Қажы Бекташ Уәли



Қожа Ахметтiң көп шәкiрттерiнiң бiрi және ең қабiлеттiсi - Бекташ есiмдi сопы болған. Қазақтың сал-серiлерiнiң пiрi - осы Бекташ. (Осман империясының тарихында Қожа Ахмет пен Азиядан шыққан сопылардың есiмi ерекше құрметпен аталады. Қазiргi Ыстамбұл, бұрынғы Византияның астанасы Константинопольдi жаулаған әскердiң алдыңғы легi тұтастай Қожа Ахмет Ясауидiң жаужүрек шәкiрттерi болған деседi). Қазақтың сал-серiлерi соғысқа жеке шерiк болып және сауытсыз, жанболатсыз шығатын болған. Әрине, кәсiби әскери адамның қан майданға бұлай қамсыз шығуы күмәндi сауалдарға жетелеуi мүмкiн. Бұндай сауалдарға жауап сал-серiлердiң, пидагер, құрбаншыл әскер екендiгiнде жатыр. Қарапайым тiлмен айтатын болсақ, сал-серiлер - өз еркiмен тұтастай өлiмге кесiлген әскер," - дейдi. Ендiгi мәселе, шыныменен қазақ топырағында дiн мен әскери бiлiктiлiктi ұштастырған топтар болды ма деген сауалға жауап iздеп көру. Бұл сауалдың жауабын Серiкбол Қондыбайдың "Арғықазақ мифологиясы" атты еңбегiнен таптық. Ғалым еңбегiнде "Үш қиян" тарихаты туралы жазады. Ол аталмыш тарихат туралы: "Бұл - 14 ғасырда, Алтын Орданы Әз Жәнiбек хан билеген тұста, Маңғыстауда, Жылыойда, жалпы Едiл-Жайық өңiрiнде қалыптасқан, бiр жағынан көшпелi жауынгерлiк, екiншi жағынан сопылық машайықтық дәстүрдi ұштастырған дiни-серiлiк тариқат болатын; мұндай ұйымды, типологиялық деңгейде батыс еуропалық дәстүрдегi "дiни рыцарлық орденмен" салыстыруға болады," - дейдi де, Үш Қиян орденiн өзi сияқты йассауилiк бағыттағы "нақышбандийя", "хайдарийя", "бекташийя", "құбрауийя" ордендерiмен (тариқаттарымен) қатар қоюға болады," - дейдi. Осы жерде тариқат мәселесiн шешiп алған дұрыс болар. Тариқа (тариқат) араб тiлiнен аударғанда жол деген мағынаны бiлдiредi. Ғалым Үш қиянды атақты сопылық тариқаттармен қатар жеке тариқат ретiнде көрсетiп отыр. Бұл пiкiрмен келiсе алмаймыз. Неге? Бiрiншiден, атап отырған тариқаттар ("нақышбандийя", "хайдарийя", "бекташийя", "құбрауийя") қазақ территориясынан тыс жерде таралған тариқаттар (Орта Азия, Кавказ, Түркия).
Екiншiден, қазақ территориясында негiзiнен ясауийя тариқаты таралған болатын. Үш Қиян да (егер оны жеке тариқат деп есептейтiн болсақ) қазақ жерiнен тыс шықпаған. Оған қоса ғалым Үш Қиянның басқа тариқаттардан айырмашылығын былайша тарқатады:
1. Олардың көшпелi ортада қалыптасып, көшпелi тұрмыс кешуi (басқа сопылық тарихаттар негiзiнен Орта Азия мен Қазақстанның отырықшы аймақтары мен қалаларында пайда болған). "Үш Қиян" орденi таза көшпелi тобыр (есенқазақтар, "Алаш ұлдары" немесе айрақтар) арасында қалыптасты.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қажы Бекташ Уәли
Қожа Ахметтiң көп шәкiрттерiнiң бiрi және ең қабiлеттiсi - Бекташ
есiмдi сопы болған. Қазақтың сал-серiлерiнiң пiрi - осы Бекташ. (Осман
империясының тарихында Қожа Ахмет пен Азиядан шыққан сопылардың есiмi
ерекше құрметпен аталады. Қазiргi Ыстамбұл, бұрынғы Византияның астанасы
Константинопольдi жаулаған әскердiң алдыңғы легi тұтастай Қожа Ахмет
Ясауидiң жаужүрек шәкiрттерi болған деседi). Қазақтың сал-серiлерi соғысқа
жеке шерiк болып және сауытсыз, жанболатсыз шығатын болған. Әрине, кәсiби
әскери адамның қан майданға бұлай қамсыз шығуы күмәндi сауалдарға жетелеуi
мүмкiн. Бұндай сауалдарға жауап сал-серiлердiң, пидагер, құрбаншыл әскер
екендiгiнде жатыр. Қарапайым тiлмен айтатын болсақ, сал-серiлер - өз
еркiмен тұтастай өлiмге кесiлген әскер," - дейдi. Ендiгi мәселе, шыныменен
қазақ топырағында дiн мен әскери бiлiктiлiктi ұштастырған топтар болды ма
деген сауалға жауап iздеп көру. Бұл сауалдың жауабын Серiкбол Қондыбайдың
"Арғықазақ мифологиясы" атты еңбегiнен таптық. Ғалым еңбегiнде "Үш қиян"
тарихаты туралы жазады. Ол аталмыш тарихат туралы: "Бұл - 14 ғасырда, Алтын
Орданы Әз Жәнiбек хан билеген тұста, Маңғыстауда, Жылыойда, жалпы Едiл-
Жайық өңiрiнде қалыптасқан, бiр жағынан көшпелi жауынгерлiк, екiншi жағынан
сопылық машайықтық дәстүрдi ұштастырған дiни-серiлiк тариқат болатын;
мұндай ұйымды, типологиялық деңгейде батыс еуропалық дәстүрдегi "дiни
рыцарлық орденмен" салыстыруға болады," - дейдi де, Үш Қиян орденiн өзi
сияқты йассауилiк бағыттағы "нақышбандийя", "хайдарийя", "бекташийя",
"құбрауийя" ордендерiмен (тариқаттарымен) қатар қоюға болады," - дейдi. Осы
жерде тариқат мәселесiн шешiп алған дұрыс болар. Тариқа (тариқат) араб
тiлiнен аударғанда жол деген мағынаны бiлдiредi. Ғалым Үш қиянды атақты
сопылық тариқаттармен қатар жеке тариқат ретiнде көрсетiп отыр. Бұл
пiкiрмен келiсе алмаймыз. Неге? Бiрiншiден, атап отырған тариқаттар
("нақышбандийя", "хайдарийя", "бекташийя", "құбрауийя") қазақ
территориясынан тыс жерде таралған тариқаттар (Орта Азия, Кавказ, Түркия). 
Екiншiден, қазақ территориясында негiзiнен ясауийя тариқаты таралған
болатын. Үш Қиян да (егер оны жеке тариқат деп есептейтiн болсақ) қазақ
жерiнен тыс шықпаған. Оған қоса ғалым Үш Қиянның басқа тариқаттардан
айырмашылығын былайша тарқатады:
1. Олардың көшпелi ортада қалыптасып, көшпелi тұрмыс кешуi (басқа
сопылық тарихаттар негiзiнен Орта Азия мен Қазақстанның отырықшы аймақтары
мен қалаларында пайда болған). "Үш Қиян" орденi таза көшпелi тобыр
(есенқазақтар, "Алаш ұлдары" немесе айрақтар) арасында қалыптасты.
2. Олар жай ғана сопылық тариқат емес, әскери сипаты бар, яғни
дiнижауынгерлiк (рыцарлық) сипаты бар, тариқат болды.
3. "Үш Қиян" тариқатының негiзiн қалаушы "Есената" (Гөзлi) немесе
"Асанқайғы" деген мыңдаған жылдық тарихы бар есiмдi лақап еткен адам
болған, сондықтан осы тариқатты "Ата тариқаты" немесе "Асанқайғы тариқаты"
деп те атауға болады. Ордендi негiздеушiлер, өздерiн қожалар, сейiттер,
шейхтер сияқты, "Мұхаммед пайғамбар ғ.с.-ның нақ өзiнiң, оның сахабаларының
немесе алғашқы төрт халифтiң, сондай-ақ құрайыш тайпасының ұрпағымыз" деп
емес, бар болғаны "Қожа Ахметтiң шәкiртi болған Есенатаның (Асанқайғының)
шәкiртiмiз" деп есептеген. Яғни оны негiздеушiлер, көшпелi түркi
тайпаларына дiн уағыздау үшiн келiп, уақыт өте оларға сiңiп кеткен парсылар
емес, таза қыпшақ, түрiкпен тектiлер болатын.
4. Бұл орден (тариқат) екi бастауды - йассауилiк сопылық ислам iлiмi
мен байырғы түркiлiк "ұрым" дәстүрiн өзара ұштастырып, соңғысын
алдыңғысының талаптарына сай бейiмдей алған тариқат едi. Бұл жөнiнен ол
Нақшбандийаға, Бекташийаға, т.б. қарағанда барынша түркiлiк, барынша
көшпелiлiк сипатта болған, - дейдi. Көшпелiлер арасында таралып, дiн мен
дәстүрдi ұштастыра отырып, исламды түркi жұртына таратқан Қожа Ахмет Ясауи
екенi белгiлi. Осындай синтез негiзiнде ясауия тариқаты пайда болады. 
Қазақ қоғамындағы би-шешендер түгелдей ясауия тарихатының шейхтары,
өкiлдерi болған. Билер институты сот, дипломатиялық қызметтер атқарғаны
үшiн бөлек тариқат деп атауға болмайды ғой, сол сияқты Үш Қиян да тек
әскери қызметпен айналысқандықтан, оларды тариқаттағы батырлық немесе
әскери институтқа жатқызуға болады.
С.Қондыбайдың еңбегiне оралсақ: "Мiне, осы тариқаттың жолын қуушылар
("Алаш ұлдары") 14 ғасырдың аяғы, 15 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қожа Ахмет Йсауидің өмірі
Қожа Ахмет ясауидің 7 принциптері
Дін туралы
Ислам дінінің пайда болуы және дамуындағы тарихи әлеуметтік, саяси жағдайлар. Ислам діні
Қожа Ахмет Ясауи ілімі
Тарихи тұлғалар туралы
Қожа Ахмет Яссауи өмірбаяны
Діни туризм
Қожа Ахмет Йассауи ілімі
Қожа Ахмет Яссауидің арғы тегі қожалар әулеті
Пәндер