Қазақ құқығы бойынша сот және сот ісін жүргізу



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қазақ құқығы бойынша сот және сот ісін жүргізу
2. 1867—1868 жылдардағы реформаның дайындалуы. Дала
комиссиясы
3. 1867—1868 жылдардағы әкімшілік басқару
4. Сот жүйесіндегі өзгерістер
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақ халқының құқық жүйесінің қалыптасуы қазақ мемлекетінің құрылу кезеңінен бастау алады. Құқық жүйесінде билер қазақ халқының салт- дәстүрін, әдеттік құқық құрылымын, шешендік өнерді жаңа сатыға көтерді. 1731 жылы Кіші жүздің Ресейге қосылу кезеңі басталған сәттен-ақ, орыс әкімшілігі қазақ қоғамының басқару және құқық жүйесін зерттеуге көңіл бөлді. 1822, 1824 жылдары қабылданған Жарғы арқылы қазақ қоғамының негізгі тірегі болған хандық басқаруды жойып, құқық жүйесінде қазақ билерінің қызметін бірте-бірте жоюға бағытталған саясаттың алғашқы қадамы жасалды. 1864 жылы Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңінің аяқталуымен қазақ даласында түбірлі әкімшілік-басқару, сот-құқық, экономика және әлеуметтік өмірде реформалар жүрді. 1867-1868 жылдары қабылданған «Уақытша Ережеге» сәйкес билер соты және жаңадан енгізілген сот органдары орыс заңдары негізінде құрылатын болды.
Патша өкіметі дәстүрлі билер соты құрылымын бірден жою халық арасында наразылық туғызатынын ескере отырып, орыстың құқық жүйесін бірте-бірте енгізуді жоспарлады. «Уақытша Ереже» бойынша үш сот жүйесі енгізілді: әскери сот, жалпы имперлік заңдар негізіндегі сот және халықтық сот.
1. Оразгүл Мұхатова ХІХ-ХХ ғасырлардағы Қазақстан тарихнамасы.
Алматы., 2002.
2. Мəшімбаев С.М. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты. А., 1994.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ құқығы бойынша сот және сот ісін жүргізу
Қазақ халқының құқық жүйесінің қалыптасуы қазақ мемлекетінің құрылу
кезеңінен бастау алады. Құқық жүйесінде билер қазақ халқының салт-
дәстүрін, әдеттік құқық құрылымын, шешендік өнерді жаңа сатыға көтерді.
1731 жылы Кіші жүздің Ресейге қосылу кезеңі басталған сәттен-ақ, орыс
әкімшілігі қазақ қоғамының басқару және құқық жүйесін зерттеуге көңіл
бөлді. 1822, 1824 жылдары қабылданған Жарғы арқылы қазақ қоғамының негізгі
тірегі болған хандық басқаруды жойып, құқық жүйесінде қазақ билерінің
қызметін бірте-бірте жоюға бағытталған саясаттың алғашқы қадамы жасалды.
1864 жылы Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңінің аяқталуымен қазақ даласында
түбірлі әкімшілік-басқару, сот-құқық, экономика және әлеуметтік өмірде
реформалар жүрді. 1867-1868 жылдары қабылданған Уақытша Ережеге сәйкес
билер соты және жаңадан енгізілген сот органдары орыс заңдары негізінде
құрылатын болды.
Патша өкіметі дәстүрлі билер соты құрылымын бірден жою халық арасында
наразылық туғызатынын ескере отырып, орыстың құқық жүйесін бірте-бірте
енгізуді жоспарлады. Уақытша Ереже бойынша үш сот жүйесі енгізілді:
әскери сот, жалпы имперлік заңдар негізіндегі сот және халықтық сот.
Ресей заңдарына сәйкес құрылған соттың билік органдары, уездік судья,
қылмыстық істер бойынша әскери-сот комиссиясы, облыстық басқармалардағы
азаматтық қылмыстарға қатысты істерді қарайтын бөлім. Уездік судьяны
Юстиция министрі бекітті және олардың ісіне облыстық басқарма бақылау
жүргізді. Қазақстандағы уездік судьялардың құқы Ресейдің Орталық
аудандарындағы мировой судьядан да жоғары болды. Әскери сот комиссия
құрамына енген штаб-офицерлерінің негізінен кәсіби заңгерлерлік білімі
болмады. Қазақтарға қатысты қылмыстық және азаматтық істердің барлығы Ресей
заңдары негізінде қаралып жаза қолданылды.
Уақытша ереже бойынша енгізілген сот жүйесіндегі ең төменгі халықтық
сот үш сатыдан тұрады; әрбір болыста билер соты, билер съезі, төтенше билер
съезі. Соңғы аталған төтенше билер съезі уез бастығының қатыстырылуымен
өткізілді.
Алғашқы кезде орыс заңы қазақтарға билерді сайлау құқын бергенімен де
оларды бекіту әскери губернатордың құзырында болды. Сондықтан да патша
әкімшілігі билер сотының құрамындағы кез- келген адамды ұнамаған жағдайда
басқамен ауыстыруға құқы болды.
Шын мәнінде 1882, 1824 жылғы Жарғылар мен Уақытша Ережелер қазақ
қоғамындағы билердің қызметін және маңызын жою мақсатын ұстанды.
1886-1891 жылғы басқару жүйесінде енгізілген реформалар бойынша сот
жүйесі қайта құрылды.
Жаңа жобаға сәйкес сот құрылымы мировой судья, облыстық сот, Өкіметтік
Сенаттан тұрды. Жаңа реформа Қазақстандағы сот құрылымын Ресейде
1864 жылы қабылданған Сот Жарғысына сәйкестендірілді. 1886-1891 жылғы
Жоба бойынша әрбір округ жанынан прокурор және оның серіктері, сот
тергеушілері, адвокаттық қызметтер енгізілді. Прокурорлық бақылау
орталықтандырылып, төмендегілер жоғарыдағыларға бағынатын болды.
Билер сотының құрылымы бұрынғы қалпында қалдырылды. Жалпы ХІХғ. Соңына
дейін Қазақстандағы сот жүйесі әкімшілік реформаның негізінде жасалып, жеке
сот құрылымына қатысты ешқандай да заңдар қабылданбайды. Сот ісіндегі
мұндай олқылықтарды жою үшін орыс әкімшілігі жаңа реформа дайындады. Бұл
реформаның жобасын 1898 жылы 2 маусымда император бекітті. Бұрын сот жүйесі
әкімшілік құқықпен бірге қарастырылса, енді сот жүйесіне қатысты жеке Заң
жобасы қабылданды. Жаңа жобаға сәйкес, бұрынғы облыстық соттардың орнына
округтік соттар құрылды. Мировой сот апелляциямен округтік сотқа шағымдана
алды.
Округтік сот үшін апелляциялық және бақылау инстанциясы сот палатасы
болды. 1898 жылы Юстиция министрі Н.В.Муравьев Қазақстандағы отарлаушы
әкімшілікке алқа заседательдерін енгізуді ұсынды. Оларды құру үшін арнайы
комиссия құрылды. Ресей өкіметі Алқа заседателі құрамына кіру үшін
қазақтардың мүлкі мен біліміне ценз қойды. Алқа заседателі болу үшін жоғары
немесе арнаулы білім, жеке меншігінде жері және 1000 рубль көлемінде
жалақысы, зейнетақысы болуы қажет еді. Олар негізінен Ақмола, Семей, Орал
облысында ғана құрылды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы сот жүйесіндегі
реформалардың барлығы да билер сотының құқын шектеп халықты либеральды орыс
сотының қызметін қабылдауға мәжбүрлеу саясатымен ұштасып жатты. 1898 жылы
сот жүйесінде қабылданған реформа 1917 жылға дейін сақталынды.
Сөйтіп, 1868 жылдан бастап жаңа тəртіп бойынша қазақ даласын
облыстарға, облыстарды уездерге, уездерді болыстарға, болыстарды ауылдарға
бөлді де, ел арасында съезд өткізіп, болыс, старшын сайлау дегенді енгізді.
Үш генерал - губернаторлық: Түркістан, Орынбор жəне Батыс Сібір. Барлық
əскери жəне азаматтық өкімет билігі түгелдей генерал-губернатордың қолында
болды.
Облысты əскери жəне азаматтық өкімет билігі берілген əскери губернатор
басқарады. Ол сол облыс жеріне орналасқан əскердің атаманы болып
тағайындалады. Əскери губернатор жанынан үш бөлім: жарлықшы, шаруашылық
жəне сот бөлімдерінен тұратын облыстық басқармалар құрылды. Əрбір бөлімді
аға кеңесші басқарады. Облыстық басқарма төрағасының міндеті губернатор
орынбасарына жүктелді.
Ауылдарда феодалдық билер соттары, ал Сырдария облысының қыстақтарында-
қазылар соттары сақталған. Əрбір болыста 4-тен 8 биге дейін сайланды.
Билерді əскери губернатор бекітті. Бұларға жалақы төленбеді. Ақыны билік
айтқаны үшін айыптылар төлеген. Олар дау- жанжалды шешкенде, тек шариғат
ережелерін басшылыққа алды. Əскери жəне уездік соттардың қарауына жатпайтын
азаматтық жəне қылмыстық істердің барлығын облыстық басқармалар қарады.
Сот ісін басқару құрылымы:
• Əскери сот комиссарлары
• Уездік соттар
• Билер мен қазылар соты
Бұл ережелер екі жыл мерзімге тəжірибе түрінде уақытша енгізілген
болатын. Алайда, бұл тəжірибе жергілікті халыққа теріс əсер етуі ықтимал
деген қауіппен 20 жылдан астам уақытқа созылды.
1886 жылы одан соң 1899 жылдары енгізілген ережелер, Түркістан өлкесін
орталық Ресей жүйесіне бірте-бірте жақындатып, отырықшы жəне көшпелі
халықтың орыс өкіметіне деген тəуелділігін аттыруда əсерін тигізді. Өз
елінде өзге халық дəрежесіне түскен қарабайыр халық енгізілген заңдар
салдарынан өз тағдырын шешу мүмкіндіктерінен айырылды.
1867—1868 жылдардағы реформаның дайындалуы. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық іс жүргізудің қағидалары
Азаматтық іс-жүргізу
ҚР мен шет елердің азаматтық іс жүргізу құқығы
Күдіктінің құқықтарымен заңды мүдделерін қорғау механизміндегі прокурорлық қадағалау және соттық бақылау
Сотта істі қараудың ауызшалығы
АЗАМАТТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ ТҮСІНІГІ
Сот төрелігін тек соттың ғана жүзеге асыруының принципі
Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларының түсінігі
Мемлекетіміздегі сот билігінің құқықтық реформалануы
Қылмыстық іс жүргізу қағидаларының ұғымы мен маңызы
Пәндер