатады.
Провайдермен қосу үшін төмендегідей байланыс түрлері болады:
Модем арқылы байланыс.
Модемдер жай телефон арналары арқылы Интернетке қосылып, онымен
мәлімет алмасу мүмкіндігін береді. Модем деген сөз осы құрылғының
қызметіне байланысты шыққан, ол модулятордемодулятор сөздерінің қысқаша
түрі. Модем дербес компьютерден шыққан цифрлық сигналдарды жалпы телефон
арналары арқылы тасымалданатын аналогтық сигналдарға түрлендіреді. Ал
екінші модем қабылданған сигналдарды қайтадан цифрлық формаға ауыстырады.

Модеммен жабдықталған кез келген компьютер иесі телефон арқылы
провайдермен байланысып, интернет жүйесі қызметін пайдалана алады.

Қарапайым модемге қарағанда ADSL модемі сигнал құрмайды, бірден
телефон тізбегі арқылы сан түрінде береді. Бұл модемнің тағы бір
өзгешілігі Интернетпен байланыста телефон бос болады. ADSL - байланыстың
теориялық жылдамдығы(провайдерден қолданушыға дейін) 7 Мбайтс (ал шын
мәнінде 1 Мбайтс).
Аумақтық (кампусты) жергілікті желі – Global Ethernet. Аумақтық (кампусты)
жергілікті желі Интернетті шлюз арқылы байланысады.Әр түрлі желілерді
түйістіруді шлюз деп атайды. Шлюздер бір желіден қабылданған деректер
форматын басқа желідегі деректер форматына түрлендіреді.
Корпаративті желі иелері, Интернетке байланыстың кең мүмкіндігін
қолдану мақсатында қосылады. Бұл жағдайда корпаративті желіге рұқсат
етілмеген сырттан қосылудан қорғау мәселесі туындайды. Осындайда шлюздік
компьютер желі әкімдігі рұқсат берген ақпаратты ғана өткізуді қамтамасыз
ететін бранмауэр рөлін атқарады.

Ұялы байланыс арқылы Интернетке шығу технологиясы.

ҰЯЛЫ қатынау. Бұл байланыс көп жағдайда жалпыға ортақ орындарда
(аэропорт, қонақ үйі, сауда орындары, офистер, клубтар) қолданылады.
Интернетпен жұмыс кезінде ірі компаниялардың, фирмалардың қызметшілері бір
орыннан екінші орынға ауысып отыруына байланысты.

Интернеттің көрсететін қызметі. Интернеттің көрсететін қызметі алуан
түрлі, соның ішінде кең танымал:
• Электронды пошта (e-mail) – Электронды хатты алу және жіберу;
• Алыс компьютерден файлдарға қатынау қызметі (ҒТР);
• Әлемдік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік желіні үйрету
Компьютерлік желі түсінігі
Ауқымды компьютерлік желі
Ағылшын тілін оқытуда интернет мүмкіндіктерін пайдалану
Орта мектептегі жаратылыстану пәндерін оқытудағы мултимедиялық кабинет мүмкіндіктері
ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСНАМАСЫ
Мектепте Интернетті оқыту әдістемесі
СЫНЫПТАН ТЫС УАҚЫТТА МАТЕМАТИКАДА ДИФФЕРЕНЦИАЛДАП ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІН ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ
Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологиялар
Ағылшын тілі сабағындағы интернет-ресурстарын қолдану
Пәндер