Қазақстан Республикасы Президенті – мемлекет басшысы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І бөлім. Қазақстан Республикасы Президенті . мемлекет басшысы.
1.1. Қазақстан Республикасындағы президенттік басқару нысанының түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Қазақстан Республикасының Президенттінің құқықтық мәртебесі, сайлау және оны лауазымнан кетіру тәртібі ... ... ... ... ..15
1.3.Қазақстан Республикасының Президенттінің өкілеттігі ... ... ... ... ... ... ... 22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... 26
Пайдаланылған әдебиеттер тзімі ... ... ... 28
«Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы», деп басталатын біздің Конституциямыздағы осы сөздерде мемлекеттілігін жаңғыртып, жаңа әділетті қоғам орнатуды мұрат тұтқан сан ұрпактың тарих сабақтастығы тоғысып жатыр. Мемлекет - аумақтың тұтастығы, азаматтардың топтасқандығы, билік институттары ғана емес, біз сонымен қатар ол өз бойына алдыңғы ұрпақтын өмір тәжірибесі мен жарқын болашаққа деген ізгі үмітін сіңірген Конституция деп те білеміз.
Еліміздің Президенті Н.Назарбаев: «Біздің өмірімізді түбегейлі өзгертіп, Қазақстан тәуелсіздікке ие болған өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының тарихқа озғанына да көп уақыт өте қойған жоқ. Сана мен сезімнің шиеленісі мен ширығуы жағынан бұл ерекше жылдар болды. Бұл біздің мемлекетіміздің алдағы жүрер жолын айқындайтын аса маңызды шешімдер қабылданған жылдар болды, сол кезде қабылданған бір ғана бұрыс шешім еліміздің жүрер жолының бағыт-бағдарын елеулі өзгеріске ұшыратуы әбден ықтимал еді. Осы уақыттың ішінде халық менің елімізге басшылық етуіме өзінің шынайы сенімін білдірді. Мен болсам, Сіздердің сенімдеріңізді ақтауға тырысып, біздің стратегиялық бағытымыздың негізгі бағдарларын әр жыл сайын өздеріңізбен бірге саралап келемін», - деп атап өтті.
1. Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Алматы. «Жеті Жарғы». 2004.
2. Ағдарбеков Т.А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы. 2003.
3. Ашитов З.О., Ашимов Б.З. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы, Жеті Жарғы, 2003.
4. Баққұлов С.Д. Құқық негіздері. Алматы. 2004.
5. Лосев А.Ф., Тахо-Годи А.А. «Платон. Аристотель». Серия ЖЗЛ. М.: «Молодая гвардия», 1993.
6. Мұхамедов М., Сатершинов Б., Сырымбетұлы Б. Саяси-құқықтық ілімдер тарихы. Алматы. Заң әдебиеті. 2002.
7. Право быть равными: Сб. статей, речей, мнений – Алматы: «Жеті жарғы», 1995.
8. Длугач Т.Б. Подвиг здравого смысла, или Рождение идеи суверенной личности (Гольбах, Гельвеций, Руссо) - М: Наука, 1995.
9. Қопабаев О.Қ. Шет елдердің конституциялық құқығы. Алматы. “Жеті Жарғы”,1998.
10. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы. “Жеті Жарғы” 2001.
11. Савельев В.А. Президент и принцип разделения властей: история и современность. «США, экономика, политика, идеология», 1992, №1.
12. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. – Алматы: Өнер 1996.
13. Малиновский В.А. Президентская или парламентская республика. Какая форма правления предопределена суверенному Казахстану? // Мысль. - 1993. - № 9.
14. Котов А.К. Суверенный Казахстан: гражданин, нация, народ. - Алматы: «Жетi Жарғы», 1997.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І бөлім. Қазақстан Республикасы Президенті – мемлекет басшысы.
1.1. Қазақстан Республикасындағы президенттік басқару нысанының
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Қазақстан Республикасының Президенттінің құқықтық мәртебесі, сайлау
және оны лауазымнан кетіру
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

1.3.Қазақстан Республикасының Президенттінің
өкілеттігі ... ... ... ... ... ... . ...22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Пайдаланылған әдебиеттер
тзімі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
8

Кіріспе

Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, деп басталатын
біздің Конституциямыздағы осы сөздерде мемлекеттілігін жаңғыртып, жаңа
әділетті қоғам орнатуды мұрат тұтқан сан ұрпактың тарих сабақтастығы
тоғысып жатыр. Мемлекет - аумақтың тұтастығы, азаматтардың топтасқандығы,
билік институттары ғана емес, біз сонымен қатар ол өз бойына алдыңғы
ұрпақтын өмір тәжірибесі мен жарқын болашаққа деген ізгі үмітін сіңірген
Конституция деп те білеміз.
Еліміздің Президенті Н.Назарбаев: Біздің өмірімізді түбегейлі
өзгертіп, Қазақстан тәуелсіздікке ие болған өткен ғасырдың тоқсаныншы
жылдарының тарихқа озғанына да көп уақыт өте қойған жоқ. Сана мен сезімнің
шиеленісі мен ширығуы жағынан бұл ерекше жылдар болды. Бұл біздің
мемлекетіміздің алдағы жүрер жолын айқындайтын аса маңызды шешімдер
қабылданған жылдар болды, сол кезде қабылданған бір ғана бұрыс шешім
еліміздің жүрер жолының бағыт-бағдарын елеулі өзгеріске ұшыратуы әбден
ықтимал еді. Осы уақыттың ішінде халық менің елімізге басшылық етуіме
өзінің шынайы сенімін білдірді. Мен болсам, Сіздердің сенімдеріңізді
ақтауға тырысып, біздің стратегиялық бағытымыздың негізгі бағдарларын әр
жыл сайын өздеріңізбен бірге саралап келемін, - деп атап өтті.
Егемен Қазақстанда біршама қысқа мерзімнің ішінде екі Негізгі Заң
тарих қойнауына кетті. Оның біріншісі бізге кеңестік кезеңнен еншімізге
тисе, ал 1993 жылы қабылданған екіншісі, жасырары не, кешегі мен келешекті
мәмілелестіруге тырысқан әрекет кана еді. Оның ғұмырының қысқа болары да
бесенеден белгілі еді. Экономика мен саясаттағы, адамдардың санасындағы
түбегейлі өзгерістердің тездегені сонша, жаңа Конституция қабылдау
қажеттігі айдан анық болды. Осы заманғы демократияның негіздері қалана
бастаған бұдан екі жүз жылдан астам уақыт бұрын заңдар мен конституцияларға
өзгерістер енгізе беруді онша құптай қоймаған Т.Джефферсонның өзі: заңдар
мен адам институттары адамзат парасатының ілгерілеуімен ілесе, бірге жүріп
отыруға тиіс деп жазған еді.
Жаңа Конституцияны әзірлеу үшін отандық заң ғылымының күллі қуаты іске
қосылып, коғамтанудағы сабақтас салалардың білікті мамандары, білгір
сарапшылар жұмысқа тартылды. Сонымен бір мезгілде басқа мемлекеттердің
конституциялары нысаналы түрде сараланды. Ақыры, бүкілхалықтық референдумда
Конституция қабылданды.
Халық өзінің егемен құқын пайдаланып, қабылдаған Конституция қол
сұғылмас қасиетке, жоғары заңдық қана емес, рухани-адамгершілік киеге ие
болады, сөйтіп ол қазақстандық патриотизмді тәрбиелеудің іргетасына
айналады.
Конституциялық құрылыстың осынау кезеңінде біз алдымызға аса күрделі,
сан қырлы, әрі барынша жауапты міндеттер қойдық. Біріншіден, жаңадан
құрылған мемлекеттігімізді, мемлекеттік билік пен басқарудың күллі жүйесін
жан-жақты нығайту керек еді. Екіншіден, экономикамызды түбегейлі реформалау
мен оны терең дағдарыстан шығарудың қауырт проблемаларын шешу қажет болды.
Үшіншіден, оған сындарлы сыртқы саясат жүргізу міндетін косыңыз.
Төртіншіден, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету керек еді. Сайып
келгенде, өркениетті әлемде азаматтардың жалпыға танылған құқықтары мен
бостандықтарын орнықтыруға, демократиялық институттарды дамытуға қатысты
міндеттердің бәрін шешуге тиіс болдық.
Қазақстан халқы Конституцияға дауыс беру арқылы сол уақытта объективті
тұрғыда орнықкан президенттік басқару нысанын бекемдеп берді. Бұл таңдау
кездейсоқ емес. Ол алдыңғы тарихымыз бен бүгінгі болмысымыздан, қандай да
бір әлеуметтік экономикалық дағдарыстарға немесе биліктің әртүрлі
тармақтары арасындағы алауыздыққа байланысты ауытқушылықтарға жол бермейтін
қуатты топтасқан билік жүйесінің қажеттігінен туындады.

Қазақстан Республикасы Президенті – мемлекет басшысы.

1.1. Қазақстан Республикасындағы президенттік басқару нысанының түсінігі

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгеруі
жағдайында негізгі мәселе болып мемлекеттік басқару жүйесін реформалау
болды. Мемлекеттік басқару механизмі экономикалық ынталандыру мен құқықтың
басқару негізінде Республиканың стратегиялық даму бағыты демократиялық,
зиялы, құқықты және әлеуметтік мемлекет болу шарты еді. КСРО тарқатылуы мен
Қазақстан өз тәуелсіздігін алуына байланысты жаңа мемлекеттік басқару
формасын ұйымдастыру қажеттілігі туды.
Егемендікті нығайта келе, алдымыздан басқа бір мәселе –
мемлекеттілігіміздің сипатын анықтау міндеті шықты. Қазіргі бар құрылымның
ғұмыры ұзақ емес екендігі белгілі еді. 1990-1991 жылдары бір жүйеден екінші
жүйеге көшер кезде кездесетін екі ұдай ахуал орын алды: президенттік билік
компартия және кеңестер билігімен қатар өмір сүрді.
Тарихқа көз салсақ, Конституция қабылдап, соның негізінде қызмет ету
біздің елімізде алғаш рет сонау 1920 жылы 6 қазанда Қазақ автономиялы
республикасы еңбекшілерінің құқықтары жайлы декларациядан бастау алады. Сол
декларацияға сәйкес 1926 жылы Конституция жобасы әзірленді. Одан кейін
еліміз өмірінде 1937, 1978, 1993 жылғы конституциялар болды.
Бірақ, шын мәнінде ел өмірінің басты әрі нақты реттеуші құжаты ретінде
1995 дылғы 30 тамызда бүкіл халық болып дауыс беріп қабылдаған және бүгінге
дейін ел игілігіне қызмет етіп келе жатқан Конституциямыз табылады.
1993 жылы қаңтарда қабылданған Конституцияда еліміз егемен,
демократиялық ел болып жарияланды, зайырлы, демократиялық мемлекет деп
танылды. Бұл өте дұрыс әрі дер кезінде жасалған батыл қадам болды.
Бірақ, аз уақыт өтпей-ақ оның кемшіліктері көріне бастады. Ол нарық
экономикасына бет алған еліміздің уақыт күттірмейтін мақсаттарын іс жүзіне
асыру талабына толығынан жауап бере алмады. Онда мемлекеттік басқарудың ең
басты шарты айқындалмаған еді – еліміз президенттік басқарудағы мемлекет
үлгісі ме, жоқ, әлде парламенттік пе, нақты көрініс таппаған болатын.
Президент мемлекет басшысы деп жарияланғанымен, оның қызмет етуінің
конституциялық принциптері, өкілеттіктері, қызметі мен міндеті нақты
айқындалмай қалды. Парламент қандай жағдайда таратылуы мүмкін, Президент
қандай жағдайда қызметінен кетуі тиіс – белгіленбеді. Үкімет өкілдіктерінің
жалпылама ғана белгілері болды.
Қазақстанда республикалық басқару нысаны бекітілді. Парламенттік
құрылыс, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық екендігі,
мемлекеттік биліктің үш тармаққа: заң шығарушылық, атқарушылық, сот
билігіне бөлінуі; халық қабылдаған Конституцияның үстемдігі және жоғары
заңдық күші басқарудың осындай нысанын таңдаудың заңдық негізі болып
табылады.
Қазақстан Республикасы саяси даму процессінде квазипарламенттік
республикадан президенттік республикаға айналды. Қазақстан
Республикасындағы президенттік басқару нысанынының нығайып дамуына қарай
бірнеше кезеңдерге алып қарастыруға болады. Сонымен қатар әр кезеңге тән
басқару нысанының өзіндік ерекшеліктері бар.
Бірінші кезеңде (1990-1993 жж.) советтік типтес квазипарламенттік
республикадан, кейіннен өтпелі парламенттік республикаға айналды. Мұнда
атап өтетін жәйт, аз ғана уақыт ішінде, Жоғарғы Кеңес 1991 жылдың
желтоқсанынан 1993 жылдың қазан айына дейін биліктің жоғарғы органы ретінде
заңдарға, ішкі және сыртқы саясатқа ықпалын жасады, Үкіметті бақылады. Осы
тұжырымдамалар негізінде кейбір қазақстанның зерттеушілері бұл кезеңде
елімізде парламенттік республика болғандығын айқындайды.
Бірақ, сол кезеңдегі мемлекеттің жоғарғы өкілді органында кәсіби
парламент статусы болмағандықтан, сол кезеңдегі басқару нысанын өтпелі
парламенттік республика десек дұрыссырақ болар еді. Сонымен қатар сол
кездегі күшіне енген Президент қызметін тағайындау заңы шындыққа келгенде
өкілді органның абсолютті өкілеттіктерін шектеді.
Сол кезеңдегі Қазақстанның басқару нысанының спецификасы жөнінде,
қазақстанның мемлекеттік құрылым мәселелерін зерттеушісі В.А. Ким былай
жазды: Республикамыз толық парламентік болып табылмайды, өйткені Президент
қызметін тағайындау заңында Қазақстан Республикасының келешекте толығымен
президенттік басқару нысанына өтетіндігі жөнінде басты элементтер
көрсетілген. Мұнда Президент құзыретіне мемлекеттік өмірдің көптеген басты
мәселелерін шешу болатын. Мұндай жағдайда Республикамыз таза парламенттік
болып қарастыруға болмайды.
Екінші кезең (1993-1995 жж.) барлық формальды белгілеріне сәйкес
аралас (жартылай президенттік) басқару нысаны болды, өйткені осы кезеңнен
бастап Қазақстанның барлық өкілді органдары өздерінің биліктік
өкілеттіліктерінен айырыла бастады. 1993 жылғы Конституция бойынша
Үкіметтің толығымен Президентке бағынуы бекітілді, сонымен қатар Қазақстан
Республикасының Президенті мемлекет басшысы болып табылады және
Республиканың атқарушы өкімет билігінің біртұтас жүйесін басқарады. Алайда
аталған Конституцияда президенттік басқару нысаны бекітілген жөнінде
ешнәрсе айтылмады, бірақ дегенмен президенттік басқару нысанының
бастамалары бекітілді.
Үшінші кезең (1995-2001 жж.) 1995 жылы жаңа Конституцияның қабылдануы,
Қазақстан Республикасы - президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет
екендігін бекітті (2 бап). Мұнда, жаңа Конституцияға сәйкес Президент
Республиканың атқарушы өкімет билігінің басшысы болмаса да, оны бақылап
отыруға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, Президент барлық үш билік
тармақтарын келісе қызмет етуін қамтамасыз етуші ретінде конституциялық
өкілеттілігін алды. Халық пен мемлекет атынан билiк жүргiзуге Республика
Президентiнiң, сондай-ақ өзiнiң конституциялық өкiлеттiгi шегiнде
Парламенттiң құқығы бар. Республика Үкiметi мен өзге де мемлекеттiк
органдар мемлекет атынан оларға берiлген өкiлеттiктерi шегiнде ғана билiк
жүргiзедi. Республикада мемлекеттiк билiк бiртұтас, ол Конституция мен
заңдар негiзiнде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлiну,
олардың тежемелiк әрі тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы, өзара iс-қимыл
жасау принципiне сәйкес жүзеге асырылады.
Төртінші кезең (2001 жылдан бастап) президент институтының дамуы
байқалады. Қазақстанда президенттік басқару нысанының бекітілуі шет
мемлекеттерінің саяси және мемлекеттік-құқықтық тәжірибесін алмасуы
нәтижесінде орнықты. Қазіргі таңда, БҰҰ-на кіретін 183 мемлекеттің 130
астамы өздерінің мемлекеттік құрылымында президент посты бар, бірақ әр
мемлекеттің президенттерінің атқаратын қызметтерімен құзыреттерінде өзіндік
ерекшеліктері бар.
Әлемдік саяси тарих теориясында белгілі, мемлекет басқару нысанының
екі түрі бар, олар: республика – мұнда, басты мемлекеттік органдарды халық
сайлайды және монархия – мұнда, мемлекеттік билік мұрагерлік арқылы
берілетін бір адамның қолында – монархта болады.
Монарх, президент секілді мемлекетті заңды (легитимді) түрде
басқарады. Мысалы, Біріккен Араб Эмираттарында мемлекет басшысы президент
деп аталады. Бұл мемлекетте монархия бола отырып, президент институты да
пайдаланады. Ресей зерттеушісі Н.А. Сахаров жазғандай, мұндай феномен
көптеген афро-азияттық мемлекеттерде президенттік басқару нысаны байқалады.
Дегенмен, демократия мен монархия, кезінде бір-біріне сәйкес келмейтін
ұғымдар, XX ғасырдан бастап бірге өмір сүруде.
Айтылғандар белгілі бір мемлекеттің басқару нысанының тиімділігі емес,
мәселе, А.Лейпхарттың сөзімен айтқанда, демократиялық басқарудың
конституциялық альтернативаларын таңдау қажеттілігі. Басқа сөзбен айтқанда,
көптеген мемлекеттер алдында билікті демократизациялау тиімді жолдарын
іздеу мәселесі тұрды. Аталған мәселесі бойынша қазақстан зерттеушісі Б.А.
Майлыбаев атап өткендей, осындай іздеудің басты мақсаты -
...монархияның... қалыптасқан билік жүйесі ретінде құқықтық бекітілуі.
Аталған процесс монархтың жеке биліктік өкілеттіктерін жұмсарту және оның
жалпыхалықтық сайлауда сайланған заң шығарушы орган алдындағы жауаптылығы,
немесе монархиялық билік институтының жойылып, орнына жаңа институт
сайланбалы монарх - яғни, президент институтының орнығуы. Бірінші
жағдайда парламенттік басқару нысаны пайда болса, екінші жағдайда
президенттік басқару нысаны орнығады. Осы жағдайда, біз президенттік
басқару нысаны, монархиялық биліктің тарихи жалғастырушысы деген
тұжырымдамаға келдік.
Билік институтының осындай тарихи басқару нысанына бөлінуі қазіргі
таңда, парламентаризм мен президентциализмнің қайсысы қоғамдық
институттарында тиімділігі жөнінде көптеген даулар туғызады. Осы орайда, әр
басқару нысанының тиімділігі мен кемшіліктеріне тоқтап кетсек.
Парламенттік жүйеде, мемлекет басшысы президент немесе монарх болып
табылады, атқарушы билік басшысы – премьер-министр. Сонымен қатар жоғарғы
билік халық сайлаған парламентке тиесілі, ал үкімет болса, парламентке
жауапты және оның сенімсіздік вотумына тәуелді. Парламенттік жүйеде
президент институты болуы мүмкін, бірақ президенттің конституциялық
құзыреті шектеулі.
Іс жүзінде басқарудың парламенттік жүйелерінде өкілеттіліктің басым
көпшілігі, ресми түрде мемлекет басшысында, ал оны атқарушы билік басшысы
атқарады. Европаның барлық парламенттік республикаларында (конституциялық
монархиялардан басқа) – Президент мемлекет басшысын, Парламент сайлайды, ол
көбіне ресми өкілділік (церемониялық) қызмет атқарады. Мысалы, ФРГ
Президентінің өкілеттігі, Испания Конституциясы бойынша мемлекет басшысы
болып саналатын корольға берілген өкілеттіліктен де аз.
Парламенттік басқару нысанының тағы бір кемшілігі үкіметтің
тұрақсыздығы, кейбір кезде парламенттің де тұрақсыздығымен ерекшеленеді.
Парламенттік жүйеде үкімет өкілді орган арқылы құралады, яғни парламентте
қай партия өкілдерінде көп дауыс болса, солардың басшысы премьер-министр
болып сайланады. Кейбір кезде үкімет партиялар коалициялары арқылы
құралады, мысалы, Италия мен Индияда. 1970 жылдары Италияда жыл сайын
парламенттік сайлау өткен, оның нәтижесі үкіметтің жиі ауысуына әкеліп
соқты. Мұндай жағдай парламенттік саяси күштердің өзгеріп тұруы, үкіметтің
құрамына өзінің ықпалын тигізеді. Саяси және заңды түрде: парламент құрған
үкіметтің қызметіне толық жауаптылы.
Парламенттік басқару нысанының жоғарыда келтірген кемшіліктерін айта
отырып, президенттік басқару нысанында да өз кемшіліктері бар. Көптеген
зерттеушілердің пікірі бойынша, президенттік басқару нысанында, атқарушы
билік бір ғана адам қолында, өйткені ол ұтқан барлығын алады принципі
бойынша жасалады.
Президенттік республиканың классикалық түрі, мемлекет басшысы ретінде
президент қызметімен қоса, атқарушы билік басшысы қызметін қоса атқаратын
мемлекет Америка Құрама Штаттарында қалыптасқан. Яғни, АҚШ Конституциясы
бойынша, Президент атқарушы билікті атқара отырып, өзіне жауапты
министрлерді тағайындайды. Осындай конституциялық нормалар көптеген Латын
Америка және кейбір Африка мемлекеттерінің негізгі заңдарында белгіленген.

Латын Америка және Африка елдерінің тәжірибесіне жүгінсек, атқарушы
биліктің осындай құрылымы, елде диктатуралық және әскери төңкерістерді
тудыруы мүмкін. Атап өту керек, мұндай жағдай елдегі халықтың саяси
мәдениеті мен саяси элитаның саясатты жүргізуіне байланысты. Дегенмен
президенттік басқару нысанының президенттік монархияға айналып кетуіне
олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-
қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.
Президенттік республиканың американдық моделінен басқа, қазіргі таңда
Батыс және Шығыс Европа елдеріне тән президент институтының көптеген
түрлері кездеседі. Бұл елдердегі президенттік институттардың
айырмашылықтары парламенттік және президенттік республикалардағы мемлекет
басшысының сайлау жүйесінің ерекшеліктерінде. Егерде мемлекет басшысын
парламент сайлайтын болса, парламенттің мемлекеттік билікті атқаруда
маңызды роль алады.
Президенттік республикалардағы мемлекет басшысы, көптеген
конституциялық құзыреттермен бөлінген, ол үкімет қызметін өз бақылауына
алады және ол тікелей жалпы сайлау жолымен белгілі бір мерзімге сайланады.
Бұл жағдай мемлекет басшысының статустық маңыздылығы Парламентке қарағанда
жоғары болады.
Көптеген парламенттік республикаларда мемлекет басшысы бірнеше сатыдан
тұратын сайлау жүйесі арқылы сайланады. Бірінде Президентті тек қана
Парламент депутаттары сайласа, екіншілерінде – Парламент депутаттарымен
қоса, ірі әкімшілік-аумақтық өкілді органдарымен сайлайды, ал үшіншілерінде
– одақтық Парламенттің депутаттарымен және федерация субъектілерінің
өкілдерімен сайланады. Мемлекет басшысын бірнеше сатылы, жанама сайлануы
Парламенттің рөлін асырып, Президенттің статустық жағдайын кемітеді. Б.А.
Майлыбаев атап өткендей, Президенттің парламенттік республикадағы
айырмашылығы, оның билігі Парламентке тәуелді, яғни ол өкілді органды өз
бетінше тарата алмайды. Осындай жолмен сайланған Президент мемлекет
өмірінде айтарлықтай маңызды рөл атқармайды.
Президенттік және парламенттік басқару нысанынан басқа әлемде,
жартылай президенттік, немесе аралас басқару нысандары қалыптасқан. Бұл
үш басқару нысанының маңыздылығын анықтау президенттің мемлекет басшысы
және үкімет басшысы ретінде шешуші рөл атқарады.
Президенттік мемлекеттің парламенттік мемлекеттен артықшылығы – мұнда
билік түрлері қалыпты жұмыс істейді. Оған ешкімнің де дауы болмас.
Президенттік билік шешімдердің бір арнаға тоғысып, ел мүддесі үшін
жасалынатын еңбектің нәтижесін тезірек көруге де жақсы. Сөзімнің
жауапкершілігін сезіне отырып, мынаны айта аламын: егер 1995 жылы
президенттік басқару үрдісіне көшпегенімізде, біздің мемлекетіміз бүгінгі
жеткен жетістігінің ширегіне де жете алмаған болар еді. Оны мен ғана емес,
1990-1995 жылдарғы Жоғарғы Кеңестердегі ешбір нәтижеге әкелмейтін
боссөзділікке көздері жеткен елімізге жаны ашитын, мемлекеттілік іргесінің
беріктігін көздейтін әрбір азамат айтады деп ойлаймын.
Сонымен қатар, Н.А. Сахаров атап өткендей, кез-келген басқару
жүйесінің қалыптасуы мен дамуы: ...мемлекеттің тарихи даму
ерекшеліктеріне, оның саяси мәдениетінің ерекшелігіне, конституцияны
қабылдау кезеңдегі саяси күштердің ара қатынасына да байланысты.
Қазақстанда Президент институты КСРО ыдырар алдында бірер ай бұрын
құрыла бастады. Қазақ КСР-ының Жоғарғы Кеңесі 1990 жылғы 24 сәуірде
Қазақстан КСР-ы Президенті қызметі орнын белгілеу және тиісінше Қазақ КСР
Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Заң қабылдады.
Заң Президенттің мемлекеттік биліктің ең жоғары органдары жүйесінде алатын
орнын, сондай-ақ оның өкілеттігін белгіледі. Конституциялық мәні бар осы
Заңда мемлекеттік билікті бөлу туралы сөз болған жоқ. Кеңестердің қолында
бүкіл билік сақталды. Сонымен бірге, Президентке халық депутаттары
кеңестерінің бүкіл билігін жүзеге асыруына ықпал ету (Қазақ КСР
Конституциясының 114-бабы) міндеті жүктелді. Жоғарғы Кеңес қоғам өміріндегі
барлық мәселелерді шешуге құқығы бар мемлекеттік жоғарғы орган күйінде
қалды. Қазақ КСР-ының бірінші Президентін жасырын дауыспен Қазақ КСР
Жоғарғы Кеңесі сайлады. Қазақ КСР-ының бірінші Президенті болып Н.Ә.
Назарбаев сайланды. Президент өкілеттігін талдау, оның көп жағдайда Қазақ
КСР Жоғарғы Кеңесіне тәуелді болғанын көрсетті. Оған қоса Президент
Республика басшысы деп аталғанмен егемен, тәуелсіз мемлекеттің басшысы
болған жоқ. Қазақ КСР Президентінің әрекеті мен өкілеттігі КСРО Жоғарғы
Кеңесінің және КСРО Президентінің құзыретімен шектелді.
Қазақ КСР Президенті мәртебесінің мұндай жағдайы КСРО ыдырағанша,
Қазақ КСР-ының егемендігі туралы Декларация қабылдағанша созылды. Осы
алғашқы кезеңде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің толық билігі, өзіндік
парламенттік республика туралы айтуға болады. Бұл кезде Қазақ КСР
Конституциясында кейін одан әрі дамытылған ереже болды. Оған, атап
айтқанда, тыйым салу құқығы, Қазақ КСР-ының жоғары мемлекеттік билік және
басқару органдарының өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету, республика Үкіметі
актілерінің қолданылуын тоқтата тұру жөніндегі өкілеттігі жатады.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланған кезден Президенттік
институты қалыптасуының екінші кезеңі басталды. Ең бастысы, осы кезеңде –
Президент тәуелсіз мемлекеттің басшысы болды. Осының нәтижесінде одақтық
органдармен, әсіресе КСРО Президентімен өзара қатынасқа байланысты
өкілеттік жойылды, өйткені оның қажеті болмай қалды. Мемлекеттік биліктің
заң шығарушылық, атқарушылық билік, сот билігі тармақтарына бөліну
принципінің қабылдануына орай Президент тек мемлекет басшысы ғана емес,
республиканың атқарушы билік басшысы ретінде де танылды. Қазақстан
Республикасының 1993 жылғы Конституциясы Президентті мемлекеттік биліктің
атқарушылық тармағына да қосты. Сөйтіп, қайсыбір деңгейде ол Президент
мәртебесін бәсеңдетті. 1993 жылғы Конституцияда Қазақ КСР Конституциядағы
Президенттің жоғары мемлекеттік билік пен басқару органдарының өзара
әрекетін қамтамасыз ететіндігі (114 бап) жөніндегі қағида енді болған жоқ,
оның есесіне Жоғарғы Кеңестің орны, өкілеттігі күшейтілді. Қазақстан
Республикасының Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз мемлекеттің заң шығарушы және
өкілдлік органына айналды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің
құзыреті, шын мәнінде, шексіз болды. Тиісінше, Қазақстан Республикасының
1993 жылғы Конституциясы күшті заң шығарушылық билік бағытын ұстанды.
Қайсыбір Президенттік билік туралы айту қиын еді. Ол атқарушы билікпен
тұсалды. Сондықтан Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясында
Президенттің жоғары мемлекеттік билік органдарының өзара әрекетін
қамтамасыз ету құқығы туралы қағида болған жоқ.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1993 жылғы желтоқсанда
Президентке заң қабылдау өкілеттігін беріп, басқарудың президенттік
жүйесіне алғашқы қуатты серпіліс туғызды. Бұл Жоғарғы Кеңестің өзінің
тарқар алдындағы қабылдаған конституциялық жай-күйі еді. Президентке
уақытша заң қабылдау өкілеттігін беру туралы Заң қабылданған кезде
Қазақстан Республикасында президенттік басқару жүйесін қалыптастырудың
жеделдетілген процесі басталды деп есептеуге болады. Қазақстан
Республикасының 1995 жылғы Конституциясы Қазақстанды Президенттік басқару
нысанындағы біртұтас мемлекет деп жариялады.
1995 жылы 30 тамыздағы республикалық референдумда мемлекеттік
билік жүйесінің түпкілікті реформасы болды, Қазақстан мемлекеті
Президенттік басқару нысанын жариялады.
Конституция бойынша, Қазақстан Республикасының Президентi -
мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi
бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда
Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға.
Республиканың Президентi - халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң,
Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен
бостандықтарының нышаны әрі кепiлi. Республика Президентi мемлекеттiк
билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының
халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi.

1.2. Қазақстан Республикасының Президенттінің құқықтық мәртебесі, сайлау
және оны лауазымнан кетіру тәртібі

Мемлекеттік органның Конституциямен белгіленетін құқықтық мәртебесі
мемлекеттік билік органдары жүйесінде бөлінетін орнымен анықталады.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясында Президент туралы
тарау Жоғарғы Кеңес туралы тараудан кейін орналастырылды. Ол Жоғарғы
Кеңестің кең өкілеттік берілген бірден-бір заң шығарушы және жоғары
уәкілетті орган ретінде танылғандығын білдіреді. Конституция мемлекетті
парламенттік республика құруға ба-ғыттады. Қазақстан Республикасының 1995
жылғы Конституциясы мемлекеттік билік органдары жүйесінде бірінші орынға
Президентті койды. Сөйтіп, Қазақстан Республикасында президенттік баскару
жүйесінің, орнықтырылғаны туралы Конституциялық кағиданы бекітті.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР президентінің конституциялық құқықтық мәртебесі
Президенттің құқықтық мәртебесі.
Қазақстан Республикасында президенттік институттың қалыптасу кезеңдері
Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау
Президент мемлекет басшысы ретінде қалыптасқан институтын қарастыра отырып, оның негізгі қызметі мен конституциялық құқықтық мәртебесін ашу
Қазақстан Республикасында Президенттік институтын қалыптастыру және оның тарихи-құқықтық маңызы
Президенттің Үкіметке қатысты өкілеттіктері
ПРЕЗИДЕНТ ҰҒЫМЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасы Конституциясы Мемлекеттің негізгі заңы
Пәндер