Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу органдары жүйесі


Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу органдары жүйесі
Жалпы құзырет органдарына, бірінші кезекте, ҚР Үкіметі жатады. Жеке кәсіпкерлік қызмет туралы Заңның 14-бабына сәйкес ол:
мемлекеттік саясаттың жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту
саласындағы негізгі бағыттарды әзірлейді;жеке кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік жүйесін қалыптастырады;
Үкімет жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша
консультациялық-кеңесушілік органдарын құрады және таратады;сараптама кеңестерінің орталық мемлекеттік және жергілікті
атқару органдары әзірлеген жеке кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын
нормативтік құқықтық актілерді қарауын ұйымдастырады;мемлекеттік қажеттіліктер үшін кәсіпкерлік субъектілерінен сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) номенклатурасын және олардың көлемін (пайыздық түрде) бекітеді;
шағын және орташа кәсіпкерліктің дамуын ынталандырады;
жеке кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне өнеркәсіптік өндіріс және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін жалға немесе
сенімділікпен басқаруға берілген нысандарда өтеусіз беру тәртібін
анықтайды;бәсекеге қабілетті салаларды құруды және жетілдіруді, жеке
кәсіпкерлік субъектілерін өркендетуді және солар өндіретін өнімнің
сапасын көтеруді ынталандыратын мемлекетік саясатты белгілейді
және жүзеге асырады;бәсекенің дамуына және инновациядағы инвестицияларды,
материалдық активтерді, сонымен қатар мерзімді инвестицияларды ынталандыруға себепші болатын нормативтік құқықтық
актілерді әзірлейді;әкономиканың жекелеген секторларлнда кластерлер құруды
ынталандырады;жеке кәсіпкерлік субъектілерінің дамуы үшін тосқауылдарды
жою мақсатында әкономика салаларының жұмыс істеуіне талдау
жасайды;инвестицияларды көбейту және ҚР әкономикасына инновацияларды енгізуді жеделдету мақсатында ұлттық даму институттарын
құрады;жекелеген салаларда жеке кәсіпкерлік субъектілері арасында
бәсекені дамыту үшін жағдайлар туғыза отырып, сол салаларды
тарифтік және тарифтік емес әдістермен уақытша қорғауды жүзеге
асырады;ұлттық әкспортқа шығарушыларға қатысты басқа елдің
белгілеген тосқауылдарын жою шараларын қабылдайды;жеке кәсіпкерлік субъектілерін келісілген, бірлескен әкспорттық саясат жүргізуге ынталандырады;
жеке кәсіпкерлік субъектілеріне ішкі және сыртқы нарықтардың жай-күйі туралы әкономикалық ақпарат беріп отыруды ұйымдастырады;
сапа менеджменті жүйелерін енгізуді ынталандыру жолымен
ұлттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін көтеру үшін жағдайлар
туғызады;ұлттық әкспортқа шығарушылардың басқа елдердің аумақтарындағы мүдделеріне лобби жасау жолымен сыртқы сұраныс үшін
жағдайлар туғызады;жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметкерлерін қолдап отырады, жеке кәсіпкерлік субъектілері мен жұмыс берушілер бірлестіктерімен өзара әрекеттеседі;
бәсекеге қабілетті салалар құру мақсатымен жеке салаларды
қолдау бағдарламаларын бекітеді;ғылыми-зерттеу ұйымдарын құрады, саланың қиындықтарын
және кластерлерін шешу үшін іргелі және қолданбалы ғылыми
зерттеулерді қаржыландырады;республика әкономикасы үшін білікті мамандар даярлау
бойынша мемлекеттік бағдарламалар әзірлейді;халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын жеке кәсіпкерлікке тарту бойынша шаралар әзірлейді.
Жалпы құзырет органдары қатарына сонымен бірге ҚР жергілікті өкілеттік және атқару органдары жатады. Жергілікті өкілеттік органдар:
жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың аймақтық
бағдарламаларын бекітеді;жергілікті атқару органдары басшыларының Қазақстанда жеке
кәсіпкерлікті қолдау, және дамыту мәселелері бойынша есеп-
қисаптарын қарайды.Жергілікті атқару органдарының құзыретіне мыналар кіреді:
жеке кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың мемлекеттік
жүзеге асыру;жске кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар туғызу;
аймақтарда мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруды
және орындауды қамтамасыз ету және жауапкершілік көтеру;жеке кәсіпкерлікті қолдаудың аймақтық бағдарламаларын
әзірлеу және іс жүзіне асыру;аймақта жеке кәсіпкерлік және инновацияльқ қызметті қолдау
инфрақұрылымын құруды және дамытуды қамтамасыз ету;жергілікті атқару органдарының жеке кәсіпкерлік субъектілері
бірлестіктерімен және нарық инфрақұрылымы нысандарымен өзара
қарым-қатынастарын дамытудың стратегиясын белгілеу;сараптау кеңестерінің қызметін ұйымдастыру,
жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін мамандар және қызметкерлер даярлауды, қайта даярлауды және біліктіліктерін көтеруді
ұйымдастыру.Аталған саладағы арнайы құзырет органдары болып қолданыстағы заңдарға сәйкес: ҚР Индустрия және сауда министрлігі, оның құрамына кіретін комитеттер (Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық даму комитеті, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитет, Бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитет, Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитет), сонымен қатар оның аумақтық бөлімшелері саналады.
ҚР Индустрия және сауда министрлігі - бұл мемлекеттік саясатты әзірлеу және индустриялық салада нормативтік құқықтық реттеу бойынша, оның ішінде елдщ қорғаныс-өнеркәсіптік, ғылыми-техникалық және инновациялық дамуы, сонымен қатар сауда қызметін, кәсіпкерлікті дамыту және бәсекелестікті, құрылыс, сәулет, қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты қорғау саласында, өлшемдер бірлігін техникалық реттеу жәке қамтамасыз ету, әкономиканың шикізаттық емес секторында жеке инвестицияларды ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар туғызу бойынша қызметтер атқаратын орталық атқару органы.
Индустрия және сауда министрлігі:
жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік
саясатын жүргізуді жүзеге асырады;жеке кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын әзірлейді және іс
жүзіне асырады;жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік
шараларын ұйымдастырады және орындалуын үйлестіреді;жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру және кредит
беру жөніндегі шараларды жетілдіру туралы ұсыныстарды әзірлейді;кәсіпкерлік ортаға, инвестициялық ахуалға және жеке
кәсіпкерліктің даму инфрақұрылымына талдау жүргізеді;жеке кәсіпкерлік қызмет салаларында зерттеулер жүргізуді
ұйымдастырады;жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамытуды қамтамасыз ететін
нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және ҚР Үкіметіне ұсынады;республика аймақтарында шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымының қалыптасуына және дамуына себепші болады;
шағын кәсіпкерлік саласында мамандарды даярлау, қайта
даярлау және біліктіліктерін көтеру жүйесін құру бойынша ұсыныстар
әзірлейді;10) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғауға бағытталған ҚР заңдарының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
11) жеке кәсіпкерлікті дамыту бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқару органдарының ведомстоаралық үйлесімділігін іске асырады;
12) орталық мемлекеттік және жергілікті атқару органдары жанындағы сараптау кеңестерінің қызметін үйлестіреді;
13) шағын кәсіпкерліктің инновациялық, инвестициялық және индустриялық дамудың мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысуы үшін жағдайлар туғызады;
жеке кәсіпкерлікті қолдау, қорғау мәселелерінде инвесторлар,
шетелдік ұйымдар - грант берушілер үшін жағдайлар туғызады;жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін әдістемелік көмек
ұйымдастырады;жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тауарлардың (жұмыстардың,
қызметтердің) халықаралық нарықтарына шығуына жағдайлар
туғызады;жеке кәсіпкерлікті дамыту саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бойынша мемлекеттік
саясатты насихаттайды;19) мемлекеттік органдар және олардың лауазымды тұлғалары тарапынан жол берілген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін реттейтін ҚР заңдарының бұзылуы туралы ҚР Президентін және Үкіметін хабардар етеді.
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу әдістері мен бағыттары Экономикалық қатынастарды мемлекеттік реттеу әдістері тікелей және жанама деп бөлінеді.
Мемлекеттік реттеудің тікелей әдістері, негізінен, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің мінез-құлқына ықпал етудің әкімшілік құралдарын пайдалануға байланысты. Мемлекеттік реттеудің ондай әдістеріне кәсіпкерлік қызмет субъектілерін мемлекеттік тіркеу, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау және т. б. жатқызуға болады.
Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті, қабылдайтын актілері және мемлекеттік қызметшілерді жұмысқа қабылдау жағдайы.
Жергілікті атқарушы органдардьщ өздеріне мемлекет жүктеген міндеттерді жүзеге асыру үшін оларға кең көлемде құзырет берілген. Атап айтқанда, жергілікті әкімият атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуде, оның қарауында төмендегідей конституциялық баскарушылық өкілеттіктер бар:
аумақты дамытудың жоспарларын, әкономикалық және
әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу және
олардың орындалуын қамтамасыз ету;коммуналдық меншікті басқару;
жергілікті атқарушы огандардың басшыларын қызметке
тағайындау және қызметінен босату, жергілікті атқарушы
органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де
мәселелерді шешу;жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне сай Республика
заңдарымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де
өкілеттіктерді жүзеге асыру.Сипаттамалық тұрғыда тиісті құқықтық түсіндірме берілгенде "Қазақстан Рсспубликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында жергілікті әкімдердің, өзге де облыстық және аудандық, қалалық әкімшілік органдарының өкілеттігі неғұрлым егжей-тегжейлі регламенттелген десек те, заңгер көзімен көз жүгірте қарасақ аталған заңда жергілікті әкімдердің өкілеттігі баянды етілетінін, алайда олардың өкілеттігін жүзеге асыру саласы жекелеген баптарда нақты талданып, мазмұны ашылып көрсетілмейтіндігін атап өткен жөн.
Ал, жергілікті әкімшіліктің өзге де органдарына келгенде заңның арнаулы баптарына мән бере үңілсек, олардың қызметінің өздері заң жүзінде құзыретті болатын негізгі бес саланы айғақтайды. Оларға мына салаларды жатқызамыз:
жоспарлау, бюджет, шаруашылық қызмет, көлік пен байланыс саласындағы өкілеттік;
2) жерді пайдалану, табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды
пайдалану саласындағы өкілеттік;
3) құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық қызмет
көрсету, сауда, қоғамдық тамақтандыру саласындағы өкілеттік;
4) халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету саласындағы өкілеттік;
5) заңдылықты, құқық тәртібін, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары
мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету саласындағы өкілеттіктер
жатады.
Жоғарыда келтірілген қызмет салаларында облыстық, аудандық, қалалық әкімияттардың өте кең өкілеттіктері бар. Мәселен, жоспарлау, бюджет, шаруашылық қызмет, көлік пен байланыс саласында: облысты/ауданды, қаланы дамыту жоспарлары мен бағдарламаларының жобаларын әзірлейді; әкімшілік-аумақтық бөліністердің меншігіндегі кәсіпорындарды, мекемелер мен ұйымдарды құрады, қайта ұйымдастырады және таратады; еңбек ресурстарын есепке алуды қамтамасыз етіп, олардың бөлінуін реттейді; халыкқа кәсіпорындар мен ұйымдар көрсететін байланыс қызметінің сапасын бақылауды жүзеге асырады, оларға шарт негізінде почта, телефон байланысы
мен өзге де байланысты және басқаларын қолға алуға көмек көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz