Қазақ тіліндегі тұрақты тіркестердің лингвомәдени сипаты


Ф-ОБ-001/033
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
«ҚАЗАҚ ТІЛІ» КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ
ТІРКЕСТЕРДІҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ СИПАТЫ
«Бекітемін» Ғылыми жетекшісі:
«Қазақ тілі» кафедрасының ф. ғ. к., профессор
меңгерушісі ф. ғ. к., доцент . . . М. Е. Ержанов
. . . Г. Қ. Жылқыбай
« . . . » . . . 2009 ж Орындаған:
ФҚӘ - 515 тобының студенті
. . . Көлшікбаева Айгерім
Түркістан - 2009
Жоспар
3. 6. Шешендік өнерге байланысты қалыптасқан фразеологизмдер . . .
3. 7. Тарихи кезеңдер мен тарихи тұлғаларға байланысты қалыптасқан фразеологизмдер . . .
3. 8. Ұзындық, қашықтық, тереңдікке байланысты қалыптасқан фразеологизмдер . . .
3. 9. Соматизмге байланысты қалыптасқан фразеолгизмдер . . .
3. 10. Құс-жәндіктермен байланысты қалыптасқан фразеологизмдер . . .
3. 11. Сандық көрсеткіштермен байланысты қалыптасқан фразеологиздер. .
3. 12. Түр-түспен байланысты қалыптасқан фразеологизмдер . . .
3. 13. Азық-түлік, тағам атауларына байланысты қалыптасқан фразеологизмдер . . .
3. 14. Космонимдерге байланысты қалыптасқан фразеологизмдер . . .
3. 15. Уақытқа байланысты қалыптасқан фразеологизмдер . . .
3. 16. Туыстық атауларға қатысты қалыптасқан фразеологизмдер . . .
3. 17. Өсімдіктерге байланысты қалыптасқан фразеологизмдер . . .
3. 18. Киім атауларына қатысты қалыптасқан фразеологизмдер . . .
39
41
43
44
45
45
46
47
48
48
49
49
50
К І Р І С П Е
Жұмыстың жалпы сипаттамасы . Тіліміздегі тұрақты тіркестердің мағына лық астарында халықтың ерте уақыттан бергі өмірінің бүкіл болмысы сақталып суреттеледі. Халықтың күнкөріс, тұрмыс-тіршілік негізінде жан-жақты өрбіген түсінік пайымдаулары, соған байланысты қалыптасқан салт-дәстүр, әдет -ғұрып тардың ерекшеліктері тілдік қолданыстағы тұрақты тіркестерден көріністабады. Сондықтан тұрақты тіркестер - халқымыздың ұлттық ерекшелігін бойына сіңірген басты мәдени байлығымыздың бірі. Әр ұлттың тіліндегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы сол ұлт тіліне тән өзіндік бейнелі сөз орамдары арқылы оның бүкіл заттық, рухани мәдени өмірінен хабардар етеді. Ойымызды бейнелі, мәнерлі етіп, айқын жеткізуде өзінің бейнелілігімен, экс-прессивті-эмоционалды бояуымен көзге түсетін фразеологизмдердің маңызы ерекше құнды. Ғасырлар бойы тек тұрақты тіркес түрлерінің бойында ғана сақталып қалған ерекше сөз айшықтарын мәдени дерек ретінде қарап, олардың жасалу жолдары мен мағыналық тамырына терең үңілудің, сол арқылы фразеологизмдердің қалыптасуына негіз болған о бастағы еркін тіркес түрле-ріндегі уәждерін ашудың фразеологиялық зерттеулер үшін маңызы зор. Әдетте фразеологиялық мағынаның пайда болуына дәстүрлі тіршілік пен мәдени өмірдің әсері мол. Образға негізделген көрініс тіл арқылы жарыққа шыққанда, ондағы ұлттық қабылдау, қазақи дүниетаным, ойлау ерекшеліктері бірден аңғарылады. Фразеологиялық мағынаға тірек, негіз болатын нәрсе-адамдардың күнкөріс тіршілігі, күнделікті өмірінде көріп жүрген дүниедегі заттар, айналасындағы құбылыстар, содан туындайтын жағдайлар және түрлі жағымды, жағымсыз әрекеттердің ықпалы.
Зерттеушілер фразеологизмдердің қалыптасу негіздерін халықтың ұлттық мәдени көздерімен байланыстыра қарастырудың мәні зор екендігін айтады [1, 5] . Осыған орай зерттеу барысында ең басты көңіл аударатын тұс - тіл мен мәдениеттің арақатынасы. Ол фразеологизмдердің қалыптасу уәждерін ашуда айқын көрінеді. Ұлт мәдениеті оның бүтіндей тұрмыс-тіршілігінде, ғылымында, өмірінде, дінінде, жалпы менталитетінде тіл арқылы танылады десек, онда фразеологиялық материалдар ұлттық - мәдени маңызы бар деректерден тұратындығы ақиқат деуге болады. Бұл деректердің түп-төркіні, таралу, шығу көзі фразеологизмдердің этнолингвистикалық ерекшеліктеріне байланысты.
Зерттеу нысаны. Қазақ фразеологизмдерінің лингвомәдени деректеріне талдау жасау.
Зерттеу мақсаттары. Ұлттық мәдениеттің қалыптасуына қарай тіл мен мәдениеттің арақатынасын саралай отырып, тұрақты тіркестердің жасалу жол-дарын, қалыптасу уәждерін айқындау, осыған орай ұлттық-мәдени деректер негізінде фразеологиялық тіркестерге этнолингвистикалық талдау жасау.
Зерттеу материалдары. Қазақ тілінің фразеологиялық қорындағы ұлттық мәдени тіршілігіне қатысты пайда болған тұрақты тіркестер тобы тілдік фактілер ретінде зерттеу материалдарының құрамын айқындайды. Зерттеу материалдарына алынған тұрақты тіркестер тобының сандық жағынан гөрі тақырыпқа қатысты сапалық жағына - фразеологизмдердің қалыптасуына негіз болатын ұлттық мәдени бастау көздерін айқындауға көмектесетін фразеологиялық деректерге баса назар аударылды. Мысалдар “ Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінен”, “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен (1-10 тт. ) ”, сондай-ақ рухани және заттық мәдениетке қатысты зерттеулер мен тіл арқылы мәдениеттануға байланысты жазылған ғылыми еңбектер және қазақ тіл біліміндегі этнолингвистикалық зерттеулер қарастырылды.
Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізіне І. Кеңесбаев, К. Аханов,
Ә. Т. Қайдар, М. М. Копыленко, Ж. Манкеева, Ө. Айтбаев, Е. Жанпейісов, В. Н. Телия, Р. Сыздық, С. Сәтенова, Г. Смағұлова т. б. ғалымдардың зерттеу еңбектері басшылыққа алынды.
Дипломдық жұмыстың құрылысы . Жұмыстың жалпы сипаттамасынан, үш тарау мен қорытынды бөлімнен тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған
әдебиеттер тізімі берілді.
1 ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. 1 Тіл мен мәдениет байланысы
Халық тілін зерттеп, сырын ашу - тіл иесінің қоғамдық-әлеуметтік өмірін, тіршілік көзін, рухани мәдениетін, ұлттық рәсімін танып білу; ұлттық психологияның, ұлттық дүниетанымның әр түрлі қырын, сыр-сияпатын зерделеу; сол арқылы халыққа, ұлтқа жеткізу деген сөз. Зерттеушілер әр ұлттың өзіндік биік мұраты, әр тілдің өзіне тән қадір-қасиеті болатындығын айтады. «Тіл - кез келген халықтың тәжірибесі мен танымы және мәдениеті мен тарихымен ұштасып жатқан әсерлі де сезімтал халық құндылығы» [2, 7б. ] . Бұл ойды әрі қарай О. С. Ахманова: «Тіл - сонау көне дәуірді әрбір жаңа дәуірмен үзбей жалғастырып келе жатқан ең берік, өміршең қоғамның жанды құбылысы. Тіл тамырына зер салған сайын, оның сан-алуан қыры мен тылсым сырына бөленесің» [3, 529б. ], - деп жалғастырады. Демек тілдің тылсым сырларын ашатын болсақ, ғасырлар қойнауында жатқан көптеген ұмытылған құнды дүниелер табылары анық. Тіл - мәдениет құрамы. Оған А. Ченкидің: «Тіл - қоғам мүшелерінің арасындағы коммуникация құралы ретінде мәдениеттің көптеген қырларын бейнелейді. Тіл құрылымы екі маңызды фактор арқылы туындайды. Оның бірі - ішкі, яғни әрбір жеке тіл иесінің ақыл-ойы, екіншісі - сыртқы, яғни басқа осы тілде сөйлейтін тіл иелерімен ортақ мәдениет» [4, 17б. ], - деген пікірі айқын дәлел. Тіл арқылы ғана біз халықтың мәдениетін, дүниетанымын танимыз.
Ал мәдениет - сан ғасырлар бойы қалыптасқан халықтың рухани құндылығын қамтитын, ұлттық дүниетанымынан хабардар ететін сананың жиынтығы. Мәдениет дегеніміз - қоғамдағы жинақталған және жинақталатын материалдық және рухани құндылықтардың қоры. Ол үнемі тарихи даму үстінде болып, адамның жеке тұлға болып қалыптасуына белгілі ықпалын тигізеді.
Бұрынғы замандардан бері қалыптасқан өмір салты, материалдық және рухани мұралар жасау машығы - сол халықтың бастан өткерген ғұмыр жолының куәсі іспеттес. Яғни халықтың ғасырлар қойнауынан бастау алатын тек-тамыры, мәдени-рухани болмысы жалпы адамзаттық тарихтың, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылады, сонымен бірге бүгінгі және болашақтағы сан тарау әлеуметтік, мәдени болмысының бой көтерер биік тұғыры да.
Қазіргі заманда мәдениетті тілмен байланыстыра қарастырған мәдениеттану ілімінің қоғамдағы орны мен рөлін хабардар ететін әдебиеттер жеткілікті. Ең алдымен «мәдениет» дегеніміз не? - деген сұраққа жауап беру үшін осы күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығу тегін сөз етелік. «Мәдениет» сөзі араб тілінде «мудун» - «қала» мағынасын беретін болса, ал «медэни» сөзі «қала тұрғыны» деген мағынаны білдірген. Осыдан келіп «мәдениет» сөзі шыққан [5, 7б. ] . Ал латынша «culture» сөзі ежелгі заманда «жерді өңдеу» деген мағынаны берген. Цицеронның еңбектерінде бұл сөздің мағынасы тереңдеп, «жанды жетілдіру», уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде «білім беру», «даму», «құрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола бастайды [6, 6б. ] .
Ю. М. Лотман мәдениетке: «мәдениет дегеніміз - адамдар арасындағы немесе сондай бір топ арасындағы қарым-қатынастың бір түрі. …Мәдениет, біріншіден, коммуникациялық екіншіден, символдық табиғатқа ие» [7, 56б. ], - деген пікірін білдірсе, белгілі ғалым Э. Бенвенист оның ойын сабақтастыра мәдениет туралы былай түйіндейді: «Өркениеттің даму деңгейі қандай болмасын мәдениет адамзат қоғамынан бөлінбейді. Әрбір тіл сияқты, әрбір мәдениет те арнайы символдар аппаратын қолданады және де осы арқылы сәйкес қоғам танылады. Тілдер түрлілігі, мәдениеттер түрлілігі, олардың өзгерістері символизмнің конвенционалдық сипатын көрсетеді. Символизм оларға түр береді. Негізінде осы символ адам, тіл және мәдениет арасындағы тікелей байланысты іске асырады» [8, 32б. ] .
Сөйтіп мәдениетті ұжымдық тұлға сияқты нақты этноспен байланысты танымдық жүйе деп түсінуге болады.
Дәл қазіргі уақытта бұл ұғымның саны 600-ге жеткенін мамандар дәлелдеп отыр.
Қазақ тіл білімінде Г. Н. Смағұлова өз еңбегінде: «Мәдениет» сөзіне 200 астам ғылыми анықтама берілгенін атап өтеді [9, 78б. ] . Бұл орайда Н. Г. Смағұлованың «Әдетте материалдық және рухани деп екіге бөлінетін бұл ұғымның соңғы жылдары жан-жақты зерттеле бастауы - ұлттық өркениет заманында өз орнын анықтауға, өз орнын алуға ұмтылуымен сипатталады. Мәдениеттің рухани түрі ғасырлар бойы ұрпақтан- ұрпаққа беріледі. Бұл әдетте, дәстүр, дәстүр жалғастығы деп танылады. Соған орай, әр ұлттың өзіндік бітім-болмысын, қадір-қасиетін, басқалардан ұлт ретінде айырмашылықтарын, бүгінгі тілмен айтсақ, менталитетіне қарап ажыратады [9, 152-153б. ], - деген пікірі құптарлық. Кез-келген адам белгілі ұлт өкілін танытады. Ал әрбір ұлттың тарихы мен мәдениеті өзіндік қасиеттердің қайталанбас жиынтығы болып табылады. Ендеше бүгінгі заманда ұлт мәселесі төңірегіндегі әлеуметтік, саяси т. б. өмірлерінің негіздері, мәдениеті мен рухани жағдайлары хақындағы мәселелер көптеген мәдениет қайраткерлерінің, ғалымдардың пікір тоғыстыратын өрісіне айналуда.
Дәстүрлі мәдениет - ежелден пайда болып, ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан, бірақ өзгерістерге ұшырағанымен, сол халықтың дүниетанымдық бастаулары мен басты құндылықтарының көзіне айналып, оның өмір сүруінің салттары мен бағыттарын, тәсілдері мен жолдарын реттеуші. Зерттеушілер қазіргі қазақтың ұлттық мәдениетінің ерекшелігі мен мәнін қазақтардың ғасырларға жалғасқан көшпенділік өмір салтынан іздеу қажеттігін айтады [10, 33. ] . Ал көшпенділік өмір салты туралы сөз қозғалғанда ежелден келе жатқан дәстүрлі мәдениетке сүйенеміз. Екеуі бір-бірінен ажырамас байланыстағы біртұтас үдеріс. Олай болатын болса, дәстүрлі мәдениет қазіргі өмір салтымызбен тығыз байланыстағы қазіргі мәдениеттің темірқазығы, негізгі көзі. Өйткені қазіргі әлемдік өркениеттің көкжиегінен бірде-бір халықты, қоғамды, мемлекетті мәдениеттен тыс көзге елестету қиын. Адамзат баласының мыңдаған жылдық рухани сабақтастығының және саналылығының ең басты көрсеткіші - оның мәдениеті. Мәдениет жоқ жерде мәдениетсіздік, көргенсіздік, қасиетсіздік белең алатыны белгілі. Себебі бұл жерде «мәдениет» ұғымының ауқымы өте кең, керек десеңіз, оған рухани түсініктер ғана емес, адамзат қолымен жаратқан заттай айғақтар да кіреді. Осыдан болар мәдениетті материалдық және рухани деп жіктеу орын алып келеді. Бұлай саралауда шарттылықтар болуы мүмкін. Бірақ қалай болған күнде де кез келген мәдени құбылыс рухани ұғым мен заттай айғақ бірлігінің көрінісі. Материалдық мәдениет белгілі бір идеяның жүзеге асуы, білімнің заттай белгіге айналуы болса, рухани мәдениет, көбінесе, символдар мен заттар арқылы көрініс табады. Түптеп келгенде, адамдардың шығармашылық қабілеті алдымен ой-қиялында туындап, артынан белгі мен заттай көріністерге ұласады. Сондықтан да мәдениет - толық және тұжырымды анықтама беруге көне бермейтін абстракциялық ұғым. Оның алуан түрлі анықтамаларға ие болуы да содан.
Мәдениет - адам баласының қоршаған ортасы. Ол үйде де, түзде де адамдардың іс-әрекетінің, жүріс-тұрыстарының, сөйлеген сөздері мен тындырған істерінің айнасы. Сондықтан да ұлттық мәдениеттің болмыс-бітімі ұлттық рухпен біте қайнасып, бірге қалыптасады. Рухы күшті ұлттың мәдениеті де өзгеше. Мәдениеттің өзегі, оның өзіндік даму дәрежесінің көрсеткіші болып табылатын дәстүр мен жаңашылдықтың сипаты, сырт әсерге берілгіштігі де мұндай рухы күшті ұлттардың мәдениеттерінде тіршілікке лайықты үйлесімін тапқан [10, 34. ] .
Мәдениеттанушылар «мәдениет» ұғымын түсініп, айқындауда мынадай тәсілдерді атап көрсетеді.
1. Сипаттама тәсілі. Мұнда мәдениет екі мақсатта қарастырылады. Яғни адамды сыртқы күштерден қорғау мен адамдардың бір-біріне қарым-қатынасын қарастырып, адам өмірінің жеткен жетістіктерін көрсетеді. Алайда бұл тәсіл мәдениет көрінісін толық сипаттай алмайды.
2. Бағалауыштық тәсілі. Мұнда мәдениет адам жаратқан рухани және материалдық құндылықтардың жиынтығын анықтайды. Ол адамның түрлі әрекеттеріне мән бермей, тек нысанның құндылықтарын қарастырады.
Зерттеушілер қазіргі кезде айтылып та, жазылып та жүрген мәдениетпен егіз «өркениет» ұғымының аражігі алғаш рет ХІХ ғ. соңында неміс ғылыми әдебиеттерінде ажыратыла бастағанын айтады [10] .
алыптасудың ізінше қорытынды ретінде, өмірдің соңынан өлім ретін Мәдениет көпқырлы құбылыс болғанмен, жеке адамның ерекшелігіне қатысты болса, өркениет көпшілікке, жалпылыққа бағытталады. Сондай-ақ мәдениет пен өркениет төмендегідей ерекшқеліктерге ие: мәдениет - элитарлық пен аристократтық болып, ғибадат пен дінмен астасса, өркениет - демократиялық әрі халықаралық болып келеді, бірақ дінге сүйенбейді. Кез-келген мәдениет ұлттық болып табылады. Бұл жөнінде Э. Сепир өз еңбегінде: «Мәдениет өмірге көзқарастарды және өркениеттің жеке көріністерін біріктіруге бағытталған, олар нақты халыққа әлемдегі өз орнын анықтауға мүмкіндік береді» [11, 469б. ], - дейді. Мәдениет жалпы адам бойындағы рухани құндылықтардың дамуы мен амал-тәсілдерін қарастырса, өркениет ондағы тек практикалық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталады. Кейбір ғалымдардың пікірінше, мәдениет қатып қалған ұғым емес, ол біздің күнделікті тіршілігіміздің көрінісі, соған байланысты өзгеріп, дамып отырады деп пайымдайды.
Ал энциклопедиялық сөздікте өркениетке мынадай анықтама беріледі: «Өркениет - бұл адамдардың жоғары түрі ғана іске асыра алатын ең жоғары және жасанды жағдайлар. Олар де, дамудың соңынан тоқырау ретінде жүріп отырады . . . Олар - шарасыз аяқталу, сонда да ішкі қажеттілік арқылы оларға біз әрқашан келеміз» [12, 31б. ] . Шынымен де өркениет адамдардың өз қолымен жасаған құндылықтары десе болғандай.
Мәдениет ұғымы болса, біріншіден, адам активтілігінің биологиялық емес қоғамның әлеуметтік жемісі, екіншіден, бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған жалғастықты, мұрагершілікті жүзеге асыратын өзек, үшіншіден, мәдениет адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Ол материалдық және рухани түрде дами отырып, мәдениет және өркениет түрінде қалыптасады.
Сонымен мәдениетті «адамның жеке сана-сезім негізінде қалыптасып дүниенің қалыптасуындағы рухани-өнегені ұғынудың жемісі» деп түсіне отырып, мәдениетті - қоғамдық құбылыс ретінде, адамдардың жинақталған және жинақтала түсетін материалдық және рухани құндылықтары деп түйіндейміз.
Қазақтың ұлттық тіл білімінің іргетасын қалаушы ағартушы-ғалым, ірі мәдениет және қоғам қайраткері А. Байтұрсыновтың: «Дүниеде ешбір тіл өздігінен шықпайды. Дүниеде ешбір тілді бір шешен кісі ойлап шығарған жоқ та, шығара алмайды да. Тіл деген нәрсе қалың елдің күндегі тұрмыс қазанында қайнап, пісіп, дүниеге келеді» [13, 34б. ], - деген ойы құптарлық.
Тіл жөнінде М. Жұмабаевтың «Тіл - ұлт үшін ең қымбат нәрсе . . . бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақтың сар даласы кең, тілі де бай» деген пікірін толық қуаттаймыз.
Тіл мен мәдениеттің байланысы шексіз. Тіл бар жерде мәдениет те қоса жүреді. Сондықтан да белгілі ғалым В. Н. Телияның: «Мәдениет - халықтың өзіндік ерекшеліктері бар тарихи естелігі. Тіл өзінің кумулятивтік қызметінің арқасында оны сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып отырады» [14, 226б. ], - деген пікірі де жоғарыда айтылған ойды дәлелдей түскендей.
Демек этнос дегеніміз - халық. Тіл мен мәдениет осы халыққа қызмет етеді деген сөз. Расында да тіл өзі қалыптасқан ортада мынадай қызметтерімен ерекшеленеді: 1. Тілдің адамдардың өзара түсінісуі үшін жұмсалатын коммуникативтік қызмет атқаруы және қарым-қатынас кезінде кез келген құбылыс, зат атауларының түсінікті болуы. 2. Тіл тек пікір бөлісу, ой жеткізудің құралы ғана емес, адам өмірінің заттық және рухани мәдениетінің сол ұлтқа тән төл-тума қасиеттерін жинақтап, сақтау арқылы келесі ұрпаққа жеткізеді. Бұл тілдің кумулятивтік қызметі деп аталады.
Тіл мен мәдениет арасын байланыстырып, кумулятивтік қызмет атқаратын тілдік бірліктер: фразеологизмдер, мақал-мәтелдер және ұлттық рәсімдерді бейнелейтін тілдік бірліктер болып табылады деп нақты айтуға болады. Себебі қазақ халқы дүниетанымға, көркем сөзге, мақал-мәтелдерге, шешендік нақыл сөздерге өте жетік және олардың дұрыс, терең мән беріліп айтылуына, олардың келер ұрпаққа сақталып жетуіне қатты ден қойып, оны ерекше бағалай білген. Адамзат өміріндегі тілдің мән-мағынасы мен қызметі, міндеті мен мүмкіншілігі бұлармен ғана шектелмейді. Тілсіз адамзат қоғамы, мәдениет бола алмағаны сияқты адамзат қоғамынсыз тілдің де болмайтыны рас. Өркениет, мәдениет, салт-дәстүр, менталитет дегендердің бәрі сайып келгенде, тіл философиясына барып тұрақтайды. Демек тіл мен мәдениет - бір-бірінен ажырағысыз адамзат құндылықтары.
1. 2 Лингвомәдениеттану мен оның этнолингвистиканың арақатынасы
Қазіргі уақытта тіл ғылымы қалыптасқан дәстүрлі зерттеуді емес, логико-лингвистикалық, психолингвистикалық, әлеуметтік лингвистикалық т. б. зерттеу тәсілдерін қажет етуде. Тіл біліміндегі лингвомәдениеттану сынды ғылыми бағыттың қалыптасуы осындай өмір талабы қажетінен туындаған.
Лингвомәдениеттану да тіл мен мәдениеттану мәселелерінің ұштасуынан қалыптасқан, тіл арқылы көрініс беретін мәдени құндылықтарды, олардың қолданылу жүйесін зерттейтін, өзіндік мақсат-мүддесімен, әдіс-тәсілдерімен ерекшеленетін тіл білімінің үлкен саласы. Ол ұлттық тіл мен ұлттық мәдениеттің бір-біріне ықпалы, адам дүниені қалай көреді, мәдениеттегі тілдік бейненің рөлі, ғасырдан-ғасырға жетіп, ұлт тілінде сақталған халық қазынасы фразеологизмдердің, нақыл сөздер, мақал-мәтелдердің рөлі қандай, олардың адам баласына қажеттілігі неде деген сияқты мәселелерді қарастырады. Ол екі пәннің тоғысуынан пайда болғандықтан халықтың мәдени қазынасын, олардың қолданылу жүйесін зерттейтін тіл білімінің саласы ретінде зерделенеді. Оны зерттеуді көп қажет ететін жас ғылым саласына жатқызамыз.
Мәдениеттану дүниенің бейнесін, рухани құндылықтарды қарастырса, лингвомәдениеттану ғылымы өз алдына ұлттық болмыстың тілдегі көрінісін, тіл фактілері мен халықтың танымдық, этика-эстетикалық категориялары арқылы рухани мәдениетін танытып, олардың қызметі мен орнын анықтауды мақсат етеді. Ал осы ғылым бір халықтың аңыз, әдет-ғұрып, дағды, рәсім, мәдениет символдарын т. б. қарастырса, бұлардың барлығы тіл арқылы көрініс табады.
Мәдениеттің ұрпақтан-ұрпаққа тілсіз жетуі мүмкін емес. Демек мәдениеттің қай түрін алсақ та, оның түрі мен мазмұны тек тіл арқылы ғасырдан-ғасырға сақталып, беріліп отырған. Ендеше тіл арқылы мәдениеттану - ұлттың, халықтың кешегісі мен бүгінгісін тану.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz