Криминологиядағы әлеуметтік бақылау


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Криминологиядағы әлеуметтік бақылау

Нақты қылмыскерлік туындататын белгілі бір жүйелік фак-тор ретіндегі өзара әрекеттестікте оның тараптарының ғана емес, олардың өзара әрекеттесу жағдайларының да сипаттамалары едәуір рел атқарады. Мысалы, әлеуметтік бақылау рөлін.

Әлеуметтік бакылау дегеніміз адамдардың іс-қимылдарын қоғам, мемлекет, әлеуметтік топтар қорғайтын, сондай-ақ олар-дың мүдцелерін білдіретін іс-кимыл нормаларына сәйкестендіруге бағытталған нормалардың, институттардың және қатынастардың жиынтығы.

Ресми және биресми қоғамдық бақылау бөлініп алынады. Біріншіні Конституцияға, зандарға және заңға тәуелді актілерге не қоғамдық ұйымдардың занда көзделген тәртіпте тіркелген сон-дай актілеріне (мысалы, әр түрлі қоғамдық ұйымдардың жарғы-ларына) сәйкес берілген арнайы өкілеттік негізінде мемлекет, аза-маттык қоғамның институттары, жекелеген азаматтар жүзеге асы-рады. Биресми бақылау отбасы, қызметкерлер ұжымы, тұрмыс-тық орта тарапынан әр тұрлі нысанда жүзеге асырылады. Оның айқын көріністерінің бірі коғамдық пікір. Өмірде, кейде, ресми және биресми бақылау нысандары бірге керініс табады.

Ресми әлеуметтік бакылау жүйесінде бақылау және кұкық қорғау қызметтерінің ерекше криминологиялық маңызы бар.

Бақылау немесе бақылаушылық қызметтері ведомстволықтан тыс және ведомстволық негізде жүзеге асырылады.

Бақылау қызметінің барысында әр түрлі бұзушылықтар ай-қындалуы мүмкін, мысалы: іс-қимылдың технологиялык стандарт-тарына, кәсіби этикаға және т. б. сәйкес келмейтін іс-кимыл; тәртіптік, азаматтық-кұкықтық, әкімшіліктік, қылмыстық-құкықтық (кылмыс) құқық бұзушылықтар.

Арнаулы өкілетті органдар мен лауазымды адамдар құқық қорғау кызметін жүзеге асырғанда заңнаманың бұзылғандығы ай-қындалады және оған занда көзделген шаралар қолданылады. Кұкық қорғау қызметіне проф. К. Ф. Гуценко «құқықты қорғау мақсатында арнаулы уәкілетті органдар ықпал етудің заңдық ша-раларын қатаң заңға сәйкес және онда белгіленген тәртіпті мүлтіксіз сақтай отырып колдану арқылы жүзеге асыратын мем-лекеттік қызмет» деп анықтама береді.

«Көше» қылмыскерлігінің етек алуы, әдетте, коғамдық орын-дардағы құқық тәртібінің жайына бақылаудын босаңсуы, төңі-ректегі адамдардың кұқық бұзу фактілеріне енжар карауы жағ-дайындаболады.

Рецидивтік кьтлмыскерліктің ұлғаюы бас бостандығынан айы-ру орындарынан босанып келген адамдардың жүріс-тұрысына ба-қылаудың болмағаңдығынан, ал кәмелетке толмағандардың қыл-мысқа баруы оларға отбасы тарапынан бакылаудың нашар жа-салғандығынан орын алады. Кәмелетке толмағандар қылмысты көбіне кешкі және түнгі мезгілдерде жасайды, ал ол уақытта олар үйден тыс жерде болуға тиіс емес.

Әлеуметтік бақылаудың әр түрлі аспектілерінің криминоло-гиялық тұрғыдан маңыздылығы елеулі. Зерттеу процесініңмақ-саты, заты, объектісі ескеріле отырып аспектілерді бөліп алу керек.

Мыналарға назар аударылады: 1) әр түрлі объектілерді пайдакүнемдік қастандықтан қорғаудың жайына; 2) қоғамдык орындарда құқықтәртібін қорғауға; 3) бірқатар жұмыс орында-рын, қызмет орындарын онда отырған адамдардың оны жеке баю мақсатында пайдалануынан «қорғауға»; 4) аса назар аударуды қажет ететін адамдардың іс-қимылын әлеуметтік бакылаудың жайына; 5) қылмыскерлік, онымен күрес жайындағы қоғамдық, топтық пікірлердің жайына.

Әр түрлі объектілерді қылмыстық қастандықтан қорғаудың жайын талдағанда мыналар ескеріледі: а) нақты объектілердегі мүліктік қастандықтардың санына; ә) пайдакүнемдік қастандық-тардың затына; б) тиісті объектілер мен заттардың қорғалу жай-ына: күзеттіңжоқтығына; ведомстволық, жеке немесе өзге күзет-тің болуына; в) мүліктік қастандықтардың криминалистикалық сипаттамаларына: пайда-лану (кілттер табу, ашатын басқа амалдар, т. б. ), не құлыпты күш-пенжұлыпалу.

Әлеуметтік бақылаудың жайы ғана емес (мысалы, объектіні қорғағанда жаңа электроңдық құралдарды пайдалану), осы бақы-лау құралдарының қылмыскерліктің сипаттамасына, оның даму үрдісіне сәйкестігі де криминология тұрғысынан маңыздылыкқа ие. Кылмыскерлердің криминологиялық кәсібилігі ескен сайын бұл құралдар күзет жүйесін кылмыскерлердің бұзуына мүмкіндік бермейтіндей болуы тиіс.

Жұмыс орындарын, мемлекеттік қызмет орындарын қорғаудың криминологиялық сипаттамасы көптеген кұрамдастарды қам-тиды. Мысалы, жұмысқа қабылданатын адамдардың сипаттамала-рының тиісті кызметкерге койылатын талаптарға сай келуі. Қызметкерді материалдық-жауапты жұмысқа, мемлекеттік қыз-метке алғанда бұл жайға баса назар аударылады. Практикада ал-дын алу шаралары жүйесін енгізу де бар.

Сыбайлас жемкорлық, ұрлау фактілерін болдырмау немесе дер кезінде айқындау мақсатында кіріс пен шығысты бакылау үшін мемлекеттік қызметкерлердің өздерінің кірістері және жылжы-майтын кұнды мүліктері жайында жыл сайын декларация беруі қарастырылған. Мұндай қатаң бакылау жағдайында ірі пара алу және оны өз мақсатында пайдалану оңайға түспейді. Тиісті қыз-меткерлердің жеке өктемдік жасау өрісін тарылту, сөйтіп клиент-тердің оған тікелей байланыстылығын азайту үшін белгілі бір мемлекеттік функцияларды орындауға қатаң регламентация белгіленген. Бұл жағдайда клиент мемлекеттік қызметкерлердің «көңілін табуға» мәжбүр болмайды.

Адамдардың кейбір санаттарының іс-кимылына жасалатын арнаулы әлеуметтік бақылауды алатын болсақ, қылмыс жасауы өте мүмкін болғандықтан өздеріне баса назар аударуды кажет ететін әлеуметтік топтарды бөліп алудың маңыздылығы бар. Бұл - іс-кимылдя объективтік көрініс тапқан жеқе сипаттамадан және адамның әлеуметтік ортасының сипаттамаларынан және адам-ның ортамен езара әрекеттестігінің ерекшеліктерінен туындауы мүмкін.

Мысалы, мынадай адамдар тобы бар:

  • моральдық нормалардың ерескел бұзылуына, қылмыстық емес сипаттағы кұкық бұзушылыққа жол беруші және қылмыс жасаған;
  • мұндай іс-өрекетке жол бермейтін, бірак ондай іс-әрекеттер орын алған ортада жүрген, азғындаған және кылмыстык ортамен байланыста тұратын;
  • мұндай бұзушылыкка әзірше жол бермеуші және жоғары-дағы байланысқа бармайтын, бірақ соларға багдар ұстап ұмтыла-тың адамдар.

Әлеуметтік ортасы шұғыл өзгеріске ұшырайтын мигранттар, әсіресе мәжбүрлі мигранттар арнайы алынады. Олар үшін жаңа жағдайға бейімделу, өздерінің ең керекті мұқтаждықтары мен мүдделерін камтамасыз ету киын-дықка түседі. Бұл мәселелер мигранттар қылмыскерлігін зерделе-генде жан-жақты талданады.

Әлеуметтік бақылау белгілі бір іс-қимылды кадағалауға және анықтауға ғана келіп тірелмейді, ол шара қолдануды да, оның ішінде бұл керсетілген және баска да әлеуметтік топтарға қажетті және уақтылы әлеуметтік кемек көрсетуді де қамтиды. Бұл ретте мүндай топтардыңокілдерінің қүқыктары мен занды мүдделерін «алдын алу мақсатында» шектеуге жол берілмейді. Бұрын аталып өткендей, мәжбүрлеу шараларының сипаты жасалынып қойған іс-әрекеттің сипатына сәйкес келуі тиіс.

Қоғамдық бақылаудың функциясына, сонымен катар, құкыкқа негізделген және құқықка қайшы іс-қимылдармен бұзылған тәртіпті қалпына келтіру; кінәлі адамдарға занда белгіленген жа-уаптылықш камтамасыз ету кіреді.

Кең мағынада алынған қүқык корғау жүйесінің немесе проку-ратура, ішкі істер органдары, кауіпсіздік кызмет органы, салық полициясы, кеден және баска да органдар кіретін қылмыстык юс-тиция жүйесінің жұмысына көп нәрсе байланысты. Бұларға сот-ты қосу мәселесі біржақты шешілмеген. Бірак соттар кылмыс жасаған адамдарды соттап, әзге кұкық бұзушыларға занда кездел-ген санкцияларды қолданып, сөзсіз, олар да құкық тәртібін қорғауға қатысады.

Кұқық корғау жүйесі нақты жұмыс жасайтын болса, қалайда жазаланбай қалмау қағидаты толығырақ іске асады, қылмыстың ашылуы артады. Бұл көптеген адамдардың қылмыстық пиғылы-ның іске асуына тосқауыл болар еді.

Сонымен қатар, көптеген қылмыскерлердің жазасыз қалуы, криминалдык әрекет нәтижелерін еркін және ашық пайдалану мүмкіндігі мұндай субъектілерді бұл әрекетті одан әрі дамытуы-на, ал өзге азаматтарды «неге маған да бұлай істемеуге» деген қағидаггы ұстануына итермелейді.

Әлеуметтік бакьілау, бұл - тек әлеуметтік институттардың ғана емес, сонымен катар катынастар мен нормалардың да жүйесі. Бүл жүйеге белгілі бір іс-қимыл ережесін, тыйымдар, оларды бұзғандық үшін жауапкершілік белгіленген әр түрлі нормалар (құкықтык, моральдық, діни, технологиялықжәнет. б. ) кіреді.

Қылмыскерлікпен күреске қатысты қылмыстықжәне өзге заң-дарды жетілдіру туралы, қылмыстық табысты заңдастырумен (жуып-шаюмен) күресу шараларының тиімді жүйесін енгізу ту-ралы жарыссөздердің үдеуі әлеуметтік бақылаудың криминал-дык аспектілерімен байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық бұзуға бейім мінез - құлыққа ықпал ететін әлеуметтік жағдайлардың сипаттамасы
Криминология пәнінің түсінігі
Жемқолық әрекетінің әлеуметтік психологиялық әрекеттері
Криминологияның пәні, түсінігі және жүйесі
Жас адамдардың құқық бұзуға бейім мінез-құлқы және оның алдын алудың проблемалары
Қылмыскер тұлғасы
Криминологиядағы себептілік ұғымы
Бөтен мүлікті ұрлаудың обьективтік және субьективтікбелгілері
Криминологияны ғылым ретінде қарау
Жәбірленуші тұлғасының психологиялық анализі туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz