Ясауи ілімі


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім.

  1. Қ. А. Ясауидің өмірі.
  2. Ясауи ілімінің тарихи маңызы.
  3. Қылует және оның мәні

III. Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Қожа Ахмет Ясауи оғыз-қыпшақ тілдерінде сөйлейтін, түркі халықтарының рухани бастауларының бірі болған ұлы, әрі қасиетті тұлға. Оның жазған еңбектері туыстас халықтар арасында кеңінен мәлім.

Қожа Ахмет Ясауи қазіргі деректерге қарағанда 1103 жылы көне Сайрам қаласында дүниеге келіп, 1166 жылы Йассы қаласында дүние салған.

Қожа Ахмет Ясауидің шыққан тегі қазіргі қазақ ішіндегі қожа әулиеті. Сопылық әдебиеттің ірі өкілі, әйгілі ақын, кемеңгер ойшыл. Қожа Ахмет Ясауи қат-қабат қайшылығы мол күрделі кезеңде дүниеге келген. Қожа Ахмет Ясауидің шыққан тегі мен өмірі әдеби дәстүрі, өскен ортасы туралы мәлімет аз. Бұған себеп соңғы 70 жыл ішінде ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы зерттелмеген.

Қожа Ахмет Ясауидің адамгершілікке, имандылыққа үндейтін асыл жырлары жасырын ұсталып, мүмкіндігінше ұмыттыру көзделді. Бірақ айды алақанмен жабу мүмкін емес. Ұлы ақынның өзі де шығармашылығы да халқына қайта оралды [1] .

Ясауи еңбектерінің біразы түркі тілінде жарық көрген. Олар: «Диуани хикмет», «Пақырнама және мінәжатнама», «Көңілдің айнасы» және өмір баяны ретінде түрлі аңыздар. Қожа Ахмет Ясауидің қайсы бір еңбектерін алмайық тұнып тұрған өсиет сөздер. Олар қара сөзбен, оның шумақтарымен, «хикмет» түрінде жазылған және айтылған. Бұл «Диуани хикмет» бастан аяқ ақыл, өсиет, үлгі-өнеге айтуға құрылған. Бұл еңбектерінде ғұлама-ғалым, түркінің пірі 4 мәселені қарастырған:

  1. Аллаһты тану.
  2. Аллаһты ұлықтау.
  3. Дүниемен әділетсіздікті қаралау, дүние құрбаны болған пенделерді қорғау.
  4. Бұл дүниенің қара дақтарын пенделерге жұқтырмау.

Міне осындай күрделі мәселелерді қарастырып, өз хикметтерінде жырлаған.

1. Қ. А. Ясауидің өмірі.

Қожа Ахмет Ясауи қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын. Ханизидің «Жеваһирул-Әбрар-мин Әмважил-Биһар» атты кітабында Ахмет Ясауидің туған жері толық таратылып былайша жинақталды: Ахмет Ясауи Түркістан өлкесіндегі Ақсу уезіне қарайтын және Ақсудан 176 шақырым қашықтықтағы солтүстік шығысында орналасқан Сайрам қаласында туған. Ахмет Ясауидің қай жылы туылғаны анық белгілі болмаса да, өмір сүрген уақыты шамамен X ғасырдың (Хижра жыл санауы бойынша) орта тұсына сәйкес келеді деп жорамалдай аламыз. Ахметтің әкесі Шайық Ибраһим Сайрамның ең атақты ғұламаларының бірі болған, ол ұстазы Мұса шайықтың қызы Айшаға (енді бір деректерде Қарашаш делінеді) үйленген және одан Гауһар Шаһназ есімді қыз бен одан он жастай кіші Ахмет дүниеге келген. Өз аты - Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Иасауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ, нақтылық үшін айтсақ, Иасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын-туыстарының қолына келіп, бала кезінен өскен жері. Араб, парсы авторларының жазбаларына қарағанда, Ахметтің әкесі өз заманының сауатты, көзі ашық адамы болған. Тіптенбалауса, бүлдіршін Ахметке араб, парсы тілдерін Таяу Шығыстағы Исфаһан, Бағдад шаһарларынан ұстаздар жалдап үйретеді.

Ата-анасы баласын Бұхарадағы медресеге оқуға жіберген. Жастайынан әкесінен айырылған Ясауи Бұхарада Жүсіп Хамаданидің мүриді болады. Осымен оның білім алуы тамамдалып, сопылықтың «ақиқатты тану жолына»үйрету хұқығына рұқсат - «иршад» алып Ясы қаласына келеді. Ақынның туған жылы дәл айқын емес, ал 1166 жылы қайтыс болған. Зерек баланы атақты сопы Арыстан Баб өзіне шәкірттікке алады.

Жеті жаста Арыстан Бабқа қылдым сәлем . . .

Осы халде мың зікірін қылдым тәмем . . .

Құрма беріп, басымды сипап назар қылды . . .

Мектеп барып, қайнап толып, тасыдым, міне, -деп жазады бұл туралы кейін Ахмет Йасауи.

Арыстан Баб дүниеден өткен соң, ол Бұхара қаласына барып, Жүсіп Хамаданидің діни медресесінде оқиды. Мұны тамамдаған соң, біраз жыл сонда (Хамадани қайтыс болған соң) қалып, медресені басқарады. Бұдан соң ол сопылық жолдың ащы-тұщысын да татып, хақ дидарына ғашық болған ғаріптерімен көптеген қалаларды аралайды [1, 12] .

Тағы бір деректе жас Ахметтің зеректігі мен алғырлығына қызыққан бір ғалым Иранға алып келіп оқытқан деген де сөз бар. Шығыстың дін орталықтары мен ірі-ірі қалаларын, тұрмысы мен кәсіп тіршілігін көзбен көрген жас жігіт өзінің білімі мен түсінік танымын кеңейтеді, өмірге деген өз көзқарастарын қалыптастырады.

Ахмет он алты жасында-ақ болашақ ақын шығыс поэзиясын, әдебиетін, фәлсафасын жетік меңгереді. Он жеті жасқа толған соң, ақын туған жері Түркістанға оралады. Он жеті жасынан бастап өзі өлең жаза бастайды. Өз жырларын Шығыс авторларынан бірінші болып, сол кездегі шайырлар секілді араб, парсы тілдерінде емес, өзінің ана тілі - түркі тілінде жазған. Ахмет ел ішінде әділдігімен де аты шыққан адам [3, 74] .

Қожа Ахмет Иасауидің екі ұлы, екі қызы болыпты. Бір ұлы Ташкент қаласында жерленген. Ал екінші ұлын аңыздарға қарағанда, Сүйір деген егін еккен ел қастықпен өлтірген делінеді. Бір қызының аты - Жамал, екіншісі - Гауһар. Гауһардың күйеуі - Әли қожа. Осылардан тараған Иасауи әулеті екі жүзге жетсе керек. Академик В. А. Гордиевскийдің жазуына қарағанда, Қожа Ахмет Иасауидің ұрпақтары Заравшан өңірінің Жабу, Тоғайкөл, Тоқшы деген қыстақтарында тұрып, өздерін «қожамыз» деп санайтын әулеттен ғана қыз алысып, ыз беріскен көрінеді

2. Қ. А. Ясауи ілімінің тарихи маңызы .

Бүгінде Ясауи ілімінің мәнін, маңызын, ерекшелігін айқындау тарихымыздың өткені мен бүгіні арасындағы рухани арналар сабақтастығын қалпына келтіруге ықпал етеді.

Біріншіден, Ясауи дүниетанымы ішкі еркіндікке жетелейтін ар түзейтін ілім. Ал бүгінгі ашық және демократиялық қоғам құру жолындағы Қазақстан өз тәуелсіздігі мен еркіндігін баянды ету

үшін ең алдымен еркін ойлайтын адамдарға мұқтаж.

Екіншіден, Ясауи ілімінің қалыптасу кезеңі мен өмір сүрген уақыты түркі халықтары үшін тарихи өтпелі кезең болуымен құнды. Сондай өтпелі кезеңде көрсеткен жолы мен әдісі тұрғысынан Ясауи мұрасын зерттеу бүгінгі жаңа сипаттағы құныдылқатр қоғамын құрып жатқан Қазақстанның (мұрасын зерттеу) болашаққа нық қадам басуы үшін мәдени тарихи, дүниетанымдық және рухани әлеуметтік тұғырларын анықтауда да маңызды болып отыр.

Үшіншіден, Ясауи ілімі - қоғамдық-әлеуметтік ынтымақпен бірлікке ұйытқы болатын даналықтың кені, яғни оның ілімі адамдар арасындағы өзара тең сұхбаттың, бауырластықтың, махаббаттың, діни-рухани ұстанымдарын қамтитын біртұтас тұжырымдамалар жүйесі болып табылады.

Төртіншіден, Ясауи ілімі - қоғамдық - практикалық маңызы тұрғысынан бүгінгі ғылым мен технология, ақпарат дәуірінде отырып, «өзінің ішкі әлемінен хабарсыз қалған, ар мен имандылықты ойлауға қабілетсіз, жаппай нәпсіқұмарлық жайлаған қоғамның әлеуметтік індетінің емі екендігі даусыз» Көне түркілерде мек тәңірлік дінге сенгендігіне және осы діннің бізге жетпеген қәсиетті кітабының да болғандығына байланысты айтылып жүрген шындықтың әлі де зерттеулер мен іздеулер өріс алғанда ашыла түсетіндігі мәлім.

11 ғасырда түріктердің арасында мұсылмандармен қатар басқа несторияндық, иудаизм, манихизм т. б. діндер де бар еді.

Ахмет Ясауидің мектебінен тәлім-тәрбие алғандардың бірінші міндеті әлі ислам дінін қабылдаған түркі халықтармен көрші халықтарға мұсылман дінін жаю.

Ясауи ілімінің ауқымды бөлігі шәкірттері арқылы тараған.

13 ғасырдың басынан бастап Шыңғыс ханның басқаруымен құрылған мемлекеттерде Ясауи шәкірттері үлкен істер атқарған. Жошының Берке Алтын Орданың ханы болып тұрған кезде оны Ясауидің шәкірті Сары Салтұқ мұсылман қылады. Бүгінгі Өзбек халқына өз атын берген Жошының немересі Өзбек халқына өз атын берген Жошының немересі Өзбек ханға ислам дінін үиреткен Баба түкті Иасауидің шәкірті болып табылады. Сондықтан түркі халықтарының мұсылмандығында сопылық дүниетанымның салмағы басым. Біз бүгін түрік халықтары арасында ортақ діни түсініктің қалыптасуында Орта Азиядағы түрік тайпалары арасында Х ғасырдың ІІ жартысынан бастап ислам діні кеңінен тарала бастады. Ал ХІІ ғасырда Ахмет Ясауидің иршадымен ислам дінінің таралу жергілікті ерекшелікті қамти жаңа арнаға түсті. Түрік масаввуфы тарихында

түрік сопылығының негізін салушы Ахмет Ясауи исламнан бұрынғы буддизм, шаманизм, манихизм мәдениетін білетін түрік тайпаларына ислам дінін сопылық жол арқылы қабылдауға болатынын көрсетті. Сол арқылы түрік тайпалары арасында мұсылман түрік мәдениетінің негізін қалады. Ол түрік халқына ақылды, білімді және логиканы қолдана отырып туралыққа, әділетке барудың жолын көрсетті.

Ахмет Ясауи мен Ясауи мәдениеті қаншама ғасырлар өткеніне қарамастан заман өткен сайын дами түсті. Ясауи діннің даму өрісін кеңейтті, тіпті діннің фольклорын қалыптастырды.

Сондай-ақ Ахмет Ясауидің отаны әрі сүйегі жатқан ұлы Түркістан қаласында 1991 ж Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасында Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ашылуы, оның түрік дүниесіндегі қаншалықты орны бар екенін көрсетеді.

Түрік дүниесінде тіпті басқа халықтардағы масаввуф иелерінің көңіліне ұялаған Ахмет Ясауи 70 жылдық кеңестік комунист жүйесінің езгісіне қарамастан халықтық санасынан өшпеді. Оның есімі еркіндікке қол жеткізген қазақ, өзбек, қырғыз, түркімен және анадолы түріктерімен бүкіл түрік дүниесінің мұсылмандығында қайта жаңғыруда.

Оның шүкір, сабыр әмірлерді тыңдау сыр сақтау риязет жалғандықтан ұзақ болу, үлкендерге қызмет көрсету, әділет туралықты қалау, менмендіктен аулақ болу адамға кешірімді болу, жүктелген міндетті орындау, мұқтаждарға жәрдемдесу сияқты адамдық құндылықтарды ғасырлар бойы түрік ұлты ұстады.

3. Қылует және оның мәні

Қылует жер асты мешіті және Ясауи ілімі аясында Қылует, шілханалардағы тақуалықты арттыру үшін атқарылған ғұрыптар өзара байланыстырыла сипаталады. Түркістан қаласындағы «Қылует» жер асты мешіті ерекше рухани тәрбиелік мәнге ие, терең тарихы бар ортағасырлық сәулет ескерткіштерінің бірі. Кезінде он сегіз бөлмеден тұрған бұл жартылай жер асты құрылысы жан-жақты діни, рухани, мәдени қызмет атқарған кешен болуымен назар аудартады. Құрылыста адам өмір сүруіне, құлшылық-ғибадатын атқаруға қолайлы жағдай жан-жақты қарастырылған. Мұнда жер астындағы Қожа Ахмет Ясауи салдырған бір адамдық «Ғар» бөлмесіне қоса «Мешіт» бөлмесі, «Жамағатхана» залы, шәкірттерге арналған «Құжыра» бөлмелері, ыстық су дайындайтын, жуынатын, дәрет алатын бөлмелер де ескерілген. Деректерде «Қылует» мешітінің қонақ үйлері мен жылқы байлайтын ат қоралары да болғандығы жазылады. «Қылует» сөзі арабша «Халуәтун» - жалғыз, оңашаланып өмір сүруге ұмтылу деген мағына береді. «Қалыпты (жүректі) бұрыс, сенімдерден, жаман әдеттерден арылтуды, құтқаруды - “Қылует” дейді. Атақты суфи Қушайри муридтің бүкіл болмысын Аллаға арнап, Алладан басқа барлық нәрседен қол үзуін яғни, рухани жалғыздықты, қоғамнан жырақ жеке дара өмір сүру, тәнімен “халық арасында, рухымен хақпен бірге болуды да Қылует дейді” деп түсінік береді зерттеуші Досай Кенжетай. Қылуеттің рухани кемелдену жолы ретінде тариқат әдебінде маңызды орын алғанын баяндай келіп: «Ясауи тариқатында (жолында) “Қылуеттің” өзіндік маңызы мен өзіне тән әдебі (қағида ережелері) бар. Қылует кезінде нәпсіге, шайтанға тиесілі ләззаттар, қалаулар, ниеттер жанып жоқ болады. Адамзатқа тән қараңғылық және басқа да қайғы-мұң жойылады, ішкі рухани дүниесі нұрланып тазарады, және тағы да осы сияқты көп нәрселерге қол жеткізеді» дейді түрік зерттеушісі М. Ф. Көпрүлү. Ясауи тариқатындағы Қылует рәсімі жайлы “Жауахайрул әбрәр” атты дерек көзіне сүйене отырып, былай жазады: “Қылуетті қалаған адам халықтың аманшылығынан қорғану үшін емес, өз жаманшылығынан қорғану үшін бұл әрекетті таңдап алдым деп ойлауы керек. Өйткені керісінше болған жағдайда өркөкіректік пен тәкәппарлыққа жол береді”. Қылуеттің ұстаздың ұйғарымымен және оның бақылауында өтетін Ясауи тариқатының әдебіндегі ерекше әдістердің бірі екенін баяндалады. Қылует қырық күнге созылатын, күні-түні ұйқы мен тамақтан шектеліп, тәкбір, алқа зікір, “истифғар” (кешірім дұғасы) оқылып, Құдайға құлшылықпен өтетін ғибадат мерзімі ретінде сипатталады. «Әзірет Сұлтан қабіріне үнемі зиярат етсе де, жылда бір реет зұлхиджа айының алдында үлкен рәсімді түрде сопылар қылуетханаға кіреді. Соңғы жылдарға дейін бес-алты мың адам тек қана осы мақсатпен жиналатын» деп жазылған 1914 жылғы «Шура меджмуасындағы» мақалада. Ахмет Ясауидің жақын туысы Мәулана Сайфуддин Орын Қойлақы қолынан туған «Насабнама» шежіресінде Ахметтің әкесі Ибраһим шайықтың отызға жуық «Қылует» мешіттеріне билік жүргізгені айтылады. Ясауидің ата- бабаларының ең сенімді шежіресі саналатын бұл еңбекте Ахметтің өзіне де елуден аса «Қылуеттің» бағынышты болғандығын, олардың жұмысына басшылық жасауға Ясауи өз мүридтерін жіберіп отырғандығын келтірген. Бұл мысал «Қылует» мешіттерінің Ясауиден бұрын пайда болып, оның тұсында нағыз шарықтау кезеңіне аяқ басқандығын көрсетеді. Қаламызда «Қылует» мешіттерінің міндеттерін атқарған «кіші Қылует» «Әулие Құмшық Ата», «Шілдехана» құрылыстарының қалдығы осы күнге дейін сақталған. Бұлардың соңғы екеуі қазіргі күні қалпына келтірілген, ал «Кіші Қылует» «Үлкен Қылует» сияқты 1942 жылы бұзылып, кірпіштері Май заводын («Ан- тибиотик») салуға жұмсалған, ол Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің батыс жағында 50-60 метрдей жерде орналасқан болатын. Қылует (Үлкен Қылует) мешіті Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстікке қарай 150 м қашықтықта орналасқан. 1940 жылы Май заводын салуға кірпіштерін бұзып алмас бұрын, скульптор А. Л. Шмидтің жанашырлығымен Қылует мешітінің макетінің жобасы жасап қалдырылды. Соның негізінде және археологиялық зерттеу жұмыстары нәтижесінде Қылуеттің (Үлкен Қылуеттің) ХV-ХVІ ғасырларда салынған бөлігінің орыны анықталып, қайта қалпына келтіріліп, мұражайға айналдырылды. Қылует өз заманында қабырғалары топырақпен сыланған, оңтүстік фасадында негізгі есігі және батысында шаруашылық есігі бар жартылай жер асты ғимараты болған. Зерттеулер нәтижесінде бірнеше кезеңдерде салынғаны анықталған құрылыстың, ең көнесі Ғар бөлмесі (ХІІ ғ. ) . Ғар баспалдақ арқылы Мешіт бөлмесіне шығады. Мешіт бөлмесі (өлшемдері - 5х5 м) шаршы бөлме, қабырғалары кірпіш. Жабындысы «уассы» түрінде белағаштар арқылы жабылған. Батыс қабырғасында михрабы бар. Еденіне шаршы кірпіштер төселген. Мешіт бөлмесіне шығыстан батысқа бағытталып, созылыңқы, төртбұрышты қылып салынған үлкен Жамағатхана бөлмесі арқылы кіреді. Кірпіштен салынған Жамағатхананың төбесі ағаш белағаштардан құрастырылып жабылған, бірнеше қатар ағаш діңгек ұстындармен тірелген, желдеткіш тесіктері, бөлменің орта тұсында ағаш күмбезі бар. Ғимараттың ұстындары аса құнды сәндік және символдық мән-мағынаға толы өрнектермен безендірілген еді. Бірақ, олар бүгінде Ташкент қаласының өнер мұражайында көрмеге қойылған, қалпына келтірілген ғимаратта сақталмаған. Қабырғаларды бойлай кірпіш суфалар және шырағдандарға арналған ойықтар бар. Қылует мешітінің негізгі құрылымы жер астындағы «Ғар» және оның үстіне салынған «Мешіт» немесе «Шілдехана» бөлмелерінен тұратындығын, «Шілдеханасы» жартылай жер астына орналасатындығын «Әулие Құмшық Ата», «Кіші Қылует» мешіттерінің құрылысынан да байқаймыз. Шілдеханалар» мен мешіттер салуда «қасиетті» саналатын жерлер таңдап алынған. Ел аузындағы аңызда - Қожа Ахмет Ясауидің өзі де жер асты жолы арқылы «Әулие Құмшық Ата» мешітіне барып мінәжат етіп отырған. Әзірет Сұлтан дүниеден өткен соң шәкірттері Ғардың жанына дөңгелек бөлме «Шілдехана» салған сияқты, кейіннен ол тарлық ете бастаған кезде бұзылып, қазіргі көріністегі «Қылует» салынған. Бұған дәлел - «Шілдехананың» жанына салынған «Мешіт» бөлмесінің «Ғармен» қабырғаларының сәйкес келмеуі. Жаңа құрылыс салу кезінде «Мешіттің» оңтүстік-шығыс қабырғасы «Ғардың» үстінен түсіп кеткен және «Ғарға» түсетін ойық мешіттің сыртында - бұзылып кеткен «Шілдехананың» ішінде қалып қойған. «Шілдехананың» орнына үлкен «Жамағатхана» салынған. «Шілдехана» парсының «чеһл» - қырық деген сөзінен шыққан, мұнда Ясауидің жолын ұстаушылар қысқы «қырық күн шілдеде» жиылып зікір салып, діни жоралғылар өткізетін болған. Орын Қойлақының «Насаб-намасында» мұндай мешіттер Отырарда және Сырдың батыс бетіндегі Зернұқ (Уәсидыс) қаласында да болғандығы айтылған. Ахмет Ясауи кесенесінің солтүстік-батыс бетіндегі 22 м қашықтықтағы «Шілдехана» құрылысы да ХІІ-ХІІІ ғасырларда салынған жартылай жерасты ғимараты, кейіннен қалпына келтірілген. «Құмшық ата» қылуеті (ХІІ ғ. ) Қожа Ахмет кесенесінен оңтүстікке қарай 1 шақырымдай қашықтықта орналасқан жерасты құрылысы. «Құмшық ата» қылуеті екі бөлмеден тұратын күйдірілген кірпіштен салынған құрылыс. Түпкі бөлмесі қабырғалары - 2 м, биіктігі - 1, 6 м, күмбезді әдіспен жабылған шаршы бөлме. Онымен жалғасқан диаметрі - 2, 5 м, биіктігі - 2 м, күмбезді бөлмеге 10 метрден артық ұзын дәліз арқылы кіреді. Бөлмелердің қабырғаларында шырағдандарға арналған ойықтар, иретілген ұзын дәліздің орта тұсында жарық түсетін ойық бар. «Ғар» сияқты жеке адамның өмір сүруіне арналған бөлмелер Самарқандағы шах-и Зинда құрылысында, Ташкенттегі Зайнутдин-баба мавзолейінде және Құсам ибн-Аббас дүбелерінде кездеседі. Қожа Ахмет Ясауи өмір сүрген «Ғар» бөлмесінің қабырғаларының ұзындығы 135 х 135 см., биіктігі 175 см., «балх» әдісімен қаланған төрт қырлы күмбезбен жабылған. Құрылыс 25 х 25 см. кірпіштерден бір жарым қатар қалыңдықпен қаланған, қабырғаларында шырағдан қоюға арналған “Әулие Құмшық Ата” жер асты мешіті құрылысының сызбасы (XII ғасыр) шұңғыл ойықтар бар. Археологиялық қазба негізінде «Ғар» бөлмесінің Ахмет Ясауи өмір сүрген ХІІ ғасырда салынғандығы анықталып, қазба материалдарымен дәлелденді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ясауи ілімінің тарихи рөлі
Ясауи іліміндегі адам мәселесі
Қожа Ахмет Ясауи өмірі
Ясауи ілімінің негіздері
Кітаби ақындар шығармашылығындағы сопылық ілімнің жырлануы. Автораферат
Қ.А.Ясауидің өмірі. Ясауи ілімінің тарихи маңызы
Қожа Ахмет Яасауи
Қожа Ахмет Ясауи ілімі
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ДИУАНИ ХИКМЕТТІҢ ОРНЫ
Қожа Ахмет Яссауи өмірбаяны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz