Қазақ сахарасындағы әдет-ғұрып құқығы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Қазақтың әдет заңындағы қылмыстық істер, оны жазалау ... ... ... ... ... .4
2. Жаза түрлері ... ... ... ... ..7
3. Жеке адамға қарсы қылмыс ... ... ... ... 11

Қорытынды ... ... ... ... ... .14

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... .15
Әдет заңдары көшпелі халықта қоғамдық дамудың ұзақ процесінде
біртіндеп қалыптасты, ұрпақтан ұрпаққа жалғасты, заманаға сай жетілді.
Көшпелілер қоғамы бытыраңқы болғандықтан ру мүддесін қорғау
қажеттілігінен әрекет нормалары өмірге келді. Сол әрекет нормалары жетіле
келе көшпелілер тіршілік еткен халықтың дамуы және сабақтасуы барысында
қоғамдық қатынастарды ретке салатын әдет заңдарына айналады. Өмір
қажеттілігі әдет заңдарының мазмұнын молайтты, рөлін күшейтті,
толықтырды және жетілдірді. Өзіне тән ерекшелігі бар дала заңдары ақыры
тарих беттерінен айқын көрініс тапты.
Азияны қоныстанған көшпелілер арасындағы ғұн, үйсін, қаңлы және
түркі сынды жетекші ұлыстар өздерінің әр кездегі, әр деңгейдегі әдет
заңдарын біртіндеп өмірге әкелді. Қалыптасқан әдет-ғұрып заңдары сол
ұлыстың орнығуы, нығаюы, қуат алуы, мәдени дамуына түрткі болды. Енді
көшпелілер қоғамды заң арқылы басқарудың құнды тәжірибесіне ие болды.
Бұл заңдардың өмірге келу тарихы ұзақ, жалғасу процесі күрделі, таралу
аймағы кең, әр тарихи кезеңдерде, әр этнос тілдерінде әр халық
жазбаларында, әр ел мұрағаттарында сақталған.
Әдет-ғұрып заңдары Азияны мекендеген ғұн, үйсіндерде б.з.д. ІІІ
ғасырларда, ал қаңлы, түркілерде У-УІ ғасырлардан бастап пайда
болғандығы туралы деректері бар. Онда мұрагерлік, меншік, қылмыстық
мазмұндар қамтылған. Ол жетіле келе, мемлекетті басқару ісінде қажетке
айналған.
1. Ахметова Н.С. Обычное право казахов в ХУІІІ – первой половине
ХІХ века. Караганда, 1999
2. Ақышев А.К., Асылбеков М.Х. Қазақстан тарихы (очерктер).
Алматы. Дәуір баспасы, 1994
3. Ақбаев Н. Ата салтыңды аяла. Алматы//Ана тілі, 1998
4. Алексеев С.С. Теория права. Москва, 1994
5. Аль-Халел Карпык. Белая кость прошлого (наши современники)
Дәуір. Алматы, 1994
6. Арғынбаев Х. Қазақ отбасы. Алматы. Қайнар, 1996
7. Арғынбаев Х. Қазақ халқындағы отбасы және неке. Алматы, 1973
8. Асфендияров С. Қазақстан тарихы. Алматы, 1993
9. Ардақ Нұрғали. Отбасы және туыстық дәстүр//Ақиқат, 1998, № 10

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Қазақтың әдет заңындағы қылмыстық істер, оны
жазалау ... ... ... ... ... .4
2. Жаза
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
3. Жеке адамға қарсы
қылмыс ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ..11

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..15

Кіріспе
Әдет заңдары көшпелі халықта қоғамдық дамудың ұзақ процесінде
біртіндеп қалыптасты, ұрпақтан ұрпаққа жалғасты, заманаға сай жетілді.
Көшпелілер қоғамы бытыраңқы болғандықтан ру мүддесін қорғау
қажеттілігінен әрекет нормалары өмірге келді. Сол әрекет нормалары жетіле
келе көшпелілер тіршілік еткен халықтың дамуы және сабақтасуы барысында
қоғамдық қатынастарды ретке салатын әдет заңдарына айналады. Өмір
қажеттілігі әдет заңдарының мазмұнын молайтты, рөлін күшейтті,
толықтырды және жетілдірді. Өзіне тән ерекшелігі бар дала заңдары ақыры
тарих беттерінен айқын көрініс тапты.
Азияны қоныстанған көшпелілер арасындағы ғұн, үйсін, қаңлы және
түркі сынды жетекші ұлыстар өздерінің әр кездегі, әр деңгейдегі әдет
заңдарын біртіндеп өмірге әкелді. Қалыптасқан әдет-ғұрып заңдары сол
ұлыстың орнығуы, нығаюы, қуат алуы, мәдени дамуына түрткі болды. Енді
көшпелілер қоғамды заң арқылы басқарудың құнды тәжірибесіне ие болды.
Бұл заңдардың өмірге келу тарихы ұзақ, жалғасу процесі күрделі, таралу
аймағы кең, әр тарихи кезеңдерде, әр этнос тілдерінде әр халық
жазбаларында, әр ел мұрағаттарында сақталған.
Әдет-ғұрып заңдары Азияны мекендеген ғұн, үйсіндерде б.з.д. ІІІ
ғасырларда, ал қаңлы, түркілерде У-УІ ғасырлардан бастап пайда
болғандығы туралы деректері бар. Онда мұрагерлік, меншік, қылмыстық
мазмұндар қамтылған. Ол жетіле келе, мемлекетті басқару ісінде қажетке
айналған.
Міне осы көшпенділердің әдет-ғұрып заңдары негізінде қазақ дәстүрлік
заңдары қалыптасты. Ол ғасырлар бойы қалыптасқан, жетілдірілген ауызша
жинақ болды. Бұл заңдар қазақ қоғамының экономикалық, мәдени көшпелі
тірлігіне сәйкес келді. Сондай-ақ патриархалды-феодалдық қатынастарды
қорғау үшін қазақтың әдет-ғұрып құқығы хан, сұлтан, би және басқа ру
өкілдерімен бекітілді және қадағаланып отырды.
Ғалымдар арасында әдет терминінің шығуы туралы біртекті
пікірлер жоқ. Әдет - әдет-ғұрып деген араб сөзінен шыққан, мағынасы
дағды, әдет. Әрине қандай бір іс болмасын, әуелі дағдыға, әдетке айналып,
кейін бара-бара көпшілік қолданатын заңға айналып, оны бұзу ерсі қылық,
қылмыс саналған. Әр халықтың өзіне жарасатын әдет-ғұрып, салт-санасы
мен дәстүрлері бар. Ол өздеріне қымбат. Осы зиялы адамзаттың бір бұтағы –
түрлі қауымының да өткен өмірі сан-алуан, талай замананы алып жатыр.
Соған орай өздеріне тән әдет-ғұрып, салт-сана, қағида-ережелері де
баршылық. Мұның бәрін болса да ислам жоқ етіп, тамырына балта шаппаған.
Қайта олардың прогрессивті жақтарын өз ішіне қамтып, әдемілеп,
қиюластырған. Соның нәтижесінде ислам заң – нормалары сомданып,
айшықтана түсіп кез-келген формацияға кереғар болмай, қабыса алады.
Ол әдеби шығармаларды дәстүрлі-құқықтық нормалар жиынтығын
білдіру үшін қолданылады. Үлкен Советтік Энциклопедияда: Әдет – ислам
діні тараған елдер арасындағы халықтық дәстүрлі құқығы,- делінген.[1]
1. Қазақтың әдет заңындағы қылмыстық істер, оны жазалау.
Қылмыс пен жаза түсінігін зерттей келе қылмысты – үстемдік етуші
топпен құқықтық реттелген, бекітілген және қоғамдық қатынастарға қарсы
бағытталған қоғамға қауіпті әрекет ретінде қарастырылды. Қылмыс түсінігі
қоғамдық-экономикалық формациялардың әрқайсысын да біркелкі болмады.
Ол қоғам өзгеруіне сәйкес өзгеріп отырды.
Қазақтың әдет құқығындағы қылмыс түсінігі әртүрлі халықтардың
ежелгі ескерткіштеріндегі қылмыс түсінігімен ұқсас жақтары болды.
Мысалы: Русская правда, Салическая правда т.б. Тәуке ханның
ережесінде де, басқа да қазақ әдет құқығының ескерткіштерінде қылмыс
түсінігіне әлеуметтік анықтама берілген ХІХ ғасырға дейін қылмыстық
құқық деген ұғымның орнына зерттеуші заңгер Т.М.Культеевтің айтуы
бойынша жаман қылық немесе жаман іс деген ұғым қолданылады.
Қылық сөзінен қылмыс сөзі шыққан. Сонымен бірге қазақтың
құқығында қылмыс айыпты әрекет ретінде де қарастырылған.
Қазақтың дәстүрлі құқық нормаларымен қылмыс жәбірленушіге
моральдық және материалдық зиян, шығын әкелетіндігі танылған.
Сондықтан да көшпелілердің пікірі бойынша қылмыс жасалғанда, оған
жауап беруге тиіс:
1) Келтірілген материалдық шығын толығымен және сол аттармен
толтырылуы тиіс;
2) Қылмыскер өзінің кінәлі екенін түсініп, өкініп, тиісті сазайын
тартуы керек;
3) Аруақтар әлемін тыныштандыру үшін шаралар қолданылатын.
Қылмыс материалдық немесе моральдық шығын әкелді деп танылса,
үстемдік етуші таптың көзқарасы бойынша қауіпті деп анықталса,
мемлекеттік билік органдары кінәліні осы әрекеті үшін жауапкершілікке
тартты.
Қазақ дәстүрлі құқығында қылмыс түсінігі азаматтық құқық
бұзушылық түсінігінен ерекшеленбеді. Жәбірленуші-талапкер, ал қылмыскер
жауапкер деп аталды. Қылмыстық әрекет, сондай-ақ азаматтық құқық
бұзушылықтың нәтижесі зиян (шығын) деп аталды.
Ұлы Қазан төңкерісіне дейін патриархалды-феодалдық қатынас
үстемдік етіп, қылмыстық әрекет пен азаматтық құқық бұзушылық
түсінігінің аражігі ашылмады.[2]
Үстемдік етуші тап қылмыс (қоғамға қауіпті әрекет) пен азаматтық
құқық бұзушылықты (қоғамға қауіпті емес әрекет) ажырата білді, бірақ бұл
оларға барлық кезде тиімді болмағандықтан, олар өздерінің құқықтық
нормаларында мұны көрсетпеді. Сапалық жағынан ерекшеленетін бұл
түсініктердің құқықтық нормалары бір әрекетке әртүрлі қарауға, сонымен
бірге кінәлі мен жәбірленушінің мүліктік-құқықтық түсінігінің
жетілмегендігінен қылмыстық және азаматтық құқық бұзушылық
түсініктерін ажырата алмады.
Революцияға дейінгі кей авторлардың қазақ дәстүрлі құқығында
қылмыстық әрекет пен қылмыстық емес әрекетті тіпті ажырата алмады деген
пікірін дұрыс деп есептеуге болмайды. Мысалы: Н.И.Гродеков Взгляд занга
не преступление чрезвычайно прост: нет уголовных дел, разбирательство
которых возбуждалось бы и продолжалось когда нет истца и когда истец,
взял назад свой иск. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында жүргізілген Кіші
жүз қазақтарының дәстүрлі құқық жазбасы Д'Андреде көрсетілген: Всякое
преступление, совершенное ордынцем (исключая преступление против
веры), может оставаться без наказания, если обиженное или пострадавшее от
того преступления лицо неизъявит на то претензии и не будет требовать
удовлетворений.
Жәбірленушіге немесе оның туыстарына материалдық немесе
моралдық зиян келтірілсе, дәстүрлі құқықта қылмыс деп танылса, ол жеке
тұлғаның еркінен тыс болды. Керісінше ол қоғам мүддесінен шықты. Барлық
кезде іс жәбірленуші мен оның туыстарының талабы бойынша басталып
және аяқталып отырмады.
Ерекше айта кететін жағдай, ортағасырлық батыс европалық және орыс
құқығында жануарлар адамды өлтірген үшін жауапқа тартылып, кісінің
өліміне себепкер болған жаны жоқ заттарға да айып тағылатын. Қазақтың
құқығында мұндай жауапкершілік болмаса да, жануарлардың иелері,
олардың келтірген зияны үшін, егер де жануар иесінің кінәсі анықталса,
жауапқа тартылады. Мысалы, егер бура біреуге зақым келтірсе немесе
өлтіріп қойса, онда бураның иесі оның асау екенін білмеген болып шықса,
онда құн төлемейді, ал егер де иесі жануарының мінез-құлқын білсе және
білуге тиіс болып, байлауда ұстамаса, зақым келтіргені немесе өлтіргені
үшін
құн төлейді. Егер киіз үйге байлаулы тұрған ат кісіні өлтірсе, онда оның
иесі
жалпы қабылданған сақтық ережелерінің орындалған-орындалмағанына
қарай жауапға тартылады; егер ол атын есік алдына байлаған болса, құнның
жартысын төлейді; ал егер киіз үйдің арт жағында байлап қойған болып
шықса, онда еш нәрсе де төлемейді.
С.Л.Фукстың пікірінше, Тәуке заңы шыққанға дейінгі заманда
қазақтың құқығында жануар иесінің жануардың келтірген зияны үшін,
иесінің бұған кінәлі, не кінәлі еместігіне қарамастан, жауапқа тартылуы
міндетті болған.
Есі дұрыс, он бес жасқа толған адам ғана қылмыс субъектісі бола
алатын. Ал есуас, мылқау, құлдар қылмыс субъектісі бола алмайтын.
Қазақ дәстүрлі құқығында қылмыс деп үстем таптың экономикалық
және саяси қызығушылығына материалдық және моралдық зиян тигізген
және олармен бекітілген құқықтық тәртіпті әрекеттер айтылды. Қылмыс
болып үстемдік етуші таптың көзқарасы бойынша қоғамға қауіпті әрекет
танылды. Тәуке хан ережесінде қастандық пен абайсызда істелген
қылмыстарды айырып көрсетпеген, бірақ бұл айырмашылықтарды білген
деген пікір бар. Тәуке ережелерінде ұрлық, тонау, зорлау, кінәлау, жала
жабу
т.б. әрекеттер үшін, яғни қастықпен істелген әрекеттер үшін жауапкершілік
айтылған. Кісі өлтіру, адамды жарақаттау бұл қастықпен немесе
абайсыздықта жасалатын қылмыс түріне жатады.[3]
Аитовтың 26 ақпанда 1846 жылғы рапортында: Сұлтанды
қастандықпен өлтірген кінәлі адам 1500-2000 қой мөлшерінде құн төлейді, ал
абайсызда болған өлім үшін жарты құн төлейді, - деп көрсетілген.
Әкесін қастандықпен өлтірген балалары өлім жазасына кесілген, ал
абайсызда болған қылмыс үшін оларға жаза тағайындалмаған, бірақ бұл дін
иелерінің қолында болды.
Абайсыздықта болған әрекет қылмыс ретінде қаралмады, кей жағдайда
ғана азаматтық тәртіппен жауапкершілік жүктелді. Мысалы, абайсызда
болған кісі өліміне кінәлі адам жәбірленушінің туыстарына қаза
шығындарын төледі. 1824 жылғы әдет құқығының жиынтығында: Кто
стопчет лошадью совсем неумышленно, т.е. если испугается лошадь, изорвет
на себе узду и т.п., то это таковое той только лошадью, платиться, которая
стопчет, хотя бы от сего стоптания кто и умер, - делінген.
Дәстүрлі құқықта кінәліні қылмыстық жауапкершілікке тартудың дәл
белгісі жас ерекшелігі көрсетілмеді. Бірақ бұл 15 жастан басталды.
В.Тронов:
15 жасқа жетпеген жас өспірім қылмыскер саналмайды және жауапқа
тартылмайды, - деп жазған. Дәстүрлі құқықтың әртүрлі жазбаларында
кінәліні қылмыстық жауапкершілікке тарту жасы біркелі емес, бірінде 15 жас
болса, келесісінде 13-14 жас болып көрсетілген. Бұл жазбаларда әртүрлі
байланыста түсіндіріледі.
Есі дұрыс емес тұлға жауапкершіліктен босатылған. Н.И.Гродеков
Туғаннан есі дұрыс емес және мылқау адамның жасаған қылмыстары үшін
жазаланбайтындығын айтып, ол үшін туыстары жауап бермейді, - деген.
Жаза қолдану саласында түрлі принциптер мен негіздердің басшылыққа
алынғандығы байқалады. Көшпелілер үшін қанды кек орынды құқық,
қасиетті борыш әрі міндет болып табылатын. Ол арқылы қаза болған
адамның рухын тыныштандыруға оның аруағын разы қылуға тырысатын.
Қанды кек әр түрлі амалдармен:
1) Қылмыскерді өлтірген кісінің туыстарына ұстап беру;
2) Сот шешімінің негізінде қылмыскерді өлтіру немесе құлға айналдыру арқылы
жүзеге асырылды.
Қанды кек принципінің қолданылуын шектеу мақсатымен әртүрлі
жолдар қолданылды:
- қылмыскердің артынан қуғыншы жіберілетін, сөйтіп қуудың немен
аяқталатынына қарамастан, өшпенділік тоқтатылатын;
- кек алудың белгілі бір мерзімі (екі жылдық) белгіленетін;
- қылмыскер жекпе-жекке шақырылатын.
Патриархалды-рулық қатынастың сақталуына байланысты қанды кек
ХУІІІ-ХІХ ғасырдың бірінші жартысына дейін Қазақстанда сақталды.
А.Левшин что казах, который не может отомстить за нанесенные ему
обиды, в минуту гнева похож на беснующегося, - деп жазды.[4]
Қазақстанның Ресей құрамына кіруі әдет-ғұрып заңдарына
пайдалануды азайтып, оған толықтырулар енгізіліп, оны жазба заңға
айналдырды. Сот органдарында билер құқы төмендеп, әдет заңының орнына
империя заңдарының қылмыстық, азаматтық істерін қарау әкімшілік сот
органдары келді. Тәртіп бұзу 3 категорияға бөлінді:
1) қылмыстық;
2) талапкердің арыз беруі;
3) басқару жүйесіне наразылық арыз.
Мемлекеттік сатқындық, тонау, барымта, өкіметке бағынбау, кейін
несие ақша қағазын шығару т.б. істер империя заңымен қаралса, шекарадан
алыс тұрған қазақтардың сатқындық ісі, өлім, тонау, барымта әскери
соттармен қаралды.
Талапкердің арыз беруі бойынша ұрлық, азаматтық істер және т.б.
жатты. Азаматтық істердің шығыны 2000-ға дейін болса билер, 5000-ға дейін
шекара билер орыны, 5000-нан жоғары болса сенат өкіметі қарады. Барымта
үшін қамауда ұстау, Сібірге қуу т.б. жазалар қолданылды.
Орыс заңдары Қазақстанда қолданыла бастады. Онда империяда
қолданылған заң нормалары Қазақстан жағдайын ескермеді; патша заңдары
Қазақстанда әскери отарлау саясатын көздеді. Олар 1822 жылғы устав, 1854
жылғы заң, 1867-1868 жылғы ережелерінде көрсетілген.
Қылмыстық істер империя заңдары негізінде округтік бұйрықта
қаралды. Істі алдын ала тергеуге қазақ биі мен қатар бір орыс чиновнигі
қатысты. Қазақтардың талап етуі бойынша қаралатын істер жергілікті ескі
заң бойынша шешілген. Шешімдерді округтік бұйрықтың қайта қарауға құқы
болды.
2. Жаза түрлері.
Қазақстанның Ресейге қосылуына дейінгі кезеңде Тәуке хан ережесі мен
басқа да қазақтың дәстүрлі құқық ескерткіштерінде
жазаның келесі түрлері белгілі: өлім жазасы, дене жарақаты, ұялтатын
жазалар, құн, айып, құлға айналдыру, кінәліні жәбірленушіге қызмет етуге
беру, кінәлінің барлық мүлкін тәркілеу, кінәліні қауымнан қуу т.б.
Өлім жазасы. Қылмыскерді жазалаудың өлім жазасы халық
жиналысының шешімі бойынша қолданылды. Тәуке заңы бойынша кісі
өлтіру, әйелді ұрлау мен зорлау, бірнеше қайтара мал ұрлау сияқты қылмыс
түрлерінде кінәлі адамдарға өлім жазасы берілген. Осы заң бойынша
жәбірленушінің немесе оның жақын туыстарының келісімімен өлім жазасы
басқа жаза түрімен құн төлеу, құл етіп алу, дене немесе ұялтатын
жазаларымен ауыстырылуы мүмкін. Тәуке хан заманында өлім жазасы сирек
қолданылған.
Өлім жазасының қолданылуы жаңа қылмыстың (барымта немесе ру
аралық тартыстар) тууының себепшісі болды. Хандар мен сұлтандар
сондықтан өлім жазасына күшті тірегі жоқ, іздеушісі жоқтарды ғана кесті.[5]
Дене жарақаты және ұялтатын жазалар. Дәстүрлі құқық нормалары
негізінде дене және ұялтатын жазалар жеке тұлғаға қарсы қылмысқа,
мүліктік қылмысқа және басқа да қылмыс категорияларына қолданылды.
Мұндай жаза түрлері жеке немесе екеуі бір мезгілде қолданылуы мүмкін.
Тәуке заңында айтылады: Егер қылмыс үлкен болмаса, онда өлім
жазасының орнына қылмыскерді жартылай жалаңаштап, оның бетіне күйе
жағып, мойнына қара құрым киіз байлап, аттың құйрығына байлаған жіпті
тісімен ұстауды бұйырып, оны аттың соңынан жүгіруге мәжбүр етеді.
Дене жарақатында жиі қолданылатын әдіс дүре соғу, яғни жуандығы
ортаңғы саусақтай болатын қамшымен көпшіліктің көзінше жазалау болды.
Қазақ дәстүрлі құқұғының шариат заңынан айырмашылығы соққы саны
алдын ала анық болмады, ол бидің шешіміне байланысты болды. Дене
жазасы қанжығамен немесе көк шыбықпен ұру түрінде қолданылды.
Әкесіне немесе шешесіне тіл тигізген немесе ұрып соққан адамды қара
сиырға теріс қаратып отырғызып, мойнына құрым киіз байлайды, сиырды
ауылдың ішімен жүргізіп, үстінде отырғанды қамшылап ұрады.
Қара найза - жазалаудың ең ежелгі түрі айыптыны жерге қағылған,
жоғарғы ұштары түйіскен үш найзаның астына отырғызып қоятын. Сонымен
қатар, билер сөгіп тастау және түкіріктеу сияқты жазаны да қолданып
жүрді.
Құн. Қылмыстық іс - әрекеттер үшін жауапкершіліктің мүліктік
түрлері де (құн, айып) кең қолданылды. Қазақтың дәстүрлі құқығы жүйесінде
кең тараған жаза түрі құн болды. Адам өлтіру және оған теңестірілген
қылмыс түрлері (денені ауыр жарақаттау, зорлау, зинақорлық әйел ұрлау)
үшін құн төлететін. Ежелгі құн құрамы бірнеше бөліктен тұратын:
1) Өлтірілген адамның еліне (руына) басқа адам берілетін (тұтқын, құл,
ясырь, әйел). Бұл адам өлтіру арқылы келтірілген зиянның орнын нақты
толтырудың белгісі еді.
2) Кісі өлтірушінің аты мен қару-жарағы берілетін (қанды, қаралы,
құйрығы кесілген ат, сауыт, мылтық). Бұл арқылы татуласу, ымыраға келу
туралы тілек, өтініш білдіретін.
3) Өлтірілген кісінің еліне біршама мал, басқа да заттар берілетін
(кілем жабылған қара нар, қара шапан, орамал т.б.). Бұл арқылы өлтірілген
адамның аруағымен татуласу салты, жерлеу және қара жамылу жүзеге
асырылатын.
Кейінірек құнның құрамы өзгеріп, ол негізінен малдан тұратын болды.
Ер адамды өлтірген үшін 1000 қой, әйелді өлтіргені үшін 500 қой берілетін
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, сауданың дамуына байланысты
ақшамен төлеу жүргізілді. Құнды қылмыскер төлемеді, оны руы бөліп
төледі. Қылмыскер жеке өзі 50 қой, бір түйе мен ат, ал жақын туыстары
10-нан 20-ға дейін қой, алыс ағайындары 1-2 қойдан беруі керек болды.
Құнның қалған бөлігі ру мүшелеріне тең бөлінді.
Патшалық үкіметтің жүргізген әкімшілік-территориялық реформасына
байланысты ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап құн рудан емес,
территориялық-шаруашылық белгілері бойынша алынды. Патриархалды-
феодалдық ХІХ ғасырдың екінші жартысында ауыл немесе болыс тек ғана
барлығы құнды бөліп төледі.[6]
Қазақстанның әр жерінде қоғамның өзгеруіне байланысты құн
мөлшері, оның құрамы біркелкі болмады. Құн мөлшері мен құрамы ең
алдымен жәбірленуші мен кінәлі адамның сословиелік деңгейі, мүліктік және
қоғамдық жағдайына байланысты шешілді. Тәуке заңы бойынша құнның
мөлшері мынадай болды: ер кісіні өлтіргені үшін толық құн – ердің құны екі
жүз жылқы, ал әйелді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ құқығындағы көп әйел алушылық
Ертедегі қазақ халқының некелесу дәстүрі
Әдет-ғұрып ұқығы нормалары жүйесiнiң құрылымдық сипаты және оның негiзгi принциптерi
Қазақтың әдет заңындағы қылмыстық істер, оны жазалау
Тұңғыш Президенттің өмірбаяны
Мәдениет және өркениет туралы
Саяси ойлар
Қазақ мемлекетінің құрылысы және оның дамуындағы ерекшеліктер
Қазақ әдет құқығындағы неке және отбасы
Мектепке дейінгі балаларды қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалану арқылы адамгершілікке тәрбиелеу
Пәндер