Адамзат үшін ядролық сынақтың салдарлары



Жоспар:

І. Кіріспе.

1. Ядролық қару апаты

ІІ. Негізгі бөлімі
1.Семей полигоны.
2.«Невада.Семей» . халықаралық қозғалысы.
3.Семей полигонының зардабы.

ІІІ. Қорытынды.
Қаншама жылдардан бері адамзат осы бір өзінің ақыл-ойының жемісінен қасірет шегіп келеді. Атом қуатының жаппай қырып, жоятын қаруға айналуы әлемді осыған жеткізді. Соғыста бұл алапат қаруды қолданудың неге соқтыратынын жапонның екі қаласы көрді. Бірақ адамзат баласы одан да сабақ ала қойған жоқ.Атом бомбасын өндіруді тоқтату былай тұрсын, оны жетілдіріп, одан да сұмдық түрлерін ойлап тауып, үздіксіз сынақтан өткізуде. Ал сол жойқын қарудың сынағының өзі таяу жылдарда ақылға келіп тоқтатпаса, адамзаттың түбіне жететін түрі бар. Қырғиқабақ дүние осы жойқын қарулар ойлап табылғаннан бергі аралықта жер бетінде, ауада және жер астында атом қаруының мыңдаған сынақ жарылыстарын жүргізді. Бұған әлемнің ілгері ойлы адамдарының әр жылдарда, әр кезеңде қарсы болғандары да аз емес. Бірақ оған жойқын қару өндіруде бәсекеге түскен елдер құлақ аса қоймады. Жекелеген қайраткерлердің күресінен қозғалысқа ұласқан ядролық сынаққа қарсы бүгінгі қозғалыстар өмірге осылай келген еді. Соның бірі – белгілі қоғам қайраткері, айтулы қазақ ақыны Олжас Сүлейменовтің жетекшілігімен құрылған, бүгінде әлемнің бейбітшілік сүйгіш күштері түгел білетін «Невада-Семей» халықаралық қозғалысы. Биылғы ақпан айында оған 20 жыл толды. Осы жылдардағы бұл қозғалыстың табысы – әлемнің бейбітшілікті жақтайтын күштерінің мақтанышына айналды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін оның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Семей полигоны жабылды. Тәуелсіз Қазақстан кеңестік жүйе мұраға қалдырған атом бомбасынан өз еркімен бас тартты. Алайда полигон жабылып, атом бомбасы қазақ жерінен алысқа әкетілгенмен, оның зардаптары жойылған жоқ. Батпандап кірген ауру мысқалдап шыға алмай жатыр.
Жиырма жылға есейген халықаралық қоғам енді осы зардаптардан жерімізді, елімізді сауықтырумен айналысуда. Бұған дейін де сан мәрте халықаралық мінберлерден Олжас Сүлейменовтің дуалы аузымен айтылып жүрген бұл мәселелердің биылғы қозғалыстың жиырма жылдығында пәрмен алуы кім-кімге де түсінікті болса керек.
Қазір осы қозғалыстың басшылығымен әлемнің бірсыпыра кіндік қалаларында, еліміздің осы қасіретті басынан өткерген аймақтарында халықтың қолдауымен түрлі басқосулар өтіп жатыр. Олар халықтың қолдауына ие болуда.
Семей – Абай, Шәкәрім сынды данышпан ұлдарды дүниеге әкелген киелі топырақ, қазақ халқының маңдайына біткен қасиетті мекен. Осыдан тура 62 жыл бұрын осы өңірдің қалың қазағы үлкен қасіретке душар болған еді…

Қаншама жылдардан бері адамзат осы бір өзінің  ақыл-ойының жемісінен
қасірет шегіп келеді. Атом қуатының жаппай қырып, жоятын қаруға айналуы
әлемді осыған жеткізді. Соғыста бұл алапат қаруды қолданудың неге
соқтыратынын жапонның екі қаласы көрді. Бірақ адамзат баласы одан да сабақ
ала қойған жоқ.Атом бомбасын өндіруді тоқтату былай тұрсын, оны жетілдіріп,
одан да сұмдық түрлерін ойлап тауып, үздіксіз сынақтан өткізуде. Ал сол
жойқын қарудың сынағының өзі таяу жылдарда ақылға келіп тоқтатпаса,
адамзаттың түбіне жететін түрі бар. Қырғиқабақ дүние  осы жойқын қарулар
ойлап табылғаннан бергі аралықта жер бетінде, ауада және жер астында атом
қаруының мыңдаған сынақ жарылыстарын жүргізді. Бұған әлемнің ілгері ойлы
адамдарының әр жылдарда, әр кезеңде қарсы болғандары да аз емес. Бірақ оған
жойқын қару өндіруде бәсекеге түскен елдер құлақ аса қоймады. Жекелеген
қайраткерлердің күресінен қозғалысқа ұласқан ядролық сынаққа қарсы бүгінгі
қозғалыстар өмірге осылай келген еді. Соның бірі – белгілі қоғам
қайраткері, айтулы қазақ ақыны Олжас Сүлейменовтің жетекшілігімен құрылған,
бүгінде әлемнің бейбітшілік сүйгіш күштері түгел білетін Невада-Семей
халықаралық қозғалысы. Биылғы ақпан айында оған 20 жыл толды. Осы
жылдардағы бұл қозғалыстың табысы – әлемнің бейбітшілікті жақтайтын
күштерінің мақтанышына айналды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін оның
тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Семей полигоны жабылды.
Тәуелсіз Қазақстан кеңестік жүйе мұраға қалдырған атом бомбасынан өз
еркімен бас тартты. Алайда полигон жабылып, атом бомбасы қазақ жерінен
алысқа әкетілгенмен, оның зардаптары жойылған жоқ. Батпандап кірген ауру
мысқалдап шыға алмай жатыр.
Жиырма жылға есейген халықаралық қоғам енді осы зардаптардан
жерімізді, елімізді сауықтырумен айналысуда. Бұған дейін де сан мәрте
халықаралық мінберлерден Олжас Сүлейменовтің дуалы аузымен айтылып жүрген
бұл мәселелердің биылғы қозғалыстың жиырма жылдығында пәрмен алуы кім-кімге
де түсінікті болса керек.
Қазір осы қозғалыстың басшылығымен әлемнің бірсыпыра кіндік
қалаларында, еліміздің осы қасіретті басынан өткерген аймақтарында халықтың
қолдауымен түрлі басқосулар өтіп жатыр. Олар халықтың қолдауына ие болуда.
Семей – Абай, Шәкәрім сынды данышпан ұлдарды дүниеге әкелген киелі
топырақ, қазақ халқының маңдайына біткен қасиетті мекен. Осыдан тура 62 жыл
бұрын осы өңірдің қалың қазағы үлкен қасіретке душар болған еді...

1947 жылдың 21 тамызында КСРО Министрлер Кеңесі мен Кеңестер одағының
коммунистік партиясы Орталық Комитетінің қаулысымен Семей сынақ полигонын
құру туралы шешім қабылданған. Ал 1949 жылдың шілдесінде полигондағы
сынақтарға дайындық жұмыстары аяқталып, сол жылдың тамызында Дегелең тауы
баурайында алғашқы атом бомбасы сынақтан өткен. Сынақ Игорь Курчатовтың
тікелей жетекшілігімен жүзеге асты. 1953 жылы алғашқы термоядролық құрылғы,
1955 жылы сутегі бомбасы сыналды. Нақты деректерге сүйенсек, 1949-1990
жылдар аралығында тәжірибе алаңы 300 шаршы шақырымды алып жатқан Семей
полигонында барлығы 467 ядролық сынақ өткізілген екен. Осындай жойқын
қарудың түр-түрі жер үсті мен астында, атмосферада 40 жыл бойы сыналып,
мыңдаған адамның өмірін қиды, он мыңдаған адамды мүгедек етті. Осы үрдісті
тоқтату мақсатында 1989 жылдың 28-ші ақпанында АҚШ, Франция
мемлекеттеріндегі ядролық қаруды сынауға қарсы қозғалыс күштерімен бірігуге
арналған шешім қабылданып, Невада-Семей қоғамдық қозғалысы құрылды.
Олжас Сүлейменов бастаған қоғамдық ұйым Жарылыс тоқтатылсын!, Полигон
жабылсын! деген жалынды ұранмен белсенді қарсылық жұмыстарына кіріскен
болатын. Ал 1991 жылдың 29 тамызында Қазақстан Республикасының тұңғыш
Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Семей полигоны
жабылып, 1992 жылы Семей ядролық полигоны Ұлттық ядролық орталық болып
құрылып, атомды бейбіт мақсатқа қолдану бағыты жүзеге аса бастады.
Осылайша, Елбасының шешімімен ядролық қарудан бас тарту Қазақстанның
әлемдік қоғамдастық алдында жауапкершілікті толық сезіне алатынын түбегейлі
көрсетіп берген еді.
Міне, жылдар өте өзге елдермен тереземіз теңескен біз, ядролық қару жөнінде
өзіміздің ой-пікірлерімізді әлемдік дәрежеде сөзбен емес, іспен көрсете
алатындығымызды тағы бір мәрте байқаттық. Күн сайын шамамен 4-5 мың
туристер өтетін БҰҰ Вестибюлінде өтіп жатқан Ядролық қаруға жол жоқ атты
Қазақстан-Жапон бірлескен көрмесі осының айқын дәлелі. Тамылжыған тамызда
Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде ашылу салтанаты өткен
Қазақстан-Жапон көрмесі осы жылдың соңына дейін жұртшылық назарында болады.
Көрменің мақсаты – фото, көркемдік суреттер мен ақпараттар арқылы әлем
халқының назарына ядролық қырып-жою тәжірибелерінің шынайы бет-бейнесін
көрсетіп, жаппай ядролық қарудан ада әлемді құру қажеттілігі туралы
түсінікке қол жеткізу болып табылады. Көрме Семей сынақ алаңындағы қырық
жылдық атом сынақтарының салдарлары және Жапонияның Хиросима мен Нагасаки
қалаларындағы ядролық қаруды қолданудың салдарлары атты екі бөлімнен
тұрады. Сонымен қатар, аталған іс-шара Семей сынақ алаңындағы ядролық
сынақтардың тоқталуы мен Халықаралық Невада-Семей қозғалысының құрылуына
да арналған. Көрменің ашылу рәсіміне БҰҰ Хатшылығы мен мүше мемлекеттер,
БАҚ, Нью-Йорктің қоғамдық саяси және іскер топ мүшелері, сонымен қатар
Қазақстан студенттері және диаспора өкілдері қатысты. Қатысушылар алдында
қоғамдық ақпарат жөніндегі Бас хатшы орынбасары К.Асака, қарусыздану
мәселелері жөніндегі БҰҰ Басшысының жоғарғы өкілі С.Дуартэ, БҰҰ жанындағы
Жапонояның тұрақты өкілі Ю.Такасу және БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты
өкілі Б.Әйтімова сөз сөйледі. Баяндама шеңберінде ҚР Мемлекеттік хатшысы
Қ.Саудабаевтың құттықтау сөзі жеткізіліп, Қазақстанның тұрақты өкілі
Халықаралық ядролық қарудан ада әлем күнін жариялау туралы бастаманы
көтерді.
Қырық жылға созылған қауіпті сынақтың кесірін әлі де көріп жүрген
Қазақстандықтар сияқты, Жапон халқы да ядролық қарудан азап шегіп келеді.
Осы көрме арқылы Қазақ-Жапон халқы бүкіл адамзат баласына бейбітшілік
жолдауын арнауда. Көрмедегі екі елдің басты құралы – қарусыздану және
таратпау процестері мен бейбітшілік сүйгіш мемлекеттердің саясатынан сыр
шертетін жәдігерлері болмақ. Қазақстан өз кезегінде ҚР Ұлттық ядролық
орталығы мен орталық мемлекеттік мұрағат мағлұматтарын қолданған.
БҰҰ-ның Қазақстандағы елшісі көрменің Қазақстан мен Жапония арасындағы
серіктестік тарихын жалғастыруда маңызды жоба болып отырғандығына тоқтала
отырып, Семей сынақ алаңының тарихы туралы, ядролық тәжірибелер салдарының
қарқыны жөнінде мағлұмат берді.
Жапонияның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі соңғы 60 жылда ядролық қауіптің
ұлғайғандығына алаңдаушылық білдірді. Ол ядролық қаруды таратпаудағы
Жапонияның атқарған жұмыстары туралы айтып, Семей сынақ алаңы мен Чернобыль
құрбандарына Жапонияның қаржы техникалық көмек көрсететіндігін де сөз етті.
Айта кету керек, көрме жыл сайын 21 қыркүйекте мерекеленетін бейбітшілік
күніне орай өткізілетін, БҰҰ Бас хатшысы ұйытқы болып отырған Біз
қарусыздануымыз керек атты науқанға тұспа-тұс келіп отыр.
Ядролық қарудың зардабы молынан тиген екі ұрпақ алдындағы парызын өтеп,
сұмдық қарудан әлдеқашан бас тартқан. Енді бейбітшілік құсын әлемнің
басқа да мемлекеттеріне ұшырды. Қазақстан мен Жапония ядролық қарудан ада
әлем құруға бағытталған қозғалыстың әлем мойындаған көшбасшысы толықтай
тарихи және моральдік құқығы бар екендігі енді әлем назарында жүреді.

Қарағанды облысы – Қазақстандағы экологиялық жағынан ең ластанған,
өнеркəсіптік өндіріс орындары көп шоғырланған ірі өнеркəсіп орталығы.
Бұл өңірдегі өндіргіш күштердің даму барысы көптеген жылдардан
бері экологиялық зардаптар ескерілмей іске асырылды. Соның
салдарынан облыстың атмосфералық ауасы бұзылды. Мəселен, тұрақты
көздерден атмосфераға тарайтын ластанған заттар жылына бір миллион
тоннадан асады. Ал бұл жалпы республикадағы барлық қалдықтардың үштен
бірі деген сөз. Негізгі ластаушы көздер Теміртауда Испат-Кармет АТАҚ (
жылына 361,5 мың тонна), Жезқазғанда Қазақмыс АҚ ( жылына 138,4 мың
тонна), Балқашта Балқашмыс АҚ (жылына 299,4 мың тонна, сол сияқты
Қарағандыдағы энергетикалық кəсіпорындардың өзі жылына 96,2 мың тонна
ластандыратын қоспа таратады. Қала маңына орналасқан ГРЭС-1, N3 ЖЭО
жəне Қаражал ЖЭО-ның күлі мен түтіні бұрқырап мазаны алуда, сол
сияқты Ақжал байыту фабрикасының, Қайрақты, Жамбыл, Қарағайлы Ақшатау
кеніштерінің қалдықтары да бұрқырап, желге ұшып жатыр. Бұларда
қауіптілігі 1-3 класты қорғасын, мырыш, берилий, висмут жəне
радионуклидті флотация қалдықтары көп. Тозаңданып аспанға ұшудың
салдарынан мұндай заттар маңайын да шаңдатып жібереді. Бұған қоса
атмосфералық ауаны автокөліктер де ластандырып, одан шығатын
тастанды қалдықтар жылына 110 мың тонна көлемінде зиянды заттар таратса,
оның ішінде 200-ге жуық əртүрлі қоспа бар екендігі анықталғаны баршаға
мəлім. Бүгінгі таңда су ресурстарын қорғап, ұтымды пайдалануда да
проблема көп. Облыстың жалпы жылдық су ресурсы 3,4млрд. текше метрге
жуықтайды. Оның жыл сайын 2-2,3 миллиард текше метрі пайдаланылады.
Негізгі су көздері Нұра өзені, оның Шерубай-Нұра жəне Соқыр
құймалары, Ертіс-Қарағанды каналы, Қаракеңгір жəне Жезді өзендері,
Балқаш көлдері болып табылады. Облыс суларының сапалық жағынан
жақсаруына кері əсерін тигізіп отырған кəсіпорындар Испат-Кармет
ААҚ, Карбид АҚ, Қазақмыс АҚ, Балқаш АҚ, Облсуканал су-канал
шаруашылығы басқармасы, Қарағандырезинотехника АҚ, энергетика, көмір
өнеркəсібі мен ауыл шаруашылығы кəсіпорындары. Облыстағы жер ресурстары
да қиын жағдайда. 854 мың гектар жер азып-тозған, жел эрозиясына
ұшыраған. Оның басты себебінің бірі- жерді қорғайтын орман
алқабының қанағаттанғысыз жағдайы. Жер ресурстарын ғана емес, жалпы
қоршаған ортаға зиянын тигізетін негізгі ластану көздерінің бірі –
кəсіпорындардың өндірістік қызметі процесінде жəне тұрғындардың
тұрмыс-тіршілігінде пайда болған қалдықтар. Облыста тұрмыстық қатты
қалдықтардың өте көп болуы да біраз проблемалар туғызуда. Сонымен қатар
қоршаған орта мен адам денсаулығына ықпал ететін проблеманың бірі
–қазылып, кен өндіріліп алынған соң қалып кеткен, жабылмай аузы ашық
қалған радиациялық қауіпті кен орындары мен карьерлер мəселесі. Бұлар Шет
ауданындағы Ақшатау елді мекені, Ақтоғай ауданындағы тастап кеткен
геологиялық қазба орындары (Октябрь, Майтас, Қызыларай, Қызыл, Аномалия-8,
Тасарал). Республикамыздың басқа облыстары Қарағанды облысындағыдай
техногенді ауыртпалықты бастан кешіріп отырған жоқ. Мұнда Сарышаған
ракеталық полигоны, Семей ядролық полигоны жəне Байқоңыр ғарыш
айлағынан ұшатын ракета тасығыштардан бөлініп түсетін бөліктердің
құлау ауданы- бəрі бар. Облыста радиациялық қауіпсіздік мақсатымен
кəсіпорындарда өңделген ионды сəуле көздері бар жерлерде қалдықтарды көму
проблемасы басты орында. Бұл көрсеткіш облыстағы экология жəне
табиғат қорғау мəселесіне, экологиялық проблемаларды шешу жолдарына
арналған. Онда Балқаш,Теміртау, Қарағандының экологиялық проблемалары
туралы қамтылған. Көрсеткіш мазмұны бес бөлім бойынша құрылған,
Жезқазған- Балқаш өңірінің экологиясы, Қарағанды облысының
радиактивтік қалдықтарымен ластануы, облыстың су көздері, қалдықтарды
өндіру проблемасы, өңірдің экологиялық орталықтары. Өлкетану
электрондық каталогқа өлке экологиясы туралы 500-ден астам жазулар
енгізілген. Өлкетану бөлімі өлкенің табиғаты бойынша толық мəтінді
құжаттарды құруға кірісті. Кітапхана оқырмандары Қоршаған ортаны
қорғау атты тақырыптық папканы белсенді пайдаланады. Орталық
Қазақстанның табиғаты туралы ақпараттарды əлемдік пайдаланушыларға қол
жеткізу мақсатында.Өтпелі экономикалық елдер үшін экологиялық
қызметтің нəтижелілігі туралы Шолуларға (ЭҚНШ) қоршаған ортаны қорғау
министрлері “Еуропаға арналған үшін қоршаған орта" екінші
Конференциясында ұйытқы болды, ол 1993 жылы Люцернде ( Швейцария)
өтті. Соның нəтижесінде БҰҰ ЕЭК экологиялық саясат жөніндегі
Комитеті ЭҚНШ-ны өзінің тұрақты бағдарламасының бөлігі жасау туралы
шешім қабылдады. Шолулардың бірінші циклы 1994 жылы басталды жəне ол 2004
жылға дейін БҰҰ ЕЭК аймағындағы 24 елде жүргізілді. 2003 жылы "Еуропа
үшін Қоршаған Орта" бесінші Конференциясында (Киев) министрлер ЭҚНШ-
бағдарламасын қолдау туралы өз пікірлерін растады жəне шолулардың
екінші циклын өткізу арқылы бағдарламаны жүзеге асыруды жалғастыру
жөнінде қаулы шығарды. Осы қолдау тағы да "Еуропаға арналған Қоршаған
Орта" алтыншы конференциясында (Белград, 2007 жыл) тағы да өз жалғасын
тапты. ЭҚНШ бағдарламасы өтпелі экономикалы елдер үшін маңызды құрал
болып саналады. Осы екінші циклдың аясында бірінші шолу жүргізілген
уақыттан бері қол жеткен прогресстің қорытындысы қатар шығарылады
жəне оны жүзеге асыруға, интеграциялауға, қаржыландыруға, қоршаған
ортамен əлеуметтік-экономикалық өзара ықпалдастық жүргізуге ерекше
назар аударылады. ЭҚНШ-ны сараптық зерделеу мен алқалы қарау да сондай-
ақ БҰҰ ЕЭК мүше-елдері арасындағы диалогқа жəне бүкіл аймақ бойынша
қоршаған ортаны қорғау саласындағы жағдайлар мен саясатты үйлестіруге
септігін тигізеді. Ерікті іс-шара болып табылатын ЭҚНШ тиісті елдің өтініші
бойынша ғана жүзеге асырылады. Зерттеулерді аймақтағы халықаралық
сарапшылар тобы, шолу жүргізілетін елдің ұлттық сарапшыларымен тығыз
ынтымақтастықта жүзеге асырады. Топтар сондай-ақ Біріккен Ұлттар
Ұйымының Даму бағдарламасын қоса атағанда, Біріккен Ұлттар Ұйымы
жүйесінің басқа да органдарымен, экономикалық ынтымақтастық жəне
даму ұйымымен тығыз ынтымақтастықта алынған нəтижелерді пайдаланады.
Осы Есеп БҰҰ ЕЭК жариялайтын Қазақстандағы екінші ЭҚНШ болып
табылады. Есепте 2000 жылы ел туралы жүргізілген бірінші шолудан бергі
уақытта қоршаған ортаны басқаруда Қазақстан қол жеткізген прогресстің
қорытындылары шығырылады. Ол бірінші шолудың ұсыныстарының орындалуына
баға береді (I қосымша). Есеп сондай-ақ саясат əзірлеуге, жоспарлау мен
жүзеге асыруға қатысты Қазақстан үшін маңызды тоғыз мəселені; қоршаған
ортаны қорғау саласындағы саясат пен жобаларды қаржыландыруды; сондай-
ақ экологиялық пайымдарды экономика секторына, атап айтқанда
энергетикаға, минералды ресурстарды өңдеуге жəне су ресурстарын
басқаруға интеграциялауды қамтиды. Есеп əсіресе, тұрақты дамуды
көтермелеуге ерекше назар аударады, өйткені Қазақстан мұны басым мəселе
деп есептейді. Мен, осы Екінші Шолудың саясат жасаушылар мен азаматтық
қоғамның өкілдері үшін, олардың табиғат пайдалануды басқаруды жетілдіру
жəне Қазақстандағы тұрақты дамуды одан əрі көтермелеу жөніндегі
күш-жігерлеріне пайдалы жəрдем болатынына, сараптық зерделеу мен
алқалы қарау үдерісінен алынған сабақтардың да сондай-ақ БҰҰ ЕЭК
өңіріндегі басқа елдерге де көмектесетініне сенім артамын.

Семей полигоны

КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін
арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды
адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар
жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының
жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында
тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.
1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы
әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға
дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке
және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар
қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының
келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың
төзімі таусылып, шегіне жеткен еді.
Басқа ядролық державалармен салыстырғанда, Қазақстан аумағында қиратқыш
әлуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болды.
Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық
ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының
тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған
халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді,
тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін.
Қазақстан стратегиялық қару-жарақ пен оны жеткізу құралдары орналастырылған
жай ғана орын болған жоқ. Біздің елде жайласқан сұмдық әскери-техникал��қ
әлует қуаты жағынан тұтас бір индустрия, өзіндік бір мемлекет ішіндегі
мемлекет еді.

Жабылғанына 20 жыл өтсе де, Семей полигонының зардабынан тұрғындар әлі
құтыла алмай отыр

Курчатов қаласының қазіргі көрінісі. 20 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Семей полигоны және қоршаған орта
Қазақстан «Хрущевтік жылымық» жылдарында (1953 – 1964 жж.)
Азғыр-Тайсойған сынақ полигоны
Қоршаған ортаның экологиясын бақылау
Қазақстандағы полигон аймақтары
Ядролық сынақтар хронологиясы
Қазақстандағы полигондар
Қазақстан және ядролық қаруды таратпау жөніндегі саясат
Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары
Қазақстанның экологиялық проблемалары
Пәндер