Қазақ тілі сабақтарында халық педагогикасы арқылы ұлттық тәлім-тәрбиені қалыптастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Білім беру үрдісінің субъектілерін дамытудың жағдайы ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру. Қазақ тілі сабағындағы халық педагогикасы, ұлттық тәлім-тәрбие.

Сақалбаева Ж. Б.

«№29 орта мектептің»

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

Ұлы ойшыл ғалым, ұстаз Әл-Фараби «Адамға ең бірінші білімнен бұрын тәрбие беру керек, тәрбиесіз берген білім адамзаттың жауы» деген екен. Сондықтан, ұлттық тәлім-тәрбие, халықтың сан ғасырлық педагогикасы, тағлымы, жас жеткіншектерді тәрбиелеуде маңызы зор. Ендеше, халық педагогикасы деген ұғымға нені сыйдыруға болады?

Халық педагогикасы дегеніміз - ұлттар мен ұлыстардың әлденеше ғасырға созылған ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық салт-дәстүрлері мен мәдени ойлау үрдісінің озық үлгілерінің жиынтығы. Халық педагогикасының негізгі түйіні - еңбек тәрбиесін және өндірістік білімді, дағдыны, шеберліктерді жас ұрпақтың бойына дарытып, адамгершілік, имандылық рухында тәрбие беру. Ол - ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге туып, бірге дамып келе жатқан тарихи және көне үрдіс [1, 23 б. ] .

М. Жұмабаев:". . Әрбiр тәрбиешінің қолданатын жолы - ұлт тәрбиесі, әрбiр ұлттың бала тәрбиесі туралы ескiден келе жатқан жеке-жеке жолы бар . . . ", - деген. Т. Тәжiбаев: ". . Қазақтың мәдени өмiрiнде фокльклор, музыка, қол өнерi және халықтың тәрбиелiк дәстүрлерi басты рөл атқарған . . . ", -деді. Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя" кітабын (1975) қазақ халық педагогикасының әліппесі деп айтуымызға болады [2, 37 б. ] .

Қоғамның барлық тарихи даму кезеңдерінде халық педагогикасы жайлы ұғымды анықтау, әр түрлі ғылыми-педагогикалық көзқарастарды қалыптастыру проблемаларына көптеген ғалымдар, педагогтар көңіл аударып, құнды пікірлер айтып, ұрпақ үшін баға жетпес өмірлік мұралар қалдырды [3, 24 б. ] . Атап айтсақ, орыс педагогтары К. Д. Ушинский, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский, В. И. Водовозов, Г. С. Виноградов, қазақтың көрнекті жаңашыл педагогы Ы. Алтынсарин, қазақтың асқан ақыны, қазақ тіліндегі ең алғашқы педагогика оқулығының авторы М. Жұмабаев және т. б.

Қазақ педагоктарының ішінде Ыбырай халықты оқуға, оқу ағарту ісіне шақырса, Ұлы Абай өзінің қара сөздерімен тыңдаушы жадына адамгершілік қасиеттерді сіңіре білді. Мағжан Жұмабаев педагогика деген ғылымды бөлек ғылым етіп, зерттеуді қажет ететінін дәлелдеді. Ж. Аймауытов педагогика мен психология адамзат тәрбиесінің ажырамас бөлігі екенін білді [4, 78 б. ] .

Орыс ғалымдарға сүйенетін болсақ, К. Д. Ушинский әрбір елде халықтың мүддесіне, мұқтажына сәйкес өзіндік білім және тәрбие беру жүйесінің қажет екендігін айтқан. Ол өзінің педагогикалық теориясында тәрбиенің ұлыстық принципіне сүйеніп, тәрбиенің халықтық идеясын дәлелдеді. Халық дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, салт-санасын жақсы білген ол: «дерексіздік идеяларға сүйеніп жазылған ең жақсы тәрбие жүйесін, халықтың мол тәрбиесіне негізделген тәрбиеге еш уақытта тең бола алмайды» - деп тұжырымдаған.

Сондай-ақ К. Д. Ушинский халық пеадгогикасының тәрбиелік мәнін өте жоғары бағалаған. Оның пікірі бойынша халық - бірінші тәрбиеші, ал халық ертегілері - халық педагогикасын жасаудың бірінші және жарқын әрекеті.

Біз тәрбие ісінде халықтың тәжірибесіне сүйенеміз» - деп Аристотель айтқандай, жалпы педагогиканың түп негізі ұлттың тәжірибесіне байланысты екені белгілі.

Әл Фарабидың тәрбие теориясына қатысты мәселелердің тек қана баланың жан-жақты дамуына тірек болатын тәрбие тәжірибелерін қалыптастырумен шектелмей, оның жалпы адам тәрбиелеу ізгіліктерінің құралы болу керек деген ғибраттарын кездестіреміз. Оның осы мәселеге қатысты терең мән берген тәлімдік алғышарты - біріншіден, әр адам өзін-өзі тануға ерте бастап назар аударып, сол мәселеге байланысты табиғат пен адам ілімдерін үйренуге; екіншіден, аталған қасиеттердің аса жауапты және кез келген адамның қолынан келе бермейтін қиын іс екенін атай отыра, ол үшін ұстаз бен жол көрсетуші тәлімгердің қажеттігін ескертеді [5, 45 б. ] .

Халықтық педагогика халық тәжірибесі арқылы тарихи қалыптасқан тәрбие құндылықтарын жаңғырта, жаңаша өмірмен байланыстырып пайдалану жолдарын айқындап көрсетеді.

Халық педагогикасы халықтардың ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиелеу тәсілдеріне негізделген тағылымдарының бай тәжірибесінің эмприкалық жиынтығы.

Ұлттық тәлім-тәрбиені (халықтық педагогиканы) іске асыратын ұлттық тіл (этнолингвистика) екені даусыз. Сондықтан халықтың төл тілі қолданылып, мемлекеттік тілде тәрбиенің сіңірілуі басты қағида. Мектептерде ұлттық тәрбиені мемлекеттік тілдің негізінде оқытудың жандана бастауы - қуанарлық жай.

Халықтық педагогиканы қазақ тілінде қолдану әдістері :

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өлкетану мен қазақ халық педагогикасы арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Қазақстан Республикасындағы ұлттық тәлім-тәрбиені қайта жандандыру: теориясы мен әдістемесі
Екінші сынып математика сабақтарында қазақ халық педагогикасын қолдану арқылы ұлттық тәрбие беру әдістемесі
2-сыныптағы математика сабақтарында халық педагогикасы элементтерін қолдану
Мектеп оқушыларының патриоттық тәрбиесін халық педагогикасы арқылы қалыптастыру: теориясы мен әдістемесі
Өлкетану мен қазақ халық педагогикасы негізінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Халық педагогикасы негізінде балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру
Ана тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде қазақ халық педагогикасының озық дәстүрлерін енгізу
Ана тілі сабақтарында қазақ халық ертегілерін қолданудың бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудегі әдістемесі
Болашақ мұғалімдерді мектеп жасындағы қыздарды қазақ халық педагогикасы арқылы тәрбиелеуге даярлау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz