Қазақ тілі сабағында қолданылатын әдіс-тәсіл түрлері


1 Орта буын сыныптарында тіл дамыту сабағы. Мәтінмен жұмыс.
2 Бастауыш сыныптарда қайталау сабағында
қолданылатын әдіс.тәсілдер
Әдіс деген сөз гректің "metodos" деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді.
Қысқаша психологиялық-педагогикалық сөздік "әдіс" — мақсатқа қол жеткізетін жол, тәсіл, белгілі жолмен тәртіпке салынған іс-әрекет"- деген анықтама береді.
Оқыту әдістері - оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.
Мұғалім оқытудың нәтижесін арттыруда оқыту әдістеріне қатысты амал-тәсілдерімен қатар оның құралдарын да пайдаланады.
Қазақ тілі сабағында қолданылатын әдістер:
Сөздік әдістер: түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу,кітаппен жұмыс.
Көрнекі әдістер: иллюстрация және демонстрация.
Оқыту үрдісінде ең көп тараған дәстүрлі әдіс - сөздік немесе мұғалімнің ауызша баяндау әдісі. Бұл әдіс оқыту процесіңде басқа әдістерге қарағанда жетекші роль атқарады.
1. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.
2.Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. -А., 1999.
3. Бабанский Ю.К.. Методы обучения в современной общеобра-зовательной школе. - Москва: Просвещение, 1985. - 208 с.
4. Г.Қ.Нұрғалиева. Педагогиканық логикалық-құрылымдық курсы, - Алматы, 1996
5. М.Жұмабаев. Педагогика. - Алматы: Ана тілі, 1992. -160 б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 9 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге




ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН
ӘДІС-ТӘСІЛ ТҮРЛЕРІ

Ж.Т.Жансағымова
№62 ЖББОМ
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Әдіс деген сөз гректің "metodos" деген сөзінен шыққан. Метод деген
ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген
мағынаны білдіреді.
Қысқаша психологиялық-педагогикалық сөздік "әдіс" — мақсатқа қол
жеткізетін жол, тәсіл, белгілі жолмен тәртіпке салынған іс-әрекет"-
деген анықтама береді.
Оқыту әдістері - оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын
оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері
мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту әдістерінің
көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін
ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық
етумен байланыстырады.
Мұғалім оқытудың нәтижесін арттыруда оқыту әдістеріне қатысты амал-
тәсілдерімен қатар оның құралдарын да пайдаланады.
Қазақ тілі сабағында қолданылатын әдістер:
Сөздік әдістер: түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу,кітаппен жұмыс.
Көрнекі әдістер: иллюстрация және демонстрация.
Оқыту үрдісінде ең көп тараған дәстүрлі әдіс - сөздік немесе
мұғалімнің ауызша баяндау әдісі. Бұл әдіс оқыту процесіңде басқа
әдістерге қарағанда жетекші роль атқарады.
Көрнекілік әдістер оқу материалын оқушылардың көзімен көріп,
нақтылы түсінулеріне мүмкіңдік береді.
Бұған демонстрация, иллюстрация тәсілдері жатады.
Тәжірибелік әдістердің ішінде ең көп қолданылатыны — жаттығу
әдісі.Оқу барысында теориялық ережелер мен қағидаларды қайта пысықтап,
тиянақты меңгеру жаттығу арқылы орындалады.
Ауызша жаттығу оқушының оқу материалын ауызекі баяңдауға дағдылану
мақсатын көздейді.
Оқушы бірінші сыныптан бастап қазақ тілін үйрену барысында тілдегі
түрлі қолданылатын атауларды ( әріп, дыбыс , буын, сөз, сөз
тіркестері, сөйлем, сөз бен сөзді байланыстыратын жалғау, жұрнақ,
тыныс белгілері – нүкте, үтір, леп белгісі, сұрау белгісі, сызықша,
қос нүкте, түрлі грамматикалық анықтама, ережелерді оқып үйренеді.
Қабілеті әр түрлі оқушы тілдің мұндай белгілері мен атауларын
бірден меңгеріп кетуі мүмкін емес,тек оның негізгі,
қажеттілерін(анықтама, ережесін) есте сақтауы мүмкін.
Қазіргі сабаққа қойылатын талап тұрғысынан техникалық құралдарды,
кестелер, сызбалар, үнтаспа жазбаларын пайдалану арқылы оқушылардың
есту, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану қабілетін
дамытуға көңіл болінеді.
Қолданылатын көрнекіліктер оқушылардың сабаққа деген ынтасын
арттырады, түсіндірілген материалдарды саналы меңгертуге ықпал
жасайды. Оқушылардың білім сапасының көп жағдайларда төмен болуы,
осындай түрлі ойлау әрекеттеріне бейімделмеуден, дағды бермеуден деп
айтуға болады.
Қазіргі кезде қазақ тілін қандай бағытта, қандай мазмұнда оқыту керек?
Меніңше, коммуникативті функционалды бағытта болуға тиіс.
Сондықтан тілдің коммуникативті механизмін ашу қажет . Яғни, оның
сөйлеу процесіндегі, сөйлем құрудағы, мәтін бойынша әңгіме
құрастырудағы рөлі амал – құралдар арқылы меңгертіледі.
Орыс мектептерінде қазақ тілін үйрену, білу қазіргі таңның басты
мәселесі. Сабақта бұл мәселені шешу жолдарының бірі- әр түрлі әдіс-
тәсілдерді тиімді қолдана отырып, жаңа технологияларды енгізу.Қазір
технологиялардың түрлері өте көп. Орыс мектептерінде қазақ тілін
үйрену, лексикалық және грамматикалық тақырыптарды меңгеру күрделі
жұмыс. Сондықтан басқа ұлтқа қазақ тілін оқыту, ауызекі сөйлеуге үйрету
қиын да, қызық жұмыс.
Грамматикалық материалдарды және лексикалық тақырыптарды оқытуда
тірек сызбалардың қолданылуы тілді дамытуға, сөздік қорды молайтуға,
бір- бірімен, қарым- қатынас жасауға (сөйлеу, айту, жазу, оқу) ойлау
қабілетін дамытуға, ойын қазақша жеткізе білуге үйретеді.
Бүгінгі таңда әрбір жаңашыл ұстаз үшін, оқу және жазу арқылы
сын тұрғысынан ойлау әдісі кез келген стратегияларға құнды, әрі
бағалы. Бұл стратегиялар оқушылардың қызғушылығын арттыра отырып,
ұстаздың тығырыққа тірелетін сәттерінен арылтады. Сұрақ қою, ой
шақыру, білім көпірі, бес жолды өлең, еркін жазу, білемін, үйренгім
келеді, білгім келеді, Венн диаграммасы, пікірталас , болжау, Автор
орындығы , топтастыру, т.б, стратегияларын қолдану оқушылардың
мотивациясын оятып, ынталандыра түсері сөзсіз. Сонымен қатар бұл
стратегиялар оқушының қөзқарасын, түсінігін дамыта түседі,
жалықтырмайды.
Бір сыныпта отырған балалардың ұлты, оқу ынтасына қарай тілді
білу дәрежесі де әртүрлі болып келеді. Сол себепті де нақты нәтижеге
жету үшін модульдік оқыту технологиясының тиімді екенін күнделікті іс-
тәжірибемнен көріп келемін. М. Жанпейісованың модульдік оқыту
технологиясының негізі баланың тұлғасын алға қояды, бұл жаңа білім
парадигмасына сай келіп отыр. Модульдік технологиясының басты
ерекшелігі – оның тек қана білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық
қабілеттерін және танымдық процестерді, яғни жадының алуан түрлерін
ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық
жағдайлар арқылы дамытуға, сондай- ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін- өзі
өзентілендіру, өзін - өзі бекіту, қарым- қатынас, ойын танымдық және
шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттануға белсенді сөздік қорын
дамытуға бағытталады.
Сондай-ақ, профессор Ж. Караевтың Деңгейлеп оқыту
технологиясының маңыздылығы зор.Деңгейлеп оқытуда күтілетін нәтиже:
Алдына қойған мақсатына жете алатын оқушы тәрбиелеу;
Әр оқушы өз білім деңгейін, мүмкіндігін, іскерлігін біліп қана қоймай,
оны дамыту;
Өз бетімен ізденіс дағдыларын, іскерлік қабілетін жетілдіретін
шығармашылық тұлға қалыптастыру;
Деңгеймен оқытудың ерекшелігі:
1.Таланттылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте
түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады.
2. Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.
3. Білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдейді.
Орыс сыныптарында қазақ тілін үйретуде іскерлік, рөлдік ойын
түрлерін қолдану, диалог, монолог, сұхбат, сұрақ – жауап, көрініс қою,
тақпақ оқу, ән айту, мәнерлеп оқу, жұмбақ , сөзжұмбақ шешу, пікір айту,
пікірсайыс, тірек схемасын пайдаланып, жүйелі түрде әңгімелеу, т.б.
әдіс-тәсілдерді сабақта пайдалану, оқушының басқа тілді үйрене алмаймын
деген сенімсіздігін сейілтіп, тілді үйренуге ынтасын арттыратынын өз
іс–тәжірибемнен күнделікті жұмыс барысында байқаймын.
Қорыта келе осы әдіс-тәсілдерді қолдану нәтижесі:
• Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;
• Оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға;
• Белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін ұстартуға;
• Тұлғаның қиындықтарға даяр болу және оны білу, қарым – қатынас, ойын,
танымдық, өзін- өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал
етеді.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Артықова Т.М. Қыстаубаева Ж. Қазақ тілі . Оқыту әдістемесі.А:,
2005 ж.
2.Бақзыбекова.Н. Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы
оқушылардың білім деңгейін арттыру.-А: Қазақ тілі, №4, 2007.16б.
3.Қуанышбаева А.Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.А: Қазақ
тілі: Әдістеме. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал, №2,2004. 47 б.
5.Оралбаева Н. Жақсылықова Қ. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ
тілін оқыту әдістемесі, А: 1996 жыл.
Орта буын сыныптарында тіл дамыту сабағы. Мәтінмен жұмыс.

Г.А.Махметова
№62 ЖББОМ
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Тіл – адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын жасау құралы болса,
адамдар тіл арқылы қарым-қатынас жасау үшін, алдымен сөзді, онан соң сөйлем
құрай алу шарт, тілді уйренудің негізгі мақсаты – өзара сөйлесе, пікірлесе
білуге үйрену.
Сабақ өткізу, оқыту барысында өткізілетін ең күрделі жұмыстың бір түрі
– кітаппен жұмыс, яғни кітаптағы жаттығулармен және мәтінмен жұмыс. Мұғалім
берілген ертек не әңгімені өте мәнерлеп, нақышына келтіріп оқуы керек.
Өлеңді, не әңгімені оқығанда әр сөзге дұрыс екпін түсіріп, тыныс
белгілеріне тоқталып, дұрыс оқу дағдысын бірінші күннен бастап сақтауға
тиіс.
Мәтінмен жұмыс – сабақта өтілетін әртүрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады.
Олар:
1. Дыбыстармен жұмыс.
2. Сөздіктермен жұмыс.
3. Сөздік қорларын жетілдіру.
4. Тіл дамыту.
5. Ережемен жұмыс
6. Ауызша сөйлей білуге дағдыландыру.
Осы тұрғыдан келгенде мәтінді меңгертуде сөздің жұмысының рөлі үлкен.
1. Төл дыбыстарымыз бар сөздерді оқытушы дауыстап өзі оқып, сонан қайталау
керек.
2. Жаңа сөздерді тақтаға жазып есте сақтауын қадалап, оған байланысты
сөздерді дыбыстап оқытуға, іштей қайталауға дағдыландыру керек.
3. Қиын сөздерді, сөз тіркестерін жекеше оқытып, дәптерге жазғызып, хормен
оқыту керек.
4. Тақырыпты қаншалықты меңгергендігін байқатып, сөйлете білуге
дағдыландыру мақсатында мәтіннің мазмұнын қысқаша баяндауды үйрету керек.
5. Мәтінге байланысты сұрақ қойғызып, жауап алу керек.
Мәтінді меңгертуде осындай амал тәсілдерді қолданған тиімді. Мәтін оқылып
болған соң, ондағы әр сөзді оқушылардан қалай түсінгеніне көңіл бөлу керек.
Түсінбеген сөздерін мұғалім өзі қосымша түсіндіріп, әр сөздің мағынасына
тоқталу керек.
Мәтінде кездесетін сөздер мен сөз тіркестеріне де айрықша мән беру қажет.
Біз оқытып жүрген оқулықта тақырыпқа сай мәтіндер көп. Оқулықтары
мәтіндердің күрделігі сол мәтінмен жұмыс істейтін оқушылардың білім
деңгейіне байланысты болу керек. Мәтінді оқытудың мынадай түрлері бар:
1) Дауыстап оқу: бұл әдісті жүргізе отырып, оқушының сөйлеу элементтерін
меңгергендерін байқауға болады. Дауыстап оқытудың тағы бір тиімділігі
мынада: оқушылар бірінің қатесін бірі естіп және оны түзетеді.
2) Іштей оқу. Бұл жұмыстың мақсаты оқушылардың шапшаң оқу дәрежесін
анықтау. Мысалы: мұғалім оқушыларға іштей оқу үшін бір мәтін беріп, қай
жерге келгенде кітаптарын жауып, мұғалімге бітіргенін байқатады. Осыған
қарап ұстаз олардың оқу шапшаңдықтарынан мөлшерін белгілеп отырады.

3) араласып немесе кезектеп оқу.
4) буынға бөліп оқу.
5) мәнерлеп оқу.
6) Сөйлемді мағынасына, айтылуына қарай дауыс ырғағымен оқу. Сабақта
бірімен мәтінді тек оқытып қана қоймай, сол мәтіннің тәрбиелік мәніне
байланысты мақал-мәтелдер, өлеңдер, қанатты сөздер алып, қосымша дәптермен
жұмыс жүргіземін. Одан басқа, оқушылардың назарын сол мәтіннің авторына
аударады. Мысалы: бүгінгі сендердің қызығып тыңдаған әңгімелерді кім жазған
екен? Ол жазушыны естеріңе сақтадыңдар ма? Автордың қандай туындыларын
білесіңдер? Кітабын тағы оқығыларың келеді ме?-деген сұрақтар қойылады.
Сонымен бірге ол автор туралы буклет, реферат, хронологиялық таблица,
сөзжұмбақ жасаймыз. Егер ол автор ақын немесе композитор болса, ол кісінің
өлеңдері мен әндерін жаттаймыз, күй ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабағында қолданылатын әдіс-тәсіл түрлері туралы
Қазақ тілі сабағында қолданылатын көрнекіліктер мен техникалық құралдар
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында фонетиканы оқытудың әдіс-тәсілдерін анықтау
"Қазақ тілі сабағында оқушылардың шығармашылығын дамытуға арналған топтық жұмыс түрлері"
Қазақ тілі сабағында ұжымдық, топтық, жұптық жұмыс түрлері
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану
Бастауыш сыныпта еңбекке баулу сабағында қолданылатын әдіс тәсілдер.
Қазақ тілі сабағында есімдіктерді оқыту әдістері
Қазақ тілі сабағында қазіргі педагогикалық технологияны қолдану
Казақ тілі сабағында интерактивті тақтаны қолдануы
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.



WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь