Орта ғасырдағы Қазақстан



І Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім

1. Орта ғасырдағы Қазақстан қалалары
2. Қазақстан аумағындағы мемлекеттер(І. ХІІ ғ.ғ.)
3. І ғ. Мен ІХ бірінші жартысындағы қалалармен мекендер.
4. ІХ ғ. Екінші жартысы мен ХІІІ ғ. Бас кезіңдегі қалалар мен мекендер

ІІІ. Қорытынды
І Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
VІ-ХII ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Исфиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Олардың көтерілуі таптық қоғамның шығуының айқын көрінісі еді.
Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі Исфиджаб қазіргі Сайрам болды. Оның толық сипаттамасын әл-Макдиси берген. Исфиджао ірі қала, деп жазды сицоның раоады (қүзеті) мен тұратын мединасы бар. Онда (мединада) төбесі жоқ базарлар, мата базары мен үлкен мешіт бар. Оның төрт қақпасында Пуджакент қақпасы, Фархан қақпасы, Щахраны қакпасы Бухара қакпасы, әр какпаның жанында пабады бар". Исфиджабта шығысқа қарай т.б.
Қазақстандағы Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қалаларының бірі - Отырар. Араб-парсы деректемелерінде Отырар қаласы Фараб, одан бұрын Тарбан (Трабан) деп те аталған. IX ғасырдың бас кезінде арабтар Фадлибн Сахлдың басқаруымен Отырар аймағын басып алуға тырысты. Ол шекаралық әскерінің бастығын өлтірді және Қарлұқ жабғуының ұлдарын қолға түсірді деп хабарлайды деректемелер VII-VIII ғасырларда Отырар шахристаны мұнарлары бар дуалдармен қоршалған. Бұл дуалдар қайта салынған түрінде ІХ-Х ғасырларға дейін сақталған. Отырар тоғыз жолдың торабында тұрған. Одан шыққан жолдың бір тармағы Шавгарға, екінші тармағы Сырдариямен жоғары өрлеп, оғыздар қаласы Сүткентті басып Шашқа, ал төмен қарай Жентке кеткен. Женттен Қызылқұм арқылы Хорезм мен Үргенішке қаражол тартылып, одан әрі Еділ бойымен Кавказға асып кететін болған.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім

1. Орта ғасырдағы Қазақстан қалалары
2. Қазақстан аумағындағы мемлекеттер(І- ХІІ ғ.ғ.)
3. І ғ. Мен ІХ бірінші жартысындағы қалалармен мекендер.
4. ІХ ғ. Екінші жартысы мен ХІІІ ғ. Бас кезіңдегі қалалар мен мекендер

ІІІ. Қорытынды
І Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

VІ-ХII ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар
сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан
жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Исфиджаб сияқты қалалар бой
көтерді. Олардың көтерілуі таптық қоғамның шығуының айқын көрінісі еді.
Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан
тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып,
байланысын үзген жоқ Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі
қалалардың бірі Исфиджаб қазіргі Сайрам болды. Оның толық сипаттамасын әл-
Макдиси берген. Исфиджао ірі қала, деп жазды сицоның раоады (қүзеті) мен
тұратын мединасы бар. Онда (мединада) төбесі жоқ базарлар, мата базары мен
үлкен мешіт бар. Оның төрт қақпасында Пуджакент қақпасы, Фархан қақпасы,
Щахраны қакпасы Бухара қакпасы, әр какпаның жанында пабады бар". Исфиджабта
шығысқа қарай т.б.
Қазақстандағы Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қалаларының бірі -
Отырар. Араб-парсы деректемелерінде Отырар қаласы Фараб, одан бұрын Тарбан
(Трабан) деп те аталған. IX ғасырдың бас кезінде арабтар Фадлибн Сахлдың
басқаруымен Отырар аймағын басып алуға тырысты. Ол шекаралық әскерінің
бастығын өлтірді және Қарлұқ жабғуының ұлдарын қолға түсірді деп хабарлайды
деректемелер VII-VIII ғасырларда Отырар шахристаны мұнарлары бар дуалдармен
қоршалған. Бұл дуалдар қайта салынған түрінде ІХ-Х ғасырларға дейін
сақталған. Отырар тоғыз жолдың торабында тұрған. Одан шыққан жолдың бір
тармағы Шавгарға, екінші тармағы Сырдариямен жоғары өрлеп, оғыздар қаласы
Сүткентті басып Шашқа, ал төмен қарай Жентке кеткен. Женттен Қызылқұм
арқылы Хорезм мен Үргенішке қаражол тартылып, одан әрі Еділ бойымен
Кавказға асып кететін болған.ХШ ғ. Жібек жолының бір бөлігі Сарайшық, Сарай-
Бату т.б. қалалардың үстімен жүрген,
Отырар аймағында болған бірнеше ұсақ қоныстар мен қалалардың бірі -
Кедер ІХ-Х ғасырларда оазистің астаналық орталық дәрежесіне дейін
көтерілген, мұның өзі саяси жағдайдың өзгеруіне және осы ауданның оғыздарға
бағынуына байланысты еді. Отырар өмірі Х-ХІІ ғасырлардан кейін де жалғасып,
оның орта Сырдария өңірінің экономи-касы мен мәдениетіне ыкпалы күшті
болған. Отырар көлемі жағынан орта ғасырдағы ең өскен қала болып саналады.
Қазақстанға белгілі болған орта ғасырлық қалалардың бірі - Тараз. Ол
жазба деректемелерде 568 жылдан бастап аталады. Византия императоры
Юстинианның елшісі Земарх Килликискийлі Батыс түрік кағаны Дизабул осы
Тараз қаласында қабылдаған. Шамамен 630 жылы Қытай саяхатшысы Сюань Цзан
таразды (далаесы) шеңбері 80-90лиге (4-4,5 км) жеткен маңызды сауда
орталығы деп сипаттайды. Олар көпестер қаласы деп аталған.
VII ғасырда Тараз Ұлы Жібек жолындағы ірі мекенге айналды. Оны
шапқыншылық кезінде түрік, қарлұқ, оғыз, тайпалары, араб және иран
жауынгерлерінің басып алып, талай рет ойранын шығарғаны жөнінде тарихи
мағлұматтар бар.
Х-ХІІ ғасырларда Тараз қаласының су құбырлары, сонымен қатар күйген
кірпіштен көпшілік үшін салынған моншасы болған.Оған жақын жерде Айша-
бибінің күмбезі көтерілген. Ол жақсы күйдірілген кірпішпен қаланып
безендірілген, қабырғаларына ою-ернектер салынған. Қатты қирап тек батыс
жақ қабырғасы мен бұрышы сақталып қалған бұл күмбез қазір қалпына
келтірілді. Тараз жеріндегі ортағасырлық сәулет өнерінің тағы бір
ескерткіші - Қарахан күмбезі. Өкінішке қарай, қираған күмбез XX ғасырдың
басында қайта тұрғызылып, соның салдарынан оның бастапқы жоспары бұзылып,
сәнді өрнектері өшіп кеткен. Бізге дейін жеткені тек оның суреті ғана.
Тараз Жетісудың саяси, экономикалық және мәдени өмірінің ірі орталығы
болған. Оның төңірегіндегі Талас, Асса сияқты өзендердің бойында Төменгі
Барысхан, Хамукент, Жікіл, Адахкент, Ден, Нуджикент, Құлан, Мерке, Аспара,
Жұл, Баласағұн, Барсхан қалалары мен қоныстары бір-біріне тізбектеліп
жалғасып жатқан. Сондай-ақ, Іле өзенінің алқабында Қойлық, Талхиз, Екі-оғыз
сияқты басқа да қалалар орналасқан. Жібек жолдың бұл аймақтағы бөлігі
Ферғаналық және Жетісулық бағыттарын қамтыған.
XI ғасырда Ясы (Түркістан) қаласы Шауғар округінің орталығы саналған.
Мұнда XII ғасырдың аяғында Ахмет Иассауи күмбезі салынып, қала діни
орталыққа айналады.
Сырдариядағы ірі кала Сығанақ. Казакстаның солтүстік мен солтүстік-
шығысына баратын керуен жолдарының қиылысында орналасқан ол XII ғасырда
қыпшақ бірлестігінің орталығы болды. Қазір Сығнақтың орнында Супақ-ата
жұрты бар.
Одан әрі Меркеге және Аспараға қарай шұбыра жолшыбай бірнеше қалаларға
соғып, Бедел мен Ақсудан асқан керуендер Шығыс Түркістанға барып жеткен.
Исфиджаб қаласынан солтүстікке қарай шыққан керуен жолы Қаратаудың
терістік бауырындағы Құмкент, Баба-ата, Созақ қалаларын, одан кейін Орталық
Қазақстан далаларын басып өтіп, Кеңгір, Жезді, Нұра, сондай-ақ Ырғыз бен
Ертіс аңғарларына, қимақ-қыпшақ тайпалары мекендеген аудандарға қарай
беттейтін болған.
■Маңызды сауда жолдарында керуен сарайлар, жолда құдықтар мен су қоймалары
орналасқан. Өзендерге көпірлер салынған. Қалаларда сауда орны, ірі базарлар
болған. Орта Азиядан шыны, асыл заттар, көп қолданылатын өнер бұйымдары,
жылқы малы т. б. шығарылып, Қытайдан жібек, фар-фор, керамика әкелінген.
Шеттен әкелінген бұйымдар меруерттен, лазуриттен, маржаннан жасалған немесе
солармен әшекейленген заттар табылды.
• қалалардың өсуі, өркендеуі, сауданъщ дамуы, шаруашылығы өнімдеріне
сұранымды арттырған. Мұның өзі егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына
себепкер болды. Жауын-шашынның аз болуына байланысты Қазақстанда егіншілік
көбінесе суармалы негізде дамыды.
ІХ-ХІІ ғасырларда Отырар өңірі суармалы егіншіліктің орталығы болды.
Мұнда егістік көп тармақты суландырмалы жүйемен жабдықталды. Су жолы Арыс
өзеніндегі су қоймасы арқылы жүргізіліп, оның бір саласы Отырар қаласына
келді екінші саласы Құйрық төбе, Алтын тебе, Жалпақ төбе, Марданкүйік
қалаларына барды. Отырарға баратын су жолы төңіректегі рабадтарды сумен
қамтамасыз етіп, сонымен бірге қаланың солтүстігіндегі алқапты суландырған.
Ал Сырдариядағы су жолы Сауран мен Сығанақты және сол жағалаудағы
Сүткентті, Аркөкті, Аққорған және Үзкентті сумен қамтамасыз еткен. Талас
жотасының тау баурайларындағы жерді суландыру үшін Бадам, Сайрамсу, Арыс,
Ақсу өзендерінің суы пайдаланылған.
Жер кетпен тәрізді темір шоттар және темір, не шойын ұштары бар, жер
жыртатын құралдармен өңделіп, егін ору темір орақпен жүргізілген. Дәнді
ұнтақтау үшін тас диірмендер қолданылған. Қолдан суару негізінде Жетісу
тұрғындары астық өсіріп, жүзім шаруашылығымен және шарап жасаумен
айналысты, бақша және бау дақылдарын екті. Таудың төменгі етектерінде
Талғар, Есік, Қаскелең, Үлкен және Кіші Алматы, Бақанас, Көксу, Лепсі
өзендерінің орта және төменгі ағыстарының бойында да суландыру құрылыстары
болған. Талас өзенінен Тараз қаласына тар-тылған су жолы арқылы қаланың
айналасындағы бау-бақшалар суғарылыш, гүлдеп тұрған.
Қазақстан жерінде халықтар өздерінің даму дәрежесіне қарай қолөнер
кәсібімен де шұғылданды. Феодалдық шаруашылығының біртіндеп ыдырауына әкеп
соқты. Құмыра хосаушылардың, шыны үрлеушілердің, зергершілердің, қару-жарақ
жасаушылардың, ұсталардың, ағашқа, сүйек-ке, тасқа өрнек салушылардың
істеген заттарына жоғары баға беріп арқа сүиеиді.

Феодаддық тәуелді ("қара халық", "қараша") деп аталды. Олар түрлі
борыш, міндеттерді, оның ішінде ең бастысы, әскери міндеті ("Қан салығы")
өтеуге тиісті болды. Төуелді тайпалар қағанға алым-салық төлеп тұрды. Үй
немесе семья құлдары болды. Батыс түрік қағандығындағы ішкі қырқыс оның
әлсіреуіне әкелді. VII ғасырдың аяғында Жетісуда қағаздықташ түркештер
(шулық) мен қара түркештер (желілелік) оқшау шықты. Қаған тағына қара
түркештердің өкілі отырды. 756 ж. Түркеш қағаңдығы VIII ғасырдың 2-
жартысының басында Алтайдан Жетісуға қоныс аударған түркі тілдес қарлұқ
тайпаларының шабуылынан соң құлады. Қарлұқ қағандығына (766-940) Жетісу мен
Оңгүстік Қазақстан тайпалары кірді. Олардың құрамындағы түркі тілдес
тайпалардың ішінде: тухси, шігіл және азкиш, халадж, чарук, арғу, барсқан,
оғыз, үйғырлардың бір бөлігі. Жетісу соғдылары болды. Қарлұқ қағандығының
шекарасы Жетісу мен Қашғадариядан Сырдарияның орта ағысы мен Ферғанаға
дейін созылды. Қарлұқтар Ұйғыр қағандығымен соғыс жүргізді. Ұйғыр қаған-
дығы қырғыздардың шабуылынан 840 ж. құлағаннан кейін қарлұқ тайпалар
бірлестігінің көсемі ябғу түріктердің жоғарғы билеушісінің лауазымы - қаған
атағын алғысы келді. VIII-IX ғасырдың басында қарлұқтар түркештердің соңын
ала бере арабтардың Оңтүсгік Қазақстанның жеріне жылжуын тоқтатты. Араб
халифатының құрамъна Оңтүсгік Қазақстанның бір бөлігі ғана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдістемелік нұсқау
Қазақ хандығы қүрылғаннан кейін XV-XVIІI ғ.ғ. Қазақтардың әлеуметтік және экономикалық жағдайын, таптық құрлымын жан-жақты сарапқа салып, талдау және қазақ қоғамындағы әлеуметтік топтардың жағдайы
Қазақтың ХІХ ғасырдағы мал шаруашылығы
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Тарихи деректерді жіктеу
Ислам діні және мәдени өрлеу
IX-XII ғасырлардағы қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуы
Шеберлердің керамика өнімдерінің белгілі бір түрлерін дайындау жөнінде мамандануы
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ШИЕЛЕНІС
Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы тарихи маңызы
Пәндер