Кіші жас оқушыларының креативтігін дамытудағы педагогикалық қолдау



Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Қазіргі шығармашылық теория өз шегіне жету кезеңінде көп аспектілі сипатталып және өзіне көптеген түрлі теорияларды, тұжырымдамаларды теориялық және эмпирикалық білімдерін енгізеді. Нақты дәлелдемелер қатарына қарамастан, қорытулар мен бақылаулар, шығармашылық мәселелер және креативтік феномен ерекшелігі, қазіргі уақытқа дейін жеткіліксіз зерттеулермен толып отыр. Бұл аумақта интерактивтік түсінік жоқ. Қазіргі уақытқа дейін креативтік феноменде ешқандай біркелкі түсінік пен мазмұн жоқ, креативтіктің психологиялық құрылысы анықталмаған креативтік байланыстар тұлғаның басқа қасиеттерімен және генезис ерекшелігі нашар зерттелген, креативтіктің дамуы мен нақты зерттеу тәсілдері табылмаған.
Шет ел авторлары зерттеулері (Дж.Гилфорд, Е.П.Торренс, Л.Термек, Р.Стеренберг және т.б.), психологтар (Л.Д.Данилова, П.Я.Гальперин, З.И.Калмыкова, Д.Б.Богоявленская, А.Я.Пономарев және т.б.). Осы мәселенің тәжірибелік құндылығы және оның жетіспейтін жақтары таңдап алған тақырыпты өзекті деп анықтады.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Кіші жас оқушыларының креативтігін дамытудағы педагогикалық қолдау

Кіріспе
Қазіргі шығармашылық теория өз шегіне жету кезеңінде көп аспектілі
сипатталып және өзіне көптеген түрлі теорияларды, тұжырымдамаларды
теориялық және эмпирикалық білімдерін енгізеді. Нақты дәлелдемелер қатарына
қарамастан, қорытулар мен бақылаулар, шығармашылық мәселелер және
креативтік феномен ерекшелігі, қазіргі уақытқа дейін жеткіліксіз
зерттеулермен толып отыр. Бұл аумақта интерактивтік түсінік жоқ. Қазіргі
уақытқа дейін креативтік феноменде ешқандай біркелкі түсінік пен мазмұн
жоқ, креативтіктің психологиялық құрылысы анықталмаған креативтік
байланыстар тұлғаның басқа қасиеттерімен және генезис ерекшелігі нашар
зерттелген, креативтіктің дамуы мен нақты зерттеу тәсілдері табылмаған.
Шет ел авторлары зерттеулері (Дж.Гилфорд, Е.П.Торренс, Л.Термек,
Р.Стеренберг және т.б.), психологтар (Л.Д.Данилова, П.Я.Гальперин,
З.И.Калмыкова, Д.Б.Богоявленская, А.Я.Пономарев және т.б.). Осы мәселенің
тәжірибелік құндылығы және оның жетіспейтін жақтары таңдап алған тақырыпты
өзекті деп анықтады. Зерттеулер қарама-қайшылықтарды анықтады:
- оқу үрдісіндегі және механизмдердің нашар даярлығы, оның
педагогикалық үрдісіне енуі қатысым аймағындағы теориялық
зерттеулер жүйесінің болуы;
- креативтік тұлғаның қазіргі қоғамға қажеттігі және оқыту
тәжірибесіндегі шынайы жағдайы дәстүрлі білім парадигмасына
сүйенеді;
- шынайы қоғам қажеттігі педагогикалық тиімді қолдауда
оқушылардың білімдерін жетілдіру мақсатында және қазіргі
мұғалімдердің өнімді тұлғалық-бағдарлы оқыту техникасына
дайын еместігі.
Мәселенің теориялық және тәжірибелік жеткіліксіз зерттелуі, сондай-
ақ көрсетілген қарама-қайшылықтар зерттеудің нақты тақырыбын анықтады:
Кіші жас оқушыларының креативтік дамытудағы педагогикалық қолдау.
Зерттеу нысаны: мектептегі бастауыш буын біліміндегі креативтік
тұлға дамыту үрдісі.
Зерттеу пәні: кіші мектеп жас оқушыларының креативтігін дамытуда
педагогикалық қолдау.
Зерттеу мақсаты: кіші мектеп жас оқушыларының креативтік дамуы
педагогикалық қолдау жүйесінде ғылыми негіздеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Креативтік даму үрдісі кіші мектеп жас
оқушыларын дамытуда тиімді болады, егер:
- кіші мектеп оқушыларының креативтік дамуы педагогикалық
қолдау жүйесінде тұлғалық-бағдарлық тұлға бірден-бір
негізгі шарты болып айтылады;
- кіші мектеп жасындағы оқушылардың тұлғалық креативтігін
қалыптастыратын, технологиялық әдістер мен өндеулер енгізу;
- креативтік тұлға дамуының тиімді өлшемдері мен шарттарын
негізделуі және айқындау;
- бастауыш мектеп мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі
шығармашылық педагогикаға сай талаптарға жауап беруі тиіс.
Зерттеу міндеттері:
1. Педагогикалық және психологиялық әдебиеттердегі тәжірибе
мен теорияда тұлға креативтігінің дамуда педагогикалық
қолдауды талдау;
2. Тұлға креативтігінің даму үрдісіндегі педагогикалық
қолдаудың негізгі сипатын ашу;
3. педагогикалық қолдау барысында кіші мектеп оқушыларының
креативтігінің механизмі мен жолдарын негіздеп және өңдеу;
4. Кіші мектеп оқушыларының креативтігінің даму моделін
жобалау;
5. Кіші мектеп оқушыларының креативтігін дамыту бойынша
қатысатын түрлері бағдарлама – технологиялық кешенін
енгізіп және өңдеу.
Теориялық-әдіснамалық негізі болып зерттеудің: ізгіліктің
философиялық жағдайы, одан шығатын әлеуметтік қызығушылықтар мен тұлға
қажеттігі, табиғи өндеу тұжырымдамасы, оның негізінде адамның табиғи
кепілдерінің есептеу қажеттігі тұлғалық-бағдарлау білім теориясы жатыр
(Е.В.Бондаревская, В.В.Сериков, В.Т.Фоминко, И.С.Якиманская және т.б)
педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жобалау тұрғы (В.П.Беспалько,
В.И.Мареев, В.С.Безрукова және т.б) педагогикалық талдаудың салыстырмалы
теориясы (В.П.Борисенков, О.В.Гукаленко және т.б.) интеграция идеялары
(Г.В.Абросимова, А.Я.Данилюк және т.б) педагогикалық жоба тұжырымдамасы
(А.П.Аношкин, С.И.Архангельский, П.П.Пивненко, А.Н.Чалов, А.Д.Алферев,
В.С.Безручко және т.б.) психология ғылымдар қозғалысы туралы жетекші
жағдайы, адам психикасының әлеуметтік-тарихи табиғаты жайлы, оның
дамуындағы қарым-қатынас мағынасы туралы, бұл үрдісте субъектілік фактор
рөлі мен әрекеті психикалық дамуына көзқарастар мен тәрбие және оқытумен
баланың психикасы дамуына байланысты түсінушілік, негізгі концептуалды
тұлғалар (Л.С.Выготский, В.В.Давыдов, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин және т.б.)
ойлау қабілетінің креативтік ерекшеліктері және тұлға дамуының әлеуметтік
шығармашылық теориясы (Е.Л.Яковлева, В.Н.Дружинин, П.Я.Гальперин және т.б.)
педагогикалық технологиялар (А.Г.Казакова, Д.Ш.Матрос, Н.Н.Мельникова,
Г.К.Селевко және т.б).
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша әдістемелік әдебиеттермен
педагогикалық психологиялық, философиялық талдаулар теориясы; зерттеу
аспектісі мәселелер, мұғалімнің тәжірибелік жұмысын зерттеу; әлеуметтік
психология мен педагогикалық жас ерекшелік аймақта орындалған зерттеу
талдаулары өнімді шығармашылық әрекеттері ретінде қосымша әдістер таңдауда
зерттеу қағидалары ескеріледі: тұлғалық, объективті, ақпараттық,
жүйелілік,құзіреттілік туғызады.
Зерттеу кезеңдері: Зерттеу төрт кезеңнен жүргізіледі. 2009 жылдан
бастап 2010 жылдар аралығында.
Бірінші кезең (2009 ж): ізденіс мәселесі. Зерттелетін тақырып
бойынша оқу әдістемелік, педагогикалық психологиялық, философиялық
әдебиеттері зерттеледі, тұлғалық бағдарлық білім контексінде осы мәселенің
қайта өнделуі және креативтіктің дамуындағы педагогикалық қолдау аймағында
ғылыми өндеулер деңгейі мен негізгі мәселелер арасында қарама-қайшылық
анықталады. Зерттеудің болжамы жасалып, мақсаты мен міндеттері қойылады.
Екінші кезең (2009-2010 ж.ж.) – тұжырымдамалық кезең. Креативтік
даму аспектісі теориялық өндеумен байланысты, жалпылығымен білім,
психологиялық, педагогикалық талдау және жинақтау, мәселесінің теориялық
және тәжірибелік зерттеулері іске асты.
Білімнің тұлғалық-бағдарлық ұйымдастыру аспектісі ретінде бастауыш
мектепте креативтік дамуы педагогикалық қолдау мазмұны мен әдіснамалық
негізі нақтыланып негізделеді;
Үшінші кезең (2009 – 2010 ж.ж.) – кешенді модельдік зерттеу
материалдары аппробациядан өткізіліп, тәжірибелік жұмыс жалғастырылады,
алынған ақпараттар жүйеленді, аралық қорытынды бағдарламасын енгізу бойынша
жүргізілген жұмыстар талдаулары, мектепте ойлау қабілеті креативтігін
дамыту бойынша сараптамалар жүргізілді. Тәжірибелік нұсқаушылар мен
қосымшалар жасалып, қорытындылар істелінді.
Төртінші кезең (2005 – 2007 ж.ж.) – қорытынды. Диссертация
әдебиеттері анықталып, зерттеудің негізгі қорытындылары баспадан басылды,
білім жүйесінде зерттеу нәтижесінің кешенді апробациясын жүргізілді.
Ғылыми жаңалық: бастауыш мектеп оқушылары креативті дамуында
педагогикалық қолдау бағдарламасын тиімді іске асыруға, педагог
құзыреттілігі өлшемдері шығарылып, ғылыми негізделді, оқытуда шығармашылық
тұрғы басшылыққа алынды.
Зерттеудің теориялық маңызы мынада жатыр: жұмыс барысында кіші
мектеп оқушыларының креативтігінің дамуының педагогикалық қолдау моделі
құрылды. Ол оқу әрекетінің мазмұнының және әрекеттік - операциялық
деңгейінің ұйымдастырылу ерекшеліктеріне сүйене отырып құрылды.
Диагностикалық құралдар мен кіші мектеп оқушыларының креативтігінің даму
сапасының бағасы мен педагогикалық қолдауды қолайлылығының мониторингілері
жүзеге асты.
Қорғауға келесі тұжырымдамалар ұсынылады:
1. Мектеп оқушыларының креативтігінің даму оқушының педагогикалық
қолдауының нәтижесі мен үрдісі. Креативтік интегралды сипатта
шығармашылықтың субьективті сапасында қолданылады. Бір жағынан, оның
мотивациялық қажеттілік негізін көрсетсе, екінші жағынан әркеттің
жүзеге асу жағдайлары мен ерекшеліктеріне байланысты қалыптасып
дамиды.
Мазмұнды компоненттік: қызығушылық спектрі, шығармашылық позиция
және өзіндік даму түрткілерінен тұратын түрткілік компонент қайта құру
мен болжау мүмкіндіктерінде және ойлау дивергенттігінде (ерекшелік,
жылдамдық, икемділік) көрінетін интеллектуалды компонент басқалардың
мүмкіндіктеріне түрткі бола алу мүміндігімен шығармашылық әрекетте
басқалармен сыбайласу мүмкіндігін кіріктіретін компоненттер.
2. Кіші мектеп жасындағы балалардың креативті дамуының педагогикалық
қолдауы балаға көмек пен қолдау көрсетудің кешенді технологиясын
қамтиды. Ол баланың креативті дамуын қамтамасыз ететін және оқытудың
тиімді жағдайын құрайтын ересектердің бағалы- мазмұнды бағдарларының
өзгеруімен байланысты қолданушы мен қолдаушының өзара әрекеттерінің
ерекше ұйымдастырылған түрі болып табылады.
Кіші мектеп оқушыларының креативті дамуының педагогикалық қолдауы
оқытудың қатысымдық формасына, педагогикалық қолдау мен көмекке, жеке
бағдарланған қатынасқа, оқушының жеке қызығушылықтарына сүйене отырып
оқытуға, оқу әрекеттегі шығармашылыққа негізделген.
3. Креативтіктің дамуының педагогикалық қолдау жүйесі келесі қағидалар
негізінде құрылған: баланы табиғи дамуының заңдылықтарын ескеру,
олардың физиологиялық және психологиялық денсаулығын нығайтуға,
шығармашылық қатынас: түрлі шығармашылық әрекеттерде әр баланың
қажеттіліктері мен қызығушылықтарын қанағаттандыру; кіші мектеп
оқушысының өзіндік жүзеге асуының жеке келешегін ескеру; өмірлік
шығармашылық: ұжымдық және жеке өмірдегі шынайы мәселелерді шешуге
балаларды кірістіру, өзгеріс үстінде болатын экономикалық және
әлеуметтік-мәдени жағдайларда өзіндік өмірін құру технологияларын
оқыту; серіктестік: ересектер мен балалардың бірігуі, жалпы әрекеттер
мен әрекеттер үйлесімділігі, қатынаспен өзара түсінушілік, өзара
сыйласымдылық пен өзара көмек, болашаққа деген жалпы талпыныстары мен
өзара қолдау.
4. Кіші жас оқушыларының креативтігін қалыптастырудағы педагогикалық
қолдау моделі. Ол бастауыш мектептегі оқу әрекет кеңістігінде кіші
мектеп оқушыларының креативтігінің дамуын қатамасыз етеді.
а) Бағдарламалы – мазмұнды; ол өзіне дивергентті ойлауды дамытатын
тапсырмаларды, комбинаторларды вербалды креативтіктің дамуына байланысты
тапсырмаларды, оқушылардың тұлғалық тану қызығушылықтарын ескерулерді
кіріктіреді.
б) Әрекеттік тәжірибелік. Ол оқытудың қатысым формаларын байланыстыратын;
педагогикалық көмек пен қолдау креативті педагогикалық дамыту ортаны құру
қазіргі заманғы технологиялар мен әдістемелерді қолдау, оқу-тәрбиелік
әрекетке субьект-субьектілік қатынасты кіріктіру.
5 Бағдарламалық – технологиялық кешен. Ол креативтіктің дамуындағы
педагогикалық қолдауды қамтамасыз етеді де өзіне тапсырмалар
мазмұнында креативті компонент және де осы тапсырманы орындау
барысында қолданушылар мен қолдаушы әрекеттері көрсетілген бастауыш
сыныптағы педагогикалық қолдау бағдарламасын; оқушының шығармашылық
белсенділігін жоғарылатуға бағытталған әдістемелер (Сұрақтар қоры,
Сөздік бейнелеу, Бағытталған мазмұндамажәне т.б.) оқу әрекетінде
(тұрақты және тұрақты емес құрамды жұптармен жұмыс, шағын топтарда,
диалогтарды ұйымдастыру, оқушы-мұғалім, оқушы-оқушы, оқушы-
ақпарат, тұлғалық-қатысымжәне т.б.) креативтіктің көрінуін
тұрақтандыратын педагогикалық өзара әрекеттің дәстүрлі емес формуласы.
Зерттеу нәтижелерінің негізделуі мен нақтылығы алынған мәселеге
деген толықтық қатынасына байланысты ғылыми-теориялық және әдістемелік
позиция бірігуімен және зерттеу мақсатында, міндетінде, адекватты пәнінде
теориялық және эмпирикалық әдістерді қолданумен қамтамасыз етілді.
Қазіргі таңда креативтік феноменнің зерттеудің бірнеше бағыттары бар.
Бірінші – шығармашылық әрекеттің өнімін зерттеу (М.С. Выготский, Д.
Монферсон, К. Тейлор, М. Мессин және т.б.) Бұл дәстүрдің басы В.Вунд
негізін қалаған мәдени – тарихи психологияда жатыр.
Екінші тенденция негізінде креативтік шығармашылық үрдіс ретінде
қарастырылады. (О.Зельц, Е.Спирмен, У. Уайруэлл, М.Вертгеймер, К. Дуннер,
В. А. Маляко, Р. Дилтс және т.б.) креативтікті үрдіс ретінде қарастыру оның
жемісті асыру мүмкіншілігін, шығармашылық жетістіктерін бағалау
мүмкіндіктерін, сонымен қатар креативті басқару мүмкіндіктерін анықтауға
мүмкіндік береді.(Р. Дилтс).
Үшінші дәстүр креативтік туралы когнитивті түсініктерді дамытады. Ізденіс
бағыттары негізінен шығармашылық мүмкіндіктер ерекшелігін анықтауға,
интеллектке, креативтікке сүйенеді.
Берілген мәселе бойынша 3 негізгі қатынас бар:
1-ші шығармашылық түрлі әрекеттерде көріне алатын ерекше мүмкіндіктерге
сүйенеді. Шығармашылық мүмкіндіктер интеллектіден тәуелсіз өзіндік фактор
болады (К. Тейлор, Г.Граубер, Я.А. Пономарев).
Біз креативтікті интеграциялы сипатта екінші көрсететін
зерттеушілерді қолдаймыз және де алынған бағытты әлдеқайда болашақты деп
санаймыз.
Әрекеттер үрдісінде дамып, алдағы түрткілермен бірге отырып
креативтілік тұлға құрылымында бекітіледі де жемісті қайта құруда көрінеді.
Осылайша, әрекеттің шығармашылық стилі айқындалады.Креативтік бір жағынан
шығармашылық үрдісте жүзеге асып, оның мотивациялық-қажеттілік негізін
көрсетеді, ал екніші жағынан-оның жүзеге асу шарттары мен ерекшеліктеріне
байланысты қалыптасып дамиды.
Креативтік түсінігінің хронологиялық жүйесінің қалыптасуын 1-кестеде
көрсетілген
1-кесте Креативтікті анықтауда қолданылатын қосымша түсініктер

№ Автор Мазмұны
1 Г.Линдсей Креативтік- ойлау ерекшелігі. Оның нәтижесі
К.Халл ретінде жаңашылдықты ашу немесе қандай бір
Р.Ф.Томпсон тапсырманы шешуді жетілдіру болып табылады.
1957
2 Гильфорд Дж Креативтік -бұл тану және тандану мүмкіндігі,
1959 стандартты емес жағдайларда шешім таба білу
мүмкіндігі.
3 Адам және қоғам: Креативтік ( латынша-creatura құру)жаңашылдықты
сөздік жүзеге асу мүмкіндігі (жаңа шешім, жаңа әдіс,
Анықтама т.б.).
1996
4 Дружинин.Н.Б Креативтік - қоршаған орта жүзеге асуға
1999 мүмкіндік бергенде ғана жүзеге асатын құрал.
5 Бондаревская.Е.В. Креативтікті компонент адам мен мәдениеттің
арасындағы байланысты көрсетеді. Ол оның
2000 ж шығармашылық әрекетінің нәтижесі және оның
тұлғалық дамуына мүмкіндік береді.
6 Сластенин.В.И. Креативтік - ерекше құндылықтарды құру және
2000 стандартты емес шешім қабылдау мүмкіндігі.
7 Шрагина.Л.И. Креативтік - өзін - өзі көрсету деңгейі,
2001 индивидуалдылықты демонстрациялау күші.
8 Богоявленская.Д.Б. Креативтік - бұл мәселенің жаңа шешімдерін іздеу
2002 немесе индивидке арналған жаңашылдықты
көрсетудің негізгі тәсілдері.
9 Савенков.А.И. Креативтік - дәстүрлі емес стратегияларды және
2002 мәселелерді шешу тәсілдерін генерирлеу
мүмкіндігі.

Көптеген зерттеушілер креативтік мәселелеріне, оның өлшемдері мен
даму жағдайларына көп көңіл бөлген. В.И.Сластенин креативтікті жеке
тұлғаның терең қасиеттерін құрастыруын, ерекше құндылықтарымен стандартты
емес шешімдерді қабылдау ретінде анықтайды. Осы берілген түсініктемеге
автор қазіргі білім беруге байланысты көңіл аударып, бүгінгі білімдегі
негізгі талап, тұлғаның шығармашылық дамуы болып табылады. Психологтар
креативтікті сипаттауда, қабілеттілік мәселесін көрсетеді және көбінесе
креативтікті жалпы шығармашылық қабілеттілік ретінде қарастырады. Осы жерде
олар креативтік қиялдың дамуымен, фантазиямен, болжамның пайда болуымен
(Л.С.Выготский, Я.А.Пономарев, В.В.Давыдов, А.Г.Шмелев).
Я.А.Пономарев жұмыстарынды толық шығармашылық әрекетке қабілеттілік,
тек қана адам ететін, ішкі жоспар әрекетінің дамуын меңгерген, кәсіби
білімді бір аумақта, екінші аумаққа аударуға болатыны, оның ары қарай дамуы
үшін, тұлғалық сапаларын талап ету, оларды нағыз шығармашылық болу мүмкін
емес. Адамдарды шығармашылық өлшемдерді сұрағына көңіл аудара отырып,
олардың шығармашылықпен қамтамасыз етеді, көптеген зерттеушілер қиялды атап
көрсетеді (Л.С.Выготский, Д.Кабалевский және т.б.).
Қолдау терминін енгізу ғылымы – лингвистикалық эксперимент шешім
болып табылмайды, оның классикалық алмастырушы: көмек немесе қамтамасыз
ету - деген сөздер толық мағынаны ашпайды. Кез-келген көмек түрлері бар,
ал қолдау негізінде кеңінен еркіндік және өзекті мәселелеріді шешу
нұсқаларын таңдауда субъект даму жауапкершілігі жатыр. Күрделі үрдіс әсері
қолдаушыға және қолдаушы нәтижесі болып, әрекет пен шешім қолдаушы дамуына
апарады. Бұл терминді сараптауда субъект үрдісіндегі бала дамуы болып
табылады, бірақ та ол өзі ғана емес, және оның ата-аналары, педагогтар да
ерекше маңызды.

Бала Педагогтер

Ата-аналар Маңайындағы қоршаған орта
Сурет 1 Субъектілі төртбұрыш Е.И.Казакова бойынша

Мына түсініктерді ажырату ескертіледі: 1) Қолдау үрдісі; 2) Қолдау
әдісі; 3) Қолдау қызметі. Қолдауға жақын түсініктер болып, қамтамасыз ету,
көмек саналады. Егер осыдан шығатын болсақ, онда қолдау – бұл қамтамасыз
ету, және қолдау арқылы өмірлік түрлі таңдау жағдаяттары субъект дамуындағы
шешеімдерді қабылдау үшін, жағдай жасау әдісі түсініледі. Егер қолдауды
былай қарастырсақ, онда қолдау – бұл көмек, қолдаумен жүйелі әрекеттер
үрдісі арасында қандай да бір байланыс бар, қолдау әдісі бойынша қолдау
үрдісін тәжірибеде іске асыру түсінігін және оның негізінде төрт бірлік
функция жатыр:
1)мәселенің пайда болуындағы негізгі диагностикалар;
2) мәселенің негізі туралы ақпарат және оның шешу жолдары;
3) мәселені шешу жоспарын құру және шешім қабылдау кезеңіндегі
консультация;
4) іске асыру кезеңіндегі шешім жоспарын қабылдау.
Егер қолдауды ұйымдастыру түсінігімен қосатын болсақ, онда қолдау
қызметі – бұл қолдау үрдісін іске асырудағы түрлі кәсіби мамандардың
бірігуі.
Қолдау түсінігі қатарында психикалық қолдау түсінігі
қолданылады. Тек қана атап өтетіні, осы түсініктер әр түрлі мағына береді.
С.Л.Маркованың дәлелдемелерімен құптай отыра, психологиялық-
педагогикалық қолдау жекелей сипаттала ала отырып, келесі қағидаларды
құрайды:
1) психологиялық-педагогикалық қолдау барлық оқушыларға бағытталуы
қажет;
2) психологиялық-педагогикалық қолдау оқыту курсын толығымен
жоспарлап, мектепке дайындық кезеңінде қамытуға тиіс;
3) психологиялық-педагогикалық қолдау жалпы білім үрдісінің аралас
бөлігі, және сондай-ақ мақсатын, мазмұнын, педагогикалық үрдіс
технологиясымен қамтамасыз етеді;
4) психологиялық-педагогикалық қолдау мектептің барлық жұмыскерлерін,
оқушыларын, ата-аналарын қамтиды.
Жоғарыда айтылғанның бәрін қорыта келсе, келесі қағидаларды
жетекшілікке ала отырып, оқыту үрдісіндегі психологиялық-педагогикалық
қолдау жүйесін дамыту бойынша шараларды анықтауға болады:
1. Жинақталған тәжірибе негізінде жүйенің дамуын сақтайтын
тенденция қажеттігі. Психологиялық-педагогикалық қолдау
жүйесін бұзуды және қағидаларын қайта қарауда қажет етпейді,
керісінше, тәртіпті интегративтік байланыстардың дамуымен
қалайды.
2. Жаңару үрдісі балалардың жағдайының және олардың
жанұяларының жағдайларының төмендеуіне әкелмеуі керек;
шешімдердің пайда болуы және олардың жедел шешім қабылдауы
алдын-ала ескертумен қамтамасыз ету.
Психологиялық-педагогикалық қолдау міндеттері:
- оқушының дамуындағы мәселелердің пайда болуын алдын-ала
ескерту;
- әлеуметтендірудегі, оқытудағы өзекті міндеттерін шешуде
балаға көмек беру оқу қиындықтары, оқыту мен кәсіби таңдау
мәселесі, қарым-қатынас мәселелері жолдастарымен,
мұғалімдерімен, ата-аналарымен;
- педагогтердің, ата-аналардың, оқушылардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мультимедиалық технологиялар арқылы оқушылардың креативтігін дамыту
Дарынды оқушылардың креативті қабілетін қалыптастыру туралы ақпарат
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың коммуникативті дағдыларын дамытудағы отбасы тәрбиесінің рөлінің мәні
Corel Draw графиктік редакторында құжатпен жұмыс
Отбасылық тәрбие
Тарихты оқытуда модульдық оқыту технологиясын пайдалану
Математиканы оқытудағы жаңа технология
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогикалық материалдарды пайдалану
Медиатехнологиялар арқылы оқушылардың құзыреттіліктерін дамыту тәжірибесі
Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудың әдіснамалық негіздері
Пәндер