Кісі өлтіру қылмысын тергеу, жаңа туған сәбиді анасының өлтіру қылмысы
Кіріспе
I Бөлім. Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі қылмысына жалпы сипаттама
1.1. Нәрестені анасының өлтіру қылмысына арналған заңнаманың даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Жаңа туған сәбиді анасының өлтіру қылмысына қылмыстық .құқықтық және криминалисттік сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
II Бөлім. Алғашқы тергеу сатысының ерекшеліктері
2.1. Типтік тергеу жағдайлары, тергеу әрекеттерін жоспарлау және болжау ұсыну ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Алдын . ала тергеу әрекеттері және жедел іздестіру шаралары ... .
2.3. Жаңа туған баланы анасының өлтіруі қылмысының алдын . алу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда балалар өлімі және демографиялық көрсеткіштердің төмендігі жағынан ҚР алдыңғы орындардың бірін иеленді. Осыған сәйкес және тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын, оның ішінде жаңа туған баланың өмірі мен денсаулығын қорғаудың маңызы артып отыр.
Әрбір адамның жасына, нәсіліне, діни ұстанымына, саяси көзқарасына, экономикалық немесе әлеуметтік жағдайына қарамастан өмір сүруге қүқығы бар. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы 1948 жылы 7 желтоқсанда Адам қүқығының жалпы деклорациясын, 1966 жылғы Адам құқықтары туралы актілері ратификацияланды.
Қазақстан Республикасының конституциясының 2 тарау 15 бабында «Әркімнің де өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің адамды өмірінен айыруға құқығы жоқ» -деп нақты көрсеткен.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы, саяси бағытты өзгертіп қана қоймай, сонымен қатар қылмыстық - құқықтық саясатқа да өзгерістер енгізді. Ендігі жерде адамның өмірі мен абыройын қорғау басты мақсатқа айналды, соған сәйкес қылмыстық заңнамаға біршама өзгерістер енгізілді. Осылайша, қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 2 бабында көрсетілген мақсаттардың ішінде: «адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау» басымдылыққа ие болды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің ерекше бөлімі «Жеке адамға қарсы қылмыс» тарауынан басталады, бұл тараудың қорғайтын құндылықтарының маңыздылығын көрсетеді.
Адам өлтіру–жеке тұлғағаға қарсы бағыттылған аса ауыр қылмыстардың бірі болып табылады, себебі адамды - «табиғаттың баға жетпес сыйы» өмірінен айырып, қоғамға көп зиян келтіреді. Адамды өлтіру нәтижесінде туындайтын салдарды қалпына келтіруге немесе оның орнын толтыруға болмайды, себебі өлген адамды қайта тірілте алмайсың.
Осыған байланысты «адам өлтіру» мәселесі қоғам мен заң шығарушының назарын өзіне аударып, сотқа мұндай қылмыстарды саралау кезінде орын алатын. Қылмыскердің тұлғасы, кінә нысаны, қолданылған тәсілі, ауырлататын немесе жеңілдететін жағдайларды ескеру мүмкіндігі берілді. Қолданыстағы заңнама жеңілдетілген жағдайда жасалатын қылмыстар қатарына, анасының жаңа туған баласын өлтіру қылмысын жатқызады. Қазақстан Республикасының 1998 жылы 10 қаңтарда күшіне енген жаңа қылмыстық кодексінде, анасының жаңа туған баласын өлтіргені үшін алғаш рет, жеке құраммен қылмыстық жауаптылық қарастырылды.
Бұған дейінгі заңнамада бұл қылмыс түрі жеке қарастырылып, ол үшін жауаптылық көзделмеген болатын.
Қазіргі таңда жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі қылмысына, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы және өмір сүру деңгейінің төмендеуіне байланысты кеңінен таралған, жеке түлғаның өміріне қауіп төндіретін аса қауіпті қылмыстардың бірі болып отыр.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 97-бабында, анасының жана туған сәбиін қасақана өлтіру қылмысы «бала туылып жатқан кезінде немесе туғаннан соң бірден, сол сияқты одан кейінгі кезенде психикасын зақымдайтын жағдай үстінде немесе есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуы жағдайында» жасалатыны нақты көрсетілді.

1) Шаргородский М.Д. Преступления против жизни и здоровья. М., Юридическое издательство Министерства Юстиции СССР, 1947г.,с.510,стр.5.,80
2) Гернет М.Н. Детоубийство (Социологическое и сравнительно-юридическое исследование) М., Типография Императорского Московского Университета, 1911г.,318 стр.стр 2.
3) Гернет М.Н. Детоубийтсво (Социологическое и сравнительно-юридическое исследование) М., Типография Императорского Московского Университета, 1911г., 318 стр., стр 3.
4) Гернет М.Н. Детоубийтсво (Социологическое и сравнительно-юридическое исследование) М., Типография Императорского Московского Университета, 1911 г., 318 стр. Стр 5
5) Трубецкой Е. Социальная утопия Платона. 1908г. см.: Гернет М.Н. Детоубийтсво (Социологическое и сравнительно-юридическое исследование) М., Типография Императорского Московского Университета, 1911г., 318 стр. Стр 1
6) Гернет М.Н. Детоубийтсво (Социологическое и сравнительно-юридическое исследование) М., Типография Императорского Московского Университета, 1911г., 318 стр. СтрЗ-21
7) Детоубийтсво (Социологическое и сравнительно-юридическое исследование) М., Типография Императорского Московского Университета, 1911г., 318 стр. Стр 25-33
8) Детоубийтсво (Социологическое и сравнительно-юридическое исследование) М., Типография Императорского Московского Университета, 1911г., 318 стр. Стр36-39
9) Очерк истории развития претуплений против жизни и здоровья, 1957г., с. 187 см: Шаргородский М.Д. Преступления против жизни и здоровья. М., Юридическое издательство Министерства Юстиции СССР, 1947г., с.510, стр 82
10) Беккария Ч., О преступлениях и наказаниях, перевод Исаева М.М., М., 1939г., с.353-354 см: Шаргородский М.Д. Преступления против жизни и здоровья. М., Юридическое издательство Министерства Юстиции СССР, 1947г., с.510, стр.83
11) Шаргородский М.Д. Преступления против жизни и здоровья. М., Юридическое издательство Министерства Юстиции СССР, 1947г., с.510, стр.84
12) Гернет М.Н. Детоубийтсво (Социологическое и сравнительно-юридическое исследование) М., Типография Императорского Московского Университета, 1911г., 318 стр. Стр 41-43
13) Гернет М.Н. Детоубийтсво (Социологическое и сравнительно-юридическое исследование) М., Типография Императорского Московского Университета, 1911г., 318 стр. Стр 44-46
14) Фабриц Г.. Учение об изгании плода и о детоубийстве. Второе немецкое издание переработанное Вебером А., перевод дополнения с ссылками на русское законодательство Фрейберг Г.И.. Санкт-Петербург. 1906 г., стр. 91-92
15) Фабриц Г.. Учение об изгании плода и о детоубийстве. Второе немецкое издание переработанное Вебером А., перевод дополнения с ссылками на русское законодательство Фрейберг Г.И.. Санкт-Петербург. Издание журнала "практическая медицина", 1906г., 226стр., стр 89-90
16) Карамзин Н.М. История государства Российского. Книга 1. Т.1. глава 3 спб. 1842г. стр.37 Гернет М.Н. Детоубийтсво (Социологическое и сравнительно-юридическое исследование) М., Типография Императорского Московского Университета, 1911г., 318 стр. Стр 48
17) Гернет М.Н. Детоубийтсво (Социологическое и сравнительно-юридическое исследование) М., Типография Императорского Московского Университета, 1911г., 318 стр. Стр 47- 60
18) Проект уголовного уложения России, Спб., 1813г. см.: Гернет М.Н. Детоубийтсво (Социологическое и сравнительно-юридическое исследование) М., Типография Императорского Московского Университета, 1911г., 318 стр. Стр 60
19) Фабриц Г.. Учение об изгании плода и о детоубийстве. Второе немецкое издание переработанное Вебером А., перевод дополнения с ссылками на русское законодательство Фрейберг Г.И.. Санкт-Петербург. Издание журнала "практическая медицина", 1906г., 226стр., стр 10
20) Накифоров Б.С.. Уголовное законодательство Республики Индия. М., 1958 г., стр 160-161
21) Уголовное законодательство зарубежных соцалистических государств. Под редакцией Гельфер М.А.. М.. 1957г., стр 37
22) Авхия Ж., под редакцией Загородникова Н. Уголовное право МНР (часть особенная), 1978 г., М., с. 104
23) Авхия Ж.. Борьба с преступлениями против жизни. Под.ред.Бородина С.В..М., 1979г., с. 109-112
24) Хайталиев А..Уголовное обычное право туркмен. Ашхабад. 1986г., стр. 123-124
25) Культелеев Т.М.. Уголовное обычное право казахов. Алма-Ата

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ
ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Д.А. Қонаев атындағы Университет
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Кісі өлтіру қылмысын тергеу, жаңа туған сәбиді анасының өлтіру
қылмысы
Орындаған:
Ғылыми жетекші:
Кусаинов С.Ж.
Қорғауға жіберілсін: Уголовного права,
криминалистики и правоохранительной
деятельности кафедрасының меңгерушісі
з.ғ.к., доцент Варенникова С.П.
_______________ ______________2009 жыл.
Алматы 2009ж.
Мазмұны
Кіріспе
I Бөлім. Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі қылмысына жалпы сипаттама
1.1. Нәрестені анасының өлтіру қылмысына арналған заңнаманың даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2. Жаңа туған сәбиді анасының өлтіру қылмысына қылмыстық
-құқықтық және криминалисттік
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
II Бөлім. Алғашқы тергеу сатысының ерекшеліктері
2.1. Типтік тергеу жағдайлары, тергеу әрекеттерін жоспарлау және
болжау
ұсыну ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2. Алдын - ала тергеу әрекеттері және жедел іздестіру шаралары ... .
2.3. Жаңа туған баланы анасының өлтіруі қылмысының алдын -
алу
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда балалар өлімі және
демографиялық көрсеткіштердің төмендігі жағынан ҚР алдыңғы орындардың бірін
иеленді. Осыған сәйкес және тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын, оның
ішінде жаңа туған баланың өмірі мен денсаулығын қорғаудың маңызы артып
отыр.
Әрбір адамның жасына, нәсіліне, діни ұстанымына, саяси көзқарасына,
экономикалық немесе әлеуметтік жағдайына қарамастан өмір сүруге
қүқығы бар. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы 1948 жылы 7
желтоқсанда Адам қүқығының жалпы деклорациясын, 1966 жылғы Адам құқықтары
туралы актілері ратификацияланды.
Қазақстан Республикасының конституциясының 2 тарау 15 бабында Әркімнің
де өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің адамды өмірінен айыруға құқығы жоқ
-деп нақты көрсеткен.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы, саяси бағытты өзгертіп қана
қоймай, сонымен қатар қылмыстық - құқықтық саясатқа да өзгерістер енгізді.
Ендігі жерде адамның өмірі мен абыройын қорғау басты мақсатқа айналды,
соған сәйкес қылмыстық заңнамаға біршама өзгерістер енгізілді. Осылайша,
қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 2
бабында көрсетілген мақсаттардың ішінде: адам мен азаматтың құқықтарын,
бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдылыққа ие болды. Сонымен
қатар, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің ерекше бөлімі Жеке
адамға қарсы қылмыс тарауынан басталады, бұл тараудың қорғайтын
құндылықтарының маңыздылығын көрсетеді.
Адам өлтіру–жеке тұлғағаға қарсы бағыттылған аса ауыр қылмыстардың бірі
болып табылады, себебі адамды - табиғаттың баға жетпес сыйы өмірінен
айырып, қоғамға көп зиян келтіреді. Адамды өлтіру нәтижесінде туындайтын
салдарды қалпына келтіруге немесе оның орнын толтыруға болмайды, себебі
өлген адамды қайта тірілте алмайсың.
Осыған байланысты адам өлтіру мәселесі қоғам мен заң шығарушының
назарын өзіне аударып, сотқа мұндай қылмыстарды саралау кезінде орын
алатын. Қылмыскердің тұлғасы, кінә нысаны, қолданылған тәсілі, ауырлататын
немесе жеңілдететін жағдайларды ескеру мүмкіндігі берілді. Қолданыстағы
заңнама жеңілдетілген жағдайда жасалатын қылмыстар қатарына, анасының жаңа
туған баласын өлтіру қылмысын жатқызады. Қазақстан Республикасының 1998
жылы 10 қаңтарда күшіне енген жаңа қылмыстық кодексінде, анасының жаңа
туған баласын өлтіргені үшін алғаш рет, жеке құраммен қылмыстық жауаптылық
қарастырылды.
Бұған дейінгі заңнамада бұл қылмыс түрі жеке қарастырылып, ол үшін
жауаптылық көзделмеген болатын.
Қазіргі таңда жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі қылмысына, әлеуметтік-
экономикалық жағдайдың нашарлауы және өмір сүру деңгейінің төмендеуіне
байланысты кеңінен таралған, жеке түлғаның өміріне қауіп төндіретін аса
қауіпті қылмыстардың бірі болып отыр.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 97-бабында, анасының
жана туған сәбиін қасақана өлтіру қылмысы бала туылып жатқан кезінде
немесе туғаннан соң бірден, сол сияқты одан кейінгі кезенде психикасын
зақымдайтын жағдай үстінде немесе есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын
психикасының бұзылуы жағдайында жасалатыны нақты көрсетілді.
Алайда анасының жаңа туған нәрестесін өлтіру қылмысын, жалпы бала
өлтіру қылмысынан айыра білу керек. Себебі жалпы бала өлтіру қылмысына кез
келген 14 жасқа дейінгі бала өлтіру қылмыстары кіреді және қылмыс
субъектісі - жалпы болып келеді. Осыған байланысты, анасының жана туған
баласын өлтіру қылмысы жан-жақты және жетік зерттелмегендіктен,бұл қылмыс
түрі ерекше қызығушылық тудыруда. Күнделікті тәжірибеде алдын-ала тергеу,
анықтау және сот органдары бұл қылмыстарды тергеу барысында, ауырлататын
және жеңілдететін жағдайларды бағалау және жаза тағайындауға байланысты
туындайтын сұрақтарды шешуде көптеген қиындықтармен кездесуде. Анасының
жаңа туған баласын өлтіру қылмысы, өзге қылмыстарға қарағанда, бертін келе
ғана көпшілік назарына ілінді. Бұған: бұл қылмыс түрінің қоғамға
қауіптілік деңгейі төмен және криминогендік жағдайға елеулі әсер етпейді
-деген пікірлердің кеңінен таралуы себеп болды. Алайда бұл мәселені жан-
жақты талдау барысында, жағымсыз құбыластардың орын алатындықтары
анықталды. Жаңа туған нәрестелерді өлтіру қылмыстары адамгершілікке жат,
қатыгез тәсілдермен жасалады. Бұндай қылмысқа барған әйелдің жүріс-тұрысы
қоғамға және жанұяға жағымсыз әсер етіп, әдептілік нышандарына нұқсан
келтіреді. Әйелдермен жасалатын қылмыстар, оның ішінде нәрестені өлтіру
қылмыстары қоғамдағы әдептіліктің, руханилылықтың және адамзаттық
құндылықтардың көрсеткіші болып табылады.
Айта кететін бір жәйт, нәрестелерді өлтіру қылмыстары соңғы кездері
маргиналды (әлеуметтік тұрақсыз) ортада кеңінен таралуы елеңдетіп отыр. Бұл
орта өкілдері тұлғаға қарсы қолданылатын зорлық-зомбылықты қоғамда
қалыптасқан қалыпты көрініс ретінде қабылдайды. Нәрестелерін өлтірген
әйелдер арасында жүйелі түрде есірткі қабылдайтын алкогольдік тәуелділікке
түскен, психопатия және өзге де жүйке жүйесін зақымдайтын дерттерге
шалдыққан әйелдер саны жылдан жылға артып барады.
Осыған байланысты жаңа туған баласын анасының өлтіруі қылмысымен
күресуде алдын-алу шараларын дамытудың маңызы зор.
Ең алдымен бұл қылмыс түрінің кеңінен таралуына қолайлы жағдай жасайтын
және әйелдің өзінің жаңа туған баласын өлтіруге итермелейтін себептерді
анықтау керек.
Статистикалық көрсеткіштерді және тәжірибені салыстырмалы талдау
нәтижесінде, анасының жаңа туған баласын өлтіруі-жоғары латентті қылмыс
болып табылатындығы болып анықталды. Себебі әйел өзінің жүктілік туралы
жақындарына және туысқандарына айтпай жасырын түрде босанады. Нәтижесінде
жаңа туған нәрестенің мәйіті табылғанда, оның анасын анықтау қиынға соғады.
Анасының жаңа туған баласын өлтіру қылмысының алдын-алу шараларын ғылыми
тұрғыдан дамыту және бұл қылмыс түрі үшін белгіленген қылмыстық
жауаптылықты зерттеуге. Келесідей шетел ғалымдары: Ю.М. Антонян, М.Н.
Гернет, А.К. Звирбуль, Е.Б. Кургузкина, К.Ш. Курманов, О.В. Люкичев, Л.И.
Тимина, Т.Д. Цыбуленко, Г.Фабриц, Г. Шарипова және т.б. елеулі ғалымдар
үлестерін қосты. Алайда бұл зерттеулер өзге тарихи кезеңде және өзге
әлеуметтік жағдайларда жүргізілгенін ескеру керек.
Жұмыстың методологиялық негізі. Анасының жана туған нәрестесін өлтіру
қылмысына арналған арнайы зерттеулер Қазақстан Республикасында әлі кезге
дейін толығымен жүргізілмеген. Алайда бұл қылмыс түрін зерттеуге, келесідей
Қазақстандық ғалымдар - З.О.Ашитов, Б.И Ахметов, Б.С. Бейсенов, А.П Болат,
А.А Гаитов, У.С Джекебаев, С.М Рахметов, Г.Р. Рустемова, В.А. Сергиевский,
А.Б. Скаков, Д.С. Чукмаитов және т.б. барынша ат салысты. Осы себептерге
байланысты мен анасының жаңа туған сәбиін өлтіру тақырыбын таңдап, оны
жан-жақты және тереңдеп зерттеуге барынша тырыстым.
Жұмыстың құрамы: Кіріспе, екі бөлім, қортынды және қолданылған
әдебиеттер тізімі.
I Бөлім. Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі қылмысына жалпы сипаттама.
1.1. Нәрестені анасының өлтіруі қылмысына арналған заңнаманың даму
тарихы.
Ғасырлар бойы жеке тұлғаға қарсы қылмыстар, заңгерлер мен
философтардың, психологтар мен жазушылардың, суретшілер мен тарихшылардың
назарын өзіне аударып келеді. О бастан, қылмыстық құқықта жеке тұлғаға
қарсы қылмыстардың, оның ішінде өмірге қарсы қылмыстардың алатын орны
ерекше болған. Өмірге қарсы қылмыстардың ішіндегі аса қауіптісі — адам
өлтіру болып табылады. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы жаңа қылмыстың
кодексінде тұңғыш рет адам өлтірудің заңдылық түсінігі берілген. "Кісі
өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қаза келтіру" деп қылмыстық
кодекстің 96 - бабында тура көрсетілген. Бұрынғы қылмыстық заңнамада "адам
өлтірудің" анықтамасы болмады, себебі "абайсыз да қаза келтіру" де адам
өлтіру деп есептелінді. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің
Ресей Федерациясының қылмыстық кодексінен басты айырмашылығы болып, бұл
адам өлтіру қылмысының анықтамасына "құқыққа қарсы" деген белгінің
енгізілуі табылады. Бұндай белгіні енгізудің себебі, қылмыстық заңнамада
заңдастырылған қаза келтірудің келесідей түрлері бар:
1 Сот үкімімен адамды өмірінен айыру
2 Аса қажеттілік (ҚР қыл.код.34-бабы);
3 Қаж етті қорғану (ҚР қыл.код. 32-бабы);
4 Адамды тұтқындау кезінде қаза келтіру (ҚР ҚК ЗЗ-бабы).
Заңдастырылған қылмыстар тізімі әр түрлі тарихи
кезендерде
өзгерістерге ұшырап отырды. Қылмыстьқ - құқықтық заңнамаға тарихи
талдау жасау нәтежесінде, "анасының жаңа туған баласын өлтіру қылмысы" әр
түрлі тарихи кезендерде әдептілік пен заңдар тұрғысынан түрлі
қарастырылғанын көреміз.
Қоғамның түрлі даму сатыларында анасының жаңа туған баласын өлтіру
қылмысы, діни және әлеуметтік көзқарастардың арақатынасына байланысты, әр
түрлі дәрежеде бағаланып отырды.
Бүгінгі таңда көптеген елдердің қылмыстық заңнамасында нәрестені
өлтіру қылмысына келесідей анықтама берілген:
"Анасының баласын туып жатқан кезде немесе туғаннан соң бірден, сол
сияқты одан кейінгі кезеңде психикасын зақымдайтын жағдай үстінде немесе
есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуы жағдайында
өлтіруі".
Түрлі тарихи кезендерде анасының жаңа туған баласын өлтіру қылмысын
саралау кезінде, баланың заңды некеде немесе некеден тыс туылғанына көп
көңіл бөлінді.
Бұл қылмыстың қоғамдық қауіптілігі денгейіне байланысты бір уақыттарда
некеден тыс туылған баланы өлтіретіні үшін қатаңырақ жаза қолданылса, басқа
бір уақыттарда керісінше жаза жеңілдетілді. Сонымен қатар, жаңа туған
сәбиін өлтірген анадан басқа, қоса орындаушылар да жауапкершілікке
тартылды.
Өмірге қарсы қылмыстардың ішінде "анасының жаңа туған баласын өлтіру
қылмысы", қылмыстық заңмен жазаланатын қылмыстар қатарына
салыстырмалы түрде кейіннен енгізілді. Бұл қылмыс түріне алғаш ерекше
көңіл бөліп, жан-жақты зерттеулер жүргізген ғалымдар - неміс
құқықтанушылары Кохлер мен Б.Г. Боде және Ресей заңгер-қүқықтанушысы
М.Н.Гернет болды.
Алғашқы қауымдық құрылыста нәрестені өлтіруге байланысты таралған
көзқарастар туралы еш мәліметтер болмады.
Кохлер алғашқы қауымдық құрылыс сатысында өмір сүріп жатқан тайпалардың
өмір салты мен дәстүрлерін зерттеуді, бұл тайпалардың ежелгі ата-бабалары
"анасының жаңа туған сәбиін өлтіруіне" байланысты ұстанған көзқарастарын
анықтау мақсатымен жүргізді.
Папуастар мен өзге де тайпаларды зерттеудің нәтежесінде, ол келесідей
мәліметтерді анықтады: Алғашқы қауымдық құрылыста жанұяда - екі баланың,
яғни қыз бен ұлдың болуы жеткілікті деп есептеліп, бұдан артық бала өсіруді
қажетсіз деп санаған. Сол себепті заңды некедегі ерлі-зайыптылардың өздері,
түсік түсіру мен нәрестені өлтіру сияқты әрекеттерді жасап отырған. Некеден
тыс туылған балалар тұншықтырылды немесе тірідей көмілді, ал нәрестенің
анасы және "әкесі" деп таңылған адам - өлім жазасына кесілді. Егер ұл
баланың тууылуы күтіліп отырып, алайда нәтижесінде қыз бала туылса және
анасы оны бірде бір рет емізіп үлгермеген жағдайда, ол өлтіріліп отырды,
бірақ анасы нәрестені емізіп үлгерген болса, онда оны өсіруге міндетті
болды. Ал матриархат кезенінде шешім қабылдау құқығы, жаңа туылған баланың
анасына берілді. Ал егіз балалар тууылған жағдайда, олар жамандық алып
келеді деген қорқыныштан өлтіріліп отырды. Сонымен қатар, кемтар немесе
көріксіз балалар да өлтіріліп отырды. Тек сирек жағдайларда, өсе келе
"көріпкелдік қасиеті" дамиды деген үмітпен, нәрестеге өмір сыйланды.
Б.Г. Боде; "Жаңа туған нәрестені өлтіру қылмысы - Фиджи аралдарында
кеңінен таралған" - деп өз еңбектерінде көрсеткен. Арал тұрғындарының
арасьнда "антропофагия" (адам етін жеу), жесір әйелдер мен жаңа туған
нәрестерді өлтіру -дәстүрге айналып, аралдықтар қанішерлік қасиеттерімен
өзге тайпалар арасында үрей туғызатын танымалдылыққа ие болған. Көрші
тайпалармен арадағы қақтығыстарда кедергі болмасындеген мақсатпен, жаңа
туылған нәрестелердің үштен екісі өлтіріліп отырды.
Полинезия аралдарының тұрғындары нәрестелерді өлтіруді қалыпты жағдай
ретінде қабылдаған: себебі балалар ата-аналардың жеке меншігі ретінде
қарастырылып, олар кез келген уақытта балаларын, өздерінің итттері немесе
шошқалары сияқты өлтіріп тастауға құқытары бар деп есептеген. Анасы баласын
туып жатқан кезде немесе туғаннан соң бірден өлтірген. Алайда арал
дәстүрлеріне сәйкес егер бала ширек сағат өмір сүріп үлгерсе, онда оны
өлтіруге ешкімнің құқығы болмаған.
Ал "Моршаль" аралдарында; нәрестенің анасы қайтыс болып, оны басқа әйел
бауырына баспаған жағдайда, ол анасымен бірге тірідей көміліп отырған -
бұндай дәстүр өзінше қалыптасып, кейіннен өзге аралдарда жалғасын тапты.
Бұл дәстүр Америкадағы үнді тайпалары мен Мадагаскар аралының тұрғындары
арасында да кеңінен таралды.
Бір жағдайда бала көз жұмған анасының қолына салынып, онымен бірге
өртелгеннен кейін ғана бірге көмілді, ал екінші бір жағдайда нәрестені
өмірінен айырғаннан кейін ғана, ол анасымен бірге бір қабірге көмілді. Бұл
дәстүрдің Британ аралына дейін жеткені, археологтардың ескі қабірларда
жүргізген қазба жұмыстарының нәтежесінде тапқан анасы мен баласының бір
қабір ішіндегі мәйіті дәлел болады.
Аралдардың тұрғындары дәстүрдің кеңінен таралуын:
1. Туылған кезінде анасын өмірден айырған нәресте, бұл
өмірге жамандықтан басқа ештене әкелмейді;
2. Анасының өмірін қиған баланың өмір сүруге кұқығы жоқ -деген
пікірлермен түсіндіреді. 3
Әйгілі криминолог Э.Ферри пайымдауынша: "Аралдарда адам санының артуы,
азық-түлік тапшылығын туғызды. Сол себепті жаңа туған нәрестені өлтіру
дәстүрі өмір қажеттілігінен туындаған заңдылык болды".
Дамудың төменгі сатысында болған тайпалардың арасында бұл дәстүрдің
кеңінен таралғандығы түсінікті болғанымен, мәдиниеті жақсы дамыған елдерде
де бұндай дәстүрлердің орын алғандығы ойландыратын жәйт.
Ежелгі египеттіктер, өздері өмір сыйлаған балаларын өлтіргендері үшін,
ата-аналар жазалануға тиіс емес деп есептеген. Жаңа туған нәрестені өлтіру
қылмыс болып саналмағандақтын, ол үшін қылмыстық жауапкершілік көзделмеді,
алайда кейіннен балаларын өлтірген ата-аналар, 3 тәулік бойы нәрестенің
мәйітімен бірге байланып, жан күйзелісі жағдайын кешетін болды. Бұндай
шараны қолдану мақсаты - балаларын өлтірген ата-аналарға, істеген
қылмыстарының ауырлығын сезіндіру болды. Ежелгі гректер мен римдіктер және
олармен көршілес тайпаларда, нәрестені өмірінен айыру немесе оған өмір
сыйлау мәселесін шешу құқығы, жанұяның жасы үлкен мүшесіне берілді, бірақ
кемтар немесе әлсіз балалар әрдайым өлтіріліп отырды. Нәрестені өлтіру
қылмысына грек және рим философтары жеңіл-желпі қарағандықтарын, олардың
еңбектерінінен байқауға болады.
Платон "идеалды мемлекет" еңбегінде 40-тан асқан әйелдерге бала тууға
және заңды некеден тыс балалардың туылуына тыйым салған. Алайда бұндай
балалар туылған жағдайда, олар өлтірілуі тиіс — деп көрсеткен. Платонның
шәкірті Аристотель: "Әлсіз немесе көріксіз нәрестелерді өлтіру және түсік
түсіру - мемлекет халқының азық – түлікпен камтамасыз етілуінше және тепе-
теңдікті орнауына өз септігін тигізеді -деп санаған.
Цицерон, Сенека, Тацит және Плутарх сияқты ойшыл-философтар да
нәрестені өмірінен айыруға және түсік түсіруге кешірімді қарап, бұндай кұ-
былыстардың орын алуын қалыпты жағдай ретінде қабылдаған. Плутархтың
пайымдауынша: "Нәрестелерді өлтіруге итермелейтін басты фактор болып -
кедейшілік табылады. Кедейлер өз балаларының тәрбиесіз бұзылып, жаман жолға
түскенін және тән азабын шегіп, жан күйзелісіне ұшырағанын қаламады. Алайда
ең бастысы кедейлер қауымы - өз ұрпақтарының қайғы - қасіретке толы өмір
сүріп, жоқшылық күйін бастан кешіруді мұра етіп қалдырғысы келмей, оларды
нәресте кездерін де өмірлерінен айырған".5
Рим империясының императоры ¥лы Константин билік басына келесімен,
нәрестелерін өлтірген ата-аналарды жауаптылыққа тарту үшін, заңнамаға
өзгертулер енгізді. Император 319 жылы нәрестені өмірінен айыруды қылмыстар
санатына қосып, ол келесідей іс жүзіне асты: қылмыскер - әйел, әтеш, маймыл
мысық және жыланмен бірге бір қапқа салынып, суға тасталды..
Кедейшілік себебінен жаңа туған нәрестелерін аналарының өлтіруі
қылмыстарының кеңінен таралуын тоқтату мақсатымен, ¥лы император Константин
329 жылы ата-аналардың, балаларын сатуға құқықтарын бекітетін заң шығырды.
Сонымен қатар, император нәрестелерді өмірінен айыру қылмыстарының
себептеріне назар аударып, 315 жылы "Әлеуметтік жағдайларының нашарлығынан,
күн көрісі ауырлап кеткен ата-аналардың балаларын мемлекет есебінен
тамақтандырып, оларға қамқорлық жасау" туралы заң шығарды.
Христиандықтың алғашқы ғасырларында балаларды қорғаудың
күшейгендігі байқалды. Лактаций (3-4ғғ): "Егер кедейшілік баланы
тамақтандырып", өсіру мүмкіндігінен айырса, онда неке құру не қажет" - деп
нәрестелерді өлтіруге дейін баратын дінсіздерді (христиан дінінде емес
адамдар) айыптаған.
Францияның заңнамасына 1250 жылы Помпей заңы қайта енгізіліп, ол
бойынша жаңа туған нәрестесін екінші рет өлтірілген ана,жылан, маймыл, әтеш
және итпен бір қапқа салынып, суға тасталуы тиіс болды. Ал бірінші рет
баласын өлтірген аналар шіркеуге берілді. Дінбасылары қылмыскер -анаға отта
өртелу жазасын қолданды, әрине егер ол баласын аса қатыгездікпен өлтіргені
дәленденсе.
Ал 16 ғасырдың Заңнамалық ескерткіштерінде нәрестелерді өлтіру
қылмыстарына көп көңіл бөлініп: оны жәй қылмыстан бөлек, өмірге қарсы
ерекше қылмыс ретінде қарастырған.
Карл V Бамберг қылмыстық кодексінің әсерімен, 1532 жылы Регенсбургте
әйгілі Каролина кодексін қабылдайды. Жоғарыда аталған заңнамалық
ескерткіштердің екеуі де жаңа туған сәбилерін өлтірген аналарға
тағайындалатын жазаларымен ұқсас болып келеді. Каролина кодексінің 35-бабы:
"Тұрмысқа шықпаған әйел жасырын босанып, туған нәрестесін өлтірді деген
күдік туса, онда бұл жағдайдың рас-өтірігін білу мақсатымен, ол әйелдің
таныстарының арасында сұрастыру жүргізу қажет. Егер күдікті жағдайдың орын
алғаны анықталса, онда босануға көмектесетін әйелдер көмегіміен күдік
келтірген әйелді жасырын жерде тексеру керек. Егер тексеру барысында
әйелдің жақында босанғаны дәлелденсе, бірақ ол бұны мойындаудан бас тартса
және баланы қайда жібергенін айтпаса, онда ол әйелді күш қолдану арқылы
қинау керек".
Каролинаның 131-бабы; "Егер әйел өзінің жаңа туған баласын
қатыгездікпен өлтірсе, оған тірідей көму немесе суда тұншықтыру сияқты
жазаларды қолдану керек".
Каролиның 132 - бабы: Егер әйел жаңа туған нәрестесін қауіпті жағдайда
қалдырса және қорғансыз сәби мерт болса, онда ол әйел өлім жазасына кесілуі
қажет. Алайда бала тірі қалған күннін өзінде, әйел өзінің касақана
әрекеттері үшін жазалануы тиіс".
Сол бір кезендерде қоғамның түрлі таптарының өкілдеріне өлім жазасының
түрлері бірдей қолданылмады, бірақ жаңа туған нәрестелерін өлтірген
аналарға төрт жануармен қапқа салынып, суға тасталу жазасы, әлеуметтік
сатыда алатын орнына қарамастан, бәріне бірдей қолданылды. Өзге қылмыстарға
жаза тағайындау кезінде Каролинаны басшалыққа алып, ондағы ережелерді
мүлтіксіз орындайтын сот тәжірибесі, нәрестелерін өлтірген аналарға
тағайындалатын жазаны тым қатал деп санады. Ендігі жерде сот заңда
көзделегн тірідей көму немесе суда тұншықтыру жазаларын да тағайындамай,
жаңа туған сәбилерін өлтірген аналарға - "басын шабу" сияқты жазаны
тағайындайтын болды. Тән азабын азайтады деген сеніммен, өмірден айырудың
бұл тәсілі уақыт өте келе қылмыстық заңға енгізілді. Осылайша Австрияда
нәрестесін өлтірген әйелдерге жаза Каролина бойынша тағайындалатын, алайда
1656 жылы төменгі Австрияда Фердинанд патшамен, 1675 жылы жоғарғы Австрияда
Леопольд I патшамен, Каролинада көзделген жазалар "басын шабу" жазасымен
алмастырылды. Бұл қадам жазаны жеңілдету мақсатымен жасалды, бірақ нәресте
аса қатыгездікпен өлтірілсе, онда әйел қинап барып өлтірілді.
Сол замандағы жаңа туған нәрестені өлтіру қылмысына байланысты француз
заңнамасының тарихын қарастыратын болсақ, Генрих II патша 1556 жылы
шығарған эдиктісінің маңызы зор болғанын байқаймыз. Бұл эдиктінің, 1791
жылы жаңа қылмыстық кодекс қабыданғанға дейін, 2,5 ғасыр бойы заңи күші
болды. Эдикт бойынша қылмыстық іс-әрекеттің субьектісі болып:
1. өзінің жүкті болғанын және босанғанын жасырған;
2. баланың тірі немесе өлі туылғанын кейіннен растайтын куәлардың
болуын қамтамасыз етпеген, тек айыпты әйел табылды.
Өзінің жаңа туған баласын шоқындырмай, зираттан өзге бір жасырын жерге
ешбір міндетті дәстүрсіз көмген әйел қылмыскер танылып, оған өлімге кесу
жазасы қолданылды. Жоғарыдағы мәліметтерді саралау барысында, 1556 жылы
Эдиктпен қылмыстық жауапкершілікке тек христиан дініндегі әйелдер ғана
тартылды. Эдикт бойынша жауаптылыққа тартылмау үшін, некеден тыс жүкті
болып қалған үйленбеген әйел немесе жесір әйел, бұл туралы прокурорға
немесе сот хатшысына хабарлауы тиіс болды. Халықты 1556 жылғы эдиктінің
мазмұнымен таныстыру мақсатымен, 1708 жылы 25 ақпанда патша жарлық
шығарады. Ол бойынша: "Әрбір шіркеуде 3 ай сайын эдикті халыққа жариялап
отыруға және дінбасылары патша прокуроларына жасалған жұмыс туралы хабарлап
отыруға тиіс болды. Ал бұл талапты орындамаған дінбасылары жауапкершілікке
тартылды. Өзінің мазмұны бойынша 1556 жылы Эдикт, Бамберг және Каролина
кодекстеріне өте ұқсас болып келді, ұқсастықтардың орын алуын бұл заңи
ескерткіштердің бір кезенге сай келуімен түсіндіруге болады.
Жоғарыда қарастырылғанның негізінде 18 ғ және кейінгі ғасырлардың
өзінде Эдиктіні толық күйінде қолданбай, оны айыпталушының жағдайын
ауырлатпайтыңдай баламалы түрде түсіндірді.
Ендігі жерде әйелді нәрестесін өлтірді деп кінәлау үшін, оның өзінің
жүктілігі мен босанғанын жасыруымен қатар, оның баласын шоқындырмай
зираттан өзге жасырын жерге көмуі дәлелденуі тиіс болды. Енді зираттан өзге
жерде көмілген баланың мәйіті табылған жағдайда, оның шоқындырылғаны немесе
шоқындырылмағаны анықталды. Егерде бала шоқындырылып барып, көмілгені
дәлелденсе, онда 1556 жылғы эдикт колданылмады. Кейіннен сот тәжірибесі
басшылыққа ала отырылып, заңнамаға елеулі өзгерістер енгізілді.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес, дәрігерлер баланың тірі немесе өлі
туылғанын анықтаумен қатар, олар бала өлі туылса, оның себебін анықтауға
міндетті болды. Егер дәрігердің көмегімен баланың өлі туылғаны дәлелденсе,
онда кінәлі әйел өлім жазасына кесілмеді, алайда оған дене жазасы
қолданылып, ол жер аударылды. Жаңа туған нәрестені әкесіне немесе оның
туысқандарына бердім деген сылтаумен, қылмыскер-аналар көп жағдайда
қылмыстық жауаптылықтан құтылып кетіп отырды, себебі 1556 жылы әдикт
бойынша нәрестенің мәйіті табылмаса, қылмыс кұрамы да болмады деп
есептелінді.
Ұлыбританияда 1624 жылы Яков I патша заң шығарады, оған сәйкес; "Егер
де әйел некеден тыс жүкті болып, кейін жасырын босанып, оны білдірмеуге
тырысса және осыдан ол баласын өлтірді деген күдік туындаса, айыпты әйел
өлім жазасына кесілді, алайда куәгерлер айғақтарымен баланың өлі туылғанын
дәлелдесе, онда әйелге өзге жаза қолданылады." Ал 1803 жылдан бастап,
нәрестені өмірінен айыру қылмысы, өзге адам өлтіру қылмыстары сияқты жалпы
негізде тергеле бастады.
Некеден тыс өлі бала туылған жағдайда анасы кінәсіз деп саналып, ол
қылмыстық жауаптылыққа тартылмады, алайда әйел өлі баланың мәйітін жасыруға
бағытталған іс-әрекеттер жасағандығы дәлелденсе, онда ол 2 жыл мерзімге
Тыныштық үйіне мәжбүрлі түрде орналастырылады. Швед заңнамасы (1734 ж)
ағылшын заңнамасында, оның ішінде Яков I патшаның заңына негізделеді.
XVIII ғасырдан бастап жазаларды тағайындау кезінде олардың кейбір
кылмыстар үшін тым қаталдығы байқалады.
Коралина кодексінде анасының жаңа туған баласын өлтірген қылмысы үшін
көзделген жазалардан, жаңа заңнама мүлдем бас тартып, басты шабу жазасын
қолдануды жөн көрді. Бұған мысал ретінде, 1794 жылы Пруссияда қабылданған
заңды қарастырайық: нәрестені өлтіру кылмысы үшін - басты шабу жазасы
тағайындалды, ал өзге адам өлтіру қылмыстары үшін, -денені бөлшектеп кесу
жазасы қолданылды. Алайда жаңа туған нәрестесін анасы аса қатыгездікпен
өлтіргені анықталса, онда жаза тағайындау кезінде бүл ауырлататын жағдай
ретінде ескеріліп, сот алқасы тән азабын шектіріп барып, қылмыскер-ананы
өлім жазасына кесті.
Бұны 1756 жылғы Бавария кодексінің үшінші тарауынан: анасының жаңа
туған баласын, ар-намысын сақтау үшін немесе жақындарының наразылығынан
қорқуы салдарынан өлтіру қылмысына - денеге ыстық темір тигізіп, күйдіріп,
кейін басын қылышпен кесу жазасын тағайындауынан, көреміз.
Күйеуге шықпаған әйелдің жасырын туған баласын тауып алған жағдайларға
заң қатал қарады. Осындай жағдайларда заңдар жинағының 21 тармағына сәйкес
анадан оның баласы өлі туылғандығы туралы нақтылама қабылданбай ол қылышпен
шауып өлтірілді.
1768 жылы қабылданған Мария Терезаның Заңы да осындай әрекетке барды,
некесіз баланы туған кезінде анасы оны өлтіргенде, ата-аналардың заңды
балаларын өлтіргендігі үшін жазаланатын жазадан, азабы аздау жазаға
кесілді. Осы кодекстің 86 бабы туа сала өлтіргендігі үшін айналып түрған
доңғалаққа салып өлтіруді немесе адам тәнін төртке бөліп өлтіруді көздеді,
бірақ осындай қылмыстарға айыпты әйел мүндай жазаға кесілмеді: оның қолын
басын кесіп алып, осы кесілген мүшелерін айналып тұрған доңғалаққа салатын
еді, ал ауыр қылмысы үшін оның денесін қызып түрған қышқаштармен жұлатын
болған.
Некесіз жаңа туылған баланы өлтіруге келетін болсақ Терезаның 87 бабы
осы жерде екі жағдайды бөліп карастырады: баланы әрекетпен және аңдамай
байқаусызда өлтіру; өз баласын қасақана немесе қауіпті жерге қалдырып
өлтірген мейірімсіз ананың басы кесілді, содан соң бассыз қалған өлі денені
молаға көметін, осыған қоса оның жүрек тұсына қазық қағылып, осыдан соң
барып мола көмілетін. Егер де ана ешқандай да күш қолданбаса, бірақ баласын
тек аңдамай өлтіріп алса (мысалы, кіндігін кеспестен), немесе оны тамақсыз
калдырса, онда ол ананың басы кесілетін, бірақ денесіне қазық қағылмады.
Қылмысын ауырлататын жәйттар ретінде ананың туған баласын бірнеше мәрте
өлтіруі, шоқындырылмаған баланы өмірінен айыруы, ерекше жауыздық сияқты
себептер, сондай-ақ егер жаңа туылған баланы жас қыз анасының айтуы бойынша
өлтірсе, онда жаза жеңілдетілетін болған.
Терезианадағы ананың жаңа туылған баласын өлтіру жөніндегі §8
Балаларды өлтіруге алып келетін себептерді болдырмау тарауы ерекше
кызығушылық тудырады (мұндай ананың жаңа туылған баласын өлтіруі айтылып
тұр). Заң оларды үш топқа жіктеді: бірінші себеп әр ұлтқа калудан қорқу;
екіншісі - әйелді ашынасы опасыздықпен тастап кетуі; үшінші себеп - оның
жүкті болуы белгісіз және ұрық пен бала жойылатын болса, мүлдем құпия болып
қалуы. Бірінші және соңғы себептердің бір бірлеріне көрініп тұр.
Ананың жаңа туылған баласын ұлтқа қалудан қорқып өлтірудің басты
себебін мойындай отырып, Терезиана бірқатар шараларды белгіледі, аз ғана
мәнге ие болса да бұл шаралар өздерінің маңызын жоғалтпады. Терезиана Заңы,
Үкіметке жүкті болғандығын ата аналарына, достарына, немесе әлдекімге құпия
түрде жариялаған, адамзаттың әлсіздігі бойынша жаңылыс қадам жасаған
әйелді көпшіліктің алдында жазаламауға кеңестеме жасады. Мұндай жағдайларда
әйел босандыратын дәрігерлер өздерінің көмектерін көрсетуге және өздеріне
белгілі болған жүктілік туралы құпияны сақтауға міндетті болды. Құпияны
жариялағандығы үшін олар жазаланатын еді. Жүкті болған әйелді туғаннан соң
дәрменсіз жағдайда тастап кеткен, бірге түратын еркек те жазалауға ұшырады.
Әсіресе, үй қызметкерлеріне жүкті болып қалған қыздың ата-анасына немесе
туған туыстарына байқалып қалған жүктілік белгілері туралы хабарлау жасау
міндеті жүктелді. Заң шығарушы мұндай жағдайда кыздың ата-аналары мен туған-
туыстарына қайғылы жағдайға қаталдық көрсетпеу үшін оны жазаламауға шақырды
8.
Аналардың жаңа туылған балаларын өлтірумен күресте жазаны жеңілдетуге
алғаш әрекетті швед Королі Густав Үшінші жасады, ол 1778 жылы парламентке
бірқатар қылмыстар үшін өлім жазасын алып тастауды ұсынды, соның ішінде
ананың жаңа туылған баласын өлтіргендігі үшін кесілетін жаза да бар.
Соңғы ұсыныс адами тұрғыдан көрініс берді және халық санының пайдасына
шешілді: ел санының аз болуы әрдайым да мәртебелі тақсырға өзі туралы
есіне түсіріп отырды, ал адамгершілік: бүгін ана өз баласын өлтіреді де,
содан соң өзі келіп бас кесетін тақтай алдына келіп жығалады - дейді. Осы
қылмыс үшін өлім жазасын алып тастауға дінбасылары қарсы болды. Бұл
қасиетті жазбалардың мәтіндері ұсынған реформаның дінге қарсы екендігін
көрсетті, онда былай делінген: Құдай Нұқ пайғамбарға өлтірушінің қанын
адамдардың төгуіне әмір етті, өйткені Нұқ — адамзат баласын екінші
тудырушы, оған берілген әмірдің барлығы да оның ұрпақтарына да қатысты.
Құдайдың еркіне сәйкес баланы өлтіруді өліммен жазалайтын заң жазаның
құтқарушы қатері болып жұмыс істейді, дінбасылардың пікірі бойынша заң
қандай да бір өзгерістерге ұшырамауы қажет. Дворяндар дінбасыларына жауап
ретінде Қасиетті кітаптағы жазбаларға сілтеме жасай отырып, королдің
ұсынысын колдады, кітапта: Алғашқы адам өлтіруші Қабыл жазаланбады
делінген. Осыған байланысты ананың жаңа туылған баласын өлтіргендігі үшін
жазаны алып тастау туралы жоба қабылданды.
Аналардың жаңа туылған балаларын өлтіруімен күресте жазалау жүйесін
өзгерту қажеттілігі туралы идеялардың кеңінен тарауы ұсыныстарынан
көрінеді, Франция халқының сословие ұсынысында 1789 жылғы. Сонымен Дижон
сайлау округінің үшінші Генрих II эдиктіснің жүктілігі туралы хабарламаған
қыздарды жазалауға арналған бөлімін алып тастау туралы ниеті айтылды. Осыны
Дижон қаласы да талап етті. Өзге округтың дворяндары Генрих П-нің
эдиктісінде белгіленген жазаларды азайтуды талап етті.
1791 жылы жаңадан қабылданған Кодекс 1556 жылғы эдиктінің күшін жойды,
ол бойынша анасының жаңа туылған баласын өлтіруді әдеттегі адам өлтіру
ісіне жатқызды.
Сонымен 19-ғасырдың қылмыстық заңы, кейбіреулерін қоспағанда, ананың
жаңа туылған баласын өлтіруіне квалифицииялық қылмыс ретінде карауынан бас
тартып, өлім жазасын өзге жеңілдеу жазалармен алмастырды. Ата-аналардың
балаларының өміріне деген құқығы туралы пікірлер өзгереді, 1832 жылдың
Заңдар Жинағында ата-ана балаларының өміріне құқықтары болмайды және
оларды өлтіргендері үшін айыпталып, қылмыстық заңмен жазаланады делінген.
9
18-ғасырдың соңы мен 19-ғасырдың басында жаңа туылған балаларды өлтіру
қылмысына баса назар аударылып, М.Д.Шаргордскийдің айтуынша: осы мәселенің
өзекті болғаны сонша, жаңа туылған балаларды өлтірудің алдын алу шаралары
тақырыбында 400-ге дейін шығармалар пайда болғандығы жөнінде айтуға болады.
Сонымен, Ч.Беккария жаңа туылған нәрсетені өлтіру қарама-қайшылықтың
нәтижесі болып табылады, оған себеп өзінің әлсіздігінің немесе зорлық-
зомбылықтың құрбаны болған әйел.
Ол әйел ұятқа қалуды немесе өзінің бақытсыздығын сезінуге қабілетсіз
нәрестенің өлімін таңдауы қажет. Әйел өзінің және бақытсыз баласын күтіп
тұрған азаптың болмай қоймайтынын біле тұра өлім жазасын қалайша
таңдамасын? Осы қылмыстың алдын алудың таңдаулы құралы -шынында да
қатыгездіктен әлсіздікті қорғайтын заңдар болмақ. Мен осы қылмыстарға
лайықты болып табылатын әділетті қорқынышты азайтқым келмейді. Бірақ
олардың себептерін көрсете отырып, мынадай жалпы қорытынды жасауға өзімді
құқылымын деп есептеймін: қылмыстың алдын алу ушін, заң ұлтқа қолайлы
келетін ең таңдаулы деген құралдарын қолданбайынша қылмыс үшін берілетін
жаза әділ деп танылуы мүмкін емес. 10
Кант мүлдем басқа себептерді алға тартты, ол адам өлтіргендігі үшін
жазаны талион түрінде талап ете отырып, сондай-ақ адам өлтірушіге өлім
жазасын міндетті түрде қолдануды қолдай отырып, егер де адам өлтіруге
бірнеше адам қатысса олардың барлығы да өлім жазасына кесілуі тиіс деп
есептеді. Сонымен бірге адам өлтірудің екі түрін — дуэлде адам өлтіруге не
жаңа туылған баланы өлтіруге, өлім жазасы қолданылмауы тиіс, екі кылмысқа
қатысты күмән жоқ емес - оларға өлім жазасын кесуге заң кұқылы ма, әлде
құқықсыз ба? Деген сұрақ туындайды. Екі қылмысқа да ар ұят, абыройды сақтау
итермелейді. Бір жағдайда - бұл жыныстық ар-намыс мәселесі, екінші бір
жағдайда әскери ар-намыс мәселесі карастырылады. Бір қылмыс - бұл баланы өз
анасының өлтіруі, екіншісі -әскери жолдасын өлтіру. Заң некесіз баланың
туылуының алдын алуға шамасы келмейтіндіктен және қорқақтықтан күмәнді
дақтарын жуып-шая алмайтындықтан, екі жағдайда да адам өлтіруді - адам
өлтіру қылмысы деп есептемеу, өлім жазасын тағайындамау керек. Некеден тыс
жарық дүниеге келген бала заңсыз туылады, сол себепті неке заңдарымен
қорғалмайды. Ол қоғамның арасында жасырынғандай болады (дәл тыйым салынған
тауар секілді), сол себепті нәресте еленбеуі мүмкін (себебі, әділеттілігін
айтқанда ол бар болуға тиісті емес), ал дұрысында оның жойылуы еленбейді,
сондай-ақ жүкті әйел некесіз туып алған болса, ешқандай да декрет ананың ар
- ұятын қалпына келтіре алмайды. 11
Осы көзқарастардың ықпалымен 18-19 ғасырлардағы еуропалық заңнама
қалыптасты.
Франция. Анасының жаңа туылған баласын өлтіруі туралы баптары бар 19-
ғасырдағы француз заңнамасы сол кездегі еуропалық мемлекеттердің
заңнамаларынан өзінше ерекшеленеді.
1791 жылғы кодекс аз уақыт қана өз күшін сақтап тұрды. 1804 жылы жаңа
заңдар жинағының жобасы жасалынды, оған анасының жаңа туылған баласын
өлтіруі жөніндегі ерекше бап енгізілді. Ол неке құрмаған ананың немесе
қоса орындаушылардың жаңа туылған баланы өлтіруі ретінде анықталды.
Қылмыскерлерді жазалау ретінде — оларды елден аластатуды қолдану ұсынылды
(287 бап). Бірақ ұсыныстар қолдау таппай.
Заң күшіне енбеді. Осы жобаға бірқатар қарсылықтар білдірілді, алайда
олардың дұрыстығын депутаттардың көпшілігі мақұлдады. Шешендердің көпшілігі
анасының жаңа туылған баласын өлтіруі әрдайым тікелей қасақаналықпен, алдын
ала ойластырылып баланы өлтіруден басқа еш нәрсе еместігіне жасалатынына
сілтеме жасады, бұндай қылмыстарды ашу да, жек көрушілікті де тудырмайды,
бала тек өкінішті оятады. Ол мүлдем корғансыз және дәрменсіз, міне
сондықтан да оның өлтірілуі - ересек адамды өлтіргенге қарағанда анағұрлым
ауыр қылмыс болып табылады. Ар-намыс абыройды сақтау қылмыстың жауыздық
сипатын жоя алмайды, себебі- анасының жаңа туылған баласын өлтіруі пайда
күнемдіктен туындауы. Адамгершілік қасиеттерді жақтаушылар, анасының жаңа
туылған баласын өлтіруі әрдайым да алдын ала ойластырылып жасалады деген
болжамның қателігін дәлелдеуге тырысты, сонымен қатар мұндай жағдайларда
өлім жазасы тым асыра кесілген ауыр жаза болып табылады: -деген көзқарасты
ұстанды. Алайда жаңа туылған баланы өлтіру ауыр кылмыстардың қатарына
жатқызылып, бұл қылмыс үшін өлім жазасы кесілді. Бірақ кейіннен сот
практикасы анасының жаңа туылған баласын өлтіруі туралы жазаны тым ауыр деп
тауып, олар айыпкерлерді өлім ағашына апаруға қарағанда, ақтап алуды
таңдады. Ақтап шығу үкімдерінің айтарлықтай көбейіп кетуі француз заң
шығарушысын 1824 жылы, егер де сот ананы баласының өліміне айыпты деп
тапса, бірақ аяушылық білдіруге болады десе, өлім жазасы басқа жазалармен
алмастыруға мүмкіндік беретін Заңды шығаруға итермеледі. Ананың жаңа
туылған баланы өлтіруіне қатысты 1810 жылғы кодекс қаулысы 1901 жылдың 21
қарашасына дейін өз күшін жоймады, жаңа кодекс ананың жаңа туылған баланы
өлтіруін жеңілдететін жағдайда адам өлтіру қатарына жатқызатын болды. Осы
заң мәтінін қабылдар кезде сенатта тартыстар жүрді, кылмыскерлерге өлім
жазасын қалдыру керектігін қолдаушылар және оны толықтай алып тастауды
қолдаушылар екі жақты айтысты. Жаңа Заңның бірқатар жобаларын ұзақ уақыт
бойы талқылаудың нәтижесінде консенсус табылды. Кодекс жаңа туылған баланы
өлтірудің анықтамасын сақтап калды, бірақ 1810 жылғы заңдар жинағына қарама-
қайшы бұл қылмыстың тікелей қасақаналықпен, сондай-ақ жанама қасақаналықпен
жасалуы мүмкін деп көрсетті. Алғашқы жағдайда әйел өлім жазасына кесілді,
екінші жағдайда өмірлік каторгалық жұмысқа жегілді, бірақ ананың осы
кылмысты өзінің жасауы жазаны жеңілдетті, өйткені заң бұл жерде әйелдің
психикасының зақымдалуын ескеріп, тікелей қасақаналықпен жасалған кылмыс
үшін өмірінің соңына дейін әйелді каторгалық жұмыстарға жекті, ал жанама
қасақаналықпен жасалған қылмыс үшін уақытша жұмыстарға жекті. 12
Италия. Сардиниялық заң жинағы ананың жаңа туылған баланы өлтіру
арналған баптардың мазмұны бойынша 1810 жылғы француз кодексіне ұқсас
болды. Ол 522 бапта жаңа туылған баланы өлтіруді кез-келген адамның жаңа
туылған нәрестені өмірінен айыру ретінде карастырды, сондай-ақ осы қылмыс
үшін өлім жазасын кесті (531 бап), бірақ егер де әйел некеден тыс туылған
баласын өлтірген болса, екі және үш дәрежеге жазаны жеңілдетуге жол берілді
316 бап), осыған қоса баланың өмірге қабілітілігіне назар аударылды. 1861
заң сардиниялық заңдар жинағына екі маңызды өзгерістер енгізді: біріншіден,
бала тапқан кезде ар-намысын қорғау себептері болса, онда жазаны
жеңілдетуге жол берілді, екіншіден жауапкершілікті жеңілдету тек ана үшін
ғана емес, сондай-ақ көрсетілген себеп бойынша әрекетке барған тұлғалар
үшін де мүмкін болды.
Италия өзінің жаңа қылмыстық кодексін жасауға кіріскен кезде, анасының
жаңа туылған баласын өлтіру туралы мәселе ұзақ уақытқа созылған тартыстарға
алып келді. Заң шығарушы комиссиялар бап мазмұнын көп мәрте ауыстырды.
Алғашқы комиссияның жобасы жаңа туылған баланың өлтірілуін некеден тыс
туылған баланы тууылуы кезінде өлтіру немесе туылғаннан кейін ұятқа қалмау
мақсатымен өлтіру ретінде карастырды, бірақ комиссия айтылған ниетті ар-
намасын қорғау үшін деген ниетпен алмастырды, сондай-ақ некеден тыс
деген сөзді мүлдем алып тастады. Екінші комиссия (334 бап) керісінше
жәбірленушіге кауқарсыз құрбандық ретінде қарап жауакершілікті ұлғайтатын
жағдай ретінде қарастырды. Біз жаңа туылған деген ұғымында өзара
айырмашылығы бар 1876 және 1883, сондай-ақ өзге де жобаларға тоқталмаймыз.
1887 жылғы соңғы жоба жаңа туылған баланы өлтіру ауыр адам өлтіру деп
санаған француз кодексі бойынша, квалифициялаудан бас тартып, бұл қылмысты
жеңілдететін жағдайда жасалатын қылмыстар катарына қосты. Жаңа туылған
баланы өлтірген субъектілер ретінде тек ана ғана емес оның күйеуі, ұлы,
қызы, ата-аналары, бауырлары, әпкелері, асырап алуышыларын да қарастырды.
Некеден тыс деген ұғым мүлдем алынып тасталды және баланың жасы
көрсетілді: туылған күннен кейін бес күн, егер азаматтық тіркеуге
енгізілмесе.
Германия. 19 ғасырдағы неміс мемлекеттерінің кодекстерінде үлкен
айырмашылықтар байқалады. Олардың бірі жүктілігі мен босануын жасыру, бұл
жаңа туылған баланы өлтіру жағдайларының бірі деп карастырса (Ганновер заң
жинағы), бұл талаптарды басқалары білмейді. Сондай-ақ жаңа туылғандық
мерзімі де басқаша: 1813 жылғы Бавар заң жинағы жаңа туылған бала деп
туылғанынан үш күн өтпеген баланы атаса, ал Саксон, Вюртемберк, Баден және
өзге де заң жинақтары - туылғаннан кейін 24 сағатқа дейінгі балаларды жаңа
туылғандар деп атады. Бірқатар заңдар көпшіліктің ырқына көніп, айыпкерге
өлім жазасын кесуден бас тартты.
Сонымен 1813 жылы 6 мамырда өмірге қабілетті некеден тыс жаңа туылған
баласын өлтірген ана белгісіз бір мерзімге каторгалық түрмеге айдалды, ал
өлім жазасы осындай қылмысты егер ана екінші мәрте кайталаса тағайындалатын
болды. Сондай-ақ 1840 жылы Ганновер заң жинағы пайда болды, ол өлім жазасын
тек алғашқы қылмысы үшін жазасын өтеп келген ана осындай қылмысты екінші
мәрте қайталағанда ғана қолданды, бірақ мұндай жағдайда өлім жазасы өмірлік
каторгалық жұмыспен алмастырылуы мүмкін болды.
Брауншвейг герцогтігінің заң жинағы ананың некеден тыс, сондай-ақ заңды
баласын өлтіруі қылмысын жеңілдетілген қылмыстар қатарына жатқызып,
айыпкерге өлім жазасын кесуден бас тартты. Жеңілдетуге некеден тыс жүкті
болған ананың психикалық жағдайы себеп болды. 1839 жылғы Вюртемберг заң
жинағы ананың некесіз баласын өлтіргендігі (туылу кезіне немесе туылғаннан
кейін 20 сағаттың ішінде) үшін жазаны төмендетіп 10 жылдан 20 жылға дейінге
каторгалық жұмысқа алмастырды. Жазаның көлемі баланы өлтіруге шешім
қабылдау уақытына байланысты болды: егер де мұндай шешім туылғанға дейін
қабылданса онда каторгалық жұмыс 15 жылдан 20 жылға дейін тағайындалды, ал
қалған жағдайларда 10 жылдан 15 жылға дейін созылды. Германия
мемлекеттерінде Саксон қылмыстық заң жинақтары үлкен мәнге ие болып, ол
1850 жылы Веймар, Удолылтадта енгізілген Тюренген қылмыстық заңдар
жинағының негізі болды.
Осы заң жинағының ананың жаңа туылған баласын өлтіруі туралы каулылары
жоғарыда келтірілген жазалардан анағұрлым жеңілірек. Мұндай қылмыс үшін
анаға кесілетін каторгалық жұмыс жазасы 15 жылдан аспауы қажет және 4
жылдан кем болмауы тиіс, бірақ жаңа туылған баланың өмірге қабілеті
болмаса, жаза екі есеге дейін азайтылды, яғни 2 жылға дейін. Сондай-ақ 1851
жылғы прус қылмыстық заң жинағы да кеңінен танымал болды. Олардың
белгілеген каторгалық жұмыстарының мерзімі Тюренген кодесіндегі жинаққа
қарағанда біршама көбірек: 5 жылдан 20 жылға дейін. Неміс заң жинақтарының
көпшілігі бойынша жаңа туылған баласын өлтірген субъекті кодекстің 180
бабына сәйкес тек үйленбеген әйел болып табылады; өлтіру сәті туып жатқан
кезде немесе содан кейін жақын арада сөздерімен анықталады. Бұл анықтама
1870 жылғы 31 мамырдағы жалпы империялық қылмыстық заң жинағының 217 бабына
да өтті, бірақ жазаның көлемі айтарлықтай төмендетілді. 13
Онда: Жаңа туылған баланы өлтіру алдын ала ойластырылған ниетпен
немесе мұндайсыз, ананың заңсыз баласын туу кезінде немесе туа сала өлтіруі
қасақана қылмыс деп аталады делінген. 14
Англия. Англия Заңы баланы өлтіру және ересекті өлтіру деп бөлмейді.
Бірақ олар өлім нәресте толықтай туылып болғанан кейін жасалуы мүмкін деген
қызықты көзқарасты ұстанды. Осының арқасында ағылшын дәрігерлері өте
қолайсыз жағдайда болды: олар баланың дем алғандығын дәлелдегенімен, бұл
әлі де болса туылған болып есептелмеді.
Ал шотландықтар болса баланың толықтай туылды деп, баланы шырылдаған дауысы
естілгеннен кейін ғана есептеді.
Осындай жағдайларда айыпкердің кінәсін дәлелдеу қиынға соқтырды; бірақ
тіпті жаңа туылған баланың өлтірілуі дәлелденген жағдайда, мәнсіз
қаталдыққа бармау үшін, бәрібір түрлі шығу жолдары карастырылды. Заңның
қатал баптарын айналып өту мақсатымен ағылшын соттары мынадай принципті
ұстаңцы: жаңа туылған баланың мәйіті табылып, оның туылғанда өмір
сүргендігі толықтай дәлелденбесе, ол өлі туылған деп есептелінді. 15
Ресей. Ресей баланы өлтіру әдеті жөнінде шеткері болып қала алмайды,
ананың туылған баласын өлтіруі сияқты мұндай қылмыс бұл мемелекетте де орын
алды. Карамзин осы жөнінде былай дейді: славяндардың қатты пұтқа табынуы
жөнінде айта отырып, тағы да ескеретін нәрсе олардағы кез-келген ана
жанұясындағы адам саны көбейіп кеткен жағдайда жаңа туылған қыз баланы
өлтіруге құқылы болған, ал ұл бала туылса отанға қызмет ету мақсатында оның
өмірінің сақталуы міндеттелді. 16 Өзге елдердегідей мұндай қылмыс
Ресейде де ауыр кылмыстар қатарына жатқызылды. Мемлекеттік өмірде діни
бастамалар үстемдік құрып тұрған кезінде айыпкерлерге ауыр жаза кесілді, ал
кейіннен нәрестені өлтіру жеңілдетілген қылмыс ретінде қарастырылды.
Еуропаның зайырлы заңына канондық құқықтың біз айтып отырған ықпалы
некеден тыс туылған баланы өлтіруді өмірге қарсы жасалған кылмыстардың
ерекше жазаланатын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz