Конвейерлік таспалар



КОНВЕЙЕРЛІК ТАСПАЛАР
1 Таспалардың арналуы, түрлері және жұмыс істеу шарттары
2 Конвейерлік таспалардың классификациясы және конструкциясы
3 Қолданылатын материалдар
Ауыр және еңбекті көп қажет ететін жұмыстарды механикаландыру мәселесі әртүрлі типтегі конвейерлерді пайдалану арқылы мүмкін болады. Олар тұрақты және қуатты жүк ағымдарын қамтамасыз етеді, автоматтандырудың жоғары дәрежесіне мүмкіндік береді және эксплуатациялаудың әртүрлі шарттарында өздерін жақсы жағынан көрсете білді. Шахталар, кен орындары, карьерлер, байыту фабрикалары, металлургиялық комбинаттар конвейе,рлік қондырғылардың едәуір мөлшерлерін эксплуатациялайды, олардың негізгі элементтері болып әрине конвейерлік таспалар есептеледі. Кейбір ашық кен орындарында пайдалы қазбаларды тасымалдау үшін қолданылатын конвейерлік таспалардың ұзындығы 4 – 5 км дейін жетеді, ал конвейерлік тізбектердің ұзындығы – 10-15 км дейін жетуі мүмкін.
Тасымалдаушы қондырғының иілімді элементі болып, жетекті барабаннан керу күшін беретін, және тасымалданушы жүкті тасымалдайтын негізгі элемент болып таспа есептеледі. Қондырғының арналуына байланысты және конструкция ерекшеліктеріне қарай конвейерлік таспалар (транспортерлік) элеваторлық, эскалаторлық, шынжыр табандыь болып бөлінеді.
Ең кең таралған конвейерлі таспалар таулы кәс іпорындарда, құрылыс материалдары өнеркәсіптерінде, қара және түсті металлургияда, көмір шахталарында және басқа да халоық шаруашылығы салаларында пайдаланылады. Таспалы конвейерлердің дамуының негізгі үрдісі - олардың өнімділігін, ұзындығын, қуатын және эксплуатациялаудағы сенімділігін арттыру болып табылады. Конвейерлік таспалар – ұзақ мерзімділігі төмен және конвейерлік қондырғының ең қымбат элементі болып саналады. Әдетте конвейерлі қондырғылардың құрылысы және эксплуатациялануында капиталды шығындардың 50 – 30 пайызына дейінгі мөлшері конвейерлік таспалардың құны және эксплуатациялануына сай келеді.

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
КОНВЕЙЕРЛІК ТАСПАЛАР
Ауыр және еңбекті көп қажет ететін жұмыстарды механикаландыру
мәселесі әртүрлі типтегі конвейерлерді пайдалану арқылы мүмкін болады. Олар
тұрақты және қуатты жүк ағымдарын қамтамасыз етеді, автоматтандырудың
жоғары дәрежесіне мүмкіндік береді және эксплуатациялаудың әртүрлі
шарттарында өздерін жақсы жағынан көрсете білді. Шахталар, кен орындары,
карьерлер, байыту фабрикалары, металлургиялық комбинаттар конвейе,рлік
қондырғылардың едәуір мөлшерлерін эксплуатациялайды, олардың негізгі
элементтері болып әрине конвейерлік таспалар есептеледі. Кейбір ашық кен
орындарында пайдалы қазбаларды тасымалдау үшін қолданылатын конвейерлік
таспалардың ұзындығы 4 – 5 км дейін жетеді, ал конвейерлік тізбектердің
ұзындығы – 10-15 км дейін жетуі мүмкін.

