Қазақ халқының ислам дінін қабылдауы
1. Қазақ халқының ислам дінін қабылдауы.
2. Қазақтың мұсылмандық дәстүрі.
3. Абай философиясындағы иман, Алла, пайғамбар түсініктері.

Қазақ халқының діни көзқарасына келсек ол да әр қилы. Қазақтар мұсылман халықтарына жатады. Бірақ Қазақ даласына ислам діні VІІ ғасырда ғана келе бастады. Ол араб елдерінің Еділ бойын , Орта Азияны қазақ жерінің оңтүстік аймақтарын жаулап алуына байланысты еді. Сапармен бірге араб дінін таратушы миссионерлер, саудагерлер келе бестады. Олар Сұнақ ата, Сауран, Яссы қалаларының тұрғындарына айналды. Кейін сырттан келушілер 0қазақ жеріне әбден сіңісіп, жергілікті халықтың тілін, әдет ғұрпын бойына сіңірген соң қазақ аталып кетті. Қожалар молдалық жасап ел аралап, балаларды сүндетке отырғызып, мектеп ашып ислам дінін таратты. Қазақтар бұрынғы заманда Тәңірге, бұтқа табыныу, айға, күнге табыну, шамандық дінді ұстау,бақсыларға сену,әулиелерге түнеу кең таралды. Оның себебі ислам дінінің әдет – ғұрыптарын бұлжытпай орындауға ұдайы кедергі жасаған көшпелі тұрмысыәулиеге түнеп садақа беріп, ағаш басына шүберек байлап оған ақша түйіп отырған. Дәл осы ағаштарға шүберек байлау кәдесі түріктерде сақталған. Тәуелсіздік алған Қазақстан мемлекеттік туы етіпкөк түсті жалауды бекітті. Бұл мұсылмандардың жасыл, моңғолдардың қара түсті, Ресейдің ақ, көк, сары түсті жалаулары емес. Мұның негізінде қазақ халқының ежелгі көкке сиынуы жатыр. Қазақ халқы имандылықты сүйген,жек көрген әділетсіз адамды имансыз деп сөккен. Үлкенді силаған, әйел – қыздар ер адамның жолын кеспеген, үлкендерге иіліп сәлем берген. Жастар үлкендердің қолына су құйып сүлгі орамал ұстатып, батасын алған. Жақсы адамдарды үлгі тұта білген, мәселен «жақсыдан - шарапат, жаманнан – кесапат» деген.Қазақ халқының мұсылмандық мәдени дәстүр ітарихында ақын хәкім Абайдың орны ерекше.
Абайдың дүниетанымында құдай мен табиғат, адам мен құдірет, жан мен тән,өмір мен өлім көп орын алады.
Абай бір жағынан, құдай бар деп түсінсе, екінші жағынан, дүниенің, әлемнің обьективті заңдылығы бар екенін мойындайды. Сондықтан ғылымды меңгеруге дүниені түсінуге шақырады.

Жоспар
1. Қазақ халқының ислам дінін қабылдауы.
2. Қазақтың мұсылмандық дәстүрі.
3. Абай философиясындағы иман, Алла, пайғамбар түсініктері.
Қазақ халқының діни көзқарасына келсек ол да әр қилы. Қазақтар мұсылман
халықтарына жатады. Бірақ Қазақ даласына ислам діні VІІ ғасырда ғана келе
бастады. Ол араб елдерінің Еділ бойын , Орта Азияны қазақ жерінің оңтүстік
аймақтарын жаулап алуына байланысты еді. Сапармен бірге араб дінін таратушы
миссионерлер, саудагерлер келе бестады. Олар Сұнақ ата, Сауран, Яссы
қалаларының тұрғындарына айналды. Кейін сырттан келушілер 0қазақ жеріне
әбден сіңісіп, жергілікті халықтың тілін, әдет ғұрпын бойына сіңірген соң
қазақ аталып кетті. Қожалар молдалық жасап ел аралап, балаларды сүндетке
отырғызып, мектеп ашып ислам дінін таратты. Қазақтар бұрынғы заманда
Тәңірге, бұтқа табыныу, айға, күнге табыну, шамандық дінді ұстау,бақсыларға
сену,әулиелерге түнеу кең таралды. Оның себебі ислам дінінің әдет –
ғұрыптарын бұлжытпай орындауға ұдайы кедергі жасаған көшпелі тұрмысыәулиеге
түнеп садақа беріп, ағаш басына шүберек байлап оған ақша түйіп отырған. Дәл
осы ағаштарға шүберек байлау кәдесі түріктерде сақталған. Тәуелсіздік алған
Қазақстан мемлекеттік туы етіпкөк түсті жалауды бекітті. Бұл мұсылмандардың
жасыл, моңғолдардың қара түсті, Ресейдің ақ, көк, сары түсті жалаулары
емес. Мұның негізінде қазақ халқының ежелгі көкке сиынуы жатыр. Қазақ халқы
имандылықты сүйген,жек көрген әділетсіз адамды имансыз деп сөккен. Үлкенді
силаған, әйел – қыздар ер адамның жолын кеспеген, үлкендерге иіліп сәлем
берген. Жастар үлкендердің қолына су құйып сүлгі орамал ұстатып, батасын
алған. Жақсы адамдарды үлгі тұта білген, мәселен жақсыдан - шарапат,
жаманнан – кесапат деген.Қазақ халқының мұсылмандық мәдени дәстүр
ітарихында ақын хәкім Абайдың орны ерекше.
Абайдың дүниетанымында құдай мен табиғат, адам мен құдірет, жан мен
тән,өмір мен өлім көп орын алады.
Абай бір жағынан, құдай бар деп түсінсе, екінші жағынан, дүниенің,
әлемнің обьективті заңдылығы бар екенін мойындайды. Сондықтан ғылымды
меңгеруге дүниені түсінуге шақырады.
Алланы тану оған тек сену емес. Алланы тану оның кереметтерін тану,оны
жаратушы деп түсіну, мойындау. Жаратушыны танып білуге тура жол жоқ, оны
біз тек ғана өз құдіретімен жаратқандары арқылы білмекпіз. Жаратушы не
жаратты? Бар болмыстың бәрі жаратушының кереметтері яғни жаратушыны тану
деген сөз бүкіл жаратылысты тануға талпыныс. Алла тағаланы танымаққа
бастайтын жол ғылым жолы. Ақын Алланың өзіне де, сөзіне де күмән
келтірмейді, мәселен Алланың өзі кім, сөзі не тану керек.Алланы танудың
қиыншылығын, ол Алла деген сөз жеңіл деген өлеңінде анық айтқан,Алланы
сөзбен, ақылмен емес жүрекпен сезу керек, оның барлығын тану сезім арқылы
болмақ. Және де Абай айтады; Алланың сөзі қаріпсіз, дауыссыз. Керемет
шындық. Пайғамбарымыз біздің түсінігімізде сауатсыз болған. Ол қәріп
танымаған. Пайғамбарымызға аят аян түрінде келген. Пайғамбар білімі аян
білімі, біздің білім қаріп арқылы болатын білім,сонда Аллаға кімнің жақын
болатыны белгілі болады.Абай әуелі аят, хадис – сөздің басы - дейді. Аят
– дүние көрінісі туралы сана. Аят сөз басы. Бірақ ол адамның ойынан туған
дүние емес, Мұхаммет Пайғамбарымызға өлең кейпінде түскен аян. Ислам дінін
уағыздаушылар Мұхаммед соңғы пайғамбар дейді.
Мұхаммедті біз расул - емші дейміз, бұл жалғыз Мұхаммедке емес барша
пайғамбарларға ортақ қызмет. Яғни бұл мәселе мәні, адам
жаратушысыментікелей байланысты болмағындықтан, тіптен оны танып – түсіне
алмағандықтан адам мен Алла тағала арасында пайғамбар тұлғасы тұр.
Мұсылмандар Алла бір, пайғамбар хақ дейді.Әрине пайғамбар таза ниетті,
ізгілік жолындағы ерекше жан. Кез – келген адамның пайғамбар болуға
мүмкіндігі жоқ. Алайда пайғамбар жаратушы атынан сөйлегенмен, ол тек бір
дінге қатысты харекет етуші адам. Дүниеде дінедер көп, сол әр дінніңөз
пайғамбары бар. Пайғамбарлық ерекше қасиетті талап етеді, оның сыры тылсым.
Абай иман жайында он үшінші қара сөзінде толық ашып айтқан.
Ислам деген – Алла табарака уатағалланың шәріксіз, ғайыпсыз,бірлігіне,
барлығына уапір негебізге пайғңамбарымыз саллауһу ғалайһу уәссәләм
арқылыжіберген жарлығына, білдіріміне мойын сұнып, инанбақ . Енді бұл иман
дерлік инануға екі түрлі нәрсе керек. Әуелі, не нәрсеге иман келтірсе,
соның хақтығына бірлән дәлел жүргізерлік болып ақылы дәлел ислам қыларға
жараса, мұны якими иман десек керек.
Екінші кітаптан оқу бірлән иман келтіріп сол иман келтірген нәрсесіне
соншалықтық беріктік керек. Біреу өлтіремін деп қорқытса да, мың кісі мың
түрлі іс көрсетсе де, соған айнып қозғалмастай берік болуы керек. Бұл
иманды иман тахледи дейміз. Иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл,
босамас буын керек дейді. Яғни, кімнің ұлты жоқ болса, оның иманы да жоқ
- деген. Біздің қазақтың мақалыда бар. Ұят кімде болса, иман сонда -
деген. Енді бұл сөзден білінеді. Ұят - өзі иманның бір мүшесі екен.
Қорыта келе Абай өз заманында жаратушы Алла тағала, яғни ислам діні
туралы көптеген көзқарастарын айтып, жастарды тәлім – тәрбиеге, Алланы
тануға, ғылым – білім үйренуге шақырады. Абай халқымыздың мақтанышы ғана
емес, біздің ұлттық ұранымыз, ұлттық идеологиямыз. Сол сияқты Абайдың
философиялық көзқарастарының көбі адамгершілік мәселесіне келіп тіреледі.
Ақын жеке адамдарды жаманшылықтарынан арылтып сол арқылы заманындағы қауым-
қоғамын және бар халқын түзетіп, өзгертпек болады. Сонда оның бұл адамы
мейірім, әділет, шапағат, ар-ұят, ұялаған жылы жүректі жан және бұл адам
жылы жүрек жетекші болған нұрлы ақыл мен ыстық қайраттың иесі. Ал осы адам
...адамзатты махабатпен жаратқан алланы суюі, адамзаттың бәрін бауырым деп
сүюі, хақтың жолы әділетті сүюі тиіс сонда ғана бұл адам толық адам
(нравственная личность) болмақ. Әрине, Абайдың бұл адамы-әрекеттің иесі,
ақылдың иесі. Ал бұл екеуі адамға жеке жеке тұрып, пайда мен залалды,
жақсылық пен жамандықты қатар жасата береді. Егер ақыл мен қайратты жүрекке
билетсе, адам залалдық пен жамадыққа бармайды. Ақын сөйтті, өзінің идеалы
болған осы толық адамында-жүректі ең жоғары сатыға қояды да, жүрек адам
денесінің патшасы, билеуші, әмерші-дейді. Нұрлы ақыл, ыстық қайрат және
оларға әмірі жүретін жылы жүрек бір кісіде табылса, онда ол табанының
топырағын көзге сүртерлік қасиетті адам- деген тұжырымға келеді.
Абайдың осы ойлары әл-Фарабидің жүрек басты мүше, мұны тәннің
ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді, бірақ мұның
үстемділігі бірінші емес, екінші. Өйткені ол барлық басқа мүшелерді
билейтін болса, оның өзін жүрек билейді-деген оймен үндесіп жатыр.
Абай Шоқандай ислам дінін, оның таратушылармен қоса сынамағанмен де
әлеуметтік мәселеде қазақ ішіндегі, бүкіл мұсылманшылық ғылымындағы дін
ұстаздарына қатты сын айтады, соққы береді. Бірақ абай бүкіл Батыс
ағартушыларының дін жолында болғаны сияқты өзін ол діннің ішінде көреді.
Мұхаң сөзімен айтқанда, көп діңдер көп мұсылманның бірі боп қала береді.
Бірақ Абайдың дінін және соның діңге қатынасын осылай екі жағынан көрсете
келіп, жалпы айтатын бір жай-қай кезде болса да, Абай дінсіз емес, қайта
діңді тұтынушы, иланушы адам болды... Дінді түсінудің, тұтынудың және
бағалаудың жайындай, әрине, заманындағы исләмшіл дін басылардың,
апологеттердің ұғымынан сан рет аулақ, алыс кететін пікірді Абай өлең
сөздері мен қарасөздерінде көптен-көп танытады. Кейде оның діні шартты
түрдегі тек адамгершілік мақсатына ғана арналған дін болатыны бар (М.
Әуезов. Абай Құнанбаев, 154-б)-дейді. Абайдың ағартушылық идеясы және осы
жолдағы күресі оны өзі ортасында жүрген адамдардың санасын оятуды, оларға
ақыл беруді, ізгілікке, түзу жолға-адалдық, адамгершілік, еңбек, білім
жолына түсіруді ілгері шығарады. Ал надан, тәрбиесіз ортаның әсерімен адам
бойында пайда болған нешеме жамандық: дұшпандық мінез-әрекеттер бұған
кедергі болды. Ал өздерінің реакциялық қараңғы нанымдарымен халықтың
санасын уландырып, шырмап келген дін иелерінің күнде іске асырып отырған
үгіті, оқуы, әрекеті халықтың өз надандығы тапқан нанымен, мінезін,
әрекетін түзетуден гөрі де ауыр жүк болды. Сөйтіп Абайдың алдында екі жақты
күрес тұрды. Сонда өзіндік тапқан бір құралы дін болды. Моральдык
философияның, педагогикалық мұраттардың негізін дендегі негіздермен
қабыстырып беруді (М. Әуезов) мақсат етті.
Бұл тараудың тағы бір артықшылығы мынау. Автор М. Әуезовтің Абайдың
діні сыншыл ақылдың, адамгершіліктің діні деген тезисінен шығарып барып,
Абайдың ағартушылық идеяларын насихаттауда бір күрес тәсілі, идея өткізудің
бір құралы етіп пайдаланған дінін ғылыми жүйеде кеңінен ашып қана
қоймайды, ол Абай шығысын, оның М. Әуезов танымындағы сипатын тереңдеп
баяндап жеткізе отырып, бір кезде осы саладан келіп, қазақтың бұл екі ұлы
данышпанына айтылған сынсымақтарды қатты әшкерелейді де. Сөйтіп, өзінің
зор ғылыми дәлелдеулерімен қазақ әдебиеттану ғылымының Абайды тану
тарихында таңбадай болған өткен күннің еншісі болған бұл мінді түзейді.
Абай төртінші сөзінде адам баласы жылап туады, кейін өледі. Екі ортада бұл
дүниенің рақатының қайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне-бірі
мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, басқа, жарамсыз қылықпен, қор етіп
өткізеді де, таусылған күнінде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға
таба алмайды.
Құлық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ-өнерсіз иттің ісі, әуел
құдайға сыйнып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң,
қара жер де береді, құр тастамайды-деп өзінің ойын ашық айтып кетеді.
Алтыншы қарасөзінде: Кеселді жалқау, қылжаңбас,
Әзір тамақ, әзір ас,
Сыртың –пысық, ішің-нас,
Артын ойлап ұялмас,-
болып жүріп, тірімін деме, онан да алла жіберген ақ бұйырықты өлімнің өзі
артық деген. Келесі қарасөзінде (7) жас бала анадан тұғанда екі түрлі
мінезбен туады. Біреуі-ішсем, жесем, ұйықтасам-бұл тән құмарлығы. Бұлар
болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Біреуі білсем екен демеклік-бұл
жан құмарлығы. Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса
денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң ол жан адам
жаны болмайды, хайуан жаны болады. Әуелде құдай тағала хайуанның жанынан
адамның жанын ірі жаратқан, сол әсерін көрсетіп жаратқаны.
Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің
хайуан малдан неміз артық? Қайта бала күнімізде жақсы екенбіз. Енді осы
күнде, хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды. Біз
түк білмейміз, бізде білеміз деп надандығымызды білімділікке бермей
таласқанда, өлер-тірілерімізді білмей, күре тамырымызды адырайтып кетеміз
деп өз ойын айтқан Абай.
Он үшінші сөзінде имам деген алла тағаланың ғайыпсыз, бірлігіне,
барлығына, бізге пайғамбарымыз саллалаһу ғалайһи уәсәлләм арқылы жіберген
жарлығына, білдіргеніне мойын сунып. Енді бұл иман дерлік инануға екі түрлі
нәрсе керек. Ол иманды екіге бөліп қарастырады. Бірі Якини иман, екіншісі
иман таклиди дейміз.
Он үшінші қарасөзін Құдай тағаланың кешпес күнәсі жоқ деген жалған
мақалды қуат көрген мұндай пенденің жүзі құрысын деп аяқтайды.
Он бесінші қарасөзінде былай деген:
Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе,
күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір
ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал
Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өміріңді
Қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке,
Не дүниеге жарамды , күнінде өзің өкінбестей
Қылықпен өткізіппсің? Жоқ болмаса, не қылып өткізгеніңді
өзің де білмей қалыппысың?-деп қиямет күнінде есептің болатындығын еске
түсіріп кеткен.
Он сегізінше сөзінде: Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл,
ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрселерменен оздым
ғой демектің бәрі де-ақымақтық деп адам баласының асыл қасиеттерін жоғары
қойып жеткізеді. Сонымен бірге адам ата-анадан тұғанда есті болмайды:
естіп, көріп, білгені көргені көп болған адам білімді болады-деп айтқан
болатын.
Жиырмасыншы сөзінде: Тағдырдың жарлығын білесіздер-өзгерілмейді.
Пендеде бір іс бар жалығу деген, Ол тағдырда адаммен бірге жаратылған
нәрсе, оны адам өзі жора тапқан емес. Дүние бірқалыпты тұрмайды, адамның
қуаты, ғұмыры бірқалыпты тұрмайды. Әрбір мақулыққа құдай тағала бірқалыпты
тұрмақты берген жоқ. Енді көңіл қайдан бірқалыпты тұра алады?-деп адамзатқа
ой тастайды.
Қырқыншы сөзінде: Осы біздің қазақтың өлген кісісінде жаманы жоқ,
тірі кісісінің жамандаудан амалы жоқ болатұғыны қалай?-деп сұрақ қоя
отырып, бізге үлкен ой тастайды. Ислам дінінде ғайбат сөйлеуге тыйым
салынған. Яғни ғайбат сөйлеген адам өзінің өлген бауырының етін жегенмен
тең деп айтылады. Он бәленің тоғызы тілден екен, сондықтан да ойланып
сөйлеуіміз керек.
Қырық бесінші сөзінде: Құдай табарака уатағаланың барлығының үлкен
дәлелі-неше жылдан бері әрім әртүлі сөйлесе де, бәрі де бір үлкен құдай бар
деп келгендігі, уа һәм неше мың түрлі діннің бәрі де ғаделет, махаббат
құдайға лайықты дегендігі
Біз жаратушы емес, жаратқан көлеңкесіне қарай білетұғын педеміз. Сол
махаббат пен ғаделетке қарай тартпақпыз, сол алланың хикметін біреуден
біреу анығырақ сезбекпен артылады. Инандым, сендім демек инандырамын,
сендіремін деген емес.
Адамшылықтың алды махаббат, ғаделет сезім. Бұлардың керек емес жері
жоқ, кіріспейтұғын жа жері жоқ. Ол жаратқан тәнірінің ісі. Бұл ғаделет,
махаббат сезім кімде көбірек болса, ол кісі-ғалым, сол-ғақил. Біз
жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып, жасалып қойған нәрселерді
сезбекпіз, көзбен көріп, ақылмен біліп- деп өз ойын аяқтайды.
VIII ғ. өмір сүрген қоқыт ата:
Өмір деген-бір керуен, жерге қонса, ертеңіне көшіп кетеді-деп ой
тастаса. Баласағұн: Дүние-бекет, сен керуен өтпелі-деп үн қосады.
Йугенеки: Бұл дүние керуен түсетін сарай, керуен сол сарайға аялдап, әрі
қарай сапар шегеді-деген. Ал, Абай: Дүние үлкен көл, заман соққан жел,
алдыңғы толқын-ағалар, артқы толқын-інілер, кезекпенен өлінер, баяғыдай
көрінер,-деп қорытады. Қорыта келе Абай өз заманында жаратушы Алла тағала,
яғни ислам діні туралы көптеген көзқарастарын айтып, жастарды тәлім –
тәрбиеге, Алланы тануға, ғылым – білім үйренуге шақырады. Абай халқымыздың
мақтанышы ғана емес, біздің ұлттық ұранымыз, ұлттық идеологиямыз.Қорыта
келе Абай өз заманында жаратушы Алла тағала, яғни ислам діні туралы
көптеген көзқарастарын айтып, жастарды тәлім – тәрбиеге, Алланы тануға,
ғылым – білім үйренуге шақырады. Абай халқымыздың мақтанышы ғана емес,
біздің ұлттық ұранымыз, ұлттық идеологиямыз.
Адам баласына Аллаһтың сыйлығы ол уақыт
Барлық мақтау әлемдердің Раббысы Аллахқа, Аллахтың игілігі елшілердің
ардақтысы Мұхамедке, сәлемі оның үй-ішіне, барлық достарына болсын.
Бұл дүниедегі басты байлығымыз мына дүниедегі уақыт. Осы тіршіліктегі
әрбір тыныстың өлшемі бар және әрбір күніңін есептеулі. Егер Адам сол
берілген уақыты өз игілігіне дұрыс пайдалана алса, онда ол ұлы бір
ізгілікке қол жеткізгені, ал босқа жоғалтса, онда ол ұлы игіліктен
айырылғаны. Шын, біз сендерді босқа жараттық па, тіпті бізге
қайтарылмаймыз деп ойлайсыңдар ма?- Құран (Муминун сүресі 115 аят)
Қазір нәпсі қалауының бой көтеруі, адамдардың соған бейімделе,
уақытын пайдасыз, тыйым салынған істерімен өткізуінің салдары, қоғамның
рухани әлсіреуіне алын келеді. Құран –Аср сүресі. Заманға серт.
Негізінен адам баласы зиянда (шығында) Бірақ сондай иман келтіріп, жарамды
іс істегендер және бір-біріне шындықты және сабырды үгіттескендерден басқа
Аллаһ Тағаланың жиі уақытпен серт етуі-уақыттың адам өміріндегі орны мен
рөлінің қаншалықты үлкен екеніне назар аударады, және оның бар болғаны,
қайта оралмайтын өлшеулі бір сәт қана екенін ескертеді.
Адам ғұмыры-санаулы жылдардағы құрайтын қысқа бір мерзім, сондай-ақ
адам осы аралықта жасаған әрбір амалы, әрбір уақыты, әрбір өткізген сәті
үшін қиямет күні сұралады. Пайғамбарымыз Мұхаммед С.Ғ.С. былай дейді:
Қиямет күні пенденің екі аяғы төрт нәрседен сұралмайынша қозғалмайды.
1.Өмірін қалай өткізді
2.Жастық шағын қалай пайдалаңды
3.Мал-мүлкінің қайдан және не нәрсеге жұмсалған
4.Алған білімі және қалай пайдаланғандығы. Әт-Термизиден.
Пайғамбарымыз с.ғ.с. адамдардың көбі Аллаһ Тағаланың оларға Берген
екі түрлі нығметінің қадіріне жете бермейді. Ол денсаулы және бос уақыт.
Аль-Бұхари. Егер де кімде кім ден сау бала тұрып, бос уақытын пайдасыз
істерге жұмсаса, ол саудадаға алданған саудагерлер секілді. Ал адамдардың
көбісі денсаулығымен бос уақытын дұрыс пайдаланудың орнына, жөн-жосықсыз
ысырап етуде. Егер де Адам баласы Аллаһтың өзіне сый етілген осы
нығметтердің қадірін түсініп, дұрыс жұмсай білсе, қаншалықты зор игілікке
қол жеткізген болар еді. Аллаһ Тағала Адам баласы уақытын босқа жоғалтып,
кейін өкінетіндігінің еш пайда бермейтіндігінің екі жағдайын баян етті.
Бірінші жағдай: Адамның ажалы жетіп, жан тапсырар сәтін Маған өткен
өмірден аз ғана мұрсат берілсе, белгіленген уақыт кішкене кешіктірілсе еді,
жоғалтқан нәрсемді қайта орнатар едім, бұзған нәрсемде қайта түзетер едім
деп Аллаһтан қатты тілейтіні туралы. Екінші жағдайы: Қиямет күні әрбір
пенде жасаған амалының жемісін көреді. Өткінші өмірде ізгі амалдар жасаған
болса, Аллаһ Тағаланың рахметімен жәннатқа, ал күнәхар болса, Аллаһ
Тағаланың қаһарымен тозақ отынына душар болады. Сондай-ақ ол күні тозақ
отынына душар болғандар Қане еді, егер де мені өткен өмірге бір рет
жіберсе еді, мен ол өмірімді басынан бастап тек ізгі істер жасап,
құлшылықта бой ұсынумен өткізер едім-деп қатты жылап жалбарынады.
Өкінішке орай, ол күні өткен өмір қандай қашықта. Қазіргі уақытымызға
назар салсаң, уақытты қастерлемей босқа өткізіп, игі амалдарға немқұрайлық
танытса, ізгілікке деген ынтаның азайып, нәпсі мен жалқаулықтың бой
көтергенін байқаймыз. Есепсіз алтынға айырбастамас сағатымыз сырғып, қайта
оралмас күндеріміз өтіп жатқанда, кейбіреулер: кел, бос уақытымызды былай
өткізейік, пәлен жаққа барайық-деп жар салады. Қайран уақыт. Құран.
ендеше босай қалсаң және тырыс, Рабына ғана бел байла. Шарх сүресі 7-8
аяттар.
Біз бұл дүниеде Аллаһ Тағаланың бақылап тұрғанын іштей сезіне отырып,
әрдайым ынталанумен болйымыз керек. Өйткені, ертеңгі болашақтың негізі
қалануда. Адам өміріндегі ең үлкен қателігінің бірі-уақыттың еш қадірін
білмеуі. Ол өтіп жатқан күндердің-өмірін тауысып, жатқанын, олардың еш кері
қайтпайтынын әсте аңғармайды. Күннің күн сайын шығып, қайта батып жатқанын
көп мән бермей өтіп жатқанына мәз. Ал негізінде өткізген әрбір күні оны
өмірінің соңына жақындатып жатқанын қайдан білсін.
Күдер адам баласы жанынан өтіп бара жатып: Ей, адам баласы, мен жаңа
күнмін, мені қандай амал жасап өткізесің, өйткені мен сол жасалған амалының
үшін куә болып қаламын. Егер мен сенен кетсем, саған еш оралмаймын.
Сондықтан ертеңгі күні пайдаң болып оралуым үшін, мені қалағаныңша ізгі
амалдарыңмен өткіз-дейді.-Хасан Аль-Басриден Сен ақшаңды тауысқанда
өкінесін, ал егер күндерің өтіп өмірің қысқарса ол үшін еш өкінбейсің.
Сондай-ақ, шамадан тыс нәрселерді талап етсеңде, жеткіліксіз санайсын,
дейді.
Тұн ұзақ, бірақ оны сен ұйқымен қысқартпа, ал күн таза, пәк сен оны
өзіңнің күнә істеріңмен кірлетпе. Бүгін амал қылу бар, есеп беру жоқ, ал
ертең есеп беру бар, амал жоқ. Сондай-ақ, дүниені ойлап алданбаңдар.
Өйткені бұл дүние сау адамды ауыру етеді, жаңа нәрсені ескіртеді, жасты
қартайтады. өмірде адамдардың бір-бірінен айырмашылықтары олардың өз
уақыттарын қалай жұмсауларында. Уақттың босқа кетуі өлімнен де жаман.
Өйткені өлім сені дүние және ондағы адамдардан ғана ажыратса-зая кеткен
уақыт сені Аллах Тағаламен ахирет жұртынан айырады.
Құран-күллі жаһан халқына уағыз, насихат
Ат туяғын тай басады. Тегін сөз емес, текті сөз. Демек бала
болшағамыз. Бұл сөз әне соны баданалап тұр. Ал, ендеше, болашағын
ойламайтын халық болушы ма еді? Жоқ! Себебі, болшағын ойламайтын халық
ғұмырсыз халық. Қазақ ежелден-ақ, баланы жастан тәрбиеле-деді. Тәрбиелеп
те келді. Бірақ ортадағы ұзаққа созылған үзіліс тәрбие бағытымызды басқа
жаққа бұрып жіберді. Ең әуелі, адам жанының, ділінің алтын діңгегі
саналатын дінімізді сүюден, танудан амалсыз қол үздік.Бұл біздің,
ұрпағымызды ештеңеден именбейтін, тартынбайтын тас жүрек, аспан асты Бір
меншіл етіп жіберді.
Тас жүрекке Құдай әсте салмас назар-деп Ахмет Иассауи бабамыз
айтпақшы, Менмен, құдайсыз болып өскен ұрпақтың Ұлы Жаратушы Алланы тану
түгілі, өзін тапқан, баққан-қаққан әке-шешесін тануы екіталай. Ондай
бейбақты қазақ тексіз дейді. Сөз қадірін білетін кісіге қазақта теңсізден
ауыр сөз жоқ.
Адам баласының хайуаннан айырмашылығы қайсы? Жауап:-Кемелденген ақыл-
парасаты, ұят-намысы, таза танымы. Өзін, ақыл-парасатын күзетіп, ұят-
намысын, нәпсісін тежемегеннің жанына, рухани иман нұры сіңбейбі. Ал рухани
иман нұры сіңбегеннің қолынан сұмдық атаулының келмейтіні жоқ. Қазақ
Құдайдан қорықпағаннан қорық-деп әне сондайларды айтқан. Ондай
танымсыздықтан, тамырсыздықтан, Жаратушы Жалғыз Иені танымаудан сол Ұлық
болған Аллаһтың өзі сақтасын. Олай дейтініміз, Қасиетті Құран Кәрімнің 186-
аятында: Аллаһ қанғыртқан адамды ешкім де оңдай алмайды, -деп жазылған.
Дана Абай:
Аллаһтың Өзі де рас, сөзі де рас,
Рас сөзі ешуақытта
жалған болмас!
-деді. Аллаһ ұғымы жалған (Астахбир Аллаһ) болса, дана Абай бұлайша надап
айтпас та еді-ау.
Абай және:
Махаббатпен жаратқан
адамзатты,
Сен де сүй, ол –Аллаһты
жаннан тәтті!
-деді.. Біздің ұғымымызша жаннан тәтті дәнеңе болмауға тиіс. Ал Абайдың
ұғымынша ұлық болған Аллаһ жаннан да тәтті. Дұрысы осы. Өйткені, тәтті
жанды беретін де, алатын да Аллаһ. Ендеше біздің барлық махаббатымыз,
сүйіспеншілігіміз сол жаннан да тәтті болған Аллаһқа ғана арналуы керек.
Бұл ақиқатты Құл Қожа Ахмет Иассауи бабамыз:
Аллаһтың ақ дидары үшін
Болмаса жаның құрбан,
Адамдайсың құр босқа
Алдамшы сағым құған,
-деп растаса, марғасқамыз Мұқағали: Құрбан болсын Құдайым үшін жаның!-деп
қорытындылайды. Өсиеттейді. Міне, осындай даналар мойындап, танып, сиынып
келген ұлық Аллаһты, Аллаһ ақиқатын біз неге тануға құлшынбаймыз? Неге
танымаймыз? Оның Ұлық Аллаһтың жолына басты неге бәйгеге тікпейміз? Хақ
Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) жеткен Хадис Құддисте Аллаһ: Құлым Маған
сүйемдей жақындаса, Мен құлыма қарыстай жақындаймын. Құлым Маған қарыстай
жақындаса, Мен құлымы шынтақтай жақындаймын. Құлым Маған шынтақтай
жақындаса, Мен құлыма құлаштай жақындаймын. Құлым Маған қарай бір адым
аттаса, Мен құлыма қарай жүгіремін-деген.
Топырағымызда, құдайға шүкір, құдайсыздық идеясының туы жығылды.
Заманы өтті. Енді оның беті бері қарамай-ақ қойсын. Демек, енді біз тезірек
ес жинап, ұрпағымызды ұлылыққа-Аллаһқа, имани ілімге үндеуіміз керек.
Діні жоқтың-ділі жоқ. Ділі жоқтың Алласы-ақиқаты жоқ деген сөз. Ал,
Аллаға-сенімі жоқ ұрпақтың болашағы тіпті де болмақ емес. Жаратылыс
тегіміз маймыл (орангутан) немесе Дүние жоқтан бар болмайды, бардан жоқ
болмайды деп, ақ қағаздай кіршіксіз таза ұрпағымызды Жалғыз Жаратушы Хақ
Аллаһқа қарсы қойып, Оның қаһарына енді ұшырата беруміздің көз емес,
көкірек соқырлық екендігін әбден сезіп-біліп түсінетін кезіміз жетті-ау
осы. Бұл туралы Құранда: Негізінен көздер соқыр емес, көкіректегі көңіл
көзі соқыр (Хаж сүресі, 46-аят),-делінген.
Бабамыз деп жүрген маймылдың қайдан келгендігі жайлы мына оқиғаға
назар аударалықшы. Аллаһ тағаланың нәбиі Мұсаның (ғ.с.) тәлімі бойынша, әр
аптаның бір күні, яғни, жұма күні жұрт жұмыстарын тоқтатып, Аллаһқа мінәжат
етеді. Кейін олар, сенбі күнді таңдайды. Мұсаның (ғ.с) ұсынысы арқылы Хақ
Аллаһ тарапынан келісіледі. Сөйтіп олар Дәуіт (ғ.с.) тұсында да Құдайға
құлшылығын осы сенбі күні жалғастыра береді.
Сол тұста Қалзамның (Қара теңіздің) жағасында бәни исрайыл (12 ата
исрайылдың бір атасы) ұрпақтары мекендейтін Ағила деген қыстақ болған.
Қыстақ жанында теңіз келіп тірелетін үлкен екі тау болыпты. Киттер тек
сенбі күні ғана үйір-үйірімен осы тау тастарына жүзіп келіп, қауіп-қатерден
қорықпастан асыр салады екен, түн жарымы ауа бере шүңетке қайтып кетіп
отырады екен.
Күндердің күнінде, бұл қыстақтағы дінге сенбейтін тұрлаусыздар
нәпсіге беріліп, Пайғамбар тәлімдерін қаперге алмай, шариғат үкіміне қайшы
келіп, нәпсі қалаулары бойынша, балық аулауды әдеттеріне айналдырады. Балық
аулап байыған жүгенсіздер мейілінше масаттанып, есіріп әбден ардан безеді.
Тағаты таусылған Дәуіт (ғ.с.) Аллаһ тағаладан оларды жазалауды өтінеді. Хақ
тағала оның тілегін қабыл етеді... Бұл оқиғаның қорытындысы ретінде Құран
Кәрімде: Араларындағы сенбі күні Балық ауламау жөніндегі шариғат
шегінен шыққандары сөзсіз білесіңдер. Біз оларға: Маймыл болып қор
болыңдар деген едік (Бақара сүресі, 65-аят)-делінген. Демек, Абай
айтпақшы: Құран рас, Аллаһтың сөзі дүр ол
Абайды Аллаһтың ұлықтығы арқылы дәлелдеудің орнына, ұлық Аллаһты Абай
арқылы дәлелдеуіміз қаншалықты әбестік, күнә екенін сезінсекте, Абайды
Аллаһтан гөрі ақиқатқа балайтын сәби халқымызға осылай істемеске
шарасызбыз. Бұл күнәмізді шексіз кешірімді болған Аллаһ өзі кешірсін!
Беньямин Констан: Дін адамзат тарихында, рухында ең маңызды рөл
ойнайтыны ақиқат. Дін өмірдің өшпейтін, бөлінбейтін бөлігі. Адам
қабілеттері оянған кезде, ақылға дін өркен жаймауы мүмкін емес-десе, А.
Эйнштейн: Дінсіз ғылым көр, ғылымсыз дін ақсақ-дейді. Ал, қасиетті Құран
Кәрімде Аллаһ: Құран күллі жәһан халқына уағыз-насихат,-деді. Ендеше, біз
ұрпақтарымызды қай бағытта тәрбиелеп отырмыз? Бұрын шарасыздық болды.
Ендігіміз ше? Ел болғалы да он жылдан асты. Аз уақыт емес (Ауыр да болса
айтайын) ақыл санамыздың артта қалғаны сонша, игілікті іске қарай ізденуге
баспаймыз. Білген, ойлаған кісіге топырағымызда мешіт қалдырмаған Кеңес, өз
ұлтының шіркеулерін сақтап қалғанынан-ақ талай сырдың басы ашылмай ма?
Дін көбінесе еркіндікті тежейді деп түсінеміз. Бұл ең ұшқары
көзқарас. Еркіндік ауызға келгенді көку, ойға алғанды істеу, киімді қалай
болса солай киіну, жалаңаш-жалпылы жүру, ұрып-соғу, ұрлық істеу, партия-
топқа бөліну, не істесе де әйтеуір баю деген ұғым емес. Бұл шынайы түсінген
адамға еркіндік емес, қараулықтың нақ өзі! Қасиетсіздіктің қайнар көзі әрі
ертеңі бұлдыр ессіздік болмақ.
Ислам дінінде ең шынайы еркіндік-нәпсі талабынан түбегейлі бас тарту.
Азаттану. Кіршіксіздену . Иман нұрымен нұрланып өмір сүру.
Кешегі өткен ата-бабаларымыз: Барға қанағат. Қанағат қарын
тойғызады, қанағатсыз жалғыз атын сойғызады-деп, ұрпағын ашкөздіктен,
тойымсыздықтан, сабырсыздықтан қалай тосқан? Бұл пайым және келіп, олардың
иман деңгейін нәпсі құмарсыздығын көрсетіп, тұрған жоқ па? Әрине.
Әбузар Зинаб ибн Жинада Аллаһ тағала қандай құлдарын ардақтайды?-
деп сұрағанымды, хақ пайғамбарымыз(с.ғ.с. ) : Бас еркіндігін бағалай
білген һәм өз бағасын білетін құлдарын,- деп жауап бергенін жазып
қалдырған. Демек, шынайы бас еркіндігі – шариғат тайғанынан тайылып, істе
дегенін істеген, Алла ақиқатын танығын адал жүректі, шыншыл мүмінде ғана
болады.
Дүниеге ынтық,
Мақшарға амалсыздың,
Иманын түгел деуге
Азым бармас
- деп Абай айтпақшы, дүниеқор, Бұл дүниені ғана өмір, О дүниені біржолата
құрып –жоғалу деп білетін құдайсызда шынайы еркіндік болмақ емес.
Қазақ күні кешеге дейін салқын жайлауда салдық құрып, сабат та саф
ауа жұтып, алаштың ала жібін аттамай, мұңсыз моральмен өмір сүрсе, ол-
еркіндігі. Шынайы имани еркіндігі еді.
Алтай мен Атырау аралығындағы Ақжайық кең мекенді Ұлық болған Аллаһ
қазаққа, әне сол адалдығына, кең пейіліне, асылықсыз, кіршіксіз Өзіне
сеніміне сылағаны еді. Құранда: Ақиқатында Аллаһ тәубе етушілерді ұнатады
(Бақара сүресі, 222-аят)-деп жазылған. Енді, біз білетін ата-
бабаларымыздың екі сөзінің бірі Тәубе екендігін еске түсірелікші. Қандай
ғана тәубешіл ел едік? Адамнан сұрағанның екі көзі, Аллаһтан сұрағанның
екі бүйірі шығады-деп Жаратушы Жалғыз Иені шынайы өз биігінде танығанынан
қаза бұл мақалды айтқан.
Біз соңғы, Аллаһты Маркс ұмыттырған заманда Осы байтақты бағымызға
нәсіп еткен Ұлы Аллаһқа шексіз алғыс дегеннің орнына, білектің күшімен,
найзаның ұшымен қорғай алған бабаларға мың алғыс-деп ойланбастан айта
береміз. Бұл мүлде қате пайым. Хақ Аллаһ алдында шексіз күпіршілік.
Өзімізді өзіміз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz