Жеке адамға қарсы қылмыстардың құқықтық сипаттамасы



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I. Тарау Жеке адамға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы

1.1 Жеке адамға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Өмірге қарсы қылмыстар жеке адамға қарсы қылмыстардың нақты бір түрі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

II.Тарау Жеке адамға қарсы қылмыстардың нақты бір түрі өмірге қарсы қылмыстарға заңды талдау жасау негіздері.

2.1 Жеке адамға қарсы қылмыстардың нақты бір түрі өмірге қарсы қылмыстарға заңды талдау жасау негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 11
2.2 Өмірге қарсы қылмыстардың жеке құрамдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Кіріспе

Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады.Қазақстан Республикасының Конституциясының екінші бөлімі осы мәселеге тікелей арналған.
Сондықтан да, Қазақстан Республикасының Конституциясының 1- бабында « ең қымбат қазына адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп жарияланған.Осыған орай, Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің екінші бабында адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан.Қазақстан Республикасының барлық заңдары жеке адамды қорғауға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға әр уақытта артықшылықтар береді.
Сондықтан да Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің бірінші тарауы жеке адамға қарсы қылмыстарға арналған.Кісі өлтіру жеке адамға қарсы қылмыстардың нақты бір түрі өмірге қарсы қылмыстардың бір жеке құрамы болып табылады.
Әрбір жеке адамның өмірі ол адамның ажырамас табиғи құқығы.Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясының он бесінші бабында былайша көрсетілген: Әркімнің өмір сүруге құығы бар.Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ.
Адам өмірі оның басты байлығы.Қазақстан халқын толғандыратын мәселелердің қатарында соңғы жылдары адам өмірін қылмыстық өол сұғушылықтан қорғау мәселесі алдыңғы қатарға шыға бастады.Адам өміріне қылмыстардың ауыр және ерекше санаттары ең үлкен зиян келтіреді.Кісі өлтіру қылмысы осы санатқа жатады.
Демократиялық қоғам жағдайында қылмысқа қарсы күрес ерекше орынға ие болып отыр.Өткен жылдар ішінде еліміздің құқық қорғау және сот жүйелерінің криминалдық көріністерге қарсы тұратын,азаматтардың өмірі мен құқықтарын қорғайтын әлеуметі едәуір нығайды.Сондықтан да, қылмыстылықпен тиімді күресуге ықпал ететін бағыттардың бірі қылмыстық заңнаманы жетілдіру, атап айтқанда өмірге қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік бекітетін бөлігінде.
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын жетілдіру бірқатар бастапқы қылмыстық құқықтық ережелерді қайта қарастырумен қатар, қылмыстық құқықтық нормаларды қалыптастыру үшін елеулі маңызы бар салыстырмалы түрде жеке мәселерді шешуді талап етеді.
Олардың бірі Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөліміндегі кейбір нақты нормалардың құрылымдарын нақытылап анықтау қажеттілігі.Бұл Қылмыстық заңда көрсетілген кісі өлтіру құрамына да қатысты.Сондықтан да берілген тақырып қазіргі таңда өзекті болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

I-Нормативтік құқықтық- актілер.
1.1 Қазақстан Республикасының Конституциясы-Алматы-1995ж(өзгерістер мен толықтырулар енгізілген)
1.2 Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі-16.06.1997ж
II-Негізгі әдебиеттер
2.1 Ағыбаев А.Н. /Қылмыстық құқық, Ерекше бөлім/ Алматы – 2001 ж.
2.2 Звечаровский И.Э. // Уголовная ответственность. Москва - 1995 г.
2.3 Наумов А.В. // Қылмыстық құқығы/ Астана – 2001 ж.
2.4 Звечаровский И.Э. // Уголовная ответственность. Москва - 1995 г.
2.5 Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы //Алматы – 2001ж
2.6 Лейкина Н.С. // Личность преступника и уголоная ответственность
М. 1995 г
2.7 Наумов А.В. //Осы заманғы қылмыстық құқықтың негізгі тұжырымдамалары. Алматы – 1999 ж.
2.8.Наумов А.В.Қылмыстық құқық: лекция курсы. Астана: «Фалиант», 2001ж.
2.9 Борчашвили И.Ш. Уголовное право, особенная часть. Алматы 2006г.
2.10 Жунусов Б.Ж. Проблемы уголовной политики. Алматы 1999г.
2.12 Рогова И.И. Уголовное право, особенная часть. Алматы 2005г.
2.13 Ветрова Ю, Ляпунова И. Уголовное право, особенная часть. Москва: «Юрист» 1997г.
III-Қосымша әдебиеттер
3.1Блум М.И. Обратная сила закона-Москва-1986 ж.
3.2 Бойцов.А.Қылмыстық құқықтағы адам өлтіру құрамына заңдық талдау негідемесі –М, 1989 ж.
3.3 Смағұлов.А.С.,Оңғарбаев.Т.И.ҚР Қылмыстық құқығы,Ерекше бөлім-К, 2002ж.
3.4 Кайржанов.Е.И.ҚР Қылмыстық құқығы,Алматы.Жеті Жарғы-1998ж.
3.5 ҚР Қылмыстық құқығы, Ерекше бөлім, Алматы,Жеті Жарғы-1998ж
3.6 Алауханов.Е.ҚР Қылмыстық құқығы, Ерекше бөлім,Алматы,Жеті Жарғы-2001ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қарағанды маңызды білім беру Болашақ колледжі

Курстық жұмыс

Пәні: Қ.Р Қылмыстық құқығы
Тақырыбы: Жеке адамға қарсы қылмыстардың құқықтық сипаттамасы

Орындаған:Өмірғазы.С

Ғылыми жетекші: Ахатова.А.Б

Тіркеу номері:
Бағасы:
Қолы:

Қарағанды-2011 ж

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I- Тарау Жеке адамға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы

1.1 Жеке адамға қарсы қылмыстардың жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Өмірге қарсы қылмыстар жеке адамға қарсы қылмыстардың нақты бір түрі
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

II-Тарау Жеке адамға қарсы қылмыстардың нақты бір түрі өмірге қарсы
қылмыстарға заңды талдау жасау негіздері.

2.1 Жеке адамға қарсы қылмыстардың нақты бір түрі өмірге қарсы қылмыстарға
заңды талдау жасау
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 11
2.2 Өмірге қарсы қылмыстардың жеке
құрамдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .15

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...28

Кіріспе

Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы
қорғалады.Қазақстан Республикасының Конституциясының екінші бөлімі осы
мәселеге тікелей арналған.
Сондықтан да, Қазақстан Республикасының Конституциясының 1- бабында ең
қымбат қазына адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп
жарияланған.Осыған орай, Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары,
оның ішінде Қылмыстық құқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің екінші бабында адам мен
азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау ең басты
міндет ретінде көрініс тапқан.Қазақстан Республикасының барлық заңдары жеке
адамды қорғауға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға әр уақытта
артықшылықтар береді.
Сондықтан да Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше
бөлімінің бірінші тарауы жеке адамға қарсы қылмыстарға арналған.Кісі өлтіру
жеке адамға қарсы қылмыстардың нақты бір түрі өмірге қарсы қылмыстардың бір
жеке құрамы болып табылады.
Әрбір жеке адамның өмірі ол адамның ажырамас табиғи құқығы.Сондықтан
Қазақстан Республикасының Конституциясының он бесінші бабында былайша
көрсетілген: Әркімнің өмір сүруге құығы бар.Ешкімнің өз бетінше адам өмірін
қиюға хақысы жоқ.
Адам өмірі оның басты байлығы.Қазақстан халқын толғандыратын мәселелердің
қатарында соңғы жылдары адам өмірін қылмыстық өол сұғушылықтан қорғау
мәселесі алдыңғы қатарға шыға бастады.Адам өміріне қылмыстардың ауыр және
ерекше санаттары ең үлкен зиян келтіреді.Кісі өлтіру қылмысы осы санатқа
жатады.
Демократиялық қоғам жағдайында қылмысқа қарсы күрес ерекше орынға ие болып
отыр.Өткен жылдар ішінде еліміздің құқық қорғау және сот жүйелерінің
криминалдық көріністерге қарсы тұратын,азаматтардың өмірі мен құқықтарын
қорғайтын әлеуметі едәуір нығайды.Сондықтан да, қылмыстылықпен тиімді
күресуге ықпал ететін бағыттардың бірі қылмыстық заңнаманы жетілдіру, атап
айтқанда өмірге қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік бекітетін
бөлігінде.
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын жетілдіру бірқатар бастапқы
қылмыстық құқықтық ережелерді қайта қарастырумен қатар, қылмыстық құқықтық
нормаларды қалыптастыру үшін елеулі маңызы бар салыстырмалы түрде жеке
мәселерді шешуді талап етеді.
Олардың бірі Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөліміндегі кейбір нақты
нормалардың құрылымдарын нақытылап анықтау қажеттілігі.Бұл Қылмыстық заңда
көрсетілген кісі өлтіру құрамына да қатысты.Сондықтан да берілген тақырып
қазіргі таңда өзекті болып табылады.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасның Қылмыстық
Кодексінің бірінші тарауына бекітілген жеке адамға қарсы қылмыс құрамына
заңдық талдау жүргізу, бұл норманы қолданудың тиімділігін арттыру жолдарын
қарастыру.
Зерттеу жұмысының міндеттері:Берілген мақсатқа сүйене отырып келесі
міндеттер қойылған:
✓ Жеке адамға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасын көрсету;
✓ Жеке адамға қарсы қылмыстардың бір түрі өмірге қарсы қылмыстар
түрлеріне заңдық талдау жасау.
✓ Жеке адамға қарсы қылмыстардың нақты түрі өмірге қарсы қылмыс
құрамдарына сипаттама беру;
Курстық жұмыстық құрылымы:Берілген курстық жұмыс кіріспеден, негізгі
бөлімнен, екі тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады.
Курстық жұмыстың әдістемелік негізі:Берілген курстық жұмыстық әдістемелік
негізін Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы, мерзімдік
басылымдардан алынған материалдар және Қазақстандық заңгер ғалымдар мен
Ресей ғалымдарының еңбектері құрайды.

I-Тарау.Жеке адамға қарсы қылмыстардың құқықтық сипаттамасы.
1.1 Жеке адамға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.

Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасының ерекше бөлімінің
жүйесі деп Қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінің нормаларын арнайы
тараулдарға топтарсырып,оларды қол сұғушылық обьектілірінің маңызына қарай
реттестіріп орналастырудың белгілі бір тәртібі болып танылады.Құқық
нормаларын жүйлеудің негізінде алынуы мүмкін обьективті өлшем құқық
нормаларының обьектілірінің ерекшеліктері,яғни құқық арқылы бекітілетін
және қорғалатын қоғамдық қатынстардың ерекшеліктері болып табылады.
Адамның және азаматың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы
қорғалады.Қазақстан Республикасының Конституциясының екінші бөлімі осы
мәселеге арналған. Қазақстан Республикасының Конституциясының бірінші
бабында: ең қымбат қазына адам және адамның өмірі, құқықтары мен
бостандықтары деп жарияланған.
Осыған орай Қазақстан Республикасының барлық құқық салалары оның
ішінде Қылмыстық құқықта адамды қорғауды өзінің міндеті санайды.Қазақстан
Республикасының Қылмыстық Кодексінің екінші бабында адам мен азаматтың
құқықтары, бостандықтары мен заңды мүддделерін қорғау ең басты міндет
ретінде көрініс тапқан.Қазақстан Республикасының барлық заңдары жеке адамды
қорғауға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға әр уақытта
артықшылықтар береді.
Сондықтан да Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің Ерекше
бөлімінің бірінші тарауы жеке адамға қарсы қылмыстарға арналған.Осы тарауға
кіретін барлық қылмыстардың топтық обьектісі жеке адамның дұрыс іс қызметін
қаматамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады.
Тікелей обьектілерінің ерекшеліктеріне қарай жеке адамға қарсы
қылмыстар мынандай түрлерге бөлінеді:
Өмірге қарсы қылмыстардың нақты құрамдары:
• 96-бап. Адам өлтiру,
• 97-бап. Жаңа туған сәбидi анасының өлтiруi,
• 98-бап. Жан күйзелiсi жағдайында болған адам өлтiру
• 99-бап. Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған кiсi
өлтіру
• 100-бап. Қылмыс жасаған адамды ұстау үшiн қажеттi шаралардың
шегiнен шығу кезiнде жасалған кiсi өлтiру,
• 101-бап. Абайсызда кiсi өлтiру,
• 102-бап. Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу.
Денсаулыққа қарсы қылмыстардың нақты құрамдары:
• 103-бап. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру,
• 104-бап. Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтiру
• 105-бап. Денсаулыққа қасақана жеңiл зиян келтiру
• 108-бап. Денсаулыққа жан күйзелiсi жағдайында зиян келтiру
• 111-бап. Денсаулыққа абайсызда зиян келтiру
• 112-бап. Қорқыту,
• 113-бап. Адамның органдары мен тінін алуға мәжбүр ету
• 114-бап. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік
міндеттерін тиісінше орындамауы,
• 115-бап. Соз ауруын жұқтыру
• 116-бап. Адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧЖҚТБ) жұқтыруы
• 117-бап. Заңсыз аборт жасау,
• 118-бап. Науқасқа көмек көрсетпеу
• 119-бап. Қауiптi жағдайда қалдыру
Жыныстық қылмыстардың нақты құрамдары:
• 120-бап. Зорлау,
• 121-бап. Нәпсiқұмарлық сипатындағы күш қолдану
• 122-бап. Он алты жасқа жетпеген адаммен жыныстық қатынаста болу
және нәпсiқұмарлық сипаттағы өзге де iс-әрекеттер,
• 23-бап.Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық
қатынас жасауына, әйел мен әйелдiң жыныстық қатынас жасауына
немесе нәпсiқұмарлық сипаттағы өзге де iс-әрекеттерге мәжбүр ету

• 124-бап. Жас балаларды азғындату
Жеке адамның бостандығы мен ар намысына қарсы қылмыстардың нақты құрамдары:
• 125-бап. Адамды ұрлау,
• 126-бап Бас бостандығынан заңсыз айыру
• 128-бап. Адамды саудаға салу
• 129-бап. Жала жабу
• 130-бап. Қорлау
Азаматтардың жеке басына,құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын
қылмыстар біздің қоғамымызға үлкен зиян келтіреді.Сол себепті мұндай
қылмыстармен шешуші күрес жүргізу Қазақстан Республикасының құқық қорғау
органдарының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Еліміздегі
қылмыстылық деңгейін тұрақтандыру үшін қылмыстылықпен тікелей күрес
жүргізетін мемлекеттік органдардың жұмысын жақсартудың ,сол сияқты
қылмыстық заңнаманы одан әрі жетілдірудің маңызы зор.Қылмыстық құқық
заңгерлерге қылмыстық заңды дұрыс қолдануға септігін тигізетіндей құқықтық
мәселелерді зерттеуі керек.[4-121]

1.2 Өмірге қарсы қылмыстар жеке адамға қарсы қылмыстың нақты бір түрі
ретінде.

Қазақ ССР-інің 1959 жылғы Қылмыстық Кодексінде адам өлтірудің
заңдылық анықтамасы берілмеген еді.Қазақстан Республикасның 1997 жылғы жаңа
Қылмыстық кодексінде тұңғыш рет адам өлтірудің заңдылық түсінігі берілген.
Кісі өлтіру, яғни басқа адамға қарсы қаза келтіру деп Қылмыстық кодекстің
96- бабында тура көрсетілген.Осыған орай абайсызда кісі өлтіру заң бойынша
адам өлтіру деп танылмайды.бірақ топтық және тікелей обьект белгісіне
сәйкес бұл қылмыс құрамы жеке адамға қарсы қылмыс үшін жауаптылық көзделген
тарауда орналасқан.Өмірге қарсы қылмыстың, соның ішінде адам өлтірудің де
тікелей обьектісі адамның өмірі болып табылады.Заң жасына және денсаулық
жағдайына қарамастан кез келген адамның өмірін бірдей қорғайды.[ 5-23]
Адам өмірі нәрестенің туған сәтінен, яғни анасының денесінен бөлініп
шығып, алғаш тыныс алуы арқылы оның өкпесінің жұмыс істеген уақыиынан
басталады.Бұл құбылыс нәрестенің алғашқы айқайынан, дыбыс беруінен
басталады.Өлім адам өмірінің соңғы сәті болып табылады.Өлім жалпы
клиникалық және биологиялық болып екіге бөлінеді.Тыныс алуы мен қанның
айналысы тоқтағаннан кейін 5-6 минут шамасында клиникалық өлім сатысы
басталады.Адам денесінің салқындауына байланысты бұл кезең 10 немесе одан
да көбірек минутқа созылады.Өлудің соңғы кезеңі биологиялық өлім, орталық
нерв жүйесі қызметінің істен шығуына байланысты мидың өлуі
басталады.Адамның басқа органдары мен тіндерінің өміршендік белгілері
біразға жалғасқанмен, мидың өлуі адам өмірінің соңғы сәті болып
табылады.Яғни, адам өмірінің соңғы сәті биологиялық өлім.
Адам өлтірудің обьективтік жағы басқа адамды өмірінен заңсыз айырумен
көрінеді.қылмыстың аяқталуы үшін адамды өмірінен айыруға бағытталған іс
әрекеттің және соның зардабынан адам өлуінің арасындағы себептік
байланыстың болуын айқындау қажет.
Адам өлтіру негізінен әрекетарқылы жүзеге асырылады.Адам өлтірудің
көпшілігі осылай жасалады.Кінәлінің оқпен атылатын және суық қарудың, өзге
де заттарды пайдаланумен, уландыру, жарылыс жасау, басқа әдістерді қолдану
арқылы адам өмірінен айырылады.Адам өлтіру сонымен бірге жәбірленушіге
психикалық әсер ету нысанында да болуы мүмкін.Әдетте жүрек және қан
тамырлары жүйесі ауыруларынан зардап шегетін адамдардың жүйкесіне зақым
келтіру жолымен өмірінен айыру әдебиеттерде мысал ретінде келтіру жиіс
кездеседі.
Соңғы уақыттарда адам жүйкесіне әсер ету нысандары мен әдістерінің
көбейе түсуінің нәтижесінде психикалық әсер ету жолымен адам өлтіру
мүмкіндігі одан әрі кеңейе түсуде.
Адам өлтіру сондай ақ әрекетсіздік нысанында болуы мүмкін.Бұл негізінен
мынандай жағдайда болуы мүмкін.Кінәлі адам біреуді өмірден айыру мақсатымен
өлімге араша тұра алатын мүмкіндігі бола тұра және осыған тікелей міндетті
бола тұрса да әрекетсіздік жолымен оған өлім қаупін туғызады және өлімге
жол береді.
Кінәлінің өлімінің жолын кесу жөніндегі әрекетті істеу міндеттілігі
заң талаптарынан туындауы мүмкін ( мысалы, ата аналары өздерінің жаңа туған
нәрестелерін немесе жас балаларын өлтіру мақсатымен тамақтандырмайды немесе
олардың өмірін сақтап қалу үшін өзге де шараларды қолданбайды).Өздігінен
жүріп тұра алмайтын және өздерінің табиғи қажеттерінің қаматамасыз ете
алмайтын жағдайларда қартайған ата аналарынан олардың ересек балалары
олардан құтылуы мақсатында осындай әрекеттер жасауы мүмкін.[6-241]
Адам өлтірудің обьективтік жағының екінші белгісі қылмыстың зардабы
жәбірленушінің өлімі болып табылады.Өмірден айыруға тікелей қасақаналық
болғанымен қылмыстық зардаптың өлімнің болмай қалуы кінәлінің әрекетіне
оқталғандығы, адам өлтіруге оқталғандық ретінде саралауға негіз болады.Адам
өлтіру кезінде, өлім әрекет жасалғаннан кейін бірден немесе белгілі бір
уақыт өткеннен кейін жүзеге асуы мүмкін.Келтірілген зардапты кінә деп
жүктеу үшін болған өлім мен субьектінің әрекеті немесе әрекетсіздігі
арасындағы себептік байланыстың болуы негіз болып табылады.Әркет пен
зардаптың арасында себептік байланыс болмаған кезде тұлға жасаған әрекеті
үшін ғана жауапты болады.
Өлтіруге тікелей оқталу айқындалған кезде өлтіру үшін оқталғандық
жасалған болып табылады, ал өлтіруге жанама ниет болған кезде кінәлі адам
нақты келтірілген зиян үшін ғана жауап береді( мысалы, денсаулыққа зиян
кетіргені үшін).[3-112]
Адам өлтіру материалдық құрамға жататын қылмыс.Адам өлтірудің
субьективтік жағы Қылмыстық Кодекстің 96- бабына сәйкес тек қана
қасақаналықпен жүзеге асырылады.
Адам өлтіру кезінде қасақаналық тікелей және сол сияқты жанама болуы
да мүмкін.Тікелей қасақаналық кезінде кінәлі өзінің басқа адамның өміріне
қол сұғып отырғандығын сезеді, оның әрекеті іс жүзінде өлімге соқтыруы
мүмкін екендігіне немесе қалай да өлімге әкелетіндігін біледі және өлімнің
болуын тілеп іс әрекет жасайды.
Жанама қасақаналықпен адам өлтіру кезінде кінәлі өзінің әрекеті арқылы
өміріне қатер төңдіретіндігін мойындайды, осы әренкеттің нәтижесінде оның
өлуі мүмкін екендігін біледі, өлімнің болуын тілемейді, бірақ оған саналы
түрде жол береді не өлімнің болу болмауына немқұрайдылық танытады.Соңғы
уақытта жарылыс жасау жолымен адам өлтіру оқиғалары кең таралып отыр.Мұндай
кезде белгілі бір құрбандардан басқа бөгде адамдар да өледі.Бұл оқиғада
кінәлі бір құрбанға қатысты адам өлтіруде тікелей ниетте, ал бөгдн
адамдарды өмірінен айыруға қатысты жанама ниетте әрекет етеді.[7-211]
Тікелей және жанама қасақаналықтар арасындағы айырмашылықты
айқындаудың іс жүзінде үлкен маңызы бар. Адам өлтіруге оқталу, яғни
кінәлінің әрекеті ол өлімінің болатынын сезетінің, оның болуын
тілегендігін, бірақ оның еркінен тыс себептер бойынша ол болмай қалғандығы
бойынша анықталады.Мұндай кезде оқталу тек қана тікелей қасақаналықпен
жүзеге асырылады.
Кінәлінің ниетінің түрі туралы мәселені шешкендн соттар жасалған
қылмыстың барлық жағдайларына сүйенуі және атап айтқанда: қылмыстың тәсілі
мен қаруын, денеге салынған жарақатттың санын, сипаты мен оқшаулауын(
мысалы,адамның өмірлік маңызды органын жарақаттау), кінәлінің қылмыс істеу
алдындағы және одан кейінгі мінез құлқын (тәртібін), оның жәбірленушінімен
арақатынасын ескеруі тиіс.
Жәбірленушінің өліміне әкеліп соқтыруы кінәлі үшін белгілі болып
табылатын өмірлік маңызы бар органдарына пышақпен жарақт салу, дұрысында,
өмірден айыруға тікелей ниеттің бар екендігін айғақтайды.Оқпен атылатын
қаруды қолдану кінәлінің өлтіруге шынайы ниетте болғандығын айғақтайды және
басқа жағдайлармен қатар кінәлінің адам өлтіру ниетінде болғандығына
маңызды дәлелдеме болып табылады.Жақын ара қашықтықтан ату, әдетте, адам
өлтіру мақсатында істеледі.
Тікелей қасақаналық болған кезде кінәлі өлімнің болуын тілейді,
сонымен бірге кінәлінің өлімінің міндетті түрде болуын қаламайтындығын да
мұндай жағдайда ескеру керек.Оның ниеті баламалы түрде болуы мүмкін, оның
шам алауы бойынша өлімнің болуы, сол сияқты денсаулыққа ауыр зиян келтіру
мүмкіндігі және осы зардаптардың кез келгенінің болуын міндетті түрде
тілейді.Ал егер оған байланысты емес жағдайлар бойынша қылмыстық нәтиже
болмған жағдайда ол адам өлтіруге оқталғандық үшін жауапқа тартылуы тиіс.
Адам өлтірумен алдын ала қорқыту басқа мән жайлармен қатар адам
өлтіру ниетінің бар екендігіне маңызды дәлелдеме болып табылады.Дегенмен,
осындай қатер тудыруды айтқан адамның ой ниетінің қаншалықты шын екендігін
іс бойынша айқындау қажет.Тіпті, егер ол сөздер кейде және төндірілген
қатерді жүзеге асыру мүмкінідігіне сырттай ұқсас кейбір әрекеттермен қоса
айтылғанның өзінде, адам өлтіру ниетін жүзеге асыру туралы сөздер кінәлінің
шын мәніндегі анық тілегін білдірмейді.
Адам өлтіру мен қорқыту көбіне оқпен атылатын немесе суық қаруды
немесе өзге қаруды, сондай ақ қару ретінде пайдаланатын заттарды қолданумен
жасалатын бұзақылық әрекетерімен байланысты болатындығын тәжірбие көрсетіп
отыр.Адам өлтіруге жасалған оқталуды аталған әрекеттерден бөлу керек.
Адам өлтіруге жанама қасақаналық кезінде кінәлі өз әрекетінің
нәтижесінде өлімнің нақты болу мүмкіндігін шамалайды.Кінәлі зардаптың қалай
да болмай қоймайтынын шамалаған жағдайда сөз тек қана тікелей қасақаналық
туралы бола алады.
Ниеттің осы түрлерінің арасындағы неғұрлым елеулі айырмашлық заңда
көрсетілгендей еріктілік кезеңі бойынша аныталады.
Егер адам өлтіруге тікелей ниеттену кезінде кінәлі өлімнің болуын
тілесе, ал жанама ниеттену кезінде оны кінәлі тілемейді, бірақ оған саналы
түрде жол береді не өлімнің болуына немқұрайды қарайды. Тілемейд деген
терминді өлтіргісі келмейді деген мағынада емес, тікелей тілемейді
деген мағынада түсіну керек. Саналы түрде жол береді деген кінәлі өлімді
өз іс әрекетінің нәтижесі ретінде қабылдайды дегенді білдіреді.
Қасақана адам өлтірудің субьектісі он төрт жасқа толған жеке тұлға
болып табылады.
Ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 97-102- баптарында
көрсетілген жағдайларда Адам өлтірудің субьектісі он алты жасқа толған есі
дұрыс адамдар болып табылады.

II-Тарау.Жеке адамға қарсы қылмыстардың нақты бір түрі өмірге қарсы
қылмыстар құрамына заңдық талдама жасау негіздері.
2.1 Жеке адамға қарсы қылмыстардың нақты бір түрі өмірге қарсы қылмыстар
құрамына заңдық талдама жасау негіздері.

Адам өлтіру жеке адамға қарсы қылмыстардың ең ауыр түрі.Қазақстан
Республикасының Қылмыстық Кодексінің 96-бабы 1-бөлігі Адам өлтіру дегеніміз
басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру деп анықтама
береді.Адамның өмірі табиғат берген, маңызды әлеуметтік құндылық, ол оны
туғаннан иемденеді.
Кез келген қылмыс құрамына талдау жасау кезінде ең алдымен Қылмыстық
Кодекстің ерекше бөлімінде көрсетілген қылмыстардың нақты түрлерін анықтау
үшін ең алдымен оның құрамын білу қажет.Қылмыстық құқық теориясына сәйкес
қылмыс құрамы деп қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс әрекеттерді
белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін қылмыстың
обьективтік және субьективтік жақтарынан құрылған элементтердің және
олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз.Қылмыс құрамының әрқайсысы оның
обьективті және субьективті белгілермен сипатталады.Барлық жүйелер секілді
қылмыстың құрамы деп белгілі бір элементтерден тұрады.Қылмыс құрамының
элементтері деп қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын бастапқы компоненттерді
айтамыз.Қылмыс құрамының белгілеріне мынандай төрт түрлі элементтер
жатады:қылмыс обьектісі,қылмыстың обьективті жағы,қылмыстың субьектісі
,қылмыстың субьективтік жағы.Кісі өлтіру қылмысын саралған кезде ең алдымен
қылмыс құрамы элементтері бойынша саралау қажет. Сондықтан да адам өлтіру
қылмысының обьектісі адамның өмірі, ол адамның азаматтығына,
ұлтына,нәсіліне, шыққан тегіне және жасына, әлеуметтік жағдайына, немен
айналаласатына, денсаулық ахуалына, біліміне тағы басқаға байланысты
емес.Қылмыстық заң жәбірленушінің еркіне қарсы адамға қаза келтіруді де,
оның келісімімен қаза келтіруді де бірдей дәрежеде адам өлтіруге
жатқызады.Қісі өлтіру қылмысын саралау кезінде келесі қарастыратын қылмыс
құрамының элементі бұл қылмыстың обьективтік жағы. Жалпы Қылмыстық құқық
теориясына сәйкес қылмыстың обьективтік жағы бұл қылмыс обьектісіне зия
тигізетін немесе зиян тигізу қаупін туғызатын ,сонымен қатар белгілі бір
шартты жағдайда осы зиянды тигізетін қылмыстық заңмен қарастырылатын
қоғамға қауіпті әрекеттердің немесе әрекетсіздіктің сыртқы
сипаттамасы.Сонымен қатар қылмыстың обьективтік жағының белгілеріне қоғамға
қауіпті әрекет немесе әрекетсіздіктен және қоғамға қауіпті зардаптан басқа
қоғамға қауіпті әрекет пен қоғамға қауіпті зардаптың арасындағы себепті
байланыстар,қылмыс жасаудың әдісі, құралдары мен қарулары ,орны,уақыты
және жағдайлары жатады.Адам өлтіру қылмысының обьективтік жағы әрекетпен
немесе әрекетсіздікпен жасалуы мүмкін.Адамды өмірінен күш қолданып та
(жарақаттау, тұншықтыру, уландыру т.б), психикалық ықпал жасап та
(қорқытып, үрейлендіріп,жалған лақап таратып) айыруға болады.
Әрекетсіздік жолымен адам өлтіру дегеніміз өлімге араша тұратын
адамның өз міндетін орындамауы нәтижесінде жәбірленушінің қайтыс болуы.Бұл
жағдайда қандай да бір обьективтік және субьективтік алғышарттар болуы
тиіс.Заң бойынша туыстық жақындығы, кәсіби борышы, жасасқан шарт бойынша
міндет артылуы және міндетті орындай алатын мүмкіндік болуы тиіс.Мысалы,
баласын өлтіру үшін анасы оны тамақтандырмайды, дәрігер өлім халінде жатқан
адамға тиісті көмек көрсетпейді.[8-11]
Адам өлтіру тәсілдері де әр түрлі болып келеді.Кейбір жағдайларда тәсіл
адам өлтірудің сараланған түрін құрайды.Ол көбіне жаза тағайындағанда
ескеріледі.Қоғамға қауіпті зардаптың адам өлімінің болуы бұл қылмыстың
обьективтік жағының міндетті нышаны.Адам өлтірудің барлық түрлері
жәбірленушінің өмірін жоюға келіп тіреледі. Себебі адам өлтіру қылмысы
қылмыс құрамының құрамына қарай материалдық құрамға жатады.Адам қаза
таппаса бұл қылмыс аяқталды деп саналмайды.
Адам өлтірудің басқа бір нышаны айыптының іс әрекеті мен
жәбірленушінің өлімі арасындағы себепті байланыс.Қылмыс нәтижесінің
кездейсоқ емес, айыпты әрекетінің зардабы болуы міндетті шарт.Адам өлтіру
заңсыз жолмен басқа адамға өлім келтіру.Егер адам заңды жолмен өлтірсе,
ондай әрекет адам өлтіру ретінде қарастырылмайды.Ондай әрекеттерге өлім
жазасына кесілген адамды өлтіру, қажетті қорғану шегінен асып кетпей қол
сұғушыны өлтіру.[1-96]
Адам өлтіру қылмысын саралау кезіндегі келесі қылмыс құрамының элементі
қылмыстың субьективтік жағы. Қылмыстың субьективтік жағы бұл негізінен
адамның психикалық іс әрекетінің қылмыс істеуге тікелей байланысты жағының
көрінісі болып табылады.Қылмыстың субьективтік жағының мазұнына мына
белгілер кіреді:кінә,қылмыстық ниет,мақсат.Кінә дегеніміз бұл адамның
өзінің қасақаналықпен немесе абайсызда істейтін қоғамға қауіпті іс
әрекетіне және оның қоғамға зиянды зардабына деген көзқарастарының
жиынтығының көрсеткіші болып табылады.Кінә екі түрлі қасақаналық және
абайсыздық нысанда болады.Қасақаналықтың мазмұны Қылмыстық кодекстің 20-
бабының 1-бөлігінде көрсетілген.Мұнда тікелей немесе жанама ниетпен
жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп танылады
делінген.Қасақаналықтың ұғымы негізінен екі түрлі элементтен
интеллектуалдық және еріктілік кезеңнен құралады.Өзінің әрекетінің немесе
әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті мәнін сезіну және сана сезім арқылы өтетін
оның қоғамға зиянды зардабын болжау қасақаналықтың интеллектуалдық кезенің
құрайды.Зардаптың болуын тілеу немесе оның тууына саналы түрде жол беру
еріктілік кезеңі деп аталады.Қасақаналықтың қылмыстық заңда екі түрі
көрсетілген(ҚК-тің 20-бабы).Егер адам өз іс әрекетінің (әрекесіздігінің)
қоғамға қауіпті екенің ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуы
мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала білсе және осы
зардаптардың болуын тілесе,қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп
танылады.Егер адам өз іс әрекетінің (әрекесіздігінің) қоғамға қауіпті
екенің ұғынып,оның қоғамдық қауіпті зардаптың болуын тілемесе де.бұған
саналы түрде жол берсе не бұған немқұрайды қараса қылмыс жанама ниетпен
жасалған деп танылады.Қылмыстық құқық теориясында қасақаналықтың басқа
түрлері де көрсетілген.Пайда болу мерзіміне қарай қасақаналық алдын ала
ойластырылған немесе табан астында пайда болған қасақаналық болып
бөлінеді.Алдын ала ойластырылған қасақаналықта кінәлі адам қылмыс істеуден
бұрын,ол туралы күні бұрын ойланып,сол ойын аздаған уақыт өткізіп алып,іске
асырушылық жатады.Табан астында пайда болған қасақаналықта қылмыс істеу
туралы ниет аяқ астынан,кенеттен пайда болып,сол ниет тез арада іске
асады.Табан астында пайда болған қасақаналық жай және аффектілі болып болуы
мүмкін.Табан астында пайда болған жай қасақаналықта кінәлініңқылмыс істеу
туралы ниеті оның,өзінің дені дұрыс күйінде пайда болып,сол ниеттің сол
арада тез не болмашы уақыттан соң іске асырылуы болып табылады.Аффектілік
қасақаналыққа жәбірленушінің тарапынан кінәліге немесе оның жақындарына
заңсыз күш жұмсау немесе тіл тигізіп,қатты қорлау салдарынан табанда болған
жан күйзеліс үстінде ашуға байланысты болған қасақаналық жатады.
Кісі өлтіру қылмысы субьективтік жағынан кінәнің қасақана жасалуымен
сипатталады.Айыпты өзінің басқа адамның өліміне алып келетін іс әрекет
жасап отырғанын, ондай зардаптың болуы мүмкін екенін немесе қалайда болмай
қалмайтынын біледі, соны тілейді яғни тікелей ниет танытады, егер ол
өлімнің болуына саналы түрде жол берсе не ондай зардаптың болуына
немқұрайды қараса жанама ниет танытады.Қазақстан Республикасының Қылмыстық
Кодексінің тиісті баптары бойынша абайсызда адам өліміне алып келген іс
әрекет адам өлтіруге жатпайды, адам өміріне қарсы жасалған басқа
қылмыстарға жатады.
Кісі өлтірудің субьективтік жағын сипаттау үшін себептің де ,мақсаттың
да үлкен маңызы бар.Адам өлтіргенде айыпкер әрекеттеріндегі себеп пен
мақсат әртүрлі болуы мүмкін, егер олар қылмысты саралауға ықпал жасайды
немесе жаза тағайындағанда ескеріледі.Адам өлтірудің жиі кездесетін
түрлерін қарастырайық.
Өзар жанжал нәтижесінде адам өлтіру.Бұл жағдайда өлтіруді мақсат
тұтқан ниет алдын-ала болмайды.Жанжал себебі әртүрлі болады(қызғаныш,реніш
т.б).Бірақ,жанжал кезінде адам өлтіру барлық уақытта бірдей 96 баптың 1
бөлігінде көзделген қылмыстың құрамын бермейді.Адам өлімі абайсызда,қажетті
қорғаныс шегінен асқандықтан да болуы мүмкін,сонымен қатар,аса
қатыгездікпен өлтіру сияқты сараланатын мән-жайларда да орын алуы
мүмкін.Төбелес немесе жанжал кезінде адам өлтіру, егер онда Қылмыстық
Кодекстің 96-бабы 2-бөлігінде көрсетілген ауырлатушы мән жайлар болмаса,
төбелеске немесе жанжалға кім ұйытқы болғандығына қарамастан, қылмыс жай
адам өлтіру деп сараланады.
1996 жылғы 20 желтоқсандағы №11 қаулымен өзгертулер енгізілген
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы
Азаматтардың өмірі мен денсаулығына жасалған қастандық үшін жауаптылықты
реттецтін заңдарды соттардың қолдануы туралы № 7 қаулыда былай
көрсетілген: Соттао бұзақылық ниетпен қасақана өлтіруді өзара бас араздық
себеп болып төбелес немесе жанжал мен төбелестің шығу себебін, жанжалды
кімнің бастағанын, екі жақтың да іс әрекеттерінің сипатын және
белсенділігін, басқа да мән жайларды анықтау қажет.
Қызғаныштан адам өлтіру.С.И. Ожеговтың сөздігінде қызғанышқа біреудің
махаббатына немесе берілгендігіне басқа біреудің күдік келтіруі.қызғаныштан
адам өлтірудің қоғамға қауіптілігі, өзінің мазмұны жағынан, жай адам
өлтірудің құрамын береді.Қызғанышпен адам өлтіргенде жәбірленуші
сенімділігіне күдік тудырған немесе сенімсідігін көрсеткен адам да, сонымен
қатар сол қызғаныш сезімінің тууына себепші адам да болуы мүмкін.
Сонымен қатар, негізсіз қызғаныштан (өсек естіп,т.б) адам өлтіру де
Қылмыстық Кодекстің 96-бабы 2-бөлігі бойынша саралануы мүмкін.Қызғаныштан
адам өлтіру кейбір жағдайларда ( мысалы, жәбірленушінің көзге шөп
салғанының үстінен түсу) жан күйзелісі кезінде жасалады.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексіне сәйкес кісі
өлтіру қылмысы пайда табу мақсатымен, кек алу мақсатымен, бұзақылық
ниетпен, ұлттық, діни өшпенділік себебімен жасалуы мүмкін.

2.2 Өмірге қарсы қылмыстардың жекелеген құрамдары.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде кісі өлтірудің
ауырлататын мән жайлары көрсетілген.Сондықтан да көптеген мән жайларға
қарай, заң шығарушы, адам өлтірудің сараланған түрлерін анықтайтын он үш
тармақты бөліп алады.Оларды жәбірленушіні сипаттайтын нысандар бойынша және
сол қылмыс құрамының элементтері бойынша былай топтастыруға болады:
1) Жәбірленуші адамның ерекшеліктері бойынша екі немесе одан көп
адамдарды өлтіру; қызметтік іс әрекетін жүзеге асыруына немесе
кәсіби немесе қоғамдық борышының орындауына байланысты адамды
немесе оның жақындарын өлтіру; дәрменсіз жағдайда екендігі
айыпкерге белгілі адамды өлтіру, сол сияқты адамды ұрлаумен немесе
адамды кепілге алумен ұштасқан кісі өлімі; жүкті екендігі айыпкерге
белгілі әйелді өлтіру;
2) Қылмыстың обьективтік жағы бойынша аса қатігездікпен жасалған адам
өлтіру; көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған адам
өлтіру;
3) Қылмыстың субьективтік жағы бойынша пайда табу мақсатымен, сол
сияқты жалданып адам өлтіру; бұзақылық ниетпен адам өлтіру; басқа
қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатымен жасалған;
сол сияқты зорлауға немесе жыныстық қатынас сипатындағы күш қолдану
әрекетерімен ұштасқан адам өлтіру; әлеуметтік,ұлттық, нәсілдік,
діни өшпенділік немесе араздық немесе қаңды кек себебі бойынша;
жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатында жасалған
адам өлтіру;
4) Қылмыс субьектісі бойынша ұйымдасқан топ жүзеге асырған адам өлімі;
Қылмыстық Кодекстің 97-100 баптарында көзделген іс әрекеттерден
басқадай бұрын адам өлтірген адамның сол қылмысты жасауы.
Саралаушы.мән-жайларды бұларбөлуде.негізінен,теориялық қана сипат
бар.Көрсетілген тармақшалардың біреуінің болуы ҚК-тің 96 бабының 2 бөлігі
бойынша саралаудың шарты болып табылады.Егер адам өлтіру ҚК-тің 96бабының
2 бөлігінің екі немесе одан көп тармақтарында көзделген ауырлататын мән-
жайларда жасалса,әр тармақ үшін жеке жаза тағайындалмайтындығына қарамастан
қылмыс барлық тармақтар бойынша саралануға тиісті.Әр тармақты бөлік
қарастырайық.Екі немесе одан көп адамдарды өлтіру(ҚК-тің 96бабының
2бөлігінің атармағы).1996 жылғы 20 желтоқсандағы №11қаулымен өзгертулер
енгізілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Пленумының 1994 жылғы 23
желтоқсандағы Азаматтардың өмірі мен денмаулығына қастандық жасағандық
үшін жауаптылықты реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы №7қаулысында
былай деп көрсетілген:ҚК-96бабы 1 бөлігінің атармағы бойынша (екі немесе
одан көп адамды қасақана өлтіру-автордың ескертпесі)екі немесе одан көп
адамды қасақана өлтірген жағдай саралануға тиіс,егер қылмыс бір немесе
бірнеше әрекет арқылы қысқа уақыт аралығында орындалса және де айыптырның
бірнеше адам өлтіруге тікелей немесе жанама ниетінің болғандығы
анықталса.Айыптының ниеті бірнеше адамды өлтіруге бағытталып,бірақ ол бір
адамды өлтіріп,екінші адамға қастандық жасаса,бұл аяқталған қылмыс ретінде-
екі немесе одан көп адамды өлтіргендік деп қарастырылмайды,себебі-қылмыс
субьектісінің еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша оның бірнеше адамды
өлтіру ойы жүзеге аспай қалады.Бұл жағдайда айыптының әрекетін ҚК-тің 24
бабы және 96 бабы 2 бөлігінің атармағы бойынша және басқа сараланатын
нышандардың болуына қарай ҚК-тің 96 бабының 2бөлігінің тиісті тармақтары
бойынша саралау керек.Ал қылмыскерлердің бір адамды өлтіруі және екінші
адамға қастандық жасау әрекеттерінің қандай кезекпен орындалғандығы
қылмысты саралауға әсер етпейді.
Егер қылмысты бірнеше адам орындайтын болса олар бірнеше адам өлтіруді
алдын ала жобалап және өзара атқаратын міндетін бөлісіп, әрқайсысы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кісі өлтіру қылмыстарының жалпы сипаттамасы
Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің жалпы ұғымы
Абайсызда жасалатын қылмыстардың ерекшеліктерінің теориялық негіздері
Мас күйінде қылмыс жасаған адамдардың қылмыстық жауаптылығы
АЗАПТАУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Денсаулыққа қасақана қарсы қылмыстар
Азаптаудың объективтік белгілерінің қылмыстық құқықтық сипаттамасы
Жеке адамдарға қарсы қылмыстық құқықбұзушылықтың алдын алудағы құқық қорғау органдарының рөлі
АЯҚТАЛМАҒАН ҚЫЛМЫСТАР ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың түрлері
Пәндер