Криминалистикалық ұқсату, диагностика топтық меншікті анықтау


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Криминалистикалық ұқсату, диагностика топтық меншікті анықтау.

XXVIII ғ. Екінші жартысында белгілі француз криминалисі Альфонс Бертильон бірнеше мәрте ұсталған қылмыскерлермен жұмыс жүргізу барысында тарихта бірінші болып «идентификация» терминін қолданды.

«Идентификация» - «identificare» латын тілінен аударғанда - дәл соның өзі, тең, теңдестіру, ұқсастыру, сәйкестіру деген мағананы, яғни белгілі-бір объектінің немесе жеке тұлғаның жалпы және жекелеген белгілері жиынтығы арқылы бір- біріне ұқсатығын айқындауды білдіреді.

Кез келген қылмыс күнделікті адам өмір сүріп отырған ортада жасалатындықтан, қылмыс болған жерде әр түрлі іздердің қалмауы мүмкін емес. Бұл материяның өзінің белгілерін қоршаған ортаға, басқа нәрсеге беру қасиетіне тығыз байланысты. Сондықтан, қылмысты тергеуде, ашуда іздерге және олардың басқа бейнелеріне қарап, адам қолданған зат немесе басқа объектілердің дәлелдеме ретінде қажеттілігі анықталады.

Криминалистикада криминалистік сәйкестендірудің қамтитын, алатын орны мен қарастыратын сұрақтары маңызды да ауқымды болғандықтан, ол үш тұрғыдан қарастырады:

1. криминалистік ұқсастыру жеке ғылыми криминалистік теория ретінде - сот дәлелдемесінен шығару мен пайдалану мақсатында белгілі бір материялдық объектілердің әрбір уақыт аралығында өз-өзіне теңдігінің жалпы заңдылықтары туралы ілім;

2. криминалистік ұқсастыру зерттеу барысында, сыртқы ортаға қалдыратын белгілі-бір бейнелеріне байланысты объектінің ұқсастығының бар жоқтығын анықтауға мүмкіндік беретін зерттеу, тану үрдісі.

3. мақсат немесе нәтиже ретіндегі, криминалистік ұқсастыру қаралып отырған қылмыстық іс бойынша дәлел немесе айғақ бола алатынобъектінің өз-өзіне ұқсастығы бар жоқтығын анықтаудың тәжиербелік жолын көрсетіп, содан қажетті қортынды шығарады.

4. Криминалистикалық ұқсастыру - дегеніміз қылмысты зерттеу және алдын-алу мақсатымен көптеген ұқсас объектілердің ішінен тек өзіне ғана мтән белгілері мен бейнелері негізінде қажетті объектіні анықтап дәлелдеу. Бұл анықтамада ұқсастық зерттеу жүргізумен тығыз байланыста екенін көруге болады.

«Криминалистік ұқсастыру» терминін үш мағананды қолданады:

а) зерттеудің мақсаты, міндеті және қортындысы;

б) ұқсастықты, тепе-теңдікті табу үшін орындалатын әрекеттер жүйесі;

в) криминалистиканың жалпы теориясының құрамына кіретін жеке ғылыми теориялық тұжырымдама.

Киминалистік ұқсастыру криминалистика ғылымында өте кең дамыған теориялардың бірі болып табылады, себебі ол криминалистиканың жетістіктерін кеңінен пайдаланеа отырып, қылмысты тергеп, ашуға жан-жақты үлесін қосады. Бұл теорияның даму тарихымен қысқаша танысқанның өзінде-ақ, оның қаншалықты маңызды теориялық тұжырымдама екенін көруге болады.

1940 жылы «Советское государство и право» журналында осы ілімнің негізін қалаушы криминалист-ғалым С. М. Потаповтың «Криминалистік идентификацияның принциптері» атты еңбегі жарық көрді. Осы кезден бастап бұл теория криминалистикадағы көптеген ғылыми ізденістердің жетекші бағыты болып келеді, оған бұл теорияның даму жолының библиографиялық хронологиясының қарап көз жеткізуге болады. Мәселен, қазіргі ТМД елдерінің бұрынғы аумағында 1940-1955 жылдары 7 ғалымның 13 ғылыми еңбегі, 1956-1960 жылдары аралығында 28 ғалымның 36 еңбегі, ал 1961-1965 жылдары аралығында 48 ғалымның 69 еңбегі жарқ көрді. Себебі, криминалистік ұқсастыру бағыты ТМД елдерінде тарихи реттеліпе белгілі бір жүйеге келтірілген бірінші ғылыми криминалистік теория болып саналады. Бұл теорияның криминалистиканың дамуына зор әсерін тигізетін әдістемелік маңызымен қатар көптеген ғылыми теориялық мәселелерді шешуде философиялық негіз болатындығы дәлелденген.

ТМД елдерінің ғалымдары криминалистік ұқсастыру теориясының дамуын 3 кезеңге бөледі:

1-кезең - 1940-50 жылдар - бұл негізгі теорияның, оның бастапқы қағидалары мен бағыттарының қалыптасуы;

2-кезең - 1950 - 60 жылдар - жалпы ұқсастыру негізінде объектілер түрлеріне байланысты ілімдер бағыттарының көбеюі;

3-кезең XX ғасырдың 60 жылдарынан басталып бүгінгі күнге дейін жалғасуда. Бұл кезеңде криминалистік сәйкестендіру көптеген ілімдер мен дбағыттары қайта қаралып, жаңа бағыттары пайда болды. Сәйкестендіру мүмкіншіліктерін, зерттелетін объектілертүрлерін көбейту, кеңейту мәселелері қарастырып, олардың мәлемет., дәлелдеме жинау және оларды логикалық өңдеу жағына көп көңіл бөлуде. Киминалистік сәйкестендіру жүргізу процесінде математика және кибернетика әдістерін кеңінен енгізу қолға алынып, даму үстінде.

Киминалистік сәйкестендіру философиялық диалетика әдісінің: ұғыну ілімі, бейнелеу, ұқсастық, айырмашылық, даралық, тұрақтылық, өзгешілік, қасиет, белгі деген катигорияларына негізделген. Қылмысты тергеу мен ашу барысында түрлі заттардың, бөлек фактілер мен жағдайлардың қылмыспен байланысын анықтауды қажет. Ал, материяның негізгі қасиеттерінің бірі болатын бейнелеу материалдық әлемдегі өзгерістерді түсінудің бірден - бір кілті болып табылады.

Киминалистік сәйкестендіру жүргізгенде негізгі қолданылатын тәсіл - салыстыру тәсілі. Салыстыру- екі немесе бірнеше объектілердің өзіне тән белгілерін теңеп, ұқсастырып көру. Ұқсастыру өте күрделі логикалық талдауды қажет ететін ойлау процесі. Екі не бірнеше объектілерді салыстырғанда, алдымен әр объектіні жеке алынып зерттеледі, яғни, салыстырудың бірнеше сатысында зерттеліп отырған объектілерге тән

қасиеттер мен белгілер сұрыпталып аланады.

Криминалистикалық сәйкестендіру ғылыми негіздерін қарастырғанда объектілердің «қасиеті» және «белгісі» деген түсініктерді ажырата білу керек. Қасиеттер мен белгілерді сұрыптағанда аса көңіл аударатын нәрсе - салыстыру негізінде алынатын қасиеттер мен белгілер аталған объектіге тән және тұрақты басқа объектілерде жиі кездеспейтін болуы керек. Бұл екі түсінік кейде «қасиеті-белгісі» жүйесіне біріктіріледі.

Әрбір объектінің басқа заттармен салыстырғанда байқалатын, оның жекелеген жақтарын сипаттайтын қасиеттері болады. Сонымен қатар, бұл заттардың қасиеттері, дәл осы мезетте басқа заттармен әсерлескенде, оның қасиеті із қабылдаушы заттың белгілерінде байқалады.

Енді осы құбылыстың ғылыми негіздермен қысқаша танысып өтейік. Криминалистикалық сәйкестендіру ғылыми негіздеріне келесі жағдайларды жатқызуға болады:

  1. Әлемдегі бүкіл объектілер дербес және қайталанбайды, яғни тек өзіне-өзі ұқсайды.
  2. Әлемдегі объектілер салыстыралы тұрақты, сонымен қатаролар әр уақытта өзгерістерге ұшырап отырады. Дегенмен, белгілі бір уақыт өткеннен кейін де, бұрын қалған із зерттеп, объектіні ұқсастыруға болады. Осындай сәйкестендіруді жүргізуге мүмкіндік беретін уақыт аралығында идентификациялық кезең деп атайды. әр түрлі объектілер үшін бұл кезең әр түрлі ұзақтықта болады. Мәселен, саусақтың папиллиярлық өрнектері үшін - бұл бірнеше ондаған жылдар (60-70 жыл, адамның орташа өмір сүру ұзақтығы болса), аяқкиім табанның бедері үшін - бірнеше ай, балта, қысқыш, т. б. құрал-саймандар үшін - бірнеше сағат. т. с. с. Сондықтан объектілерді мүмкіншілігінше неғұрлым ерте тауып, теңестіріп, зерттеу қажет.
  3. Әлемдегі бүкіл объектілер үнемі өзара бір-бірімен байланысқа түсіп отырады. Соның нәтижесінде, бір заттың қасиеттері басқа объекті белгілерінің жиынтығына ауысып белгіленеді.

Криминалистік ұқсастыру ғылыми негіздері материалдық әлемдегі барлық об ъектілерге келесі мына қасиеттермен анықталады:

  • жеке даралық немесе жекешелік;
  • қатынасты тұрақтылық;
  • объектілердің қоршаған ортада бейнелену қабілеті.

Жеке даралық - объектінің қайталанбаушылық қасиеті, бұл яғни оның тек қана өзіне - өзі ұқсастығы және өз-өзімен ғана теңдестігі. Табиғатта барлық қасиеттері мен белгілері бойынша бір-біріне 100 пайыз ұқсас екі объекті жоқ және болуы да мүмкін емес. Объектінің жеке даралығы баска да ұқсас объектілерде жоқ және қайталанбайтын белгілер қосындысымен сипатталады. Заттың мұндай белгілеріне көлемі, түрі, түсі, салмағы, материалы, құрылымы, беткі бедері және басқа белгілері жатады. Мәселен, адам үшін - дене бітімінің ерекшеліктері, бас, бет, қол-аяқ пішіндері, ағзаның физиологиялық ерекшеліктері, жүйке жағдайы, іс-әрекеті және тағы басқалар.

Материалды әлемдегі объектілер дара түрде болып, өздеріне ғана ұқсас болғандықтан, оларға жекелеген белгілер мен қасиеттер тең. Осыған байланысты криминалистік теңдестірудің келесі маңызды қасиеті - объектілердің бейнеленуі. Объектілердің белгілері өз кезегінде басқа объектілерде бейнеленеді, ал бейнелену үрдісі жекеленген түрде қалыптасады.

Бір жағынан бұл объектілердін барлығы үздіксіз өзгерістерге ұшырап отырады (адам қартаяды, аяқкиім тозады, т. с. с) . Кейде бұл өзгерістер тез болады, ал кейде біреулерін өзгеріс анық көрініп тұрса, екіншілерінде өте анық болмайды. Дегенмен, белгілі бір уақыт аралығында объектілер өзінің тұрақтылығын сақтап, тендестіру жұмысын жүргізугс мүмкіншілік береді.

Материалды объектілердің кейбір өзгерістеріне қарамастан белгілерінің жиынтығын сақтау қасиетін салыстырмалы тұрақтылық деп атайды.

Сонымен, криминалистік теңдестіру жүргізу негізінде объектілерді зерттеу арқылы олардың іске қатысының бар-жоқтығын анықтап, алған мәліметтер қылмыскерлерді іздеп табуда, істі тез арада тергеуде және ашуда кеңінен қолданылады. Криминалистік сәйкестендіру туралы теориясының пайда болған уакытынан бастап жазықтықта шекаралары нақты көрінетін объектілер теңдестіруін зерттеудің қалыптасқан объектілері болып саналды. Ал, практикалық сәйкестендірудің пайда болуымен және теориясының жетілдірілуімен олардың қатарына кеңістікте шартты шекарасы бар объектілер қосылды. Мысалы, сұйықтар мен жылжымалы көлемді ұнтақ заттар, біртектес және әртектес объектілердің жиынтығы.

Криминалистік сәйкестендіру зерттеу үрдісі болғандықтан оның бірінші мақсаты оған қажетті объектіні анықтау. Криминалистік сәйксстендіру субъектілеріне қылмысты ашу процесіне қатынасатын тергеуші, анықтаушы, сот, сарапшы, жәбірленуші, күдікті және т. б. жатады. Олардың әрқайсысы өздерінің іс-жүргізу жағдайына сәйкес, заңға қайшы келмейтін жолдармен тендестіру немесе сәйкестендіру өткізуге қатысты міндеттерін орындайды. Мөселен:

а) сарапшы (эксперт) баллистикалық сараптау жолымен оқтың қандай бір тапаншадан атылғандыгын анықтайды;

ө) қылмыскерді керген куәгерлер, оныңсырткы пішінін есте ұстап қалып, оны тани алады.

Бұлар - объектілердің әр түрлі бейнелері, белгілері арқылы дәл сол керек объектіні анықтайтын тәсілдер.

Әрбіробъектінің көптеген қасиеттері мен белгілері (көлемі, формасы, түсі, қүрамы, т. б. ) болады. Ал, криминалистік теңдестіруде объектінін барлық қасиеттері мен белгілері емес - ең бастысы олардың сыртқы белгілері, сыртқы кұрылысының ерекшеліктері зерттеледі. Сонымен, объектілер төмендегідей бейнеленді:

Ойдағы бейне түрінде, яғии адам ойында көру немесе есту нәтижесінде есте қалған бейне арқылы суреттеу (жәбірленушінің ойында қалған қылмыскердің белгілері, атылған оқ дыбысының ерекшеліктері) .

Куәгерлер көрген объектіні өзінің немесе басқа маманның салған суреті арқылы бейнелеу (бағыттауға арналған субъективті портреттер, фотороботтар) .

Қылмыскердің қалыптасқан тәсілдерін көрсету арқылы. Мәселен, жазу мәнері, қолжазбасы, қолтаңбасы, қоршаған ортадағы қылмыстық әрекет тәсілдері, т. с.

Суреттегі бейнелер мен фонограмма түріндегі сөздің, дауыстың механикалық жазбалары.

Криминалистикада топтасқан меншікті анықтау дегеніміз -белгілі объектіні, осыған өте ұқсас, шығу тегі бір деген үлкен бір объектілер тобына жатқызу немесе солармен теңестіру. Объектінің белгілі бір топқа қатыстылығын анықтауға мүмкіндік беретін теоретикалық жағдайлар сәйкестендіру теориясының бір бөлігі деуге болады, бірақонымен толықтай бірікпейді. Бұл диалектикалық байланыс мынандай жағдайларда көртеді:

- топқа меншікті анықтау теңдестіру жүргізген кезде іске асырылады да, оның бірінші сатысы болып табылады;

- топқа меншікті анықтау негізінен жалпы белгілер арқылы жүргізіледі. Белгілердің саны неғұрлым өзгерген сайын, теңестірілмекші объектілердің саны азаяды. Мысалы, қылмыскердің киіміндегі дақ қанның дағы, ол адамның қаны, қан 3-топқа жатады, қан белгілі бір органнан бөлініп шыққан, т. с. с;

- ізделінген заттық айғақта сәйкестендіру қасиеттер жиынтығы жеткіліксіз, сондықтан қоршаған материалдық ортада жеке-дара объект ретінде есептелмеген жағдайда топқа қатынастылық анықталады.

Криминалистік сәйкестендіру толық жүргізу мүмкіндігі немесе қажеттілігі жоқ жағдайларда, криминалистік сәйкестендіру бірінші бөлігі болып саналатын топқа қатыстылықты анықтаумен шектеледі, немесе осы жеткілікті деп шешіледі.

Топқа меншікті анықтау төмендегі жағдайларда іске асырылады:

а ) теңдестірілмекші объектінің белгілер жиынтығы тендестіруге қажет сұрақтарды шешуге жеткілікті болғандықтан, мысалы, саусақ бедерінің 2-3 жеке белгісі ғана түскен, ал толық теңдестіру үшін олардың саны 8-10-нан кем болмауы керек:

ә) қалдырылған ізде теңдестірілмекші объектінің белгілері толық түспей, оны айыру мүмкін болмағанда (мысалы, темірдің қолараның, егеудің ізі, т. с. с) ;

б) іздеуші органында теңдестірілуші объект бар болып, бірақ теңдестіруге қажет объектінің табылу-табылмауы әлі белгісіз болғанда;

в) теңдестірілмекші объект, тендестіруге мүмкіндік бермейтіндей өзгеріске ұшырағанда (мысалы, оқиға болған жерде қалдырылған аяқкиім табанының, автокөлік дөңгелегінің ізі ұзақ уақыт пайдаланғандықтан кейін сүртіліп, бұрынғы белгілері едәуір өзгерсе) ;

г) теңдестірілмекші объектінің тұрақты сырт пішіні болмағандықтан (мысалы, сұйық, себілетін, төгілетін заттардың із қалдыру қабілеті болмағанда) ;

ғ) топқа қатыстылықты тағайындау жедел-іздестіру және тері еу мақсаттарын толығымен орындауға жеткілікті болғанда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Криминалистикалық идентификация және диагностика
Сот фотографиясы
Криминалистика пәнінен лекция тезистері
Құжаттар криминалистикалық зерттеудің объектісі ретінде
КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА
Криминалистикалық диагностиканың міндеттері
Криминалистикалық диагностика теориясы ғылыми шешім ретінде
Криминалистика пәнiнен дәрістер кешені
Криминалистикалық габитология түсінігі мен мазмұны
Қылмыс. Криминалистика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz