«Кейнсиандық бағыт және оның эволюциясы»



I бөлім. Кейнстің экономикалық ілімінің қалыптасу шарттары.
II бөлім. Дж.Кейнстің «Жұмыспен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориялары» . дамудың негіздері.
III бөлім. Экономиканы мемлекеттік реттеудің неокейнсиандық үлгісі
(Э.Хансен, Ф.Перру, Е.Домар, Р.Харрод).
Кейнс ілімінің қалыптасуы 1929-1933жж болған әлемдік дағдарыспен тығыз байланысты. Осы дағдарыстың нәтижесінде жалпы ұлттық өнім 314,7 млрд доллардан (1929) 221,1 млрд долларға (1933) дейін қысқарады. Инвестиция үлесі осы мерзім арасында 17,8 пайыздан 3,8 пайызға дейін қысқарса, ал жұмыссыздық 3,2 пайыздан 24,9 пайызға дейін өсті. Сонымен қатар баға индексі 100 пайыздан 75,4 пайызға дейін, ақша массасы М1 – 100 бірліктік 73,5 бірлікке дейін құлдырады. Дағдарыс әлеміндегі АҚШ , Германия, Франция, Англия секілді алпауыт елдердің бәрін дерлік қамтыды. Елдердегі өндірістің жалпылама құлдырауы орын алып, тұрғындардың барлық қатары зардап шекті.
Осылайша ХХ ғасырдың 30-шы жылдары Батыстың экономикалық теориясының дағдарыс кезеңін білдіреді. Дәл осы кезеңде Джон Мейнард Кейнс өзінің әйгілі «капитализмді реттеу» теориясымен танымал болған еді. Алдында ол «Версальдық бейбіт келісімінің экономикалық салдары» (1919ж) еңбегін жариялау арқылы кеңінен танылса, енді оны шын мәнісінде атақты әрі әйгілі қылған еңбегі «Жұмыспен қамту,пайыз және ақшаның жалпы теориялары» (1936ж) болды. Бұл еңбегінде Кейнс кемшіліктерді түзету мақсатында экономикаға үкіметтің араласу қажеттігі туралы мәселе көтерілді. Бірінші кезекке Кейнс «тиімді сұраныс», тұтыну мен қорлану мәселелерін қойды. Ол макроэкономикалық зерттеу тәсілін, яғни макроэкономикалық көрсеткіштер: ұлттық табыс, жинақ салымдары мен қорлардың арасындағы байланыс пен пропорцияларды зерттеуді ұсынды.
1)Ө.Қ.Шеденов, Б.А.Жүнісов, Ү.С.Байжомартов, Ғ.М.Мүсіров – «Экономикалық ілімдер тарихы»,Алматы-Ақтөбе,2006.
2)Интернет жүйесі

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті

Тақырыбы: Кейнсиандық бағыт және оның эволюциясы

Қабылдаған: э.ғ.к.,доцент.Қалтаева.С.
Орындаған: Серикбаева Ж.
Тобы: МЭК-911

Түркістан -2010
Жоспар

I бөлім. Кейнстің экономикалық ілімінің қалыптасу шарттары.
II бөлім. Дж.Кейнстің Жұмыспен қамту, пайыз және ақшаның жалпы
теориялары - дамудың негіздері.
III бөлім. Экономиканы мемлекеттік реттеудің неокейнсиандық үлгісі
(Э.Хансен, Ф.Перру, Е.Домар, Р.Харрод).

I бөлім. Кейнстің экономикалық ілімінің қалыптасу шарттары.
Кейнс ілімінің қалыптасуы 1929-1933жж болған әлемдік дағдарыспен тығыз
байланысты. Осы дағдарыстың нәтижесінде жалпы ұлттық өнім 314,7 млрд
доллардан (1929) 221,1 млрд долларға (1933) дейін қысқарады. Инвестиция
үлесі осы мерзім арасында 17,8 пайыздан 3,8 пайызға дейін қысқарса, ал
жұмыссыздық 3,2 пайыздан 24,9 пайызға дейін өсті. Сонымен қатар баға
индексі 100 пайыздан 75,4 пайызға дейін, ақша массасы М1 – 100 бірліктік
73,5 бірлікке дейін құлдырады. Дағдарыс әлеміндегі АҚШ , Германия, Франция,
Англия секілді алпауыт елдердің бәрін дерлік қамтыды. Елдердегі өндірістің
жалпылама құлдырауы орын алып, тұрғындардың барлық қатары зардап шекті.
Осылайша ХХ ғасырдың 30-шы жылдары Батыстың экономикалық теориясының
дағдарыс кезеңін білдіреді. Дәл осы кезеңде Джон Мейнард Кейнс өзінің
әйгілі капитализмді реттеу теориясымен танымал болған еді. Алдында ол
Версальдық бейбіт келісімінің экономикалық салдары (1919ж) еңбегін
жариялау арқылы кеңінен танылса, енді оны шын мәнісінде атақты әрі әйгілі
қылған еңбегі Жұмыспен қамту,пайыз және ақшаның жалпы теориялары (1936ж)
болды. Бұл еңбегінде Кейнс кемшіліктерді түзету мақсатында экономикаға
үкіметтің араласу қажеттігі туралы мәселе көтерілді. Бірінші кезекке Кейнс
тиімді сұраныс, тұтыну мен қорлану мәселелерін қойды. Ол
макроэкономикалық зерттеу тәсілін, яғни макроэкономикалық көрсеткіштер:
ұлттық табыс, жинақ салымдары мен қорлардың арасындағы байланыс пен
пропорцияларды зерттеуді ұсынды.
Дж.М.Кейнс ғылыми ортадан шыққан. Оның әкесі Джон Невилл Кейнс –
Кембридж университетінің профессоры, ол А.маршалмен бірге қызмет атқарып,
экономика және саясат саласында көп үлес қосқан ғалым.
Дж.М.Кейнс те өзінің өте жоғары интелектуалдық қабілетімен дарының
арқасында заманының жоғары мәртебесіне ие болды. Ол Ұлыбританияның ең
жоғарғы қоғамына құрметпен қабылданып, өмірінің соңында экономикалық теория
ғылымына сіңірген еңбегі үшін лорд атағын алды.
Кейнс зерттеулеріндегі бір ерекшелік – оның экономикалық процестерінің
негізінде адам табиғатының психологиялық сипаттамасы жатыр. Мысалы, әлемдік
дағдарыстың себебін ол капиталистердің көңіл күйінің өзгерісімен, яғни
оптимистік жағдайдан писсимистікке көшуімен түсіндіруі осының дәлелі.
1929-1933 жылдардағы әлемдік экономиканың дағдарысы қатарындағы
экономикасы дамымаған қарапайым елдермен қатар, өнеркәсібі дамыған елдерді
де жойқын күшпен соқты.
Бұл кезеңде, яғни ХХғасырдың басында әртүрлі экономикалық бағытты
жақтаушылар Сэйдің әрбір тауар өндіруші өзіне қажетті сатып алуы үшін
өнімін сатады, нәтежиесінде ұсыныс өздігінен сәйкесінше сұранысты тудырады,
сондықтан артық өнім өндірісі, жалпы дағдарыс болуы мүмкін емес секілді
тұжырымдамаларының ықпалынан асып шыға алған жоқ. Сөйтіп неоклассиктер
теорияларының күштері микроэкономиканы талдауға ғана бағытталады да,
мұндай дәстүрлі емес кең ауқымды дағдарыстарды зерттеп, одан шығудың
жолдарын көрсетуге дәрменсіздік танытты. Бұл дағдарыстан шығу жолын
іздестіру бағыты – макроэкономикалық талдауды қажет етті.
Осындай бағытты әйгілі экономист, ағылшын ғалымы Дж.М.Кейнс ұстанды.
Сонымен қатар 20-30 жылдарыН.Кондратьев айтқанындай, әлеуметтік экономика
саласында экономистер арасында мемлекеттің еркін шаруашылық қызметке
араласуы, трестерді, синдикаттар, протекционизм мен фритридерство
айналасында қызу күрес байқалды.
Осымен байланысты туған жаңа ғылыми проблемалар осы күнге дейін өзінің
маңызын жойған жоқ, өйткені олардың негізгі мазмұны – рыноктық
шаруашылықты, экономиканы реттеу.
Содан бері осы проблеманы шешуде теория бұл күндері екі бағытқа
бөлінді. Біріншісі Дж.М.Кейнстің іліміне және оның жақтаушыларына арқа
сүйенді, олардың экономикалық процестерге мелекеттің араласуын ұсынған
шаралары негізінен кейнсиандық деп аталды. Басқа бағыт кейнсиандыққа қарсы
альтернативтік концепциясын ұсынады.

II бөлім. Дж.Кейнстің Жұмыспен қамту, пайыз және ақшаның жалпы
теориялары - дамудың негіздері.
Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) – қазіргі әйгілі ғалым экономист. Ол
одан да әйгілі ғалым, экономикалық ойдың Кембридж мектебінің негізін
қалаушы А.Мараллдан дәріс алды. Көптеген елді қамтыған 1921-1923 жылдардағы
ұзаққа созылған және ауыр экономикалық дағдарыстың нәтижелерін ерекше
пайымдаулары Дж.Кейнстің 1936 жылы Лонданда шыққан Жұмыспен қамту, пайыз
және ақшаның жалпы теориясы атты еңбегінде ерекше тұжырымдар жасауға
әкелді.мектеп негізінде байқалған математикалық қабілетті 1902-1906 жылдары
Итон және Кембридж колледжінде оқығанда пайдаға асты.
Кембридж университетінде ол А.Маршаллдың айрықша лекцияларын тыңдады.
1902 жылы А.Маршалл Экономикс курсын политэкономиканың орнына классикалық
мектептерге енгізді. 1906-1908 жылдары Англиядағы министрліктегі қызметтері
әуелі әскери бөлімде, одан кейін Үнді ісі басқармасында, статистика және
сауда саласында істеді.
Көптеген экономистердің бағалауынша, Дж.М.кейнстің Жалпы теориясы ...
ХХ ғасырдың экономикалық ғылымындағы жаңа бетбұрысты және елдердің бүгінгі
экономикалық саясатын анықтады.
Оның басты және жаңа идеясы мынада: рыноктық жүйедегі экономикалық
қатынастар әдетте жетілмеген және өзінен-өзі реттелмейді, барынша жұмыспен
қамту және экономикалық өсуі тек мемлекеттің экономикалық өсуі тек
мемлекеттің экономикаға араласуы арқылы мүмкін.
Дж.М:Кейнстің экономикалық ілімінің зерттеу пәні мен методолгиясының
жаңалығы мынадай:
1. микроэкономикалықтан микроэкономиканы талдауды артықша көру, бұл
оны микроэкономиканың негізін қалаушы етті және экономикалық
теорияда оны өз атына бөлім етіп шығарды.
2. сұраныс эффектісі деген концепцияны негіздеді (өзінің
психология заңы бойынша, яғни мемлекеттің сұранысын
ынталандыру).
Айтылғандар Дж.М.Кейнс зерттеу метологиясында экономикалық өсуде,
экономикалық емес факторларға айтарлықтай мән бергенін көрсетеді.Олар:
- мемлекет (өндіріс құрал – жабдықтар мен инвестицияға тұтынушылар
сұранысын ынталандыру);
- адамдардың психологиясы (шаруашылық субьектілердің саналы өзара
қатынастарының деңгейін анықтайды);
Сонымен қатар кейнсиандық ілім экономикалық ой – пікірде
неоклассикалықтың негізгі методолгиялық бағыттарын дамытты. Дж.М.Кейнс
таза экономикалық теория идеясын басшылыққа ала отырып, қоғамдық
шаруашылықта саясатында алдымен экономикалық факторға басым маңыз береді:
олардың сандық көрсеткіштерін анықтап, өзара мұндағы байланыстарды шекті
және функционалды талдау тәсілі мен экономикалық-математикалық үлгілер
арқылы көрсетеді.
Дж.М.Кейнс экономикалық процестерді мемлекеттік реттеуде
меркантеллистердің әсерін жоққа шығармады. Олармен жалпы пайымдауы анық
және мыналардан байқалады:
- елдің ақша массасын ұлғайтуға тырысуы (арзандату құралы, қарыз
проценті ставкасын төмендету және өндірісте инвестицияны
ынталандыру);
- ақшаның аздығы, жұмыссыздықтың себебі дегенді мойындау;
- экономикалық саясаттың ұлттық (мемлекеттік) сипатын түсіну;
Дж.М.Кейнстің Жалпы теориясында шексіз үнемшілдік пен қорланудың
тиімсіздігі туралы ой байқалады және керісінше, қаржыны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық ілімдер тарихы
Монетаризмнің пайда болуы және мәні
Посткейнсиандық ілім сипаттамасы - солшыл кейнсиандықтар
Экономика ілімдерінің тарихы
Экономикалық өсу экономиканың басты категориясы ретінде
Дамушы елдердегi экономикалық өсу және қазақстан экономикасы
Экономиканы мемлекеттік реттеу және оның әдістері
Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс теориясы
Макроэкономикадағы тепе-теңдік
Экономикалық ілім пәні мен әдістері
Пәндер