3.2.1 Таспалардың арналуы, түрлері және жұмыс істеу шарттары
Тасымалдаушы қондырғының иілімді элементі болып, жетекті барабаннан
керу күшін беретін, және тасымалданушы жүкті тасымалдайтын негізгі элемент
болып таспа есептеледі. Қондырғының арналуына байланысты және конструкция
ерекшеліктеріне қарай конвейерлік таспалар (транспортерлік) элеваторлық,
эскалаторлық, шынжыр табандыь болып бөлінеді.
Ең кең таралған конвейерлі таспалар таулы кәс іпорындарда, құрылыс
материалдары өнеркәсіптерінде, қара және түсті металлургияда, көмір
шахталарында және басқа да халоық шаруашылығы салаларында пайдаланылады.
Таспалы конвейерлердің дамуының негізгі үрдісі - олардың өнімділігін,
ұзындығын, қуатын және эксплуатациялаудағы сенімділігін арттыру болып
табылады. Конвейерлік таспалар – ұзақ мерзімділігі төмен және конвейерлік
қондырғының ең қымбат элементі болып саналады. Әдетте конвейерлі
қондырғылардың құрылысы және эксплуатациялануында капиталды шығындардың 50
– 30 пайызына дейінгі мөлшері конвейерлік таспалардың құны және
эксплуатациялануына сай келеді.
Конвейерлік таспалар үшін үлкен үзілу беріктігі (6 кНсм таспаның
еніне), едәуір дәрежедегі енділігі (2,5 м дейін), салыстырмалы жоғары емес
дөңгелктік жылдамдығы (2,5 – 3 мс) және тасымалдаушы беттің тасымалдаушы
затқа деген жоғары төзімділігі тән болуы қажет. Эксплуатациялау процесінде
таспа әртүрлі факторлар әсеріне тартылады: статикалық керу күші және
қосымшща динамсикалық күштер, барабандардан өту кезіндегі көп ертті иілуі,
тасымалдаушы мсатериалмен тозуы, материалды таспаға тиеу орындарындағы
соққы күштері, роликтіректердің мүжу күші, жылулық күштер немесе төмен
температура, ылғал, агрессивті орталар, атмосфералық құбылыстар және т.б.
Элеваторлық таспалар шөмішті элеваторлардың иілімді тіректік органы
болып табылады, олар үлкен бұрыштармен сусымалы жүктерді (кіші рудаларды,
құмдарды, қиыршық тастарды, цементті, ұнды және т.б.) горизонтқа тасымалдау
немесе вертикальды жылжыту үшін қолданылады. Таспада белгілі бір
интервалмен металдық шөміштер бекітілген, олар жүктермен толтырылады.
Элеваторлардың өнімділігі 500 м3сағ дейін жетеді; көтеру биіктігі – 60 м
дейін жетеді.
Шынжыр табанды таспалар шектелген мөлшерлерде шығарылады және қарда
жүретін транспорттардың, тракторлардың, автомобиль – тягачтардың сусымалы,
жұмсақ немесе ылғалды топырақтармен жүргіштігін арттыру үшін арналған.
Олар резиналанған маталы каркастан және резиналық қаптамадан тұрады.
Таспалар көлденең орналасқан болат сымдар болуы есесбінен іс жүзінде
созылмайды. Резиналық таспаның топырақтың сыртқы бетімен жақсы ілінісуін
қамтамасыз ету үшін берік болуы үшін металдық болаттармен күшейтілген
резиналық ерекше беріктіктегі башмақтар жасалады.
Эскалаторлар үшін арналған таспалар маталардың бірнеше қабаттарынан
немесе тростың бір қабатынан тұрды. Эскалаторлық таспаның жоғарғы түйіні
(жетекші бөлігі) қозғалмайтын латунды бағыттаушылар бойынша жылжиды,
төменгі бөлігі тіректі роликтерге жаьқызылады. Эскалаторлық таспа
эксплуатациялау кезінде керіліп және сонымен бір мезгілд көлденең бағытта
да тарылады. Бұл бағыттаушылардың анағұрлым тығыз қарпуын және одан ары
ұзару үшін олармен күшті үйкелуін тудырады.

Конвейерлік таспалардың классификациясы және конструкциясы
Конвейерлік таспалар керу күшін жүзеге асыратын каркастан және сыртқы
қаптамалардан тұрады, сыртқы қаптамалар каркасты механикалық және
атмосфералық әсерлерден қорғап тұрады. Каркас түріне байланысты таспалар
резина маталық, оларға шартты түрде поливинилхлоридтен (ПВХ) және
резинатростық деп бөлінеді.
Резинаматалық таспалар әдетте бірнеше қабат резиналанған матадан және
бір немесе екі қабат сыртқы резиналық қаптамалардан тұрады. Көпшілік
жағдайларда борттар резиналармен оқшауланады (каркастың ылғалдануын
болдырмау үшін), ал ірі түйіршікті материалдарды тасымалдау үшін арналған
таспаларда жұмысшы бетінен қосымша брекерлік немесе қорғағыш қаптаманы
төсейді. Тасымалданатын материалдың сипатына қарай таспалар 4 типке
бөлінеді: 1 – ең ауыр материалдар үшін арналған (руда, түйіршіктерінің
ірілігі 500-700 мм көмірлер), 2 – түйіршіктері кіші болып келетін сол
рудалар мен көмірлер үшін арналған), 3 және 4 – сусымалы, пакеттелген, және
т.б. материалдар үшін арналған таспалар. Эксплуатациялаудың әртүрлі
шарттары таспалар жалпы мақсаттағы, аязға төзімді (М), жылуға төзімді (Т),
қиын балқитын немесе жанатын (Ш), тамақтық (П) және т.б. болып бөлінуі
мүмкін. Резинаматалық таспаларды сонымен қатар арналуы, профилі, борт түрі,
мүмкін болатын созу және керу күші шамасына қарай классификациялауға
болады. Резинаматалық таспалардың ассортименті ені 100 ден 2000 мм дейін
жететін бірқатар типөлшемдердегі резиналық таспалардан тұрады, мұнда
таспалардың жеке бухталарының ұзыныды 1 типтегі таспаларда 80 – 220 м, 2
және 3 типтері үшін – 80 м, 4 типтері үшін – 30 м кем емес болады.
Ерекше топты ПВХ негізінде жасалған таспалар құрайды, олар негізінен
шахталарда көмірлерді 180 бұрышпен биіктікке қарай тасымалдау үшін
арналған. Осы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конвейерлік таспалардың көлденең қималарында максимум деформацияларды теңестіру тәсілі
Машиналардағы және аппараттардағы өзгерістер
Балдырларды өндіру технологиясы
Соққы қаупі бар кен орындарын өңдеудің қауіпсіздігі бойынша негізгі шаралар және олардың орындалу әдістері, шаралар мен әдістерді таңдау және бейнелеу
Таспалы конвейер құрылысы
Гидрофильді негіздер
Алматы метрополитеніндегі жаңа технология және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Көлік түрлерінің өзара әрекеттесуі. Оқу құралы
КЕРАМИКАЛЫҚ КІРПІШ ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСІНІҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕСІ
Шахтинск шахтасының «K-6 блоктың №4 кенішінің, және тау-кен жұмыстарын дайындау, ашу, өндіру»
Пәндер