Жеміс-жидек түрлері туралы ақпарат



1. Жеміс.жидек түрлері.
2. Жалпы сипаттама
3. Өсімдіктердік емдік қасиеттері.
Көне шығыс мәтелі былай дейді : «Пияз, сенің демің ауру біткенді жояды». Басқа да көптеген мақалдар бар. Мәселен : «пияз еккейсің, азап шекпейсің». Бұл мақалдар халықтың ғасырлар тәжірбиесін, шипалық күшіне деген адамдардың сенімін аян етеді. Жер жүзінде пияздың 400-ден астам түрі кездеседі, солардың ішінде пияздың әр алуан мәдени түрлері және сарымсақ табар. Барлық халық пияздың емдік қасиетін жоғары бағалаған.
Шіріткіш және ауру тудыратын микробтарды жоюға әсер ететін әрі организмнің әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсылығын күшейтетін фитонцидтер пиязға ең алдымен емдік күш береді. Пияз фитонцидтерін баспа, тұмау, гайморит кезінде иіскейді. Пияздың сөлі қақырық түсіріп, жөтелді басуға көмектеседі. Жұртқа мәлім, балға немесе қантқа теңжара қосып, бұқтырылған, пісірілген, қуырылған пияз –жөтелге, өкпе туберкулезіне беретін халық емі. Ол сондай-ақ ас қорытудың шіріткіш процесстерін басады, зиянды микроорганизмдердің өркендеуіне кедергі болады.
Үгілген пияз суын жараны жазатын дәру, сондай-ақ терінің қышып қабынуына қарсы ем ретінде пайдаланылады.езіліп піскен пиязды тырнақтың саңырауқұлақ ауруларына қарсы, жас пияз сөлін сүйелдерді жою үшін пайдаланады. Суық тиіп ауырғанда не жөтелгенде пиязды қыша қағазы орнына компресс ретінде пайдалануға болады, ол үшін әбден ұсақталған пиязды кеудеге қояды да, үстін полиэтилен пленкасымен жабады.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Пияз
Көне шығыс мәтелі былай дейді : Пияз, сенің демің ауру біткенді
жояды. Басқа да көптеген мақалдар бар. Мәселен : пияз еккейсің, азап
шекпейсің. Бұл мақалдар халықтың ғасырлар тәжірбиесін, шипалық күшіне
деген адамдардың сенімін аян етеді. Жер жүзінде пияздың 400-ден астам түрі
кездеседі, солардың ішінде пияздың әр алуан мәдени түрлері және сарымсақ
табар. Барлық халық пияздың емдік қасиетін жоғары бағалаған.
Шіріткіш және ауру тудыратын микробтарды жоюға әсер ететін әрі
организмнің әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсылығын күшейтетін фитонцидтер
пиязға ең алдымен емдік күш береді. Пияз фитонцидтерін баспа, тұмау,
гайморит кезінде иіскейді. Пияздың сөлі қақырық түсіріп, жөтелді басуға
көмектеседі. Жұртқа мәлім, балға немесе қантқа теңжара қосып, бұқтырылған,
пісірілген, қуырылған пияз –жөтелге, өкпе туберкулезіне беретін халық емі.
Ол сондай-ақ ас қорытудың шіріткіш процесстерін басады, зиянды
микроорганизмдердің өркендеуіне кедергі болады.
Үгілген пияз суын жараны жазатын дәру, сондай-ақ терінің қышып
қабынуына қарсы ем ретінде пайдаланылады.езіліп піскен пиязды тырнақтың
саңырауқұлақ ауруларына қарсы, жас пияз сөлін сүйелдерді жою үшін
пайдаланады. Суық тиіп ауырғанда не жөтелгенде пиязды қыша қағазы орнына
компресс ретінде пайдалануға болады, ол үшін әбден ұсақталған пиязды
кеудеге қояды да, үстін полиэтилен пленкасымен жабады.
Пияздың өзіндік иісі мен ащы дәмі эфир майына ұқсас. Пияздың
түрлері, әсіресе жапырақтары С витаминіне бай. Пияз ішек құртына қарсы
емдік қасиеті бар. Пияздағы заттар атеросклероздың ұлғаюын тежейді, зат
алмасуға және қандағы холестериннің бір дәрежеде болуына ықпал етеді. Қант
диабетіне 1-2 жуашықты бұқтырып, пісіріп, немесе шикілей қосымша жеу керек.
Пияз ас қорыту мүшелерінің жұмысын реттейді, тәбет ашады, асқазан сөлінің
бөлінуіне әсер етеді, осының көмегімен ішек және азқазан астындағы бездің
қорыту ферменттері жасалады. Пияз қабығынан жасалған сулы тұндырманың да
емдік қасиеті бар, ол организмді әр түрлі қалдықтардан арылтуға
көмектеседі.
Көк пияз да аса бағалы, ол витаминдердің (С, каротин, В1 тобы)
қоймасы ғана емес, калий тұздары мен басқа да заттарға бай. Оның бойындағы
кальций, фосфор, темір тұздары қан азайған профилактика үшін қажет, ал
кальций тіс ауруларына пайдалы. Калийдің аса бай көзі саналатын көк пияз
жүрек бұлшық еттерінің дұрыс жұмыс істеуіне көмектеседі.
Пиязды емдік мақсатқа қолданудың көптеген әр түрлі және қарапайым
рецепттері бар. Жөтелге : ұсақ туралған пиязды эмальды ыдысқа салады, оған
қант қосады да біраз уақыт жауып қояды, жиналған сөлін бір ас қасықтан
тәулігіне 4-5 рет ішеді. Созылмалы тонилизитте пияздың су қосқан сөлімен
тамақты шаяды. Тұмауға : үйде ингалиялық жасау қолайлы. Бұл үшін стаканның
түбіне 1-2 ас қасық үгітілген пиязды салады. Стаканды варонка тәрізді қалың
қағазбен жабады да ыстық су құйылған ыдысқа құяды. Содан соң варонканың
жіңішке жағын мұрынға тақап, демді ішке тартады. Осы процедураны тәулігіне
3-4 рет қайталау керек. Іріңде не сыздауық шыққанда теріні жұмсару әрі ірің
мен сыздауықтарды пісіру үшін оларға кесіліп пісірілген пияз (кескенде
жапырақшаның дөңгелек қалпын бұзбау керек) тартады. Үгіліп сары маймен
араластырылған не езіліп піскен пиязды күйген жерге тартады. Сонда
бадырайған тыртық қалмайды. Мүйізгектерді кетіру не қолдың түстенген
терісін жұмсарту үшін де пиязды қолданады, ол үшін мүйізгекке пісірілген
ыстық жуашықты, ал терінің күстеген жеріне шикі пияз басады да, 2-3 сағат
ұстайды. Маса не бөгелек шаққан жерді көк пиязбен ысқылау керек.
Пияздың көптеген түрлері өсу циклі бойынша (яғни егілгеннен дән
түзгенге дейін 2 жыл өтеді), екі жылдық, ал өсіру әдісі бойынша көп жылдық
өсімдік. Пиязды бір жерде қатарынан бірнеше жыл (3-5,2 сирегірек)өсіруге
болады. Пияздың мәдени түрлерінің ішінде анағұрлым көп тарағаны –басты
пияз, бірақ біздің елде пияздың басқа, көптеген түрлері де белгілі. Олардың
бір-бірінен бірқатар ерекшеліктері бар, өсіру әдістері де әр түрлі.
Қияр шөп .
Қияр шөп біздің елімізге Оңтүстік Европадан келді. Қазір ол жер-
жерде кездеседі. Қияр шөп бақша өсімдігі ретінде антик заманнан белгілі.
Қияр шөп тыныштандыру дәруі ретінде қолданылған, бәлкім сондықтан
болар, бұрын оны жүрек гүлі деп те атаған. Белгілі Рим тарихшысы Плиний осы
өсімдік туралы былай деп жазған : сусынға қайғы-қасіретті, зерігу мен
уайымшылдықты түгел жою қасиетін беру үшін оған қияр шөптің жапырақтары
мен гүлдерін қосады.
Эфир майы шөпке қиярдың иісін береді. Жапырағында С витамині
(17мг%), каротин (34 мг%), марганец, кремний, темір, калий тұздары бар.
Шөбі шырышты заттарға бай (30 % шамасында), онда смола қышқылы иілік
заттар, сапиониндер бар.
Қияр шөпте шырыштың әсер етерлік мөлшерде болуы оны жұмсартатын,
шылайтын дәру ретінде пайдалануға мүмкіндік береді, ол зат алмасуға жақсы
ықпал жасайды. Халық медицинасында оны жеңіл несеп айдайтын, әрі сүргі
дәруі деп те есептейді. Өсімдіктің жер бетіндегі бөлігін гүлденген немесе
гүл кезінде тұндырма етіп, жүрек неврозы, сарп пен подагра ауруларын
емдеуге қолданылады. Құрғақ гүлдердің (арақатысы 1:40) немесе шөбінің
(1:20) тұндырмасын 1 3-14 стаканнан тәулігіне 3-4рет ішеді. Тағамға
гүлді сабақтап бой түземей тұрғанда жиналған жапырақтар қолданылады. Ал
төрт жапырақшалары шыққанға дейінгі балауса өсімдікті тұз, сірке су қосып
тағамға түгел пайдаланылады. Қияр шөп –балауса, бұтақты мықтап түктенген
биіктігі 50см келетін сабағы бар бір жылдық өсімдік (айлауық тұқымдас).
Гүлдері едәуір ірі, әкелі алқызыл, кейін ашық көк түске енеді.
Суыққа төзімді көленкеленген жерде жақсы өседі. өсірген кезде
жағдай талғамайды. Жас көк алу үшін оны қара күзден не ерте көктемнен
бастап, бірнеше мерзімге себеді. Тұқымды қатар аралығын 30см етіп, қатарлап
егеді. 10-12 тәуліктен кейін көктейді жақсы балды өсімдік.

Сәбіз
Адамзат сәбізді ерте заманнан бері күшті емдік дәру ретінде
жоғары бағалап, әуелі дәрі -дәрмек, содан соң тағамдық өсімдік ретінде
өсірген. Ақ сары екпе сорттарының шыққан жері Ауғанстан, қызғылт сары
сорттарының жері Жерорта теңізі.
Тамыр жемісіне тән нәрсе, оларда каротин (тәтті бұрыштан ғана кем)
және басқа : С витамині В, РР, К, Е витамин топтар өте көп. Түсінің боялу
қалыңдығы каротин пигментіне байланысты. Сәбізде кальций, темір, фосфор,
калий, йод, минералдық тұздары да бар. Салыстырмалы жағынан көміртегі
(клечатканың ішкі затынан алғанда 9-10% мол). Витаминдердің едәуір бөлігі
тамыр жемістің сыртқы қабатында жинақталған.
Сәбіз –гипо және авитаминиозда, қан азайғанда поливитаминдік және
жалпы қуат беретін бағалы дәру. Піскен сәбізді демікпе, туберкулез ауру бар
іші қататын сондай-ақ бүйрегінде тасы бар адамдарға жеуге болады.
Қайнатпаны немесе жапырақ сабақтары мен ақжелкен қоспасынан жасалған
тұндырманы бүйрек, бауыр ауруларына ішеді. Дәне ұнтақтарынан жасалған
тұндырманы да пайдаланады. Оны жылытып асқорыту нашарлағанда, бүйрек, тас
ауруларына, газ шығару дәруі ретінде ішеді. Қолдану дозасы мынандай -1 ас
қасық дән ұнтағын 1 стакан қайнаған суға салады (тәулігіне 3 стаканнан).
Соңғы кезде сәбіз мәуесінен даукарин деген экстракт бөлініп алынады. Ол қан
тамырларының бұлшық еттеріне жақсы әсер етеді.
Үгітілген сәбіз бен сәбіз шырыны –бағалы диеталық азық. Әсіресе
балалардың тамақ рационына пайдалы, әрі қажетті компанент, ол тағамды
жұғымды етеді, организмді нығайтады, жұқпалы ауруларға деген қарсылықты
күшейтеді. Бұлардың емдік мақсатта да жақсы әсері бар. Жүрек қызметі
нашарлағанда, көз ауруларына, ауыз қуысы қабынғанда (стоматитте, баспа
ауруына), бала емізетін әйелдің сүті азайғанда сәбіз шырынын (тәулігіне
жарты стакан) ішкен жөн. Сәбізді құмда сақтауға болады, бірақ оны ақ мүкпен
жабыса немесе басты пияздың құрғақ жапырақтарынан жасалған тұндырманы
алдын-ала бүріксе ол жақсы сақталады.
Қызылша
Тағамдық қызылшаның пайдалылығын көне заманда-ақ жоғаеры
бағалаған. Күмістенген қызылшаны грек ғалымдарына сыйға тартқан. Аурудан
тез айығу үшін ежелгі грек дәрігерлері қызылша шырынын ұсынған. Алғашқы
кезде тағамға қызылшаның жапырақтарын пайдаланған, сондықтан жапырақты
қызылшыны басқаша айтқанда , монгольдты (б.з. 2мың бұрын) егіп өсірген.
Кейінірек қызылшаның тамыр жемісті түрі өсіріле бастаған.
Қызылша тағамдары бірқатар асқазан, ішек ауруларына әсіресе, іш
қатқан кезде ем ретінде қолданылады. өйткені клетка мен орграникалық
қышқылдар ішектің перистальтикасын күшейтеді, сөйтіп іш босатуға әсер
етеді. Аш қарынға 100-200г піскен қызылша жеген жөн. Тамыр жемісінің түсі
қою қызыл болуы клетка шырынында антоцианды витаминінің молдығына байланыс
ты мұның зат алмасуға маңызы зор, белоктарды ажыратып, бойға сіңіруге әсер
етеді, холинің құралуына қатысады, ал холин бауырдың қызметін күшейтеді,
оның жұмысын жақсартады. Сондықтан қызылша тағамдары бауыр мен өт жолдары
ауруларына аса пайдалы. Сондай-ақ оны атеросклероз бен қан аздыққа
қолдануға болады.
Ашытқан қызылша қырқұлақ пен қан аздыққа қарсы жақсы дәру
саналады.
Халық медицинасында қызылшаны не қызылша шырынын гипертония
ауруына қолданады, қызылшаның жақсы әсер ететін себебі. Сірә, оның бойында
қан қысымын төмендететін магнийдің көп боуына байланысты болар. Ал шикі
қызылша шырынын зат алмасуды жақсартатын және организмді нығайтатын дәру
ретінде ішуге болды.
Қызылшаның таза шырынын басқа –алма, жүзім ,шие шырындарымен
қосып ішкенде де пайдалы. Мұндайды ара қатысы : қызылша шырыны 34 стакан,
басқа шырын 14 стакан болуы керек.
Қызылша тамыржемісі ұзақ сақталған күнде де өзінің пайдалық
қасиетін жоғалтпайды, сондықтан оны жыл бойы дәрілік тағам рационына қосуға
болады.
Қарбыз
Қарбыз көптеген халықтың сүйікті дәмді тамағы. Шыққан жері
–Оңтүстік Африкадағы Судан, Калахари және намибия шөл даласы, ол жерлерде
қарбыз қопалары қазір де кездеседі.
Қарбызды организмдегі көптеген физиологиялық процесстерді реттеп
отыратын заттар бар. Қанттың мөлшері жағынан қарбыз ананастан, жүзімнен,
алмұрттан кем түспейді. Онда клечатка мен гемицеллюлоза, пектин заттары,
қант, С витамині, каротин, калий, натрий, кальций тұздары, сондай-ақ
магний, темір, күкірт және аса құнды амин қышқылы бар.
Қарбызды жаңа және өңдедген күйінде қарбыз балын, сірне, қарбыз
цукатын, тосап жасауға қолданады. Қарбыз жемісі қанттылығы мен
шырындылығымен ерекшеленеді. Қарбызда глюкозаның, фруктозаның,
витаминдердің көп мөлшерде, сондай-ақ темір мен кальций тұздарының қолайлы
фоормада болуы оны аса бағалы емдік тағам қатарына қосады.
Қарбызда темірдің мол болуы оны қан аздықты емдеуге салат пен
шпинаттан кейін , үшінші орынға қояды. Фолий қышқылы қан жасауға араласып,
рак ауруының басталуына кедергі болады.
Қарбыз –құрқұлақ, бүйрек, бауыр ауруына қарсы, жүрек қызметін
жақсартуға, организм тонусын көтеру үшін профилактикалық және емдік дәру.
Бүйрек, бауыр ауруларына, семіздікке, тұз жиналу ауруларына дәрігер қарбыз
күнін белгілейді. Қарбыз склерозбен, артритпен ауырғандарға да пайдалы.
Қызба қалтырау кезінде қарбыз жемісінің жұмсағы мен шырыны шөлді
басады, олардың күшті несеп айдағыш,жеңіл сүргілік, өт айдаушылық және
қабынуға қарсы әсері бар. Халық медицинасында қарбызды сарыауруды және
шеменді емдеуге қолданады. Қарбыздың жас қабығы балалардың колит ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеміс шаруашылығының маңызы
Картоп өндірісі
Жеміс шырындарын өңдеу қалдықтарынан алынған биоактивті қосылыстар
Қазақстанда нарықтық экономика жағдайындағы экологиялық таза тамақ өнімі өндірісімен байланысты ұйымдастыру –экономикалық-экологиялық мәселелер жиынтығы
Тропикалық орман ағаштары
Балмұздақ өндіру технологиясы
Бүлдірген
Ауыр енбекпен және спортпен айналысатындардың тамактану ерекшелігі, Азық түлік тауарларының сапасын бақылау
Шаруашылықта тұқым қорын есептеу
Балмұздақ
Пәндер