Көркем әдебиет


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе.

Көркем әдебиеттің халық өміріндегі атқаратын міндеті, танымдык, тәрбиелік, көркемдік маңыздылығы. Танымдық сипат жағынан алсак, әдебиет бұрынғы-соңғы тарихтан ұшан-теңіз мағлұмат беріп, коғамда өмір суріп отырған адамдардың. ой-киялын, арманын, сана-сезімін танытады. Заман, дәуір тұлғасы, адамдардың тұрмыс-халі, әдет-ғұрпы, мінезі : әдебиеттен жан-жақты толық аңғарылады. Әр адамның басқан қадамы, атқарар ісі коғамдық жағдайға байланысты, соның көрінісі. Әдебиег адамдардың осы қалып, болмысын көркемдік әдіспен бейнелейді. Әдебиеттен өткен заман, бүгінгі өмір, келешек туралы ой-тұжырымдарды да мол табамыз.

Осының бәрі көркемдік ойлау тәсілімен, шебер суреткерлік, биік эстетикалық талғаммен ұштасып жатады. Бұл әдебиеттің айрыкша керкемдік мәнділігін танытады. Адамның арман-тілегін, әділдік, адамгершілік, еркіндікке ұмтылуын уағыздай отырып әдебиет үлкен өнегелік, тәрбиелік міндет атқарады. Адамды жамандықтан безініп, жақсылыққа, ізгілікке, адалдыққа бой ұруға үйретеді. Әдебиеттің танымдык, тәрбиелік көркемдік сипаттары - бір-бірімен жалғасып астасып келетін қасиеттер. Әдебиетте озат идеясыз көркемдік жоқ, көркемдік суреткерлік шеберлік жетпеген жерде нағыз идеялылық жоқ, ал бұлар танымды болмаса тәр-биелік мәні де осал, жетімсіз болады. Әдебиеттің қоғамдық мәні жайындағы ұғым бұрынғы-соңғы және қазіргі әр турлі коғамдық жағдайда-өмір сүріп жатқан сан алуан елдердің әдебиеті мен өнеріне байланысты да айтылады. Өйткені әдебиет, жоғарыда айтылғандай, адамдардың бір-бірімен қоғамдық қатынасын бейне-лейтін болғандықтан, жазушы қоғам өмірінен тыс қала алмайды. Әрине, өркениетті қоғамда әдебиет пен өнер ең алдымен адамдардың қоғамдық ісін, қоғамдағы орнын алдыңғы катарға қоюы керек. Сондықтан да әдебиет халықтың, еңбекші қауымның мүддесін көздеп, соның қамын жейтін, арманын жоқтайтын өнер болуға тиіс, ал мұның өзі көркем туындыларды сапасы жоғары болуын талап етеді.

Әдебиетте сан қилы табиғат құбылыстары , болмыстың алуан көріністері молынан суреттеледі. Әдебиеттің пәні мен әдебиеттегі мазмұнның сәйкестігі мен айырмасын, аражігін дүрыс ажырату кажет. Әдебиеттің пәні көркем шығармаларда баяндалатын, суреттелетін өмір құбылыстары, өмір шындығы болса, ал әдебиеттегі мазмұн, сол өмір құбылыстарының жазушының көркем ой көрігінен өтіп, өңделген қалпы, көркемдік шындық. Әдебиеттің пәні, оның шеңбер-шегі қандай деген мәселені сөз еткенде емірді көркемдеп суреттеу әдісінің өз өзгешелігі бар екенін есте сақтау қажет. Әдебиет өмірді көркем образ арқылы бейнелейді, адамның дараланған характерін жасау, жеке уақиға, жағдайларды суреттеу арқылы қоғамдық өмірдегі аса маңызды заңдылықтарды ашып береді. Осы тұрғыдан қарағанда әдебиеттің пәнін, оның ауқымын, аражігін анықтау үшін жазушы нені бейнелейтінін айту аз, өмір құбылыстарын қалай іріктеп, қай қырынан келіп, қандай тұрғыдан баяндайтынын ескеру аса қажет. Қоғамдық емірде әдебиет қозғамайтын мәселе, назар аудармайтын жағдайлар аз-ақ. Алайда алдымен әдебиет адамның тұтас тұлғалы бейнесін көрсететін болғандықтан, қоғамдық өмірдегі қай мәсе-леге болсын эстетикалық қатынас тұрғысынан қарап, оны шығармадағы көрсетілетін нақтылы өмірлік жағдайларға орай бейнелейді. Әдеби шығармада, әрине, тек типтік жағдайлар, типтік іс-әрекеттер ғана емес, әртүрлі детальдар, ұсақ-түйек, тіпті кез-дейсоқ жайлар да кездеседі. Бірақ олардың бәрі де толық, егжей-тегжейлі, әсерлі баяндау мақсатына қызмет етіп, негізгі идеяны неғұрлым терең ашып көрсетуге көмектеседі. Көркем шығармада өмір құбылысы, оның әр түрлі ерекшеліктері тұтас керсетілсе де, ненің маңызды, мәнді екені айқын ажыратылып, дәл танылады. Уақиғалардың, адам бейнесінің әдебиетте нақтылы суреттелуі оқушыға өмірдің өзін керіп отырғандай әсер беріп, шығарманың ой-санаға күшті ықпал етуіне мүмкіндік береді. Әдебиетте коғам өмірі, тарихи даму процесі үнемі алға қарай бастайтын тура тартылған жол сияқты болып жатпайды, қайшылығы мол киын жағдайлар, қақтығыстар, адамдардың тағдыры арқылы көрінеді. Жекелеген жағдайлар, сан түрлі адамның өмір-тағдыры арқылы жазушы қоғамдық заңдылықтарды әлеуметтік құбылыстардың сырын ашып береді, көптеген интернационалдық терминдер орыс тілінен сол тілдегі айту қалпын сақтап енгізілді. Осылар және орысша терминдердің қазақша баламасы ретінде кірген терминдер және бір үлкен бірнеше салалы арна болып қалыптасты. Бұлардың бірінші тобына поэзия, тип, характер, идея, сюжет, композиция, драма, трагедия, комедия, классицизм, романтизм, реализм, жанр, стиль, роман, повесть, лирика, публицистика секілді терминдер кіреді десек екінші тобына әдіс, әдеби ағым, бағыт, көркемдік шындық, кейіпкер, көркемдік түр, лирикалық қаһарман, лирикалық шегініс, жаңашылдық, көркем өнер сияқты кәптеген терминдерді жатқызуға болады.

Әдебиеттану ғылымының терминологиялық системасы ғылыми ойдың бүгінгі кетерілген өресімен бір деңгейде болып, оның бар байлығын жетістіктерін, жаңалықтарын танытарлықтай, айқығьашып берерліктей дәрежеде болуы қажет екені сөзсіз. Қазақ тіліндегі терминдер жүйесі қазақ әдебиетіндегі қалыптасқан ғылыми ұғымдармен қатар, орыс әдебиетін, басқа халықтардың әдебиетін, дүние жүзі әдебиетін танып білуге қажетті негізгі ұғымдарды да қамтуға тиіс екендігін дәлелдеп жату артық болар еді. Олай болмаған күнде біз қазақ әдебиетін томаға-тұйық қалпында қарап, түсінген болар едік. Қазақ әдебиетімен қатар басқа да әдебиеттерге тән ортақ құбылыстарды, заңдылықтарды ұлтаралық әдеби байланысқа қатысты жайларды назарымыздан тыс қалдырған болар едік. Мұның өзі қазақ әдебиетінің де ауқымын тарылтып, оның басқа халықтардың әдебиетімен жалғастық, ұқсастық жақтарын көре білуге кедергі жасап, оның өзіндік ұлттық өзгешеліктерін тереңдеп түсінуге де нұқсан келтірген болар еді.

Көркем әдебиет пен идеологияның, саясаттың арасында жалғастық, байланыс болатыны, әрине, талассыз. Алайда мұныда өзі сан-алуан қыры бар өте күрделі құбылыс. Қоғамдық ой-сананың қай түрі, қай саласы болсын, соның ішінде мәдениет те, әдебиет те, әрине, басқа салалардан мүлде бөлек, томаға-тұйық қалыпта дамымайды. Олар бір-біріне ықпал етіп, бір-бірін жандандырып, толықтырып отырады. Қоғамдағы ой-сана таласы да, әр алуан көз-қарастардың қақтығысы тек бір саланың, айталық, әдебиеттің, немесе саясаттың өз шеңберінде қала бермейді, олардың арасында да орын алады. Сондықтан талай қайталанып айтылып келген, әдебиет үстем идеологияға, саясатқа бағынып, тәуелді болуға тиіс дейтін Біржақты тусінік, әрине, кәріне көзге шындықты бұрмалаушылық. Әдебиеттің өзіне тән сипаты, көркемдік ойдың қуаттылығынан туатын шексіз мол танымдық мүмкіндіктері толық ескеріліп, көркем шығармаларда көптеген өмір құбылыстары бейнелі, нақтылы, әсерлі көрініс табатыны, адамның

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркем әдебиеттің табиғаты, ерекшелігі және мәндері
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет
Қазақстан Республикасындағы көркем әдебиет және әдебиеттану саласындағы ақпараттық ресурстар
Әдебиеттанудың негізгі салаларын сипаттау
Әдеби туынды және оның мазмұны мен құрылымы.Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі.Өлең сөздің теориясы. Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері
Көркем мәтінді оқытуда авторлардың өмірбаянын оқытудың маңыздылығы
Әдебиет теориясы ұғымдарының жалпы сипаттамасы
Әдеби теориялық ұғымдарды меңгерту
Көркем әдебиет стиліндегі диалектизм
Көркем әдебиеттің табиғаты, ерекшелігі және мәндері. Әдебиет теориясындағы әдеби шығарма, орта және автор мәселелері. Әдеби туынды және оның мазмұны мен құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz