Қазақ құқығындағы көп әйел алушылық


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Отбасы -неке құқығы. Қазақ қоғамының негізі ру болса, рудың негізі отбасы болды. Отбасының басшысы ер адам адат бойынша артықшылықты пайладанды. Отбасының әйелінің құқығы шектеулі болды. Ұлына енші, қызына жасау беру әкенің міндеті әрі парызы болды.

Қазақ некесі экзогамиялық (бір рудың ішінен некеге отыруға рұқсат етпеді) және полигамиялық (көп әйел алушылыққа рұқсат ету) сипатта болды.

Қалыңмал қазақтардың үйлену үшін қалыңдықтың ата -анасына мал ретінде төлейтін төлемақысы. Оның мөлшері әртүрлі болған. Көбінесе, қалыңмал алған ата-ана қызына жасау жасап, төсек -орнымен оны шығарып салуға міндетті болған.

Некені тоқтау адат бойынша тек ер адамның құқығы. Оның себептері: әйелінің ерінің көзіне шөп салуы, дұрыс қарамауы, ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болуы. Әйелдер тек ерінің өз міндетін орындауға жарамсыздығы және ұрып-соғып күн бермеген жағдайда ғана некені тоқтату туралы мәселе қоя алған. Неке тоқтаған жағдайда бала әке жағында қалады, тек омыраудағы бала ғана анасында қалады.

Әмеңгерлік- адатта ерекше қалыптасқан институт. Әмеңгерлік бойынша жесір әйел ері өлген соң бір жылдан кейін күйеуінің туыстарының біріне тұрмысқа шығуға тиіс. Жасы келген жесірлер әмеңгерлікке шықпай өз алдына үй болып отыра беретін. Әмеңгерлік тәртібі қалыңмалы төленіп қойған әлі де күйеуге тимеген қыздарға да тиісті болды.

Дүниежүзі халықтары тәрізді, қазақтың да өзіне тән отбасы тарихы бар.

Адам баласы басынан өткізген сан алуан қоғамдық - экономикалық формациялардың қай-қайсысы болмасын әр қилы отбасы түрлерімен тығыз байланысты болған. Ф. Энгельстің айтуынша, топты неке-жабайлық дәуірге тән болса, жұпты отбасы өркениетті дәуірге тән болған.

Қазақ құқығындағы көп әйел алушылық

Қазақ арасында негізінен дара (шағын) отбасы үстем болған, онда үлкен патриархалды отбасы қауымының көптеген сипаттары сақталып келген, ол ерлі-зайыптылар, үйленбеген балалар, қарт қариялар, сондай-ақ үйленбеген кіші жақын туыстардан құралды.

Қазақ өлкесінде үлкен патриархалды отбасының ертерек ыдырауына көптеген жағдайлар себепкер болды:

1) Қазақ қауымындағы топтық жіктелудің күннен-күнге күшейіп,

патриархалдық тәртіптің әлсірей түсуі әсер етті.

2) Туысқандар арасында мал және мүлік теңсіздігін туғызу факторы

(қалың мал, жасау беру) .

3) Экзогамалық (белгілі бір туыстық шеңберінде қыз алыспау) тәртіпті

сақтай отырып неке құру т. б.

Үлкен патриархалды отбасында әке билігі үнемі шексіз болған. Ал, әке өлген соң оның орнына отбасы басшысы болып, үлкен ағаның үкімі барлық басқа отбасы мүшелеріне үшін заңды болған. Шаруашылығы бөлек болғанмен барлық балалары әкесімен ақылдасып, оның айтқанын екі қылмайтын. Кенже бала қазақ дәстүрі бойынша әкенің мұрагері есебінде әкесінен бөлінбейтін де, оның шаңырағына, мал-мүлкін ие болып қалатын.

Әке шаңырағы «қара шаңырақ», «үлкен үй» атанады.

Көп әйел алған қазақ байлары, олардың әрқайсысын балаларымен бөлек ұстайды, әрқайсысына енші бөліп береді. Мұндағы мақсат әке өлген соң әр әйелдің балалары бір-бірімен тату, тыныштық сақтап тұрсын деген тілек еді. Әр әйелдің балалары өз шешесінің еншісінен үлес (енші) алып бөлініп шығады.

Балаларына енші бөлек шығару әдеті негізінен олардың үйленуіне байланысты болды. Жаңа түскен келін әдетте 1-2 жыл ата-енесімен бірге

тұрып, әр нәрсеге үйреніп, өз бетінше үй болып тұруға дағдыланған соң, өз алдына отау болып бөлінетін де еншісін алатын.

Ер жетіп үйленген балаларды енші беріп, жеке шығарудың зор саяси шаруашылық маңызы болды. Бұл әсіресе, әкесінің қоғамдық ықпалын көтеруге себін тигізетін.

Отау үйге берілетін енші мөлшері әкенің байлығына, бала санына байланысты болатын. Бөлек шығатын отаудың басында жазғы, қысқы үйі, алдында малы және т. б. мүліктері болуы керек.

Әдет-ғұрып құқығының неке және отбасы саласын реттеуге бағытталған нормалар мен институттарының негізгі және басты қағидасы, «жеті атаға дейін қыз алыспау» деп аталады. Яғни, жақын туысқандар арасында қан араластыруға жол бермеу неке және отбасы қатынасын реттеуге арналған әдет-ғұрып құқығы нормаларының басты мақсаты және мәні еді. Өзге институттар мен нормалар (қалың мал, көп әйел алу, әмеңгерлік т. с. с) осы қағида аумағында және бақылауында іске асты, оның ықпалынан шықпауға, талабын мойындауға мәжбүр және міндетті болды.

Мұндай болмаған жағдайда кез келген некелік келісім немесе отбасылық қатынас оларды реттеуге бағытталған норма өз күшін жоятын. Жыныстық тұрғыдан жетілген жасқа толғандар ғана некеге тұруға рұқсат алды. Балиғат жасы қыздар үшін 13-14, балалар үшін 15-16 жас деп есептеледі, есі дұрыс емес жандармен некеге тұруға рұқсат етілмеді, егер ері белсіз болса әйеліне, әйелі бедеу болса еріне некеден шығуға рұқсат етілетін, олардың жаңа некеге тұруына жол ашылатын.

Қазақта некелесудің түрлі формасы болған. Бүкіл қазақ халқына тән болған некелесудің ең негізгі түрі - қалыңдықты қалыңмал төлеп сатып алуға негізделген құдалық арқылы неке құру болды. Мұнымен бірге алғашқы қауымдық қоғамда үстемдік еткен топтық некенің қалдығы ретінде қазақ арасында әмеңгерлік (левират) және балдыз алу (сорорат) ғұрыптары бойынша неке құру әдеті өте жақсы сақталып келді. Әртүрлі жағдайларға байланысты ел арасында қыз келіншектерді алып қашып некелесу әдеті де болды. Бірақ бұл әдет ХХғ. басында құдалық арқылы некелесу ғұрпымен тығыз байланысты болды. Олай дейтініміз кей уақытта құдалық арқылы некелесу тәртібі алып қашумен аяқталса, енді бірде алып қашу арқылы некелесу міндетті түрде құдалық ғұрпымен қалың төлеу арқылы бітетін.

Қазақ арасында сирек болса да ХХғ. басында кездесіп тұратын некелесу түрінің бірі туған-туысы жоқ, қалың төлеуге шамасы келмейтін жалғыз басты жарлы жігіттер қыз әкесіне қалың орнына күшін сатып, белгілі мөлшерде қызмет ету немесе қыз әкесінің ер балалары болмаған жағдайда қолына, «күшік күйеу» болып кіру арқылы неке құру болды.

Көшпелі қазақ қоғамындағы некенің негізгі нысаны моногомия болды.

Бірақ ол көп әйел алумен толықтырылды және әмеңгерлікпен жалғастырылды.

Көп әйел алу кезінде әйелдердің жағдайлары бірдей болған жоқ, әсіресе бәйбішенің отбасындағы жағдайы жоғары болды. Ол тоқалдарға өз билігін жүргізіп отырды. Бұлай болатын себебі, алғашқы әйел әдетте ата-анасының айтуымен, туыстарының ақыл-кеңесімен айттырылып алынатын. Ауқатты отбасындағы бәйбіше әдетте ауқатты байдың, белгілі рудың қызы болды. Кіші тоқалдар өзара тең дәрежеде ұсталынды, олардың отбасындағы жағдайы бір-бірінен аса көп ерекшеленген жоқ.

Табиғи-тарихи және әлеуметтік экономикалық факторлардың тікелей әсерін сезіне отырып, үздіксіз даму үстіндегі, қазақ әдет-ғұрып құқығының өз жалғасын тапқан келесі белді институтының бірі - әмеңгерлік еді.

Әр түрлі әдеттердің қалыптасқан дәстүрінің бір түрі ретіндегі ананың үстемдігі заманынан (матриархат) әкенің үстемдігі заманына (патриархат) көшу кезеңінде пайда болады. Әмеңгерлік институты пайда болғаннан кейін ол өзгеріске ұшырамай тұрған жоқ. Матриархат кезінде жесір қалған әйелдің әмеңгері болып, оның күйеуінің шешесінің жақындары саналды. Бірте-бірте әйел құқығының төмендеуіне байланысты әмеңгерлік құқығы күйеудің туыстарына көшті. Бұл кезеңде әмеңгерліктің шеңбері кең болды. Оған жесірдің күйеуінің барлық туыстары әмеңгер саналатын, кейін тек ең жақын туыстары ғана құқықты болды.

Бір ер бірнеше әйел алатын қоғамда, әмеңгерлік мәселесі күрделі болды. Бір ер өлсе бірнеше әйел қатарынан жесір қалды, жесірдің, жетімнің, мүліктің тәуелдігін шешу үшін, рулар арасында айлап, жылдап елші келіп, жаушы жетіп жатты. Адамдар оңтайлы жолдарын табуға ұмтылды, соның нәтижесінде әмеңгерлік әдет заңы өмірге келді. Жесір даулары шешілетін негіздер пайда болды.

Қазақ халқында әйелі не қалыңдығы өлген жағдайда балдыз алу әдеті де болған.

Отбасының жұптасып өмір сүруі кезінде некелесудің және неке байланысының нақты қоғамдық қажеттілігінің ерекше нысаны пайда бола бастады, ерлі-зайыптылардың ресми түрде некелесуі реттеледі. Жұптасып отбасын құру үшін әрбір некені жеке тіркеу қажет болды.

Әдет-ғұрып құқығының кейбір салалары (саяси билік, мемлекеттік құрылыс, алым-салық саласы) жансызданды, көптеген институттарға шектеулер қойылды.

Кеңес үкіметінің алғашқы он жылдығында әдет-ғұрып құқына назар аударылды. Қазақ АССР жағдайында әдет-ғұрып құқының өмір сүру жолы мен іске асуы шартты түрде 3 кезеңге бөлінді. Бірінші кезең, Кеңес билігі орнаған уақыттан бастап Қазақ ССР-дің құрылғанына дейін созылды. Осы кезде Кеңес үкіметі, әдет-ғұрып құқын қазақ қоғамындағы құқық бастауларының бірі ретінде мойындады. Әдет-ғұрып нормалары ерекшеліктері - олардың Кеңес органдары, оның сот-тергеу аппараттары, сондай-ақ сол кездегі билер соты және үштік соттар арқылы қолданылғандығында.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ертедегі қазақ халқының некелесу дәстүрі
ҚР Азаматтық құқығы. ҚР Отбасы құқығы. ҚР Қылмыстық құқығы
Қазақ әдет құқығындағы неке және отбасы
Қазақстан респулаксының неке жане отбасы заңы
Қазақстан Республикасында Қазақстан азаматтарының шетел азаматтарымен некеге отыруы
Қазақ халқының дәстүрлі құқығының тарихы
Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша меншік қатынастары
«Мұсылман құқығының бастаулары»
Қазақтың әдет-ғұрып құқығындағы қылмыс пен жаза түсінігі
Мұрагерлік құқық қатынастарының пайда болуының негізі мұра
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz