Кеңістіктің еркін ұлы
1 Бердяевтің туындылары тұңғиық мұхит
2 Бердяев идеяға ғашық, тылсым ойға ынтық. Философияға жан тәнімен берілуі

Орыс философиясында бақ бар. Өз уақытында түледі. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында бұл халық өзінің тарихи болмысына терең үңілуге жаппай кірісіп, рухани жетілуге сапар бастап еді. Яғни, Батыстағы философия «көші» ендігі кезекте орыс еліне «қоныс тепті». Бірақ, орыс философиясы батыстық модельдің көшірмесі емес. Орыс идеясы, орыс ойы, орыс ұғымы православияның арнасында дамыған. Орыс философиясы классикалық неміс философиясындай гносеологиялық, логикалық мазмұн, теориялық әдіс - тәсіл, стильдік біркелкілік, категориялық безендіру шарттылығына басыбайлы бағынған емес. Әр түрлі мектептерге бөлініп, бірнеше ағымдарды шұбыртпай-ақ философиялық ойдың өзіндік бет-бейнесін жасай алды. Негізі, дүниені тану қатып қалған қағидалармен жүзеге аспайды. Философияға стандарт тән емес.
Орыс философиясының бірінші жауы әдеттегідей социализм. Шаш ал десе басыңды теріңмен қосып сыпырып алып, тек бір ғана коммунистік идеяның сойылын соғуға шоғырланған қатігез тәртібі елді емін еркін билеп тұрғанына қарамастан ойшылдық Геркулестей алып күші барын дәлелдей білсе керек. Әйтпесем Чаадаев, Соловьев, Шестов, Флоренцкий, Булгаков тағы басқалар аспаннан аяқтары салбырап түсті дейсіз бе? Дегенмен, социялистік режим осалдық танытқан кезі аз болған ба? Өзі дегенде өгіз қара күші бар жүйе өз қан сорпасында қайнамаған ерекше идеялардың тамырына балта шабатын «сүйікті» әрекетін жалғастыра берді. Осының соққысы Н.А.Бердяевті айналып өткен жоқ. Жүрегін тіліп өтті. Көкейіне құнды ой шұғыласы түспеген жоғарыдағы көкірегі соқырлар оны түсінген жоқ. Түсінбегені былай тұрсын, айдалаға айдатып жіберді.
Бердяевтің туындылары тұңғиық мұхит. Ол таудың тарғыл тасын жарып шыққан сексеуілдей нық. Өмірінің басым көпшілігін шет елдерде өткізгендіктен, өз елінен де, өзге жұрттан да, жалпы екі аяқты адам баласынан көрген құқайы аз емес. Бірақ, ол өз қағынан жеріген құлындай боп Отанын сатқан жоқ. «Орыс идеясы», «Ресей рухы» еңбегіндегі сын мен шынды «ештен кеш жақсы» дейтін Ресей кешірек мойындады. Өз елі көзі тірісінде қадірін ұқпағанымен өмірінің бір кезеңдерінде Еуропа қоғамының көкжиегінде жұлдыздай жарқырап тұрды. Еуропа оның философиялық ойлары ешкімге ұқсамайтынына таңданды. Еуропа оған философияның аспанында сұңқардай еркін самғауына мүмкіндікті молынан берді. Парижде, Кламарада, Римде шығармашалық деңгейі шарықтады. Ал өз Отанында ше? Ол өз ұлтының ортасында өзінің жалғыздығын сезінген. Орыстың интеллигентсымақтарынан бастап, арысы философияның иісі мұрнына бармайтын өз қандастары, берісі бәсекелестері бағаламақ түгілі басынатын. Бердяев былай дейді: «Я очень известен в Европе и Америке, даже в Азии и Австралии, переведен на много языков. Есть только одна страна, в которой меня почти не знают - это моя Родина!». (Самопознание. Москва. 2006г).

ҚАЙРАТ ағайға!
КЕҢІСТІКТІҢ ЕРКІН ҰЛЫ
Орыс философиясында бақ бар. Өз уақытында түледі. XIX ғасырдың аяғы мен
XX ғасырдың басында бұл халық өзінің тарихи болмысына терең үңілуге жаппай
кірісіп, рухани жетілуге сапар бастап еді. Яғни, Батыстағы философия көші
ендігі кезекте орыс еліне қоныс тепті. Бірақ, орыс философиясы батыстық
модельдің көшірмесі емес. Орыс идеясы, орыс ойы, орыс ұғымы православияның
арнасында дамыған. Орыс философиясы классикалық неміс философиясындай
гносеологиялық, логикалық мазмұн, теориялық әдіс - тәсіл, стильдік
біркелкілік, категориялық безендіру шарттылығына басыбайлы бағынған емес.
Әр түрлі мектептерге бөлініп, бірнеше ағымдарды шұбыртпай-ақ философиялық
ойдың өзіндік бет-бейнесін жасай алды. Негізі, дүниені тану қатып қалған
қағидалармен жүзеге аспайды. Философияға стандарт тән емес.
Орыс философиясының бірінші жауы әдеттегідей социализм. Шаш ал десе
басыңды теріңмен қосып сыпырып алып, тек бір ғана коммунистік идеяның
сойылын соғуға шоғырланған қатігез тәртібі елді емін еркін билеп тұрғанына
қарамастан ойшылдық Геркулестей алып күші барын дәлелдей білсе керек.
Әйтпесем Чаадаев, Соловьев, Шестов, Флоренцкий, Булгаков тағы басқалар
аспаннан аяқтары салбырап түсті дейсіз бе? Дегенмен, социялистік режим
осалдық танытқан кезі аз болған ба? Өзі дегенде өгіз қара күші бар жүйе өз
қан сорпасында қайнамаған ерекше идеялардың тамырына балта шабатын
сүйікті әрекетін жалғастыра берді. Осының соққысы Н.А.Бердяевті айналып
өткен жоқ. Жүрегін тіліп өтті. Көкейіне құнды ой шұғыласы түспеген
жоғарыдағы көкірегі соқырлар оны түсінген жоқ. Түсінбегені былай тұрсын,
айдалаға айдатып жіберді.
Бердяевтің туындылары тұңғиық мұхит. Ол таудың тарғыл тасын жарып
шыққан сексеуілдей нық. Өмірінің басым көпшілігін шет елдерде
өткізгендіктен, өз елінен де, өзге жұрттан да, жалпы екі аяқты адам
баласынан көрген құқайы аз емес. Бірақ, ол өз қағынан жеріген құлындай боп
Отанын сатқан жоқ. Орыс идеясы, Ресей рухы еңбегіндегі сын мен шынды
ештен кеш жақсы дейтін Ресей кешірек мойындады. Өз елі көзі тірісінде
қадірін ұқпағанымен өмірінің бір кезеңдерінде Еуропа қоғамының көкжиегінде
жұлдыздай жарқырап тұрды. Еуропа оның философиялық ойлары ешкімге
ұқсамайтынына таңданды. Еуропа оған философияның аспанында сұңқардай еркін
самғауына мүмкіндікті молынан берді. Парижде, Кламарада, Римде шығармашалық
деңгейі шарықтады. Ал өз Отанында ше? Ол өз ұлтының ортасында өзінің
жалғыздығын сезінген. Орыстың интеллигентсымақтарынан бастап, арысы
философияның иісі мұрнына бармайтын өз қандастары, берісі бәсекелестері
бағаламақ түгілі басынатын. Бердяев былай дейді: Я очень известен в
Европе и Америке, даже в Азии и Австралии, переведен на много языков. Есть
только одна страна, в которой меня почти не знают - это моя Родина!.
(Самопознание. Москва. 2006г).
Бердяевтың еңбектерінде батыстық сарын бар. Оны оқып отырып, батыстың
бар құпиясын, кереметін бойына сіңіріп алғанын байқайсың. Бәлкім, Батыс
интеллигенттерімен тығыз қарым қатынас орнатып, олардың ең бір тамаша
құндылықтарын өз бойына сіңіргендіктен болар. Базбір қаламгерлер болады
ғой, қоғамның бітіспес қақтығысынан жүйкесі шаршап, орта жолға келгенде
сен тимесең мен тимен, бадырақ көз деп қолын бір сілтеп кететін. Бердяев
керісінше, өзін қатты қадағалайтындықтан ба, әлде табиғатынан сергек,
байсалды болар, әрқашан тынымсыз күрескер. Тіпті 1917 жылғы қанқұйлы
төңкеріс кезінде үйінің дәл төбесінен бомба түсіп, айнала азан-қазан, ел
алақұйын дүр сілкініп жатқанда ол жазуын тоқтатқан емес. Әрине ызалы жүрек,
дірілдеген қолымен... . Бердяев 1922 жылы қуғын-сүргінмен Еуропаға
айдалып кеткені дұрыс болған секілді. Қудаланбаған Флоренскийлердің тағдыры
1933 жылы ату жазасына кесілумен біткен тұғын. Егер Бердяев өз елінде қалса
ақтаңдақтармен бірге өлім құшуы әбден мүмкін еді. Бірақ, ол өзге елде жүріп
те көрген тауқыметін Тяжелые годы тарауында 1940-46 жылдары жазғандай,
Еуропа оны жазықсыздан жазықсыз көп қудалады. Әсіресе екінші дүниежүзілік
соғыс кезінде көрген азабы адам аярлық. Таңның атысы, күннің батысы
тергелу. Ішкені ірің, жегені желім. Фашизмнің жақтастары шулаған төбейттей
тілдерін салақтатып соңына түсті. Төрт рет түрмеге қамалды. Айдалды.
Бір қызығы, оның туындыларында дүниенің астын үстіне төңкеріп
тастайтындай өшпенділіктің оты жоқ. Ол еркіндікті жан тәнімен сүйген
адам. Ойларын еркіндіктің қарлығашы дейтін. Еркіндікті өлердей сүйгені
соншалық, ол тіпті жер-ананың ұлы болмай, еркіндіктен жаралғанын
жасырмайтын. Өз басым еркіндікті шектеуге немесе оны жермен жексен етуге
тырысқан кез келген ортодокцияларға немесе марксистік, православиелік
болсын, барлығына қарсы соғыс жариялаймын!.
Ол еркіндіктің символы! Еркіндікті жоққа шығаратын таяз сананың
жалған иерархиясына әрқашан қарсы! Оның түсінігінде еркіндік – бұл нағыз
ақиқаттың бұлақ көзі. Еркіндік оны қуантты да қудалады. Сергітті әрі
есеңгіретті. Бірде үмітіне үкі тақты, бірде қайғыға шомдырды. Бәрібір оның
жыры еркіндік болып қалды. Адамзат тарихынан еркіндіктің дәл осындай
ғажайып үлгісін қанша іздесең де таппайтын шығарсың. Ол еркін ғана емес,
жалғыз да. Жалғыздыққа ұмтылу оған бұл дүниенің оңбаған құрылысынан қорғану
үшін керек болды. Жалғызданудың тағы бір себебі оның әлемдік ортамен
үйлесімдік таба алмағандығынан еді. Ол тіпті философиялық өмірбаянында
қоғамның үйреншікті әдет-ғұрпы өзінің дүниетанымына қайшы келгендігін,
сондықтан өзге әлемнің құшағына еніп отырғанын жазған естелігінде. Мұны
әлсіздік демеңіз. Әлем болмысы, дүниенің үстемдік құрған ақыл-ой салтанаты,
ұлтаралық қақтығыс, қоғамдық қатынас сынды әрбір саланың жеңіске жетуге
талпынуы сияқты толып жатқан идолдар адам баласын өз иіріміне иліктірмей
тынбайтыны рас. Дәл осындай идолдарға басыбайлы құлдық ұруға Бердяев жан
тәнімен қарсы шыққан.
Өзі туралы бірде былай дейді: Менің өмірімде сырқат, дерт атаулының
алатын ролі орасан зор. Балалық шағымда ауыр сырқаттан есеңгіреп, төсек
тартып жатқан кездерім аз болмады. Бірақ, мен жеңілгенім жоқ. Моральдық
жағынан өзімді ешқашан әлсіз сезінген емеспін. Физиологиялық тұрғыдан
күштімін. Кез келген қатерлі сәттерде менің жігерім жасып, өзегім өртенген
емес. Бірақ, мен дерт атаулыдан қатты қорықтым. Менің отбасымды жүйке ауруы
жайлап алған болатын. Әкем де, ағам да жүйкенің ауыр түрімен ауырған.
Әсіресе ағамның халі мүшкіл. Ол психикалық тұрғыдан сау емес. Былайша
айтқанда ақыл-есі кемтар адам. Менің де бойымда жүйке ауруының элементтері
бар. Жаныма қатты бататын. Сондықтан болар, мен шынайы өмірден гөрі, өзім
құрастырған өзге әлемге көбірек кетіп қалатынмын.. (Самопознание.
Москва.2006г )
Бердяевтың анасы өнегелі француз отбасының қызы болатын. Анасы ойлы
көзінен от шашып тұрған баласының ерекше қабілетке ие екенін ерте байқаған
болуы керек, бұлақтың көзін ашуда ештеңесін аяған жоқ. Әкесі бала
Николайды Петербург кадет корпусына түсіреді. Николай қалың ойдың құшағына
көп берілетіндіктен кадет корпусының аурасы жақпады. Бірде - бір досы
болмады. Саналы түрде ешкім түсіне алған жоқ оны. Себебі ол мүлдем басқа
атмосфераның адамы. Офицер болам деген мақсаттан ада күде. Мен кадет
корпусын ұнатқан емеспін. Ондағы әскерилерді де. Мен бала кезімнен-ақ әскер
қатарында қызмет етуге жан тәніммен қарсы болатынмын. Себебі кез келген
басшыға бағынуға ешқашан келіспеймін. Мен кадет корпусының екінші класына
өткенімде өзімнің ең бақытсыз әрі адасқан байғұс екенімді анық сезіндім.
Ондағы балалардың дөрекілігі, қара күшіне сеніп дікеңдеуі маған жағымсыз
әсер қалдыратын. Мен өзімнің бұл жердікі емес екеніме көз жеткіздім.
(Самопознание. Москва.2006г). Тумысынан әсершіл, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz