Я.А. Коменскийдің білім беру мен тәрбие теориясы және педагогикалық мұрасы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Я. А. Коменский тәрбие мәселелері туралы

Коменский білім беру мен тәрбие мәселелерін бір-бірінен бөліп қараған емес, әр уақытга бірінсіз екіншісін елестете алмады. Білім беру мен тәрбие ісін бір-бірімен тығыз байланыста қарастырды. Коменскийдің пікірінше, тәрбиенің үш сатысы, үш міндеті болады: өзін-өзі және қоршаған ортаны тану (ақыл-ой тәрбиесі), өзін-өзі басқару (адамгершілік тәрбиесі) хәне құдайға құлшылық ету (діни тәрбие) . Ортағасырдағы педагогтардан айырмашылығы Коменский бірінші міндеттерді шешуге ерекше мән берді, яғни ақыл-ой тәрбиесән бірінші орынға қойды. Оқыту үрдісінде берілетін бір ғана ғылыми білім шәкіртті жан-жақты тұлға ретінде қалыптастыра алмайды.

Коменский тәрбиенің рөлін өте жоғары бағалады. Адам тәрбиенің арқасында ғана адам болады, ол балалық жас кезеңінде берілуі қажет деп жазды. Ол "кез-келген баладан адам қалыптастыруға болады", - деп тұжырымдады. Қабілетті, ұқыпты және педагогтың ықпалына көнгіш балалармен қатар, қабілетсіз, жалқау және қыңыр келетін өте аз балалардың тобы кездеседі дей келіп, Коменский бұл топгағы балаларды да тәрбиелеу және оқыту керек екендігін сендірді. Адамның өзін-өзі басқара білуі Коменскийдің көзқарасы бойынша тәрбиенің үш түрінің бірі болып табылады. Ол адамгершілік тәрбие арқылы іске асады.

Платоннан және Аристотельден кейін, Коменский негізгі адамгершілік сапаларға даналық, бірқалыптылық, батылдық және әділеттілікті жатқызды.

Даналық ұғымы Коменскийдің көзқарасы бойынша, бұл адамгершілік қасиет негізінен оқыту үрдісінде шәкірттерді ғылым, өнер және тілдер негіздеріне үйретуде, демек, "ғылыми білім" үрдісінде тәрбиелейді.

Бірқалыптылық Коменскийдің айтуынша, оқушыларда әруақытта да "шамадан тыс асып кетпеу" қабілеттілігін тәрбиелеу, әруақытта бірқалыптылықты сақтауға тәрбиелеу. "Бірқалыптылықты тамақта, ұйқыда, жұмыста, ойында, әңгімеде тыныштық сақтап отыру" қажет деді.

Батылдылық - бұл жеке тұлғаның бағалы адамгершілік қасиеті. Батылдылық, демек, адамда дамыған ой мен берік еріктің, өз іс-әрекетін және қылықтарын ақылмен анықтай білудің болуын қажет етеді. Табандылық пен шыдамдылық Коменскийде батылдылықтың бір-бірінен бөлінбейтін салалары ретінде қарастырылады.

Батылдылық және басқа да адамгершілік қасиеттер оқушыларға бірден берілмейді, оқыту үрдісінде бірте-бірте пайда болады.

Еңбектегі шыдамдылықты қалыптастыру. Бұл адамгершілік қасиет, Коменскийдің айтуынша, жастық шақ кезіндегі жастарға ерекше қажет. Еңбектегі шыдамдылықты қалыптастыру әруақытта да балалардың қандай болса да іспен айналысуы болып табылады.

Осы басты адамгершілік қасиеттермен қатар, Коменский балаларда қарапайымдылық, басқаның айтқанын тыңдау, ұқыптылық, кішіпейілділік, үлкенді сыйлау, еңбексүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға кеңес береді.

Адамгершілік тәрбиесінің негізгі құралдарына Коменский: ата-ананың, мұғалімдердің, жолдастарының үлгісін, балаларға ақыл-кеңес беру, әңгіме өткізу, адамгершілік мінез-құлыққа балаларды жаттықтыру, жағымсыз мінез-құлыққа қарсы күресті жатқызды.

Коменский адамгершілік тәрбиесіне төмендегідей негізгі талаптарды қойды:

адамгершілік қасиеттерді кішкентай кезден бастау керек;

адамгершілік қасиеттерді сөзбен емес, іс-әрекетпен тәрбиелеу;

балаларды тәрбиелеуде өмірден және тарихтан алынған мысалдарды кеңінен пайдалану;

балаларды бүлінген адамдардың қауымынан және кез-келген басқа да адамгершілікке жат қылықтардан сақтандыру.

Оқыту тәрбие мәселелерімен тығыз байланыста. Тәртіп мәселесін жаңаша кең көлемде шеше біледі. Тәртіп әрбір мектепке ауадай қажет. "Тәртіпсіз мектеп, сусыз айналған диірменмен бірдей" деген чех халқының мақалын жиі пайдаланды.

Коменский тәртіп мәселесіне ерекше мән бере отырып, үлкен үлес қосты. Ол баланың адамгершілік қасиеті мен жеке басын басып-жаншуға, ұрып-соғуға, таяқ тәртібіне негізделген ортағасырлық мектепке қарсы шықты. Ол тәртіпті қоя білді, сонымен қатар мұғалім оқушылардың арасында тәртіпті орнатудың қажеттігін түсіне білді. "Жақсы үлгілермен, жылы сөздермен және әруақытта да шынайы, балаға жүрек жылуымен тәртіп орнатуды қолдады".

Коменский балаларды дене жағынан жазалауға қарсы шыға отырып, мектептерде қолданбауды күн тәртібіне қоя отырып, бұл мәселеде екіжақтылық аңғарды. Ол ерекше жағдайларда және мектеп кеңесінің шешімі бойынша, егер оқушы құдайға қарсылық білдірген жағдайда немесе тентектік жасағанда қолдануды қажет деп тапты.

«Жақсы ұйымдасқан мектептің заңдары» атты шағын шығармасында қысқаша ережелер түрінде көптеген құңды ұсыныстар жасады. Онда мектеп ережесін дұрыс ұйымдастыруға, мектепті басқаруға, мұғалімдердің міндеттеріне, оқушылардың тәртібіне қатысты мәселелер болды. Ережелер оқушылардың білімін ескерудің тәртібі мен тәсілдерін жан-жақты бекітеді.

Я. А. Коменскийдің педагогикалық теориясының маңызы

Педагогика тарихында Коменский - белгілі, аты әлемге танымал ірі тұлғалардың бірі. Өз дәуірінің алдыңғы қатарлы іліміне сүйене отырып, демократиялық сипаттағы және бұқара халықтың ағарту ісіне ұмтылысын бейнелейтін педагогикалық жүйені жасады. Коменский жалпыға бірдей оқыту, бірыңғай мектеп жүйесі, ана тіліндегі мектеп, жеңіл де түсінікті оқыту үшін күресті. Балаларды ерте жас кезінен бастап, мүмкіншілігі келетін еңбекке баулу қажеттігін атап көрсетті.

Коменский - өте күрделі, қарама-қайшылықты тұлға. Ол тәрбиенің мақсаттары, оқытудың мазмұны туралы мәселелерде ортағасырлық діни көзқарасқа бой ұрды. Бірақ оның жүйесі тұтас алғанда прогрессивтік сипатқа ие. Негізгі педагогикалық мәселелерді алдыңғы қатарлы, ал кейде тіпті өз дәуірінің материалистік теориясының және мектебінің озық тәжірибесі рухында шеше білді.

Коменский дидактика саласында алғашқы жаңашыл педагог-гуманист ретінде көптеген құнды прогрессивті дидактикалық идеяларды, қағидаларды және оқу жұмысын ұйымдастьтрудың ережелерін ұсынды (оқу жылы, каникулдар, оқу жылын оқу тоқсандарына бөлу, күзде бір мезгілде балаларды мектепке қабылдау, сынып-сабақ жүйесі, оқушылардың білімін ескеру, оқу күнінің ұзақтығы т. б. ) .

Белгілі дидактик ретінде Коменский оқытудың өміршеңдігі, реализмі қағидасын ұсынды, гуманизм және табиғатқа сәйкестік талаптарынан туындай отырып, балалардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескеруді, көрнекілікті қолданудың негізінде таным қабілеттіктерін дамытуды талап етті, оқытудағы қызығу, зейін, есте сақтау мәселелерін талдады және оқытудың негізгі қағидаларын және ерекшеліктерін айқындап берді. Ол алғаш рет сабақ теориясын терең талдап берді.

Я. А. Коменский бүкіл дүние жүзінде педагогикалық ой-пікір мен мектептің дамуына орасан зор әсер етті. Оны жаңашыл педагог, дидактиканың ғылыми негізін салушы ретінде көптеген батыс елдері өздерінің мектеп ісін ұйымдастыруға және жаңартуға шақырып, тәжірибе алмасты (Англия, Швеция, Венгрия т. б) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ян Амос Коменскийдің ізгілік педагогикасындағы рухани құндылықтардың теориясы мен педагогикалық негіздері
Білім беру мен тәрбие үдерісіндегі педагогикалық құндылықтардың аксиологиялық негіздері
Педагогика: тәрбие, білім беру және ғылымаралық байланыстардың теориясы
Ян Амос Коменскийдің дидактикалық жүйесі және педагогикалық маңызы
Ыбырай Алтынсариннің білім беру жүйесін қалыптастырудағы рөлі мен педагогикалық мұрасы
Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827): педагогикалық теориясы мен бастауыш білім беру әдістемесі
Педагогикалық менеджмент және білім беру ұйымдарын басқарудың теориясы мен тәжірибесі
Тәрбие мен мектептің тарихы: Абайдың педагогикасы, Ян Амос Коменскийдің дидактикасы және құлдық қоғамдағы тәрбие
Иоганн Генрих Песталоццидің білім беру ісіне қосқан үлесі: бастауыш білім беру теориясы мен педагогикалық тәжірибесі
Білім беру мен тәрбие үдерісінде ұлттық салт-дәстүрлердің педагогикалық рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz