«Кім бір мұсылманның айыбын жасырса, Аллаһ Тағала да ол адамның Қиямет күні айыбын жасырады» (хадис)


«Кім бір мұсылманның айыбын жасырса, Аллаһ Тағала да ол адамның Қиямет күні айыбын жасырады» (хадис)
Мақсаты: студенттерге адамдарды қалай танып білу дұрыс бағалай білу жолдарын түсіндіру.
а) Білімділігі: Өзгеге деген студенттің көзқарасын қалыптастыру және ізгілік ниеттері мен біліктерін таныту.
б) Дамытушылығы: Студенттерді өзіндік ізденіс жұмысына баулу және өзін - өзі тануға, өзгелерді танып білу негізін ой - өрістерін, көзқарастарын дамыту.
в) Тәрбиелілігі: Студенттердің өзгелерді адами болмысы, ойлары мен таным әрекетін байқауға және адамгершілікке, сыйластыққа, имандылық, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: плакаттар, нақыл - сөздер, шығармашылық жаттығулар мен тапсырмалар.
Әдістері: Түсіндіру әдісі, сұрақ - жауап.
Түрі: Сайыс, пікір талас, психологиялық жаттығулар, тренингтер
Ұйымдастырушылық кезеңі:
І. Баяндама оқу.
ІІ. Сұрақтар қойылып, жауап беру (пікірталас) .
ІІІ. «Менің ішкі жан дүние паспортым» психологиялық тренингті жүргізу.
ІV. 2 топқа сұрақтар қойып жарыстыру (иә, жоқ жауаптарымен 20 сұрақ)
V. Жаттығу өткізу.
VІ. Қорытындылау.
І. Баяндама
«Кім бір мұсылманның айыбын жасырса, Аллаһ Тағала да ол адамның Қиямет күні айыбын жасырады» (хадис)
Үнемі біреудің кемшілігін іздеу, оны бетіне басу - мұсылманның адамға жараспайтын қылық. Бірақ, адамдар ә дегенде адамның жақсы қасиетіне үңілуден гөрі жаман қылықтарын көргіш - ақ. Бір профессор бұны өз студенттеріне былайша дәлелдепті. Аудиторияға көлдей ақ қағаз алып кіреді. Ортасына қаламмен кішкене ғана қара нүкте қойып, олардан не көріп тұрғандарын сұрапты. Отырғандар ойланбастан кішкене ғана қара дақ көріп тұрмыз десе керек. Сонда әлгі профессор: - «Ойпырм - ай, алдарыңа осыншама көлдей қағазды жайып тұрғанда, ақ жерін көрмей көрінер көрінбес қара дақты айтқандарың не?! Міне, көрдіңдер ме, ақты емес қараны көру, жақсылықты емес жамандықты байқау - адамның пендешілігі. Сендер ендігі жерде өздеріңді адамның жамандығын емес жақсылығын көруге үйретіңдер», - деген екен.
Рас, пендешілікпен адам бойындағы жаман қылықты көруге құмармыз. Осы шындықты меңзеген қытайлар «Дүниеде қателік жасамайтын екі - ақ адам бар: біреуі - әлдеқашан өліп қалған адам, екіншісі - әлі туылмаған сәби» дейді екен.
«Ай кірсіз, Құдай мінсіз» демекші, расында Құдай Тағала ғана мінсіз, одан өзге жұмыр басты, екі аяқты пенделер арасында кемшіліктен ада ешкім жоқ. Алайда, бір қызығы, ешкім де өз кемшілігінің бетке басылғанын қаламайды. Дана қазақ:
« . . . Көпшіліктің ішінде
Біреудің айыбын айтып кемітпе.
Жұдырықтай жүрек бар
Көнбейді шіркін кемдікке . . . », - деп термелеткенде де осыны жақсы ұқтырған. Әркімнің көкірек қуысындағы жұдырықтай жүрегі кемдік көруге, кемшілігін басқалардың сөз еткенін, жіпке тізгендей ғып айтқанын қаламайды.
Құранда да мұсылман баласына ешкімнің кемшіліктерін тіміскілемеу керектігі айтылған (Хужурат сүресі, 49/12) .
Бірақ осы тұста егер жөн - жосығын білсе, кемшілікті айтуға болатындығын ескеру керек. Ол үшін өзіңіздің түпкі ниетіңіздің ақ - адал екеніне, әлгі адамның жеке басын қадірлейтіндігіңізді, тек жасаған қылығының жағымсыз екенін өте бір жұмсақ мінез, майда тілмен ұқтыра білгеніңіз жөн. Екіншіден, оны көпшіліктің көзінше емес, екеуара оңаша жерде айтқаныңыз дұрыс. Үшіншіден, әркімнің де қателіксіз, кемшіліксіз болмайтындығын бір ескеріп алуыңыздың, әңгімені содан бастауыңыздың жөні бөлек.
Ол - қателікті мойындата білудің алғышарты. Қалай дегенде де, «өз басындағы түйені көрместен, өзгенің басындағы инені көрудің» дұрыс еместігі анық. Алдымен өз қателіктерін көріп түзетпестен, өзгенің жақсы қасиеттерін бағаламай тек қателігі мен кемшіліктерін ғана көргіштік - мұсылманға жат қылық.
«Күні құрсын өркөкірек, кердеңнің, өзін көрмей өзгелерден терген мін» деп Баласағұн бабамыз да сынмен қараған.
ІІ. Сұрақ - жауап (пікірталас)
1. Жалпы адамды тануда қай жағына аса мән бересіздер?
2. Біреудің кемшілігін білгенде қалай түсіндіріп айтар едіңіз?
3. Сіздерге оңайма өзгенің кемшілігін айту?
4. Егер өздерінде сондай кемшіліктер байқалса не істер едіңіздер?
5. Қандай жолдары мен әдіс - тәсілдерін білесіздер?
ІІІ. «Менің ішкі жан дүние паспортым» психологиялық тренинг
Мақсаты: Студенттермен бірлесе отырып, қасиеттерді айқындап, жіктеп ішкі жан дүние паспортын жасау.
Шарты:Берілген нұсқауда: Мен жасыратын қасиеттер, өзгелер байқайтын қасиеттер, өзімнің бойыма қалыптастырғым келетін қасиеттер. Міне, осындай сауалнамаларға әр жеке тұлға пікірлер мен көзқарастарын білдіріп талқылайды.
ІV. Ітопқа (иә, жоқ жауап) сайыс кезеңі:
1. Мектептегі басты объект - оқушы (ия)
2. 1934 жылы сынып жетекшісі әр топқа тағайындалады. (Иә)
3. Сынып жетекшісінің мақсаты - сыныпта оқушылардың талап тілегін, мүдделерін ескеру. (жоқ)
4. Сынып жетекшісінің міндеті - ұлттық тәлім - тәрбиені сынып жетекші қызметінің маңызды компоненттері ретінде қарауды ұмытпау (Иә)
5. Сынып жетекшісінің қызметі - ұйымдастырушылық, басқару қызметінен тұрады (Жоқ)
6. Тәрбие жұмысына қойылған талаптар саны - 10 (Иә)
7. Тәрбие сағатының үлгісі - жоқ
8. Тәрбие сағатының талдау жолдары - мерзімінің айқындалуы, әдісі, формасы, мазмұнының сәйкес келуі, қорытындылау (Иә)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz