Бала жанын қоректендіретін рухани қор – ертегілер


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Бала жанын қоректендіретін

рухани қор - ертегілер

А. Сейтметова,

Түркістан ХҚТУ-нің оқытушысы

Қазіргі таңда бәрімізді қатты ойландыратын мәселе-ұрпақ бойындағы адамдық қасиет пен ұлттық салттың ерекшелігін қатар қалыптастыру.

Өз болашағын, ұрпағын және оның тәрбиесін ойламайтын бірде-бір ұлт жоқ. Тәрбиенің мұрагері, қоғамды байытушы күштің қайнар көзі - халық. Осыны сезініп, бала қадірін жете бағалай білген қазақ халқы көптеген ертегілер қалдырған.

Өз ұрпағының тәрбиесі ерлі-зайыптыларға, ата-әжелерге ортақ іс, жауапты міндет болған. Көбіне ата-әжелер есте жоқ ерте заманғы, ауыздан-ауызға тарап келген ертегілер арқылы бала тәрбиесіне зор көңіл бөлген. Әр заманғы, ғасырдан ғасырға жалғасын тауып келе жатқан ертегілердімәнерлі айту үрдісінің өзінің балаларға берері көп, адамгершілікке толы үлгі-өнегелер.

Балаға адамдық қасиеттің нәрі ертегі арқылы ана сүтімен қоса сіңіріледі. Өйткені оның жаны күнәдан пәк, таза, көңілінде күдік жоқ. Сол рухани таза жандарды мына қатал да қатыгез заманда адами жақсы қасиеттерді бойына сіңіру үшін не істеу керек деген сауал осы заман ағартушыларының басты мәселесіне айналды десек артық айтпаған болар едік.

Ал қазіргі бүлдіршіндеріміз ше? Олардың жаны нені қалайды? Ертегі айтушы ата мен әже, әке мен аналар қайда?

Әрине нарық заманына салып кейбір ата-аналардың балаға және оның тәрбиесіне көңіл бөлу шет қалып қоюына байланысты, бала қараусыз, тәрбиесіз өсіп, тек өзін ғана емес, өзгені де, қоршаған ортаны да бүлдіріп, қоғамдағы келеңсіз жағдайлардың тууына және оған себепкер екеніне куәгер болып жүрміз. Кешегі жас бүлдіршіндер ер жетіп, бойжетіп, жас нәрестесін “балалар үйіне” тапсыру, жасөспірімдердің арасындағы қылмыстық әрекеттерің көбеюі, теледидар арқылы беріліп жатқан түрлі шетел кинофилмдері мен мультфилімдерді (Боевые робрты Дзинки, Охотники за привиденями т. б. ) бала бойында қатыгездік, мейірімсіздік т. б. сияқты жаман қасиеттердің тууына әкеліп соқтыруда.

Үйдің іргетасы берік болмаса, оның қабырғалары дұрыс қаланып, оның шаңырағы шайқалмасы екіталай. Әрбір отбасы - бір мемлекет.

Сол мемлекетіміз берік, мызғымас болу үшін болашағымыз - балаларының бойына дер кезде рухани қор, мейірім мен махаббатты, сұлу сезім мен ұлы сенімді ұялата білсек, ертеңгі күні олардың да жеріне, еліне деген махаббатты күштірек болады демекпіз.

Бала жанын қоректендіретін рухани қор - айналадағы барлық табиғат болмысы, жанды мақұлықтың бәріміз табыстыратын, терең де таңғажайып сырларға толы ертегілер. Бала бойына тамаша қасиеттер мен адалдықты, имандылықты егетін де осы - ертегі.

Ертегілердің ішіндегі көне түрінің бірі - хайуанаттар жайлы ертегілердің балаға берері көп. Адамды қоршаған табиғаттың әрбір бөлшегі, оның таныс-тіршілігі, жан-жануар, құрт-құмырсқа, өсімдікткрдің жаратылысы, олардың тіршілігі қызық, әрі жұмбақ. Сондықтан да жан - жануарлар жайлы ертегінің көпшілігі танымдық ертегілер болып келеді. Мысалы: “Жылқының өтініші”ертегісінде жылқының жаратылысын суреттеген. Ол өзінің дене бітіміне риза болмай, Күннен өзін бұрынғыдан да әсемірек етуін сұрағанда Күн жерге түйені түсіреді. Денесі алпамсадай, тұрқы арбиған жануарды көрген жылқы әрі қорыққанынан, әрі жиіркенгенінен қалшылдап қоя береді. Сонда Күн: саған өз бойыңдағы да жетеді! Әркім өз қасиетін бағалауға тиіс, -дейді. Ал ертегінің соңы содан бері жер бетінде түйе де өніп-өсетіндігі жайлы болып аяқталады. Бұл ертегіде жануарлардың жаратылысын айтумен бірге баланың барға қанағат етуіне, өз бойындағы асыл қасиеттерін сақтай білуіне тәрбиелеу. Осы сияқты “Түлкі мен бөдене”, “Қарға мен кірпі”т. б. ертегілерінен де көруге болады. Сонымен қатар, тұрмыс-салт ертегілерінің де тәрбиелік мәні зор. Мысалы: “Жақсылық пен Жамандық” ертегісінде адам бойындағы қасиеттерді дәріптейді. Жақсылық Жамандықты жолға тастамай, жететін жеріне екеуінің “кезектесіп мініп жетейік” дегеніне қарамастан Жамандық атқа мініп алып, Жақсылықты тастап кетеді. Сонда да болса, қыруар байлыққа, байдың қызына ие болған Жақсылық кейін Жамандыққа сол байлыққа қалай жетуге болатындығын айтады. Бірақ Жамандық өзінің тоғышар, шыдамсыздығынан аңдарға жем болады.

Ертегіде Жақсылықты деңгейіне жеткізеді, бақыт құсын соның бөркіне қондырады, жаннан асқан сұлу қызды соған жар етіп қосады. Осының бәрі қайырымдылықтың, сабырлы, ақылдылықтың арқасында болған нәтиже. Кімде-кім сабырлылық пен ақылға салса, сол адамның мәртебесі биік болады дегенді аңғартады.

Қорыта айтқанда, ертегілер бала ақылының дамуына ықпал етіп, одан оң өнеге ала отырып, ой қорытындылауға үйретеді.

Ертегілер мен аңыздар

адамгершілікке тәрбиелейді

Қабатай Бидана,

Педагогика ғылымының кандидаты

Қазақ ертегілерінің алғашқы зерттеулері Диваев Әбубәкір есімімен байланысты. “ Диваев ұстанған ғылыми бағыттың ерекшелігі: ол қазақтың ертегілерін этнографиялық материал ретінде танып, ұлттық әдет-ғұрыптарды, ұлттық мінез, халықтың дүниеге көзқарасын анықтауды ниет етеді. Өзі жинаған ертегілердің көбісін “этнографиялық материалдар” деген атпен жарыққа шығарып жүруі де, ертегілерге қазақтың әдет-ғұрыптарымен мол анықтамалар беруі де - соның нәтежиесі еді ” деп жазады Тұрсынов Едіге “Ертегілер: “Қазақ фольклористикасы” кітабында. ”

Баланың ой-өрісін, тілін, қиялын дамытуда ертегілердің рөлі зор. Бала естіген немесе оқыған ертегі мазмынының мәніне ой жүгіртеді, өз түсінігінше жеткізуге тырысады. Ертегі құрылымын, тілінің ерекшелігін сезіне отырып ондағы әр қилы оқиғаларды, кейіпкерлердің мінез-құлықтарын, іс-әрекеттерін өз қиялында өрбітеді. Ауызша бейнелі тілмен суреттеліп айтылған немесе қара сөзбен ертегі оқиғасын қиялында көркемдеу үшін ертегі мәтініне тереңдей мән беріп, ойша талдайды, кейбір көріністерді, суреттеулерді, оқиғаларды есіне түсіреді, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлығына, қарым-қатынасына, өз бағасын береді, басты, мәнді деп тапқандарын сұрыптайды, өзіндік көзқарасын білдіреді.

Баланы ертегі мазмұнындағы суреттеу, салыстыру, теңеу, ұқсату, әсірелеу сынды халықтың беинелі тілі қызықтырады. Айтылуындағы реттілік, жүйелілік халықтың ойлау жүйесін білдіртеді, яғни халықтың ой саралау мен сөз саптау ерекшелігін түсіндіреді. Мысалы: “Арыстан мен түлкі”, “Түлкі мен тырна”, “Түлкі, тасбақа, кене” “Түлкі мен бөдене” сияқты ертегілерде қулық, аңқаулық, “Күшік пен мысық” “Түлкі, қойшы, аю”, “Есірік торғай” ертегілерінде мақтаншақтық, бөспелілік айтылса, “Қайырымды қоян”, “Қарлығаш пен дәуіт ” ертегілерінде қайырымдылықтың, достық дәріптеледі. Қазақ халқында өз ұрпағын “жақсыдан үйреніп, жаманнан жирендіретін”, балалар қызыға оқып сүйіп тыңдайтын ертегілер көп.

Қазақ ертегілерінің не үшін қажет екенін әдебиет ғылымын зерттеуші ғалым А:Байтұрсынұлы “Ертегінің қадірі қанша деп сұрағанда, керектіңе қарай жауап береді. Ертегінің керек орындары:”

1. Халықтың ұмытылған сөздері ертегіден табылмақ. Олай болса ертегі тіл жағынан керек нәрсе.

2. Бала әдебиеті жоқ жерде баланың рухын, қиялын тәрбиелеуге зор керегі бар нәрсе. Баланы қиялдауға, сөйлеуге үйретеді.

3. “Бұрынғылардың сана-саңылау, қалпы-салты жағынан дерек берумен керегі бар нәрсе” деп айтқан болатын.

Қазақ ертегілерін мазмұнына, әр алуан ерекшеліктеріне қарай бір неше түрге бөлеміз: а) қиял ғажайып ертегілер; ә) хайуанаттар жайлы ертегілер; б) тұрмыс-салт ертегілер.

Ертедегі адамдар табиғат және оның құбылыстары туралы, адамдардың еңбегі, тіршілік-кәсібі, күресі жайында, дүние жаратылысы, қас пен дос, нешетүрлі керемет еүштер туралы қиял-ғажайып ертегі-әңгімелер тудырған. Олар өздерімен алысқан жауларды жеңу жолдары туралы да әр түрлі ертегілер шығарған. Оларды жалғыз көзді айдаһар, абжылан, т. б. бейнесіне алған.

Қиял ғажайып ертегіде ертедегі адамдардың еңбек үдісінде аңсаған обтимистік көз қарас көрініп отырады. Олар алдына қойған мақсатына жету үшін, табиғат сырын танып-білу, тіршілік ету, жауларын жеңу үшін күреседі. Көптеген қиыншылықтарды басынан кешіре отырып ақырында мақсат мұратына жетеді, біртіндеп табиғат сырын ұғына бастайды. Қандай жаулары болса да талқандап жеңін жүреді. Ертедегі адамдар өздерінің күн көрісі үшін төрт айақты хайуанаттарды пайдалану, оларды үйрету, асырау жағын қарастырған және әр бір хайуанат туралы, оның қасиеті туралы түрлі мифтик ұғым-түсініктер ойлап шығарған. Табиғат сырын, жаратылыс құбылыстарынтүсіне алмаған ертедегі адамдар әр бір хайуанаттардың жаратушысы, иесі бар деп ойлаған, кейбір хайуанаттарды керемет тұтып, оған табынатын болған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасындағы балаға ертегі арқылы адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру
Елжандылыққа тәрбиелеудегі қазақ ертегілерінің әсері
Мектепке дейінгі балаларға ертегі кейіпкерлерімен таныстырудың маңызы
Мектепке дейінгі балаларға ертегілердің ішіндегі кейіпкерлермен таныстырудың маңыздылығы
Адамгершілікке тәрбиелеудегі қазақ ертегілерінің әсері
Ертегіні оқытудың тиімді жолдары
Қазақ ертегілерінің ішіндегі Түркі халықтарына ортақ кейіпкерлер - Алдар көсе , Қожанасыр және Тазша бала
Табиғатпен таныстыру арқылы адамгершілікке тәрбиелеу
Ертегі бала жанын қоректендіретін - рухани қор
Балаларға ертегіні оқытудың тиімді жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz