Қазақ совет балалар әдебиетінің қалыптасуы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ совет балалар әдебиетінің қалыптасуы

(1918-1929)

Совет балалар әдебиеті, оның ішінде қазақ совет балалар әдебиетінің де қалыптасу кезеңі Октябрь революциясының алғашқы күндерінен (1918-І929) басталады. Балалар әдебиетінің әрбір тарихи даму кезеңдеріне байланысты совет мәдениетінің өсу перспективасына қарай балаларды коммунистік рухта тәрбиелеудің педагогикалық жаңа проблемалары туып отырды. Балалар әдебиетінің барлық өсу, даму кезеңдерінде Қоммунистік партияның сара жол басшылығы, оның әкелік қамқорлығы айқын бейнеленген.

«Жас балалар кітабына қойылатын шарттар» атты «Жаңа мектеп» журналында (1927) шыққан Қазақстан Оқу комиссариатының нұсқау хатында балалар әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерін айтып берген. «Жалпы шарт» деген бөлімінде:

«Мазмұн жайынан балаларға арналған кітапшалар жазу үшін ел әдебиетінен пайдалануға болады. Бірақ олардың ішінен тәуірін, керегін іріктеп алу керек: Балаға арналған кітапта құдіретке сендіретін, жоққа нандыратын, дінге мойын ұсындыратын, ұлт алакездігін тудыратын, әлсізді әлді ету керек деген ой туғызатын нәрселер болмасын», - делінген. Жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ совет балалар әдебиетінің алдына қойылған тілек-талаптардың негізгі мақсаттары сол кездің өзінде айқын көріне бастаған.

«Бала кітабы жай бір қара тақпақ тілмен жазылмасын. Кітап балаға қызғылықты, ойын оятатын, тілін байытып көркейтетін болсын, бірігіп жұмыс қылуға тартатын болсын. Бала кітабындағы кейіпкерлер айқын болсын. Кітапты бала бал жалағандай сүйетін болсын. Кітап адам тұрмысын, жаратылыс құбылысын түсіндірерлік, араларындағы байланыстары көзге елестерлік болсын. Балаға кітап жазам деген кісі ел әдебиетін, ел ертегісін зерттесін. Солардың сыртқы сұлулығы балаға жағымды келеді. Сол сұлулықпен пайдалансын. Солардың алған тақырыптары балаға жеңіл, анық келеді. Қаһармандары, сөздері балаларға түсінікті, сүйкімді келеді. Ел әдебиетінің осы қасиетімен пайдалану керек», -деген.

Бұл документтің тағы бір құнды жағы - балалар әдебиетінің өзіндік ерекшелігі олардың жас мөлшерімен санасуға байланысты болатынын атап өткен.

«3-4 жастағы баланы нәрсенің сырт жағы қызықтырады, көрініс еліктіреді. Бала осы сырт көрініс арқылы білімін арттырады. Сондықтан 3-4 жасар балаға арналған кітап кіл сурет қана болуы керек. Мұндай кітапта жазу болса өте қысқа, бір екі сөзден артық болмауы керек».

Ал 5 пен 7 жасар балдырғандар үшін жазылатын әдебиетке мынадай талаптар қойылған: «Бұл жастағы бала да нәрсенің сыртқы пішініне көп әуесірек болады. Сондықтан суреттің әсері мықты болады. Кітап суретті болуы керек. Суретпен бірге сөз болса, қысқа және дауыстап оқылатын болсын. Бұл жаста баланың тілі байитын кезі. Тіл байлығының қоры осы жаста жиналады. Екі-үш адам болып сөйлентін әңгімелер болғаны артығырақ».

Сонымен қатар Оқу комиссариатының бұл нұсқау хатында 8 бен 12 жасар және 13 пен 16 жасар арасындағы ересек балаларға жазылатын әдебиеттерге қойылатын талап-тілектерге дейін ап-айқын сызылып берілген.

«Бұл жастағы балалар үшін әр таптың тұрмысын, кәсібін көрсететін кітап беруге де болады. Мәселен «Бай мен жарлы баласы» сияқты. Бірақ кітап мазмұны қысқа, анық, балаға түсінікті болсын, суретті болсын. Бұл жаста бала кітап оқығыш келеді. Кітап бала өмірінде үлкен орын алады. Сондықтан осы жастан бастап, бала кітапқа дос боларлық болсын» -деп атап айткан.

1926-1927 жылдардың өзінде-ақ балалар әдебиеті жайында сөз көтерген бұл документ өз кезінде ерекше роль атқарды. Нұсқаудың «Ересек бала кітабына қойылатын шарттар» деген бөлімінде:

«Бұл кездегі балалар нәрсеге тереңдеп қарауға, өз ісін біліп, реттеуге де ұмтылады. Бұларды адамның жаратылыспен тартысы да қызықтырады. Сондықтан ересектерге техника жайынан, ілім табысынан, олардың болашағына сырлы роман түрінде жазылған әңгімелер беруге болады, сондықтан ересектерге жаратылыс сырын білдіретін кітаптар қолайлы болмақшы. Жаратылыс жайындағы кітаптар, бір жағынан, баланың ой өрісін кеңейтетін, дүниеге көзқарасын дұрыстайтын, ілгері сүйрейтін болсын. Екінші жағынан, баланы жаратылысты бақылауға, зерттеуге, кәдеге асыруға дағдыландыратын болсын . . . баланың білімі мен жасына қарайтын болсын. Көп қолынан келмейтін жұмыс жоқ, көптесек жас өспірім гүлдерімізді дұрыс тәрбиелеп, дұрыс жетелейтін әдебиет жасай аламыз деп сендік. Бұған жазушыларымыз, оқытушыларымыз, жоғарғы оқудағы оқушыларымыз ат салысар деп үміттендік. «Көз қорқақ, қол батыр» көптеп іске кіріселік», - делінген.

Ұлы Октябрь социалистік революциясының алғашқы күндерінен басап - ақ Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Илияс Жансүгіров, Шолпан Иманбековалар халықтық шығармаларының дәстүрін пайдалана отырып, үлкендермен қатар балаларға да социалистік реализмнің творчестволық әісі негізінде түрі ұлттық, мазмұны социалистік жаңа шығармалар жазып бере бастады. Оқу комиссариатының жоғарыда аталған нұсқау хатын басшылыққа алды. Анығына келгенде, бұл жазушылар қазақ совет балалар әдебиетінің ірге тасын қалап, негізін тұрғызушылар болды.

Октябрь революциясының жеңісі жайында Сәкен Сейфулллин жас өспірімдерге арнап жеңіл де әсерлі тілмен, олардың саханаларда тақпақ етіп айтуына лайықтап «Октябрь күні» (1929) деген өлең жазды. Халықты қараңғылық бұғауынан азат етіп, теңдік правосын әперіп Октябрь революциясының жеңісін жас өспірімдерге ұқтыру, түсіндіру жөнінде бұл өлеңнің үлкен тәрбиелік мәні болды. Үйткені, ол кезде езілген шаруа балаларының оқуға, өнер-білімге тең праволы болып қол жеткені тек Октябрь революциясынын жеңісі арқасында ғана екенін түсіндіре білудің өзі совет балалар әдебиетінің басты міндеттерінің бірі болып есептелетін.

Көтер, көтер, көтер туды қолдағы,

Мың сан жасты ал ішіне жолдағы,

Жас өспірім келешектік тірегі,

Жаса, жаса, Октябрьдің улдары, -

дейді Б. Майлин.

Совет өкіметі орнағанға дейін қазақ балалар әдебиетінде соцналистік реализм негізінде жазылған мұндай жалынды жақа үн, мұндай жаңашылдық жаңа серпін естілген де, болған да емес. Бұл еркіндік дүниесіне қолы жеткен совет азаматтарының жаңа үні, жана бағыты, олардың эстетикалық идеалы еді. Бұл - советтік социалистік құрылыстың балалар әдебиетіндегі жаңа көрінісі, жаңа бет алысы, ірі жаңалығы, жаңашылдығы болды.

Сәкеннің, Бейімбеттің, Ілиястың, Шолпанның, Асқардың осындай өлеңдерін сол кезде коммунада, интернатта, балалар үйінде тәрбиеленген жас өспірімдер тақпақ етіп сахналарда, көпшілік орында, мерекелік жиындарда орындап жүрді.

«Қазақ коммун-мектептерінің уставы» деген Оқу комиссариатының 1926 жылғы нұсқау хатында:

«Көшпелі, шала көпшелі елдердегі мектептің негізгі түрі коммуна мектептер. Кең далада бытырап жатқан ауылдарда тұратын қазақ кедейінің балалары коммун-мектептерде жатып оқып, коммунистікке тәрбиеленеді, белсенді әлеумет қызметкері, ер төңкерісшіл болып шығады. Оның үшін коммун-мектеп оларға жалшылар көзқарасын егеді, бірлесіп еңбек қылуға дағдыландырады . . . Қазақ коммун-мектептері қырдағы мәдениет жұмысының орталығы болуға тиіс» делінген.

Осы тұстарда қазақ балалар әдебиетінің жайы мен міндеттері туралы арнаулы мақалалар жазған Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Саттар Ерубаевты ерекше атауға тиіспіз.

Сол кездерде түрлі ұрандар, мерекелі күндері маршпен айтылатын өлеңдер, тақпақтар, орыс өлеңдерінің ырғағымен орындалатын жаңа типті жастар әндері коммун балаларының айтуларымен елден-елге тарап жататын. Мәдениет, өнер қайраткерлерінің жаңа табыстарын да алдымен елге жеткізетін осылар болатын-ды. Қазіргі радио мен телевизордың ролін солар атқартын-ды.

Ақын Ғали Орманов І927 жылы жазған «Ұмытылмас күн» деген өлеңінде:

Көп екен біздей бала онда келген,

Танисың сен де оларды көрген жерден.

Айтпай-ақ жайымызды біледі әркім,

Бастағы жыртық бөрік, жулма жеңнен,

Кешікпей араласып кеттік көпке,

Бір ғажап мейірім түсіп жетімекке.

Ұялы балапандай аула ішінде,

Бөленіп шыға келдік ақ көйлекке.

Бұл өлең интернаттар мен коммуналарда тәрбиеленген балалардың сол кездегі әр алуан қызық жағдайларын еске түсіреді. Қазақ совет балалар әдебиетіндегі жаңашылдық бағыт, социалистік идея осылай басталған еді. Ақын осы өлеңінің соңында:

Ленинді көрдік алғаш біз сол кезде,

Шалынды оттай ыстық сонша ол көзге.

Алдында алқа тұтып тұрдық ұзақ,

Жақының жоқ секілді одан өзге.

Қарадым дидарына көппен бірге,

Жылынып мәнгі нұрын төккен күнге,

Өзімді шуағында сездім ылғи,

Жетімдік шығып кетіп естен мүлде.

Жас өспірімдерді қуантқан, бойларына күш-қуат енгізген В. И. Лениннің ардақты есімі оларды қатты рухтандырады. Осы тұстарда жазылған балалар әдебиетіне тән мұралардын эстетикалық тәрбиелік жақтары соншама күшті, шын өмірді көз алдына келтіретіндей тым әсерлі еді.

Осыған жалғас 1928 жылы Ғали Ормановтын «Алғашқы адым» деген өлеңі де тарихи шындық тұрғысынан жазылған. Ондағы шағын сюжет өткендегі балалар жағдайының ауыр екенін сипаттайды. Жалшылық пен ауыр тұрмыстан арылып, оқуға аттанған сол кездегі балалар өмірін суреттеп, көз алдына келтіреді.

Аттанып, ауыл - анадан, Жарбиған, жаман тон-тымақ.

Оқуға кеттім қалаға, Жабысып кетті үстіме.

Жабыла маған қараған, Жанайын деген бір шырақ,

Жалтаңдай кеттім далаға. Жалтылдап кетті ішімде.

«Талапты ерге нұр жауар» дегендейін, жарбиған жаман тон, жаман тымақтың ішінде жүріп-ақ жас ұлан ұлы мақсаттарға жетуді көздейді. Ғали Ормановтың бұдан басқа да «Кітап» (І928), «Куаныш» (1929) деген эстетикалық ыстық сезім тудыратын әсерлі шығармалары балалар әдебнетінен өз орнын тапты.

Коммуналар мен интернаттарда тәрбиеленген балалар өмірімен толық таныстыратын, сол кездің өмір айнасы боларлықтай Тұрманжанов Өтебайдың «Интернатта көз аштым» (1925), «Қызыл шоқпар (1926), «Жастар өлеңі» (1925) балаларға, пиоиерлерге қатты ұнаған. «Қызыл шоқпар» дейтін өленін коммуна балалары мен интернаттарда, мектептерде маршпен орындайтын.

Қызыл шоқпар, Біз жау жүрек,

Жанған оттар, Болат білек,

Қолда шоқпар Таудай тілек

Барабан. Жас ұлан.

Басып қадам, Кедей үшін,

Алға барам, Барлық ісім,

Жалшы бабам Жинап күшім

Ата-анам. Бас ұрам

Балаларға жігер, қайрат беріп, санасына терең ой салатын мұндай өлендердің тәрбиелік күші, әсері мол болды. Ауылдағы кедей шаруалардың балалары жаңа оқуға бет бұрды. І927 жылы жазылған Өтебайдың «Жастар өлеңі» бірден елден-елге тарап кетті: Бұл екі өлеңнің

Жастар, ұмтыл алға бас,

Жалпы елмен аралас.

Ей-ей, жас қайрат,

Жаңа тұрмыс нұр жайнат

музыкасы да тым көңілді, эстетккалық сезімді билейтін әсерлі болатын-ды. Орындалуы да жеңіл еді. Өлең құрылысы баланың жас ерекшелігіне қарай шағындалған, қысқа да тұжырымды. Балаға білім беру, ой-санасына қозғау салу, алдағы міндеттерін айту - соның бәрі де осында толық қамтылған. Қазақ аулына келген осындай жаңалықтардың бәрін де құбжық етіп көрсету үшін, бұл жылдары қожа, молдалар да бар күштерін салып, теріс үгіт жүргізіп бақты. Олар жоғарыда айтылған өлеңдердің мазмұнынан, жас өспірімдер серпінінен қатты шошынды. Жаңада орнаған совет өкіметінің жаңа саясатына қарсы күрес жүргізді. Ел арасына өсек-өтіріктер таратты. Балаларды жаңа типті мектептерге жібермеуге бар күштерін салып бақты. Ал, мектептерде оқып жургендері болса, оларды комсомол, пионер қатарына кірмеңдер деп азғырды.

Кел, қазақ кедейлер,

Ұйымдас жалшымен

Байларды, молданы,

Қойдан қу қамшымен!, -

деп коммунада тәрбиеленген балалар ән шырқап, оларға қарсы күрес жүргізді.

Сол тұстың өзінде-ақ оқу-тәрбие тақырыбына бірқыдыру шығарма жазылды. Ілияс Жансүгіровтың «Оқимын» (1926), «Бөбек бөлеу» (1925), «Күн шыққанда» (1926), Асқар Тоқмағамбетовтің «Тапқаны ғылым емес пе?» (1926), «Білім дариясы» (1928), «Қызғалдақтай пионер» (1928), Ғали Ормановтың «Кітап» (1928), «Жолда »(1929), «Қуаныш» (1929) деген өлеңдері жас өспірімдерді өнер-білімге шақыруға арналған. Патшалық Россия тұсында езіліп артта қалған қараңғы халыққа ендігі жерде оқыған саналы азаматтардың керек екенін ескертеді. Осының бәрін баланың қабілетіне сай, түсінуіне жеңіл етіп, оңай тілмен жеткізген.

Кедей балаларын оқуға тарту, оларға өнер-білім пайдасын түсіндіру, жаңа типті мектептерде оқыту ісін жүзеге асыруда балалар әдебиетінің атқарған ролі ерекше.

Ойынды таста, Ілгері ұмтыл,

Оқудан қашпа, Өзің зерттеп!

Өнер-ғылым Ашық көзің,

Үйрен жаста! Қожа өзің,

Ашылды мектеп, Маркс, Ленин

Ойлама тек деп, Үйрен сөзін.

Балаларға арнап барлық тақырыптарға да жаза беруге болады. Бірақ соның өзін олардың қабілетіне сай, түсінуіне жеңіл, көркем тілмен шебер суреттеп, қызықты етіп бере білу шарт.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗТУҒАН СҮЙІНІШҰЛЫ ЖАЙЛЫ
М. Әуезовтің ой-пікірлері қалыптасуының даму жолдары
Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ әдебиеті туралы еңбектері мен сын мақалалары
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ әдебиетіндегі жанрлар жүйесі: проза және поэзия
Сәкен Сейфуллин өмірі мен шығармашылығы
Ғабит Мүсіреповтың «қазақ салдаты» романының қөркемдік ерекшелігі
Саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының педагогикалық көзқарастары
Қазақ фольклорының тарихы
Қазақ балалар драмасының шағын түрлері
ХХ ғасырдағы Түрікмен әдебиеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz