Криминалистика пәнінен лекция тезистері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 140 бет
Таңдаулыға:   

Лекция тезистері

1-лекция тақырыбы: 1-тақырып. . Криминалистиканын пәндік сипаттамасы және әдістемелік негізі . Криминалистикалык идентификация және диагностика . Криминалистикалык техниканын жалпы ережелері. Криминалистикалык фотография, бейне- және дыбысжазбалары

Жоспары:

  1. Криминалистиканын пәндік сипаттамасы
  2. Криминалистиканын жүйесі
  3. Криминалистиканын әдістері
  4. Криминалистикалык идентификациянын түсінігі
  5. Криминалистикалык идентификация объектілерінің ұғымы (түсінігі) . Идентификациялық белгілер және оның классификациям (топтастырылуы)
  6. Диагностика Криминалистиканын ілімі ретінде
  7. Криминалистикалык техниканың пэні және түсінігі
  8. Тергеуші мен криминалист-маманнын қолданатын ғылыми-техникалық кұралдары
  9. Криминалистикалык фотография, бейне- және дыбысжазбаларының түсінігі, маңызы және жүйесі

Лекция мәтіні:

§1. Криминалистиканың пәндік сипаттамисы

Соңғы жылдарда елімізде қылмыстың өршуі, оның ішінде аса қауіпті қылмыстардың жасалу саны одан әрі өсуде. Бұл жай құқық қорғау, атап айтқанда, тергеу органдарының жұмысының жақсартылуын, олардың қылмысты ашуда тергеудің нәтижелі жүргізілуін және тиімді тәсілдерді жан-жақты пайдаланылуын талап етеді. Жасалған қылмысты тез арада ашып, қылмыс жасаған адамдарға тиісті жаза тағайындау, қылмысқа қарсы күрестің нәтижелілігін арттырады, сондай-ақ қылмыс жасаудан кейбір адамдарды алдын ала сақтандырады. Криминалистика тергеу және басқа құқық қорғау органдарының жұмысының іскерлігін арттыруға үлкен әсер етеді, өйткені криминалистика тергеу тәжірибесін талдап, қорыту арқылы, қылмысты ашуға бейім тәсілдерді тауып, оларды қолдану үшін керекті техникалық құралдарды тергеу қызметкерлеріне дайындап береді. Қылмыстық оқиға бір адамның, немесе бірнеше адамдардың белгілі бір әрекет қимылдарынан тұрады. Сондықтан қылмыс қандай жедел жасалса да ол айналадағы ортаға әсер етіп, сол қылмыс жасалған жерде көптеген іздер қалдырады. Криминалистикада іздер деген түсінік екі мағынада қолданылады. Тар мағынада із деп бір объектінің таңбасы, келбеті айтылады (қолдың ізі, аяқтың ізі т. с. с. ) . Ал жалпы криминалистикалық мағынада қылмыстың ізі деген ұғымға оқиға болған жерде қалған жеке заттар, қираған, сынған нәрселер және қылмысқа байланысты айналада болған өзгерістердің бәрі жатады.

Криминалистика ең алдымен Қылмыстық іс жүргізу заңымен тығыз байланысты. Себебі криминалистиканың зерттеп дайындаған тәсілдері мен әдістері қылмысты ашуға, тергеу әрекеттерін тиімді жүргізуге негізделсе, Қылмыстық іс жүргізу заңы тергеу әрекеттерінің жүргізілу тәртібін занды түрде реттейді. Атап айтқанда екі пәннің де зерттейтіні бір объект - тергеу әрекеті. Бірақ олардың процесуалдық әрекеттерді оқып, тексеру аспектісінің мазмұны әр түрлі. Криминалистикалық тәсілдер мен әдістер тергеу әрекеттерінің тиімді және нәтижелі жүруіне бағытталған. Олар Қылмыстық іс жургізу заңында көрсетілмеген, заң қалпының мазмұнымен қамтылмаған. Бірақ криминалистика ұсынған қандай әдіс, тәсіл, не құрал болса да ол Қылмыстық іс жүргізу заңының шеңберінен шықпауы тиіс және заңға қайшы болмауы керек.

Криминалистиканың қылмыстық құқық ғылымымен де тығыз байланысы бар. Қылмыстық құқық ғылымында қоғамға қауіпті қандай әрекеттердің қылмыс қатарына жататынын көрсетіп, әр қылмыстың құрамындағы белгісін талдап баяндайды. Бұл қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының белгілерін негізге ала отырып, криминалистикалық талдау жүргізіп, қылмысты ашуға керекті белгілерді нақтылап, қылмыстық іс бойынша дәлелденуге тиісті мән-жайларды, шешетін сұрақтарды белгілеп және қылмыстарды тергеу тәсілдерін ұсынады. Криминалистика тектес ғылымдардың бірі - криминология. Бұл ғылым қылмыстың болу себептерін, оның әләуметтік негіздерін және белгілі жерде тарауын, оған қарсы сақтандыру шараларының қолдану тәсілдерін зерттейді. Криминологияның қағидаларын негізге ала отырып, криминалистика тергеушінің жеке істерді жүргізгенде қылмыстың болуына ықпал еткен жағдайларды толық тауып, бұл себептер мен жағдайларды жою жөнінде қандай әрекеттер жүргізу керектігін айтады. Криминалистиканың келтірілген ғылымдар мен пәндерден басқа да криминалдық ұғымға кіретін сот-медицинасы, сот-психиатриясы, сот-психологиясы пәндерімен де көп байланысы бар, өйткені қылмысты ашу, оны тергеуге арналған криминалистикалық тәсілдер, тергеу әрекетін жүргізу әдістері жоғарыда айтылып отырған пәндердің қағидаларын пайдаланады. Криминалистика тек заң ғылымдары ғана емес, басқа ғылымдармен де, атап айтқанда: физика, химия, математика, педагогика, психология ғылымдарымен де байланысы бар, себебі криминалистика қылмысты тез арада ашу үшін, өз тәсілдерінің нәтижелігін арттыру үшін, жоғарыда айтылган ғылымдарда қолданылатын тәсілдер мен әдістер, техникалық құралдарды өз қажетіне бейімдеп пайдаланады. Криминалистикада қолданылатын тәсілдер мен әдістер, заттай дәлелдемелерді іздеп табу, оларды бекіту, алу және зерттеуге бағытталады. Сондыктан криминалистикада жиі қолданылатын іздеп табу, бекіту, алу және зерттеу деген ұғымдардың мазмұнын талдап оларға түсінік беру қажет. Заттай дәлелдемелерді іздеп табу дегеніміз - ол тергеу органдарының қылмысты ашуға, керекті дәлелдерді іздеуге байланысты жүргізілетін жұмыс әрекеті. Заттай дәлелдемелерді іздеуге арнаулы әдістер мен тәсілдер жеке криминалистикалық құралдар қолданылады, себебі кейбір іске қажет дәлелдер, атап айтқанда: іздер, өте кішкентай заттарды жай көзбен қарап тауып алуға болмайды (майлы тер шығу арқылы пайда болатын қол іздерінің үлгісі) . Бекіту және алу дегеніміз - криминалистикалық аспектіде іздеп тауып алынған заттай дәлелдемелерді, іздерді сол күйінде сақтап қалу үшін, оларды арнайы криминалистикалық тәсілдермен белгілеу және алу. Тауып алынған заттай дәлелдемелер, іздер іс жүргізу құжатында толық сипатталып жазылады, суретке түсіріледі, арнаулы жабыстыру пасталарын дактопленкаларын гипс қолдану арқылы үлгісі алынады т. б. іс бойынша жиналып заңды түрде бекітілген заттай дәлелдемелер жан-жақты зерттеледі.

Әр ғылымның пәндік сипаттамасы, мазмұны ол ғылымның міндеттерімен тығыз байланысты. Жоғарыда талданған криминалистиканың пәндік сипаттамасы оның арнаулы міндетгерін көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен криминалистиканың мына төменде көрсетілгендей негізгі міндеттері бар:

  1. криминалистиканың ғылым ретінде дамуы;
  2. заттай дәлелдемелерді, іздерді тауып, бекіту, алу және зерттеу үшін керекті жаңа криминалистикалық әдістер мен тәсілдерді одан әрі еңдеп жетілдіру және осы әдістерді пайдалануға лайықты техникалық құралдар жасау;
  1. алдын ала тергеудің ұйымдық, тактикалық негіздерін жетілдіру. Әрбір тергеу әрекетінің тактикалық әдістерін өндеу арқылы оның нәтижелігін арттыру;
  2. жекелеген қылмыстарды тергеу әдістемелерін өндеп жетілдіру үшін жаңа ұсыныстар енгізу;
  3. қылмысты болдыртпау үшін криминалистикалық сақтандыру шараларын құқық қоргау органдарына ұсыну.

§ 2. Криминалистиканың жүйесі

Криминалистика ерекше, дербес ғылым бола тұра, өзі жеке бөлімдерден құралады: криминалистиканың теориялық және әдістемелік негіздері, криминалистикалық техника, тергеу тактикасы, жекеленген қылмыстарды тергеу әдістемесі. Сонымен қатар, криминалистер кейінгі жылдары криминалистика жүйесінде қылмысты ашу мен тергеуді ұйымдастыруға арналған тағы бір бөлімді бөліп көрсетеді. Олардың пікірлері бойынша бұл бөлімнің ұғымына криминалистикалық болжаулар, сондай-ақ, тергеу процесіндегі тергеушінің әртүрлі қызметпен өзара байланысын жоспарлау жөніндегі ілімдер кіруі қажет.

Бірінші бөлімде криминалистиканың пәндік сипаттамасы, оның жүйесі және жеке бөлімдерінің қысқаша мазмұны беріледі. Осы бөлімде криминалистикада пайдаланылатын жалпы ғылымдық және арнаулы әдістер көрсетіле отырып, идентификация мен диагностика ілімдері теориялық жағынан қарастырылады.

Екінші бөлімде заттай дәлелдемелерді және іске керек деректерді іздеп табуға, бекітуге, алуға, зерттеуге керекті тәсілдер мен әдістер, осыған байланысты қолданылатын техникалық құралдар жөнінде айтылады.

Бұл бөлімнің жеке тарауларында криминалистика техникасында қолданылатын тәсілдер мен құралдар көрсетіледі. Атап айтқанда: микроскопиялық зерттеу тәсілі, өлшеу техникасы, спектордың көзге көрінбейтін сәулелерінде (инфрақызыл, ультракүлгін) зерттеу люминесценттік талдау тағы басқа да криминалистикалық зерттеу тәсілдері мен әдістері баяндалады.

Криминалистикалық техниканың күрделі де, негізгі тарауларының бірі - сот фотографиясы. Бұл бөлімде жедел-соттық және сот-зерттеу фотографиясының заттай дәлелдемелерді бекіту, зерттеу үшін пайдаланылатын тәсілдері мен әдістері айтылады. Бөлімнің жеке тарауларында іздерді, мылтық пен оқ дәрілерді және т. б. объектілерді зерттеудің тәсілдері көрсетіледі.

Үшінші бөлімде криминалистикалық тактика тергеу әрекеттерін жүргізгенде қолданылатын тиімді, нәтижелі әдістері, оларды қолдану қағидалары баяндалады.

Тергеу тәжірибесінде әр тергеу әрекетін жүргізуге бейімделген арнайы тактикалық әдістер көрсетіледі. Тактикалық әдіс - ол тергеу әрекеттерін жүргізудің неғұрлым ұтымды және нәтижелі жолдары. Әр тергеу әрекетінің ерекшелігіне байланысты осы тергеу әрекетіне оңтайлы, тиімді, пайдалы тактикалық әдістер ұсынылады.

Әр қылмысты тергеудің өзінше ерекшеліктері бар. Осыған байланысты жеке бір істі тергегенде қолданылатын техникалық және тактикалық тәсілдер мен әдістер тергеліп жатқан қылмыстың ерекшеліктеріне бейімделеді.

Сондықтан техникалық тәсілдер, әр тергеу әрекеттерінің техникалық әдістері осы ерекшелікке байланысты колданылады және осы қылмысты ашуға, іс бойынша дәлелденетін барлық мәселелерді шешуге бағытталады.

Қандай қылмыс болса да оны тез арада ашып, толық тергеу үшін оны крими-налистикалық тұрғыдан талдап, криминалистикалық сипаттама беру керек.

Мұндай талдауда тергеп отырған қылмыс әдеттегідей қандай әдістермен жасалады, қылмыскерлер қылмыстың ізін жасыру үшін қандай әрекеттер қолданып және осыған байланысты айналада қандай іздер калуга тиісті екені көрсетіліп белгіленеді. Криминалистикалық сипаттамада қылмыскердің мінез-құлқы және басқа типологиялық қасиеттері баяндалады, жәбірленушінің қарсылық әрекеттері және осыған байланысты қылмыс жасалған жерде қалатын іздер белгіленіп көрсетіледі.

§ 3. Криминалистиканың әдістері

Криминалистика өзінің алдына қойған міндеттерін ғылыми жолмен зерттеген тәсілдерді қолдану арқылы шешеді. Криминалистикада жалпы ғылыми және жеке тәсілдермен қатар арнайы тәсілдер де қолданылады.

Әр қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы, онда көрсетілген жеке қылмыстарға тән белгілер қылмыстарды тергеуге қажетті әдістемелік ұсыныстар жасауға пайдаланылады. Криминалистика өзінің міндеттерін объективті тұрғыда зерттейді, сондықтан басқа ғылымдардағыдай диалектикалық тәсілді криминалистиканың жалпы тәсілі деп санауға болады. Мұнымен қатар криминалистикалық объектілерді зерттеуде, басқа ғылым салаларында да жиі қолданатын жалпы ғылыми тәсілдер пайдаланылады. Мысалы: бақылау, бейнелеп суреттеу, салыстыру, өлшеу, эксперимент т. о. Бұл көрсетілген жалпы ғылыми тәсілдер криминалистикалық зерттеулерде, тергеу әрекеттерін жүргізгенде де қолданылады. Әр тәсілдің өзіне тән міндеті және ерекшелігі болғанымен олар өзара бірімен-бірі тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырады. Енді айтылған жалпы ғылыми тәсілдердің әрқайсысын сипаттай келіп. олар-дың криминалистикалық зерттеуде қолданылу ерекшеліктеріне тоқталайық. Бұл жоғарыда аталған жалпы ғылыми тәсілдердің колданылу ерекшеліктері тексерілетін объектілердің түріне және зерттеуде қолданылатын техникалық құралдарға байланысты. Бақылау тәсілі дегеніміз - бір нәрсені (не затты) арнайы кадағалап қарап, оны зерттеп, қабылдап түсіну.

Мақсатты және ұйымды түрде жеке заттарды тексере отырып, зерттеуші-криминалист осы заттың ерекшеліктерін, белгілерін қабылдап, олардың өзара байланысын табады. Мұндай бақылау нақты заттың, не болмаса басқа деректер мен мәліметтерді тексеру арқылы қабылданады.

Криминалистикада, көбінесе, бұрын өтіп кеткен қылмыс жайы тексеріледі. Сондықтан тексеруші (тергеуші) қылмыс жайын өзі бақылап қабылдамайды. Ол қылмыстың мән-жайын істегі деректер, қылмыстың болғанын көрген куәлердің жауабы арқылы танысып біледі. Кейде іздерді, деректі заттарды тікелей бақылау әдісі де қолданылады.

Криминалистикада объектілерді бақылау мына төмендегі түрлерге бөлінеді:

  1. заттай дәлелдемелерді, яғни қылмыс жасауға байланысты пайда болған іздер, жеке заттар, құжаттар, олардың үлгілерін, осы заттай дәлелдемелердің белгілерін, қасиеттерін;
  2. жеке адамдарды, олардың түр сипатының белгілерін, мінез-құлқын, темпераментін;
  3. адамдардың іс-әрекеттерін, оның ішінде қылмыскердің қылмыс жасау тәсілдері мен қылмыстың ізін жасыруға байланысты жасаған әрекеттерін;
  4. жеке бір оқиғалар, құбылыстар және солардың себебінен із пайда болу процестерінің ерекшеліктерін бақылау.

Бақылау Криминалистикада жеке затты, не болған оқиға мен құбылысты зерттеп тауып, оларды қабылдап түсіну үшін жүргізіледі. Кейбір объектілерді жай қарап, бақылау арқылы қабылдауға болады және олардың түпнұсқасын сипаттайтын белгілерді бақылап қабылдау үшін қосымша техникалық құралдарды пайдалануға тура келеді. Осыған байланысты бақылау жай және күрделі бақылау деп екі түрге бөлінеді. Жай бақылауға зерттеуші объектіні ешқандай техникалық құралдар пайдаланбай бақылап зерттеп, өзіне тән ерекше белгілерін қабылдайды. Бірақ адамның көзі объектінің бар белгісін, оған тән қасиетін көре алмайды. Оларды көру үшін ерекше бір әдіс, техникалық құралдар керек. Көздің көру шегін кеңейту арқылы, жай көзге ілінбейтін, көрінбейтін заттардың белгісін қарап қабылдау, күрделі бақылау деп аталады.

Криминалистикалық зерттеуде мезгілді, кеңістік өлшемдерді пайдалануға тура келеді. Сондықтан криминалистикалық объектілерді зерттегенде өлшеу тәсілі жиі қолданылады. Атап айтқанда: объектілердің салмағы, көлемі, екі не болмаса бірнеше объектілердің өзара арақашықтығы есептеліп шығарылады және өлшеу тәсілі арқылы кейбір заттардың оларға тән сандық сипаттамасы анықталады. Құбылыстың, не кейбір оқиғалардың кейбір қасиеттерінде өлшеу тәсілімен шешуге болады. Бұл тәсілді қолданғанда әртүрлі өлшеу құралдары пайдаланылады.

Криминалистикалық маңызы бар объектілерді зерттегенде жай өлшеу құралдарын қолдану арқылы өзімізге керекті өлшем қортындысын алуға болады.

Бейнелеу тәсілі криминалистикада деректі затты, не белгілі бір оқиғаны суреттеп жазу үшін пайдаланылады. Бейнелеп отырған объектінің өзіне тән белгілерін, қасиеттерін сипатгау арқылы жалпы объект жөнінде ұғым беріледі. Объектінің белгілерін тауып оны бейнелеу жоғарыда көрсетілген бақылау, өлшеу тәсілдерін қолдану арқылы сипатталып баяндалады. Бейнелеу ауызша, не жазбаша түрде қолданылып жүрген криминалистикалық классификациялық жүйе бойынша суреттеледі. Бейнелеуді бекітіп қабылдау үшін техникалық құралдар, атап айтқанда: диктофон аппараты қолданылады. Криминалистикада бейнелеу арқылы жеке іздер, қол жазбалар, оқ дәрі және адамдардың түр нұсқасы суреттеліп жазылады. Бейнелеудің қай түрі қолданылатындығына қарамастан олар қылмыстық істер жүргізу заңына сәйкес болуы тиіс.

Объектілерге тән қасиеттер мен белгілерді зерттеуде оптикалық аппараттар және басқа да ғылыми-техникалық құралдар - микроскоптар, спектрофото-метрлер, газохроматрограф кең түрде пайдаланылады.

Криминалистикада бейнелеп сипаттаудың екі түрі бар. Бір жағдайда объектілер мен құбылыстар тікелей қарап сипатталса, екінші жағдайда олар басқа деректерден алған мәліметтер арқылы ғана бейнеленіп жазылады.

Объектілер (не құбылыстар) кейде толық бейнеленіп, ал кей жағдайларда үзінді (фрагменттік) түрінде де сипатталып жазылады. Кейде қалыптасқан жағдайға байланысты объектіні (не құбылысты) толық бейнелеп жазуға мүмкіншілік болмай қалады. Мұндай жағдайда тергеуші объектінің тек елеулі белгілерін алдын ала көрсетіп, толық сипаттамасын кейін бейнелеп хаттамаға бекітеді. Әрине уақыт өткен сайын объектілерге (не кұбылыстарға) тән белгілер (қасиеттер) ескіреді, не жойылып кетуі мүмкін. Сондықтан қарауда қабылданған белгілер дер кезінде толық сипатталып жазылуы керек. Қылмысты дәлелдеуге пайдаланылатындықтан хаттамада қаралған объектілер жөніндегі мәліметтер бұрмаланбай, өзгертілмей жазылуы керек.

Криминалистикада ең жиі қолданылатын тәсілдердің бірі, ол салыстыру тәсілі. Салыстыру дегеніміз екі, не болмаса бірнеше объектілердің өзіне тән белгілерін теңеп, салыстырып көру. Салыстыру өте күрделі логикалық талдауды қажет ететін ойлау процесі. Бірнеше объектілерді салыстырганда, алдымен әр объект жеке алынып зерттеледі.

Қасиеттер мен белгілерді іріктегенде аса көңіл аударатын нәрсе - ол салыстыру негізіне алынатын қасиеттер мен белгілер осы объектіге тән және тұрақты, басқа объектілерде жиі кездеспейтін қасиеттер (белгілер) болуы тиіс.

Жоғарыда қолданылып отырған "қасиет" және "белгі" деген сөздердің мағынасына түсінік бере кету қажет. Бұл екі сөз бірімен-бірі тығыз байланысты болғанымен тең мағыналы ұғым емес, Объектідегі белгі зерттеп отырған объектінің ерекшелігіне байланысты: кейбір объектінің қасиетін бірден аңғарып қабылдауға болады да, ал кей объектінің тек белгілерін қабылдап, сол арқылы қасиетін білуге болады.

Криминалистикалық зерттеуде эксперименталдық тәсілдер де қолданылады. Эксперимент дегеніміз - объективтік нақтылы тануға қолданылатын ғылыми тәжірибе. Криминалистикада заттарды зерттегенде, қылмысты тергегенде пайда болған болжаулар әртүрлі тәжірибелер арқылы эксперименталдық әдістермен тексеріледі. Эксперименттің негізгі міндеті - әртүрлі құбылыстардың, заттардың маңызын, мекен-жайын, негізгі қасиетін, табиғаты мен жаратылысын анықтау. Эксперименттік тәжірибелер жүргізгенде жоғарыда көрсетілген бақылау, өлшеу, сипаттау әдістері де қолданылады.

Криминалистикада жүргізіліп жатқан тәжірибенің міндетіне байланысты эксперимент және тергеу эксперименті болып екіге бөлінеді.

Сараптамалық эксперимент сараптама жүргізуге керекті үлгілер алуға, кейбір құбылыстардың өту барысын бақылауға (мысалы іздің пайда болу механизмін тексеруге) және сараптамада пайдаланатын (химиялық, физикалық т. б. ) әртүрлі тәсілдердің тиімділігін, нәтижелігін тексеруде пайдаланылады.

Тергеу эксперименті іс бойынша, басқа тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы табылған деректерде көрсетілген оқиғаның шындығын тексеру үшін, болған оқиғаны қайтадан бұрынғы қалпына келтіріп, оған ұқсас жағдайларда тәжірибелер жүргізу арқылы орындалады.

Тергеу эксперименті мына мәселелерді анықтау үшін жүргізіледі:

а) белгілі бір іс-әрекетті деректерде көрсетілгендей жағдайда істеуге (жасауға) бола ма, жоқ па? Мысалы, қорғандагы тесік арқылы белгілі бір затты алып шығуға бола ма? Белгілі қашықтыктагы жерге бір сағаттың ішінде автоқөлікпен, істе көрсетілген жолмен барып, келуге бола ма т. б.

б) іс бойынша тексеріліп отырған оқиганы белгілі қашықтықта және жарықтықта көріп қабылдауға бола ма? Белгілі дыбысты, я кісінің даусын істе көрсетілген жағдайда естіп, айтылған сөздің мағынасын түсінуге бола ма т. б.

в) іздің пайда болу механизмін зерттеп анықтау. Бұл мәселені жоғарыда көрсетілген сараптамалық эксперимент жүргізгенде анықтайды. Бірақ кейбір жағдай, іздің пайда болу механизмін зерттеп, анықтауға арнаулы білімнің қажеті жоқ болса, тергеушінің өзі эксперимент жүргізу арқылы бұл мәселені анықтап шеше алады.

Экспериментте қолданылатын тәжірибелер тергеу әрекетіне катынасқан адамдардың денсаулығына, өміріне қатер туғызбайтын жағдайда өткізіліп, процесуалдық заңға қайшы келмейтіндей болуы керек.

Криминалистикада жоғарыда көрсетілген жалпы әдістермен қатар арнайы әдістер де қолданылады.

Арнайы криминалистикалық әдістер, көбінесе басқа ғылымдарда пайда болған әдістерді криминалистикалық объектілерді зерттеуге бейімдеу арқылы пайда болған да, кейбір арнайы әдістер криминалистиканың өзінде пайда болып, кейінірек басқа ғылымдар да қолданылатын болған. Сонымен қатар арнайы әдістердің ішінде тек криминалистика ғылымында ғана қолданылатын әдістер бар, олар кейде криминалистикалық оқулықтарда криминалистиканың өзіне меншікті әдістер деп те аталады.

Бұл әдістердің ішінде айрықша орын алатыны - зерттеу тәсілдері, атап айтқанда: криминалистикалық фотографиялық әдістер, трасология мен криминалистикалық баллистиканың, қолжазбатану, автортану, құжаттарды техникалық зерттеулердің, габитологияның, қылмыстық тіркеудің және криминалистикалық тактиканың әдіс-тәсілдері.

Арнайы әдістердің екінші бір тобы басқа ғылымдардан алынып, криминалистикалық объектілерді зерттеуге бейімделген әдістер. Бұл топқа жататын әдістер: микроскопиялық зерттеу тәсілі, спектордың көзге көрінбейтін инфрақызыл, ультракүлгін сәулелерінде зерттеу, рентген сәулесінде зерттеу, спекторлық талдау т. б.

Осы көрсетілген криминалистика зерттеулерінде жиі қолданылатын тәсілдер мен әдістердің мағынасын талдап өтейік.

Криминалистиканың өзіне тән әдістері криминалистикалық - техниканың басқа да бөлімдерінде қолданылады. Атап айтқанда төменде көрсетілген әдістер криминалистиканың өзіне меншікті, дәстүрлі әдістері деп саналады. Саусақтың капиллярлық өрнектерін және белгілерін классификациялау әдісі, жеке іздердің түсу механизміне байланысты классификациялау (статикалық іздер - тұрақты қалыпта түсетін іздер; динамикалық іздер - екі объектінің бір-біріне қарсы қозғалуынан түсетін іздер) ; оқ пен гильзадағы іздер бойынша мылтықты идентификациялау, крлжазбаның белгілерін идентификацмялау т. б.

Арнайы криминалистикалық әдістерге басқа ғылымдарда пайда болған, бірақ оларды заттай дәлелдемелерді, іздерді және басқа да деректерді зерттеуге бейімдеп, модификациялап өзгерткен түрлері жатады.

§ 4. Криминалистикальщ идентификацияньң түсінігі

«Идентификация» термині - латын тілінен шыққан сөз, оны тікелей аударатын болсақ «теңдестіру», яғни «тепе-тендікті анықтау» немесе «тепе-тең ету, сәйкестендіру» деген мағынаны білдіреді.

«Идентификация» термині төмендегідей бірқатар түсінік талдауларын жасауда қолданылады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Криминалистика пәнінен дәрістер
Әкімшілік басқару бойынша дәрістер
Қылмыс. Криминалистика
Информатиканы оқыту әдістемесі пәнінен дәрістер тезистері
«Педагогикалық процесс мұғалім қызметінің объектісі ретінде» пәнінен лекция тезистері
Сот медицинасы пәні және оның мазмұны
Криминалистикалық сипаттамаманың элементтері
Ұлттық педагогика негіздері пәнінен ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
“Тафсир” пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Оқу дағдылары және оқу жұмысы тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz