Қазақ әдебиетіндегі шариғат негіздерінің көрінісі
КІРІСПЕ
ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
Қорытынды
ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
Қорытынды
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап, өзінің бұрынғы өткен тарихын, дінін, әдет-ғұрпын, рухани байлықтарын қайта қарап, олардың шынайы болмысын жаңа көзқараспен зерделеуді ғана емес, қоғам мен болашақ ұрпақтың кәдесіне жарату жағдайын ескере зерттеуге ден қойды. Әр түрлі ғылым салалары белгілі дәрежеде теориялық және практикалық тұрғыда сараланып жатқанда, қазақ әдебиеттану ғылымының алдында да әр-алуан өзекті мәселелер бой көтерді. Бүгінгі рухани мұраларымызды қайта сараптан өткізу кезеңінде қазақ әдебиеттану ғылымында теориялық, әдістемелік, тарихи мәселелерді зерттеу мәселесі алдыңғы кезекке шықты. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін кеңес империясының тоталитарлық идеялогиясы салдарынан ұзақ жылдар бір жақты бұрмаланып келген әдебиет пен мәдениетіміздің белгісіз беттеріне үңілу мүмкіндігі туды. Сан ғасырлардан атадан-балаға мирас болып келе жатқан рухани мұраларымызды бүгінгі күн талабына сай жаңаша бағамдау үшін мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы жасалды. Осы бағдарламаның алдына қойған мақсаты мен міндеттерін түсіндіру барысында еліміздің президенті Н.Назарбаев: «... ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманаттау – «Мәдени мұра» бағдарламасының басты мақсаты болуы тиіс», – деген болатын [1, 1]. Аталған мемлекеттік бағдарламаны негізге алатын болсақ, қазақ әдебиеттану ғылымының алдында тұрған кезек күттірмес мәселелер де жетерлік. Солардың бірі – қазақ әдебиетіндегі шариғат негіздерінің көріністері.
1 Назарбаев Н. «Мәдени мұра» бағдарламасы мемлекеттік бағдарлама болуы тиіс // Егемен Қазақстан. – 2003. – 29 қараша.
2 Алтынсарин Ы. Мұсылманшылықтың тұтқасы. (Шараит-ул-ислам. – Қазан. – 1884). – Алматы: ТПО Қаламгер, 1991. – 80 б.
3 الكتاب : الحدود الأنيقة والتعريفات الدقيقة. المؤلف : زكريا بن محمد بن زكريا الأنصاري أبو يحي
الناشر : دار الفكر المعاصر – بيروت. الطبعة الأولى ، 1411. تحقيق : د. مازن المبارك. عدد كل صفحات الكتاب 85 ص.
4 Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. – Алматы: Ғылым, 1994. – 288 б.
5 Құран Кәрим. Екі харамның қызметкері Фаһд патшаның Құран Шәриф басым комбинаты. – Почта құтысы 3561 Медине Мүнаууара Сауд Арабия. – 1991. – 604 б.
6 Құдайбердіұлы Ш. Мұсылмандық шарты. – Алматы: Қазақстан, Мерей, Ақиық, 1993. – 80 б.
7 Әбдіғазиұлы Б. Шәкәрім әлемі. – Алматы: Раритет, 2008. – 408 б.
8 Тұрғамбайұғлы М. Пайғамбарлар заманы. – Орынбор: Хусейн мәтбағасы, 1915. – 51 б.
9 Дербісәлі Ә. Ислам және заман. – Алматы: Дәуір, 2003. – 560 б.
10 Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. Хрестоматия. Екінші кітап. (Құрастырған және өмірбаяндық деректерді жазған филология ғылымдарының кандидаты А. Қыраубаева). – Алматы: Ана тілі, 1991. – 280 б.
11 Қыдыр Т. Орта ғасырдағы қазақ даласында ислами әдебиеттің тууы және қалыптасуы (ХІ-ХІІ ғғ.): филол. ғыл. канд. ... автореф. – Алматы, 2005. – 27 б.
12 Ахметбек А. Қожа Ахмет Иассауи. – Алматы: Санат, 1998. – 112 б.
13 Дәуітов С. Қазақ әдебиетіндегі Қожа Ахмет Иасауи дәстүрлері: филол. ғыл. д-ры. ... автореф. – Алматы, 2001. – 55 б.
14 Қожа Ахмет Иасауи. Диуани хикмет (Ақыл кітабы). Жинақты баспаға әзірлеп, қазақшаға аударғандар: М. Жармұхамедұлы, С. Дәуітұлы, М. Шафиғи. – Алматы: «Мұраттас» ғылыми-зерттеу және баспа орталығы, 1993. – 262 б.
15 Әбдуов М. Қазақтың діни эпосы: филол. ғыл. д-ры. ... автореф. – Алматы: Ғылым, 2006. – 48 б.
16 Қамзабекұлы Д. Алаш және әдебиет. – Алматы, 2002. – 474 б.
17 Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. – Алматы: Алаш, 2003. – Т. 2. – 432 б.
18 Торайғыров С. Екі томдық таңдамалы шығармалары. – т. 1. – Алматы: Ғылым, 1993. – 280 б.
19 Он ғасыр жырлайды. – Алматы: Дәуір, 2006. – 408 б.
20 Ізтілеуұлы Т. Шығармалары (Ғылыми басылым) –– Алматы: Дешті Қыпшақ баспа үйі, 2007. – 588 б.
21 Жұмабаев М. Шығармалар. 3 т. – Алматы: Білім, 1995. – 1 т. – 256 б.
22 Жансүгіров І. Шығармалары. – т. 1. – Алматы: ҚМКӘБ, 1960. – 566 б.

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасы
тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап, өзінің бұрынғы өткен тарихын,
дінін, әдет-ғұрпын, рухани байлықтарын қайта қарап, олардың шынайы болмысын
жаңа көзқараспен зерделеуді ғана емес, қоғам мен болашақ ұрпақтың кәдесіне
жарату жағдайын ескере зерттеуге ден қойды. Әр түрлі ғылым салалары белгілі
дәрежеде теориялық және практикалық тұрғыда сараланып жатқанда, қазақ
әдебиеттану ғылымының алдында да әр-алуан өзекті мәселелер бой көтерді.
Бүгінгі рухани мұраларымызды қайта сараптан өткізу кезеңінде қазақ
әдебиеттану ғылымында теориялық, әдістемелік, тарихи мәселелерді зерттеу
мәселесі алдыңғы кезекке шықты. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін кеңес
империясының тоталитарлық идеялогиясы салдарынан ұзақ жылдар бір жақты
бұрмаланып келген әдебиет пен мәдениетіміздің белгісіз беттеріне үңілу
мүмкіндігі туды. Сан ғасырлардан атадан-балаға мирас болып келе жатқан
рухани мұраларымызды бүгінгі күн талабына сай жаңаша бағамдау үшін
мемлекеттік Мәдени мұра бағдарламасы жасалды. Осы бағдарламаның алдына
қойған мақсаты мен міндеттерін түсіндіру барысында еліміздің президенті
Н.Назарбаев: ... ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды
түгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманаттау – Мәдени мұра бағдарламасының
басты мақсаты болуы тиіс, – деген болатын [1, 1]. Аталған мемлекеттік
бағдарламаны негізге алатын болсақ, қазақ әдебиеттану ғылымының алдында
тұрған кезек күттірмес мәселелер де жетерлік. Солардың бірі – қазақ
әдебиетіндегі шариғат негіздерінің көріністері.
ХІХ-ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық жайындағы біраз
мәселелердің басын ашып, жіктеп, саралау барысында біршама ғылыми
зерттеулер жазылды. Осыған орай аталған диссертациялық жұмыста көптеген
ақын-жазушылардың әдеби шығармашылығы жаңаша көзқараспен ғылыми тұрғыда
қарастырылды. Аталған кезең әдебиетіндегі шариғат негіздерінің көріністерін
соны көзқараспен зерделеу – бүгінгі әдебиеттану ғылымының өзекті
мәселелерінің бірі.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Құран Кәрім – қазақ және араб
халықтарының рухани ықпалдасуының негізгі қайнар көзі. Қазақ әдебиетінің
көркемдік көкжиегінің кеңеюіне үлес қосқан руханият көзінің бірі Ислам діні
екені белгілі. Ұлттық әдебиетіміздің көркемдік даму үрдісінде араб әлемінен
келген діни шығармалармен молығып, синтезделу үлгілерін зерделеп, ғылыми-
теориялық бағасын беру – қазақ әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелерінің
бірі.
Ұлттық әдебиетімізде Құран Кәрім хикаяттары, пайғамбар мен сахабалар,
халифалардың өмірі мен Ислам шариғаты негіздерінің көрініс табуы – рухани
мәдениетіміздің өркендеу тарихында, әдебиеттің көркемдік дамуында өзіндік
маңызға ие. Қазақ әдебиетіндегі діни мәселені сөз ету ұлттық сөз
өнеріміздің көне дәуірлерден бүгінге дейін үзілмей, жалғасып келе жатқан
қазақ-араб мәдени қарым-қатынасы дәстүрінің ғылыми-теориялық тұрғыда
кеңеюіне, өркендеуіне жол ашады.
Қазақстан дербес ел болып, экономикалық, рухани, мәдени дербес даму
жолына түскеннен кейінгі жылдарда әдебиет тарихына үңіле отырып, күні
бүгінге дейін діни сарында жазылған деп біржақты бағаланған мұраларымызға
қайта үңілу міндеті тұр. Тәуелсіз елдің қазақ әдебиеттануының алдында
тұрған өзекті де маңызды мәселенің бірі – әдебиеттегі шариғат негіздерінің
көріністерін зерделеу. Қазақ әдебиетіндегі шариғат болмысының күні бүгінге
дейін арнайы зерттеу нысаны болмағаны диссертациялық жұмыстың өзектілігін
айқындайды.
Зерттеу нысаны: диссертациялық жұмыста алға қойылған мақсат пен
міндеттерді орындау үшін, ХІХ ғасыр әдебиетіндегі діни мәселелерге арналған
Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердіұлы, М.Тұрғамбайұғлы және ХХ ғасырдағы діни
зерттеу еңбектер ретінде Халифа Алтай Ғақып ұлы, Ә.Дербісәлі, және т.б.
дінтанушылардың зерттеу еңбектері мен бірге Халифа Алтайдың қазақша
тәржімалауымен жарыққа шыққан Құран Кәрім негізге алынды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық зерттеудің негізгі
мақсаты – қазақ әдебиетіндегі шариғат негіздерінің көріністерін, діни
салаға арналып жазылған зерттеу еңбектерін зерделеу, Құран Кәрім
сюжеттерінің берілу жүйесін, қазақ әдебиетіндегі діни сарындарды анықтап,
кешенді түрде саралау. Осы мақсаттардың үдесінен шығу үшін мынадай
міндеттер қойылады:
- ұлттық рухани мұраларымыздың арғы-бергі тарихына көз жүгірте отырып,
дәстүр сабақтастығын саралау;
- Абай шығармаларындағы шариғат негіздері мәселелерін сөз ете отырып,
оның бастау көзін анықтау;
- Абай қалыптастырған мектептің қазақ әдебиеитіндегі көрінісін саралай
отырып, дәстүр ұласуын бағамдау;
- ХІХ-ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінде жазылған діни-зерттеу еңбектерді
саралау;
- ХІХ ғасыр әдебиетіндегі шариғат негіздерінің көріністерінің
әлеуметтік, мәдени, рухани болмысын зерделеу;
- ХХ ғасыр басында жазылған көркем шығармалардағы діни сарындардың
ішінен Құран Кәрім сюжеттері мен хадистерді, назымдар мен насихаттарды
екшеп, олардың әсерін көрсету;
- М. Көпеев, Ш. Құдайбердіұлы, Ақмолла, Әбубәкір Кердері, Шәді Жәңгір
ұлы, Нұржан Наушабаев шығармаларындағы классикалық шығыс әдебиетінің
исламдық көзқарастарының нақты көріністерін зерделеу;
- әлемдік әдеби дамуға тақырыптық-идеялық ықпал жасаған Құран Кәрім
кітабы мен ислам шариғатын, пайғамбар хадистерін қазақ сөз өнері тарихының
даму кезеңдерімен тығыз байланыста қарастыру;
- кеңестік дәуірдегі ақын-жазушылар шығармаларының мазмұны арқылы
ұлттық-халықтық мәдениетіміздің гуманистік, эстетикалық, көркемдік
табиғатын айқындау;
- ислам әсерімен шариғат негіздері тақырыбына жазылған
шығармалардың барлығын сопылық әдебиет деп атау қазіргі уақыт талабына
сай келмейтініне, бұл тақырыпты нақтылай түсу, ара жігін ашып арнайы
зерттеу қажеттігіне назар аудару;
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. Диссертациялық
жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізі ретінде қазақ әдебиеттанушылары
мен шетел ғалымдары ұсынған ғылыми еңбектер пайдаланылды. Түркітану ғылымын
зерттеуге өз үлестерін қосқан ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, қазақ
әдебиеттанушыларынан А. Байтұрсынұлы, М. Әуезов, Х. Сүйіншіәлиев, Б.
Кенжебаев, Ә. Марғұлан Ә. Дербісәлин, З. Ахметов, З. Қабдолов,
С. Қирабаев, Р. Бердібаев, Р. Нұрғали, С. Қасқабасов, Ш. Сәтбаева, М.
Базарбаев, Н. Келімбетов, А. Қыраубаева, М. Мырзахметов, Ә. Дербісәлі,
Ө. Күмісбаев, Б. Әбдіғазиұлы, С. Дәуітов, У. Қалижан,
Д. Қамзабекұлы, А. Жақсылықов т.б. ғалымдардың зерттеулеріндегі теориялық
тұжырымдар мен ғылыми ойлар зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізін
құрайды.
Зерттеу әдісі: Зерттеу барысында тарихи жүйелеу, әдеби талдау,
салыстыру әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Диссертациялық жұмыста күні бүгінге
дейін әдебиеттегі діни сарын деп аталып келген жайттар нақты зерттеу
нысанына алынды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы төмендегі бағыттардан
байқалады:
- Ислам дінінің қазақ әдебиетіне ықпалы жаңаша ғылыми-теориялық
негізде сараланды.
- Ұлттық әдебиеттегі шариғат негіздері көріністерінің бастау көзі
болып табылатын ежелгі дәуір мен орта ғасырдағы әдебиет нұсқаларынан бастап
бүгінгі қазақ әдебиетіне дейінгі аралықтағы біршама ақын-жазушылардың
шығармалары ғылыми негізде сарапталды.
- Абай шығармаларындағы шариғат негіздерінің көріністері әдебиеттанушы
ғалымдардың зерттеу еңбектеріне сүйене отырып сараланды.
- Қазақ әдебиетінің діни ағартушылық бағытын зерттеген ғалымдардың
еңбектеріне сүйене отырып, соны ғылыми тұжырымдар мен тың пайымдаулар
ұсынылды.
- Қазақ әдебиеті мен араб әдебиеті байланысының аясында ұлттық
әдебиеттегі Құран Кәрім сюжеттерінің, діни шариғат негіздерінің, “Қисас-уль-
Әнбия” әңгімелерінің көрініс табуы толыққанды ашылып көрсетілді.
- ХХ ғасыр басындағы қазақ ақын-жазушылары шығармашылығындағы шариғат
көріністерінің, діни сарындардың алатын орны ғылыми тұрғыдан салыстырылып,
діни сюжеттердің қазақ әдебиетіне ену жолдары халықтық дүниетаным негізінде
көркемдік шешім табуы зерделенді.
- Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиеті саралана келіп, жетпіс жылға жуық
тарихы бар аталған кезең әдебиетіне сол тұстағы қоғамдық ортаның кері
ықпалы болғаны нақты шығармалар негізінде ашылды.
Диссертацияның теориялық және практикалық маңызы. Қазақ әдебиетіндегі
ақын-жазушылардың шығармаларындағы Ислам дінінің әсері, діни сарындарды
саралай отырып, олардың көркем тілмен өрнектелген сөз өнеріндегі діни
өрнектердің табиғатын айқындау жұмыстың теориялық маңызын көрсетеді. Діни
сарындардың пайда болуы, ортақ тақырып пен идея, сюжеттік құрылымдық
сабақтастық мәселелерін анықтауда теориялық пайымдаулар жасалды.
Зерттеу жұмысының негізгі тұжырымдары мен қорытындыларын ХІХ – ХХ
ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихы бойынша арнаулы курстарды оқыту
барысында пайдалануға болады. Сонымен бірге қазақ әдебиетіндегі діни
сарындар мен шариғат негіздерінің көріністерін саралауға қатысты зерттеу
жұмыстары мен оқу құралдарын, оқулықтарды жазуда да көмекші құрал болады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
- Ежелгі әдебиет нұсқаларында Көк тәңіріге табыну басым болды.
- Ислам діні орнағаннан кейінгі әдебиетте Алланың хақ екендігі,
Мұхаммед пайғамбар мен Құран Кәрімде аттары аталған жиырма сегіз пайғамбар
мен сахабалар өмірі көркем әдебиетке арқау болды.
- Құран Кәрім – қазақ және араб халықтарының рухани ықпалдасуының
негізгі қайнар көзі.
- ХІХ-ХХ ғғ. әдебиетін зерттеуге арналған діни-зерттеу еңбектердің
талдануы аталған кезеңдегі қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық бағытты,
көркем шығармалардағы діни сарындарды саралауға, қоғамды имандылыққа
шақырған ақын-жазушыларымыздың діни-ағартушылық қырын толық ашуға мүмкіндік
береді.
- Қазақ әдебиеті тарихында діни-ағартушылық ағым өкілдерінің әдеби
мұраларындағы шариғат негіздерінің көріністерін саралау, бисмилә деп сөз
бастаған ақын-жазушыларымыздың шығармашылығына шынайы баға берілетіндігін
дәлелдейді.
- Дәстүр үндестігі сюжет төркіндестігінен көрінеді, әдебиеттегі діни
сарындар қалыптасқан дәстүрдің мәнін айқындауға мүмкіндік береді;
- ХІХ-ХХ ғғ. қазақ әдебиетіндегі Ислам дінінің негізі әлеуметтік,
мәдени, рухани болмыс арқылы көрінетін көркемдік шешім;
- ХІХ-ХХ ғғ. жазылған көркем шығармалардағы айып діншілдік, клерикал,
– деп саналып келген әдебиетіміздегі діни ағымдар жайлы, олардың өкілдері
туралы жазсақ та, шындығын айта алмадық. Сондықтан бұл зерттеу нысанына
алынған ақын-жазушылардың шығармаларындағы шариғат негідерінің көріністері,
Ислам дінінің белгілері олардың имандылық, ағартушылық рухында жазылған
туындыларынан айқын көрінеді;
- М. Көпеев, Ш. Құдайбердіұлы, Ақмолла, Әбубәкір Кердері, Шәді
Жәңгірұлы, Н. Наушабаев шығармаларындағы имандылық пен ағартушылықтың түп-
төркіні Ислам дініне барып тіреледі. Олардың көркемдік арнасы, идеялық
ұстанымы, сюжеттік бағыты ұқсас болып келеді.
- Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетінің біржақты саясатқа
бағындырылғандығы ғылыми негізде сарапталды.
Диссертациялық жұмыстың сыннан өтуі мен жариялануы. Диссертациялық
жұмыстың негізгі нәтижелері мен қорытындылары Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым саласындағы бақылау комитеті бекіткен ғылыми басылымдар мен
аймақтық, республикалық және халықаралық конференцияларда баяндалып,
олардың материалдары жинақтарда жарық көрді. Зерттеу жұмысы әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедраларының мәжілістерінде
талқыланып, қорғауға ұсынылды.
Диссертацияның құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден,
негізгі үш бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.
ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
Диссертациялық жұмыстың Кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі,
зерттеудің мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңалығы, теориялық маңыздылығы,
тәжірибелік мәні, зерттеу әдістері жүйелене айтылған. Зерттеу нәтижелерін
айқындайтын қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар аталып, жұмыс
қорытындыларының жариялануы мен сыннан өтуі көрсетілген.
Бірінші бөлім ХІХ-ХХ ғасырдың діни-зерттеу еңбектеріндегі шариғат
мәселелері деп аталады. ХІХ ғасырдағы діни зерттеу еңбектер
(Ы. Алтынсарин, Ш. Құдайбердіұлы, М. Тұрғамбайұғлы) атты бөлімшеде Ислам
діні мен шариғаты жайында жазылған ғылыми зерттеу еңбектер талданып
сараланады, оның негізі әуелі қазақтың көрнекті ағартушы ғалымы Ы.
Алтынсариннен бастау алатынын көреміз. Ы. Алтынсариннің Шараит-ул-ислам
атты кітабы – Ислам дінінің қағида-шарттарын қазақ балаларына арнап,
лайықты етіп жазған тұңғыш оқу құралы. Аталған оқулық кезінде қазақ
балаларының мұсылман дінінің ереже шарттарын үйреніп, біліп, оны өмірде
қолдануына дәнекер болса, кейін ұзақ жылдар бойы жарияланбай, зерттелмей
келді, атала қалған күннің өзінде дінді уағыздау деп түсіндіріліп, лайықты
көңіл бөлінбеді. Өнер-білімге, білім-ғылымға тартудың жолын Құран Кәрімнен
тапқан автор жаппай қазақ халқын білім алуға шақырады. Пайғамбарлардың өзі
ғылым жолында әр алуан жетістіктерге жеткенін нақты мысалдармен көрсете
отырып, әрбір адам баласының білімді болуын алға тартады [2, 38]. Қазақ
баласын оқу-білімге шақырған ұстаз өз ойын осылайша нанымды жеткізе білді.
Ы. Алтынсариннің еңбегінде қамтылған мәселелерден жасалатын түйін –
автордың ислам діні қағидаларының халыққа ең керекті, ең басты жерлерін
таңдап ала білгендігінде. Араб тіліндегі еңбектерде шариғатқа төмендегідей
анықтама беріледі:
. الشرع لغة: البيان واصطلاحا: تجويز الشيء أو تحريمه أي جعله جائزا أو
حراما. الشارع مبين الأحكام الشرعية والطريقة في الدين. الشريعة ما شرع الله
تعالى لعباده. المشروع ما أظهره الشرع والدين ما ورد به الشرع من التعبد
ويطلق على الطاعة والعبادة والجزاء والحساب. [3, 70]
Шаръ сөзінің тілдік мағынасы бір нәрсені баяндау, түсіндіру. Ал діни
терминдік мағынасы бір нәрсені рұқсат ету немесе оған тыйым салу. Басқаша
айтқанда бір нәрсенің адал не арам (харам) екендігін білдіру, баян ету.
Міне сондықтан да Әш-шаариъ сөзі діни үкімдердің баяндалуы. Ал шариғат
сөзі діндегі ұстанатын жол. Шариғат Алла тағаланың пенделеріне баяндап
түсіндіргендерінің жиынтығы.
Араб ғалымдарының шариғатқа берген анықтамаларын оқып, аудара отырып
Ыбырай Алтынсарин мен Шәкәрім Құдайбердіұлының өз еңбектерінде қазақ
халқына ислам діні туралы мағлұмат беруде оларды орынды пайдаланғандығын
атап өтуге болады. Бүкіл ғұмырын жас ұрпақты тәрбиелеуге, білім беруге
арнаған ағартушы ұстаздың қаламынан туған көркем туындылардың идеясы бір
танымға негізделеді. Ол біріншіден Жаратқан иені жадында ұстап отырады.
Екіншіден, не істесе де бір Аллаға сүйеніп жасауға тырысады. Оның Сөз
басын:
Бір Аллаға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық, –
деп бастауы да осыдан болса керек [4, 26].
Күллі адамзатқа арналаған Құран Кәрімнің ең алғашқы аяты –
اقْرَأْ بِاسْمِ رَبِّكَ الَّذِي خَلَقَ
Оқы. Сені жаратқан Раббыңның атымен [5, 137] – деп басталатынын
ескеретін болсақ, қасиетті Құран Кәрімнің өзінде ғылымға ерекше мән
берілгенін көреміз. Сондықтан да Ыбырай Алтынсарин шығармаларын зерттеген
зерттеушілер оның ағартушылық жағына баса назар аударған деуге негіз бар.
Мұсылманшылықтың тұтқасында пайғамбарлардың ғылымға ерекше көңіл бөлгенін
де қаламгер бар ыстық ықыласпен атауы да осыдан болса керек. Ендеше Ыбырай
қаламынан туған дүниелердің де түпкі идеясы бір болатындығы оның негізгі
мақсат-мүддесіне келіп саяды.
Ы. Алтынсариннің Өсиет өлеңдер атты өлеңінде адам баласының бір-
біріне бауыр екендігін, олардың ауызбіршілікте болу керектігін:
Бәріміз бір адамның баласымыз
Жігіттер бір-біріңе қарасаңыз, –
деп айта отырып, Құран Кәрімде аттары аталатын пайғамбарлар: Дәуіт,
Сүлеймен, Ілияс, Жүсіп және оның жары Зылиха сынды аттары аңызға айналған
тарихи кейіпкерлердің өмірлерін көркем баяндауынан араб әдебиеті мен
тарихынан хабардар етеді. Келтірілген мысалдар Ы. Алтынсариннің бала
тәрбиелеуде, жастарға білім беруде Құран Кәрімді негізге ұстап
отырғандығына мысал бола алады.
Адамдардың фәни мен бақидан құралатын екі бөлімді мәңгілік өмірдегі
жүріс-тұрыс ережелері адамгершілік-имандылық қағидалары соларды орындаудағы
тіршілік иелерінің жұмақ және тозақ атты орындарға баратын жолдары және
т.б. мәселелер сараланып көрсетіледі. Ал, Құран Кәрім сүрелерінің
аяттарында жұмақ (пейіш, бейіш ұғымдары айтылады. Мысалы Тұр сүресінің 1-14
аяттарында өтірікшілердің тозаққа тасталатыны, ал иманды жандардың жұмаққа
кіретіні айтылады:
وَالطُّورِ .1 وَكِتَابٍ مَّسْطُورٍ .2 فِي رَقٍّ مَّنشُورٍ .3 وَالْبَيْتِ الْمَعْمُورِ .4 وَالسَّقْفِ الْمَرْفُوعِ .5
وَالْبَحْرِ الْمَسْجُورِ .6 إِنَّ عَذَابَ رَبِّكَ لَوَاقِعٌ .7 مَا لَهُ مِن دَافِعٍ .8 يَوْمَ تَمُورُ السَّمَاء
مَوْراً .9 وَتَسِيرُ الْجِبَالُ سَيْراً .10 فَوَيْلٌ يَوْمَئِذٍ لِلْمُكَذِّبِينَ .11 الَّذِينَ هُمْ فِي خَوْضٍ
يَلْعَبُونَ .12 يَوْمَ يُدَعُّونَ إِلَى نَارِ جَهَنَّمَ دَعّاً .13 هَذِهِ النَّارُ الَّتِي كُنتُم بِهَا تُكَذِّبُونَ
14.
Тозаққа кіріңдер. Шындасаңдар да шындамасаңдар да сендерге бәрі
бірдей. Істегендеріңнің ғана сазайын тартасыңдар! Әрине тақуалар ұжмақтарда
ырысқа бөленеді. Раббыларының өздеріне берген нәрселерінің қызығын көреді.
Оларды Раббылары тозақтың азабынан қорғаған... Оларға бейіште қызығатын ет
пен жемісті молайтамыз [5, 524].
Ы. Алтынсариннің Мұсылманшылықтың тұтқасы еңбегінен кейін қазақ
тілінде дін ілімі туралы кітаптар шыға бастады. Соның бірі – Шәкәрім
Құдайбердіұлының Мұсылмандық шарты атты еңбегі. Шәкәрімнің бұл шығармасы
ислам, шариғат қағидаларын қарапайым халыққа түсінікті тілмен жеткізу
мақсатында жазылған екінші еңбек. Ы. Алтынсариннің Мұсылманшылықтың
тұтқасы еңбегіндегі имандылық мәселесін Ш. Құдайбердіұлы
Мұсылмандық шарты атты еңбегінде толықтыра түседі. Екінші кітапта
имандылық мәселелері кең ауқымда қамтылған. Оның басты ерекшелігі де осында
[6, 7].
Шәкәрім Құдайбердіұлы әрбір адам өзінің зердесімен, ойлау құралымен
нағыз жаратқан иенің шынайы түрде бар екендігіне нандыруға міндеттілігін
түсіндіреді. Бұған қол жеткізе алмаған күнәға батады және жын-шайтандардың
ықпалына тез түседі. Ол мұндай болжамның ақиқаттығын айқындауда Құран
Кәрімдегі:
وَمَا خَلَقْتُ الْجِنَّ وَالْإِنسَ إِلَّا لِيَعْبُدُونِ Жын мен адамдарды құлшылық қылсын
деп жараттым – деген аятқа арқа сүйейді. Алланың бірлігі идеясын
түсіндіруде Шәкәрім Құранның мынадай аяттарын қолданады Алла тағаланың
баласы жоқ және бір Алладан басқа Алла жоқ, егерде басқа бір Алла болса
әрқайсысы өзінің жаратқан нәрсесімен кетер еді де бірін-бірі жеңер еді.
Алла тағала мұндайлардан таза [5, 10]. Сонымен қатар Ш.Құдайбердіұлының
өлеңдеріндегі шариғат негізінің көрінісі зерделенеді. Ақын еңбектері
жайында ғалым Б.Әбдіғазиұлы: ақын шығармаларына шығыстық аңыздар, сюжеттер
ерекше ықпал етті. Ежелден келе жатқан классикалық сюжет желілерін
пайдалану жалпы бұл кезең әдебиеттің көп пайдаланған тәсілі болды.
Шәкәрімде осындай шығыстық сюжеттерге жиі қайырылып отырды. Бірақ ол бұл
қазынаға ерекше талғаммен қарады. Шығысқа тән ұғым –түсініктерге сын
тұрғысынан үңілді. [7, 3].
Шәкәрім поэзиясындағы шариғат тақырыбы күрделі мәселе, ақынның көп
қырлы дүниетанымдық көзқарастары адамзаттың жоғары құндылықтарын
айқындайтын маңызды мұралар. Талантты ақын, философ Ш.Құдайбердіұлының ұзақ
жылдар бойы ұмыт болып келген есімі мен шығармашылығы енді халық игілігіне
айналды. Оның шығармалары халқымыздың рухани қазына тарихына қосылып, оны
молайтты, байытты.
Ақынның шығыстық сюжетті көркем талғаммен екшеп таңдап алғандығын,
оны өз жүрегінен өткізе білгендігін атап өтеді.
Ы. Алтынсарин мен Ш. Құдайбердіұлының еңбектерінен кейін
М.Тұрғамбайұғлының Пайғамбарлар заманы атты еңбегі жарық көрді. Ислам
дінінің енуі, пайғамбарлардың өмірі мен қызметі жөнінде Мәнән
Тұрғамбайұғлының Пайғамбарлар заманы атты еңбегінде кеңінен сөз болады.
Ол жайында кітаптың Таратушыдан деп аталатын алғы сөзін жазған Халжан
Қоңыратбаев былай дейді: Бұрын балаларымыз ноғайша, аср сағадат оқығанда
көп сөзіне түсіне алмаушы еді. Сондықтан пайдасы да кем еді. Енді тәңірім
өзімізден жазушы берсе жазған кітаптарын біз әрленіп (үйреніп болу керек)
тарата бермейтін неміз бар. Түрік қауымының ішіндегі ең саф болып тұрған
жалғыз қазақ әдебиеті екен осы алтынды таза гауһардай қымбат қазақ
әдебиетіне қылған қызметіміз бүтін түрк қауымдарына қылған қызметіміз болып
табылады ғой [8, 3].
ХХ ғасырдағы діни зерттеу еңбектер( Халифа Алтай, Ә. Дербісәлі)
атты екінші бөлімшеде тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі аса құнды
еңбек –Халифа Алтайдың Құран Кәрім аударма-түсіндірмесі. Кеңестік дәуір
тұсында орыс әліпбиіне көшкені себепті араб-парсы, шағатай тілдерін жалпы
бұқара білмегенімен, Құран Кәрімді жүргізіп оқитындар тек молдалар мен
арабтанушылар ғана болып қалғаны мәлім. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында
көпшіліктің пайдалануына берілген бұл еңбек қазақ халқының аз уақыттың
ішінде ислам діні туралы сауатын тереңдетуге мүмкіндік берді.
Халифа Алтайдың осы саладағы келесі атқарған үлкен еңбегі – қазақ
тілінде шыққан шариғат пен парызды түсіндіретін кітаптары. 1991 жылы
Ыстанбұлда шыққан Меһмет Сойменнің Ғылымхал атты кітабын Халифа Алтай
өңдеп, толықтырып қазақшаға аударды.
Осы салада ерекше еңбек етіп жүргендер ғалымдардың бірі – Қазақстанның
бас муфтиі Ә. Дербісәлі. Арабтанушы ғалымның бұл жолдағы еңбегінің нәтижелі
болуының өзі оның түркі тектес халықтардың мәдениеті мен әдебиетін жақсы
білуінде деуге болады.
Бүгінгі таңда тек қана тыныштықты, бейбітшілікті мұрат ететін ең жас
ислам дінінің бүгіні мен болашағы туралы сан-алуан сауалдардың тұрғаны
мәлім. Елімізде өмір сүріп жатқан сансыз діндер мен секталардың негізгі
көздегені де ислам дінінің тамырына балта шабу екендігі жасырын емес. Осы
жөнінде ғалым былай дейді: Ислам жауларын мұсылман халықтарының ынтымағы,
бірлігі шошытатынын білеміз. Сондықтан олар оған осындай түрлі измдерді
жабумен бірге мұсылмандар арасына іріткі салып тарыдай шашырату, бөліп ал
да, билей бер әрекетінен айнымайды. Ислам діні – кері кету, өркениетке
төнген қауіп, – деп, жұртты дүрліктіруге де тырысады. Ал жат секталар мен
миссионерлердің зиянды әрекеттері туралы анда-санда ғана айтылады. Дін
туралы конференция, симпозиумдар бола қалса, әңгіменің бәрі Ислам қауіп-
қатері төңірегіне ауысып, жат жерліктердің жымысқы әрекеті жайына қалады
[9, 5].
Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдардың ішінде бұл еңбектердің қатары күн
санап толығып келе жатыр. Оның бір мысалы ретінде белгілі дінтанушылар
Қ. Жолдыбайұлы, М. Исаұлы Ислам ғылымхалы, Қ. Жолдыбайұлы Ақиқат шуағы
атты еңбектерін ерекше атауға болады. Себебі Ислам ғылымхалын ХІХ
ғасырдағы Ы. Алтынсарин мен Ш. Құдайбердіұлы еңбектерінің және Халифа
Алтайдың жоғарыда сөз болған Ғылымхалының заңды жалғасы ретінде
қабылданады.
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетiндегi шариғат көрiнiсi атты екінші
бөлімде қазақ әдебиетінде шариғат негіздерінің көрінісіне арқау болған
дәстүр сабақтастығының кезеңдік даму сатылары мен оның көріністерін
зерттеуге арналған қарастырылған ғылыми еңбектер зерделенді. Сонымен қатар
Абай шығармашылығындағы шариғат көріністері арнайы зерттеу тақырыбына арқау
болды.
Қазақ әдебиетіндегі дәстүр сабақтастығы атты алғашқы бөлімшеде қатар
қазақ әдебиетіндегі дәстүр сабақтастығының бастау көзі саналатын бірсыпыра
ежелгі әдебиет нұсқалары зерделенеді. Аталған дәуір әдебиетін зерттеуші
ғалымдар сақтардың қаһармандық дастандарынан Алып Ер Тоңға мен Шу
дастанын, ғұндардың батырлық жырларынан Атилла, Көк бөрі, Ергенекон
дастандары мен Хуастуанифт әдеби жәдігерлерін тыңғылықты зерттеп, ғылыми
айналымға түсірді. Ғұндардың да сақтар тәрізді Көк тәңіріне, Күнге
табынғанын ескеретін болсақ, Мағжан Жұмабаевтың да Ерте күнде отты Күннен
Ғұн туған, Отты Ғұннан от боп ойнап мен туғам деуі де осыдан.
Ежелгі әдебиетті зерттеуші ғалымдар ҮІ-ХҮ ғасырлардағы нұсқалардың өзін
өз ішінен үш дәуірге бөліп зерттеп жүргені мәлім. Осы жүйелеуге сүйенетін
болсақ: 1. ҮІ-ІХ ғасырлардағы көне түркі әдебиет ескерткіштері. 2. Х-ХІІ
ғасырлардағы әдебиет. 3. ХІІІ-ХІҮ ғасырлардағы әдебиет, – деп бөле отырып
сөз етуге негіз бар. Аталған дәуірлердің бәрінен де бірнеше мысал келтіруге
болады.
Тәңірідей, тәңіріден жаралған
Түрк білге, қаған
Бұл шақта отырдым.
Сөзімді түгел естіңдер – [10, 5].
деп басталатын Орхон ескерткіштеріндегі Күлтегінде (ҮІІ ғасыр) осындай
жолдар көптеп кездеседі:
Биікте көк тәңірі,
Төменде қара жер жаралғанда,
Екеуінің арасында адам баласы жаралған [10, 10].
Күлтегін жырын 1893 жылдың 23 қарашасында алғаш оқыған дат ғалымы
В.Томсен Тәңір, Түрік деген екі сөзді ажыратқан. Сөйтіп ұмыт болған
көне мәдениет нұсқасы қайта жаңғырғанда қазақтар өздеріне етене жақын
сөздермен: Тәңір, Түркі, Бек, Бай деген ұғымдармен қайта кездеседі. Бұл
түркі мәдениеті мен қазақ мәдениетінің үзілмеген сабақтастығының белгісі.
Ал, жоғарыдағы мысалда келтіргендей түркілердің Көк тәңіріге жалбарынуы
жөнінде ежелгі дәуір әдебиетін зерттеуші ғалым Н. Келімбетов мындай тұжырым
жасайды: Ежелгі түріктер негізінен қос күшке – Көкке (оны Тәңірі деп те
атаған) және Жерге (Жер-Суға) сыйынатын болғаны тарихтан жақсы мәлім.
ХІ ғасырда өмір сүрген Жүсіп Баласағұн Құдатғу білік атты дастанын
Қарахандар елінің қағаны Әбу Әли Хасан Сүлеймен Арыслан хан Бураханға тарту
еткені мәлім.
Соңғы жылдарда ежелгі дәуір және орта ғасыр мұралары жөнінде жазылған
әдебиеттерде ислам шариғаты көріністеріне көңіл бөлінуде.Осындай
еңбектердің бірі ретінде орта ғасырдағы қазақ даласында ислами әдебиеттің
тууы және қалыптасуы зерттеуін ерекше атауға болады. [11, 23].
Ал, сопылық поэзияның көшбасшысы Қожа Ахмет Иасауидың мұрасын
зерттеуші А. Ахметбекова мынадай тұжырымдарды ұсынады: Иассауи – өз
заманының түлегі, өз дәуірінің бел баласы. Оның айқындамасы, тәлім-
тәрбиесі, ортасы ислам діні болып, діни-философиялық дүниетанымы ислам
аясындағы сопылық идеялар негізінде қалыптасты [12, 25].
Қожа Ахмет Иасауидың Диуани хикметінде негізінен Ислам дінінің
қағидалары қамтылғандықтан ол үлкен беделге ие болды. Себебі Иасауидің
негізгі тірегі Құран Кәрім еді. Қожа Ахметтің шығармалары жөнінде профессор
С. Дәуітов былай дейді: Орта ғасырда ғұмыр кешкен Иасауи сол дәуірдің
перзенті болғандықтан Алланы бір, пайғамбарды хақ, Құранды шын деп білген
ғұлама. Ол Алланы бар жанымен жырлаған кемеңгер, жаратушының жалғыз екенін,
теңдесі жоқ ұлық екенін, ешқандай мұқтажының жоқ екенін, әуелден бар,
ақырында да бір өзі қалатынын шынайы толғағаны мәлім. Осындай жаны мөлдір
тақуаның ел-жұрттан безіп, қылуетке кіруі адам таң қаларлық дүние [13,
3]. Бұл жайында Қожа Ахмет Йассауидің өзі былай баяндайды:
Таң сәріде дүйсенбі күн жерге кірдім,
Мұстапаға қайғы тұтып кіпдім, маңа.
Алпыс үште сүндет деді естіп білдім,
Мұстапаға аза тұтып кірдім, маңа – дейді [14, 34].
Сонымен бірге Алтын Орда дәуірінде дүниеге келген дастандардың да
негізгі сюжеттік желісі Құраннан алынып отырған. Олардың қатарында
Зарқұм, Салсал, Қаһарман, Кесікбастың қиссасы, Мұхаммед
пайғамбар, т.б. атауға болады. Аталған дастандарды арнайы зерттеген ғалым
М. Әбдуов осы діни дастандар жөнінде мынадай тұшымды тұжырым жасайды:
Қазақ діни эпосының сюжеті ислам қағидаларынан алшақтамаған. Қандай оқиға
жүйесі болмасын айналып келіп дінмен ұштасады. Тіпті көнеден келе жатқан
мифтік сипаттардың өзін мұсылмандықпен бөлінбестей байланыстырып,
сіңістіріп жіберген [15, 29].
ХІІІ-ХҮ ғасырлардағы Мәмлүктер кезіндегі түркі-қыпшақ тілінде жазылған
әдеби жәдігерлерді зерттеушілердің пікірі де жоғарыдағы зерттеушілердің
пікірін толықтырары даусыз. Құран аяттары мен Хадис сүрелеріне сүйенген
отырып ойды жинақтау, Мұхаммед пайғамбар мен басқа да пайғамбарлар туралы
аңыз-әңгімелерді жырға қосу, олардың имандылық жолындағы өмірлерін өнеге
ету күллі түркі халықтарының әдеби мұраларына ортақ сипат болып табылады.
Бұл тұста дүниеге келген әдеби жәдігерлердің көркемдік негізгі жетістігі –
Құран аяттары мен Хадис сүрелерін көркем шығармада орынды пайдалана білуі.
Абай шығармаларындағы шариғат атты екінші бөлімшеде Алланы бiр,
пайғамбардың хақтығын ақылмен түсiнген ақын Абай Құнанбаев
шығармашылығындағы шариғат негіздері мәселесі сөз етіледі. Ақынның қасиетті
Құран тілі арабша тіл сындыруы, дүниетанымын араб, парсы шайырларының
мұраларынан танып-білуі қазақ әдебиетіне шариат көріністерін ендіруге
ықпал еткені анық. Өкінішке қарай, кешегi атеистiк насихат кең қанат
жайған кеңестiк дәуiрде Абай шығармашылығының бұл саласына саясаттың
салқыны көбiрек тигенi баршаға аян. Кеңестiк дәуiрдегi абайтанушы ғалымдар
солақай саясаттың салдарымен Абайды дiншiл емес деп, тек қожа молдаларға
қарсы болғандығы жайлы ғана айтуға мәжбүр болды. Ал, шын мәнінде Абай
дiншiл едi. Оның кемеліне келген шағындағы өлеңдерінің барлығы дерлік дінге
қатысы болды десек, қателеспейміз деп ойлаймыз. Бұған дәлел ретінде
Абайдың Алланың өзi де рас, сөзi де рас өлеңiн мысалға келтірсек
жеткілікті. Ақын Алланың өзi де рас, сөзi де рас деп жаратушының
барлығына ешқандай шәк келтiрмейдi. Бұл Құрандағы لا إله إلا الله محمد
رسول الله Лә иләһә илла Алла, Мұхаммад расул Алла делінген шаһада
сөзімен теңдес. Абайдың дiншiлдiгi, соқыр сезiмнiң ой-сананы тұншықтырған,
құрғақ бас шұлғу емес, өмiр болмысының шындығынан ой қорытқан, ақыл иесiнiң
дiншiлдiгi. Абай танымындағы әдiлет – адамзаттың ең негiзгi сүйенiшi мен
тiрегi, өмiрiнiң мәнi.
Бұл жерде Абайдың Алланы мiнсiз, пайғамбардың хақ екендiгiн түсiнiп,
мойындап, қабылдауын көреміз. Құран Кәрімде бұл туралы:
وَمَن يُطِعِ اللّهَ وَالرَّسُولَ فَأُوْلَـئِكَ مَعَ الَّذِينَ أَنْعَمَ اللّهُ عَلَيْهِم مِّنَ النَّبِيِّينَ وَالصِّدِّيقِينَ
وَالشُّهَدَاء وَالصَّالِحِينَ وَحَسُنَ أُولَـئِكَ رَفِيقاً
Ал кәне кім Аллаға, пайғамбарға бойұсынса, міне солар Алла
нығыметке бөлеген Пайғамбарлар, шыншылдар және игілермен бірге
болады... (Ниса сүресі 68 аят). Құран рас, Алла сөзі дүр дегеннің
анық мағынасын білуге (Тәуилін) білімің сәйкес дегені.
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ поэзиясындағы шариғат
көріністері атты үшінші бөлімшеде аталған кезеңдегі Шығыс әдебиетінің
ықпалы, қазақ әдебиеті тарихы, әдебиеттану ғылымында кешегі әміршілдік жүйе
қыспағының әсерінен айтылмай, тыйым салынған мәселелердің бірі дін, ислам,
шариғат тақырыбы сөз болады. Қазақ сөз өнерінің ХІХ-ХХ ғасырларындағы
мұсылмандық білім алып, Шығыстың классикалық жазба әдебиеті мұраларының
ізімен жырлаған ақындарды осы бөлімше бағдарында қарастырамыз. Қазақ
әдебиеті тарихының дамуына Шығыс елдерінің классикалық әдебиет мұраларының
ықпал етуінің көріністерін шығыстық үлгімен жазылған қисса-дастандардан
анық көреміз. ХІХ ғасыр аяғында ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қазақтың
халық ақындарының біразы осы ислам, шариғат тақырыбында қисса дастандар
жазды. Олар: Ақмолла, Әбубәкір, Мәшһүр Жүсіп, Шәді Жәңгір ұлы, Нұржан т.б.
болды. Бұл ақындардың шығармашылығында ислам тарихының, шариғаттың, құран
сүрелеріндегі аяттар жүйесіндегі сюжеттерді негізге ала отырып жырлаған
дәстүрлері қалыптасты. Бұл ақындардың қисса дастандары классикалық Шығыс
әдебиетінің исламдық көзқарастарының қазақ әдебиетіне араласуының нақты
көрінісі. Кеңестік жүйенің дінге қарсы қатаң күрес жүргізу себебінен
осындай әдеби мұралар ескішіл, діншіл, кітаби ақындар деген сылтаумен
әдебиеттен аластатылды, олардың әдеби мұралары елеусіз қалды. Осы діни
ағартушылық бағытты ұстаған ақындар Ақмолла, Әбубәкір, Нұржан, Мәшһүр
Жүсіп, Шәді тағы басқалар өз заманының озық ойлы, оқыған азаматтары еді.
Олар патшалық Ресейдің қазақ жерін алуымен бірге дінін, тілін алу жағын
көздеген саясатын жақсы түсінді. Сондықтан олар бұл саясатқа қарсы түркі
халықтарының басын біріктіруді, қазақ халқын орысқа шоқынғаннан гөрі
Шығыстың ортақ әдеби мұраларына жүгініп, өздерінің рухани бастауларын
қоғамдық ой-санаға ықпал ету үшін, өздерінің көзқарастарын білдіру үшін
жазған деп айтуға толық негіз бар. Олар қазақ оқырмандарын Шығыс әдебиеті
үлгілерімен таныстыра отырып, көптеген шығармалар аударған және шығыстық
сюжеттің негізінде қазақша өз қадір-қалдерінше өлең өрнектеген. Бұл жайында
профессор Д. Қамзабекұлы Алаш және әдебиет атты еңбегінде жан-жақты
талдау жасайды [16, 70-75]. Кітаби ақындардың көпшілігі Бұхара, Самарқан,
Түркістан сияқты діни орталықтарда, мектеп, медреселерде дәріс алған, шығыс
тілдерін, әдебиетін білген, оқыған көздері ашық талантты адамдар еді. Олар
өздерінің қисса дастандарында бір жағынан қазақ ауыз әдебиетінің озық
үлгілеріне, екінші жағынан Шығыс поэзиясына сүйенді. Олардың қисса-
дастандарының тақырыптары әр алуан, көпшілігі діни шариғат негіздері
тақырыбына арналған. Діни ағартушылық поэзия өкілдері, яғни, кітаби
ақындар дінді құрғақ уағыздаған жоқ, олар діннің ақ жолын қоғамның даму
көзіне айналдыруды мұрат тұтты, имандылық, адамгершілікті жырлады. Сөйтіп,
кітаби немесе қиссашы атанып кеткен ақындар туған ауыз әдебиетінің
дәстүрінен біржолата қол үзіп кетпей, Шығыстың классикалық поэзиясының
өрнектерімен өз шығармаларын орынды қиюластыра білді. Ақмолла, Әбубәкір
Кердері, Шәді Жәңгірұлы, Мәшһүр Жүсіп, Нұржан Наушабаев т.б. ақындар Шығыс
әдебиетінің көптеген шығармаларын қазақ арасына алып келді. Өйткені, олар
қазақ әдебиетінің алға ілгерілеуіне өз еңбектерімен атсалысты, үлкен
ағартушылық міндетті де өтеді, сонымен қатар жанрлық, тақырыптық жағынан
байытты да, Шығыстан тараған аңыз-әңгімелерді, ертегі, дастандарды
өздерінше жыр желісіне түсіріп, ұрпаққа жеткізді.
Классикалық шығыс әдебиетінің бастауында тұрған қасиетті Құран кітабы
мен шариғат және Мұхаммед пайғамбардың хадистерінен туындайтын әрі
эпикалық, әрі лирикалық, сонымен қатар дидактикалық сарындағы мазмұны бай,
исламдық қисса-дастандар қазақ поэзиясының имандылық тақырыбын кеңейтіп,
толықтыра түсті. Ислам, шариғат тақырыбындағы қисса-дастандар Мұхаммед
пайғамбарымыздың Алла тарапынан түскен кітап Құран Кәрімді, мұсылмандық
ағартушылық жолды уағыздауы, исламды насихаттаған пайғамбардың сахабаларын,
мұсылмандықты ұстанған қалың жұртшылықты ақындар көркем тілмен өте әсерлі
жырлады. Аталған кітаби ақындар шығармашылығында шариғат туралы, кәләм және
фикһ ілімінің ғибадат бөлімі туралы сөз болады. Мысалы: Мұхаммед
пайғамбарға арналған көлемді туындылардың бірі Шәді төре Жәңгіровтің Назым
Сияр Шәриф атты дастанында пайғамбарымыз Мұхаммедтің туған күнінен бастап
өмір тарихы, пайғамбар дәрежесіне жетіп Мекке қаласынан Мединеге барғаны
көп жамағатты мұсылманшылыққа, ислам дініне тартқаны дастанның тұтас
құрылымында шебер тілмен суреттеледі. Ислам дінінің пайда болуымен
қалыптасуына, дамуына, әуелі Араб еліне, одан кейін әлемге таралуына
байланысты тарихи оқиғалар.
Мұндағы парыз, уәжіп, сүннет ислам ғибадаты-шариғаттың негізгі
мәселелері. Ақын осыны өлеңмен өрнектеп, түсінікті тілмен жеткізе білген.
Осы шығармада берілген ақ бұлт ақынның жанынан шығарғаны емес, сол кезең
туралы айтылған әңгімелердің бәрінде кездеседі. Ал, Мұхаммедтің дүниеге
келген күннен бастап әдеттегі балаға мүлде ұқсамайтынын сипаттарына көңіл
бөлсек, жаңа туған баланы, Мұхаммедті бейнелемес бұрын Шәді ақын ол туған
күні ерекше құбылыс, тіпті мың жылда болмаған жағдайдың болғанына назар
аудартады.
Бұл Мәшһүр Жүсіпте былай берілген:
Бәріне ту боп тұрған бұл бір шіркеу,
Сөнбестен жанып тұрған мың жылдай от.
Хақ пайғамбар туған күн қалды сөніп,
Бір жанбапты жақсада қанша от беріп [17, 55].
Мұндай таңғажайып себептің, кереметтің болуы Мұхаммед пайғамбардың
өзгешелігін дәлелдеу үшін берілген бейнелеу үлгілері деуге болады. Ал, ақын
Әбубәкір Кердері Алланың адам баласын топырақтан жаратқандығын, жеті мүше
жан бергендігі туралы толғана жырлады.
Алла тағаланың жаратқанына сеніп, соған ғана сиынатынын ашық, әрі айқын
жазған. Алланың Адамды жаратуы туралы Құран Кәрімдегі 55-сүренің 14-аятында
былай делінеді: خَلَقَ الْإِنسَانَ مِن صَلْصَالٍ كَالْفَخَّارِ Ол, адамзатты құмырадай
сыңырлаған құрғақ топырақтан жаратты. Бұл туралы:
يَا أَيُّهَا النَّاسُ إِن كُنتُمْ فِي رَيْبٍ مِّنَ الْبَعْثِ فَإِنَّا خَلَقْنَاكُم مِّن تُرَابٍ ثُمَّ مِن نُّطْفَةٍ ثُمَّ مِنْ
عَلَقَةٍ ثُمَّ مِن مُّضْغَةٍ مُّخَلَّقَةٍ وَغَيْرِ مُخَلَّقَةٍ لِّنُبَيِّنَ لَكُمْ وَنُقِرُّ فِي الْأَرْحَامِ مَا نَشَاء إِلَى أَجَلٍ
مُّسَمًّى ثُمَّ نُخْرِجُكُمْ طِفْلاً ثُمَّ لِتَبْلُغُوا أَشُدَّكُمْ وَمِنكُم مَّن يُتَوَفَّى وَمِنكُم مَّن يُرَدُّ إِلَى أَرْذَلِ
الْعُمُرِ لِكَيْلَا يَعْلَمَ مِن بَعْدِ عِلْمٍ شَيْئاً وَتَرَى الْأَرْضَ هَامِدَةً فَإِذَا أَنزَلْنَا عَلَيْهَا الْمَاء
اهْتَزَّتْ وَرَبَتْ وَأَنبَتَتْ مِن كُلِّ زَوْجٍ بَهِيجٍ .
Әй, адам баласы! Егер өлгеннен кейін тірілуден күдіктенсеңдер, әрине
біз сендерді топырақтан сонан соң жыныстық тамшыдан, кейін ұйыған қаннан
тағы бейнеленген, бейнеленбеген кесек еттен өздеріңе тектеріңді білдіру
үшін жараттық. Сондай-ақ жатырларда қалаған мерзімге дейін қойып қоямыз.
Соңында бөбек түрінде шығарамыз. Одан кейін ержетесіңдер. Кейбіреулерің
қайтыс болып, кейбіреулерің әр нәрсені білгеннен кейін түк білмейтін
өмірдің ең нашарына қайтарыласыңдар. Қураған жерді көресің. Оған жаңбыр
жаудырсақ, құлпырып, көпсіді де әр түрлі көркем өсімдік өндірді. Демек,
бүкіл жан дүниесімен Алланы бір деп таныған Әбубәкір Кердері өз өлеңдерінде
ислам шариғаты ғибадатын терең ұғынып, ұтымды жырлайды. Ақынның өлең-
жырларын оқығанда оның ислам ғибадатын, дін қағидаларын қаншалықты жақсы
білгендігі анық байқалады.
Ислам дінінде мұсылман баласы айналасына, туған-туыс, дос, бауыр, көрші-
қолаңдарына аса мейірімді, қайырымды болуы керек. Ол еңбекпен мал тауып,
сол тапқан дүниесін ысырапсыз таза, төгіп-шашпай ұқыптап жұмсай білуге
міндетті. Таңертеңнен кеш батқанға дейін мен мұсылманмын деп жұмыс істемей,
қол қусырып жатып ішуге шариғат жол бермейді. Ислам діні әрбір мұсылманды
білім алуға, адал табыс табуға, қажырлы еңбек етуге үндейді деген қағида
уағыздалады. Бұл жағдай Құран Кәрімде де, Хадис шәрифте де жан-жақты
айтылады. Ғалақ сүресінде:
اقْرَأْ بِاسْمِ رَبِّكَ الَّذِي خَلَقَ .1 خَلَقَ الْإِنسَانَ مِنْ عَلَقٍ .2 اقْرَأْ وَرَبُّكَ الْأَكْرَمُ .3 الَّذِي
عَلَّمَ بِالْقَلَمِ .4 عَلَّمَ الْإِنسَانَ مَا لَمْ يَعْلَمْ .5 كَلَّا إِنَّ الْإِنسَانَ لَيَطْغَى
Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол, адам баласын ұйыған қаннан
жаратқан. Оқы! Ол Раббың аса ардақты. Сондай қаламмен үйреткен. Сөз жоқ,
адам баласы әрине азады, – делінген [5, 597].
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі Исламның шарттары атты үшінші
бөлімде ХХ ғасыр басындағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің әдеби
мұраларына жаңаша көзқараспен қарау мүмкіндігі туғандығы жайлы мәселелерге
назар аударылады.
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы діни таным атты бөлімшеде
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстанда қоғамдық
саяси-әлеуметтік жағдай негізінен оянушылық, надандықпен күресу, оқу білім
алу идеяларымен қатар діни-ағартушылық ағымның қанат жаюымен ерекшеленеді.
ХХ ғасыр басындағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі –
Сұлтанмахмұт Торайғыров. Ақын туралы, кезінде, бай-ұлтшыл, алашордашыл
жазушы және басқа да айыптар тағылып, ақын мұрасын толыққанды зерттеуге
мүмкіндік берілмей келді. Берілсе де, біржақты қарауға, кейбір туындыларын
қасақана елемеуге тырысушылық болды. Ақын шығармашылығы тек елуінші жылдары
зерттеле бастады. С. Торайғыров шығармашылығын зерделей келе, ақынның
бірнеше өлеңдерімен қатар Қамар сұлу романынан шариғат негіздерінің
көріністерін байқаймыз. Мұнда, негізінен, ишан, молдалардың істерін өткір
сынау, Қамарды сүйгенінен айырып, жорға Нұрымға айттыруды ойлап тапқан, өз
құлқындарын ойлаған пенделер ақынның сынына ұшырайды. Романда Қамар молда,
ишан бай шонжарларға өз қарсылығын былай білдіреді:
Пайғамбар тең емеске бер деген жоқ.
Зар жылатып бес қара ал деген жоқ.
Шал болсын, пасық болсын, сасық болсын
Сата бер әйел заты мал деген жоқ [18, 40].
Бұл үзіндіден көріп отырғанымыздай, ақын Қамар бейнесі арқылы молда,
ишандардың дінді пайдаланып шариғатта былай еді деп өз құлқындарының қамын
ойлап дінді бұрмалап отырғандарын көрсеткені ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz