Қазақтың билерімен батырлары



1 Қаз дауысты Қазыбек Келдібекұлы
2 Төле би (1663.1756)
3 Әйтеке би (1683 . 1722)
4 Бөгенбай батыр (1690 . I778)
5 Қабанбай батыр
6 Наурызбай батыр
Қаз дауысты Қазыбек Келдібекұлы (1667, Сыр бойы-1764, қазіргі Қарағанды обл. Қарқаралы ауд. Теректі бұлағындағы қыстау, бұрынғы деректерге 1665-1765) қазақ халқының 17-18 ғасырлардағы үш ұлы биінің бірі, көрнек қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан. Арғы
Аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек есімдері елге белгілі әділ билер болған. Қ.д.Қ-тің оқыған жерлері, алған білімі туралы гнаұты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме-аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәсімдерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көрген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғарғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би әз-Тәукенің тұсында хан кеңесінің тұсында хан кеңесшісінің бірі болса, кейін Сәмеке, Әбілмәмбет, Абялай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта хандарға ақыл-кеңестер беріп отырған .

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қаз дауысты Қазыбек Келдібекұлы
Қаз дауысты Қазыбек Келдібекұлы (1667, Сыр бойы-1764, қазіргі
Қарағанды обл. Қарқаралы ауд. Теректі бұлағындағы қыстау, бұрынғы
деректерге 1665-1765) қазақ халқының 17-18 ғасырлардағы үш ұлы биінің
бірі, көрнек қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын
тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан. Арғы
Аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек есімдері елге
белгілі әділ билер болған. Қ.д.Қ-тің оқыған жерлері, алған білімі
туралы гнаұты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме-аңыздар мен
биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі,
халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәсімдерін, ата жолы
заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көрген, батыл
да батыр адам болғандығын айқын аңғарғандығын айқын аңғартады.
Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі
еткен. Би әз-Тәукенің тұсында хан кеңесінің тұсында хан
кеңесшісінің бірі болса, кейін Сәмеке, Әбілмәмбет, Абялай ел
билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-
сыртқы саясатта хандарға ақыл-кеңестер беріп отырған .
Төле би (1663-1756)
XVIII ғасырдағы ұлы тұлғаның бірі – Үйсін Төле би. Ол Әз Тәукенің тұсында
Жеті жарғы атты заң жобасын жасаған қоғам қайраткері, ел ағасы. Төле
Әлібекұлы қазіргі Жамбыл облысы Шу ауданының Жайсаң жайлауында дүниеге
келген. Қазақ шежіресінде: Дулаттан Жаныс, одан Жарылқамыс, Жарылқамыстан
Жанту би, одан Жайылмыс би, одан Құдайберді би (Тоғыз ұлды Құдайберді деп
те аталады). Сол тоғыз ұлдың бірі Әлібектен Төле би туады. Төле жастайынан
ескіше оқып сауатын ашады. Арабша, парсыша тарихи кітаптарды, аңыз, хисса-
хикаяларды көп оқиды. Бір жағынан қазақтың аңыз-әңгіме, өлең-жырларын,
шежіре-тарихтарын ел арасынан тыңдап, әсіресе өзінің бабалары Жанту,
Жарылқамыс билердің кесімді, тапқыр, өнегелі нақыл, шешен сөздерін ойында
сақтап өседі. Төленің әкесі Әлібек те сөзге ділмар шешен би болған кісі.
Төле бала әкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт таниды. Он бес жасынан ел
билігіне араласып, өзінің ақыл, парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік
өнерімен көзге түседі.
Ол жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын
алады.
Төле бала Әнет бабаға барыпты. Жасы жүзге келіп отырған Әнет баба ынтымақ,
ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Қалай еткенде бірлік болады, оның
күші қандай болмақ дегенді сұрайды. Сонда Әнет баба әуелі жауап айтпас
бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады.

Әйтеке би (1683 - 1722)
Әйтеке (шын аты Айтық) Бәйбекұлы кіші жүзден шыққан қазақтың атақты шешен –
биі.
Қазақ шежіресінде Жанарыстың бір аталарынан Алшын, одан сарыбас, Пұсырман,
Шіңгір, Төртқара шығады. Төртқарадан Қарашы, одан Сейітқұл. Сейітқұлдан
сегіз бала болған. Соның бірі кезінде Самарқанды билеген Жалаңтөс батыр
еді. Әйтеке сол жалаңтөстің немересі. Ақшаның үшінші баласы Бәйбектен
туған. Ақша Жалаңтөс батырдың әкесі бір, шешесі бөлек туысы екен.
Әйтекеге шешендік, тапқырлық өнер бала кезінен дарыса керек. Қозы бағып
жүрген жас кезінде Әйтеке үш аттылы жолаушыға жолығады:
- Ассалаумағалейкүм, ағалар?
- Әликімүссалам. Кімнің баласысың?
- Бәйбек баласымын.
- Бәйбектің баласы болсаң, білетін шығарсың, Қосуақ бидің ауылы қайсы?
- Айтайын, онда не шаруаларыңыз бар еді?
- Ойнап жүрген баламызды осы елдің бір адамының аты теуіп өлтіріп, соған
құн даулап Қосуақ биге жүгінгелі келеміз.
- Қосуақ бидің үйі анау тұрған боз үй. Егер балаңызды ат босағада тепсе
бүтін құн, жабықта тепсе жарты құн, түзде тепсе төрттің бірін аласыздар.
Қосуақ би де осыны айтар, осылай демесе осып айтар, жолдарыңыз болсын,-
депті әлгі бала.
Үш жолаушы Қосуақ бидің үйіне түседі. Әңгіме, билік сөз басталады. Би
айыпкерді алдырады. Бүтін құн алмақ болған баланың әкесі:
- Баламды ат босағада тепті,- десе, екінші даукес:
- Жабықта тепті,- депті. Би айыпкерге сөйле дейді. Сонда айыпкер:
- Атым босағада да, жабықта да тұрған жоқ. Анадай жердегі кермеде байлаулы
тұр еді. Біз үйде шай ішіп отырсақ, апыл-тапыл басып жүрген жас бала, аттың
артына барып, құйрығынан ұстай бергенде, ат теуіп өлтіріпті. Бұған мен
кінәлі емеспін. Баланың шешесі кінәлі.
Сонда Қосуақ би:
- Баланы ат босағада да, жабықта да емес, түзде тепкені анықталды. Айыпкер
құнның төрттен бірін төлесін,- деп билік айтыпты. Сонда өлген баланың
әкесі:
- Япырым-ай, осы билікті бізге жолда кездесіп, жөн сілтеген бір қойшы бала
айтып еді. Түбінде сол бала елді аузына қаратқан би болар,- деген екен.
Әйтеке би үш жүзге озық, алғыр және терең ақылымен, тапқыр да ділмәр
шешендігімен, әділ және түзу бидігімен белгілі болған қоғам қайраткері.
Қазақ халқының қайғысына қайғырған, қуанышына қуанған, соғыста қолына қару
алып алғы шепте жүрген жауынгер ұйымдастырушы.
Әйтеке Күлтөбедегі үш жүздің құрылтайына қатысқанда 25 жас шамасында екен
деп шегелейді шежіреші қарттар. Шынында да үш бидің кішісі Әйтеке болған.

Бөгенбай батыр (1690 - I778)

Батырлығы мен қолбасшылық дарыны арқасында Бөгенбай үлкен құрметке бөленіп,
ерлігі ел аузында аңызға айналып кетті. XVIII ғасырдың бірінші жартысында
қазақ даласын қорғауда Бөгенбай батыр қамал бұзар қайратымен көзге түсті.
Олжабай, Қабанбай, Малайсары секілді дарабоздармен қоян-қолтық Көксерке
атын борбайлап, қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы талай қанды
айқастарға қатысты. Бөгенбайдың қалмақтармен және қытай әскерлерімен болған
қиян-кескі шайқастарда көрсеткен қайраты сол кезеңдегі жорық жырауларының
толғауларында мәңгі өшпес өлең тілімен өрнектеліп қалды. 1725-1727 жылдары
Бөгенбай батыр Абылай ханмен бірге қазақ қолын басқарып, осы ұрыс
нәтижесінде ойсырай жеңілген онсон қалмақ әскері Түркістан мен Саураннан
Жоңғар Алатауының арғы жағына қуылған болатын. 1756-1758 жылдары Бөгенбай
батыр Талқы түбінде Шығыс Түркістанға алғаш рет аяқ басқан қытай әскерімен
қиян-кескі шайқасқа қатысты. Бұл ұрыста ол қытайларды қыра талқандап,
Үрімшіге дейін қуып барды.
XVIII ғасырдың отызыншы-қырқыншы жылдары Бөгенбай батыр, көрші елдермен
келіссөздер жүргізу мәселесіне етене араласқан. Оның Кіші жүз елімен жиірек
қатысуында да бір мән бар. Біріншіден, орыс әкімшілігі арқылы қалмақ-
башқұрт елдерінде тұтқында жүрген сарбаздарын қайтарып алу мәселесі болса,
екіншіден, Ресей патшасымен одақ құрудың келешегі қалай болар екенін
бағдарлау. Бұл тұста қазақ елінде іргелі хан ретінде Әбілқайыр ғана белгілі
еді. Оның орыс әкімшілігімен жүргізіп жүрген келіссөздері бірде нәтижелі,
бірде аяқсыз қалып келе жатқанын Бөгенбай батыр секілді қолбасшылар бақылап
отырды. Бұл кездің тағы бір ерекшелігі – ел ішінен жиналған саңлақ
сарбаздарды халық арасында абырой-беделі бар батырлар басқарды. Қолбасы
батырлар халықтың ұлы жиын, үлкен кеңесінде жалпы бұқараның ұсынысымен
тағайындалды, осындай кеңесте 1710 жылғы Қарақұмда Бөгенбай батырды бүкіл
халықтың қалауымен қазақ жасақтарының қолбасы етіп сайлайды. Осы жасақтар
әзірлігінің арқасында, қару-жарағы мол жоңғар әскерлеріне тез арада
ойсырата соққы беріп жүрді.
Бөгенбайдың нағыз толысқан шағы – батырлығына қоса от ауыз, орақ тілді
шешен кезі еді. Осы уақыттарда сыртқы жаумен жекелеген ұрыс-шайқастарда
бірқатар жеңістерге жетіп, бүкіл алашқа аты шығып, даңқы артқан болатын.
Бөгенбай батыр ұрыстарда ұдайы жүрмеген адам, елінің алды-артын болжаған,
халқының келешегін көп ойлаған абзал жан. Жас кезінде шайқастарда
батырлығымен көзге түссе, өз елінде қолбасшылығымен, ұйымдастырушылық
қабілетімен сыйлы болған.
Бөгенбай жорықтарын, қоғамдық істерін, негізінен, бес кезеңге бөлуге
болады:
1. 1696-1697 жылдары жоңғар қалмақтарымен шайқастары,
2. 1710 жылғы Қарақұмда бүкіл қазақ елі жасағының қолбасы болуы,
3. 1723-29 жылдардағы қазақ елінің жоңғарлардан жаппай жеңілісі мен онан
кейінгі халқымыздың сыртқы жауға берген тойтарыстарын ұйымдастыру,
4. 1731-1735 жылдардағы орта жүз бен Ресей қарым-қатынасын ыңғайластыру
шараларын жүзеге асыру,
5. 1750-1760 жылдардағы Алтай-Тарбағатай, Жетісу жорықтарын ұйымдастыру.
Бөгенбайдың батырлығынан басқа ақылгөй-көрегендігін, мейірбан-адамгершілігі
жоғары, бейбіт жан болғандығын байқауға болады. Бұл жағынан ол Төле бимен
дәмдес қана болмаған, пікірлес дос болған. Жігіттік, ерлікті айтсаң
Бөгенбайды айт! деп Тәттіқара жырау жырлағандай, қазақ халқы өзінің даңқты
ұлының тұлғасын мәңгі жүрегінде сақтап, ауыздан-ауызға таратуда.
Бөгенбай батыр 1761 жылы Абылай ханның ұлы Әділ жүргізген Қытай империясы
мен Қазақ хандығы арасындағы келісімге де барған. Қазақ халқының бостандығы
мен тәуелсіздігі үшін жоңғар шапқыншыларына қарсы шайқастардағы Бөгенбай
батырдың жетістіктері Ресеймен достығымызды нығайтып, біріккен одақ құруға
септігін тигізді. Бұл қазақ пен орыс халықтарының арасындағы достық пен
бірліктің бастамасы болып табылады.
Оның ерліктеріне деген құрмет ретінде батырдың денесі Түркістан қаласындағы
дүние жүзіне әйгілі Қожа Ахмет Иассауи Кесенесінде жерленген, басына
граниттен құлпытас қойылған.

Қабанбай батыр

Мәмбет – Қожақұл, одан Қабанбай батыр туылған. 1691 жылы етегі Алакөлге
малынып жатқан Тоқта-Барлық тауының маңында, Барқытбелдің күнгей жағына
орналасқан Мәмбет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шақшақұлы Жәнібек
Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен атақты батырлары
Әбілхайырдың тарих сахнасынан көріне бастауы
Қазақтың төреші, әрқашан әділ Төле биі
Әбілқайыр (Әбілқайыр Мұқамбет Ғази баһадур хан) (1693 — 12.08.1748)
Әбілқайыр хан (1693 - 1748)
Керей хан - қазақ хандығының негізін қалағандардың бірі
Қазақ халық биінің даму тарихы
Жоңғарлар мен қазақтардың арасындағы қақтығыстар пен отан соғысы туралы мәліметтерді зерттеп сараптау
Орыс бақылаушысы
Пәндер